Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 736

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
18. Әрбір мұсылманның садақа беруі міндетті екені және берер нәрсе таппаған адамның жақсылық жасауы туралыبَابُ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيَعْمَلْ بِالْمَعْرُوفِ
Нөмірі
№ 736 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1445
736
Бұхари, № 736 · Сахих: 1445Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ»، فَقَالُوا: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «يَعْمَلُ بِيَدِهِ، فَيَنْفَعُ نَفْسَهُ وَيَتَصَدَّقُ». قَالُوا: «فَإِنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «يُعِينُ ذَا الْحَاجَةِ الْمَلْهُوفَ». قَالُوا: «فَإِنْ لَمْ يَجِدْ؟» قَالَ: «فَلْيَعْمَلْ بِالْمَعْرُوفِ، وَلْيُمْسِكْ عَنِ الشَّرِّ، فَإِنَّهَا لَهُ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір мұсылман садақа беруге міндетті», – деді. Олар: «Уа, Алланың пайғамбары! Берер нәрсе таппаған адам не істейді?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Өз қолымен еңбек етіп, өзіне пайда келтіреді әрі садақа береді», – деді. Олар: «Оған да шамасы келмесе ше?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қатты мұқтаж болып, жәрдем сұраған адамға көмектеседі», – деді. Олар: «Оған да шамасы келмесе ше?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жақсылық жасасын әрі жамандықтан тыйылсын. Бұл да оған садақа болады», – деді.