Хадис

Алла жолындағы күрес

Борьба на пути Аллаха

Риядус-салихин, 234-тақырып · 68 хадис · № 1286–1353

Хадистер

Бұл бөлімде келтірілген кейбір хадистердің Пайғамбарымыздың соғыс жағдайында айтқан хадистері екені белгілі. Соғыс жағдайында айтылған хадистер мен ондағы үкімдердің бейбіт заманда және бейбіт елдерде басқаша пайымдалатыны сөзсіз. Сонымен қатар, ислам дінінде жиһад ұғымы тек қана соғыс ұғымын білдірмейтін, адамның өз нәпсісімен, өзінің бойындағы жағымсыз мінездерімен және теріс әдеттерімен күресуді, өз-өзін ізгілікке баулуға күш салуды білдіретін өте ауқымды ұғым екені белгілі.

«وَقَاتِلُوا الْمُشْرِكِينَ كَافَّةً كَمَا يُقَاتِلُونَكُمْ كَافَّةً وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ» «Ендеше, бұл айларда өз-өздеріне қиянат жасамаңдар. Әрі соғысқұмар мүшріктердің сендерге қарсы жаппай жұмыла соғысқанындай, сендер де оларға қарсы жаппай жұмыла соғысыңдар. Біліп қойыңдар, Алла қашан да Өзіне тиісінше тағзым ететін әрі Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанатын тақуа құлдармен бірге!» («Тәубе», 36-аят).

«كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ وَهُوَ كُرْهٌ لَكُمْ وَعَسَى أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ وَعَسَى أَنْ تُحِبُّوا شَيْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَكُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ» «Сендерге қанша жерден ұнамаса да, соғысу парыз етілді. Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара», 216-аят).

«انْفِرُوا خِفَافًا وَثِقَالًا وَجَاهِدُوا بأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» «Өздеріңе мейлі жеңіл, мейлі ауыр тисін, жағдайларың мейлі нашар, мейлі жақсы болсын жаппай аттаныңдар және дүние-мүліктеріңді де, шыбын жандарыңды да аямай Алла жолында күресіңдер. Біле білсеңдер, сендер үшін сол қайырлы» («Тәубе», 41-аят).

«إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَى مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ يُقَاتِلُونَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَيَقْتُلُونَ وَيُقْتَلُونَ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا فِى التَّوْرَاةِ وَالإِنْجِيلِ وَالقُرْآنِ وَمَنْ أَوْفَى بِعَهْدِهِ مِنَ اللَّهِ فَاسْتَبْشِرُوا بِبَيْعِكُمُ الَّذِى بَايَعْتُمْ بِهِ وَذَلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ» «Шынында, Алла мүміндерден жандары мен дүние-мүліктерін орнына жаннатты беретін болып сатып алды. Олар Алла жолында соғысады, не өлтіреді, не болмаса шейіт болады. Бұл – Алланың Тәуратта, Інжілде және Құранда орындаймын деген хақ уәдесі. Уәдеге берік болуда Алладан асатын кім бар?! Ендеше, Аламен осындай сауда-саттық жасағандарың үшін сүйінші! Ең үлкен жетістік міне, осы!» («Тәубе», 111-аят).

«لَا يَسْتَوِى الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِى الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ عَلَى الْقَاعِدِينَ دَرَجَةً وَكُلًا وَعَدَ اللَّهُ الْحُسْنَى وَفَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ أَجْرًا عَظِيمًا دَرَجَاتٍ مِنْهُ وَمَغْفِرَةً وَرَحْمَةً وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا» «Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес. Алла малын да, жанын да қиып, хақ жолда күресіп жүрген мүміндерді қол қусырып қарап отырған мүміндерге қарағанда дәреже жағынан артық әрі жоғары етті. Негізінен, Алла екі топқа да игілік мекені жаннатты уәде етті. Әйтсе де, Алла күрескерлерді қол қусырып отырғандарға қарағанда әлдеқайда артық көріп, зор сый-сияпатқа бөледі. Әрі Өз тарапынан мәртебелер беріп, ерекше кешірім мен мейірімге бөледі. Алла – Ғафур, Рахим!» («Ниса», 95-96-аяттар).

«يَا أيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا هَلْ أدُلُّكُمْ عَلَى تِجَارَةٍ تُنْجِيكُمْ مِنْ عَذَابٍ ألِيمٍ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَتُجَاهِدُونَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ ذلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ يَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَيُدْخِلْكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِى مِنْ تَحْتِهَا الْأنْهَارُ وَمَسَاكِنَ طَيِّبَةً فِى جَنَّاتِ عَدْنٍ ذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ وَأُخْرَى تُحِبُّونَهَا نَصْرٌ مِن اللَّهِ وَفَتْحٌ قَرِيبٌ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ» «Уа, иман келтіргендер! Сендерді жан төзгісіз азаптан құтқаратын өте табысты кәсіпті көрсетейін бе?! Аллаға һәм Расулына лайықты түрде иман келтіріп, Алла жолында мал-пұлдарыңды да, жандарыңды да аямай күресесіңдер! Біле білсеңдер, солай істегендерің өздерің үшін қайырлы болмақ. Сонда ол күнәларыңды кешіріп, түбінен өзендер ағатын жаннат бақшаларына, түгесілмейтін нығмет пен мәңгілік шаттық мекені Адн жаннатындағы керемет үй-жайларға орналастырады. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс, міне, сол! Һәм сендер жақсы көретін тағы бір нығмет – Алладан келетін жәрдем мен жақында жүзеге асатын ұлы жеңіс! Мүміндерді сонымен қуанта бер!» («Саф», 10-13-аяттар).

والآيات فِى الْباب كَثِيرةٌ مشهورةٌ Бұл бөлімге қатысты басқа да мәшһүр аяттар бар.

وأما الْأحاديث فِى فضل الْجهاد فأكثر من أَنْ تحصر فمن ذَلِكَ Ал Алла жолында күресудің артықшылығы жайлы хадистерге келсек, олардың саны тіптен көп. Солардың біразы мыналар:

Известно, что некоторые хадисы, приведённые в этом разделе, были произнесены Пророком ﷺ в условиях войны. Несомненно, хадисы, сказанные в военное время, и содержащиеся в них предписания в мирное время и в мирных странах осмысливаются иначе. Вместе с тем известно, что в исламе понятие джихада не ограничивается одной лишь войной. Это весьма широкое понятие, включающее борьбу человека с собственным нафсом, присущими ему дурными чертами характера и вредными привычками, а также стремление воспитать в себе добродетельные качества.

«Посему не вредите себе в эти месяцы. Сражайтесь с многобожниками все вместе и сплоченно, подобно тому, как они борются с вами все вместе. Знайте, Аллах – вместе с богобоязненными людьми, всецело предающимися Ему и остерегающимися ослушания!» (сура «Тауба», 9:36).

«Предписано вам сражаться, сколь бы неприятно это ни было для вас. И, быть может, в том, что вам не нравится, наличествует благо, и, быть может, в том, что вы любите, наличествует зло. Ведь знает Аллах, а вы не знаете» (сура «Аль-Бакара», 2:216).

«Выступайте, будь это легко иль тяжело для вас, и сражайтесь на пути Аллаха, не жалея ни ваши имущества, ни ваши души. Если бы вы только знали, насколько это лучше для вас!» (сура «Тауба», 9:41).

«Поистине, Аллах купил у верующих их души и их имущества взамен на Рай. Они сражаются на пути Аллаха и либо убивают их, либо погибают сами. Это – истинное обещание Аллаха в Торе, Евангелии и Коране. И кто же вернее Аллаха в своих обещаниях? Так радуйтесь же сделке, которую вы заключили с Ним! Таков ведь величайший успех!» (сура «Тауба», 9:111).

«Не равны верующие, сидящие в своих домах, и верующие, усердствующие на пути Аллаха своим имуществом и своими душами, за исключением тех, кто имеет повреждение. Аллах возвысил и дал преимущество в степени тем, кто усердствует своим имуществом и своими душами, над теми, кто отсиживается. И каждой группе Аллах обещал пристанище благ, но над теми, кто отсиживается, Аллах дал преимущество усердствующим в великой награде. И возвысил Он их в степенях от Него и объял прощением и милосердием. Ведь Аллах – Прощающий, Милосердный» (сура «Ниса», 4:95⁠–⁠96).

«О те, кто уверовали! Не указать ли Мне вам на прибыльную торговлю, которая спасет от тяжкого страдания? Вы веруете в Аллаха и Его посланника, сражаетесь на пути Аллаха, не жалея ни имущества, ни жизни. Если бы вы знали, это лучше для вас же самих! Тогда Он простит вам ваши грехи и разместит вас в райских садах, под которыми текут реки, и в прекрасных пристанищах в Раю Адн, обители неиссякаемого блага и вечного счастья. Это и есть великий успех! И есть ещё одно благо, которое вам будет по душе: это – помощь, которая придёт от Аллаха, и великая победа, которая вскоре воплотится в жизнь. Обрадуй верующих сей вестью!» (сура «Сафф», 61:10⁠–⁠13).

К этой теме относятся и многие другие известные аяты.

Хадисов о достоинстве борьбы на пути Аллаха ещё больше; их не перечесть. Вот некоторые из них:

1286
Риядус-салихин, № 1286Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سُئِلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الْعَمل أَفْضَلُ؟ قَالَ: «إِيمَانٌ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ» قيلَ: ثُمَّ مَاذَا؟ قَالَ: «الجهادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» قِيلَ: ثُمَّ مَاذَا؟ قَالَ: «حَجٌّ مَبْرُورٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде сахабалар Алла елшісінен ﷺ: «Істердің ең абзалы қайсысы?» – деп сұрағанда, ол: «Аллаға және Оның елшісіне иман келтіру», – деді. «Одан кейін қайсысы?» – дегенде, «Алла жолында күресу», – деді. «Одан кейін ше?» – дегенде, «Мүлтіксіз өтелген қажылық», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6, Муслим: 248, Ахмад: 7641).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды сподвижники спросили Посланника Аллаха ﷺ: “Какое деяние является наилучшим?” Он ответил: “Вера в Аллаха и Его Посланника”. Они спросили: “А после этого?” Он ответил: “Борьба на пути Аллаха”. Они вновь спросили: “А после этого?” Он ответил: “Безупречно совершённый хадж”» (Аль-Бухари: 6; Муслим: 248; Ахмад: 7641).

1287
Риядус-салихин, № 1287Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْعَمَلِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى؟ قَالَ: «الصَّلَاةُ عَلَى وَقْتِهَا» قُلْتُ: ثُمَّ أيُّ؟ قَالَ: «بِرُّ الْوَالِدَيْنِ» قُلْتُ: ثُمَّ أيُّ؟ قَالَ: «الجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Уа, Расулалла! Алла Тағала қандай істі бәрінен артық жақсы көреді?» – деп сұрағанымда: «Уақытылы оқылған намазды», – деді. Мен: «Одан кейін қандай істі...?» – дегенімде: «Ата-анаға жақсылық жасағанды», – деді. Мен тағы да: «Одан кейін қандай істі...?» – дегенімде: «Алла жолында күресуді», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 527, Муслим: 252, Ахмад: 389).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда я спросил: “О Посланник Аллаха! Какое дело Аллах Всевышний любит больше всего?”, он ответил: “Молитву, совершённую вовремя”. Я спросил: “А после этого?” Он ответил: “Доброе отношение к родителям”. Я снова спросил: “А после этого?” Он ответил: “Борьбу на пути Аллаха”» (Аль-Бухари: 527; Муслим: 252; Ахмад: 389).

1288
Риядус-салихин, № 1288Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذرّ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْعَمَلِ أفْضلُ؟ قَالَ: «الإِيمَانُ بِاللَّهِ، وَالجِهَادُ فِى سَبِيلهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Уа, Расулалла! Ең абзал іс не?» – деп сұрағанымда: «Аллаға иман келтіру және Алла жолында күресу», – деп жауап берді, – деген (Бұхари: 2518, Муслим: 250, Ахмад: 21331).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда я спросил: “О Посланник Аллаха! Какое дело является наилучшим?”, он ответил: “Вера в Аллаха и борьба на пути Аллаха”» (Аль-Бухари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).

1289
Риядус-салихин, № 1289Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَغَدْوَةٌ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أَوْ رَوْحَةٌ، خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Шынында, ертелі-кеш Алла жолында жүру – мына дүние мен ондағы барлық нығметтерден де қайырлы», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 2792, Муслим: 4873, Ахмад: 12350).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, утренний или вечерний выход на пути Аллаха лучше этого мира и всех его благ”» (Аль-Бухари: 2792; Муслим: 4873; Ахмад: 12350).

1290
Риядус-салихин, № 1290Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخدرِيِّ قَالَ: أَتَى رَجُلٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: أَيُّ النَّاسِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «مُؤْمنٌ يُجَاهِدُ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: «مُؤْمِنٌ فِى شِعبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَعْبُدُ اللَّهَ، وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде бір кісі Алла елшісіне ﷺ келіп: «Адамдардың ең абзалы кім?» – деп сұрады. Сонда ол: «Жан-тәнімен әрі дүние-мүлкімен Алла жолыда аянбай күресіп жүрген мүмін», – деді. Әлгі кісі: «Одан кейін кім?» – деді. Алла елшісі: «Адамдарға кесірім тимесін деп, олардан жырақтағы сай-саланың бірінде Аллаға құлшылық етіп, өзімен-өзі жүрген мүмін», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2786, Муслим: 4886, Ахмад: 11535).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один человек пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и спросил: “Кто является лучшим из людей?” Он ответил: “Верующий, который неустанно борется на пути Аллаха, не жалея ни себя, ни своего имущества”. Тот человек спросил: “А кто после него?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Верующий, который, удалившись от людей в одну из долин, поклоняется Аллаху и живёт в уединении, чтобы не причинять людям вреда”» (Аль-Бухари: 2786; Муслим: 4886; Ахмад: 11535).

