Хадис
كِتَابُ الزَّكَاةِ

Зекет кітабы

Сахих әл-Бұхари, 24-кітап · 65 хадис · № 708–772

Мазмұны: 48 бап
  1. 1Зекеттің парыз болуы туралы
  2. 2Зекет беруден бас тартқан адамның күнәсі туралы
  3. 3Зекеті берілген мал-мүліктің тыйым салынған қазына болып саналмайтыны туралы
  4. 4Адал еңбегімен тапқан мал-мүлкінен садақа беру туралы
  5. 5Садақа қабылданбайтын заман келмей тұрып, оны беріп қалу туралы
  6. 6Жарты құрмамен болса да тозақтан сақтану және аз мөлшерде садақа беру туралы
  7. 7Қай садақаның артық екені туралы
  8. 8Бай екенін білмей, оған садақа берген адам туралы
  9. 9Садақасының өз ұлына тигенін білмей қалған адам туралы
  10. 10Қызметшісіне садақа беруді тапсырып, оны өзі қолма-қол табыстамаған адам туралы
  11. 11Садақаны өз қажетінен артылған мал-мүліктен беру туралы
  12. 12Садақа беруге ынталандыру және оны беруге дәнекер болу туралы
  13. 13Шамасы келгенінше садақа беру туралы
  14. 14Мүшрік болып жүрген кезінде садақа беріп, кейін исламды қабылдаған адам туралы
  15. 15Қызметшінің қожайынының бұйрығымен, ысырапқа жол бермей садақа бергені үшін алатын сауабы туралы
  16. 16Алла Тағаланың: «Ал кім малын беріп, Алладан қорықса...» («Ләйл», 5) деген сөзі және «Уа, Алла! Мал-мүлкін жұмсаған адамға оның орнын толтырып бере гөр!» деген дұға туралы
  17. 17Садақа беруші мен сараңның мысалы жайлы
  18. 18Әрбір мұсылманның садақа беруі міндетті екені және берер нәрсе таппаған адамның жақсылық жасауы туралы
  19. 19Зекет пен садақадан қанша берілетіні туралы
  20. 20Зекетті тауар түрінде беру туралы
  21. 21Бөлек тұрған малды біріктірмеу және бірге тұрған малды ажыратпау туралы
  22. 22Екі серіктестің аралас малы болса, олардың өзара әділ есеп айырысуы туралы
  23. 23Түйе зекеті туралы
  24. 24Бір жасар ұрғашы түйе беруге міндетті болып, қолында ондай түйесі болмаған адам туралы
  25. 25Қой зекеті туралы
  26. 26Зекетке тек сау мал алынатыны туралы
  27. 27Зекетке адамдардың ең таңдаулы мал-мүлкі алынбайтыны туралы
  28. 28Туыстарға зекет беру туралы
  29. 29Мұсылманның жылқысына зекет міндетті еместігі туралы
  30. 30Жетімдерге садақа беру туралы
  31. 31Күйеуіне және қамқорлығындағы жетімдерге зекет беру туралы
  32. 32Алла Тағаланың: «Тұтқыннан немесе құлдықтан азат етілетіндерге, қарызға батқандарға, Алла жолында жүргендерге» («Тәубе», 60) деген сөзі туралы
  33. 33Қайыр сұраудан тыйылып, ар-намысты сақтау туралы
  34. 34Алланың сұрамай әрі дәмеленбей жүрген адамға бір нәрсе беруі туралы
  35. 35Мал-мүлкін көбейту үшін адамдардан қайыр сұрайтын адам туралы
  36. 36Жеткілікті дәулеттің шегі туралы
  37. 37Жеміс өнімін шамалап есептеу туралы
  38. 38Жаңбыр суымен және ағын сумен суарылған өнімнен оннан бір үлес алу туралы
  39. 39Құрма жиналғанда зекетін алу туралы. Баланың зекетке арналған құрманы ұстауына рұқсат етіле ме?
  40. 40Адам өзі берген садақасын сатып ала ма? Оны басқа адамның сатып алуында айып жоқ екені туралы
  41. 41Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары азат еткен құлдарға садақа беру туралы
  42. 42Садақаның басқа біреудің иелігіне өтуі туралы
  43. 43Зекетті байлардан алып, кедейлер қай жерде болса да, соларға беру туралы
  44. 44Имамның садақа берген адамға салауат айтып, дұға етуі туралы
  45. 45Теңізден алынатын нәрселер туралы
  46. 46Риказдан бестен бір үлес алынатыны туралы
  47. 47Алла Тағаланың: «Зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге» («Тәубе», 60) деген сөзі және зекет жинаушылардың имаммен есеп айырысуы туралы
  48. 48Имамның зекет түйелеріне өз қолымен таңба салуы туралы
بَابُ وُجُوبِ الزَّكَاةِ

1-бапЗекеттің парыз болуы туралы

708
Бұхари, № 708 · Сахих: 1395Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ بَعَثَ مُعَاذًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَى الْيَمَنِ، فَقَالَ: «اُدْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ قَدِ اِفْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَوَاتٍ فِي كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ اِفْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً فِي أَمْوَالِهِمْ تُؤْخَذُ مِنْ أَغْنِيَائِهِمْ وَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мұғазды (р.а.) Йеменге жіберіп: “Оларды Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер олар бұған мойынсұнса, Алланың оларға әрбір күн мен түнде бес уақыт намазды парыз еткенін хабарла. Егер бұған да мойынсұнса, Алланың олардың мал-мүлкіне зекет парыз еткенін әрі оның байларынан алынып, кедейлеріне берілетінін хабарла”, – деді».

709
Бұхари, № 709 · Сахих: 1396Риуаят етуші: Әбу Әйюб

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «أَخْبِرْنِي بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِي الْجَنَّةَ». قَالَ: «مَا لَهُ؟ مَا لَهُ؟» وَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَرَبٌ مَا لَهُ، تَعْبُدُ اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَتُؤْتِي الزَّكَاةَ، وَتَصِلُ الرَّحِمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюбтің (р.а.) айтуынша, бір адам Пайғамбарға (с.а.с.): «Мені жәннатқа кіргізетін бір амалды айтып беріңізші», – деді. Жұрт: «Бұған не болды? Бұған не болды?» – десті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Оның бір қажеті бар екен. Аллаға құлшылық етесің әрі Оған еш нәрсені серік қоспайсың, намазды толық орындайсың, зекет бересің және туыстық байланысты үзбейсің», – деді.

710
Бұхари, № 710 · Сахих: 1397Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَعْرَابِيًّا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «دُلَّنِي عَلَى عَمَلٍ إِذَا عَمِلْتُهُ دَخَلْتُ الْجَنَّةَ». قَالَ: «تَعْبُدُ اللَّهَ لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ الْمَكْتُوبَةَ، وَتُؤَدِّي الزَّكَاةَ الْمَفْرُوضَةَ، وَتَصُومُ رَمَضَانَ». قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَا أَزِيدُ عَلَى هَذَا»، فَلَمَّا وَلَّى قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى رَجُلٍ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فَلْيَنْظُرْ إِلَى هَذَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Маған бір амал көрсетіңізші, соны істесем, жәннатқа кірейін», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға құлшылық етесің, Оған еш нәрсені серік қоспайсың, парыз намаздарды толық орындайсың, парыз етілген зекетті бересің және рамазан айында ораза ұстайсың», – деді. Сонда әлгі адам: «Жаным Оның қолында болған Алланың атымен ант етемін, бұған еш нәрсе қоспаймын», – деді. Ол бұрылып кетіп бара жатқанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннат тұрғындарының арасынан бір адамды көру кімді қуантса, мына адамға қарасын», – деді.

711
Бұхари, № 711 · Сахих: 1399, 1400Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَكَفَرَ مَنْ كَفَرَ مِنَ الْعَرَبِ، فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «كَيْفَ تُقَاتِلُ النَّاسَ، وَقَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَقُولُوا: ‘لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ’، فَمَنْ قَالَهَا فَقَدْ عَصَمَ مِنِّي مَالَهُ وَنَفْسَهُ إِلَّا بِحَقِّهِ، وَحِسَابُهُ عَلَى اللَّهِ”؟»

فَقَالَ: «وَاللَّهِ، لَأُقَاتِلَنَّ مَنْ فَرَّقَ بَيْنَ الصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ، فَإِنَّ الزَّكَاةَ حَقُّ الْمَالِ، وَاللَّهِ، لَوْ مَنَعُونِي عَنَاقًا كَانُوا يُؤَدُّونَهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَقَاتَلْتُهُمْ عَلَى مَنْعِهَا». قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَوَاللَّهِ، مَا هُوَ إِلَّا أَنْ قَدْ شَرَحَ اللَّهُ صَدْرَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَعَرَفْتُ أَنَّهُ الْحَقُّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болып, Әбу Бәкір (р.а.) халифа болған кезде, арабтардың кейбірі діннен қайтты. Сонда Омар (р.а.) Әбу Бәкірге: “Адамдармен қалай соғысасың? Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Маған адамдар Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік еткенге дейін олармен соғысу бұйырылды. Кім осы сөзді айтса, исламның міндетті хақтары талап еткен жағдайдан басқа кезде, оның мал-мүлкі мен жаны менен аман болады. Ал оның есебі Аллаға тән’, – деген еді ғой”, – деді».

Сонда Әбу Бәкір: «Алланың атымен ант етемін! Намаз бен зекетті бір-бірінен ажыратқан адаммен міндетті түрде соғысамын. Өйткені зекет – мал-мүліктің міндетті ақысы. Алланың атымен ант етемін! Егер олар Алла Елшісіне (с.а.с.) беріп келген бір жас ешкіні беруден бас тартса да, соны бермегендері үшін олармен соғысар едім», – деді. Омар (р.а.): «Алланың атымен ант етемін! Алланың Әбу Бәкірдің (р.а.) көкірегін осы шешімге ашқанын көргенімде, оның ақиқат екенін түсіндім», – деген.

بَابُ إِثْمِ مَانِعِ الزَّكَاةِ

2-бапЗекет беруден бас тартқан адамның күнәсі туралы

712
Бұхари, № 712 · Сахих: 1402Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَأْتِي الْإِبِلُ عَلَى صَاحِبِهَا عَلَى خَيْرِ مَا كَانَتْ، إِذَا هُوَ لَمْ يُعْطِ فِيهَا حَقَّهَا، تَطَؤُهُ بِأَخْفَافِهَا، وَتَأْتِي الْغَنَمُ عَلَى صَاحِبِهَا عَلَى خَيْرِ مَا كَانَتْ إِذَا لَمْ يُعْطِ فِيهَا حَقَّهَا، تَطَؤُهُ بِأَظْلَافِهَا، وَتَنْطَحُهُ بِقُرُونِهَا»، وَقَالَ: «وَمِنْ حَقِّهَا أَنْ تُحْلَبَ عَلَى الْمَاءِ». قَالَ: «وَلَا يَأْتِي أَحَدُكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِشَاةٍ يَحْمِلُهَا عَلَى رَقَبَتِهِ لَهَا يُعَارٌ، فَيَقُولُ: “يَا مُحَمَّدُ”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ بَلَّغْتُ”، وَلَا يَأْتِي بِبَعِيرٍ يَحْمِلُهُ عَلَى رَقَبَتِهِ لَهُ رُغَاءٌ، فَيَقُولُ: “يَا مُحَمَّدُ”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا، قَدْ بَلَّغْتُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деп жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Түйелерінің ақысын бермеген иесіне олар ең жақсы күйінде келіп, оны табандарымен таптайды. Қойларының ақысын бермеген иесіне олар ең жақсы күйінде келіп, оны тұяқтарымен таптап, мүйіздерімен сүзеді”, – деді. Сондай-ақ: “Олардың ақысының бірі – суат басында сауылуы”, – деді. Содан кейін: “Сендердің ешқайсың қиямет күні мойнына маңыраған қойды салып келіп: ‘Уа, Мұхаммед!’ – демесін. Сонда мен: ‘Мен саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізгенмін’, – деймін. Сондай-ақ ешкім мойнына боздаған түйені салып келіп: ‘Уа, Мұхаммед!’ – демесін. Сонда мен: ‘Алланың алдында саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізгенмін’, – деймін”, – деді».

