Хадис

Адамның әдебіне қатысты хадистер

Кутуб ситтә, 12-том, 953-тарау · 36 хадис · № 5836–5871

ҚОСЫМШАЛАР БӨЛІМІ

Хадистер

5836
Кутуб ситтә, № 5836 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنْ اِبْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كُنْتُ رَدِيفَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: يَا غُلَامُ! احْفَظِ اللَّهِ يَحْفَظْكَ، احْفَظِ اللَّهِ تَجِدْهُ تُجَاهَكَ، أَوْ قَالَ أَمَامَكَ، تَعَرَّفْ إِلَى اللَّهِ فِي الرَّخَاءِ يَعْرِفْكَ فِي الْشِّدَّةِ، إِذَا سَأَلْتَ فَاسْأَلِ اللَّهَ تَعَالَى، وَإِذَا اِسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ تَعَالَى، فَإِنَّ الْعِبَادَ لَوِ اجْتَمَعُوا عَلَى أَنْ يَنْفَعُوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَكْتُبْهُ اللَّهُ تَعَالَى لَكَ، لَمْ يَقْدِرُوا عَلَى ذَلِكَ، وَلَوِ اجْتَمَعُوا عَلَى أَنْ يَضُرُّوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَكْتُبْهُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْكَ، لَمْ يَقْدِرُوا عَلَى ذَلِكَ، جَفَّتِ الْأَقْلَامُ وَطُوِيَتِ الصُّحُفُ، فَإِنِ اسْتَطَعْتَ أَنْ تَعْمَلَ لِلَّهِ تَعَالَى بِالرَّضَا فِي الْيَقِينِ فَافْعَلْ، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَإِنَّ فِي الصَّبْرِ عَلَى مَا تَكْرَهُ خَيْرًا كَثِيرًا، وَاعْلَمْ أَنَّ النَّصْرَ مَعَ الصَّبْرِ، وَأَنَّ الْفَرَجَ مَعَ الْكَرْبِ، وَأَنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا، وَلَنْ يَغْلِبَ عُسْرٌ يُسْرَيْنِ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ بِهَذَا اللَّفْظِ، وَالتِّرْمِذِيُّ بِاخْتِصَارٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) артына мінгесіп келе жатқан едім. Ол маған: “Балам, Алланың әмірі мен тыйымын сақта, Алла да сені (дүние мен ақыретте) сақтайды. Алланың ақысына мұқият бол, сонда Оны алдыңнан (дүние мен ақыреттің жамандығынан қорғайтын пана ретінде) табасың. Рауи “қарсы алдыңнан” деген нұсқасын да жеткізген. Молшылықта Алланы таны, таршылықта Ол да сені таниды. (Дүние мен ақыретке қатысты) бір нәрсе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле. Адамдар Алла саған жазбаған пайданы тигізу үшін түгел жиналса да, қолдарынан келмейді. Алла саған жазбаған зиянды тигізу үшін жиналса да, оны істей алмайды. Қаламдардың сиясы кепті, парақтар бүктелді. Кәміл сеніммен, разы көңілмен Алла үшін амал жасауға шамаң жетсе, солай істе. Оған шамаң жетпесе, көңілің қаламаған нәрсеге сабыр етуде көп қайыр бар. Біліп қой, жәрдем сабырмен келеді, таршылықтың соңы – құтылу, қиындықпен бірге жеңілдік бар. Бір қиындық екі жеңілдікті жеңе алмайды”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадисті түсінікті ету үшін түсіндірме сөздер мүмкіндігінше жақша ішінде берілді.

2. Хадистің соңындағы «Бір қиындық екі жеңілдікті жеңе алмайды» деген сөзге тоқталайық. Бұл сөйлемнің мағынасы бірден ашыла қоймайды. Мұндағы «бір қиындық» пен «екі жеңілдік» нені білдіреді?

Ибн Кәсир «Инширах» сүресіндегі «Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар. Иә, рас, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар» деген аяттарды тәпсірлегенде Қатаданың түсіндірмесін келтіреді. Аяттарда қиындықты білдіретін الْعُسْرِ сөзі екі рет те ال артиклімен, белгілі түрде келген. Сондықтан ол екеуінде де бір қиындықты білдіреді. Ал жеңілдікті білдіретін يُسْرًا сөзі екі рет те артикльсіз, белгісіз түрде келгендіктен, екі жеңілдікті меңзейді. Демек, бір қиындыққа екі жеңілдік берілетіні айтылған. Сол себепті Алла елшісі (с.а.с.): «Бір қиындық екі жеңілдікті жеңе алмайды», – деп сүйіншілеген. Хасан Басридің мурсал риуаятында: «Бірде Алла елшісі жүзі жадырап, күлімдеп шықты да: ﴿فَإِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا ۝ إِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا﴾ “Расында, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар! Иә, сөзсіз, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар!”2, – деді», – делінеді.

Осыған қатысты Ибн Кәсир келтірген тағы бір риуаят бар. Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір үлкен тастың алдында отырған еді. Бір кезде: “Қиындық мына тастың ішіне кірсе, жеңілдік соңынан кіріп, оны ол жерден шығарар еді”, – деді. Сонда Алла Тағала ﴿فَإِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا ۝ إِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا﴾ “Расында, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар! Иә, сөзсіз, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар!”3 деген аяттарды түсірді».

Тағы бір риуаятта Алла елшісі (с.а.с.): «Көктен келетін жәрдем көрген ауыртпалықтың шамасына қарай, ал сабыр түскен сынақтың шамасына қарай беріледі», – деген.

Олай болса, бұл аяттар мен хадистер мүмінге үміт беріп, табандылыққа үндейді. Басқа түскен қиындық пен сынақ қанша ауыр болса да, еңсе түсіріп, үміт үзуге негіз жоқ. Алла Тағала соған сай сабыр мен жәрдем беріп, бір қиындыққа екі жеңілдік нәсіп етеді. Сабыр мен табандылықтан айырылу адамды үмітсіздік пен жігерсіздікке бастайды.

  1. 1Рәзин осы сөздермен жеткізген. Тирмизи қысқартып берген. Сифатул-Қиямат 60 (3518).
  2. 2Инширах сүресі, 5-6-аяттар.
  3. 3Инширах сүресі, 5-6-аяттар.
5837
Кутуб ситтә, № 5837 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا لِأَصْحَابِهِ: مَنْ يَأْخُذُ هَذِهِ الْكَلِمَاتِ فَيَعْمَلَ بِهِنَّ أَوْ يُعَلِّمَ مَنْ يَعْمَلُ بِهِنَّ؟ قُلْتُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَأَخَذَ بِيَدِي فَعَدَّ خَمْسًا. قَالَ: اتَّقِ الْمَحَارِمَ تَكُنْ أَعْبَدَ النَّاسِ، وَارْضَ بِمَا قَسَمَ اللَّهُ لَكَ تَكُنْ أَغْنَى النَّاسِ، وَأَحْسِنْ إِلَى جَارِكَ تَكُنْ مُؤْمِنًا، وَأَحِبَّ لِلنَّاسِ مَا تُحِبُّ لِنَفْسِكَ تَكُنْ مُسْلِمًا، وَلَا تُكْثِرِ الضَّحِكَ فَإِنَّ كَثْرَةَ الضَّحِكِ تُمِيتُ الْقَلْبَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларына: “Кім мына сөздерді менен алып, өзі амал етеді немесе олармен амал ететін адамға үйретеді?” – деді. Мен дереу: “Мен, уа, Алла елшісі!” – дедім. Ол қолымнан ұстап, бес нәрсені атап шықты:

• “Харамнан сақтан, сонда адамдардың ең көп құлшылық ететіні боласың.

• Алланың саған үлестіргеніне разы бол, сонда адамдардың ең байы боласың.

• Көршіңе жақсылық жаса, сонда мүмін боласың.

• Өзіңе қалаған жақсылықты өзгелерге де қала, сонда мұсылман боласың.

• Көп күлме, өйткені көп күлу жүректі өлтіреді”».1

  1. 1Тирмизи, «Зуһд», № 2305 (Ибраһим Жанан басылымында № 2306). Ибн Мәжа, «Зуһд», № 4217, Әбу Һурайрадан жеткен мазмұндас нұсқа.
5838
Кутуб ситтә, № 5838 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَمَرَنِي رَبِّي بِتِسْعٍ: خَشْيَةِ اللَّهِ فِي السِّرِّ وَالْعَلَانِيَةِ، وَكَلِمَةِ الْعَدْلِ فِي الْغَضَبِ وَالرِّضَا، وَالْقَصْدِ فِي الْفَقْرِ وَالْغِنَى، وَأَنْ أَصِلَ مَنْ قَطَعَنِي، وَأُعْطِيَ مَنْ حَرَمَنِي، وَأَعْفُوَ عَمَّنْ ظَلَمَنِي، وَأَنْ يَكُونَ صَمْتِي فِكْرًا، وَنُطْقِي ذِكْرًا، وَنَظَرِي عِبْرَةً، وَآمُرُ بِالْمَعْرُوفِ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Раббым маған тоғыз нәрсе бұйырды:

• оңашада да, жұрт алдында да Алладан именуді,

• ашуланғанда да, көңілім жай болғанда да әділ сөз айтуды,

• жоқшылықта да, молшылықта да үнемшіл болуды,

• менімен туыстық қатынасын үзген адаммен байланысты жалғауды,

• маған бермегенге де беруді,

• маған қиянат жасағанды кешіруді,

• үнсіз қалғанда ой жүгіртуді,

• сөйлегенде зікір айтуды,

• көргенімнен ғибрат алуды.

