Хадис

Шейіттіктің түрлері жайында

О видах шахидства

Риядус-салихин, 235-тақырып · 5 хадис · № 1354–1358

Хадистер

1354
Риядус-салихин, № 1354Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ: الْمَطْعُونُ وَالْمَبْطُونُ، وَالغَرِيقُ، وَصَاحِبُ الْهَدْمِ، وَالشَّهِيدُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шейіттер беске бөлінеді: оба (немесе сол сияқты жұқпалы) дертке ұшырап бақилық болғандар, іш ауруына шалдығып көз жұмғандар, суға батып өлгендер, қираған үйдің астында қалып қаза тапқандар және шыбын жанын Алла жолында пида еткендер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2829, Муслим: 4940, Ахмад: 8305).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Шахиды бывают пяти видов: умершие от чумы (или иного подобного инфекционного заболевания), умершие от болезни живота, утонувшие, погибшие под обломками рухнувшего дома и отдавшие свои жизни на пути Аллаха”» (Аль-Бухари: 2829; Муслим: 4940; Ахмад: 8305).

1355
Риядус-салихин, № 1355Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا تَعُدُّونَ الشُّهَدَاءَ فِيكُمْ؟» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ قُتِلَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَهُوَ شَهِيدٌ. قَالَ: «إِنَّ شهَدَاءَ أُمَّتِى إِذًَا لَقَلِيلٌ»! قَالُوا: فَمَنْ هُمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «مَنْ قُتِلَ فِى سَبِيلِ اللَّه فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ مَاتَ فِى سَبِيلِ اللَّه فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ مَاتَ فِى الطَّاعُونِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ مَاتَ فِى الْبَطْنِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَالغَرِيقُ شَهِيدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сіздер өз араларыңызда кімдерді шейіт санайсыздар?» – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Кімде-кім Алла жолында қаза тапса, міне, сол – шейіт», – деді. Сонда Алла елшісі: «Олай болса, үмбетімнің шейіттері тым аз болады ғой», – дейді. Сахабалар таңғалып: «Уа, Расулалла, тағы кімдер?» – дегенде, Алла елшісі: «Кімде-кім Алла жолында жау қолынан қаза тапса, міне, сол – шейіт, кімде-кім Алла жолында жазатайым мерт болса, сол – шейіт; кімде-кім оба (жұқпалы аурулар) жайлағанда ауырып қайтыс болса, сол – шейіт; кімде-кім ішкі аурулардан1 қайтыс болса, сол – шейіт, сондай-ақ суға батқан адам да шейіт»,– деп жауап берді», – деген (Муслим: 4941, Ахмад: 8092).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кого среди себя вы считаете шахидами?” Сподвижники ответили: “О Посланник Аллаха! Тот, кто погиб на пути Аллаха, и есть шахид”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В таком случае шахидов в моей общине будет совсем мало!” Удивлённые сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Кто же ещё?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Тот, кто погиб от руки врага на пути Аллаха, – шахид; тот, кто умер на пути Аллаха, – шахид; тот, кто заболел и умер во время распространения чумы (инфекционного заболевания), – шахид; тот, кто умер от внутренних заболеваний1, – шахид; утонувший также является шахидом”» (Муслим: 4941; Ахмад: 8092).

  1. 1Ішкі аурулар – сырт көзге көрінбейтін адам тәнінің іш жағындағы барлық дерттер, мысалы, адамның ішкі ағзаларындағы аурулар, ішіндегі жаралар, сондай-ақ рак ауруын да ғалымдар ішкі ауруларға жатқызған...
  1. 1Под внутренними болезнями здесь понимаются все заболевания внутренних частей тела, невидимых снаружи: болезни внутренних органов, внутренние язвы; учёные относят к ним также рак…
1356
Риядус-салихин, № 1356Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім мал-дүниесін қорғап, кісі қолынан қаза тапса, сол – шейіт», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2480, Муслим: 321, Ахмад: 6522).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто погибнет от руки другого человека, защищая своё имущество, является шахидом» (Аль-Бухари: 2480; Муслим: 321; Ахмад: 6522).

1357
Риядус-салихин, № 1357

عَنْ سعيد بْنِ زيد بْنِ عَمْرو بْنِ نُفَيْل، أَحَدِ الْعَشَرَةِ الْمَشْهُودِ لَهُمْ بِالْجَنَّةِ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهيدٌ، وَمَنْ قُتِلَ دُونَ دَمِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ قتِلَ دُونَ دِينهِ فَهُوَ شَهِيدٌ، وَمَنْ قُتِلَ دُونَ أَهْلِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісі ﷺ тарапынан жаннатпен сүйіншіленген ардақты он сахабаның бірі Сағид ибн Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл (р.а.): «Алла елшісінің: «Дүние-мүлкін қорғап өлген адам шейіт, өзін-өзі қорғаймын деп ажал құшқан адам да шейіт, дін жолында қаза тапқан да шейіт, сондай-ақ отбасы бала-шағасын қорғап көз жұмған да шейіт болып табылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4772, Тирмизи: 1221).

Орысша аудармасы

Саид ибн Зайд ибн Амр ибн Нуфайль (да будет доволен им Аллах), один из десяти почитаемых сподвижников, которых Посланник Аллаха ﷺ обрадовал вестью о рае, сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто погибнет, защищая своё имущество, является шахидом; тот, кто погибнет, защищая себя, также является шахидом; тот, кто погибнет, защищая свою религию, является шахидом; и тот, кто погибнет, защищая свою семью и детей, также является шахидом”» (Абу Дауд: 4772; Ат-Тирмизи: 1221).

1358
Риядус-салихин, № 1358Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ جَاءَ رجلٌ يُرِيدُ أخْذَ مَالِى؟ قَالَ: «فَلَا تُعْطِهِ مَالَكَ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قَاتَلَنِى؟ قَالَ: «قَاتِلْهُ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلَنِى؟ قَالَ: «فَأَنْتَ شَهِيدٌ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلْتُهُ؟ قَالَ: «هُوَ فِى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде бір кісі Алла елшісіне ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Егер біреу келіп дүние-мүлкіме қол сұқса қайтемін?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Дүние-мүлкіңді оған беріп қойып, қарап отырма», – деді. Әлгі кісі сауалын кеңітіп: «Егер ол менімен ұстаса кетсе ше?» – деді. Сонда ол: «Онда сен де қарап тұрма», – деді. Сұраушы тағы: «Егер ол мені өлтірсе ше?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Онда сен шейіт боласың», – деді. Сұраушы: «Ал егер мен оны өлтіріп қойсам ше?» – дегенде, Расулалла: «Онда ол тозаққа кіреді», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 360).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришёл человек и спросил: “О Посланник Аллаха! Что мне делать, если кто-нибудь посягнёт на моё имущество?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Не позволяй ему забрать твоё имущество”. Тот продолжил: “А если он вступит со мной в схватку?” Он ответил: “Тогда и ты дай ему отпор”. Человек вновь спросил: “А если он убьёт меня?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тогда ты станешь шахидом”. Тот спросил: “А если я убью его?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Тогда он попадёт в ад”» (Муслим: 360).