1291
Риядус-салихин, № 1291Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رِبَاطُ يَوْمٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا، وَمَوْضِعُ سَوْطِ أَحَدِكُمْ مِنَ الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا، وَالرَّوْحَةُ يَرُوحُهَا الْعَبْدُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى، أَوْ الْغَدْوَةُ، خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла жолында бір күн қарауылда тұру мына дүниеден һәм жер бетіндегі барлық нәрседен де қайырлы. Қайсыбіріңнің қолындағы қамшысының жұмақта алатын азғантай ғана орны, мына дүниеден һәм жер бетіндегі барлық нәрседен де қайырлы. Сондай-ақ Алланың қайсыбір пендесінің таңертең немесе кешке Раббысының жолында жүруі, дүниеден һәм жер бетіндегі барлық нәрседен де қайырлы», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2892, Муслим: 4874, Ахмад: 22782).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Один день пребывания на страже на пути Аллаха лучше этого мира и всего, что есть на земле. Даже малое место в раю, которое заняла бы плеть одного из вас, лучше этого мира и всего, что есть на земле. И выход любого раба Аллаха утром или вечером на путь своего Господа лучше этого мира и всего, что есть на земле» (Аль-Бухари: 2892; Муслим: 4874; Ахмад: 22782).

1292
Риядус-салихин, № 1292Риуаят етуші: Салман

عَنْ سَلمَانَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «رِبَاطُ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ خَيْرٌ مِنْ صِيَامِ شَهْرٍ وَقِيَامِهِ، وَإِنْ مَاتَ جَرَى عَلَيْهِ عَمَلُهُ الَّذِى كَانَ يَعْمَلُ، وَأُجْرِيَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ، وَأَمِنَ الْفَتَّانَ»

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.): Мен Алла елшісінің ﷺ: «Күндіз-түні (бір тәулік бойы) қарауылда тұру (шекара күзету) күндіз оразамен, түнде құлшылықпен өткен бір айдан әлдеқайда қайырлы. (Сарбаз) қарауылда тұрғанда қаза тапса, оның әдетте істеп жүрген игі істерінің сауабы үзілмей артынан барып тұрады, сондай-ақ (құдды шейіттер сияқты) ризық-несібесі де үзілмей барып тұрады және қабірде сұраққа алатын қос періштенің сынағынан аман болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4938, Ахмад: 23735).

Орысша аудармасы

Салман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Нести караульную службу днём и ночью (в течение полных суток), охраняя границу, гораздо лучше, чем провести целый месяц, соблюдая пост днём и поклоняясь Аллаху ночью. Если (воин) умрёт во время несения караульной службы, награда за благие дела, которые он обычно совершал, продолжит непрерывно записываться ему, ему также будет непрестанно дароваться его удел (подобно шахидам), и он будет избавлен от испытания двух ангелов, допрашивающих в могиле”» (Муслим: 4938; Ахмад: 23735).

1293
Риядус-салихин, № 1293Риуаят етуші: Фадала ибн Убәйд

عَنْ فَضَالَةَ بْنِ عُبَيْد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كُلُّ مَيِّتٍ يُخْتَمُ عَلَى عَمَلِهِ إِلَّا الْمُرَابِطَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، فَإِنَّهُ يُنْمى لَهُ عَمَلهُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَيُؤَمَّنُ فِتْنَةَ الْقَبْرِ»

Қазақша аудармасы

Фадала ибн Убәйд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Дүниеден озған әрбір пенденің (жақсы-жаман істері жазылатын) кітабына мөр басылады. Алайда бүкіл ғұмырын Алла жолына арнаған жанның жөні бөлек. Оның игі істерінің сауабы қияметке дейін өсе береді. Сондай-ақ ол қабірдің ауыр сынағынан да аман болады», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт: 2500, Тирмизи: 1621, Ахмад: 23951).

Орысша аудармасы

Фадала ибн Убайд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Книга каждого умершего человека (в которую записываются его добрые и дурные деяния) запечатывается. Исключением является тот, кто нёс стражу на пути Аллаха. Награда за его благие дела будет возрастать вплоть до Дня воскресения, и он будет избавлен от тяжкого испытания в могиле» (Абу Дауд: 2500; Ат-Тирмизи: 1621; Ахмад: 23951).

1294
Риядус-салихин, № 1294Риуаят етуші: Осман

عَنْ عثمان قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «رِبَاطُ يَوْمٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ يَوْمٍ فِيمَا سِوَاهُ مِنَ الْمَنَازِلِ»

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Алла жолында бір күн қарауылда тұру одан өзге орындарда өткізген мың күннен әлдеқайда қайырлы», – деп айтқанын естідім, – деген (Тирмизи: 1667, Ахмад: 470).

Орысша аудармасы

Усман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Один день пребывания на страже на пути Аллаха гораздо лучше тысячи дней, проведённых в любых других местах”» (Ат-Тирмизи: 1667; Ахмад: 470).

1295
Риядус-салихин, № 1295Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَضَمَّنَ اللَّه لِمَنْ خَرَجَ فِى سَبِيلِهِ، لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا جِهَادٌ فِى سَبِيلِى، وَإِيمَانٌ بِى، وَتَصْدِيقٌ بِرُسُلِى، فَهُوَ عَلَيَّ ضَامِنٌ أَنْ أُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، أَوْ أُرْجِعَهُ إِلَى مَنْزِلهِ الَّذِى خَرَجَ مِنْهُ بِمَا نَالَ مِنْ أجْرٍ، أَوْ غَنيمَةٍ. وَالَّذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، مَا مِنْ كَلْمٍ يُكْلَمُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَهَيْئَتِهِ يَوْمَ كُلِم؛ لَوْنُهُ لَوْنُ دَمٍ، وَرِيحُهُ رِيحُ مِسْكٍ. وَالَّذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوْلَا أَنْ يَشُقَّ عَلَى الْمُسْلِمِينَ مَا قَعَدْتُ خِلَافَ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فِى سَبِيلِ اللَّهِ أبدًا، وَلكِنْ لَا أجِدُ سَعَةً فأحْمِلُهُمْ وَلَا يَجِدُونَ سَعَةً، وَيَشُقُّ عَلَيْهِمْ أَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنِّى. وَالَّذِى نَفْس مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوَدِدْتُ أَنْ أغْزُوَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أغْزُوَ فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أغْزُوَ فَأُقْتَلَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала Өзінің жолында жиһадқа шыққан пендесі жайлы: «Ол басқа мақсатпен емес таза Менің разылығыма деген сүйіспеншілікпен, Маған деген терең иманы, елшілерім мен олардың айтқандарына шын жүректен сенуі себепті жолға шықты», – деп, оны мол игілікке кенелтетіндігіне кепілдік (уәде) береді. Алла Тағала әлгі ақ адал жан (шейіттік шәрбатын ішсе), «жұмаққа кіргіземін», (ал ғази болса), «мол сауап пен олжаға кенелтіп, үйіне оралуды нәсіп етемін», – деп уәде береді. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Хақ Тағала жолында түскен жара қиямет күні сол қалпында келеді; түсі қан түстес, иісі мисктей хош иісті болады. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Аллаға ант етейін! Егер мұсылмандарға машақат тудырады-ау демесем, Алла үшін болған ешбір жорықтан қалмас едім. Алайда менің бұған бүкіл мүміндерді құлшындыруға мүмкіндігім болмағаны секілді, олардың да бұған шамалары келе бермейді. Мен кеткенде, өздерінің жорықтан қалып қойғаны оларға оңай соқпайды. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Раббыма ант етейін! Алла жолында жорыққа шығып, шейіт болғанды, содан кейін Алла мені қайтадан тірілтсе, қайта жорыққа аттанып шейіт болғанды, содан соң қайта тірілтсе, тағы да жорыққа аттанып шейіт болғанды қалар едім», – деп айтты», – деген (Муслим: 1876, Бұхари: 36, Ахмад: 9187).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний берёт на Себя обязательство (даёт обещание) щедро вознаградить Своего раба, вышедшего на джихад на Его пути, говоря о нём: “Он отправился не ради какой-либо иной цели, а лишь стремясь снискать Моё довольство, побуждаемый глубокой верой в Меня, искренней верой в Моих посланников и в то, что они возвестили”. Аллах Всевышний обещает этому искреннему рабу: если он (вкусит чашу мученичества), то введёт его в рай, а если (вернётся из похода как воин), то возвратит домой с наградой или добычей.

Клянусь Аллахом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Любая рана, полученная на пути Всевышнего, в День воскресения предстанет в том же виде: цвет её будет цветом крови, а запах – благоуханием мускуса.

Клянусь Аллахом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Если бы я не опасался причинить мусульманам тяготы, то не пропустил бы ни одного похода ради Аллаха. Однако у меня нет средств, чтобы обеспечить их всех верховыми животными, да и у них самих нет для этого средств. Когда я отправляюсь в поход, им тяжело оставаться позади.

Клянусь моим Господом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Я хотел бы выступить в поход на пути Аллаха и пасть шахидом, затем, если бы Аллах вновь оживил меня, ещё раз выступить в поход и пасть шахидом, а после нового воскрешения снова выступить в поход и пасть шахидом» (Муслим: 1876; Аль-Бухари: 36; Ахмад: 9187).

1296
Риядус-салихин, № 1296Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مَكْلُومٍ يُكْلَم فِى سَبيِلِ اللَّه إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامةِ، وَكَلْمُهُ يدْمِى: اللَّوْنُ لَوْنُ دَمٍ، وَالرِّيحُ رِيحُ مِسكٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Алла жолында жарақат алған адам, қиямет күні сол жарақаты қанаған күйде келеді. Түсі кәдімгі қанның түсі болғанымен, иісі мисктің иісіндей хош болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5533, Муслим: 4859, Ахмад: 10653).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человек, получивший ранение на пути Аллаха, явится в День воскресения с кровоточащей раной. Цвет её будет цветом обычной крови, а аромат – благоуханием мускуса» (Аль-Бухари: 5533; Муслим: 4859; Ахмад: 10653).

1297
Риядус-салихин, № 1297Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ معاذٍ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَاتَلَ فِى سَبِيلِ اللَّه من رَجُلٍ مُسْلِمٍ فُوَاقَ نَاقَةٍ، وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ، وَمَنْ جُرِحَ جُرْحًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ نُكِبَ نَكْبَةً فَإِنَّهَا تَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَغزَرِ مَا كَانَتْ: لَونُها الزَّعْفَرَانُ، وَرِيحُها كَالمِسْكِ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір мұсылман ер адам Алла жолында түйе сауым уақыт соғысатын болса, оған жаннат уәжіп болады (яғни міндетті түрде бұйырады). Ал кімде-кім Алла жолында жарақат алған, яки қандай да бір ауыртпашылық көрген болса, сол адам қиямет күні (Алланың дәргейіне) жарақаты одан бетер қанаған күйде келеді. Қанының түсі запрангүлдің түсіндей болса, иісі мисктің иісіндей хош болады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1650, Тирмизи: 1657, Ахмад: 12116).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если какой-либо мусульманин будет сражаться на пути Аллаха хотя бы столько времени, сколько проходит между двумя доениями верблюдицы, ему будет уготован рай (то есть он непременно войдёт в него). А тот, кто будет ранен или получит какую-либо иную травму на пути Аллаха, в День воскресения предстанет (перед Аллахом) с раной, кровоточащей ещё сильнее. Цвет его крови будет подобен цвету шафрана, а аромат – благоуханию мускуса» (Абу Дауд: 1650; Ат-Тирмизи: 1657; Ахмад: 12116).

1298
Риядус-салихин, № 1298Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: مَرَّ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِشِعبٍ فِيهِ عُيَيْنَةٌ مِنْ مَاءٍ عَذْبَة، فَأعْجَبَتْهُ، فَقَالَ: لَو اعْتَزَلْتُ النَّاسَ فَأقَمْتُ فِى هَذَا الشِّعْبِ، وَلَنْ أفْعَلَ حَتَّى أسْتَأْذِنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فذكَرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَا تَفعلْ؛ فَإِنَّ مُقامَ أَحَدِكُمْ فِى سَبِيلِ اللَّهِ أَفْضَلُ مِنْ صَلَاتِهِ فِى بَيْتِهِ سَبْعِينَ عَامًا، أَلَا تُحِبُّونَ أَنْ يَغْفِرَ اللَّه لَكُمْ، وَيُدْخِلَكُمُ الْجَنَّةَ؟ أُغْزُوا فِى سَبِيلِ اللَّه، من قَاتَلَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فُوَاقَ نَاقَةٍ وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ сахабаларының бірі (әлдебір сапарында) суы балдай кішігірім бұлақ ағып жатқан бір саймен келе жатып, әлгі жерді ұнатып қалады да, ішінен: «Шіркін, адамдардан оқшауланып, мына сайда өзіммен-өзім өмір сүрсем қандай жақсы болар еді!» – деп ойлап, бірақ «Алла елшісінен рұқсат алмастан олай істемеймін», – деген тоқтамға келеді. Кейін ол бұл ойын Алла елшісіне жеткізгенде, оған: «Сен олай істеме. Шынында, қайсыбіріңнің болса да, Алла жолында тікесінен тік тұрып (қызмет етуі), үйінде отырып жетпіс жыл намаз оқып құлшылық жасағанынан әлдеқайда артық. Алланың күнәларыңды кешіріп, сендерді жұмаққа кіргізгенін қаламайсыңдар ма? Алла жолында аянбай күресіңдер, өйткені кімде-кім Алла жолында түйені екі мәрте сауғандағы уақыт аралығындай болса да қасық қаны қалғанша шайқасса, міндетті түрде жұмаққа кіреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1650, Ахмад: 9762).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды один из сподвижников Посланника Аллаха ﷺ, проходя (во время одного из своих путешествий) по ущелью, где струился небольшой источник с водой, сладкой словно мёд, облюбовал это место и подумал: “Как было бы хорошо уединиться от людей и жить здесь одному!” Однако он решил: “Я не стану делать этого, пока не получу разрешения Посланника Аллаха ﷺ”. Позднее он рассказал о своём намерении Посланнику Аллаха ﷺ, и тот сказал ему: “Не делай этого. Поистине, для любого из вас стойко пребывать на пути Аллаха (неся служение Ему) гораздо лучше, чем семьдесят лет молиться и поклоняться Ему у себя дома. Разве вы не хотите, чтобы Аллах простил ваши грехи и ввёл вас в рай? Не щадя сил, сражайтесь на пути Аллаха, ибо тот, кто будет сражаться на пути Аллаха до последней капли крови хотя бы столько времени, сколько проходит между двумя доениями верблюдицы, непременно войдёт в рай”» (Ат-Тирмизи: 1650; Ахмад: 9762).