Жақсылыққа да шақырамын”, – деді».1

  1. 1Рәзин жеткізген.
5839
Кутуб ситтә, № 5839 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: وَجَدْنَا عَلَى قَائِمِ سَيْفِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: اعْفُ عَمَّنْ ظَلَمَكَ، وَصِلْ مَنْ قَطَعَكَ، وَأَحْسِنْ إِلَى مَنْ أَسَاءَ إِلَيْكَ، وَقُلْ الْحَقَّ وَلَوْ عَلَى نَفْسِكَ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) қылышының сабынан мына жазуды көрдік: “Өзіңе қиянат жасағанды кешір. Қатынасын үзгенмен қатынасыңды жалға. Саған жамандық жасағанға жақсылық жаса. Өз зияныңа шешілсе де, ақиқатты айт”».1

  1. 1Рәзин тахриж еткен.
5840
Кутуб ситтә, № 5840 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ زَيْدِ الْخَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ لَتُخْبَرَنِّي مَا عَلَامَةُ اللَّهِ فِيمَنْ يُرِيدُهُ، وَمَا عَلَامَتُهُ فِيمَنْ لَا يُرِيدُهُ؟ فَقَالَ: كَيْفَ أَصْبَحْتَ يَا زَيْدُ؟ قُلْتُ: أُحِبُّ الْخَيْرَ وَأَهْلَهُ، وَإِنْ قَدَرْتُ عَلَيْهِ بَادَرْتُ إِلَيْهِ، وَإِنْ فَاتَنِي حَزِنْتُ عَلَيْهِ وَحَنَنْتُ إِلَيْهِ، فَقَالَ ﷺ: فَتِلْكَ عَلَامَةُ اللَّهِ فِيمَنْ يُرِيدُهُ، وَلَوْ أَرَادَكَ لِغَيْرِهَا لَهَيَّأَكَ لَهَا. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Зәйдул-Хайр (р.а.) былай дейді: «Уа, Алла елшісі! Алла жақсылыққа бейімдеген адамды және ондай бейім бермеген адамды қандай белгіден тануға болатынын айтыңызшы», – дедім. Ол: «Уа, Зәйд, таңды қандай күйде атырдың?» – деп сұрады. «Жақсылық пен жақсылық иелерін жақсы көремін. Қолымнан келсе, жақсылық жасауға асығамын. Мүмкіндікті жіберіп алсам, қынжыламын әрі жақсылық жасауды аңсаймын», – дедім. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Бұл – Алланың Өзі қалаған адамға берген белгісі. Егер Алла сенің өзге жолда болғаныңды қаласа, сені соған бейім етер еді», – деді.1

  1. 1Хадисті Рәзин тахриж еткен.
5841
Кутуб ситтә, № 5841 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرْجِسَ الْمُزَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: السَّمْتُ الْحَسَنُ وَالتُّؤَدَةُ وَالِاقْتِصَادُ جُزْءٌ مِنْ أَرْبَعَةٍ وَعِشْرِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Саржис әл-Музани (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Көркем жүріс-тұрыс, байыптылық пен орта жолды ұстану – пайғамбарлықтың жиырма төрт бөлігінің бірі”, – деді».1

Түсіндірме

Мұнда аталған көркем қасиеттер – Алланың барлық пайғамбарға берген сыйы. Адамдар пайғамбарларға еріп, осы қасиеттерді бойына сіңіруі көзделген.

Осы қасиеттердің пайғамбарлықтың жиырма төрт бөлігінің бірі саналуы пайғамбарлық бөлінеді немесе оған еңбектеніп қол жеткізуге болады дегенді білдірмейді. Пайғамбарлық – Алланың сыйы. Мұхаммед (с.а.с.) – соңғы пайғамбар. Одан кейін қияметке дейін жер бетіне пайғамбар келмейді.

Кейбір ғалымдар хадисті былай түсінген: «Осы қасиеттер бойынан табылған адам жұрттың құрметі мен ілтипатына бөленеді. Алла оған пайғамбарлардың киімі болған тақуалық киімін кигізеді».

  1. 1Тирмизи, Бирр 66 (2010). Мәликтің «Муаттасындағы» («Шиғр», 17) Ибн Аббастың өз сөзі ретінде жеткен нұсқада және Әбу Дәуітте («Әдеп», 2, №4776) Ибн Аббас Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген нұсқада «жиырма бес» делінген.
5842
Кутуб ситтә, № 5842 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Әйюб

وَعَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَرْبَعٌ مِنْ سُنَنِ الْمُرْسَلِينَ: الْحَيَاءُ، وَالتَّعَطُّرُ، وَالنِّكَاحُ، وَالسِّوَاكُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Төрт нәрсе бұрынғы пайғамбарлардың сүннетінен: ұяттылық, хош иіс себіну, үйлену және мисуак қолдану”, – деді».1

Түсіндірме

1. Төрт нәрсенің бұрынғы пайғамбарлардың сүннеті болуы олардың осы амалдарды өздері орындағанын және үмбеттерін соған үндегенін білдіреді. Демек, бұлардың тарихы адамзаттың алғашқы дәуіріне, тіпті Адамға (а.с.) дейін баруы мүмкін. Бұл олардың адамзат үшін маңызды екенін де көрсетеді. Уахи әуел бастан адамзатқа өміріне қажет амалдарды білдіріп, оларды тұрмысқа енгізген. Автор осы исламдық пайымды адамзат тарихын жабайылықтан, надандықтан, тіпті маймылдан бастайтын кейбір батысшыл материалистердің көзқарасымен салыстырады.

Ғалымдардың кейбірі Иса (а.с.) секілді үйленбеген пайғамбарларды мысалға алып, хадистегі жалпы сөздің басым көпшілікке қатысты айтылғанын, ерекше жағдайлар болуы мүмкін екенін білдірген. Бұл пайым мисуак пен хош иіске де қатысты. Алла елшісі (с.а.с.) бұл амалдардың бәріне ортақтығынан гөрі ертеден келе жатқанына назар аудартқан.

2. Хадистің кей нұсқасында ұяттылықтың орнына «хитан», яғни ұл баланы сүндеттеу аталады. Бұл сүндеттеудің де ертеден келе жатқанын аңғартады. Кейбір хадисте оның Ибраһим (а.с.) заманынан жалғасқаны және алғаш рет оның сүндеттелгені айтылады.

3. Кейбір ғалымдар мұнда адамның туа біткен ұяңдығы емес, дін талап ететін ұяттылық меңзелгенін айтады. Оған әурет жерлерді жабу, адамгершілікке жат қылықтан, арсыздықтан, дөрекіліктен және былапыт сөзден аулақ болу секілді әдептер жатады.

4. Кей риуаятта ұяттылықтың орнына حِنَّاءٌ, яғни қына сөзі келген. Ғалымдар мұны көшіру үстінде кеткен жаңылыс болуы мүмкін деген. «Мирқатта» ер адамның қына жағуы әйелдерге еліктеуге жататындықтан, оған тыйым салынған деген уәж келтірілген. Егде адамның шашын қынамен бояуы бұрынғы пайғамбарлардан жеткен сүннет саналмайды. Ол Алла елшісінің (с.а.с.) сүннеті ретінде берілген, сондықтан оны бұрынғы пайғамбарларға телу жөнсіз делінген.2

  1. 1Тирмизи, Никах 1 (1080).
  2. 2Мирқат.
5843
Кутуб ситтә, № 5843 · тараудағы реті: 8

وَعَنْ عَبْدِ الْمُهَيْمِنِ بْنِ عَبَّاسِ بْنِ سَهْلِ بْنِ سَعْدِ السَّاعِدِيِّ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْأَنَاةُ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى وَالْعَجَلَةُ مِنَ الشَّيْطَانِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулмухаймин ибн Аббас ибн Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди әкесі арқылы атасынан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Байыптылық – Алладан, асығыстық – шайтаннан”, – деді».1

Түсіндірме

Байыптылықтың Алладан болуы Алланың байыппен істелген амалға разы болып, сол үшін сауап беруін білдіреді. Асығыстықтың шайтаннан болуы шайтанның азғырып, адамды асығыс қимылға итермелеуін білдіреді. Асығыс адам ісін мұқият ойластырып, оның ақырын бағамдай алмай қалады. Ол аттаған қадамының, айтқан сөзінің пайда не зиян әкелетінін пайымдап үлгермейді. Көптеген аят пен хадисте теріс істер шайтанға телінген. Амр ибн әл-Ас: «Асығыстықтың жемісі – өкініш», – деген. Бұл жөнінде №5846 хадистің түсіндірмесінде де сөз болады.

