Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 744

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
26. Зекетке тек сау мал алынатыны туралыبَابُ لَا تُؤْخَذُ فِي الصَّدَقَةِ إِلَّا السَّلِيمُ
Нөмірі
№ 744 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1455
744
Бұхари, № 744 · Сахих: 1455Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَتَبَ لَهُ الَّتِي أَمَرَ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ: «وَلَا يُخْرَجُ فِي الصَّدَقَةِ هَرِمَةٌ وَلَا ذَاتُ عَوَارٍ، وَلَا تَيْسٌ إِلَّا مَا شَاءَ الْمُصَدِّقُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) маған Алланың Өз Елшісіне (с.а.с.) бұйырған зекет үкімдерін жазып жіберді. Онда: “Зекетке кәрі мал да, кемістігі бар мал да алынбайды. Сондай-ақ зекет жинаушы қалаған жағдайдан басқа кезде теке де алынбайды”, – делінген еді».