713
Бұхари, № 713 · Сахих: 1403Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَلَمْ يُؤَدِّ زَكَاتَهُ مُثِّلَ لَهُ مَالُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شُجَاعًا أَقْرَعَ لَهُ زَبِيبَتَانِ يُطَوَّقُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِلِهْزِمَتَيْهِ – يَعْنِي بِشِدْقَيْهِ – ثُمَّ يَقُولُ: “أَنَا مَالُكَ، أَنَا كَنْزُكَ”». ثُمَّ تَلَا: ﴿وَلَا يَحْسِبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ﴾ الْآيَةَ [آلِ عِمْرَانَ: 180].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деп жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла кімге мал-мүлік беріп, ол оның зекетін бермесе, қиямет күні сол мал-мүлкі екі қара дағы бар, төбесі таз жылан бейнесіне келтіріліп, мойнына оралады. Содан кейін жылан оның екі езуінен ұстап: ‘Мен – сенің мал-мүлкіңмін, мен – сенің жинаған қазынаңмын’, – дейді”, – деді». Содан кейін ол: «Сараңдық танытқандар... деп ойламасын» («Әли Имран», 180) деген аятты оқыды.

بَابُ مَا أُدِّيَ زَكَاتُهُ فَلَيْسَ بِكَنْزٍ

3-бапЗекеті берілген мал-мүліктің тыйым салынған қазына болып саналмайтыны туралы

714
Бұхари, № 714 · Сахих: 1405Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَيْسَ فِيمَا دُونَ خَمْسِ أَوَاقٍ صَدَقَةٌ، وَلَيْسَ فِيمَا دُونَ خَمْسِ ذَوْدٍ صَدَقَةٌ، وَلَيْسَ فِيمَا دُونَ خَمْسِ أَوْسُقٍ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Бес уқиядан аз күміске зекет жоқ. Бестен аз түйеге зекет жоқ. Бес уасқтан аз өнімге зекет жоқ”, – деді».

بَابُ الصَّدَقَةِ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ

4-бапАдал еңбегімен тапқан мал-мүлкінен садақа беру туралы

715
Бұхари, № 715 · Сахих: 1410Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَصَدَّقَ بِعَدْلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ – وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيِّبَ – وَإِنَّ اللَّهَ يَتَقَبَّلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهِ، كَمَا يُرَبِّي أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ، حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деп жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім адал жолмен тапқан малынан бір құрманың құнындай садақа берсе (Алла тек адал нәрсені ғана қабылдайды), Алла оны оң қолымен қабылдайды. Содан кейін сендердің бірің құлынын баптап өсіргендей, Алла да оны садақа иесі үшін өсіреді. Ақырында ол таудай болады”, – деді».

بَابُ الصَّدَقَةِ قَبْلَ الرَّدِّ

5-бапСадақа қабылданбайтын заман келмей тұрып, оны беріп қалу туралы

716
Бұхари, № 716 · Сахих: 1411

عَنْ حَارِثَةِ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «تَصَدَّقُوا، فَإِنَّهُ يَأْتِي عَلَيْكُمْ زَمَانٌ يَمْشِي الرَّجُلُ بِصَدَقَتِهِ، فَلَا يَجِدُ مَنْ يَقْبَلُهَا، يَقُولُ الرَّجُلُ: “لَوْ جِئْتَ بِهَا بِالْأَمْسِ لَقَبِلْتُهَا، فَأَمَّا الْيَوْمَ، فَلَا حَاجَةَ لِي بِهَا”».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.): “Садақа беріңдер! Өйткені сендерге сондай бір заман келеді: адам садақасын алып жүріп, оны қабылдайтын ешкімді таба алмайды. Сонда біреу оған: ‘Мұны кеше әкелгеніңде, қабылдар едім. Ал бүгін оған мұқтаж емеспін’, – дейді”, – дегенін естідім».

717
Бұхари, № 717 · Сахих: 1412Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَكْثُرَ فِيكُمُ الْمَالُ فَيَفِيضَ حَتَّى يُهِمَّ رَبَّ الْمَالِ مَنْ يَقْبَلُ صَدَقَتَهُ، وَحَتَّى يَعْرِضَهُ، فَيَقُولَ الَّذِي يَعْرِضُهُ عَلَيْهِ: “لَا أَرَبَ لِي”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Араларыңда мал-мүлік көбейіп, тіпті тасып кеткенге дейін қиямет орнамайды. Сонда мал иесі садақасын кім қабылдар екен деп уайымдайтын болады. Ол садақасын біреуге ұсынғанда, әлгі адам: ‘Оған мұқтаж емеспін’, – дейді”, – деді».

718
Бұхари, № 718 · Сахих: 1413Риуаят етуші: Ади ибн Хатим

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَجَاءَهُ رَجُلَانِ، أَحَدُهُمَا يَشْكُو الْعَيْلَةَ، وَالْآخَرُ يَشْكُو قَطْعَ السَّبِيلِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَّا قَطْعُ السَّبِيلِ فَإِنَّهُ لَا يَأْتِي عَلَيْكَ إِلَّا قَلِيلٌ، حَتَّى تَخْرُجَ الْعِيرُ إِلَى مَكَّةَ بِغَيْرِ خَفِيرٍ، وَأَمَّا الْعَيْلَةُ فَإِنَّ السَّاعَةَ لَا تَقُومُ حَتَّى يَطُوفَ أَحَدُكُمْ بِصَدَقَتِهِ، لَا يَجِدُ مَنْ يَقْبَلُهَا مِنْهُ،

ثُمَّ لَيَقِفَنَّ أَحَدُكُمْ بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ لَيْسَ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ حِجَابٌ وَلَا تَرْجُمَانٌ يُتَرْجِمُ لَهُ، ثُمَّ لَيَقُولَنَّ لَهُ: “أَلَمْ أُوتِكَ مَالًا؟” فَلَيَقُولَنَّ: “بَلَى”، ثُمَّ لَيَقُولَنَّ: “أَلَمْ أُرْسِلْ إِلَيْكَ رَسُولًا؟” فَلَيَقُولَنَّ: “بَلَى”، فَيَنْظُرُ عَنْ يَمِينِهِ فَلَا يَرَى إِلَّا النَّارَ، ثُمَّ يَنْظُرُ عَنْ شِمَالِهِ فَلَا يَرَى إِلَّا النَّارَ، فَلْيَتَّقِيَنَّ أَحَدُكُمُ النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَبِكَلِمَةٍ طَيِّبَةٍ».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырған едім. Оның алдына екі адам келді. Бірі кедейлігін айтып шағымданса, екіншісі жол бойындағы қарақшылыққа шағымданды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жол торып, қарақшылық жасауға келсек, көп ұзамай керуен Меккеге ешбір қорғаушысыз-ақ баратын болады. Ал кедейлікке келсек, араларыңдағы біреу садақасын алып, оны қабылдайтын ешкімді таппай, ел аралап жүретін уақыт келмейінше қиямет орнамайды.

Содан кейін араларыңдағы әрбір адам міндетті түрде Алланың алдына тұрады. Оның өзі мен Алланың арасында ешбір перде де, екеуінің арасында тілмаш та болмайды. Сонда Алла оған: ‘Мен саған мал-мүлік бермедім бе?’ – дейді. Ол: ‘Әрине, бердің’, – дейді. Кейін: ‘Саған елші жібермедім бе?’ – дейді. Ол: ‘Әрине, жібердің’, – дейді. Содан соң ол оң жағына қарайды да, оттан басқа еш нәрсе көрмейді. Сол жағына қарайды да, оттан басқа еш нәрсе көрмейді. Сондықтан әрқайсың жарты құрмамен болса да, өздеріңді тозақтан қорғаңдар. Оны да таба алмасаңдар, жылы сөзбен қорғаңдар”, – деді».

719
Бұхари, № 719 · Сахих: 1414Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيَأْتِيَنَّ عَلَى النَّاسِ زَمَانٌ يَطُوفُ الرَّجُلُ فِيهِ بِالصَّدَقَةِ مِنَ الذَّهَبِ، ثُمَّ لَا يَجِدُ أَحَدًا يَأْخُذُهَا مِنْهُ، وَيُرَى الرَّجُلُ الْوَاحِدُ يَتْبَعُهُ أَرْبَعُونَ امْرَأَةً يَلُذْنَ بِهِ مِنْ قِلَّةِ الرِّجَالِ وَكَثْرَةِ النِّسَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға сондай бір заман міндетті түрде келеді: бір адам алтын садақасын алып, оны қабылдайтын ешкімді таппай, ел аралайды. Сондай-ақ ер адамдардың аздығы мен әйелдердің көптігінен бір ер адамның соңынан оны пана тұтқан қырық әйелдің еріп жүргені көрінеді», – деген.

بَابُ «اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ» وَالْقَلِيلِ مِنَ الصَّدَقَةِ

6-бапЖарты құрмамен болса да тозақтан сақтану және аз мөлшерде садақа беру туралы

720
Бұхари, № 720 · Сахих: 1416Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَمَرَنَا بِالصَّدَقَةِ اِنْطَلَقَ أَحَدُنَا إِلَى السُّوقِ، فَتَحَامَلَ فَيُصِيبُ الْمُدَّ، وَإِنَّ لِبَعْضِهِمُ الْيَوْمَ لَمِائَةَ أَلْفٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мәсғуд әл-Ансари (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге садақа беруді бұйырған кезде, арамыздағы әркім базарға барып, жүк тасуға жалданып, бір муд азық табатын. Ал бүгінде олардың кейбірінің жүз мыңға тең дәулеті бар».

721
Бұхари, № 721 · Сахих: 1418Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: دَخَلَتِ امْرَأَةٌ مَعَهَا ابْنَتَانِ لَهَا تَسْأَلُ، فَلَمْ تَجِدْ عِنْدِي شَيْئًا غَيْرَ تَمْرَةٍ، فَأَعْطَيْتُهَا إِيَّاهَا، فَقَسَمَتْهَا بَيْنَ ابْنَتَيْهَا، وَلَمْ تَأْكُلْ مِنْهَا، ثُمَّ قَامَتْ فَخَرَجَتْ، فَدَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَيْنَا، فَأَخْبَرْتُهُ فَقَالَ: «مَنِ اُبْتُلِيَ مِنْ هَذِهِ الْبَنَاتِ بِشَيْءٍ كُنَّ لَهُ سِتْرًا مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Қасына екі қызын ерткен бір әйел қайыр сұрап үйге кірді. Менің қолымда бір ғана құрма бар еді. Оны әлгі әйелге бердім. Ол құрманы екі қызына бөліп берді де, өзі ауыз тимеді. Содан кейін орнынан тұрып, шығып кетті. Артынша Пайғамбар (с.а.с.) үйге кірді. Мен оған болған жайды айтып бердім. Сонда ол: “Кім осы қыздар арқылы қандай да бір сынаққа тап болса, олар оны тозақтан қорғайтын қалқан болады”, – деді».

بَابُ أَيِّ الصَّدَقَةِ أَفْضَلُ

7-бапҚай садақаның артық екені туралы

722
Бұхари, № 722 · Сахих: 1419Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الصَّدَقَةِ أَعْظَمُ أَجْرًا؟» قَالَ: «أَنْ تَصَدَّقَ وَأَنْتَ صَحِيحٌ شَحِيحٌ تَخْشَى الْفَقْرَ، وَتَأْمُلُ الْغِنَى، وَلَا تُمْهِلُ حَتَّى إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ، قُلْتَ: “لِفُلَانٍ كَذَا، وَلِفُلَانٍ كَذَا”، وَقَدْ كَانَ لِفُلَانٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Қай садақаның сауабы ең үлкен?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Денең сау, мал-мүлкіңді қимайтын, кедейліктен қорқып, байлықтан үміттеніп жүрген кезіңде садақа беруің. Жаның алқымыңа келгенге дейін кешіктіріп, сонда ғана: ‘Пәленшеге осынша, түгеншеге осынша беріңдер’, – деме. Өйткені ол кезде мал-мүлік онсыз да пәленшенің еншісіне өтіп қойған болады”, – деді».

