Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 747

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
28. Туыстарға зекет беру туралыبَابُ الزَّكَاةِ عَلَى الْأَقَارِبِ
Нөмірі
№ 747 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1462
747
Бұхари, № 747 · Сахих: 1462Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: حَدِيثُهُ فِي خُرُوجِ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى الْمُصَلَّى تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: فَلَمَّا صَارَ إِلَى مَنْزِلِهِ، جَاءَتْ زَيْنَبُ امْرَأَةُ ابْنِ مَسْعُودٍ تَسْتَأْذِنُ عَلَيْهِ، فَقِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذِهِ زَيْنَبُ»، فَقَالَ: «أَيُّ الزَّيَانِبِ؟» فَقِيلَ: «امْرَأَةُ ابْنِ مَسْعُودٍ». قَالَ: «نَعَمْ، اِئْذَنُوا لَهَا».

فَأُذِنَ لَهَا. قَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّكَ أَمَرْتَ الْيَوْمَ بِالصَّدَقَةِ، وَكَانَ عِنْدِي حُلِيٌّ لِي، فَأَرَدْتُ أَنْ أَتَصَدَّقَ بِهِ، فَزَعَمَ ابْنُ مَسْعُودٍ أَنَّهُ وَوَلَدَهُ أَحَقُّ مَنْ تَصَدَّقْتُ بِهِ عَلَيْهِمْ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صَدَقَ ابْنُ مَسْعُودٍ، زَوْجُكِ وَوَلَدُكِ أَحَقُّ مَنْ تَصَدَّقْتِ بِهِ عَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) намаз оқылатын алаңға шығуы туралы хадисі жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Үйіне келген кезде Ибн Мәсғудтың әйелі Зейнеп одан кіруге рұқсат сұрады. Оған: “Уа, Расулалла! Зейнеп келіп тұр”, – делінді. Ол (с.а.с.): “Зейнептердің қайсысы?” – деп сұрады. “Ибн Мәсғудтың әйелі”, – делінді. Ол (с.а.с.): “Иә, оған кіруге рұқсат беріңдер”, – деді.

Оған рұқсат берілгенде, Зейнеп: “Уа, Алланың пайғамбары! Сіз бүгін садақа беруді бұйырдыңыз. Менің өзіме тиесілі әшекей бұйымдарым бар еді. Соларды садақаға бергім келді. Алайда Ибн Мәсғуд садақамды алуға өзі мен балаларының өзгелерден гөрі лайықтырақ екенін айтты”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ибн Мәсғуд дұрыс айтты. Садақаңды алуға күйеуің мен балаларың өзгелерден гөрі лайықтырақ”, – деді».