  1. 1Тирмизи, Бирр 66; (2013).
5844
Кутуб ситтә, № 5844 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْ اِبْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لِأَشَجِّ عَبْدِ الْقَيْسِ: إِنَّ فِيكَ خَصْلَتَيْنِ يُحِبُّهُمَا اللَّهُ تَعَالَى وَرَسُولُهُ: الْحِلْمُ وَالْأَنَاةُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Абдулқайстың Әшажжына: “Сенде Алла мен Оның елшісі жақсы көретін екі қасиет бар: ұстамдылық пен байыптылық”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Әшажж» атауы бұл жерде «Абдулқайстың Әшажжы» деген мағынада келген. Ол Абдулқайс тайпасының Алла елшісіне (с.а.с.) жіберген елшілерімен бірге барған. Шын есімі – Мунзир ибн Аиз. Әшажж әл-Абди деп те аталған.

2. Нәуәуидің пікірінше, мұндағы «хилм» сөзі ақылдылықты білдіреді. Қади Ияд оны ақылдың дұрыстығын, істің ақырын ойлай білуді аңғартатын сөз деп түсіндіреді. Нәуәуи «әнат» сөзін асықпай, мұқият әрекет ету деп анықтайды. Бұл – істің алды-артын, пайдасы мен залалын таразылап барып қимылдау.

Алла елшісінің (с.а.с.) Әшажжға (р.а.) ілтипат көрсетуіне байланысты мына оқиға айтылады: «Абдулқайстың елшілері Мәдинаға келгенде, Алла елшісін тезірек көруге асықты. Әшажж көліктерінің қасында қалып, оларды жинап, түйесін байлады. Ең жақсы киімін киіп, үсті-басын реттеген соң ғана Алла елшісінің алдына барды. Ол Әшажжды қасына отырғызып, елшілерден: “Өз аттарыңнан да, қауымдарыңның атынан да серт беруге келдіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Иә”, – деді. Әшажж: “Уа, Алла елшісі, сіз ешкімге дінінен ауыр жүк жүктемейсіз. Біз сізге өз атымыздан серт берейік. Қауымымызға кісі жіберіп, оларды дінге шақырайық. Үнімізге құлақ асқан бізден болады. Бас тартқандармен соғысамыз”, – деді. Сонда Алла елшісі: “Дұрыс айттың. Сенде екі қасиет бар...” – деп, Әшажжға ілтипат білдірді».

  1. 1Тирмизи, Бирр 66 (2012); Мүслим, Иман 25, (17).
5845
Кутуб ситтә, № 5845 · тараудағы реті: 10

وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ فِي رِوَايَةٍ ذَكَرَ فِيهَا قِصَّةً طَوِيلَةً عَنْ زَارِعٍ، وَكَانَ فِي وَفْدِ عَبْدِ الْقَيْسِ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا قَالَ لَهُ ذَلِكَ قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! أَأَنَا أَتَخَلَّقُ بِهِمَا أَمِ اللَّهُ تَعَالَى جَبَلَنِي عَلَيْهِمَا؟ قَالَ: بَلِ اللَّهُ جَبَلَكَ عَلَيْهِمَا. فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَبَلَنِي عَلَى خِلَّتَيْنِ يُحِبُّهُمَا اللَّهُ تَعَالَى وَرَسُولُهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіт Абдулқайс елшілерінің қатарында болған Зариғтан жеткен ұзақ риуаятта мына қосымшаны келтіреді: «Алла елшісі (с.а.с.) осыны айтқанда, Әшажж: “Уа, Алла елшісі! Осы екі қасиетті өзім бойыма сіңірдім бе, әлде Алла оларды жаратылысымнан дарытты ма?” – деп сұрады. Ол: “Алла сені осы екі қасиетпен жаратты”, – деді. Сонда Әшажж: “Мені Алла мен Оның елшісі жақсы көретін екі қасиетпен жаратқан Аллаға мадақ болсын!” – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 161 (5225).
5846
Кутуб ситтә, № 5846 · тараудағы реті: 11

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: التَّؤَدَةُ فِي كُلِّ شَيْءٍ إِلَّا فِي عَمَلِ الْآخِرَةِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ақыретке қатысты амалдан өзге істе байыппен қимылдаған жақсы”, – деді».1

Түсіндірме

Кейбір хадистерде байыптылық жалпы мақталса, мұнда ақыретке қатысты амалдар бөлек аталған. Қади: «Ақыретке қатысты амалды соза беру құпталмайды. Аллаға жақындап, дәрежеңді көтеру үшін мұндай істе табандылық танытып, бар күшіңді сал», – деген. Тиби: «Дүние ісінің соңы қайырлы болары белгісіз, сондықтан асықпай, байыппен кіріскен жөн. Ақырет ісінің жөні басқа. Раббымыз ﴿فَٱسْتَبِقُوا۟ ٱلْخَيْرَٰتِ﴾ “Ендеше, жақсылықта жарысыңдар!”2, ﴿سَابِقُوٓا۟ إِلَىٰ مَغْفِرَةٍ مِّن رَّبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا كَعَرْضِ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ أُعِدَّتْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦ﴾ “Раббыларыңнан болатын кешірім және Аллаға һәм елшілеріне шынымен иман келтіргендер үшін әзірленген, ені жеті қат көк пен жердің еніндей болған жұмақ үшін жарысыңдар!”3 деген», – дейді. Мұнауи осыған бір өнегелі кісінің оқиғасын мысал етеді: «Ол моншада отырып қызметшісін дереу шақырып: “Көйлегімді пәленшеге апарып бер”, – деді. Қызметшісі: “Моншадан шыққанша күте тұрсаңыз болмай ма?” – дегенде, ол: “Соны ойладым, бірақ ниетімнен айнып қалмайын дедім”, – деп жауап берді».

Кей ғалымдар қайырлы екені анық істі кідіріссіз орындаудың айыбы жоқ деген. Олар мына аятты дәлелге келтіреді: ﴿إِنَّهُمْ كَانُوا۟ يُسَٰرِعُونَ فِى ٱلْخَيْرَٰتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا﴾ «Расында, олар жақсылық жасауда бір-бірімен асыға жарысатын, әрі үміт еткен, әрі қорыққан күйде Бізге жалбарынатын»4.

Әли әл-Қари мәселенің бір қырына назар аударады: «Алла бұйырған құлшылықты дер кезінде атқаруға ұмтылу мен құлшылықтың өзін асығыс орындаудың айырмасы үлкен. Біріншісі мақталады, екіншісі құпталмайды». Демек, құлшылыққа уақытында кірісіп, оны баппен орындауға тырысамыз.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 11 (4810).
  2. 2«Бақара» 148.
  3. 3Хадид, 21.
  4. 4Әнбия, 90.
5847
Кутуб ситтә, № 5847 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْ اِبْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنِ اسْتَعَاذَ بِاللَّهِ فَأَعِيذُوهُ، وَمَنْ سَأَلَ بِاللَّهِ فَأَعْطُوهُ، وَمَنْ دَعَاكُمْ فَأَجِيبُوهُ، وَمَنْ صَنَعَ إِلَيْكُمْ مَعْرُوفًا فَكَافِئُوهُ، فَإِنْ لَمْ تَجِدُوا مَا تُكَافِئُونَهُ فَادْعُوا لَهُ حَتَّى تَرَوْا أَنَّكُمْ قَدْ كَافَأْتُمُوهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім Алланың атымен пана сұраса, оған пана беріңдер. Кім Алланың атымен бір нәрсе сұраса, сұрағанын беріңдер. Кім шақырса, шақыруын қабыл алыңдар. Кім сендерге жақсылық жасаса, қарымтасын қайтарыңдар. Қайтаратын ештеңе таппасаңдар, қарымтасын өтедік деп көңілдерің орныққанша ол үшін дұға етіңдер”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте Алланың аты аталып, ізгі мақсатпен жасалған өтінішті орындауды бұйырады. Тиби пана сұрау жөніндегі сөзді былай түсіндіреді: «Біреу өздеріңнен не басқа біреуден зиян тимесін деп, “Алла үшін маған жамандық жасамаңдар”, – десе, өтінішін қабыл алыңдар. Алланың атын құрметтеп, оған зиян тигізбеңдер». Хадисті «Кім Аллаға сыйынып, Оның атымен өздеріңнен рақым тілеп пана сұраса» деп те ұғынуға болады. Тіліміздегі «Алла үшін», «Алла разылығы үшін» деген сөздермен айтылған өтінішке құлақ асып, Раббымыздың ұлы есімін құрметтеу бұйырылған. Оның атымен пана сұрағанға пана, садақа сұрағанға садақа беріледі. Алланың есімі мүміннің жүрегінде биік орын алуға тиіс. Өз дұғаларымыздың қабыл болуына да мұның қатысы бар.

2. Хадистегі екінші талап – шақыруды қабыл алу. Хадисте ол жалпы айтылған. Ғалымдар өзге хадистерді ескеріп, шақыруды қабыл алуға шариғи кедергі болмасын деген шарт қосқан. Мысалы, дастарқанға ішімдік қойылса, шақырған жерге бармауға болады.