723
Бұхари, № 723 · Сахих: 1420Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ بَعْضَ أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ قُلْنَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «أَيُّنَا أَسْرَعُ بِكَ لُحُوقًا؟» قَالَ: «أَطْوَلُكُنَّ يَدًا»، فَأَخَذُوا قَصَبَةً يَذْرَعُونَهَا، فَكَانَتْ سَوْدَةُ أَطْوَلَهُنَّ يَدًا، فَعَلِمْنَا بَعْدُ أَنَّمَا كَانَتْ طُولَ يَدِهَا الصَّدَقَةُ، وَكَانَتْ أَسْرَعَنَا لُحُوقًا بِهِ، وَكَانَتْ تُحِبُّ الصَّدَقَةَ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларының кейбірі одан: «Арамыздан сізге ең бірінші болып кім қосылады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қолы ең ұзын болғандарың», – деді. Сонда олар бір шыбық алып, қолдарын өлшей бастады. Қолы ең ұзыны Сәуда болып шықты. Кейін біз қолдың ұзындығы садақаны көп беруді білдіретінін түсіндік. Ол арамыздан Пайғамбарға (с.а.с.) ең бірінші болып қосылды әрі садақа беруді жақсы көретін.

بَابُ إِذَا تَصَدَّقَ عَلَى غَنِيٍّ وَهُوَ لَا يَعْلَمُ

8-бапБай екенін білмей, оған садақа берген адам туралы

724
Бұхари, № 724 · Сахих: 1421Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ: “لَأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ”، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ، فَوَضَعَهَا فِي يَدِ سَارِقٍ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ عَلَى سَارِقٍ”. فَقَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ، لَأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ”،

فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدَيْ زَانِيَةٍ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ اللَّيْلَةَ عَلَى زَانِيَةٍ”، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ، عَلَى زَانِيَةٍ؟ لَأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ”،

فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ، فَوَضَعَهَا فِي يَدَيْ غَنِيٍّ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ عَلَى غَنِيٍّ”، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ، عَلَى سَارِقٍ وَعَلَى زَانِيَةٍ وَعَلَى غَنِيٍّ”،

فَأُتِيَ فَقِيلَ لَهُ: “أَمَّا صَدَقَتُكَ عَلَى سَارِقٍ فَلَعَلَّهُ أَنْ يَسْتَعِفَّ عَنْ سَرِقَتِهِ، وَأَمَّا الزَّانِيَةُ فَلَعَلَّهَا أَنْ تَسْتَعِفَّ عَنْ زِنَاهَا، وَأَمَّا الْغَنِيُّ فَلَعَلَّهُ يَعْتَبِرُ فَيُنْفِقُ مِمَّا أَعْطَاهُ اللَّهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бір адам: “Міндетті түрде садақа беремін”, – деді. Содан кейін садақасын алып шығып, оны бір ұрының қолына ұстатты. Таңертең адамдар: “Бір ұрыға садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Сонда ол: “Уа, Алла! Барлық мадақ Саған тән. Мен тағы да міндетті түрде садақа беремін”, – деді.

Садақасын алып шығып, оны зинақор бір әйелдің қолына ұстатты. Таңертең адамдар: “Кеше түнде зинақор әйелге садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Сонда ол: “Уа, Алла! Барлық мадақ Саған тән. Садақамның зинақор әйелге тигені ме?! Мен тағы да міндетті түрде садақа беремін”, – деді.

Садақасын алып шығып, оны бір бай адамның қолына ұстатты. Таңертең адамдар: “Бір бай адамға садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Сонда ол: “Уа, Алла! Барлық мадақ Саған тән. Садақам ұрыға, зинақор әйелге және бай адамға берілді”, – деді.

Кейін оған түсінде: “Ұрыға берген садақаңа келсек, бәлкім, ол ұрлық жасаудан тыйылар. Зинақор әйелге берген садақаңа келсек, бәлкім, ол зина жасаудан тыйылар. Ал бай адамға берген садақаңа келсек, бәлкім, ол ғибрат алып, Алланың өзіне берген мал-мүлкінен жұмсар”, – делінді».

بَابُ إِذَا تَصَدَّقَ عَلَى ابْنِهِ وَهُوَ لَا يَشْعُرُ

9-бапСадақасының өз ұлына тигенін білмей қалған адам туралы

725
Бұхари, № 725 · Сахих: 1422

عَنْ مَعْنِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَايَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَا وَأَبِي وَجَدِّي، وَخَطَبَ عَلَيَّ، فَأَنْكَحَنِي، وَخَاصَمْتُ إِلَيْهِ، وَكَانَ أَبِي يَزِيدُ أَخْرَجَ دَنَانِيرَ يَتَصَدَّقُ بِهَا، فَوَضَعَهَا عِنْدَ رَجُلٍ فِي الْمَسْجِدِ، فَجِئْتُ فَأَخَذْتُهَا، فَأَتَيْتُهُ بِهَا فَقَالَ: «وَاللَّهِ، مَا إِيَّاكَ أَرَدْتُ»، فَخَاصَمْتُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَكَ مَا نَوَيْتَ، يَا يَزِيدُ، وَلَكَ مَا أَخَذْتَ، يَا مَعْنُ».

Қазақша аудармасы

Мағн ибн Язид (р.а.) былай деген: «Мен, әкем және атам Алла Елшісіне (с.а.с.) серт бердік. Ол мен үшін құда түсіп, мені үйлендірді. Сондай-ақ бір дауды оның алдына алып бардым. Әкем Язид садақа ретінде бермек болып бірнеше динар шығарып, оларды мешіттегі бір адамға қалдырған еді. Мен келіп, сол динарларды алдым да, әкеме алып бардым. Сонда ол: “Алланың атымен ант етемін! Мен бұл ақшаны саған беруді ойламаған едім”, – деді. Содан кейін екеуіміз Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына барып, осы мәселе жөнінде дауластық. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Язид! Саған ниет еткеніңнің сауабы бар. Ал, уа, Мағн! Саған алғаның тиесілі”, – деді».

بَابُ مَنْ أَمَرَ خَادِمَهُ بِالصَّدَقَةِ وَلَمْ يُنَاوِلْ بِنَفْسِهِ

10-бапҚызметшісіне садақа беруді тапсырып, оны өзі қолма-қол табыстамаған адам туралы

726
Бұхари, № 726 · Сахих: 1425Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَنْفَقَتِ الْمَرْأَةُ مِنْ طَعَامِ بَيْتِهَا غَيْرَ مُفْسِدَةٍ، كَانَ لَهَا أَجْرُهَا بِمَا أَنْفَقَتْ، وَلِزَوْجِهَا أَجْرُهُ بِمَا كَسَبَ، وَلِلْخَازِنِ مِثْلُ ذَلِكَ، لَا يَنْقُصُ بَعْضُهُمْ أَجْرَ بَعْضٍ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деп жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әйел үйіндегі азық-түліктен ысырап етпей жұмсаса, жұмсағаны үшін оған сауап жазылады. Күйеуіне оны тапқаны үшін сауап жазылады. Қазынашыға да дәл сондай сауап беріледі. Олардың ешқайсысы екіншісінің сауабын еш кемітпейді”, – деді».

بَابُ لَا صَدَقَةَ إِلَّا عَنْ ظَهْرِ غِنًى

11-бапСадақаны өз қажетінен артылған мал-мүліктен беру туралы

727
Бұхари, № 727 · Сахих: 1427Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам

عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَابْدَأْ بِمَنْ تَعُولُ، وَخَيْرُ الصَّدَقَةِ عَنْ ظَهْرِ غِنًى، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизамның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Алдымен қарамағыңдағылардан баста. Ең қайырлы садақа – адамның өз қажетіне жетерлік дүние-мүлкі қалғаннан кейін берген садақасы. Кім тіленуден сақтанса, Алла оны арлы етеді. Ал кім ешкімге мұқтаж болмауға ұмтылса, Алла оны мұқтаждықтан арылтады», – деген.

728
Бұхари, № 728 · Сахих: 1429Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ – وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَذَكَرَ الصَّدَقَةَ وَالتَّعَفُّفَ وَالْمَسْأَلَةَ –: «الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، فَالْيَدُ الْعُلْيَا هِيَ الْمُنْفِقَةُ، وَالسُّفْلَى هِيَ السَّائِلَةُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мінберде тұрып, садақа беру, тіленуден сақтану және қайыр сұрау жайында айтып: “Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Жоғарғы қол – малын жұмсаушы қол, ал төменгі қол – сұраушы қол”, – деді».

بَابُ التَّحْرِيضِ عَلَى الصَّدَقَةِ وَالشَّفَاعَةِ فِيهَا

12-бапСадақа беруге ынталандыру және оны беруге дәнекер болу туралы

729
Бұхари, № 729 · Сахих: 1432Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا جَاءَهُ السَّائِلُ أَوْ طُلِبَتْ إِلَيْهِ حَاجَةٌ قَالَ: «اِشْفَعُوا تُؤْجَرُوا، وَيَقْضِي اللَّهُ عَلَى لِسَانِ نَبِيِّهِ ﷺ مَا شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір қайыр сұраушы келсе немесе одан біреудің қажетін өтеп беру сұралса, ол (с.а.с.): “Мұқтаж жанның өтінішіне дәнекер болыңдар, сауап аласыңдар. Алла Өз Пайғамбарының (с.а.с.) тілі арқылы қалаған үкімін жүзеге асырады”, – дейтін».

730
Бұхари, № 730 · Сахих: 1433

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: قَالَ لِي النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تُوكِي فَيُوكَى عَلَيْكِ»، وَفِي رِوَايَةٍ: «لَا تُحْصِي فَيُحْصِيَ اللَّهُ عَلَيْكِ».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Қапшығыңның аузын буып, мал-мүлкіңді ұстап қалма. Әйтпесе саған берілетін несібе де ұсталып қалады”, – деді». Бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Мал-мүлкіңді санап, есептеп ұстама. Әйтпесе Алла да саған есептеп береді», – деген.

بَابُ الصَّدَقَةِ فِيمَا اِسْتَطَاعَ

13-бапШамасы келгенінше садақа беру туралы

731
Бұхари, № 731 · Сахих: 1434

وَفِي رِوَايَةٍ: «لَا تُوعِي فَيُوعِيَ اللَّهُ عَلَيْكِ، اِرْضَخِي مَا اِسْتَطَعْتِ».

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта: «Мал-мүлікті жинап, ұстап қалма. Әйтпесе Алла да саған бермей, ұстап қояды. Қолыңнан келгенінше бер», – делінген.

بَابُ مَنْ تَصَدَّقَ فِي الشِّرْكِ ثُمَّ أَسْلَمَ

14-бапМүшрік болып жүрген кезінде садақа беріп, кейін исламды қабылдаған адам туралы

732
Бұхари, № 732 · Сахих: 1436Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам

عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ أَشْيَاءَ كُنْتُ أَتَحَنَّثُ بِهَا فِي الْجَاهِلِيَّةِ مِنْ صَدَقَةٍ أَوْ عَتَاقَةٍ وَصِلَةِ رَحِمٍ، فَهَلْ فِيهَا مِنْ أَجْرٍ؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَسْلَمْتَ عَلَى مَا سَلَفَ مِنْ خَيْرٍ».

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.) былай деген: «Мен: “Уа, Расулалла! Жәһилия дәуірінде Аллаға жақындау ниетімен садақа беру, құл азат ету және туыстық байланысты сақтау секілді жасаған істерім үшін сауап бар ма?” – деп сұрадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Сен бұрын жасаған ізгі істеріңмен бірге исламды қабылдадың”, – деді».