1299
Риядус-салихин, № 1299Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا يَعْدلُ الْجهادَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ؟ قَالَ: «لَا تَسْتَطِيعُونَهُ» فَأعَادُوا عَلَيْهِ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا كُلُّ ذَلِكَ يَقُولُ: «لَا تَسْتَطِيعُونَهُ»! ثُمَّ قَالَ: «مَثَلُ الْمُجَاهِدِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثلِ الصَّائِمِ الْقَائِمِ الْقَانتِ بآياتِ اللَّه لَا يَفْتُرُ مِنْ صِيَامٍ، وَلَا صَلَاةٍ، حَتَّى يَرْجِعَ الْمُجَاهِدُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ».

وَفِى رِوَايَة الْبخارِى: أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، دُلَّنِى عَلَى عَمَلٍ يَعْدِلُ الْجِهَادَ؟ قَالَ: «لَا أجِدُهُ» ثُمَّ قَالَ: «هَلْ تَسْتَطِيعُ إِذَا خَرَجَ الْمُجَاهِدُ أَنْ تَدْخُلَ مَسْجِدَكَ فَتقومَ وَلَا تَفْتُرَ، وَتَصُومَ وَلَا تُفْطِرَ»؟ فَقَالَ: وَمَنْ يَسْتَطِيعُ ذَلِكَ؟

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісіне ﷺ: «Уа, Расулалла! Алла жолындағы күреске тең келетін басқа қандай іс бар?» – деген сауал қойылғанда, ол: «Оған шамаларың жетпейді», – деді. Сахабалар осы сұрақты екі немесе үш қайтара сұрағанда, «Оған шамаларың жетпейді» деген жауабынан танбады. Кейін оларға: «Алланың жолында күреске шыққан адам қайтып оралғанша, бейне бір үзбей ораза ұстаумен, тынбай намаз оқумен әрі жатпай-тұрмай Алланың аяттарын оқумен шұғылданған адам сияқты болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2785, Муслим: 4885, Ахмад: 5840).

Хадистің имам Бұхариде келген нұсқасында: Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Уа, Расулалла! Маған Алла жолындағы күреске тең келетін игі істі нұсқайсыз ба?» – дегенде: «Оған тең келетін істі білмеймін», – деді де, содан кейін оған: «Алла жолында күресуге шыққан жауынгер қайта оралғанша, сен мешітіңе кіріп, тынбай намаз оқып, үзбей ораза ұстауға шамаң жете ме?» – деді де, артынша: «Бұлай істеуге кімнің шамасы жетеді дейсің?!» – деп айтты», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланника Аллаха ﷺ спросили: “О Посланник Аллаха! Какое ещё деяние может сравниться с борьбой на пути Аллаха?” Он ответил: “Вы не сможете совершать его”. Сподвижники повторили этот вопрос два или три раза, но каждый раз он отвечал: “Вы не сможете совершать его”. Затем он сказал им: “Тот, кто вышел на борьбу на пути Аллаха, до самого своего возвращения подобен человеку, который непрерывно соблюдает пост, неустанно совершает молитву и беспрестанно читает аяты Аллаха”» (Аль-Бухари: 2785; Муслим: 4885; Ахмад: 5840).

В версии хадиса, приведённой имамом аль-Бухари, сообщается, что один человек спросил Пророка ﷺ: «О Посланник Аллаха! Не укажешь ли ты мне на благое деяние, равное борьбе на пути Аллаха?» Он ответил: «Я не знаю деяния, которое могло бы сравниться с ней». Затем он спросил его: «Сможешь ли ты, когда воин выйдет на борьбу на пути Аллаха, войти в свою мечеть и до его возвращения непрерывно совершать молитву и постоянно соблюдать пост?» Тот человек ответил: «Да кто же способен на такое?!»

1300
Риядус-салихин, № 1300Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مِنْ خَيْرِ مَعَاشِ النَّاسِ لَهُمْ، رَجُلٌ مُمْسِكٌ عِنَانَ فَرَسِهِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، يَطِيرُ عَلَى مَتْنِهِ، كُلَّمَا سَمِعَ هَيْعَةً أَوْ فَزْعَةً طَارَ عَلَيْهِ يَبْتَغِى الْقَتْلَ وَالْمَوْتَ مَظَانَّهُ أَوْ رَجُلٌ فِى غُنَيْمَةٍ فِى رَأسِ شَعَفَةٍ مِنْ هَذَا الشَّعَفِ، أَوْ بَطْنِ وَادٍ مِن الْأَوْدِيَةِ، يُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَيُؤتي الزَّكَاةَ، وَيَعْبُدُ رَبَّهُ حَتَّى يَأْتِيَهُ الْيَقِينُ، لَيْسَ مِنَ النَّاسِ إِلَّا فِى خَيْرٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Адамдар үшін ең қайырлы тіршілік мына екі адамның тіршілігі, бірі: Алла жолында ат тізігінін ұстап, атымен құстай ұшқан, аттан салған ұранды естіген сайын арқаланып, шайқасуды немесе ажал құшуды аңсаған күйде қан майданға қарай құйғытқан жауынгер. Енді бірі: мына жоталардың үстінде немесе мына сайлардың бірінде азын-аулақ қойын бағып, намазын оқып, зекетін беріп, ажалы келгенге дейін Раббысына құлшылығын жасап, ел-жұртпен тек жақсылықта (яғни игі шаралар мен сауапты істерде) ғана бірге болған жан», – деп айтты, – деген (Муслим: 4889, Ахмад: 9142).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Один из лучших образов жизни для человека – жизнь воина, который, держа поводья своего коня на пути Аллаха, мчится на нём подобно птице и всякий раз, услышав призыв к сражению или сигнал тревоги, воодушевляется и устремляется на поле битвы, желая вступить в бой или встретить смерть. Другой – жизнь человека, который пасёт немногочисленное стадо овец на вершинах этих холмов или в одной из этих долин, совершает молитву, выплачивает закят, поклоняется своему Господу до самой смерти и общается с людьми лишь в благом (то есть участвуя в благих начинаниях и делах, за которые полагается награда)» (Муслим: 4889; Ахмад: 9142).

1301
Риядус-салихин, № 1301Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِى الْجنَّةِ مِئَةَ دَرَجَةٍ أعَدَّهَا اللَّهُ لِلْمُجَاهِدِينَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла Өзінің жолында күрескен жауынгерлер үшін жаннатта дайындап қойған жүз дәреже бар! Сондағы екі дәреженің арасы көк пен жердің арасындай», – деп айтты, – деген (Бұхари: 2890, Ахмад: 8419).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах приготовил в раю для воинов, сражавшихся на Его пути, сто степеней. Расстояние между каждыми двумя степенями подобно расстоянию между небом и землёй» (Аль-Бухари: 2890; Ахмад: 8419).

1302
Риядус-салихин, № 1302Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ رَضِيَ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا، وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ»، فَعَجِبَ لَهَا أَبُو سَعيدٍ، فَقَالَ: أَعِدْهَا عَلَيَّ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَأَعَادَهَا عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَأُخْرَى يَرْفَعُ اللَّهُ بِهَا الْعَبْدَ مِئَةَ دَرَجَةٍ فِى الْجَنَّةِ، مَا بَيْنَ كُلِّ دَرَجَتَينِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ» قَالَ: وَمَا هيَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «الجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، الْجهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Аллаға жаратушы ие, исламға дін, Мұхаммедке елші-пайғамбар ретінде разы болған жанға жаннат міндетті түрде нәсіп болады», – дегенде, бұл сөзге қатты қуанған Әбу Сағид: «Уа, Расулалла! Маған соны қайтадан айтыңызшы», – деді. Сонда Алла елшісі ﷺ әлгі сөзін қайталап айтты да, артынша: «Бұдан бөлек тағы бір іс бар, Алла сол арқылы жаннатта пендені жүз дәрежеге дейін көтереді. Сондағы әрбір дәреженің арасы көк пен жердің арасындай болады», – деді. Әбу Сағид: «Уа, Расулалла! Ол қандай іс?» – дегенде, оған: «Алла жолындағы күрес! Алла жолындағы күрес!» – деп айтты» (Муслим: 4879).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто доволен Аллахом как Господом-Творцом, исламом как религией и Мухаммадом как Посланником и Пророком, непременно будет дарован рай». Эти слова поразили Абу Саида, и он попросил: «О Посланник Аллаха! Повторите мне это ещё раз». Тогда Посланник Аллаха ﷺ повторил сказанное, а затем добавил: «Кроме того, есть ещё одно дело, посредством которого Аллах возвышает Своего раба в раю на сто степеней. Расстояние между каждыми двумя степенями подобно расстоянию между небом и землёй». Абу Саид спросил: «О Посланник Аллаха! Что это за дело?» Он ответил: «Борьба на пути Аллаха! Борьба на пути Аллаха!» (Муслим: 4879).

1303
Риядус-салихин, № 1303

عَنْ أَبِى بَكْر بْنِ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ، قَالَ: سَمِعْتُ أَبِى وَهُوَ بَحَضْرَةِ الْعَدُوِّ، يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أبْوَابَ الْجَنَّةِ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» فَقَامَ رَجُلٌ رَثُّ الْهَيْئَةِ، فَقَالَ: يَا أَبَا مُوسَى أأَنْتَ سَمِعْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ هَذَا؟ قَالَ: نَعَمْ، فَرَجَعَ إِلَى أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: أقْرَأُ عَلَيْكُم السَّلَامَ، ثُمَّ كَسَرَ جَفْنَ سَيْفِهِ فَألْقَاهُ، ثُمَّ مَشَى بِسَيْفِهِ إِلَى الْعَدُوِّ فَضَربَ بِهِ حَتَّى قُتِلَ

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір ибн Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бірде әкем дұшпанмен бетпе-бет келген шақта, Алла елшісі ﷺ: «Жұмақтың қақпалары (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінің астында», – деп айтты», – деді. Сонда иіні әбден тозған бір кісі орнынан атып тұрып: «Уа, Әбу Мұса! Алла елшісінің солай деп айтқанын өз құлағыңмен естідің бе?» – деп сұрады. Әбу Мұса оған: «Иә», – деп жауап бергенде, әлгі кісі жолдастарының қасына жетіп барып, оларға: «Сау-сәлемет болыңдар!» – деп асығыс қоштасты да, қылышының қынын ортасынан қақ бөліп, лақтырып жіберді. Содан кейін қолындағы жалаңаш қылышымен жауға атой сап, жан тәсілім еткенше аянбай шайқасты», – деген (Муслим: 4916, Ахмад: 19680).

Орысша аудармасы

Абу Бакр ибн Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды, оказавшись лицом к лицу с врагом, его отец произнёс слова Посланника Аллаха ﷺ: «Врата рая находятся под сенью мечей (которыми сражаются на пути Аллаха)». Тогда некий человек в совершенно изношенной одежде вскочил с места и спросил: «О Абу Муса! Ты своими ушами слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал это?» Абу Муса ответил ему: «Да». Тогда этот человек поспешил к своим товарищам, наскоро простился с ними, сказав: «Будьте живы и здравы!», после чего разломил ножны своего меча пополам и отбросил их. Затем с обнажённым мечом в руке он с боевым кличем бросился на врага и сражался, не щадя себя, до последнего вздоха (Муслим: 4916; Ахмад: 19680).

1304
Риядус-салихин, № 1304

عَنْ أَبِى عبسٍ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ جَبْرٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ما اغْبَرَّتْ قَدَمَا عَبْدٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَتَمَسَّهُ النَّارُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Абс Абдуррахман ибн Жәбір (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Алла жолында аяғы шаң болған жанға тозақ оты тимейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2811, Ахмад: 15935).

Орысша аудармасы

Абу Абс Абдуррахман ибн Джабр (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Огонь ада не коснётся того, чьи ноги покрылись пылью на пути Аллаха» (Аль-Бухари: 2811; Ахмад: 15935).

1305
Риядус-салихин, № 1305Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَلِجُ النَّارَ رَجُلٌ بَكَى مِنْ خَشْيةِ اللَّه حَتَّى يَعُودَ اللَّبَنُ فِى الضَّرْعِ، وَلَا يَجْتَمِعُ عَلَى عَبْدٍ غُبَارٌ فِى سَبِيلِ اللَّهِ وَدُخَانُ جَهَنَّمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Сауылған сүт желінге қалай қайтпайтын болса, Алланың азабынан қорқып жылаған адам да тозаққа кірмейді, сондай-ақ Алла жолында қонған шаң-тозаң мен тозақтың түтіні бір адамның бойында бірге болмайды», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 1633, Ахмад: 10560).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Подобно тому как надоенное молоко не возвращается обратно в вымя, человек, плакавший из страха перед наказанием Аллаха, не войдёт в ад. Пыль, осевшая на человеке на пути Аллаха, и дым ада также никогда не соединятся в нём» (Ат-Тирмизи: 1633; Ахмад: 10560).

