Хадис

Риядус-салихин, № 1295

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1295 (қазақша басылым реті)
1295
Риядус-салихин, № 1295Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَضَمَّنَ اللَّه لِمَنْ خَرَجَ فِى سَبِيلِهِ، لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا جِهَادٌ فِى سَبِيلِى، وَإِيمَانٌ بِى، وَتَصْدِيقٌ بِرُسُلِى، فَهُوَ عَلَيَّ ضَامِنٌ أَنْ أُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، أَوْ أُرْجِعَهُ إِلَى مَنْزِلهِ الَّذِى خَرَجَ مِنْهُ بِمَا نَالَ مِنْ أجْرٍ، أَوْ غَنيمَةٍ. وَالَّذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، مَا مِنْ كَلْمٍ يُكْلَمُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَهَيْئَتِهِ يَوْمَ كُلِم؛ لَوْنُهُ لَوْنُ دَمٍ، وَرِيحُهُ رِيحُ مِسْكٍ. وَالَّذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوْلَا أَنْ يَشُقَّ عَلَى الْمُسْلِمِينَ مَا قَعَدْتُ خِلَافَ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فِى سَبِيلِ اللَّهِ أبدًا، وَلكِنْ لَا أجِدُ سَعَةً فأحْمِلُهُمْ وَلَا يَجِدُونَ سَعَةً، وَيَشُقُّ عَلَيْهِمْ أَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنِّى. وَالَّذِى نَفْس مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوَدِدْتُ أَنْ أغْزُوَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أغْزُوَ فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أغْزُوَ فَأُقْتَلَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала Өзінің жолында жиһадқа шыққан пендесі жайлы: «Ол басқа мақсатпен емес таза Менің разылығыма деген сүйіспеншілікпен, Маған деген терең иманы, елшілерім мен олардың айтқандарына шын жүректен сенуі себепті жолға шықты», – деп, оны мол игілікке кенелтетіндігіне кепілдік (уәде) береді. Алла Тағала әлгі ақ адал жан (шейіттік шәрбатын ішсе), «жұмаққа кіргіземін», (ал ғази болса), «мол сауап пен олжаға кенелтіп, үйіне оралуды нәсіп етемін», – деп уәде береді. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Хақ Тағала жолында түскен жара қиямет күні сол қалпында келеді; түсі қан түстес, иісі мисктей хош иісті болады. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Аллаға ант етейін! Егер мұсылмандарға машақат тудырады-ау демесем, Алла үшін болған ешбір жорықтан қалмас едім. Алайда менің бұған бүкіл мүміндерді құлшындыруға мүмкіндігім болмағаны секілді, олардың да бұған шамалары келе бермейді. Мен кеткенде, өздерінің жорықтан қалып қойғаны оларға оңай соқпайды. Мұхаммедтің жанын құдіретті уысында ұстаған Раббыма ант етейін! Алла жолында жорыққа шығып, шейіт болғанды, содан кейін Алла мені қайтадан тірілтсе, қайта жорыққа аттанып шейіт болғанды, содан соң қайта тірілтсе, тағы да жорыққа аттанып шейіт болғанды қалар едім», – деп айтты», – деген (Муслим: 1876, Бұхари: 36, Ахмад: 9187).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний берёт на Себя обязательство (даёт обещание) щедро вознаградить Своего раба, вышедшего на джихад на Его пути, говоря о нём: “Он отправился не ради какой-либо иной цели, а лишь стремясь снискать Моё довольство, побуждаемый глубокой верой в Меня, искренней верой в Моих посланников и в то, что они возвестили”. Аллах Всевышний обещает этому искреннему рабу: если он (вкусит чашу мученичества), то введёт его в рай, а если (вернётся из похода как воин), то возвратит домой с наградой или добычей.

Клянусь Аллахом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Любая рана, полученная на пути Всевышнего, в День воскресения предстанет в том же виде: цвет её будет цветом крови, а запах – благоуханием мускуса.

Клянусь Аллахом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Если бы я не опасался причинить мусульманам тяготы, то не пропустил бы ни одного похода ради Аллаха. Однако у меня нет средств, чтобы обеспечить их всех верховыми животными, да и у них самих нет для этого средств. Когда я отправляюсь в поход, им тяжело оставаться позади.

Клянусь моим Господом, в Чьей всемогущей длани душа Мухаммада! Я хотел бы выступить в поход на пути Аллаха и пасть шахидом, затем, если бы Аллах вновь оживил меня, ещё раз выступить в поход и пасть шахидом, а после нового воскрешения снова выступить в поход и пасть шахидом» (Муслим: 1876; Аль-Бухари: 36; Ахмад: 9187).