بَابُ أَجْرِ الْخَادِمِ إِذَا تَصَدَّقَ بِأَمْرِ صَاحِبِهِ غَيْرَ مُفْسِدٍ

15-бапҚызметшінің қожайынының бұйрығымен, ысырапқа жол бермей садақа бергені үшін алатын сауабы туралы

733
Бұхари, № 733 · Сахих: 1438Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْخَازِنُ الْمُسْلِمُ الْأَمِينُ، الَّذِي يُنْفِذُ – وَرُبَّمَا قَالَ: يُعْطِي – مَا أُمِرَ بِهِ كَامِلًا مُوَفَّرًا طَيِّبًا بِهِ نَفْسُهُ، فَيَدْفَعُهُ إِلَى الَّذِي أُمِرَ لَهُ بِهِ أَحَدُ الْمُتَصَدِّقَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Өзіне бұйырылған нәрсені толық әрі еш кемітпестен, көңіл ризашылығымен орындап, оны табыстау бұйырылған адамға жеткізетін сенімді мұсылман қазынашы – садақа беруші екі адамның бірі», – дегенін жеткізген. Риуаятта «орындап» дегеннің орнына кейде «беріп» деп айтылған.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿فَأَمَّا مَنْ أَعْطَى وَاتَّقَى﴾ [اللَّيْلِ: 5]؛ «اللَّهُمَّ أَعْطِ مُنْفِقَ مَالٍ خَلَفًا»

16-бапАлла Тағаланың: «Ал кім малын беріп, Алладан қорықса...» («Ләйл», 5) деген сөзі және «Уа, Алла! Мал-мүлкін жұмсаған адамға оның орнын толтырып бере гөр!» деген дұға туралы

734
Бұхари, № 734 · Сахих: 1442Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ، إِلَّا مَلَكَانِ يَنْزِلَانِ، فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا”، وَيَقُولُ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Құлдар таңды қарсы алатын әрбір күні міндетті түрде екі періште түседі. Олардың бірі: “Уа, Алла! Мал-мүлкін жұмсаған адамға оның орнын толтырып бере гөр!” – дейді. Ал екіншісі: “Уа, Алла! Малын бермей ұстап қалған адамның мал-мүлкін шығынға ұшырата гөр!” – дейді».

بَابُ مَثَلِ الْمُتَصَدِّقِ وَالْبَخِيلِ

17-бапСадақа беруші мен сараңның мысалы жайлы

735
Бұхари, № 735 · Сахих: 1443Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَثَلُ الْبَخِيلِ وَالْمُتَصَدِّقِ كَمَثَلِ رَجُلَيْنِ، عَلَيْهِمَا جُبَّتَانِ مِنْ حَدِيدٍ مِنْ ثُدِيِّهِمَا إِلَى تَرَاقِيهِمَا، فَأَمَّا الْمُنْفِقُ فَلَا يُنْفِقُ إِلَّا سَبَغَتْ – أَوْ وَفَرَتْ – عَلَى جِلْدِهِ، حَتَّى تُخْفِيَ بَنَانَهُ وَتَعْفُوَ أَثَرَهُ، وَأَمَّا الْبَخِيلُ فَلَا يُرِيدُ أَنْ يُنْفِقَ شَيْئًا إِلَّا لَزِقَتْ كُلُّ حَلْقَةٍ مَكَانَهَا، فَهُوَ يُوَسِّعُهَا وَلَا تَتَّسِعُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Сараң мен садақа беруші көкіректерінен бұғаналарына дейін жететін темір сауыт киген екі адам секілді. Мал-мүлкін жұмсаушы бір нәрсе жұмсаған сайын сауыты денесін тұтас жаба түседі немесе кеңейе түседі. Ақырында саусақтарының ұшын жауып, ізін де өшіреді. Ал сараң бір нәрсе жұмсамақ болған сайын сауыттың әрбір шығыршығы өз орнына жабысып қалады. Ол оны кеңейтуге тырысады, бірақ сауыт кеңеймейді», – дегенін естіген.

بَابُ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيَعْمَلْ بِالْمَعْرُوفِ

18-бапӘрбір мұсылманның садақа беруі міндетті екені және берер нәрсе таппаған адамның жақсылық жасауы туралы

736
Бұхари, № 736 · Сахих: 1445Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ»، فَقَالُوا: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «يَعْمَلُ بِيَدِهِ، فَيَنْفَعُ نَفْسَهُ وَيَتَصَدَّقُ». قَالُوا: «فَإِنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «يُعِينُ ذَا الْحَاجَةِ الْمَلْهُوفَ». قَالُوا: «فَإِنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «فَلْيَعْمَلْ بِالْمَعْرُوفِ، وَلْيُمْسِكْ عَنِ الشَّرِّ، فَإِنَّهَا لَهُ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір мұсылман садақа беруге міндетті», – деді. Олар: «Уа, Алланың пайғамбары! Берер нәрсе таппаған адам не істейді?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Өз қолымен еңбек етіп, өзіне пайда келтіреді әрі садақа береді», – деді. Олар: «Оған да шамасы келмесе ше?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қатты мұқтаж болып, жәрдем сұраған адамға көмектеседі», – деді. Олар: «Оған да шамасы келмесе ше?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жақсылық жасасын әрі жамандықтан тыйылсын. Бұл да оған садақа болады», – деді.

بَابُ قَدْرِ كَمْ يُعْطَى مِنَ الزَّكَاةِ وَالصَّدَقَةِ

19-бапЗекет пен садақадан қанша берілетіні туралы

737
Бұхари, № 737 · Сахих: 1446Риуаят етуші: Үммі Атия

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: بُعِثَ إِلَى نُسَيْبَةَ الْأَنْصَارِيَّةِ بِشَاةٍ، فَأَرْسَلَتْ إِلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِنْهَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «عِنْدَكُمْ شَيْءٌ؟» فَقُلْتُ: «لَا، إِلَّا مَا أَرْسَلَتْ بِهِ نُسَيْبَةُ مِنْ تِلْكَ الشَّاةِ»، فَقَالَ: «هَاتِ، فَقَدْ بَلَغَتْ مَحِلَّهَا».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деген: «Нусайба әл-Ансарияға бір қой жіберілген еді. Ол сол қойдың бір бөлігін Айшаға (р.а.) жіберді. Пайғамбар (с.а.с.): “Үйлеріңде жейтін нәрсе бар ма?” – деп сұрады. Айша: “Жоқ, Нусайбаның әлгі қойдан жібергенінен басқа ештеңе жоқ”, – деп жауап берді. Сонда ол (с.а.с.): “Оны әкел. Өйткені ол тиісті орнына жетті”, – деді».

بَابُ الْعَرْضِ فِي الزَّكَاةِ

20-бапЗекетті тауар түрінде беру туралы

738
Бұхари, № 738 · Сахих: 1448Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ الصِّدِّيقَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ الَّتِي أَمَرَ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ: «وَمَنْ بَلَغَتْ صَدَقَتُهُ بِنْتَ مَخَاضٍ وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ، وَعِنْدَهُ بِنْتُ لَبُونٍ فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ وَيُعْطِيهِ الْمُصَدِّقُ عِشْرِينَ دِرْهَمًا أَوْ شَاتَيْنِ، فَإِنْ لَمْ يَكُنْ عِنْدَهُ بِنْتُ مَخَاضٍ عَلَى وَجْهِهَا، وَعِنْدَهُ ابْنُ لَبُونٍ فَإِنَّهُ يُقْبَلُ مِنْهُ وَلَيْسَ مَعَهُ شَيْءٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) маған Алланың Өз Елшісіне (с.а.с.) бұйырған зекет үкімдерін жазып берді: “Кімнің зекетіне бір жасар ұрғашы түйе беру міндеттеліп, қолында ондай түйе болмай, екі жасар ұрғашы түйесі болса, сол түйе одан қабыл алынады. Зекет жинаушы оған жиырма дирхам немесе екі қой береді. Ал қолында талапқа сай бір жасар ұрғашы түйе болмай, екі жасар еркек түйесі болса, сол түйе одан қабыл алынады әрі оған қосымша ештеңе берілмейді”».

بَابُ لَا يُجْمَعُ بَيْنَ مُتَفَرِّقٍ وَلَا يُفَرَّقُ بَيْنَ مُجْتَمِعٍ

21-бапБөлек тұрған малды біріктірмеу және бірге тұрған малды ажыратпау туралы

739
Бұхари, № 739 · Сахих: 1450Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ الَّتِي فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَلَا يُجْمَعُ بَيْنَ مُتَفَرِّقٍ، وَلَا يُفَرَّقُ بَيْنَ مُجْتَمِعٍ خَشْيَةَ الصَّدَقَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) маған Алла Елшісі (с.а.с.) белгілеген зекет үкімдерін жазып жіберді. Онда: “Зекет төлеуден жалтару үшін бөлек тұрған мал біріктірілмейді және бірге тұрған мал ажыратылмайды”, – делінген еді».

بَابُ مَا كَانَ مِنْ خَلِيطَيْنِ فَإِنَّهُمَا يَتَرَاجَعَانِ بَيْنَهُمَا بِالسَّوِيَّةِ

22-бапЕкі серіктестің аралас малы болса, олардың өзара әділ есеп айырысуы туралы

740
Бұхари, № 740 · Сахих: 1451

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ الصِّدِّيقَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ الَّتِي فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَمَا كَانَ مِنْ خَلِيطَيْنِ، فَإِنَّهُمَا يَتَرَاجَعَانِ بَيْنَهُمَا بِالسَّوِيَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен жеткен бір риуаятта: «Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) маған Алла Елшісі (с.а.с.) белгілеген зекет үкімдерін жазып жіберді. Онда: “Екі серіктестің аралас малы болса, олар зекетке берілген мал үшін өзара әділ есеп айырысады”, – делінген еді».

بَابُ زَكَاةِ الْإِبِلِ

23-бапТүйе зекеті туралы

741
Бұхари, № 741 · Сахих: 1452Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَعْرَابِيًّا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْهِجْرَةِ، فَقَالَ: «وَيْحَكَ، إِنَّ شَأْنَهَا شَدِيدٌ، فَهَلْ لَكَ مِنْ إِبِلٍ تُؤَدِّي صَدَقَتَهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَاعْمَلْ مِنْ وَرَاءِ الْبِحَارِ، فَإِنَّ اللَّهَ لَنْ يَتِرَكَ مِنْ عَمَلِكَ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір бәдәуи Алла Елшісінен (с.а.с.) һижрет туралы сұрады. Сонда ол: «Саған обал-ай! Һижреттің міндеті ауыр. Зекетін беріп тұратын түйелерің бар ма?» – деп сұрады. Бәдәуи: «Иә», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Онда өз мекеніңде жүріп-ақ, ізгі амал жасай бер. Өйткені Алла сенің амалыңның сауабынан еш нәрсені кемітпейді», – деді.

بَابُ مَنْ بَلَغَتْ عِنْدَهُ صَدَقَةُ بِنْتِ مَخَاضٍ وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ

24-бапБір жасар ұрғашы түйе беруге міндетті болып, қолында ондай түйесі болмаған адам туралы

742
Бұхари, № 742 · Сахих: 1453Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ فَرِيضَةَ الصَّدَقَةِ الَّتِي أَمَرَ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ: «مَنْ بَلَغَتْ عِنْدَهُ مِنَ الْإِبِلِ صَدَقَةُ الْجَذَعَةِ، وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ جَذَعَةٌ، وَعِنْدَهُ حِقَّةٌ، فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ الْحِقَّةُ، وَيَجْعَلُ مَعَهَا شَاتَيْنِ إِنِ اِسْتَيْسَرَتَا لَهُ، أَوْ عِشْرِينَ دِرْهَمًا، وَمَنْ بَلَغَتْ عِنْدَهُ صَدَقَةُ الْحِقَّةِ، وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ الْحِقَّةُ، وَعِنْدَهُ الْجَذَعَةُ، فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ الْجَذَعَةُ، وَيُعْطِيهِ الْمُصَدِّقُ عِشْرِينَ دِرْهَمًا أَوْ شَاتَيْنِ،

وَمَنْ بَلَغَتْ عِنْدَهُ صَدَقَةُ الْحِقَّةِ، وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ إِلَّا بِنْتُ لَبُونٍ، فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ بِنْتُ لَبُونٍ، وَيُعْطِي شَاتَيْنِ أَوْ عِشْرِينَ دِرْهَمًا، وَمَنْ بَلَغَتْ صَدَقَتُهُ بِنْتَ لَبُونٍ وَعِنْدَهُ حِقَّةٌ، فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ الْحِقَّةُ، وَيُعْطِيهِ الْمُصَدِّقُ عِشْرِينَ دِرْهَمًا أَوْ شَاتَيْنِ،

وَمَنْ بَلَغَتْ صَدَقَتُهُ بِنْتَ لَبُونٍ وَلَيْسَتْ عِنْدَهُ، وَعِنْدَهُ بِنْتُ مَخَاضٍ، فَإِنَّهَا تُقْبَلُ مِنْهُ بِنْتُ مَخَاضٍ، وَيُعْطِي مَعَهَا عِشْرِينَ دِرْهَمًا أَوْ شَاتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) маған Алланың Өз Елшісіне (с.а.с.) бұйырған зекет мөлшерлерін жазып берді. Онда: “Кімге түйелерінің зекеті ретінде төрт жасар ұрғашы түйе беру міндетті болып, бірақ қолында төрт жасар ұрғашы түйе болмай, үш жасар ұрғашы түйе болса, одан үш жасар ұрғашы түйе қабылданады. Оған қоса, мүмкіндігі болса, екі қой немесе жиырма дирхам береді. Кімге зекет ретінде үш жасар ұрғашы түйе беру міндетті болып, бірақ қолында үш жасар ұрғашы түйе болмай, төрт жасар ұрғашы түйе болса, одан төрт жасар ұрғашы түйе қабылданады. Зекет жинаушы оған жиырма дирхам немесе екі қой береді.