3. Келесі талап – сөзбен де, іспен де жақсылық жасап, құрмет көрсеткен адамға мүмкіндігінше сондай жақсылықпен жауап беру. Бұл ﴿هَلْ جَزَآءُ ٱلْإِحْسَٰنِ إِلَّا ٱلْإِحْسَٰنُ﴾ «Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!»2 және ﴿وَأَحْسِن كَمَآ أَحْسَنَ ٱللَّهُ إِلَيْكَ﴾ «Алланың өзіңе жақсылық жасағанындай, сен де өзгелерге жақсылық жаса!»3 деген аяттарда айтылып, көптеген хадисте қайталанған. Олардың бірқатарын жоғарыда келтірдік (№5780–5787).

4. Хадистің соңында Алла елшісі (с.а.с.) өзімізге жақсылық жасаған адамға дәл сондай қарымта қайтара алмасақ, ол үшін дұға ете беруді ұсынады. Бұл дұға жасаған жақсылығын өтедім деп көңіліміз орныққанша жалғасады.

مَنْ صُنِعَ إِلَيْهِ مَعْرُوفٌ فَقَالَ لِفَاعِلِهِ: جَزَاكَ اللَّهُ خَيْرًا، فَقَدْ أَبْلَغَ فِي الثَّنَاءِ.

Усама ибн Зәйдтің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Өзіне жақсылық жасаған кісіге “Алла саған қайырлы қарымта берсін!” деген адам алғысын толық білдірген болады», – деген.4

Осы хадиске сүйенген кей ғалымдар адам өзіне жақсылық жасаған кісіге جَزَاكَ اللَّهُ خَيْرًا, яғни «Алла сені жақсылықпен жарылқасын!» десе, оның ақысы қанша үлкен болса да, өтеген болып саналады деген. Адам бұл сөзбен жақсылықтың қарымтасын қайтаруға шамасы жетпейтінін мойындап, дүние мен ақыреттегі қайтарымын ең жақсы Уәкіл – Аллаға тапсырады. Алла елшісінің мұны ең көркем мадақ деуі Алланың сол жақсылықты қайтарымсыз қалдырмайтынын білдіреді. Кейбір даналар: «Қайтарым жасауға қолың қысқа болса, алғыс пен дұғаға тілің ұзын болсын», – деген.

  1. 1Нәсәи, Зекет 72, (5, 82); Әбу Дәуіт, Зекет 38 (1672).
  2. 2Рахман, 60.
  3. 3Қасас, 77.
  4. 4Тирмизи, «Ізгілік және туыстық», №2035.
5848
Кутуб ситтә, № 5848 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَمُوتَنَّ أَحَدُكُمْ إِلَّا وَهُوَ يُحَسِّنُ الظَّنَّ بِاللَّهِ تَعَالَى. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Әрқайсың Алла туралы жақсы ойда болған күйде жан тапсырыңдар”, – деді».1

  1. 1Мүслим, жәннат 81 (2877); Әбу Дәуіт, Жанаиз 17 (3113).
5849
Кутуб ситтә, № 5849 · тараудағы реті: 14

وَفِي أُخْرَى لِلشَّيْخَيْنِ وَالتِّرْمِذِيِّ، عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِي بِي. زَادَ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ: وَأَنَا مَعَهُ إِذَا دَعَانِي.

Қазақша аудармасы

Бұхари мен Мүслимнің «Сахихтарында» және Тирмизи жинағында Әбу Һурайрадан (р.а.) мына хадис жеткен: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла Тағала: ‘Құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен оған сондаймын’, – деді”, – деген».

Мүслим мен Тирмизи риуаятында: «Ол Маған дұға еткенде, Мен онымен біргемін», – деген қосымша бар.1

  1. 1Бұхари, Тәухид 35; Мүслим, Зикр 1 (2675); Тирмизи, Зуһд 51 (2389).
5850
Кутуб ситтә, № 5850 · тараудағы реті: 15

وَفِي رِوَايَةٍ لِأَبِي دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيِّ، عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَيْضًا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ حُسْنَ الظَّنِّ بِاللَّهِ تَعَالَى مِنْ حُسْنِ الْعِبَادَةِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіт пен Тирмизи Әбу Һурайрадан (р.а.) мына хадисті жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла Тағала туралы жақсы ойда болу – құлшылықты көркем атқарудың бір бөлігі”, – деді».1

Түсіндірме

1. Үш риуаят та Алла туралы жақсы ойда болуға үндейді. Біріншісінде адам соңғы деміне дейін осы жақсы ойдан айырылмауы керектігі айтылған. Мұның мәні кейінгі екі хадисте ашылады. Алла Тағала құлына оның Өзі туралы ойына сай мәміле етеді. Алла туралы жақсы ойда болудың өзі – құлшылық.

2. Алла туралы жақсы ойда болу – кешірім сұрасақ, Алланың кешіретініне, дұға етсек, қабыл алатынына, құлшылық етсек, сауап беретініне сену. Ғалымдар мұнда үміт пен қорқынышты қатар ұстауды жөн көрген. Алла бізге әділдігімен қарап, істегенімізге сай жаза берсе, азапқа ұшырауымыз мүмкін деп қауіптеніп, үнемі тәубе етіп, кешірім сұрауымыз керек. Сонымен қатар Алла тәубеміз бен истиғфарымызды қабыл етер деп үміттеніп, көңілімізді орнықтырамыз. Бір сезімнің ғана билеп алуы ислам әдебіне үйлеспейді. Нәуәуи жас әрі дені сау кезде қорқыныш басым болғанын құп көрген. Ал жоғарыдағы хадиске сай, өлім жақындағанда үміт басым болуы керек. Адам соңғы деміне дейін Алла туралы жақсы ойда болғаны жөн. Мұның бір себебі Мүслимдегі «Адам қандай күйде өлсе, сол күйде тіріледі» деген хадисте ашылады. Алла туралы жақсы оймен дүние салған адам сол күйде тіріледі. Хаттаби мұны өзгеше түсіндірген: «Амалын көркем еткен адам Алла туралы жақсы ойда бола алады. Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзінде: “Амалдарыңды көркем етіңдер, сонда Алла туралы ойларың да жақсы болады. Амалы нашардың ойы да нашар”, – дегендей».

Рафиғи: «Хадистен тәубеге келуге және зұлымдықтан бас тартуға үндеу барын да ұғамыз. Осылай істеген адамның Алла туралы ойы жақсарып, Оның рақымынан үміттене алады», – дейді.

Нәуәуи: «Алла туралы ойды көркем ету – Алланың өзіне рақым ететінінен үміттену. Адам Алланың кешірімі мен рақымы туралы аяттар мен хадистерді, оларда тәухид иелеріне уәде етілген кешірім мен қиямет күні нәсіп болатын рақымды еске алып, соған үміт артады», – дейді.

3. «Құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен оған сондаймын» деген құдси хадистің Бұхаридегі бір нұсқасы мынадай: «Құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен оған сондаймын. Ол Мені еске алса, Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей еске алса, Мен де оны Өзіме еске аламын. Егер ол Мені бір топтың ішінде еске алса, Мен оны сол топтан да қайырлы топтың ішінде еске аламын. Ол Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп барамын».

Хадис үміттің қорқыныштан басым болуына үндейді. Кейбір ғалымдар мұндағы «ой» сөзін «білім», басқалары «нық сенім» деп түсіндірген. Бұл жағдайда мағынасы былай ашылады: «Мен құлымның Өзім туралы нық сеніміне сай мәміле етемін. Ол Маған қайтатынын, есебін Мен алатынымды, пайдасына не зиянына шығарған үкімімді ешкім өзгерте алмайтынын, Мен бермегенді ешкім бере алмайтынын, Мен бергенді ешкім бөгей алмайтынын біледі». Қуртуби «әл-Муфһимде» «Құлымның Мен туралы ойы» деген сөзді былай түсіндіреді: «Алла елшісінің уәдесінің растығына сүйеніп, дұғаңа жауап боларын, тәубең қабыл етілерін, кешірім сұрасаң кешірілетініңді, шарттарын сақтап жасаған құлшылығыңа сауап берілетінін үміт ету». Мұны «Дұғаларың қабыл боларына нық сеніп, Аллаға дұға етіңдер» деген хадис те қуаттайды.

Қуртуби сөзін былай жалғайды: «Сондықтан адам Алла амалын қабыл алып, күнәларын кешіретініне сеніп, өз міндеттерін орындауы керек. Алла мұны уәде еткен және уәдесінен таймайды. Ал құлшылығым қабыл болмайды, еңбегімнің пайдасы тимейді деп сену не осындай күмәнға берілу – Алланың рақымынан үміт үзу. Бұл – үлкен күнә. Кім осы күйде өлсе, хадистің кейбір нұсқасында айтылғандай, өз ойының еншісіне қалдырылады. “Ендеше, құлым Мен туралы қалағанынша ойласын” делінген».

Қуртуби сөзін: «Кешірілетінін үзілді-кесілді ойлап, сол ойда қасарысып тұрып алу да – надандық пен өзін-өзі алдау. Бұл сенім адамды мүржия ағымына жетелейді», – деп түйіндейді.

