عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَعْطَاهُمْ، ثُمَّ سَأَلُوهُ، فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى نَفِدَ مَا عِنْدَهُ، فَقَالَ: «مَا يَكُونُ عِنْدِي مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أَدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَتَصَبَّرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ، وَمَا أُعْطِيَ أَحَدٌ عَطَاءً خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ».
Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, ансарлардың бір тобы Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұрады. Ол (с.а.с.) оларға берді. Олар қайта сұрағанда, қолындағысы таусылғанша тағы да берді. Содан кейін: «Қолымда қандай да бір игілік болса, оны сендерден ешқашан аямаймын. Кім қайыр сұраудан тыйылып, ар-намысын сақтауға ұмтылса, Алла оның ар-намысын сақтайды. Кім ешкімге мұқтаж болмауға ұмтылса, Алла оны мұқтаждықтан арылтады. Кім сабыр сақтауға ұмтылса, Алла оған сабыр береді. Ешкімге сабырдан қайырлы әрі одан да кең нығмет берілмеген», – деді.