عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: مَرَّ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِشِعبٍ فِيهِ عُيَيْنَةٌ مِنْ مَاءٍ عَذْبَة، فَأعْجَبَتْهُ، فَقَالَ: لَو اعْتَزَلْتُ النَّاسَ فَأقَمْتُ فِى هَذَا الشِّعْبِ، وَلَنْ أفْعَلَ حَتَّى أسْتَأْذِنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فذكَرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَا تَفعلْ؛ فَإِنَّ مُقامَ أَحَدِكُمْ فِى سَبِيلِ اللَّهِ أَفْضَلُ مِنْ صَلَاتِهِ فِى بَيْتِهِ سَبْعِينَ عَامًا، أَلَا تُحِبُّونَ أَنْ يَغْفِرَ اللَّه لَكُمْ، وَيُدْخِلَكُمُ الْجَنَّةَ؟ أُغْزُوا فِى سَبِيلِ اللَّه، من قَاتَلَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ فُوَاقَ نَاقَةٍ وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ сахабаларының бірі (әлдебір сапарында) суы балдай кішігірім бұлақ ағып жатқан бір саймен келе жатып, әлгі жерді ұнатып қалады да, ішінен: «Шіркін, адамдардан оқшауланып, мына сайда өзіммен-өзім өмір сүрсем қандай жақсы болар еді!» – деп ойлап, бірақ «Алла елшісінен рұқсат алмастан олай істемеймін», – деген тоқтамға келеді. Кейін ол бұл ойын Алла елшісіне жеткізгенде, оған: «Сен олай істеме. Шынында, қайсыбіріңнің болса да, Алла жолында тікесінен тік тұрып (қызмет етуі), үйінде отырып жетпіс жыл намаз оқып құлшылық жасағанынан әлдеқайда артық. Алланың күнәларыңды кешіріп, сендерді жұмаққа кіргізгенін қаламайсыңдар ма? Алла жолында аянбай күресіңдер, өйткені кімде-кім Алла жолында түйені екі мәрте сауғандағы уақыт аралығындай болса да қасық қаны қалғанша шайқасса, міндетті түрде жұмаққа кіреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1650, Ахмад: 9762).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды один из сподвижников Посланника Аллаха ﷺ, проходя (во время одного из своих путешествий) по ущелью, где струился небольшой источник с водой, сладкой словно мёд, облюбовал это место и подумал: “Как было бы хорошо уединиться от людей и жить здесь одному!” Однако он решил: “Я не стану делать этого, пока не получу разрешения Посланника Аллаха ﷺ”. Позднее он рассказал о своём намерении Посланнику Аллаха ﷺ, и тот сказал ему: “Не делай этого. Поистине, для любого из вас стойко пребывать на пути Аллаха (неся служение Ему) гораздо лучше, чем семьдесят лет молиться и поклоняться Ему у себя дома. Разве вы не хотите, чтобы Аллах простил ваши грехи и ввёл вас в рай? Не щадя сил, сражайтесь на пути Аллаха, ибо тот, кто будет сражаться на пути Аллаха до последней капли крови хотя бы столько времени, сколько проходит между двумя доениями верблюдицы, непременно войдёт в рай”» (Ат-Тирмизи: 1650; Ахмад: 9762).