  1. 1Тирмизи, Дағауат 146 (3604); Әбу Дәуіт, Әдәб 89 (4993).
5851
Кутуб ситтә, № 5851 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Әбу Зәрр

وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اِتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْتَ وَأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحَسَنَةَ تَمْحُهَا، وَخَالِقِ النَّاسَ بِخُلُقٍ حَسَنٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қай жерде болсаң да, Алладан имен. Жаман істен кейін оны өшіретін жақсылық жаса. Адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас жаса”, – деді».1

Түсіндірме

Алладан имену – тақуалық ұстану деген сөз. Адам Алланың азабынан қорқып, әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыйылса, тақуалыққа қол жеткізеді. Діннің негізі – тақуалық. Тақуалық ұстанбаған адам діни өмірінде кемелдікке жете алмайды.

«Қай жерде болсаң да» деп аударылған حَيْثُ сөзі «қандай күйде болсаң да» деген мағынаны да қамтиды. Оған жалғыздық пен көпшілік, молшылық пен таршылық, денсаулық пен науқастық секілді жағдайлар жатады. Қандай күйде де тақуалықты негізге алу керек.

سَيِّئَةٌ сөзі көбінесе кіші күнәні, ал حَسَنَةٌ сөзі намаз, садақа, истиғфар секілді игі амалды білдіреді. Кіші күнәдан кейін жасалған осындай жақсылық сол күнәнің өтеуі болады.

Алла жақсылық себепті күнәні жойғанда, оның адамның жүрегіне түсірген дағын кетіреді, амал дәптерінен де өшіреді. Адам екеуіне де мұқтаж. Ұсақ күнәлардан пайда болған қара дақ ұлғая берсе, жүректі тұтас қарайтады. «Кіші күнәні қайталай беру оны үлкен күнәға айналдырады» деген сөздің мәні осында. Мүмін кіші күнәнің өзіне немқұрайды қарамайды, тәубе, истиғфар, садақа мен намаз арқылы одан арылуға ұмтылады. «Әрбір күнәнің ішінде күпірлікке апаратын жол бар» дегенді естен шығармаған жөн.

Адамдармен көркем қарым-қатынас жасаудың жолы көп. Жағдайға қарай жылы сөз айту, күлімдеу, кеңдік таныту, кешіру, кемшілігін бетіне баспау, айыбын ашпау, өзінен көрген ауыртпалыққа төзу, сыйлық беру осыған жатады. Мұны ұстанған кісі дүниеде де, ақыретте де жемісін көреді. Дүниеде ісі оңалып, дені сау болып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленеді. Ақыретте Алланың кешірімі мен жарылқауына үміт етеді.

  1. 1Тирмизи, Бирр 55 (1988).
5852
Кутуб ситтә, № 5852 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَكْثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ النَّارَ؟ قَالَ: الْفَمُ، وَالْفَرْجُ؛ وَسُئِلَ عَنْ أَكْثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ الْجَنَّةَ؟ قَالَ: تَقْوَى اللَّهِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінен (с.а.с.) адамды тозаққа ең көп түсіретін не деп сұрады. Ол: “Ауыз бен жыныс мүшесі”, – деді. Адамды жәннатқа ең көп кіргізетін не дегенде: “Тақуалық пен көркем мінез”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте адамды ақыретте құтқаратын және пәлеге ұрындыратын басты себептерді атаған. Аз сөзге көп мағына сыйғызған Пайғамбарымыз осы маңызды жайттарды баршаға ұғынықты етіп жеткізген.

Жәннатқа жетелейтін екі қасиет

1) Тақуалық. Ол – парыздарды орындап, харамнан сақтану. Тақуалықтың дәрежелері бар. Ең төменгісі – ширктен бойды аулақ ұстау.

2) Көркем мінез. Мұның ең әуелгі көрінісі – жұртпен жақсы қарым-қатынас. Абдулла ибн әл-Мубарак оны «жылы жүз, мол жақсылық және өзгеге зиян келтірмеу» деп сипаттаған. Ахмад ибн Ханбал: «Ашуға берілмеу, кек сақтамау, адамдардан көрген ауыртпалыққа төзу», – деген. Кей ғалымдар көркем мінездің ең төменгі дәрежесі – өзгеге жапа шектірмеу, ең биігі – өзіне жамандық жасағанға да жақсылық жасау деген.

Тиби: «Тақуалық – құлдың Жаратушымен қатынасының көркемдігі. Ол Алланың әмірін орындап, тыйымынан сақтанады. Көркем мінез – құлдың адамдармен жақсы қарым-қатынасы. Осы екі қасиет жәннатқа жетелейді», – дейді. Оларға қарама-қарсы мінездер адамды тозаққа бастайды.

Осы екі қасиетке қарсы қойылып, ауыз бен жыныс мүшесі аталған. Ауыз дегенге тіл де кіреді. Тілін тыю адамды дінінде сақтайды, ал адал ас ішу – тақуалықтың бастауы. Жыныс мүшесін күнәдан сақтау – діндарлықтың биік дәрежесі. Алла құтылған мүміндердің қасиеттерін атағанда ﴿وَٱلَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَٰفِظُونَ﴾ «Олар – абиырларын күнә атаулыдан барынша сақтайтындар» деген. Ислам ғалымдары бұл құмарлық бойды билегенде адамның ақылға ең аз құлақ асатынына назар аударған. Мүмкіндігі бола тұра Алладан именіп зинадан тыйылған адам биік дәрежеге жетеді. Алла Тағала: ﴿وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفْسَ عَنِ ٱلْهَوَىٰ ۝ فَإِنَّ ٱلْجَنَّةَ هِىَ ٱلْمَأْوَىٰ﴾ «Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақырында барып паналайтын жері жаннат болмақ!»2, – дейді.

Хадис мәңгілік бақытқа жетелейтін басты себептер тақуалық пен көркем мінездің ұштасуы екенін аңғартады. Ал ауыз бен жыныс мүшесін күнәдан тыймау адамды мәңгілік сорға ұрындырады.

  1. 1Тирмизи, Бирр 62 (2005).
  2. 2Назиат, 40.
5853
Кутуб ситтә, № 5853 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الْمُؤْمِنِينَ أَفْضَلُ؟ قَالَ: أَحْسَنُهُمْ خُلُقًا، قِيلَ: فَأَيُّ الْمُؤْمِنِينَ أَكْيَسُ؟ قَالَ: أَكْثَرُهُمْ لِلْمَوْتِ ذِكْرًا، وَأَحْسَنُهُمْ لَهُ اِسْتِعْدَادًا قَبْلَ نُزُولِهِ بِهِمْ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Мүміндердің ең абзалы кім?” – деп сұрады. Ол: “Мінезі ең көркемі”, – деді. “Ал мүміндердің ең ақылдысы кім?” – дегенде: “Өлімді көп еске алып, ажал жетпей тұрып оған жақсылап дайындалғандар”1, – деді».

  1. 1Рәзин Әнәстан жеткізген. Ибн Мәжа, «Зуһд», № 4259 – Ибн Омардан жеткен мазмұндас нұсқа.
5854
Кутуб ситтә, № 5854 · тараудағы реті: 19Риуаят етуші: Сәмура

وَعَنْ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْحَسَبُ الْمَالُ، وَالْكَرَمُ التَّقْوَى. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәмура (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Атақ-бедел – мал-дүние, ал қадір-қасиет – тақуалық”, – деді».1

Түсіндірме

«Хасаб» – адамның ел ішіндегі абырой-беделі. Кейде оны әке мен атадан жеткен абырой деп те түсіндіреді. Алла елшісі (с.а.с.) осы хадисте жұрт алдындағы беделдің көбіне мал-дүниеге сүйенетінін айтқан. Хасаб – адамдар берген баға. Ел ішінде беделді адам Алла алдында да қадірлі бола бермейді. Алла алдында қадірлісі – тақуалықты ұстанған жан.

Хадистің мағынасы мынадай: «Жұрт алдында адамның беделін мал-дүние арттырса, Алла алдында оның қадірін тақуалық арттырады».