Кімге зекет ретінде үш жасар ұрғашы түйе беру міндетті болып, бірақ қолында тек екі жасар ұрғашы түйе болса, одан екі жасар ұрғашы түйе қабылданады әрі ол қосымша екі қой немесе жиырма дирхам береді. Кімге зекет ретінде екі жасар ұрғашы түйе беру міндетті болып, бірақ қолында үш жасар ұрғашы түйе болса, одан үш жасар ұрғашы түйе қабылданады. Зекет жинаушы оған жиырма дирхам немесе екі қой береді.

Кімге зекет ретінде екі жасар ұрғашы түйе беру міндетті болып, бірақ қолында екі жасар ұрғашы түйе болмай, бір жасар ұрғашы түйе болса, одан бір жасар ұрғашы түйе қабылданады әрі ол оған қоса жиырма дирхам немесе екі қой береді”, – делінген еді».

بَابُ زَكَاةِ الْغَنَمِ

25-бапҚой зекеті туралы

743
Бұхари, № 743 · Сахих: 1454Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ هَذَا الْكِتَابَ لَمَّا وَجَّهَهُ إِلَى الْبَحْرَيْنِ: «بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ. هَذِهِ فَرِيضَةُ الصَّدَقَةِ الَّتِي فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمُسْلِمِينَ، وَالَّتِي أَمَرَ اللَّهُ بِهَا رَسُولَهُ، فَمَنْ سُئِلَهَا مِنَ الْمُسْلِمِينَ عَلَى وَجْهِهَا فَلْيُعْطِهَا، وَمَنْ سُئِلَ فَوْقَهَا فَلَا يُعْطِ.

فِي أَرْبَعٍ وَعِشْرِينَ مِنَ الْإِبِلِ فَمَا دُونَهَا مِنَ الْغَنَمِ، مِنْ كُلِّ خَمْسٍ شَاةٌ. إِذَا بَلَغَتْ خَمْسًا وَعِشْرِينَ إِلَى خَمْسٍ وَثَلَاثِينَ، فَفِيهَا بِنْتُ مَخَاضٍ أُنْثَى، فَإِذَا بَلَغَتْ سِتًّا وَثَلَاثِينَ إِلَى خَمْسٍ وَأَرْبَعِينَ فَفِيهَا بِنْتُ لَبُونٍ أُنْثَى، فَإِذَا بَلَغَتْ سِتًّا وَأَرْبَعِينَ إِلَى سِتِّينَ فَفِيهَا حِقَّةٌ طَرُوقَةُ الْجَمَلِ، فَإِذَا بَلَغَتْ وَاحِدَةً وَسِتِّينَ إِلَى خَمْسٍ وَسَبْعِينَ، فَفِيهَا جَذَعَةٌ، فَإِذَا بَلَغَتْ – يَعْنِي سِتًّا وَسَبْعِينَ – إِلَى تِسْعِينَ، فَفِيهَا بِنْتَا لَبُونٍ، فَإِذَا بَلَغَتْ إِحْدَى وَتِسْعِينَ إِلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ، فَفِيهَا حِقَّتَانِ طَرُوقَتَا الْجَمَلِ، فَإِذَا زَادَتْ عَلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ، فَفِي كُلِّ أَرْبَعِينَ بِنْتُ لَبُونٍ، وَفِي كُلِّ خَمْسِينَ حِقَّةٌ، وَمَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ إِلَّا أَرْبَعٌ مِنَ الْإِبِلِ، فَلَيْسَ فِيهَا صَدَقَةٌ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ رَبُّهَا، فَإِذَا بَلَغَتْ خَمْسًا مِنَ الْإِبِلِ، فَفِيهَا شَاةٌ.

وَفِي صَدَقَةِ الْغَنَمِ فِي سَائِمَتِهَا إِذَا كَانَتْ أَرْبَعِينَ إِلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ شَاةٌ، فَإِذَا زَادَتْ عَلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ إِلَى مِائَتَيْنِ شَاتَانِ، فَإِذَا زَادَتْ عَلَى مِائَتَيْنِ إِلَى ثَلَاثِ مِائَةٍ، فَفِيهَا ثَلَاثٌ، فَإِذَا زَادَتْ عَلَى ثَلَاثِ مِائَةٍ، فَفِي كُلِّ مِائَةٍ شَاةٌ، فَإِذَا كَانَتْ سَائِمَةُ الرَّجُلِ نَاقِصَةً مِنْ أَرْبَعِينَ شَاةً وَاحِدَةً، فَلَيْسَ فِيهَا صَدَقَةٌ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ رَبُّهَا.

وَفِي الرِّقَّةِ رُبْعُ الْعُشْرِ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ إِلَّا تِسْعِينَ وَمِائَةً، فَلَيْسَ فِيهَا شَيْءٌ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ رَبُّهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) мені Бахрейнге жіберген кезде, маған мына хатты жазып берді: “Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) мұсылмандарға парыз еткен әрі Алла Өз Елшісіне бұйырған зекет мөлшерлері. Мұсылмандардың қайсысынан зекет белгіленген мөлшерде талап етілсе, оны берсін. Ал кімнен белгіленген мөлшерден артығы талап етілсе, оны бермесін.

Жиырма төрт түйеге дейін әрбір бес түйеден бір қой беріледі. Түйе саны жиырма беске жетіп, отыз беске дейін болса, бір жасқа толып, екінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе беріледі. Түйе саны отыз алтыға жетіп, қырық беске дейін болса, екі жасқа толып, үшінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе беріледі. Қырық алтыдан алпысқа дейін болса, бураға қосылуға жараған, үш жасқа толып, төртінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе беріледі. Алпыс бірден жетпіс беске дейін болса, төрт жасқа толып, бесінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе беріледі. Жетпіс алтыдан тоқсанға дейін болса, екі жасқа толып, үшінші жасына шыққан екі ұрғашы түйе беріледі. Тоқсан бірден жүз жиырмаға дейін болса, бураға қосылуға жараған, үш жасқа толып, төртінші жасына шыққан екі ұрғашы түйе беріледі. Жүз жиырмадан асса, әрбір қырық түйеден екі жасқа толып, үшінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе, ал әрбір елу түйеден бураға қосылуға жараған, үш жасқа толып, төртінші жасына шыққан бір ұрғашы түйе беріледі. Кімнің төрт түйесі ғана болса, иесі өз еркімен беруді қаламаса, оған зекет міндетті емес. Ал түйе саны беске жетсе, бір қой беріледі.

Жайылымда бағылатын қойлардың зекетіне келсек, олардың саны қырықтан жүз жиырмаға дейін болса, бір қой беріледі. Жүз жиырмадан асып, екі жүзге дейін болса, екі қой беріледі. Екі жүзден асып, үш жүзге дейін болса, үш қой беріледі. Үш жүзден асса, әрбір жүз қойдан бір қой беріледі. Егер адамның жайылымда бағылатын қойлары қырыққа біреуі жетпей тұрса, иесі өз еркімен беруді қаламаса, оған зекет міндетті емес.

Күмістен қырықтан бір бөлігі беріледі. Егер күміс жүз тоқсан дирхам ғана болса, иесі өз еркімен беруді қаламаса, одан еш нәрсе алынбайды”».

بَابُ لَا تُؤْخَذُ فِي الصَّدَقَةِ إِلَّا السَّلِيمُ

26-бапЗекетке тек сау мал алынатыны туралы

744
Бұхари, № 744 · Сахих: 1455Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ الَّتِي أَمَرَ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ: «وَلَا يُخْرَجُ فِي الصَّدَقَةِ هَرِمَةٌ وَلَا ذَاتُ عَوَارٍ، وَلَا تَيْسٌ إِلَّا مَا شَاءَ الْمُصَدِّقُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) маған Алланың Өз Елшісіне (с.а.с.) бұйырған зекет үкімдерін жазып жіберді. Онда: “Зекетке кәрі мал да, кемістігі бар мал да алынбайды. Сондай-ақ зекет жинаушы қалаған жағдайдан басқа кезде теке де алынбайды”, – делінген еді».

بَابُ لَا تُؤْخَذُ كَرَائِمُ أَمْوَالِ النَّاسِ فِي الصَّدَقَةِ

27-бапЗекетке адамдардың ең таңдаулы мал-мүлкі алынбайтыны туралы

745
Бұхари, № 745 · Сахих: 1458Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: حَدِيثُ بَعْثِ مُعَاذٍ إِلَى الْيَمَنِ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: «إِنَّكَ تَقْدَمُ عَلَى قَوْمٍ أَهْلِ كِتَابٍ»، وَذَكَرَ بَاقِيَ الْحَدِيثِ، ثُمَّ قَالَ فِي آخِرِهِ: «وَتَوَقَّ كَرَائِمَ أَمْوَالِ النَّاسِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен Мұғаздың Йеменге жіберілуі туралы хадис жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Сен Кітап иелерінен болған бір қауымға барасың», – делінген. Хадистің қалған бөлігі баяндалып, соңында: «Адамдардың мал-мүлкінің ең таңдаулысын алудан сақтан», – делінген.

بَابُ الزَّكَاةِ عَلَى الْأَقَارِبِ

28-бапТуыстарға зекет беру туралы

746
Бұхари, № 746 · Сахих: 1461Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَبُو طَلْحَةَ أَكْثَرَ الْأَنْصَارِ بِالْمَدِينَةِ مَالًا مِنْ نَخْلٍ، وَكَانَ أَحَبُّ أَمْوَالِهِ إِلَيْهِ بَيْرُحَاءَ، وَكَانَتْ مُسْتَقْبِلَةَ الْمَسْجِدِ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْخُلُهَا وَيَشْرَبُ مِنْ مَاءٍ فِيهَا طَيِّبٍ. قَالَ أَنَسٌ: فَلَمَّا أُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 92]،

قَامَ أَبُو طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى يَقُولُ: ﴿لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 92]، وَإِنَّ أَحَبَّ أَمْوَالِي إِلَيَّ بَيْرُحَاءَ، وَإِنَّهَا صَدَقَةٌ لِلَّهِ تَعَالَى، أَرْجُو بِرَّهَا وَذُخْرَهَا عِنْدَ اللَّهِ، فَضَعْهَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَيْثُ أَرَاكَ اللَّهُ». قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَخٍ، ذَلِكَ مَالٌ رَابِحٌ، ذَلِكَ مَالٌ رَابِحٌ، وَقَدْ سَمِعْتُ مَا قُلْتَ، وَإِنِّي أَرَى أَنْ تَجْعَلَهَا فِي الْأَقْرَبِينَ». فَقَالَ أَبُو طَلْحَةَ: «أَفْعَلُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَقَسَمَهَا أَبُو طَلْحَةَ فِي أَقَارِبِهِ وَبَنِي عَمِّهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Әбу Талха Мәдинадағы ансарлардың арасында құрма бағы ең көп адам еді. Мал-мүлкінің ішіндегі өзіне ең сүйіктісі Байруха бағы болатын. Ол мешіттің дәл қарсы алдында орналасқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол баққа кіріп, ондағы дәмді судан ішетін. Мына аят түсті: “Жақсы көрген дүниелеріңнен жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар” (“Әли Имран”, 92).

Осы аят түскен соң, Әбу Талха Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына барып: “Уа, Расулалла! Берекелі әрі Ұлы Алла: ‘Жақсы көрген дүниелеріңнен жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар’ (‘Әли Имран’, 92), – дейді. Менің мал-мүлкімнің ішіндегі ең сүйіктісі – Байруха бағы. Енді оны Алланың разылығы үшін садақа еттім. Оның игілігі мен Алланың құзырындағы ақыреттік сауабынан үміт етемін. Уа, Расулалла! Оны Алла сізге нұсқаған жерге жұмсаңыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бәрекелді! Бұл – пайдасы мол мал! Бұл – пайдасы мол мал! Айтқаныңды естідім. Мен оны жақын туыстарыңа бөліп бергеніңді жөн көремін”, – деді. Әбу Талха: “Уа, Расулалла! Солай істеймін”, – деді де, оны туыстары мен көкесінің ұлдарына бөліп берді».