1306
Риядус-салихин, № 1306Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «عَيْنَانِ لَا تَمسُّهُمَا النَّارُ: عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Екі түрлі көзді тозақ оты шалмайды: бірі – Алладан қорқып жылаған көз; екіншісі – Алла жолында (дінін, елін, жерін қорғау мақсатында) түнімен қарауылда тұрған көз», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 1639).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Двух глаз не коснётся огонь ада: глаза человека, плакавшего из страха перед Аллахом, и глаза человека, который всю ночь стоял на страже на пути Аллаха (с целью защиты своей религии, страны и земли)”» (Ат-Тирмизи: 1639).

1307
Риядус-салихин, № 1307Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид

عَنْ زيد بْنِ خالد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ جَهَّزَ غَازيًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَقَدْ غَزَا، وَمَنْ خَلَفَ غَازيًا فِى أَهْلِهِ بِخَيْرٍ فَقَدْ غَزَا»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Алла жолындағы жауынгерді жасақтаған адам да соғысқа қатысқандай сауап алады, сондай-ақ Алла жолындағы жауынгердің артында қалған отбасына жақсы қарасып, қамқор болған адам да соғысқа қатысқандай сауап алады», – деп айтқан (Бұхари: 2843, Муслим: 4902, Ахмад: 21681).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Халид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто снарядит воина, отправляющегося сражаться на пути Аллаха, получит такую же награду, словно сам участвовал в сражении. Тот, кто будет хорошо относиться к оставшейся дома семье воина на пути Аллаха и заботиться о ней, также получит награду, словно сам участвовал в сражении» (Аль-Бухари: 2843; Муслим: 4902; Ахмад: 21681).

1308
Риядус-салихин, № 1308Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أُمَامَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفْضَلُ الصَّدَقَاتِ ظِلُّ فُسْطَاطٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ وَمَنيحَةُ خَادِمٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أَوْ طَرُوقَةُ فَحلٍ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Ең абзал садақа – Алла жолындағы жауынгерлер паналасын деп берілген шатыр, Алла жолындағы жауынгерге берілген қызметші және Алла жолындағы жауынгерге берілген інген», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1627, Ахмад: 22321).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Наилучшими видами милостыни являются шатёр, предоставленный воинам на пути Аллаха для укрытия, слуга, предоставленный воину на пути Аллаха, и верблюдица, предоставленная воину на пути Аллаха» (Ат-Тирмизи: 1627; Ахмад: 22321).

1309
Риядус-салихин, № 1309Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أن فَتَىً مِنْ أَسْلَمَ، قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُرِيدُ الْغَزْوَ وَلَيْسَ مَعِيَ مَا أَتَجهَّزُ بِهِ، قَالَ: «ائْتِ فُلَانًا فَإِنَّهُ قَدْ كَانَ تَجَهَّزَ فَمَرِضَ» فَأتَاهُ، فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُقْرِئُكَ السَّلَامَ، وَيَقُولُ: أعْطِنِى الَّذِى تَجَهَّزْتَ بِهِ. قَالَ: يَا فُلَانَةُ، أعْطِيهِ الَّذِى كُنْتُ تَجَهَّزْتُ بِهِ، وَلَا تَحْبِسِى عَنْهُ شَيْئًا، فَوَاللَّهِ لَا تَحْبِسِى مِنْهُ شَيْئًا فَيُبَارَكَ لَكِ فِيهِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Әсләм руынан шыққан бір жас жігіт Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Мен де жорыққа шыққым келеді, бірақ ешбір дайындығым жоқ», – деп мұңын шақты. Сонда Алла елшісі оған: «Пәлен кісіге (менің атымнан) бар. Ол жорыққа шығу үшін барлық керек-жарағын сайлап алған еді. Алайда өзі аяқ астынан ауырып қалды», – деді. Пайғамбарымыздың айтуымен ол сырқаттанып жатқан кісіге келіп: «Алла елшісі саған сәлем айтып жатыр, жорыққа шығу үшін әзірлеген дүниеңді маған берсін деді», – деп айтты. Науқас кісі әйелінің атын атап: «Әй, пәленше! Мына жігітке жорыққа деп дайындаған сауыт-саймандарым мен өзге керек-жарағымның бірін қалдырмай бер. Алланың атымен ант етейін! Мына жігіттен еш нәрсені аяма, сонда оның берекесі мен сауабы саған да тиеді», – деп айтты», – деген (Муслим: 4904, Ахмад: 11301).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды юноша из племени Аслам пришёл к Пророку ﷺ и пожаловался: “О Посланник Аллаха! Я тоже хочу отправиться в поход, но у меня нет никакого снаряжения”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ступай к такому-то (от моего имени). Он приготовил всё необходимое для похода, но внезапно заболел”. По велению Пророка ﷺ юноша пришёл к заболевшему человеку и сказал: “Посланник Аллаха передаёт тебе приветствие и велел отдать мне всё, что ты приготовил для похода”. Тогда больной, обратившись к жене по имени, сказал: “О такая-то! Отдай этому юноше всё моё снаряжение и прочие припасы, приготовленные для похода, не оставляя ничего. Клянусь Аллахом! Ничего для него не жалей, и тогда благодать и награда за это достанутся и тебе”» (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).

1310
Риядус-салихин, № 1310Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ إِلَى بَنِى لَحْيَانَ، فَقَالَ: «لِيَنْبَعِثْ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ أَحَدُهُمَا، وَالْأَجْرُ بَيْنَهُمَا» وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: «لِيَخْرُجَ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ رَجُلٌ» ثُمَّ قَالَ للقاعد: «أيُّكُمْ خَلَفَ الْخَارِجَ فِى أَهْلِهِ وَمَالِهِ بِخيْرٍ كَانَ لَهُ مِثْلُ نِصْفِ أجْرِ الْخَارِجِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ Лахиянұлдары тайпасына кісі жіберіп: «Әр екі еркектің біреуі (Алла жолына) аттансын, (енді біреуі өзінің һәм жорыққа аттанған бауырының отбасына қарайласып елде қалсын), әжір-сауап екеуіне теңдей бөлінеді», – деп айтты, – деген (Муслим: 4904, Ахмад: 11301).

Имам Муслимде келген хадистің басқа нұсқасында: Алла елшісі ﷺ: «Әр екі еркектің біреуі (Алла жолына) аттансын», – деген. Содан кейін елде қалатын адамға: «Қайсыбірің жорыққа аттанған адамның отбасы мен дүние-мүлкіне жақсылап қарайласатын болса, соған жорыққа аттанған кісінің әжір-сауабының тең жартысындай сауап жазылады», – деген».

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ, отправляя отряд к племени Бану Лихьян, сказал: «Пусть из каждых двух мужчин один отправится (на путь Аллаха), а другой (останется дома, заботясь как о своей семье, так и о семье своего брата, отправившегося в поход); награда будет разделена между ними поровну» (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).

В другой версии этого хадиса, приведённой имамом Муслимом, сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть из каждых двух мужчин один отправится (на путь Аллаха)». Затем, обращаясь к тому, кто останется дома, он сказал: «Тому из вас, кто будет должным образом заботиться о семье и имуществе отправившегося в поход, запишется награда, равная половине награды участника похода».

1311
Риядус-салихин, № 1311Риуаят етуші: Бәра

عَنْ الْبَراءِ قَالَ: أَتَى النَّبِيَّ ﷺ رَجُلٌ مُقَنَّعٌ بالحَدِيدِ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُقَاتِلُ أَوْ أُسْلِمُ؟ قَالَ: «أسْلِمْ، ثُمَّ قَاتِلْ». فَأسْلَمَ، ثُمَّ قَاتَلَ فَقُتِلَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَمِلَ قَلِيلًا وَأُجِرَ كَثِيرًا»

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бақайшығына дейін қаруланған бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Алдымен шайқасқа қатысайын ба, жоқ әлде Исламды қабылдайын ба?» – деп сұрады. Алла елшісі оған: «Алдымен мұсылмандықты қабылда, содан кейін барып шайқасқа шық», – деді. Содан әлгі кісі алдымен мұсылмандықты қабылдап, артынан соғысқа қатысып, қаза тапты. Кейін Алла елшісі ол жайында: «Аз іс істеп, мол сауапқа кенелді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2808, Муслим: 4914, Ахмад: 18565).

Орысша аудармасы

Аль-Бара (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек, вооружённый с головы до ног, и спросил: “О Посланник Аллаха! Сначала мне принять участие в сражении или принять ислам?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Сначала прими ислам, а затем отправляйся сражаться”. Тогда этот человек принял ислам, вступил в сражение и погиб. Позднее Посланник Аллаха ﷺ сказал о нём: “Он совершил мало, но обрёл великую награду”» (Аль-Бухари: 2808; Муслим: 4914; Ахмад: 18565).

1312
Риядус-салихин, № 1312Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا أَحَدٌ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ يُحِبُّ أَنْ يَرْجِعَ إِلَى الدُّنْيَا وَلَهُ مَا عَلَى الْأَرْضِ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا الشَّهِيدُ، يَتَمَنَّى أَنْ يَرْجِعَ إِلَى الدُّنْيَا، فَيُقْتَلَ عَشْرَ مَرَّاتٍ؛ لِمَا يَرَى مِنَ الْكَرَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жұмаққа кірген адамдардың ешбірі жер бетіндегі барлық игілікке бір өзің ие боласың десе де, дүниеге қайтып оралғысы келмейді. Алайда Алла жолында қаза тапқан шейіттің жөні бөлек. Ол (о дүниедегі) шейіттіктің мәртебесін көрген соң, мына дүниеге қайта оралып, он рет жау қолынан қаза тапсам екен деп армандайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2817, Муслим: 4867, Ахмад: 12557).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Никто из вошедших в рай не пожелает вернуться в этот мир, даже если ему предложат стать единственным обладателем всех земных благ. Исключением является шахид, павший на пути Аллаха: увидев (в ином мире) высокую степень мученичества, он пожелает вернуться в этот мир и десять раз погибнуть от рук врага» (Аль-Бухари: 2817; Муслим: 4867; Ахмад: 12557).

1313
Риядус-салихин, № 1313Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَغْفِرُ اللَّهُ لِلْشَّهِيدِ كُلَّ شَيْءٍ إِلَّا الدَّيْنَ» وَفِى رِوَايَةٍ له: «القَتْلُ فِى سبيلِ اللَّهِ يُكَفِّرُ كُلَّ شيءٍ إِلَّا الدَّيْن»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Алла шейіт болған адамның барлық күнәларын кешіреді, тек қарыздың жөні басқа», – деп айтқан» (Муслим: 4883, Ахмад: 7051).

Хадистің имам Муслимде келген нұсқасында: «Алла жолында ажал құшу – қарыздан басқа барлық нәрсенің өтемі болады»,1 – деп айтылған.

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах прощает шахиду все его грехи, кроме долга» (Муслим: 4883; Ахмад: 7051).

В другой версии этого хадиса, приведённой имамом Муслимом, говорится: «Гибель на пути Аллаха служит искуплением всего, кроме долга»1.

  1. 1Алла жолында шейіт болу – пенденің қарызынан басқа барлық күнә-қателіктерін жуып-шаяды.
  1. 1То есть гибель на пути Аллаха искупает все грехи и проступки человека, кроме долга.
1314
Риядус-салихин, № 1314Риуаят етуші: Әбу Қатада

عَنْ أَبِى قتادة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَامَ فِيهِم فَذَكَرَ أَنَّ الْجِهَادَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، وَالإِيمَانَ بِاللَّهِ، أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أرأيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أتُكَفَّرُ عَنِّى خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، إِنْ قُتِلْتَ فِى سَبِيلِ اللَّه وَأَنْتَ صَابِرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ»، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كيْفَ قُلْتَ؟» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أتُكَفَّرُ عَنِّى خَطَايَايَ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، إِلَّا الدَّيْنَ فَإِنَّ جِبْرِيلَ تَعَالَى قَالَ لِى ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ сахабаларға құтба оқыды. Сол құтбасында Алла жолындағы күрес пен Аллаға иман етудің ең абзал іс екенін қадап айтқан болатын. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Алла елшісі әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жәбірейіл (а.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген (Муслим: 4880, Ахмад: 8075).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к сподвижникам с проповедью, в которой особо подчеркнул, что борьба на пути Аллаха и вера в Аллаха являются наилучшими деяниями. Тогда один из сподвижников поднялся со своего места и спросил: “О Посланник Аллаха! Простятся ли мне мои грехи, если я погибну шахидом на пути Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да. Если ты погибнешь на пути Аллаха, проявляя предельное терпение, ожидая награды только от Аллаха, не отступая ни на шаг и устремляясь лишь вперёд, твои грехи будут прощены”.

Спустя некоторое время Посланник Аллаха ﷺ спросил того человека: “Что ты сказал?” Тот сподвижник вновь спросил: “Простятся ли мне мои грехи, если я погибну шахидом на пути Аллаха?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да. Если ты погибнешь на пути Аллаха, проявляя предельное терпение, ожидая награды только от Аллаха, не отступая ни на шаг и устремляясь лишь вперёд, тебе простятся все грехи, кроме твоих долгов. Об этом мне сообщил ангел Джибрил (мир ему)”» (Муслим: 4880; Ахмад: 8075).

