Хадис

Риядус-салихин, № 1314

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1314 (қазақша басылым реті)
1314
Риядус-салихин, № 1314Риуаят етуші: Әбу Қатада

عَنْ أَبِى قتادة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَامَ فِيهِم فَذَكَرَ أَنَّ الْجِهَادَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، وَالإِيمَانَ بِاللَّهِ، أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أرأيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أتُكَفَّرُ عَنِّى خَطَايَايَ؟ فَقَالَ لهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، إِنْ قُتِلْتَ فِى سَبِيلِ اللَّه وَأَنْتَ صَابِرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ»، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كيْفَ قُلْتَ؟» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، أتُكَفَّرُ عَنِّى خَطَايَايَ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، وَأَنْتَ صَابرٌ مُحْتَسِبٌ، مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، إِلَّا الدَّيْنَ فَإِنَّ جِبْرِيلَ تَعَالَى قَالَ لِى ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ сахабаларға құтба оқыды. Сол құтбасында Алла жолындағы күрес пен Аллаға иман етудің ең абзал іс екенін қадап айтқан болатын. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Алла елшісі әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Алла жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Алладан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Алла жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жәбірейіл (а.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген (Муслим: 4880, Ахмад: 8075).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к сподвижникам с проповедью, в которой особо подчеркнул, что борьба на пути Аллаха и вера в Аллаха являются наилучшими деяниями. Тогда один из сподвижников поднялся со своего места и спросил: “О Посланник Аллаха! Простятся ли мне мои грехи, если я погибну шахидом на пути Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да. Если ты погибнешь на пути Аллаха, проявляя предельное терпение, ожидая награды только от Аллаха, не отступая ни на шаг и устремляясь лишь вперёд, твои грехи будут прощены”.

Спустя некоторое время Посланник Аллаха ﷺ спросил того человека: “Что ты сказал?” Тот сподвижник вновь спросил: “Простятся ли мне мои грехи, если я погибну шахидом на пути Аллаха?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да. Если ты погибнешь на пути Аллаха, проявляя предельное терпение, ожидая награды только от Аллаха, не отступая ни на шаг и устремляясь лишь вперёд, тебе простятся все грехи, кроме твоих долгов. Об этом мне сообщил ангел Джибрил (мир ему)”» (Муслим: 4880; Ахмад: 8075).