747
Бұхари, № 747 · Сахих: 1462Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: حَدِيثُهُ فِي خُرُوجِ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى الْمُصَلَّى تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: فَلَمَّا صَارَ إِلَى مَنْزِلِهِ، جَاءَتْ زَيْنَبُ امْرَأَةُ ابْنِ مَسْعُودٍ تَسْتَأْذِنُ عَلَيْهِ، فَقِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذِهِ زَيْنَبُ»، فَقَالَ: «أَيُّ الزَّيَانِبِ؟» فَقِيلَ: «امْرَأَةُ ابْنِ مَسْعُودٍ». قَالَ: «نَعَمْ، اِئْذَنُوا لَهَا».

فَأُذِنَ لَهَا. قَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّكَ أَمَرْتَ الْيَوْمَ بِالصَّدَقَةِ، وَكَانَ عِنْدِي حُلِيٌّ لِي، فَأَرَدْتُ أَنْ أَتَصَدَّقَ بِهِ، فَزَعَمَ ابْنُ مَسْعُودٍ أَنَّهُ وَوَلَدَهُ أَحَقُّ مَنْ تَصَدَّقْتُ بِهِ عَلَيْهِمْ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صَدَقَ ابْنُ مَسْعُودٍ، زَوْجُكِ وَوَلَدُكِ أَحَقُّ مَنْ تَصَدَّقْتِ بِهِ عَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) намаз оқылатын алаңға шығуы туралы хадисі жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Үйіне келген кезде Ибн Мәсғудтың әйелі Зейнеп одан кіруге рұқсат сұрады. Оған: “Уа, Расулалла! Зейнеп келіп тұр”, – делінді. Ол (с.а.с.): “Зейнептердің қайсысы?” – деп сұрады. “Ибн Мәсғудтың әйелі”, – делінді. Ол (с.а.с.): “Иә, оған кіруге рұқсат беріңдер”, – деді.

Оған рұқсат берілгенде, Зейнеп: “Уа, Алланың пайғамбары! Сіз бүгін садақа беруді бұйырдыңыз. Менің өзіме тиесілі әшекей бұйымдарым бар еді. Соларды садақаға бергім келді. Алайда Ибн Мәсғуд садақамды алуға өзі мен балаларының өзгелерден гөрі лайықтырақ екенін айтты”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ибн Мәсғуд дұрыс айтты. Садақаңды алуға күйеуің мен балаларың өзгелерден гөрі лайықтырақ”, – деді».

بَابُ لَيْسَ عَلَى الْمُسْلِمِ فِي فَرَسِهِ صَدَقَةٌ

29-бапМұсылманның жылқысына зекет міндетті еместігі туралы

748
Бұхари, № 748 · Сахих: 1463Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَيْسَ عَلَى الْمُسْلِمِ فِي فَرَسِهِ وَغُلَامِهِ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Мұсылманның жылқысы мен құлына зекет жоқ”, – деді».

بَابُ الصَّدَقَةِ عَلَى الْيَتَامَى

30-бапЖетімдерге садақа беру туралы

749
Бұхари, № 749 · Сахих: 1465Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُحَدِّثُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ جَلَسَ ذَاتَ يَوْمٍ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَجَلَسْنَا حَوْلَهُ، فَقَالَ: «إِنَّ مِمَّا أَخَافُ عَلَيْكُمْ مِنْ بَعْدِي مَا يُفْتَحُ عَلَيْكُمْ مِنْ زَهْرَةِ الدُّنْيَا وَزِينَتِهَا». فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَوَيَأْتِي الْخَيْرُ بِالشَّرِّ؟» فَسَكَتَ النَّبِيُّ ﷺ، فَقِيلَ لَهُ: «مَا شَأْنُكَ؟ تُكَلِّمُ النَّبِيَّ ﷺ وَلَا يُكَلِّمُكَ؟» فَرَأَيْنَا أَنَّهُ يُنْزَلُ عَلَيْهِ. قَالَ: فَمَسَحَ عَنْهُ الرُّحَضَاءَ، فَقَالَ: «أَيْنَ السَّائِلُ؟» وَكَأَنَّهُ حَمِدَهُ،

فَقَالَ: «إِنَّهُ لَا يَأْتِي الْخَيْرُ بِالشَّرِّ، وَإِنَّ مِمَّا يُنْبِتُ الرَّبِيعُ يَقْتُلُ أَوْ يُلِمُّ، إِلَّا آكِلَةَ الْخَضْرَاءِ، أَكَلَتْ حَتَّى إِذَا اِمْتَدَّتْ خَاصِرَتَاهَا اِسْتَقْبَلَتْ عَيْنَ الشَّمْسِ، فَثَلَطَتْ وَبَالَتْ، وَرَتَعَتْ. وَإِنَّ هَذَا الْمَالَ خَضِرَةٌ حُلْوَةٌ، فَنِعْمَ صَاحِبُ الْمُسْلِمِ إِنْ أَعْطَى مِنْهُ الْمِسْكِينَ وَالْيَتِيمَ وَابْنَ السَّبِيلِ» – أَوْ كَمَا قَالَ النَّبِيُّ ﷺ – «وَإِنَّهُ مَنْ أَخَذَهُ بِغَيْرِ حَقِّهِ كَالَّذِي يَأْكُلُ وَلَا يَشْبَعُ، وَيَكُونُ شَهِيدًا عَلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) мінберге отырды, біз де оның айналасына жайғастық. Сонда ол: “Менен кейін сендер үшін қауіптенетін нәрселерімнің бірі – алдарыңа дүние игіліктері мен сән-салтанатының есігі ашылуы”, – деді. Бір адам: “Уа, Расулалла! Жақсылық жамандық әкеле ме?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) үнсіз қалды. Әлгі адамға: “Саған не болды? Пайғамбармен (с.а.с.) сөйлесіп тұрсың, ал ол саған жауап бермейді”, – делінді. Біз оған уахи түсіп жатқанын аңғардық. Кейін ол терін сүртіп: “Сұрақ қойған адам қайда?” – деді. Ол әлгі адамның сұрағын құптағандай болды.

Содан кейін: “Расында, жақсылық жамандық әкелмейді. Алайда көктемде қаулап шығатын өсімдіктің кейбірі малды өлтіреді немесе өлімші халге жеткізеді. Тек жасыл шөппен қоректенген мал ғана әбден тойып, екі бүйірі керілгенде күнге қарап тұрып, тезегін тастап, зәрін шығарады да, қайтадан жайылады. Расында, бұл мал-дүние – жасыл да тәтті. Оның бір бөлігін кедейге, жетімге және жолаушыға берген мұсылман үшін ол неткен жақсы серік!” – деді. Немесе Пайғамбар (с.а.с.) осыған ұқсас сөз айтқан. Содан кейін: “Ал оны хақсыз алған адам қанша жесе де тоймайтын жан секілді. Қиямет күні сол мал-дүние оның өзіне қарсы куәлік етеді”, – деді».

بَابُ الزَّكَاةِ عَلَى الزَّوْجِ وَالْأَيْتَامِ فِي الْحَجْرِ

31-бапКүйеуіне және қамқорлығындағы жетімдерге зекет беру туралы

750
Бұхари, № 750 · Сахих: 1466

عَنْ زَيْنَبَ امْرَأَةِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: حَدِيثُهَا الْمُتَقَدِّمُ قَرِيبًا، وَقَالَتْ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «اِنْطَلَقْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَوَجَدْتُ امْرَأَةً مِنَ الْأَنْصَارِ عَلَى الْبَابِ، حَاجَتُهَا مِثْلُ حَاجَتِي، فَمَرَّ عَلَيْنَا بِلَالٌ، فَقُلْنَا: “سَلِ النَّبِيَّ ﷺ: أَيَجْزِي عَنِّي أَنْ أُنْفِقَ عَلَى زَوْجِي وَأَيْتَامٍ لِي فِي حَجْرِي؟” فَسَأَلَهُ، فَقَالَ: “نَعَمْ، لَهَا أَجْرَانِ: أَجْرُ الْقَرَابَةِ وَأَجْرُ الصَّدَقَةِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғудтың жұбайы Зейнептің (р.а.) хадисі сәл жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта ол: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) қарай бардым. Есіктің алдында өзім сияқты бір қажетін сұрауға келген ансарлық әйелді кездестірдім. Жанымыздан Біләл өтіп бара жатқанда, біз оған: “Пайғамбардан (с.а.с.) сұрашы: күйеуіме және қамқорлығымдағы жетімдерге жұмсағаным садақаға есептеле ме?” – дедік. Біләл Пайғамбардан (с.а.с.) сұрағанда, ол: “Иә. Оған екі сауап бар: туыстық байланысты сақтағанының сауабы және садақаның сауабы”, – деді», – деген.

751
Бұхари, № 751 · Сахих: 1467Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلِيَ أَجْرٌ أَنْ أُنْفِقَ عَلَى بَنِي أَبِي سَلَمَةَ؟ إِنَّمَا هُمْ بَنِيَّ» فَقَالَ: «أَنْفِقِي عَلَيْهِمْ، فَلَكِ أَجْرُ مَا أَنْفَقْتِ عَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Мен: “Уа, Расулалла! Әбу Сәләмәнің балаларына қаражат жұмсасам, маған сауап бола ма? Өйткені олар – өз балаларым ғой”, – дедім. Ол: “Оларға жұмса. Оларға жұмсағаның үшін саған сауап бар”, – деді».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ﴾ [التَّوْبَةِ: 60]

32-бапАлла Тағаланың: «Тұтқыннан немесе құлдықтан азат етілетіндерге, қарызға батқандарға, Алла жолында жүргендерге» («Тәубе», 60) деген сөзі туралы

752
Бұхари, № 752 · Сахих: 1468Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالصَّدَقَةِ، فَقِيلَ: «مَنَعَ ابْنُ جَمِيلٍ، وَخَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ، وَعَبَّاسُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا يَنْقِمُ ابْنُ جَمِيلٍ إِلَّا أَنَّهُ كَانَ فَقِيرًا، فَأَغْنَاهُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ، وَأَمَّا خَالِدٌ فَإِنَّكُمْ تَظْلِمُونَ خَالِدًا، قَدِ اِحْتَبَسَ أَدْرَاعَهُ وَأَعْتُدَهُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَأَمَّا الْعَبَّاسُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ فَعَمُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَهِيَ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ وَمِثْلُهَا مَعَهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) зекет жинауды бұйырды. Сонда оған Ибн Жәмилдің, Халид ибн әл-Уәлидтің және Аббас ибн Абдулмутталибтің зекет беруден бас тартқаны хабарланды. Пайғамбар (с.а.с.): “Ибн Жәмил Алла мен Оның Елшісінің өзін кедейліктен байлыққа жеткізгеніне наразы ма? Ал Халидке келсек, сендер оған әділетсіздік жасап отырсыңдар. Ол сауыттары мен соғыс жабдықтарын Алла жолына арнаған. Ал Аббас ибн Абдулмутталибке келсек, ол – Алла Елшісінің (с.а.с.) көкесі. Оған зекет те, сонымен бірге дәл сондай тағы бір мөлшер де міндетті”, – деді».

بَابُ الِاسْتِعْفَافِ عَنِ الْمَسْأَلَةِ

33-бапҚайыр сұраудан тыйылып, ар-намысты сақтау туралы

753
Бұхари, № 753 · Сахих: 1469Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَعْطَاهُمْ، ثُمَّ سَأَلُوهُ، فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى نَفِدَ مَا عِنْدَهُ، فَقَالَ: «مَا يَكُونُ عِنْدِي مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أَدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَتَصَبَّرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ، وَمَا أُعْطِيَ أَحَدٌ عَطَاءً خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, ансарлардың бір тобы Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұрады. Ол (с.а.с.) оларға берді. Олар қайта сұрағанда, қолындағысы таусылғанша тағы да берді. Содан кейін: «Қолымда қандай да бір игілік болса, оны сендерден ешқашан аямаймын. Кім қайыр сұраудан тыйылып, ар-намысын сақтауға ұмтылса, Алла оның ар-намысын сақтайды. Кім ешкімге мұқтаж болмауға ұмтылса, Алла оны мұқтаждықтан арылтады. Кім сабыр сақтауға ұмтылса, Алла оған сабыр береді. Ешкімге сабырдан қайырлы әрі одан да кең нығмет берілмеген», – деді.

