Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 757

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
34. Алланың сұрамай әрі дәмеленбей жүрген адамға бір нәрсе беруі туралыبَابُ مَنْ أَعْطَاهُ اللَّهُ شَيْئًا مِنْ غَيْرِ مَسْأَلَةٍ وَلَا إِشْرَافِ نَفْسٍ
Нөмірі
№ 757 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1473
757
Бұхари, № 757 · Сахих: 1473Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْطِينِي الْعَطَاءَ، فَأَقُولُ: «أَعْطِهِ مَنْ هُوَ أَفْقَرُ إِلَيْهِ مِنِّي»، فَقَالَ: «خُذْهُ، إِذَا جَاءَكَ مِنْ هَذَا الْمَالِ شَيْءٌ وَأَنْتَ غَيْرُ مُشْرِفٍ وَلَا سَائِلٍ، فَخُذْهُ، وَمَا لَا فَلَا تُتْبِعْهُ نَفْسَكَ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған мал-мүлік беретін. Сонда мен: “Мұны менен де мұқтаж адамға беріңіз”, – дейтінмін. Ол: “Оны ал. Осы малдан бір нәрсе өзің сұрамай әрі дәмеленбей тұрғаныңда келсе, оны ал. Ал келмеген нәрсеге көңіліңді байлама”, – деді».