1315
Риядус-салихин, № 1315Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: أيْنَ أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنْ قُتِلْتُ؟ قَالَ: «في الْجَنَّةِ» فَألْقَى تَمَرَاتٍ كُنَّ فِى يَدِهِ، ثُمَّ قَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Ұхұд шайқасы болған күні бір сахаба Пайғамбарымыздан ﷺ: «Уа, Расулалла! Егер ерлікпен қаза тапсам (о дүниеде) қайда боламын?» – деп сұрады. Расулалла оған: «Жаннатта боласың», – деп жауап берді. Сонда әлгі сахаба бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салып, ұрысқа кірісіп кетті де, қаза тапқанша қасық қаны қалмай шайқасты», – деп айтты (Муслим: 4913, Ахмад: 14314).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «В день битвы при Ухуде один из сподвижников спросил Пророка ﷺ: “О Посланник Аллаха! Если я погибну, проявив доблесть, где окажусь (в мире ином)?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Ты будешь в раю”. Тогда этот сподвижник сразу же отбросил финики, которые держал в руке и ещё не успел доесть, вступил в бой и сражался до последней капли крови, пока не пал» (Муслим: 4913; Ахмад: 14314).

1316
Риядус-салихин, № 1316Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: انْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ حَتَّى سَبَقُوا الْمُشْرِكِينَ إِلَى بَدْرٍ، وَجَاءَ الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَقْدمَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ إِلَى شَيْءٍ حَتَّى أكُونَ أَنَا دُونَهُ». فَدَنَا الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُومُوا إِلَى جَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ» قَالَ: يَقُولُ عُمَيْرُ بْنِ الْحُمَامِ الْأنْصَارِيُّ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، جَنَّةٌ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ؟ قَالَ: «نَعَمْ» قَالَ: بَخٍ بَخٍ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَحْمِلُكَ عَلَى قَولِكَ بَخٍ بَخٍ؟» قَالَ: لَا وَاللَّهِ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِلَّا رَجَاءَ أَنْ أَكُونَ مِنْ أَهْلِهَا، قَالَ: «فَإِنَّكَ مِنْ أَهْلِهَا» فَأخْرَجَ تَمَرَاتٍ مِنْ قَرَنِهِ، فَجَعَلَ يَأكُلُ مِنْهُنَّ، ثُمَّ قَالَ: لَئِنْ أَنَا حَييتُ حَتَّى آكُلَ تَمَرَاتِى هَذِهِ إِنّهَا لَحَياةٌ طَوِيلَةٌ، فَرَمَى بِمَا كَانَ مَعَهُ مِنَ التَّمْرِ، ثُمَّ قَاتَلَهُمْ حَتَّى قُتِلَ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мен сахабалары ерте қозғалып, Бәдірге мүшріктерден бұрын жетті. Мүшріктердің қалың қолы Бәдірге келіп жеткенде, Алла елшісі сахабаларына: «Ешбірің менің пәрменімсіз қандай да бір іске өздігінен кірісуші болмасын», – деп ескертті. Мүшріктердің қолы тақап қалғанда, Алла елшісі: «Ал енді, ені жеті қат аспан мен жердің арасындай болған жұмаққа кіру үшін түрегеліңдер!» – деп пәрмен берді. Сонда Умәйр ибн әл-Хумәм әл-Ансари (р.а.): «Уа, Расулалла! «Ені жеті қат аспан мен жердің арасындай» – дедіңіз бе?» – деп сұрады. Расулалла оған: «Иә», – дегенде, ол: «Қандай жақсы! Қандай керемет!» – деп қуанып кетті. Алла елшісі оған: «Бұлай деуіңе не түрткі болды?» – деп сұрады. Сонда ол: «Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін! Жұмаққа кіретіндердің қатарында болғым келгені үшін ғана сөйтіп айттым», – деп жауап берді. Сол кезде Алла елшісі оны: «Сен жұмақтықсың», – деп сүйіншіледі. Сонда ол қорамсағынан бірнеше түйір құрма шығарып, жеуге кірісті. Алайда бір-екі түйірін жегеннен кейін: «Мына құрмаларды тауысып бітіргенше өмір сүру мен үшін тым ұзақ», – деп, қолындағы құрмаларын тас-тай салып, ұрысқа қойып кетті де, жау қолынан қаза тапқанша шайқасты», – деген (Муслим: 4915, Ахмад: 12398).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ и его сподвижники рано выступили в путь и прибыли к Бадру раньше многобожников. Когда многочисленное войско многобожников прибыло к Бадру, Посланник Аллаха ﷺ предупредил сподвижников: “Пусть никто из вас не предпринимает никаких действий без моего повеления”. Когда войско многобожников приблизилось, Посланник Аллаха ﷺ повелел: “А теперь поднимайтесь, чтобы войти в рай, ширина которого равна ширине семи небес и земли!”

Тогда Умайр ибн аль-Хумам аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! Вы сказали: ‘Ширина которого равна ширине семи небес и земли’?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да”. Услышав это, он радостно воскликнул: “Как прекрасно! Как замечательно!” Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “Что побудило тебя сказать это?” Он ответил: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я сказал это лишь потому, что желаю оказаться среди обитателей рая”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ обрадовал его вестью: “Ты – один из обитателей рая”.

После этого Умайр достал из своего колчана несколько фиников и принялся их есть. Однако, съев один или два финика, он сказал: “Если я проживу столько, сколько потребуется, чтобы доесть эти финики, это будет слишком долгая жизнь для меня”. Затем он выбросил оставшиеся в руке финики, устремился в бой и сражался, пока не погиб от рук врага» (Муслим: 4915; Ахмад: 12398).

1317
Риядус-салихин, № 1317Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ، قَالَ: جَاءَ نَاسٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ أن ابْعَثْ مَعَنَا رِجَالًا يُعَلِّمُونَا الْقُرْآنَ وَالسُّنَّةَ، فَبَعَثَ إِلَيْهِمْ سَبْعِينَ رَجُلًا مِنَ الْأنْصَارِ يُقَالُ لَهُمْ: الْقُرّاءُ، فِيهِم خَالِى حَرَامٌ، يَقْرَؤُونَ الْقُرْآنَ، وَيَتَدَارَسُونَ بِاللَّيْلِ يَتَعَلَّمُونَ، وَكَانُوا بِالنَّهَارِ يَجِيئُونَ بِالمَاءِ، فَيَضَعُونَهُ فِى الْمَسْجِدِ، وَيَحْتَطِبُونَ فَيَبِيعُونَهُ، وَيَشْتَرُونَ بِهِ الطَّعَامَ لأَهْلِ الصُّفَّةِ، وَلِلفُقَرَاءِ، فَبَعَثَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ، فَعَرَضُوا لَهُمْ فَقَتَلُوهُمْ قَبْلَ أَنْ يَبْلغُوا الْمَكَانَ، فَقَالُوا: اللَّهُمَّ بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرضِينَا عَنْكَ وَرَضِيتَ عَنَّا، وَأتَى رَجُلٌ حَرَامًا خَالَ أنَسٍ مِنْ خَلْفِهِ، فَطَعَنَهُ بِرُمْحٍ حَتَّى أنْفَذَه، فَقَالَ حَرَامٌ: فُزْتُ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِخْوَانَكُمْ قَدْ قُتِلُوا وَإِنَّهُمْ قَالُوا: اللَّهُمَّ بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرَضِينَا عَنْكَ وَرَضِيتَ عَنَّا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір топ адам келіп: «Бізге Құран мен Сүннетті үйрететін біраз адам жіберсеңіз», – деп өтініш жасады. Сонда Алла елшісі ансарлардың ішінен «қарилар» деген атпен танымал жетпіс адамды соларға қосып жіберді. Олардың ішінде нағашы ағам Харам да бар еді. Аталмыш жетпіс сахаба түнде Құран оқып, оны өзара зерделеп, үкімдерін үйренумен болатын. Ал күндіз мешітке су тасып, отын жинап әкеліп, оны саудалап, содан түскен азын-аулақ ақшаға азық сатып алып, Суффа тұрғындары мен басқа да жоқ-жітіктерге үлестіріп беретін. Алла елшісі оларды әлгі қауымға (ұстаздық етсін деп) жіберген еді. Алайда олар бұларға орта жолда қастандық жасап, барар жерлеріне жеткізбей-ақ, бірін қалдырмай қырып салады. Ансарлық сахабалар қастандыққа ұшыраған сәтте: «Уа, Алла! Өзіңе қауышып, Өзіңнен разы болғанымыз жайлы және Өзіңнің де бізге разы екеніңнен Пайғамбарымызды хабардар еткейсің», – деп дұға етті», – деген.

Осы хадисті жеткізген рауилердің бірі: «Сол кезде жаудың бірі Әнәстің нағашы ағасы Харамның артынан білдірмей жақындап келіп найзасымен шаншығанда, найзаның ұшы көкірегін тесіп шығады. Харам (р.а.) ақтық сәтінде: «Қағбаның Раббысына ант етейін! Мен ұттым (яғни, мәңгілік бақытқа қол жеткіздім)», – деді. Алла елшісі жарты жолда қастандыққа ұшыраған сахабаларының хабарын алғанда: «Бауырларың қастандыққа ұшырап қаза тапты. Олар ақтық сәтте: «Уа, Алла Тағалам! Өзіңе қауышып Сенен разы болғанымыз жайлы және Сенің де бізден разы екеніңнен Пайғамбарымызды хабардар ет», – деп дұға етті», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2801, Муслим: 3801, Ахмад: 13854).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришла группа людей и попросила: “Пошли с нами несколько человек, которые обучали бы нас Корану и Сунне”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ отправил вместе с ними семьдесят человек из числа ансаров, известных как “чтецы Корана”. Среди них был и мой дядя по матери Харам. Эти семьдесят сподвижников по ночам читали Коран, совместно изучали его и постигали его установления. Днём же они доставляли воду в мечеть, собирали и приносили дрова, продавали их, а на вырученные небольшие деньги покупали еду и раздавали её обитателям Суффы и другим нуждающимся. Посланник Аллаха ﷺ отправил их к тому народу (чтобы они обучали его). Однако по пути те устроили им засаду и, не дав добраться до места назначения, перебили всех до единого.

Когда сподвижники из числа ансаров подверглись нападению, они воззвали: “О Аллах! Сообщи нашему Пророку, что мы встретили Тебя, будучи довольны Тобой, и что Ты также доволен нами”».

Один из передатчиков этого хадиса сказал: «Тогда один из врагов незаметно подкрался сзади к Хараму, дяде Анаса по матери, и пронзил его копьём так, что наконечник вышел из его груди. В свой последний миг Харам (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Господом Каабы! Я преуспел (то есть обрёл вечное счастье)”. Когда Посланник Аллаха ﷺ узнал о своих сподвижниках, подвергшихся нападению по дороге, он сказал: “Ваши братья подверглись нападению и погибли. В свой последний миг они воззвали: ‘О Аллах Всевышний! Сообщи нашему Пророку, что мы встретили Тебя, будучи довольны Тобой, и что Ты также доволен нами’”» (Аль-Бухари: 2801; Муслим: 3801; Ахмад: 13854).

1318
Риядус-салихин, № 1318Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ، قَالَ: غَابَ عَمِّى أنسُ بنُ النَّضْرِ عَنْ قِتَالِ بَدْرٍ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، غِبْتُ عَنْ أَوَّلِ قِتَالٍ قَاتَلْتَ الْمُشْرِكِينَ، لَئِنِ اللَّهُ أشْهَدَنِى قِتَالَ الْمُشْرِكِينَ لَيَرَيَنَّ اللَّهُ مَا أصْنَعُ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ انْكَشَفَ الْمُسْلِمُونَ فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّى اعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءُ – يعني: أَصْحَابَهُ – وَأبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يَعنِى: الْمُشْرِكِينَ – ثُمَّ تَقَدَّمَ فَاسْتَقْبَلَهُ سَعْدُ بنُ مُعَاذٍ فَقَالَ: يَا سَعَدَ بنَ مُعَاذٍ، الْجَنَّةَ وَرَبِّ النَّضْرِ، إِنِّى أجِدُ رِيحَهَا مِنْ دُونِ أُحُدٍ! فَقَالَ سَعْدٌ: فَمَا اسْتَطَعْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا صَنَعَ! قَالَ أنسٌ: فَوَجدْنَا بِهِ بِضعًا وَثَمَانِينَ ضَربَةً بِالسَّيْفِ، أَوْ طَعْنَةً برُمح أَوْ رَمْيةً بِسَهْمٍ، وَوَجَدْنَاهُ قَدْ قُتِلَ وَمَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكُونَ، فَمَا عَرَفَهُ أَحَدٌ إِلَّا أُخْتُهُ بِبَنَانِهِ. قَالَ أنسٌ: كُنَّا نَرَى – أَوْ نَظُنُّ – أَنَّ هَذِهِ الآية نَزَلتْ فِيهِ وَفي أشْبَاهِهِ: «مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَى نَحْبَهُ» [الأحزاب: 23] إِلَى آخرها

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Көкем Әнас ибн ән-Надр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмаған еді. Содан ол (өкініштен өзегі өртеніп): «Уа, Расулалла! Мүшріктермен болған алғашқы шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Алла алдағы уақытта маған мүшріктермен соғысуды жазса, Алла менің оларға не істейтінімді «көреді»,1 деді. Содан Ұхұд шайқасы болған күні мұсылмандардың майдандағы шебі бұзылып, жан-жаққа бытырап кетті. Сонда көкем қатты күйініп: «Уа, Алла! Мыналардың (мұсылмандардың) істеген ісі үшін Өзіңнен кешірім өтінем, ал аналардың (мүшріктердің) істеген ісіне менің еш қатысым жоқ (екеніне Өзің куә болғайсың)», – деді де, алға қарай ұмтылды. Сол-ақ екен алдынан Сағд ибн Мұғаз шыға келді. Сонда оған: «Әй, Мұғаздың ұлы Сағд! Жаннат! Надырдың Раббысымен ант етемін! Мен оның хош иісін Ұхұд тауының бөктерінен сезіп тұрмын!» – деді. Кейін Сағд осы оқиғаны баяндағанында: «Уа, Расулалла! Мен оның істегенін істей алмадым», – деген еді».