  1. 1Тирмизи, Тәпсір, Хужурат (3268).
5855
Кутуб ситтә, № 5855 · тараудағы реті: 20Риуаят етуші: Әбу Бәкра

وَعَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَيُّ النَّاسِ خَيْرٌ؟ قَالَ: مَنْ طَالَ عُمْرُهُ وَحَسُنَ عَمَلُهُ؛ قِيلَ: فَأَيُّ النَّاسِ شَرٌّ؟ قَالَ: مَنْ طَالَ عُمْرُهُ وَسَاءَ عَمَلُهُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Адамдардың ең қайырлысы кім?” – деп сұрағанда: “Ғұмыры ұзақ, амалы көркем адам”, – деді. “Адамдардың ең жаманы кім?” – дегенде: “Ғұмыры ұзақ, амалы жаман адам”, – деп жауап берді».1

  1. 1Тирмизи, Зуһд 22 (2330).
5856
Кутуб ситтә, № 5856 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَأُخْبِرُكُمْ بِخَيْرِكُمْ مِنْ شَرِّكُمْ؟ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. قَالُوا: بَلَى، قَالَ: خَيْرُكُمْ مَنْ يُرْجَى خَيْرُهُ وَيُؤْمَنُ شَرُّهُ، وَشَرُّكُمْ مَنْ لَا يُرْجَى خَيْرُهُ وَلَا يُؤْمَنُ شَرُّهُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сендердің ең қайырлыларың мен ең жамандарыңды айтайын ба?” – деп, сөзін үш рет қайталады. Жұрт: “Иә, айтыңыз”, – деді. Ол: “Ең қайырлыларың – жақсылық күтілетін әрі жамандығынан қауіп жоқ адам. Ең жамандарың – жақсылық күтілмейтін әрі жамандығынан қауіп бар адам”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Фитән, 76 (2264).
5857
Кутуб ситтә, № 5857 · тараудағы реті: 22Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас

وَعَنْ اِبْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: خَصْلَتَانِ مَنْ كَانَتَا فِيهِ كَتَبَهُ اللَّهُ تَعَالَى شَاكِرًا صَابِرًا، وَمَنْ لَمْ تَكُونَا فِيهِ لَمْ يَكْتُبْهُ اللَّهُ شَاكِرًا وَلَا صَابِرًا، مَنْ نَظَرَ فِي دِينِهِ إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَهُ فَاقْتَدَى بِهِ. وَمَنْ نَظَرَ فِي دُنْيَاهُ إِلَى مَنْ هُوَ دُونَهُ فَحَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى عَلَى مَا فَضَّلَهُ بِهِ عَلَيْهِ كَتَبَهُ اللَّهُ شَاكِرًا صَابِرًا، وَمَنْ نَظَرَ فِي دِينِهِ إِلَى مَنْ هُوَ دُونَهُ وَنَظَرَ فِي دُنْيَاهُ إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَهُ فَأَسِفَ عَلَى مَا فَاتَهُ مَنْهُ لَمْ يَكْتُبْهُ اللَّهُ شَاكِرًا وَلَا صَابِرًا. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бойынан екі қасиет табылған адамды Алла шүкір етуші әрі сабыр етуші деп жазады. Бұл екі қасиеті жоқ адамды шүкір етуші, сабыр етуші деп жазбайды. Осы екі қасиеті бар адам дін мәселесінде өзінен ілгері адамды үлгі тұтады, дүние жағынан өзінен төмен адамға қарап, Алланың өзіне бергеніне шүкір етеді. Осындай адамды Алла шүкір етуші әрі сабыр етуші деп жазады. Кімде-кім дін мәселесінде өзінен төмен адамға, дүние жағынан өзінен жоғары адамға қарап, қолы жетпегенге өкінсе, Алла оны шүкір етуші, сабыр етуші деп жазбайды”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Қиямет-қайым 59 (2514).
5858
Кутуб ситтә, № 5858 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ قَالَ: قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: مَا النَّجَاةُ؟ قَالَ: أَمْسِكْ عَلَيْكَ لِسَانَكَ، وَلْيَسَعْكَ بَيْتُكَ وَابْكِ عَلَى خَطِيئَتِكَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Уа, Алла елшісі, құтылудың жолы қандай?» – деп сұрадым. Ол: «Тіліңе ие бол, үйің өзіңе жеткілікті болсын, күнәларыңды ойлап жыла», – деді.1

  1. 1Тирмизи, Зуһд 61 (2408).
5859
Кутуб ситтә, № 5859 · тараудағы реті: 24

وَعَنْ مَالِكٍ قَالَ: بَلَغَنِي أَنَّهُ قِيلَ لِلُقْمَانَ الْحَكِيمِ: مَا بَلَغَ بِكَ مَا نَرَى؟ قَالَ: صِدْقُ الْحَدِيثِ، وَأَدَاءُ الْأَمَانَةِ، وَتَرْكُ مَا لَا يَعْنِينِي. وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: وَالْوَفَاءُ بِالْوَعْدِ.

Қазақша аудармасы

Имам Мәлик былай дейді: «Маған жеткен хабарда Лұқман Хәкімнен: “Сізді осындай абыройға жеткізген не?” – деп сұраған екен. Ол: “Тура сөйлеуім, аманатқа адалдығым және өзіме қатысы жоқ істен аулақ жүруім”, – деп жауап беріпті».

Бір риуаятта Лұқманның «Уәдеме беріктігім» деген сөзі де келген.1

  1. 1Муатта, Кәлам 17, (2, 990).
5860
Кутуб ситтә, № 5860 · тараудағы реті: 25Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْ اِبْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِمَنْ يَحْرُمُ عَلَى النَّارِ، وَمَنْ تَحْرُمُ عَلَيْهِ النَّارُ؟ عَلَى كُلِّ قَرِيبٍ هَيِّنٍ سَهْلٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кімнің тозақ отына, тозақ отының кімге харам екенін айтайын ба? Жұртқа жақын, жұмсақ мінезді әрі адамдардың ісін жеңілдететін әр адамға тозақ оты харам”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Қиямет 46 (2490).
5861
Кутуб ситтә, № 5861 · тараудағы реті: 26Риуаят етуші: Сәубан

وَعَنْ ثَوْبَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ مَاتَ وَهُوَ بَرِيءٌ مِنْ ثَلَاثٍ: الْكِبْرِ، وَالْغُلُولِ، وَالدَّيْنِ دَخَلَ الْجَنَّةَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Тәкаппарлықтан, олжаға қиянат жасаудан және қарыздан ада күйде дүние салған адам жәннатқа кіреді”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Ғулул» – соғысқа қатысқан адамның олжадан жасырып алуы. Ислам қағидасына сай түскен олжаның бәрі қолбасшыға тапсырылады. Ол оны әскер арасында әділ бөледі. Қолға түскен олжаны тапсырмау хадисте «ғулул» деп аталады. Бұл – ұрлықтың бір түрі. Алла елшісі (с.а.с.) құны қанша мардымсыз болса да, ине мен аяқкиімнің бауына дейін түгел тапсыруды бұйырған. Олжаны жасырып алған сарбаз сол күйде өлсе, шейіттік мәртебесінен айырылады.

Ғалымдар ғулулға мемлекет мүлкіне қол сұғу, оны иемдену мен ұрлау секілді әрекеттерді де қосқан. Соғыс үстінде қолға түскен азық-түлікті, қару мен көлікті қандай жағдайда пайдалануға болатыны көп талқыланған. Оған бұған дейін тоқталған едік.

2. Хадистегі екінші мәселе – қарыз. Бұл да жоғарыда кеңінен түсіндірілді. Алла елшісі (с.а.с.) қарыздану ысырапқа жол ашатындықтан, одан сақтануға үндеген. Алғашқы кезде қарызымен дүние салғандардың жаназасына да қатыспаған. Кейін бұл қатаң ұстанымын жеңілдеткен. Дегенмен адам өтеуі қиын қарыздан сақ болғаны жөн. Хадис мұрагеріне дүние орнына қарыз қалдырудың ел алдында да, Алла алдында да құпталмайтынын аңғартады.

  1. 1Тирмизи, Сияр 21, (1572, 1573).
5862
Кутуб ситтә, № 5862 · тараудағы реті: 27Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا حَلِيمَ إِلَّا ذُو عَثْرَةٍ وَلَا حَكِيمَ إِلَّا ذُو تَجْرِبَةٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сүрінбей ұстамды, тәжірибе көрмей дана бола алмайсың”, – деді».1

Түсіндірме

«Халим» – хилм иесі. Хилм адамның байсалдылығын, ұстамдылығын, асықпай әрекет етіп, жаза беруге ұмтылмауын білдіреді. Хадис осындай кісілердің де қателесетінін аңғартады. Кейбір ғалымдар оны адамның өзі ағаттық жасап көрмей, кемел ұстамдылыққа жете алмайтыны деп түсіндірген. Ағаттық жасап ұялған адам кешірілгенде, өзгені кешірудің қандай ізгі іс екенін түсінеді. Содан өзге біреу жаңылса, оған жұмсақ қарайды.

Дана адамның өзі көргеннен де, өзгенің басынан өткеннен де тәжірибе алатыны айтылады. Кемел даналық оқиғаларды бастан өткеріп, пайдалы мен зияндыны тәжірибе арқылы ажырата білген адамға тән.

  1. 1Тирмизи, Бирр 86 (2033).
5863
Кутуб ситтә, № 5863 · тараудағы реті: 28Риуаят етуші: Хузайфа

وَعَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَكُنْ أَحَدُكُمْ إِمَّعَةً، يَقُولُ أَنَا مَعَ النَّاسِ إِنْ أَحْسَنَ النَّاسُ أَحْسَنْتُ وَإِنْ أَسَاءُوا أَسَأْتُ، وَلَكِنْ وَطِّنُوا أَنْفُسَكُمْ إِنْ أَحْسَنَ النَّاسُ أَنْ تُحْسِنُوا وَإِنْ أَسَاءُوا أَنْ تَجْتَنِبُوا إِسَاءَتَهُمْ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ешқайсың жұртқа еріп, ‘Адамдар жақсылық жасаса, мен де жасаймын. Жамандық жасаса, мен де жасаймын’ демеңдер. Өздеріңді берік ұстаңдар. Жұрт жақсылық жасаса, сендер де жақсылық жасаңдар. Жамандық жасаса, сол жамандықтан аулақ болыңдар”, – деді».1

Түсіндірме

«Иммаға» деп өзіндік пікірі жоқ, жұрттың ығына жығыла беретін адамды атайды. Өз ұстанымын сақтай алмаған соң, әркімге «Сенікі дұрыс, мен сенімен біргемін» дей береді.