754
Бұхари, № 754 · Сахих: 1470Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَأَنْ يَأْخُذَ أَحَدُكُمْ حَبْلَهُ، فَيَحْتَطِبَ عَلَى ظَهْرِهِ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَأْتِيَ رَجُلًا، فَيَسْأَلَهُ، أَعْطَاهُ أَوْ مَنَعَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, араларыңдағы бір адамның арқанын алып, отын жинап, оны арқалап әкелгені біреуге барып, одан қайыр сұрағанынан қайырлы. Өйткені әлгі адам оған беруі де, бермеуі де мүмкін», – деді.

755
Бұхари, № 755 · Сахих: 1471

وَفِي رِوَايَةٍ عَنِ الزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَأَنْ يَأْخُذَ أَحَدُكُمْ حَبْلَهُ، فَيَأْتِيَ بِحُزْمَةِ الْحَطَبِ عَلَى ظَهْرِهِ، فَيَبِيعَهَا، فَيَكُفَّ اللَّهُ بِهَا وَجْهَهُ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَسْأَلَ النَّاسَ، أَعْطَوْهُ أَوْ مَنَعُوهُ».

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта әз-Зубәйр ибн әл-Аууам (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Араларыңдағы бір адамның арқанын алып, бір бума отынды арқалап әкеліп сатқаны әрі сол арқылы Алланың оның абыройын тіленуден сақтауы – адамдардан қайыр сұрағанынан қайырлы. Өйткені олар оған беруі де, бермеуі де мүмкін», – дегенін жеткізген.

756
Бұхари, № 756 · Сахих: 1472Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам

عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَعْطَانِي، ثُمَّ سَأَلْتُهُ، فَأَعْطَانِي، ثُمَّ سَأَلْتُهُ، فَأَعْطَانِي، ثُمَّ قَالَ: «يَا حَكِيمُ، إِنَّ هَذَا الْمَالَ خَضِرَةٌ حُلْوَةٌ، فَمَنْ أَخَذَهُ بِسَخَاوَةِ نَفْسٍ بُورِكَ لَهُ فِيهِ، وَمَنْ أَخَذَهُ بِإِشْرَافِ نَفْسٍ لَمْ يُبَارَكْ لَهُ فِيهِ، كَالَّذِي يَأْكُلُ وَلَا يَشْبَعُ، الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى»،

قَالَ حَكِيمٌ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، لَا أَرْزَأُ أَحَدًا بَعْدَكَ شَيْئًا حَتَّى أُفَارِقَ الدُّنْيَا»،

فَكَانَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَدْعُو حَكِيمًا إِلَى الْعَطَاءِ، فَيَأْبَى أَنْ يَقْبَلَهُ مِنْهُ، ثُمَّ إِنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ دَعَاهُ لِيُعْطِيَهُ فَأَبَى أَنْ يَقْبَلَ مِنْهُ شَيْئًا، فَقَالَ عُمَرُ: «إِنِّي أُشْهِدُكُمْ، يَا مَعْشَرَ الْمُسْلِمِينَ، عَلَى حَكِيمٍ أَنِّي أَعْرِضُ عَلَيْهِ حَقَّهُ مِنْ هَذَا الْفَيْءِ فَيَأْبَى أَنْ يَأْخُذَهُ». فَلَمْ يَرْزَأْ حَكِيمٌ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ بَعْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى تُوُفِّيَ.

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) дүние-мүлік сұрадым, ол маған берді. Содан кейін тағы сұрадым, ол тағы да берді. Кейін тағы сұрадым, ол тағы да берді. Содан соң: “Уа, Хаким! Расында, бұл дүние-мүлік – жасыл әрі тәтті. Кім оны көңілі тоқ күйде алса, оған береке беріледі. Ал кім оны ашкөздікпен алса, оған береке берілмейді. Ол қанша жесе де тоймайтын адам секілді. Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы”, – деді».

Хаким: «Сонда мен: “Уа, Расулалла! Сізді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етемін, сізден кейін, дүниеден өткенімше, ешкімнен еш нәрсе алмаймын”, – дедім», – деген.

Әбу Бәкір (р.а.) Хакимді өзіне тиесілі үлесін алуға шақыратын, алайда ол қабылдаудан бас тартатын. Кейін Омар (р.а.) да оны өз үлесін алуға шақырды, бірақ ол одан да еш нәрсе қабылдамады. Сонда Омар (р.а.): «Уа, мұсылмандар қауымы! Мен сендерді Хакимге куә етемін: мен оған осы олжадан өзіне тиесілі үлесін ұсынамын, ал ол оны алудан бас тартады», – деді. Осылайша Хаким Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін дүниеден өткенге дейін адамдардың ешқайсысынан еш нәрсе алмады.

بَابُ مَنْ أَعْطَاهُ اللَّهُ شَيْئًا مِنْ غَيْرِ مَسْأَلَةٍ وَلَا إِشْرَافِ نَفْسٍ

34-бапАлланың сұрамай әрі дәмеленбей жүрген адамға бір нәрсе беруі туралы

757
Бұхари, № 757 · Сахих: 1473Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْطِينِي الْعَطَاءَ، فَأَقُولُ: «أَعْطِهِ مَنْ هُوَ أَفْقَرُ إِلَيْهِ مِنِّي»، فَقَالَ: «خُذْهُ، إِذَا جَاءَكَ مِنْ هَذَا الْمَالِ شَيْءٌ وَأَنْتَ غَيْرُ مُشْرِفٍ وَلَا سَائِلٍ، فَخُذْهُ، وَمَا لَا فَلَا تُتْبِعْهُ نَفْسَكَ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған мал-мүлік беретін. Сонда мен: “Мұны менен де мұқтаж адамға беріңіз”, – дейтінмін. Ол: “Оны ал. Осы малдан бір нәрсе өзің сұрамай әрі дәмеленбей тұрғаныңда келсе, оны ал. Ал келмеген нәрсеге көңіліңді байлама”, – деді».

بَابُ مَنْ سَأَلَ النَّاسَ تَكَثُّرًا

35-бапМал-мүлкін көбейту үшін адамдардан қайыр сұрайтын адам туралы

758
Бұхари, № 758 · Сахих: 1474Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَسْأَلُ النَّاسَ حَتَّى يَأْتِيَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ لَيْسَ فِي وَجْهِهِ مُزْعَةُ لَحْمٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Адамдардан сұрай берген адам қиямет күні бетінде бір жапырақ та ет қалмаған күйде келеді”, – деді».

759
Бұхари, № 759 · Сахих: 1475

وَقَالَ: «إِنَّ الشَّمْسَ تَدْنُو يَوْمَ الْقِيَامَةِ، حَتَّى يَبْلُغَ الْعَرَقُ نِصْفَ الْأُذُنِ، فَبَيْنَا هُمْ كَذَلِكَ اِسْتَغَاثُوا بِآدَمَ، ثُمَّ بِمُوسَى، ثُمَّ بِمُحَمَّدٍ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Қиямет күні күн жақындап, тер құлақтың ортасына дейін жетеді. Адамдар осындай күйде тұрғанда, алдымен Адамнан, кейін Мұсадан, одан соң Мұхаммедтен (с.а.с.) көмек сұрайды», – деген.

بَابُ حَدِّ الْغِنَى

36-бапЖеткілікті дәулеттің шегі туралы

760
Бұхари, № 760 · Сахих: 1479Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْمِسْكِينُ الَّذِي يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ تَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ، وَالتَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ، وَلَكِنِ الْمِسْكِينُ الَّذِي لَا يَجِدُ غِنًى يُغْنِيهِ، وَلَا يُفْطَنُ بِهِ، فَيُتَصَدَّقُ عَلَيْهِ، وَلَا يَقُومُ فَيَسْأَلُ النَّاسَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Адамдарды жағалап жүріп, бір-екі үзім ас немесе бір-екі құрма берілгенде, сонымен кететін адам нағыз міскін емес. Нағыз міскін – өзіне жеткілікті дәулет таба алмайтын, алайда жағдайы байқалмағандықтан оған садақа берілмейтін әрі адамдардан қайыр сұрамайтын адам».

بَابُ خَرْصِ الثَّمَرِ

37-бапЖеміс өнімін шамалап есептеу туралы

761
Бұхари, № 761 · Сахих: 1481

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَزَوْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ غَزْوَةَ تَبُوكَ، فَلَمَّا جَاءَ وَادِيَ الْقُرَى إِذَا امْرَأَةٌ فِي حَدِيقَةٍ لَهَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِأَصْحَابِهِ: «اُخْرُصُوا»، وَخَرَصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَشَرَةَ أَوْسُقٍ، فَقَالَ لَهَا: «أَحْصِي مَا يَخْرُجُ مِنْهَا».

فَلَمَّا أَتَيْنَا تَبُوكَ قَالَ: «أَمَا إِنَّهَا سَتَهُبُّ اللَّيْلَةَ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَلَا يَقُومَنَّ أَحَدٌ، وَمَنْ كَانَ مَعَهُ بَعِيرٌ فَلْيَعْقِلْهُ». فَعَقَلْنَاهَا، وَهَبَّتْ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَأَلْقَتْهُ بِجَبَلِ طَيِّءٍ، وَأَهْدَى مَلِكُ أَيْلَةَ لِلنَّبِيِّ ﷺ بَغْلَةً بَيْضَاءَ، وَكَسَاهُ بُرْدًا، وَكَتَبَ لَهُ بِبَحْرِهِمْ،

فَلَمَّا أَتَى وَادِيَ الْقُرَى قَالَ لِلْمَرْأَةِ: «كَمْ جَاءَ حَدِيقَتُكِ؟» قَالَتْ: «عَشَرَةَ أَوْسُقٍ، خَرْصَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنِّي مُتَعَجِّلٌ إِلَى الْمَدِينَةِ، فَمَنْ أَرَادَ مِنْكُمْ أَنْ يَتَعَجَّلَ مَعِي فَلْيَتَعَجَّلْ».

فَلَمَّا أَشْرَفَ عَلَى الْمَدِينَةِ قَالَ: «هَذِهِ طَابَةُ». فَلَمَّا رَأَى أُحُدًا قَالَ: «هَذَا جُبَيْلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ، أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِخَيْرِ دُورِ الْأَنْصَارِ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «دُورُ بَنِي النَّجَّارِ، ثُمَّ دُورُ بَنِي عَبْدِ الْأَشْهَلِ، ثُمَّ دُورُ بَنِي سَاعِدَةَ – أَوْ دُورُ بَنِي الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ – وَفِي كُلِّ دُورِ الْأَنْصَارِ – يَعْنِي – خَيْرًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Табук жорығына шықтық. Уади әл-Қураға келгенімізде, өз бағында жүрген бір әйелді көрдік. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына: “Өнімін шамалап есептеңдер”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның өнімін он уасқ деп шамалады да, әйелге: “Бұл бақтан қанша өнім шыққанын есептеп жүр”, – деді.

Табукке жеткенімізде, ол: “Біліп қойыңдар, бүгін түнде қатты жел соғады. Сондықтан ешкім орнынан тұрмасын. Кімнің түйесі болса, оны байлап қойсын”, – деді. Біз түйелерімізді байлап қойдық. Түнде қатты жел соқты. Бір адам орнынан тұрған еді, жел оны Тай тауына апарып тастады. Әйла патшасы Пайғамбарға (с.а.с.) ақ қашыр сыйлап, үстіне шапан жапты. Алла Елшісі (с.а.с.) оның өз жерін жизя төлеу шартымен басқаруын бекіткен жазба берді.

Пайғамбар (с.а.с.) Уади әл-Қураға қайтып келгенде, әлгі әйелден: “Бағыңнан қанша өнім шықты?” – деп сұрады. Әйел: “Алла Елшісі (с.а.с.) шамалағандай, он уасқ шықты”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Мен Мәдинаға асығыс барамын. Араларыңнан кім менімен бірге асыққысы келсе, асықсын”, – деді.

