عَنْ أَبِى بَكْر بْنِ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ، قَالَ: سَمِعْتُ أَبِى وَهُوَ بَحَضْرَةِ الْعَدُوِّ، يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أبْوَابَ الْجَنَّةِ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» فَقَامَ رَجُلٌ رَثُّ الْهَيْئَةِ، فَقَالَ: يَا أَبَا مُوسَى أأَنْتَ سَمِعْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ هَذَا؟ قَالَ: نَعَمْ، فَرَجَعَ إِلَى أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: أقْرَأُ عَلَيْكُم السَّلَامَ، ثُمَّ كَسَرَ جَفْنَ سَيْفِهِ فَألْقَاهُ، ثُمَّ مَشَى بِسَيْفِهِ إِلَى الْعَدُوِّ فَضَربَ بِهِ حَتَّى قُتِلَ
Әбу Бәкір ибн Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бірде әкем дұшпанмен бетпе-бет келген шақта, Алла елшісі ﷺ: «Жұмақтың қақпалары (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінің астында», – деп айтты», – деді. Сонда иіні әбден тозған бір кісі орнынан атып тұрып: «Уа, Әбу Мұса! Алла елшісінің солай деп айтқанын өз құлағыңмен естідің бе?» – деп сұрады. Әбу Мұса оған: «Иә», – деп жауап бергенде, әлгі кісі жолдастарының қасына жетіп барып, оларға: «Сау-сәлемет болыңдар!» – деп асығыс қоштасты да, қылышының қынын ортасынан қақ бөліп, лақтырып жіберді. Содан кейін қолындағы жалаңаш қылышымен жауға атой сап, жан тәсілім еткенше аянбай шайқасты», – деген (Муслим: 4916, Ахмад: 19680).
Абу Бакр ибн Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды, оказавшись лицом к лицу с врагом, его отец произнёс слова Посланника Аллаха ﷺ: «Врата рая находятся под сенью мечей (которыми сражаются на пути Аллаха)». Тогда некий человек в совершенно изношенной одежде вскочил с места и спросил: «О Абу Муса! Ты своими ушами слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал это?» Абу Муса ответил ему: «Да». Тогда этот человек поспешил к своим товарищам, наскоро простился с ними, сказав: «Будьте живы и здравы!», после чего разломил ножны своего меча пополам и отбросил их. Затем с обнажённым мечом в руке он с боевым кличем бросился на врага и сражался, не щадя себя, до последнего вздоха (Муслим: 4916; Ахмад: 19680).