Шайқастан кейінгі жағдайды Әнәс (р.а.) былай деп әңгімеледі: «Немере ағамның жансыз денесінің сау-тамтығы қалмаған еді. Денесінен шамамен сексеннен астам қылыштан, найзадан және жебе оғынан алған жарақатты көрдік. Мүшріктер оны өлтіріп қана қоймай, мәйітін аяусыз қорлап, кескілеп, адам танымастай халге жеткізіпті. Оны саусақтарының ұшынан таныған туған қарындасынан басқа ешкім тани алмаған еді. Біз «Мүміндер арасында Аллаға берген уәделерінде тұрған нағыз ерлер бар! Олардың кейбірі берген уәдесінде тұрып, жанын пида етті, енді бірі (соны) күтуде. Олар әсте серттерінен тайған емес» деген аятты немере ағам және сол сияқты қаһармандар жайында түсірілген деп білетін едік» (Бұхари: 2805, Муслим: 4918, Ахмад: 13085).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Мой дядя Анас ибн ан-Надр (да будет доволен им Аллах) не смог принять участие в битве при Бадре. Тогда он (сгорая от сожаления) сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог принять участие в твоём первом сражении с многобожниками. Если Аллах в будущем предопределит мне сразиться с многобожниками, то Аллах непременно ‘увидит’1, что я с ними сделаю”.

Когда же настал день битвы при Ухуде, боевой строй мусульман был нарушен и они рассеялись в разные стороны. Тогда мой дядя, глубоко опечалившись, сказал: “О Аллах! Прошу у Тебя прощения за то, что сделали эти (мусульмане), а к тому, что сделали те (многобожники), я непричастен (и Ты Сам будь тому свидетелем)”. После этого он устремился вперёд. И тут навстречу ему вышел Саад ибн Муаз. Он сказал ему: “О Саад, сын Муаза! Рай! Клянусь Господом ан-Надра! Я чувствую его благоухание, доносящееся со склонов горы Ухуд!” Позднее Саад, рассказывая об этом происшествии, сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог совершить того, что совершил он”».

О том, что произошло после сражения, Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал следующее: «На бездыханном теле моего дяди не осталось ни одного невредимого места. Мы обнаружили на его теле более восьмидесяти ран от мечей, копий и стрел. Многобожники не только убили его, но и безжалостно надругались над его телом, изрубив и обезобразив его до неузнаваемости. Никто не смог опознать его, кроме родной сестры, узнавшей его по кончикам пальцев. Мы считали, что аят “Среди верующих есть истинные мужи, которые остались верны обещанию, данному Аллаху! Одни из них исполнили своё обещание, пожертвовав жизнью, а другие ожидают (этого). Они нисколько не отступили от своего обета” (Коран, 33:23) был ниспослан о моём дяде и подобных ему героях» (Аль-Бухари: 2805; Муслим: 4918; Ахмад: 13085).

  1. 1Яғни, Алла жолында қасық қаным қалғанша аянбай шайқасып, Раббыма өзімнің адалдығымды дәлелдеймін...
  1. 1То есть я буду сражаться на пути Аллаха до последней капли крови и докажу своему Господу свою преданность…
1319
Риядус-салихин, № 1319Риуаят етуші: Сәмура

عَنْ سَمُرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَأَيْتُ اللَّيْلَةَ رَجُلَيْنِ أتيَانِى، فَصَعِدَا بِى الشَّجرةَ فَأدْخَلَانِى دَارًا هِيَ أَحْسَنُ وَأَفضَلُ، لَمْ أَرَ قَطُّ أَحْسَنَ مِنْهَا، قالا: أَمَّا هَذِهِ الدَّارُ فَدَارُ الشُّهَدَاءِ»

Қазақша аудармасы

Самура (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Түнде түсімде маған адам кейпінде екі періште (Жәбірейіл мен Микаил) келіп, мені таңғажайып ағаштың үстіне шығарып, сондай көркем әрі керемет бір сарайға кіргізді. Мен одан асқан көркем сарай көрген емеспін. Содан әлгі екі кісі: «Мына сарай – шейіттердің сарайы», – деп айтты, – деген (Бұхари: 2791, Ахмад: 20165).

Орысша аудармасы

Самура (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ночью во сне ко мне явились два ангела в человеческом облике (Джибрил и Микаил), подняли меня на вершину удивительного дерева и ввели в необычайно прекрасный и великолепный дворец. Я никогда не видел дворца прекраснее этого. Тогда те двое сказали: “Этот дворец – дворец шахидов”» (Аль-Бухари: 2791; Ахмад: 20165).

1320
Риядус-салихин, № 1320Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ أمَّ الرُّبيعِ بنتَ الْبَرَاءِ وهي أُمُّ حَارِثة بْنِ سُرَاقَةَ، أتَتِ النَّبِيّ ﷺ فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا تُحَدِّثُنِى عَنْ حَارِثَةَ – وَكَانَ قُتِلَ يَوْمَ بَدْرٍ – فَإِنْ كَانَ فِى الْجَنَّةِ صَبَرْتُ، وَإِنْ كَانَ غَيْرَ ذَلِكَ اجْتَهَدْتُ عَلَيْهِ فِى الْبُكَاءِ، فَقَالَ: «يَا أُمَّ حَارِثَةَ إِنَّهَا جِنَانٌ فِى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ ابْنَكِ أصابَ الْفِرْدَوْسَ الْأَعْلَى»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бір күні Бәдір шайқасында қаза болған Хариса ибн Сурақаның анасы Үммі Рубәйиғ бинт әл-Бәраа Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Маған Харисаның жағдайының қалай екені жайлы айтып беріңізші. Егер ол жұмақта болса, сабырлылық танытамын. Ал егер олай болмай шықса, ұлым үшін аза тұтып, көз жасымды көл қыламын», – деді. Сонда Расулалла оны: «Уа, Харисаның анасы! Расында, жұмақта көптеген бау-бақшалар бар. Сенің ұлың солардың ең жоғарғысы – Фирдаус жаннатында», – деп сүйіншіледі», – деген (Бұхари: 2809, Ахмад: 13200).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Умм Рубайи бинт аль-Бара, мать Харисы ибн Сураки, погибшего в битве при Бадре, пришла к Пророку ﷺ и сказала: “О Посланник Аллаха! Расскажите мне, каково положение Харисы. Если он находится в раю, я проявлю терпение. А если окажется, что это не так, то буду скорбеть по сыну и пролью море слёз”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ обрадовал её вестью: “О мать Харисы! Поистине, в раю множество садов. Твой сын пребывает в самом высшем из них – в раю Фирдаус”» (Аль-Бухари: 2809; Ахмад: 13200).

1321
Риядус-салихин, № 1321Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: جِيءَ بِأَبِى إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، قَدْ مُثِّلَ بِهِ، فَوُضِعَ بَيْنَ يَدَيْهِ؛ فَذَهَبْتُ أكْشِفُ عَنْ وَجْهِهِ فَنَهَانِى قَوْمِى، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا زَالتِ الْمَلَائِكَةُ تُظِلُّهُ بِأَجْنِحَتِهَا»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Ұхұд шайқасында қаза тапқан әкемнің мүшріктердің қолынан әбден қорлық көрген жансыз денесін әкеліп Пайғамбарымыздың ﷺ алдына жатқызғанда, әкемнің бетін ашпақшы болдым. Алайда сол жердегі кей адамдар мені ұстап қалды. Сол сәтте Расулалла: «Періштелер оны (сондай құрмет тұтып) әлі де қанаттарымен қалқалауда», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2816, Муслим: 6354, Ахмад: 14187).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда бездыханное тело моего отца, павшего в битве при Ухуде и жестоко изуродованного многобожниками, принесли и положили перед Пророком ﷺ, я хотел открыть лицо отца. Однако некоторые из находившихся там людей удержали меня. В тот момент Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ангелы всё ещё осеняют его своими крыльями (оказывая ему такое почтение)”» (Аль-Бухари: 2816; Муслим: 6354; Ахмад: 14187).

1322
Риядус-салихин, № 1322Риуаят етуші: Сәһл ибн Хунәйф

عَنْ سهل بْنِ حنيف: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ سَأَلَ اللَّهَ تَعَالَى الشَّهَادَةَ بِصِدْقٍ بَلَّغَهُ اللَّهُ مَنَازِلَ الشُّهَدَاءِ، وَإِنْ مَاتَ عَلَى فِرَاشِهِ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Хунайф (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алладан шын ниетімен шейіттік мәртебесін сұраса, Алла оны, тіпті төсегінде жатып жан тапсырса да, шейіттердің дәрежесіне көтереді», – деп айтқан екен» (Муслим: 4930).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Хунайф (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто искренне попросит Аллаха даровать ему степень шахида, того Аллах возвысит до степени шахидов, даже если он умрёт в своей постели» (Муслим: 4930).

1323
Риядус-салихин, № 1323Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ طَلَبَ الشَّهَادَةَ صَادِقًا أُعْطِيَهَا ولو لَمْ تُصِبْهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім шынымен шейіт болуды қаласа, шейіттікке жете алмаса да, оған сол шейіттіктің сауабы беріледі», – деп айтты, – деген (Муслим: 4929).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто искренне пожелает стать шахидом, будет дарована награда шахида, даже если он не удостоится мученической смерти» (Муслим: 4929).

1324
Риядус-салихин, № 1324Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَجِدُ الشَّهِيدُ مِنْ مَسِّ الْقَتْلِ إِلَّا كَمَا يَجِدُ أَحَدُكُمْ مِنْ مَسِّ الْقَرْصَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шейіт болған адамның жан тапсыру сәтінде тартатын азабы, қайсыбіріңді құмырсқаның шаққанындай ғана» – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1668, Ахмад: 7953).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Страдание, которое испытывает шахид в момент смерти, подобно лишь тому, что испытывает любой из вас от укуса муравья» (Ат-Тирмизи: 1668; Ахмад: 7953).

1325
Риядус-салихин, № 1325Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى أوْفَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِى بَعْضِ أَيَّامِهِ الَّتِى لَقِيَ فِيهَا الْعَدُوَّ انْتَظَرَ حَتَّى مَالَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ قَامَ فِى النَّاسِ فَقَالَ: «أَيُّهَا النَّاسُ، لَا تَتَمَنَّوا لِقَاءَ الْعَدُوِّ، وَاسْأَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لَقِيتُموهُمْ فَاصْبِروا؛ وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّةَ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ، وَمُجْرِيَ السَّحَابِ، وَهَازِمَ الْأحْزَابِ، أهْزِمْهُمْ وَانْصُرْنَا عَلَيْهِمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Әбу Әуфа (р.а.): «Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде, Алла елшісі ﷺ бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: «Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Алладан есендік тілеңдер. Егер олармен жүзбе-жүз кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жаннаттың (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар», – деді де, – «Уа, Құранды түсірген, көктегі ақ ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел байлап келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Алла Тағалам! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей көр!» – деп жалбарынды», – деген (Бұхари: 2965-2966, Муслим: 4542, Ахмад: 19114).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) передал: «В одном из сражений, встретившись с вражеским войском, Посланник Аллаха ﷺ не стал сразу вступать в ожесточённый бой, а дождался, пока солнце не миновало зенит и не начало клониться к западу. Затем он вышел перед воинами и сказал: “О люди! Никогда не желайте встречи с врагом, а всегда просите Аллаха о благополучии. Если же встретитесь с врагом лицом к лицу, стойко противостойте ему. Знайте, что рай находится под сенью мечей (занесённых на пути Аллаха)”. После этого он обратился к Аллаху с мольбой: “О Аллах Всевышний, ниспославший Коран, движущий по небу белые пушистые облака и сокрушивший арабские племена, пришедшие с намерением сравнять Медину с землёй! Развей в прах это войско неверующих и приведи нас к победе!”» (Аль-Бухари: 2965–2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).

1326
Риядус-салихин, № 1326Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعد قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثِنْتَانِ لَا تُرَدَّانِ، أَوْ قَلَّمَا تُرَدَّانِ: الدُّعَاءُ عِنْدَ النِّدَاءِ وَعِنْدَ الْبَأسِ حِيْنَ يُلْحِمُ بَعْضُهُم بَعضًَا»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Екі түрлі жағдайда жасалған дұға кері қайтарылмайды (яғни міндетті түрде қабыл болады, яки кері қайтарылуы өте сирек болады). Азан шақырылғанда жасалған дұға және кескілескен қан майданда жасалған дұға», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 2540).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Две мольбы не отвергаются (то есть непременно принимаются либо отвергаются лишь в крайне редких случаях): мольба, вознесённая во время призыва к молитве, и мольба, вознесённая в разгар ожесточённого кровопролитного сражения» (Абу Дауд: 2540).

