Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 771

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
47. Алла Тағаланың: «Зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге» («Тәубе», 60) деген сөзі және зекет жинаушылардың имаммен есеп айырысуы туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا﴾ [التَّوْبَةِ: 60] وَمُحَاسَبَةِ الْمُصَدِّقِينَ مَعَ الْإِمَامِ
Нөмірі
№ 771 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1500
771
Бұхари, № 771 · Сахих: 1500

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِسْتَعْمَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مِنَ الْأَسْدِ عَلَى صَدَقَاتِ بَنِي سُلَيْمٍ، يُدْعَى ابْنَ اللُّتْبِيَّةِ، فَلَمَّا جَاءَ حَاسَبَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәну Сүләймнің зекетін жинауға Әсд тайпасынан Ибн әл-Лутбия деп аталатын бір адамды тағайындады. Ол қайтып келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) онымен есеп айырысты».