Алла елшісі (с.а.с.) біреудің соңынан ере бермей, жақсылықта берік болуды және қандай жағдайда да жамандықты қолдамауды үйретеді. Жақсылық жасау қолыңнан келмесе, өзгеге зиян тигізудің қажеті жоқ. Жамандықтан тыйылудың өзі – жақсылық. Хадистер осыған үндейді.

  1. 1Тирмизи, Бирр 63 (2008).
5864
Кутуб ситтә, № 5864 · тараудағы реті: 29Риуаят етуші: Хузайфа

وَعَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَنْبَغِي لِلْمُؤْمِنِ أَنْ يُذِلَّ نَفْسَهُ، قَالُوا: وَكَيْفَ يُذِلُّ نَفْسَهُ؟ قَالَ: يَتَعَرَّضُ مِنَ الْبَلَاءِ لِمَا لَا يُطِيقُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мүміннің өзін қор етуі жөн емес”, – деді. Жұрт: “Адам өзін қалай қор етеді?” – деп сұрады. Ол: “Шамасы жетпейтін пәлеге өзін тастайды”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Фитән 67 (2255).
5865
Кутуб ситтә, № 5865 · тараудағы реті: 30Риуаят етуші: Мұғауия

وَعَنْ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّهُ كَتَبَ إِلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنْ اكْتُبِي إِلَيَّ كِتَابًا تُوصِينِي فِيهِ وَلَا تُكْثِرِي، فَكَتَبَتْ: سَلَامٌ عَلَيْكَ، أَمَّا بَعْدُ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنِ الْتَمَسَ رِضَا اللَّهِ بِسَخَطِ النَّاسِ كَفَاهُ اللَّهُ تَعَالَى مُؤْنَةَ النَّاسِ، وَمَنِ الْتَمَسَ رِضَا النَّاسِ بِسَخَطِ اللَّهِ وَكَلَهُ اللَّهُ تَعَالَى إِلَى النَّاسِ، وَالسَّلَامُ عَلَيْكَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мұғауия (р.а.) Айшаға (р.а.): «Маған қысқаша өсиет жазып жіберіңіз», – деп хат жолдаған. Айша оған: «Амандық болсын! Алла елшісінің (с.а.с.): “Адамдар ашуланса да, Алланың разылығын іздеген адамға жұрттың жәбірінен қорған болуға Алла жеткілікті. Ал Алланың қаһарына қарамай, жұрттың разылығын іздеген адамды Алла сол жұрттың өзіне тапсырады”, – дегенін естідім. Амандық болсын!» – деп жауап жазған.1

Түсіндірме

Хадис айналадағы жұрттың қысымына еріп, Алланың разылығына қайшы іс жасаудан сақтандырады. Алла елшісінің (с.а.с.) басқа бір сөзі осыны айқындайды: «Адамдар разы болмаса да, Алланың разылығын іздегенге Алла разы болып, жұртты да оған разы етеді. Алланың разылығын елемей, жұрттың разылығын іздегенге Алла қаһарланып, жұрттың да көңілін одан суытады».

  1. 1Тирмизи, Зуһд 65 (2416).
5866
Кутуб ситтә, № 5866 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْمُؤْمِنُ غِرٌّ كَرِيمٌ، وَالْفَاجِرُ خِبٌّ لَئِيمٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мүмін – ақкөңіл әрі жомарт, ал пасық – айлакер әрі сұм”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 6 (4790); Тирмизи, Бирр 41 (1965).
5867
Кутуб ситтә, № 5867 · тараудағы реті: 32Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يُلْدَغُ الْمُؤْمِنُ مِنْ جُحْرٍ مَرَّتَيْنِ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мүмін бір іннен екі рет шақтырмайды”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алдыңғы хадис мүміннің қулық ойламайтынын, ешкімнің ішкі ниетін тіміскілеп іздемей, сыртқы ісіне қарай бағалайтынын аңғартады. Ол үшін ақ ниет, ізгілікке құштарлық, биязылық қажет. «Ақкөңіл» осы мағыналарды береді. «Ғирр» сөзі кейде аңғал, тез алданатын кісіге де айтылады. Мұнда оны сол мағынада ұғынуға болмайды. Келесі хадис мүміннің көзі ашық, сергек, сақ болғанын қалайды. Бір жыланға екі рет шақтырмауды мысал етеді. Демек, ақкөңілділік пен сергектік қатар жүруге тиіс. Өзгеге жамандық ойламай, көңілді таза сақтай отырып, келер зияннан сақтану керек.

Хаттаби хадистің хабар түрінде айтылғанымен, бұйрық мағынасын білдіретінін көрсетеді. Алла елшісі (с.а.с.) мұсылманды дүние ісінде де, дін ісінде де сергек, мұқият, табанды болуға, ғапылдыққа салынып қайта-қайта алданбауға үндеген.

Кейбір ғалымдар хадисті: «Кісі күнә жасап, жазасын осы дүниеде тартса, ақыретте сол күнәсі үшін қайта жазаланбайды», – деп түсіндірген.

Басқа ғалымдар: «Мұндағы мүмін – кемел мүмін. Ол танымының арқасында оқиғаның мәніне үңіліп, боларын күні бұрын болжап, сақтық жасайды. Бұлай істей алмаған ғапыл адам бірнеше рет опық жейді», – деген.

Кейбір ғалымдар мұны былай түсіндірген: «Алланың разылығы үшін ғана ашуланатын берік мінезді мүмін залымның озбырлығына көз жұма қарамайды. Ол мұндайда босаңдық танытпай, зұлымдыққа қарсы тұрады». Айша (р.а.): «Алла елшісі өз басы үшін кек алған емес. Алланың тыйымдары бұзылғанда ғана Алла үшін қарсы тұрған», – дейді. Кей ғалымдар бұл хадиске сүйеніп, ұстамдылықтың да жомарттық тәрізді әр жағдайда бірдей мақтала бермейтінін айтқан. Раббымыз сахабаларды: ﴿أَشِدَّآءُ عَلَى ٱلْكُفَّارِ رُحَمَآءُ بَيْنَهُمْ﴾ «кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан»2, – деп сипаттаған.

Ғалымдар ұсынған осы түсіндірмелерді өз дәуірі мен жағдайына қарай бағаласақ, әрқайсының өзіндік негізі барын аңғарамыз.

  1. 1Бұхари, Әдәб 83; Мүслим, Зуһд 63 (2998); Әбу Дәуіт, Әдәб 34 (4862).
  2. 2Фатх, 29.
5868
Кутуб ситтә, № 5868 · тараудағы реті: 33Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: رَغِمَ أَنْفُ رَجُلٍ دَخَلَ عَلَيْهِ رَمَضَانُ ثُمَّ اِنْسَلَخَ وَلَمْ يُغْفَرْ لَهُ، وَرَغِمَ أَنْفُ رَجُلٍ أَدْرَكَ أَبَوَيْهِ أَوْ أَحَدَهُمَا وَهُوَ حَيٌّ وَلَمْ يُدْخِلَاهُ الْجَنَّةَ، وَرَغِمَ أَنْفُ رَجُلٍ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Рамазан өтіп кетсе де, күнәсі кешірілмеген адамның мұрны жерге үйкелсін. Ата-анасының екеуінің де не біреуінің де тірі кезіне жетіп, солардың арқасында жәннатқа кіре алмаған адамның да мұрны жерге үйкелсін. Қасында атым аталғанда маған салауат айтпаған адамның да мұрны жерге үйкелсін”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Мұрны жерге үйкелсін» тіркесі «қор болсын» деген мағына береді. Алла елшісінің (с.а.с.) бұл сөзі солай болатыны туралы хабар да, солай болсын деген қарғыс та болуы мүмкін. Екі мағынаны да қатар қамтуы ықтимал.

2. Хадисте аталған үш жағдай – ақыретте мұратқа жетудің маңызды мүмкіндіктері.

• Ата-ананың ақысын өтеу олардың қабыл болатын батасына жол ашады.

• Алла елшісіне (с.а.с.) салауат айту – қабыл болатын дұға, кешірімге себеп.

• Рамазан оразасы, ораза ұстаған кісінің тәубесі мен кешірім тілеуі, осы айдағы мың айдан қайырлы Қадір түні – бәрі де үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті пайдаланбай, Рамазанды өткізіп алған адам қор болады деген сөз.