1327
Риядус-салихин, № 1327Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا غَزَا، قَالَ: «اللَّهُمَّ أَنْتَ عَضْديِ وَنَصِيرِى، بِكَ أَحُولُ، وَبِكَ أَصُولُ، وَبِكَ أُقَاتِلُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ жорыққа шыққанда: «Уа, Алла! Менің қолдаушым да, жәрдемшім де бір Өзіңсің! Өзіңнің қолдауыңмен жортамын, Өзіңнің қолдауыңмен жауға шабамын және Өзіңнің қолдауыңмен шайқасамын!» деп дұға жасайтын, – деген (Әбу Дәуіт: 2632, Тирмизи: 3584, Ахмад: 12909).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляясь в поход, Посланник Аллаха ﷺ обращался с такой мольбой: “О Аллах! Ты один – моя опора и мой помощник! С Твоей поддержкой я выступаю в поход, с Твоей поддержкой нападаю на врага и с Твоей поддержкой сражаюсь!”» (Абу Дауд: 2632; Ат-Тирмизи: 3584; Ахмад: 12909).

1328
Риядус-салихин, № 1328Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا خَافَ قَومًا، قَالَ: «اللَّهُمَّ إِنَّا نَجْعَلُكَ فِى نُحُورِهِمْ، وَنَعُوذُ بِكَ مِنْ شُرُورِهمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ қандай да бір жаудан именгенде: «Уа, Алла! Біз оларға қарсы бір Өзіңді алға тартамыз (яғни, бір Өзіңнен қолдау күтеміз) және олардың жамандықтарынан (сақтай көр деп) бір Өзіңе сиынамыз!» деп дұға жасайтын еді, – делінген (Әбу Дәуіт: 1537, Ахмад: 19719).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Пророк ﷺ опасался какого-либо врага, он обращался к Аллаху с мольбой: “О Аллах! Мы призываем против них на помощь лишь Тебя (то есть ожидаем поддержки лишь от Тебя) и прибегаем лишь к Твоей защите от их зла (прося уберечь нас)”» (Абу Дауд: 1537; Ахмад: 19719).

1329
Риядус-салихин, № 1329Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الخَيْلُ مَعقُودٌ فِى نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі ﷺ: «(Алла жолына бапталған) жылқының кекілінде қиямет күніне дейін игілік (яғни, мол әжір-сауап пен берекелі олжа) байлаулы тұрады», – деп айтты, – делінген (Бұхари: 2850, Муслим: 4845, Ахмад: 5200).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «К чёлкам коней (подготовленных для пути Аллаха) до самого Судного дня привязано благо (то есть обильная награда и благословенная добыча)» (Аль-Бухари: 2850; Муслим: 4845; Ахмад: 5200).

1330
Риядус-салихин, № 1330

عَنْ عروة الْبارِقِيِّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الخَيْلُ مَعقُودٌ فِى نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ: الْأجْرُ، وَالْمَغْنَمُ»

Қазақша аудармасы

Уруа әл-Бариқийден (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «(Алла жолына бапталған) жылқының кекілінде қиямет күніне дейін игілік байлаулы тұрады: мол әжір-сауап пен берекелі олжа», – деп айтқан, – делінген (Ахмад: 19355).

Орысша аудармасы

Урва аль-Барики (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «К чёлкам коней (подготовленных для пути Аллаха) до самого Дня воскресения привязано благо: великая награда и благословенная добыча» (Ахмад: 19355).

1331
Риядус-салихин, № 1331Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ احْتَبَسَ فَرَسًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ، إِيمَانًَا بِاللَّهِ، وَتَصْدِيقًَا بِوَعْدِهِ، فَإِنَّ شِبَعَهُ، وَرَيَّهُ ورَوْثَهُ، وَبَوْلَهُ فِى مِيزَانِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Аллаға деген шынайы иманмен және Оның (иман еткен) құлдарына берген уәдесіне кәміл сенген бойда, Алла жолында бір ат байласа, атының ішкен-жегені, тіпті тастаған тезегі мен зәрі де қиямет күні оның (игі істерін өлшейтін) таразысында болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2853, Ахмад: 8866).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто с искренней верой в Аллаха и полной уверенностью в обещании, которое Он дал Своим (уверовавшим) рабам, будет содержать коня на пути Аллаха, у того всё съеденное и выпитое этим конём, даже его навоз и моча, в День воскресения окажется на Весах (на которых будут взвешиваться его благие дела)”» (Аль-Бухари: 2853; Ахмад: 8866).

1332
Риядус-салихин, № 1332Риуаят етуші: Әбу Масғуд

عَنْ أَبِى مسعود قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ بِنَاقةٍ مَخْطُومَةٍ فَقَالَ: هَذِهِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَكَ بِهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ سَبْعُمئَةِ نَاقَةٍ كُلُّهَا مَخْطُومَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.): «Бұйдалы түйесін жетектеген бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Мына түйені Алла жолына арнадым», – дегенде, Алла елшісі ﷺ: «Осы түйең үшін саған қиямет күні барлығы осындай бұйдалы болған жеті жүз түйе беріледі», – деп айтты», – деген (Муслим: 4897, Ахмад: 22357).

Орысша аудармасы

Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек, ведя за собой верблюдицу с недоуздком, и сказал: “Я посвятил эту верблюдицу делу на пути Аллаха”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “За эту верблюдицу в Судный день тебе будут дарованы семьсот верблюдиц, и каждая из них будет с таким же недоуздком”» (Муслим: 4897; Ахмад: 22357).

1333
Риядус-салихин, № 1333

عَنْ أَبِى حمادٍ – ويقَالَ: أَبُو سعاد، ويقَالَ: أَبُو أسدٍ، ويقَالَ: أَبُو عامِر، ويقَالَ: أَبُو عَمْرُو، ويقَالَ: أَبُو الْأسود، ويقَالَ: أَبُو عبسٍ – عُقبة بْنِ عامِر الْجُهَنيِّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، يَقُولُ: «وَأَعِدُّوا لَهُمْ مَا اسْتَطَعْتُمْ مِنْ قُوَّةٍ، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّميُ، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Хаммад Уқба ибн Амир әл-Жуһани (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ мінберде тұрып: «Дұшпанға қарсы қолдарыңнан келгенше күш-қуат сайлаңдар» деген аятты оқып, содан кейін: «Расында, нағыз күш-қуат – оқ атуда», – деп, үш рет қайталағанын естідім», – деген (Муслим: 4947, Ахмад: 17432).

Орысша аудармасы

Абу Хаммад Укба ибн Амир аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ, стоя на минбаре, прочитал аят: “Приготовьте против врага столько сил, сколько сможете” (Коран, 8:60), а затем трижды повторил: “Поистине, настоящая сила – в стрельбе”» (Муслим: 4947; Ахмад: 17432).

1334
Риядус-салихин, № 1334

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «سَتُفْتَحُ عَلَيْكُمْ أَرْضُونَ، وَيَكْفِيكُمُ اللَّهُ، فَلَا يَعْجِز أَحَدُكُمْ أَنْ يَلْهُوَ بِأَسْهُمِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Хаммад Уқба ибн Амир әл-Жуһани (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Алдағы уақытта сендер (Алланың қалауы һәм қолдауымен) көптеген жерлерді аласыңдар, сонда сендерге (дұшпанға қарсы) Алланың қолдауы жететін болады. Дегенмен ешбірің садақ атып машықтануды тастамаңдар»,1 деп айтқанын естідім, – деген (Муслим: 4703, Ахмад: 17433).

Орысша аудармасы

Абу Хаммад Укба ибн Амир аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В будущем вы (по воле и при поддержке Аллаха) завоюете множество земель, и тогда поддержки Аллаха вам будет достаточно (для противостояния врагу). Однако пусть никто из вас не прекращает упражняться в стрельбе из лука”1» (Муслим: 4703; Ахмад: 17433).

  1. 1Яғни, әскери дайындықтарың әрдайым сақадай сай болсын!
  1. 1То есть всегда будьте готовы к сражению.
1335
Риядус-салихин, № 1335

وَعَنْهُ: أَنَّهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عُلِّمَ الرَّمْيَ، ثُمَّ تَرَكَهُ، فَلَيْسَ مِنَّا، أَوْ فَقَدْ عَصَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Хаммад Уқба ибн Амир әл-Жуһани (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Өзіне садақ ату үйретілгеннен кейін (үнемі жаттықпай) оны тәрк еткен адам бізден емес», – деп айтты, – деген (Муслим: 4949, Ахмад: 17321).

Орысша аудармасы

Абу Хаммад Укба ибн Амир аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кого обучили стрельбе из лука, но кто затем оставил её (перестав регулярно упражняться), не из нас» (или сказал: «…проявил ослушание») (Муслим: 4949; Ахмад: 17321).

1336
Риядус-салихин, № 1336

وَعَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُدْخِلُ بِالسَّهْمِ الْوَاحِدِ ثَلَاثَةَ نَفَرٍ الْجَنَّةَ: صَانِعَهُ يَحْتَسِبُ فِى صَنْعَتِهِ الْخَيْرَ، وَالرَّامِى بِهِ، ومُنْبِلَهُ. وَارْمُوا وَارْكَبُوا، وَأَنْ تَرْمُوا أحَبُّ إِليَّ مِنْ أَنْ تَرْكَبُوا. وَمَنْ تَرَكَ الرَّمْيَ بَعْدَ مَا عُلِّمَهُ رَغْبَةً عَنْهُ فَإِنَّهَا نِعْمَةٌ تَرَكَهَا» أَوْ قَالَ: «كَفَرَهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Хаммад Уқба ибн Амир әл-Жуһан (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Расында, Алла Тағала бір ғана жебені (оқты) себеп қылып үш бірдей адамды жұмаққа кіргізеді: жебені игілікке жарасын деген ниетпен жасаған ұстаны, сол жебені Алла жолында атқан мергенді және оған оқ тасыған адамды. Оқ атып, атқа мініңдер. Негізінен, ат құлағында ойнағаннан көрі оқ атып, мерген болғандарыңды көбірек қалаймын. Кімде-кім атыс өнерін (қару қолдануды) жақсылап меңгерген соң, өздігінен сол істен бас тартса, өзіне нәсіп етілген нығметтен бас тартқан болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 2513, Ахмад: 17300).

Орысша аудармасы

Абу Хаммад Укба ибн Амир аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, посредством одной-единственной стрелы (одного снаряда) Аллах Всевышний введёт в рай троих: мастера, изготовившего её с намерением, чтобы она послужила благому делу; стрелка, выпустившего эту стрелу на пути Аллаха; и человека, подносившего ему стрелы. Стреляйте и ездите верхом. Однако я больше желаю, чтобы вы упражнялись в стрельбе и становились меткими стрелками, нежели искусно ездили верхом. Тот, кто, хорошо овладев искусством стрельбы (обращением с оружием), по собственной воле оставит это занятие, тем самым откажется от дарованной ему милости” (или сказал: “проявит неблагодарность за неё”)» (Абу Дауд: 2513; Ахмад: 17300).

1337
Риядус-салихин, № 1337

عَنْ سَلَمة بْنِ الْأكَوعِ قَالَ: مَرَّ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى نَفَرٍ يَنْتَضِلُونَ، فَقَالَ: «ارْمُوا بَنِى إِسمعِيلَ فَإِنَّ أَبَاكُمْ كَانَ رَامِيًا»

Қазақша аудармасы

Салама ибн әл-Акуағ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ садақ атып, жебе жарыстырып (мергендіктерін ортаға салып жатқан) жатқан бір топ адамның жанынан өтіп бара жатып: «Уа, Исмаилдің ұрпақтары! Атыңдар! Өйткені аталарың Исмаил мерген болған», – деп айтты, – деген (Бұхари: 2899, Ахмад: 16528).

Орысша аудармасы

Салама ибн аль-Аква (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ проходил мимо группы людей, которые стреляли из лука и состязались между собой (демонстрируя свою меткость). Он сказал им: “О потомки Исмаила! Стреляйте! Ведь ваш праотец Исмаил был искусным стрелком”» (Аль-Бухари: 2899; Ахмад: 16528).

1338
Риядус-салихин, № 1338

عَنْ عَمْرُو بْنِ عبسة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ رَمَى بِسَهمٍ فِى سَبِيلِ اللَّه فَهُوَ لَهُ عِدْلُ مُحَرَّرَةٍ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн Абаса (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім Алла жолында бір жебе атса, міне, сол ол үшін бір құлды азат еткенмен тең болады», – деп айтқанын естідім, – деген (Әбу Дәуіт: 3965, Тирмизи: 1638).

Орысша аудармасы

Амр ибн Абаса (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто выпустит одну стрелу на пути Аллаха, для того это будет равнозначно освобождению одного раба”» (Абу Дауд: 3965; Ат-Тирмизи: 1638).

1339
Риядус-салихин, № 1339

عَنْ أَبِى يحيى خُرَيْم بْنِ فاتِكٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أنْفَقَ نَفَقَةً فِى سَبِيلِ اللَّهِ كُتِبَ لَهُ سَبْعُمِئَةِ ضِعْفٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Яхия Хурайм ибн Фәтик (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алла жолында мал-дүниесінен бір нәрсе жұмсаса, оған соның жеті жүз есе сауабы жазылады», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 2840, Ахмад: 19036).

Орысша аудармасы

Абу Яхья Хурайм ибн Фатик (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто пожертвует что-либо из своего имущества на пути Аллаха, будет записана за это семисоткратная награда» (Ат-Тирмизи: 2840; Ахмад: 19036).

1340
Риядус-салихин, № 1340Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سعيد قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَصُومُ يَوْمًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ إِلَّا بَاعَدَ اللَّهُ بِذَلِكَ الْيَوْمِ وَجهَهُ عَنِ النَّارِ سَبْعِينَ خَرْيفًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір пенде Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла сол күн үшін оның жүзін тозақ отынан жетпіс күзге (жылға) алыстатады», – деп айтты, – деген (Бұхари: 2740, Муслим: 2711, Ахмад: 11210).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если какой-либо раб Аллаха будет поститься один день на пути Аллаха, то за этот день Аллах отдалит его лицо от огня ада на расстояние семидесяти осеней (лет)» (Аль-Бухари: 2740; Муслим: 2711; Ахмад: 11210).