Мәдина көрінген кезде, Пайғамбар (с.а.с.): “Мынау – Таба”, – деді. Ұхұд тауын көргенде: “Бұл – бізді жақсы көретін әрі біз де оны жақсы көретін шағын тау. Сендерге ансарлардың ең қайырлы қоныстарын айтып берейін бе?” – деп сұрады. Олар: “Әрине”, – деді. Ол: “Бәну Нәжжардың қоныстары, одан кейін Бәну Абдуләшһәлдің қоныстары, одан кейін Бәну Сағиданың қоныстары немесе Бәну Харис ибн әл-Хазраждың қоныстары. Ансарлардың барлық қоныстарында да қайыр бар”, – деді».

بَابُ الْعُشْرِ فِيمَا يُسْقَى مِنْ مَاءِ السَّمَاءِ وَبِالْمَاءِ الْجَارِي

38-бапЖаңбыр суымен және ағын сумен суарылған өнімнен оннан бір үлес алу туралы

762
Бұхари, № 762 · Сахих: 1483Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «فِيمَا سَقَتِ السَّمَاءُ وَالْعُيُونُ أَوْ كَانَ عَثَرِيًّا الْعُشْرُ، وَمَا سُقِيَ بِالنَّضْحِ نِصْفُ الْعُشْرِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Жаңбыр суымен, бұлақтармен суарылған немесе өздігінен суарылатын өнімнен оннан бір үлес, ал құрал арқылы суарылған өнімнен оннан бір үлестің жартысы алынады», – деген.

بَابُ أَخْذِ صَدَقَةِ التَّمْرِ عِنْدَ صِرَامِ النَّخْلِ، وَهَلْ يُتْرَكُ الصَّبِيُّ فَيَمَسُّ تَمْرَ الصَّدَقَةِ؟

39-бапҚұрма жиналғанда зекетін алу туралы. Баланың зекетке арналған құрманы ұстауына рұқсат етіле ме?

763
Бұхари, № 763 · Сахих: 1485Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُؤْتَى بِالتَّمْرِ عِنْدَ صِرَامِ النَّخْلِ، فَيَجِيءُ هَذَا بِتَمْرِهِ، وَهَذَا مِنْ تَمْرِهِ، حَتَّى يَصِيرَ عِنْدَهُ كَوْمًا مِنْ تَمْرٍ، فَجَعَلَ الْحَسَنُ وَالْحُسَيْنُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَلْعَبَانِ بِذَلِكَ التَّمْرِ، فَأَخَذَ أَحَدُهُمَا تَمْرَةً، فَجَعَلَهَا فِي فِيهِ، فَنَظَرَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَأَخْرَجَهَا مِنْ فِيهِ، فَقَالَ: «أَمَا عَلِمْتَ أَنَّ آلَ مُحَمَّدٍ ﷺ لَا يَأْكُلُونَ الصَّدَقَةَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Құрма жиналатын кезде Алла Елшісіне (с.а.с.) құрмалар әкелінетін. Бірі өз құрмасынан, енді бірі өз құрмасынан әкеліп, ақырында оның алдында бір үйінді құрма жиналатын. Хасан мен Хусейн (р.а.) сол құрмалармен ойнап жүрді. Екеуінің бірі бір құрманы алып, аузына салды. Мұны көрген Алла Елшісі (с.а.с.) құрманы оның аузынан шығарып алып: “Мұхаммедтің (с.а.с.) әулеті садақа жемейтінін білмейсің бе?” – деді».

بَابُ هَلْ يَشْتَرِي صَدَقَتَهُ؟ وَلَا بَأْسَ أَنْ يَشْتَرِيَ صَدَقَتَهُ غَيْرُهُ

40-бапАдам өзі берген садақасын сатып ала ма? Оны басқа адамның сатып алуында айып жоқ екені туралы

764
Бұхари, № 764 · Сахих: 1490Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: حَمَلْتُ عَلَى فَرَسٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، فَأَضَاعَهُ الَّذِي كَانَ عِنْدَهُ، فَأَرَدْتُ أَنْ أَشْتَرِيَهُ، وَظَنَنْتُ أَنَّهُ يَبِيعُهُ بِرُخْصٍ، فَسَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «لَا تَشْتَرِ، وَلَا تَعُدْ فِي صَدَقَتِكَ، وَإِنْ أَعْطَاكَهُ بِدِرْهَمٍ، فَإِنَّ الْعَائِدَ فِي صَدَقَتِهِ كَالْعَائِدِ فِي قَيْئِهِ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деген: «Мен Алла жолында мінуге арнап бір ат бердім. Алайда оны алған адам атқа дұрыс қарамады. Сондықтан оны сатып алғым келді. Оны маған арзанға сатар деп ойладым. Бұл жөнінде Пайғамбардан (с.а.с.) сұрағанымда, ол: “Оны сатып алма әрі садақаңды кері қайтарып алма, тіпті оны саған бір дирхамға берсе де. Өйткені садақасын кері қайтарып алған адам құсығын қайта жеген адам секілді”, – деді».

بَابُ الصَّدَقَةِ عَلَى مَوَالِي أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ

41-бапПайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары азат еткен құлдарға садақа беру туралы

765
Бұхари, № 765 · Сахих: 1492Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: وَجَدَ النَّبِيُّ ﷺ شَاةً مَيِّتَةً، أُعْطِيَتْهَا مَوْلَاةٌ لِمَيْمُونَةَ مِنَ الصَّدَقَةِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «هَلَّا اِنْتَفَعْتُمْ بِجِلْدِهَا؟» قَالُوا: «إِنَّهَا مَيْتَةٌ». قَالَ: «إِنَّمَا حَرُمَ أَكْلُهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) өліп қалған бір қойды көрді. Ол Мәймунаның азат еткен күңіне садақа ретінде берілген қой еді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оның терісін неге пайдаланбадыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Ол өлексе ғой”, – деді. Сонда ол: “Оның тек етін жеуге ғана тыйым салынған”, – деді», – деп жеткізген.

بَابُ إِذَا تَحَوَّلَتِ الصَّدَقَةُ

42-бапСадақаның басқа біреудің иелігіне өтуі туралы

766
Бұхари, № 766 · Сахих: 1495Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أُتِيَ بِلَحْمٍ تُصُدِّقَ بِهِ عَلَى بَرِيرَةَ، فَقَالَ: «هُوَ عَلَيْهَا صَدَقَةٌ، وَهُوَ لَنَا هَدِيَّةٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбарға (с.а.с.) Бәрираға садақа ретінде берілген ет әкелінді. Сонда ол: «Бұл – оған садақа, ал бізге сыйлық», – деді.

بَابُ أَخْذِ الصَّدَقَةِ مِنَ الْأَغْنِيَاءِ وَتُرَدَّ فِي الْفُقَرَاءِ حَيْثُ كَانُوا

43-бапЗекетті байлардан алып, кедейлер қай жерде болса да, соларға беру туралы

767
Бұхари, № 767 · Сахих: 1496

حَدِيثُ مُعَاذٍ وَبَعْثِهِ إِلَى الْيَمَنِ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «وَاتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ، فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَهُ وَبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ».

Қазақша аудармасы

Мұғаздың Йеменге жіберілуі туралы хадис жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Жәбір көрген адамның дұғасынан сақтан. Өйткені оның дұғасы мен Алланың арасында ешбір перде жоқ», – делінген.

بَابُ صَلَاةِ الْإِمَامِ وَدُعَائِهِ لِصَاحِبِ الصَّدَقَةِ

44-бапИмамның садақа берген адамға салауат айтып, дұға етуі туралы

768
Бұхари, № 768 · Сахих: 1497Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا أَتَاهُ قَوْمٌ بِصَدَقَتِهِمْ قَالَ: «اللَّهُمَّ، صَلِّ عَلَى آلِ فُلَانٍ»، فَأَتَاهُ أَبِي بِصَدَقَتِهِ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ، صَلِّ عَلَى آلِ أَبِي أَوْفَى».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Бір қауым Пайғамбарға (с.а.с.) зекетін алып келген кезде, ол: “Уа, Алла! Пәленшенің әулетіне рақымыңды жаудыр”, – дейтін. Әкем оған зекетін алып келгенде: “Уа, Алла! Әбу Ауфаның әулетіне рақымыңды жаудыр”, – деді».

بَابُ مَا يُسْتَخْرَجُ مِنَ الْبَحْرِ

45-бапТеңізден алынатын нәрселер туралы

769
Бұхари, № 769 · Сахих: 1498Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَّ رَجُلًا مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ سَأَلَ بَعْضَ بَنِي إِسْرَائِيلَ بِأَنْ يُسْلِفَهُ أَلْفَ دِينَارٍ، فَدَفَعَهَا إِلَيْهِ، فَخَرَجَ فِي الْبَحْرِ، فَلَمْ يَجِدْ مَرْكَبًا، فَأَخَذَ خَشَبَةً، فَنَقَرَهَا، فَأَدْخَلَ فِيهَا أَلْفَ دِينَارٍ، فَرَمَى بِهَا فِي الْبَحْرِ، فَخَرَجَ الرَّجُلُ الَّذِي كَانَ أَسْلَفَهُ، فَإِذَا بِالْخَشَبَةِ، فَأَخَذَهَا لِأَهْلِهِ حَطَبًا» – فَذَكَرَ الْحَدِيثَ – «فَلَمَّا نَشَرَهَا وَجَدَ الْمَالَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) мына оқиғаны жеткізген: «Исраил ұрпақтарынан бір адам өз қауымындағы басқа бір адамнан мың динар қарыз сұрады. Ол оған мың динар берді. Қарыз алған адам теңіз сапарына шықты. Кейін кеме таба алмады. Содан кейін бір ағашты алып, ішін ойып, оған мың динарды салды да, теңізге тастады. Қарыз берген адам сыртқа шыққан кезде әлгі ағашты көріп, отынға жаратармын деп үйіне алып кетті, – деп, хадистің қалған бөлігін баяндаған. – Ол ағашты жарған кезде, ішінен ақшасын тапты».

بَابُ فِي الرِّكَازِ الْخُمُسُ

46-бапРиказдан бестен бір үлес алынатыны туралы

770
Бұхари, № 770 · Сахих: 1499Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْعَجْمَاءُ جُبَارٌ، وَالْبِئْرُ جُبَارٌ، وَالْمَعْدِنُ جُبَارٌ، وَفِي الرِّكَازِ الْخُمُسُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Жануардың келтірген зияны үшін өтемақы жоқ, құдықтың келтірген зияны үшін өтемақы жоқ, кеннің келтірген зияны үшін өтемақы жоқ. Ал риказдан бестен бір үлес алынады», – дегенін жеткізген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا﴾ [التَّوْبَةِ: 60] وَمُحَاسَبَةِ الْمُصَدِّقِينَ مَعَ الْإِمَامِ

47-бапАлла Тағаланың: «Зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге» («Тәубе», 60) деген сөзі және зекет жинаушылардың имаммен есеп айырысуы туралы

771
Бұхари, № 771 · Сахих: 1500

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِسْتَعْمَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مِنَ الْأَسْدِ عَلَى صَدَقَاتِ بَنِي سُلَيْمٍ، يُدْعَى ابْنَ اللُّتْبِيَّةِ، فَلَمَّا جَاءَ حَاسَبَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәну Сүләймнің зекетін жинауға Әсд тайпасынан Ибн әл-Лутбия деп аталатын бір адамды тағайындады. Ол қайтып келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) онымен есеп айырысты».

بَابُ وَسْمِ الْإِمَامِ إِبِلَ الصَّدَقَةِ بِيَدِهِ

48-бапИмамның зекет түйелеріне өз қолымен таңба салуы туралы

772
Бұхари, № 772 · Сахих: 1502Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «غَدَوْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ، لِيُحَنِّكَهُ، فَوَافَيْتُهُ فِي يَدِهِ الْمِيسَمُ يَسِمُ إِبِلَ الصَّدَقَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Абдулла ибн Әбу Талханы тәхник жасату үшін таңертең ерте Алла Елшісіне (с.а.с.) алып бардым. Оның зекет түйелеріне таңба салып жатқан кезіне тап келдім. Қолында таңбалау темірі бар еді», – деп жеткізген.