  1. 1Тирмизи, Дағуат 110 (3539).
5869
Кутуб ситтә, № 5869 · тараудағы реті: 34Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيْنَ أَبِي؟ قَالَ: فِي النَّارِ، فَلَمَّا قَفَّى دَعَاهُ، فَقَالَ: إِنَّ أَبِي وَأَبَاكَ فِي النَّارِ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Бір адам: “Уа, Алла елшісі, әкем қайда?” – деп сұрады. Ол: “Тозақта”, – деді. Әлгі кісі кетуге бұрылғанда, Алла елшісі (с.а.с.) оны қайта шақырып: “Менің әкем де, сенің әкең де тозақта”, – деді».1

Түсіндірме

Алла елшісінің (с.а.с.) ардақты ата-анасының ақыреттегі жағдайы көп талқыланған. Жанан осы риуаятты олардың тозақта болғанына жориды. Дегенмен мүміннің көңілі оларды тозақта деуге қимайды, тілі де бармайды. Оның үстіне оларды құтылған, жәннаттық жандар деуге мүмкіндік беретін елеулі дәлелдер де бар. Осы дәлелдерге сүйенген ғалымдар оларды жәннаттық деген. Бұл тақырыпты кең қозғағандардың бірі – Жалалуддин Суюти. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де бірнеше рисала жазып, дәлелдер мен олардың түсіндірмесін келтіріп, Алла елшісінің ата-анасын жәннаттық деп ұйғарған. Рисалаларының бірі «Әт-Тағзим уәл-минна фи әнна әбәуәй Расулиллаһ фил-жәнна» деп аталады.

Олардың иманды болғанына келтірілген дәлелдерді былай түйіндеуге болады.

1) Олар Ибраһим мен Исмайылдан (а.с.) жеткен, ханифтік деп аталатын сенімді ұстанған және сол дінге иман келтірген.

2) Олар пайғамбарсыз аралық кезеңде, яғни фатрат дәуірінде өмір сүрген. Фатрат – екі пайғамбардың арасындағы пайғамбарсыз уақыт. Исламға дейін әр қауымға өз пайғамбары жіберілген. Сондықтан бұрынғы пайғамбар өзіне елші ретінде жіберілмей, кейінгі пайғамбардың дәуіріне де жетпеген адам фатрат дәуірінің адамы саналады. Иса (а.с.) арабтарға елші болып жіберілмеген. Алла елшісінің ата-анасы оның пайғамбарлық дәуіріне де жетпеген. Сондықтан олар фатрат дәуіріне жатады. Аятта өзіне елші келмеген қауым жауапқа тартылмайтыны айтылған: ﴿وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبْعَثَ رَسُولًا﴾ «Біз алдын-ала пайғамбар жіберместен азаптамаймыз»2. Бұған қоса, Ибраһимнен қалған діни дәстүр жаһилият дәуіріндегі арабтарда сақталған.

3) Әлсіз бір риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) дұғасымен ата-анасы қайта тіріліп, исламға иман етіп, содан соң дүние салғаны айтылады.

Бұл таласқа араласпай, Бәдиуззаманның осы мәселе туралы жауабын келтірейік: «Ардақты Елшінің (с.а.с.) ата-анасы – иман иелері, құтылған әрі жәннаттық жандар. Алла Тағала сүйікті Елшісінің мүбәрак жүрегін, сол жүректегі перзенттік мейірімін әлбетте жараламайды. “Солай болса, неге олар Алла елшісіне иман келтіре алмады? Неге оның пайғамбарлық дәуіріне жетпеді?” деген сұрақ тууы мүмкін.

Жауабы мынау. Алла Тағала сүйікті Елшісінің перзенттік көңілін разы етіп, ата-анасын перзентіне борышты етпеді. Оларды ата-аналық дәрежеден рухани перзент дәрежесіне түсірмей, Өз рақымына тікелей бөледі. Ата-анасы мен ата-бабасын сырттай оның үмбеті етпесе де, үмбетінің артықшылығы мен бақытына кенелтті. Сөйтіп оларды да, сүйікті Елшісін де қуантты. Жоғары дәрежелі маршалдың алдына капитан шеніндегі әкесі кірсе, көңілде екі қарама-қарсы сезім туады. Патша сүйікті маршалына мейірім танытып, оның әкесін өзіне бағынышты етіп қойған жоқ».

  1. 1Мүслим, Иман 347 (203); Әбу Дәуіт, Сүннет 18 (4718).
  2. 2Исра, 15.
5870
Кутуб ситтә, № 5870 · тараудағы реті: 35Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: رَأَى عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ رَجُلًا يَسْرِقُ، فَقَالَ: سَرَقْتَ؟ قَالَ: كَلَّا، وَالَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ. فَقَالَ عِيسَى: آمَنْتُ بِاللَّهِ وَكَذَّبْتُ عَيْنَيَّ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Иса (а.с.) ұрлық жасап жатқан бір кісіні көріп: ‘Ұрладың ба?’ – деп сұрады. Ол: ‘Жоқ, Өзінен басқа құдай жоқ Алланың атымен ант етемін’, – деді. Сонда Иса: ‘Аллаға сендім, екі көзімді теріске шығардым’, – деді”, – деген».1

Түсіндірме

Бұл хадис ғалымдар арасында түрлі жорамал тудырған. Мәтіндегі سَرَقْتَ сөзі «ұрладың» дегенді білдіреді. Сөйлем ыңғайына қарай оны «Ұрладың ба?» деп сұраулы түрде аудардық. Қуртуби былай түсіндіреді: «Исаның сَرَقْتَ, яғни “Ұрладың” деген сөзінің сыртқы мағынасы – адамның ұрлық жасағанын нақты айту. Өйткені Иса оның затты жасырын алып жатқанын көрді. Әлгі кісі “Жоқ!” деп мұны теріске шығарып, сөзін антпен қуаттады. Исаның “Аллаға сендім, екі көзімді теріске шығардым” деуінің мәні: “Алланың атымен ант еткенді растадым. Ол өзінің де ақысы бар затты алған шығар, иесі рұқсат берген шығар немесе ұрлау ниетінсіз басқа затпен шатастырған шығар”». Қуртуби Исаның ұрлықты анық мәлімдемей, «Сен ұрлап жатқан жоқсың ба?» деп, сұраулық шылаусыз сұраған болуы мүмкін екенін де айтады. Мұндай сұрақ үлгісі тілде жиі кездеседі.

Дегенмен мұны жай сұрақ деп түсіну қиындау. Өйткені Алла елшісі (с.а.с.) оқиғаны ұрлық ретінде баяндаған. Зат әлгі кісіге адал жолмен тиесілі болған деу де әлсіз жорамал, себебі мәтінде ұрлық болғаны анық айтылған.

Ибн әл-Жаузи мұндай жорамалдарды қиыстырып жасалған түсіндірме деп санайды: «Исаның жүрегінде Алланың орны соншалық биік еді, ол ешкімді Алланың атымен жалған ант етті деп ойлай алмады. Ант берген адамды не өз көзін кінәлаудың бірін таңдауға тура келгенде, ол өз көзін кінәлады. Адам (а.с.) да Ібіліс оған ізгі кеңес бергеніне ант еткенде, оны шын айтып тұр деп ойлаған».

Ғалымдар бұл хадистен күмән туған жағдайда хадд жазасы қолданылмайды деген тұжырым шығарған.

  1. 1Бұхари, Әнбия 48; Мүслим, Фазаил 149 (2368); Нәсәи, Қудат 36, (8, 249).
5871
Кутуб ситтә, № 5871 · тараудағы реті: 36

وَعَنْ مَالِكٍ قَالَ: بَلَغَنِي أَنَّ رَجُلًا كَتَبَ إِلَى ابْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَلَا إِنَّ لِأَهْلِ التَّقْوَى عَلَامَاتٍ يُعْرَفُونَ بِهَا، وَيَعْرِفُونَهَا مِنْ أَنْفُسِهِمْ، مَنْ رَضِيَ بِالْقَضَاءِ، وَشَكَرَ عَلَى النَّعْمَاءِ، وَصَبَرَ عَلَى الْبَلَاءِ، وَصَدَقَ فِي اللِّسَانِ، وَوَفَى بِالْوَعْدِ وَالْعَهْدِ، وَدَانَ لِأَحْكَامِ الْقُرآنِ، وَإِنَّمَا الْإِمَامُ سُوقٌ مِنَ الْأَسْوَاقِ، فَإِنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْحَقِّ حَمَلَ إِلَيْهِ أَهْلُ الْحَقِّ حَقَّهُمْ، وَإِنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْبَاطِلِ حَمَلَ إِلَيْهِ أَهْلُ الْبَاطِلِ بِاطِلَهُمْ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Имам Мәлик былай дейді: «Маған жеткен хабар бойынша, бір кісі Ибн Зубәйірге (р.а.): “Тақуа жандардың өздеріне де мәлім, жұрт оларды сол арқылы танитын белгілері бар. Тақуа адам:

• дау туған кезде шығарылған үкімге разы болады,

• нығметке шүкір етеді,

• ауыртпалыққа сабыр етеді,

• шындықты айтады,

• уәдесі мен сертінде тұрады,

• Құран үкімдерін басшылыққа алады.

Имам базар іспетті. Өзі ақиқат иелерінен болса, ақиқат иелері оған ақиқатын әкеледі. Өзі жалғанның соңында болса, жалғанның иелері оған жалғанын әкеледі”, – деп жазған».1

  1. 1Рәзин тахриж еткен.