1341
Риядус-салихин, № 1341Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أُمَامَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ صَامَ يَوْمًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ جَعَلَ اللَّهُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ النَّارِ خَنْدَقًا كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ والْأَرْضِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәмадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала оны мен тозақ отының арасына жер мен көктің арасындай ор ашады (түсіреді)», – деп айтты» – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто будет соблюдать пост один день на пути Аллаха, между тем человеком и огнём ада Аллах Всевышний выроет (проложит) ров шириной, равной расстоянию между землёй и небом».

1342
Риядус-салихин, № 1342Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَغْزُ، وَلَمْ يُحَدِّثْ نَفْسَهُ بالغَزْوِ، مَاتَ عَلَى شُعْبَةٍ مِنَ النِّفَاقِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім өмірінде бір рет болса да Алла жолында күреспей немесе соған ниет білдірмей дүниеден озса, екіжүзділікке тән жағымсыз мінездердің бірінен арыла алмаған күйде өлген болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 4931, Ахмад: 8865).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто умрёт, ни разу в жизни не сражавшись на пути Аллаха и не вознамерившись сделать это, тот умрёт, так и не избавившись от одного из порочных качеств, свойственных лицемерию”» (Муслим: 4931; Ахмад: 8865).

1343
Риядус-салихин, № 1343Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: كنا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، فِى غَزاةٍ فَقَالَ: «إِنَّ بِالمَدِينَةِ لَرِجَالًا مَا سِرْتُمْ مَسِيرًا، وَلَا قَطَعْتُمْ وَادِيًا إِلَّا كَانُوا مَعَكُمْ، حَبَسَهُمُ الْمَرَضُ». وَفِى رِوَايَة: «حَبَسَهُمُ الْعُذْرُ». وَفِى رِوَايَة: «إِلَّا شَرَكُوكُمْ فِى الْأجْرِ» رواه الْبخارِى من رواية أنس، ورواه مسلم من رواية جابر واللفظ لَهُ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Кезінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге ғазауатқа шыққанымызда, былай деген еді: «Мәдинада ғазауатқа шыға алмай, алайда сендер қанша жол жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттерінің арқасында) әркез сендермен бірге болған ерлер бар. Оларды тек ауру-сырқау ғана ұстап қалды», – деген (Ахмад: 14675).

Хадистің басқа бір нұсқасында: «Оларды тек қана үзір ұстап қалды», – деп айтылған. Тағы бір нұсқасында: «Олар (шын ниеттің арқасында) әжір-сауапта сендерге ортақ болады1», – деп айтылған. Бұл хадисті Имам Бұхари Әнәстен (р.а.) жеткізсе, Имам Муслим Жәбирден (р.а.) жеткізген.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда мы вместе с Пророком ﷺ отправились в военный поход, он сказал: “В Медине есть люди, которые не смогли выйти в поход, однако каким бы путём вы ни шли и какую бы долину ни пересекали, они (благодаря своим искренним намерениям) неизменно были вместе с вами. Их удержала лишь болезнь”» (Ахмад: 14675).

В другой версии хадиса сказано: «Их удержала лишь уважительная причина».

Ещё в одной версии сказано: «Они (благодаря искреннему намерению) разделяют с вами награду»1.

Этот хадис имам аль-Бухари передал со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), а имам Муслим – со слов Джабира (да будет доволен им Аллах).

  1. 1Ниеттерінің арқасында олар да дәл сендер сияқты сауап алады.
  1. 1Благодаря своим намерениям они получают такую же награду, как и вы.
1344
Риядус-салихин, № 1344Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ أعرابيًا أتى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلْمَغْنَمِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُذْكَرَ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ ليُرَى مَكَانُهُ؟

وَفِى رِوَايَة: يُقَاتِلُ شَجَاعَةً، وَيُقَاتِلُ حَمِيَّةً. وَفِى رِوَايَة: يُقَاتِلُ غَضَبًا، فَمَنْ فِى سبيل اللَّه؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا، فَهُوَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте: Бір бәдәуи Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Біреу олжа үшін, енді біреу қаһарман атану үшін, тағы біреу өзінің қаншалықты батыр екенін көрсету үшін шайқасады». (Хадистің басқа бір нұсқасында: «Бірі өзінің батырлығын паш ету үшін, енді бірі ұлтшылдық немесе рушылдық себепті шайқасады», – делінсе, тағы бір нұсқасында: «Бірі ашу-ызамен шайқасады», – деп айтылған). Сөйтіп әлгі бәдәуи: «Енді осылардың қайсысы Алла жолында болып саналады?» – дегенде, Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алланың сөзі (яғни, діні) асқақ болсын деп шайқасса, міне, сол Алланың жолында!» – деп айтты, – делінген (Бұхари: 2810, Муслим: 4919, Ахмад: 19493).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин и сказал: “О Посланник Аллаха! Один человек сражается ради добычи, другой – чтобы прослыть героем, а третий – чтобы показать, насколько он храбр”. (В другой версии хадиса говорится: “Один сражается, чтобы продемонстрировать свою храбрость, а другой – из националистических или родоплеменных побуждений”; ещё в одной версии сказано: “Один сражается, движимый гневом”).

Затем бедуин спросил: “Кто же из них считается сражающимся на пути Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Кто сражается ради того, чтобы Слово Аллаха (то есть Его религия) было превыше всего, именно тот сражается на пути Аллаха!”» (Аль-Бухари: 2810; Муслим: 4919; Ахмад: 19493).

1345
Риядус-салихин, № 1345Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ غَازِيَةٍ، أَوْ سَرِيّةٍ تَغْزُو، فَتَغْنَمُ وَتَسْلَمُ، إِلَّا كَانُوا قَدْ تَعَجَّلُوا ثُلُثَيْ أُجُورهُمْ، وَمَا مِنْ غَازِيَةٍ أَوْ سَرِيّةٍ تُخْفِقُ وَتُصَابُ إِلَّا تَمَّ لَهُمْ أجُورهُمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қандай да бір қол немесе жасақ жорыққа аттанып, олжалы болып, аман-есен оралса, өздеріне уәде етілген марапаттың үштен екісін алдын-ала алған болады. Ал жорыққа аттанып, діттегеніне жете алмай бәлеге ұшыраған қол немесе жасақ, өздеріне уәде етілген сауапқа толығымен кенелетін болады», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4925, Ахмад: 6577).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Воины любого войска или отряда, которые отправятся в поход, захватят добычу и благополучно вернутся, тем самым заранее получат две трети обещанной им награды. А воины войска или отряда, которые отправятся в поход, но не смогут достичь своей цели и попадут в беду, получат обещанную им награду полностью» (Муслим: 4925; Ахмад: 6577).

1346
Риядус-салихин, № 1346Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أُمَامَة أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ائْذَنْ لِى فِى السِّيَاحَةِ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ سِيَاحَةَ أُمَّتِى الْجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәма (р.а.): «Бір сахаба: «Уа, Расулалла, маған саяхатқа шығуға рұқсат етсеңіз?» – деп өтінгенде, Расулалла ﷺ оған: «Үмбетімнің саяхаты – Ұлы Жаратушымыз Алланың жолында күрес», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2486).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды один из сподвижников попросил: “О Посланник Аллаха! Позвольте мне отправиться в странствие”. Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Странствие моей общины – борьба на пути нашего Великого Творца – Аллаха”» (Абу Дауд: 2486).

1347
Риядус-салихин, № 1347Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «قَفْلَةٌ كَغَزْوَةٍ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: Ғазауаттан кейін елге оралудың өзі ғазауат жасағандай сауап саналады», – деп айтқан» (Әбу Дәуіт: 2487, Ахмад: 6625).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Само возвращение домой после военного похода приравнивается по награде к участию в этом походе» (Абу Дауд: 2487; Ахмад: 6625).

1348
Риядус-салихин, № 1348Риуаят етуші: Саиб ибн Язид

عَنْ السائب بْنِ يزيد قَالَ: لَمَّا قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ غَزْوَةِ تَبُوك تَلَقَّاهُ النَّاسُ، فَتَلَقّيتُهُ مَعَ الصِّبْيَانِ عَلَى ثَنيَّةِ الْوَدَاعِ. رواه أَبُو داود بإِسنادٍ صحيح بهذا اللفظ

ورواه الْبخارِى قَالَ: ذَهَبنا نَتَلَقَّى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَعَ الصِّبْيَانِ إِلَى ثَنِيَّةِ الْوَدَاعِ

Қазақша аудармасы

Әс-Сайб ибн Язид (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ Тәбук ғазауатынан оралғанда, ел-жұрт алдынан шығып қарсы алды. Сонда мен де балалармен бірге «әл-Уадағ» асуынан күтіп алған едім», – деген (Әбу Дәуіт: 2779).

Хадистің имам Бұхариде келген нұсқасында: «Біз балалармен бірге Алла елшісінің ﷺ алдынан шығып, күтіп алу үшін «әл-Уадағ» асуына барған едік», – деген (Бұхари: 3083).

Орысша аудармасы

Ас-Саиб ибн Язид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ вернулся из похода на Табук, люди вышли ему навстречу, а я вместе с детьми встретил его у перевала аль-Вада» (Абу Дауд: 2779).

В версии этого хадиса, приведённой имамом аль-Бухари, говорится: «Мы вместе с детьми вышли навстречу Посланнику Аллаха ﷺ и отправились к перевалу аль-Вада, чтобы встретить его» (Аль-Бухари: 3083).

1349
Риядус-салихин, № 1349Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أُمَامَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ لَمْ يَغْزُ، أَوْ يُجَهِّزْ غَازِيًا، أَوْ يَخْلُفْ غَازيًا فِى أَهْلِهِ بِخَيرٍ، أَصَابَهُ اللَّهُ بِقَارعَةٍ قَبْلَ يَوْمِ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәмадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Алла жолында соғыспаса немесе Алла жолында жорыққа аттанатын жауынгерді жасақтамаса, не болмаса қан майданда жүрген жауынгердің артында қалған отбасына жақсылық жасап қарайласпаса, Алла Тағала оны қиямет-қайым орнамай тұрып-ақ, үлкен бір бәлеге ұшыратады», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт: 2503).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Того, кто не будет сражаться на пути Аллаха, не снарядит воина, отправляющегося в поход на пути Аллаха, и не окажет добра и помощи семье воина, оставшейся без него, пока он находится на поле сражения, Аллах Всевышний поразит великим бедствием ещё до наступления Судного дня» (Абу Дауд: 2503).

1350
Риядус-салихин, № 1350Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «جَاهِدُوا الْمُشْرِكِينَ بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ وَألْسِنَتِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: (Өздеріңмен аяусыз соғысқан) мүшріктерге қарсы дүние-мүліктеріңмен, жан-тәндеріңмен және қызыл тілдеріңмен күресіңдер!» – деп айтқан» (Әбу Дәуіт: 2504).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Боритесь с многобожниками (которые беспощадно сражались с вами) своим имуществом, душой и телом, а также силой своего слова!» (Абу Дауд: 2504).

1351
Риядус-салихин, № 1351

عَنْ أَبِى عَمْرُو – ويقالُ: أَبُو حكيمٍ – النُّعْمَانِ بْنِ مُقَرِّن قَالَ: شَهِدْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، إِذَا لَمْ يُقَاتِلْ من أَوَّلِ النَّهَارِ أخَّرَ الْقِتَالَ حَتَّى تَزُولَ الشَّمْسُ، وَتَهُبَّ الرِّيَاحُ، وَيَنْزِلَ النَّصْرُ

Қазақша аудармасы

Әбу Амр ән-Нұғман ибн Муқаррин (р.а.): «Мен Алла елшісімен ﷺ бірге ғазауатта болдым. Егер ол күндіздің әуелгі уақытында (таңертең) шайқаспаса, соғысты күн әбден еңкейіп, салқын жел есіп, Алланың қолдауы келгенге дейін кешіктіретін еді», – деген (Әбу Дәуіт: 2655, Тирмизи: 1613, Ахмад: 23744).

Орысша аудармасы

Абу Амр Нуман ибн Мукаррин (да будет доволен им Аллах) передал: «Я участвовал в военном походе вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Если он не начинал сражение в начале дня (утром), то откладывал его до тех пор, пока солнце не проходило зенит, не начинал веять прохладный ветер и не приходила помощь Аллаха» (Абу Дауд: 2655; Ат-Тирмизи: 1613; Ахмад: 23744).

1352
Риядус-салихин, № 1352Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَتَمَنَّوْا لِقَاءَ الْعَدُوِّ، وَاسْأَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لَقِيتُمُوهُمْ فَاصْبِرُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Дұшпанмен бетпе-бет келіп соғысуды өздерің тілемеңдер. Керісінше, Алладан амандық тілеңдер. Ал егер дұшпанмен бетпе-бет келіп, соғысатын болсаңдар, табындылық танытыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3028, Муслим: 4542, Ахмад: 9192).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не желайте встречи с врагом и сражения с ним. Напротив, просите Аллаха о благополучии. Если же встретитесь с врагом лицом к лицу и вступите в бой, проявляйте стойкость» (Аль-Бухари: 3028; Муслим: 4542; Ахмад: 9192).

1353
Риядус-салихин, № 1353Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ وَعَنْ جابرٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الحَرْبُ خَدْعَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра мен Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Соғыс деген айла-тәсіл!» – деп айтқан» (Бұхари: 3028, 3030, Муслим: 4539, Ахмад: 14177).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра и Джабир (да будет доволен ими Аллах) передали, что Пророк ﷺ сказал: «Война – это хитрость и тактика!» (Аль-Бухари: 3028, 3030; Муслим: 4539; Ахмад: 14177).