Хадис
كِتَابُ الرُّؤْيَا

Түс көру кітабы

Сахих Мүслим, 49-кітап · 11 хадис · № 1512–1522

Мазмұны: 10 бап
  1. 1Пайғамбардың (с.а.с.) көрген түстері туралы
  2. 2Пайғамбардың (с.а.с.) түсінде өтірікші Мусәйлима мен өтірікші әл-Ансиді көруі туралы
  3. 3Пайғамбардың (с.а.с.) «Мені түсінде көрген адам мені шынымен көрген» деген сөзі туралы
  4. 4Жақсы түс – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан
  5. 5Жақсы түс – Алладан. Жағымсыз түс көрген адам оны ешкімге айтпасын
  6. 6Жағымсыз түс көрген адам Алладан пана сұрап, жатқан қырынан екінші қырына аунап жатсын
  7. 7Мүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі
  8. 8Ақырзаман жақындағанда мұсылманның түсі сирек жағдайда ғана жалған шығады
  9. 9Түс жоруға қатысты риуаяттар туралы
  10. 10Түсінде шайтанның әуресіне түскенін ешкімге айтпау туралы
بَابٌ: فِي رُؤْيَا النَّبِيِّ ﷺ

1-бапПайғамбардың (с.а.с.) көрген түстері туралы

1512
Мүслим, № 1512Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَأَيْتُ ذَاتَ لَيْلَةٍ، فِيمَا يَرَى النَّائِمُ، كَأَنَّا فِي دَارِ عُقْبَةَ بْنِ رَافِعٍ، فَأُتِينَا بِرُطَبٍ مِنْ رُطَبِ ابْنِ طَابٍ، فَأَوَّلْتُ الرِّفْعَةَ لَنَا فِي الدُّنْيَا، وَالْعَاقِبَةَ فِي الْآخِرَةِ، وَأَنَّ دِينَنَا قَدْ طَابَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бір түні түсімде өзіміздің Уқба ибн Рафиғтың үйінде екенімізді көрдім. Бізге Ибн Табтың балғын құрмасы әкелінді. Мен мұны дүниедегі мәртебеміздің биіктеуіне, ақыреттегі нәтижеміздің қайырлы болуына және дініміздің көркеюіне жорыдым”, – деді» (2270/18).

1513
Мүслим, № 1513Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ أَنِّي أُهَاجِرُ مِنْ مَكَّةَ إِلَى أَرْضٍ بِهَا نَخْلٌ، فَذَهَبَ وَهْلِي إِلَى أَنَّهَا الْيَمَامَةُ أَوْ هَجَرُ، فَإِذَا هِيَ الْمَدِينَةُ يَثْرِبُ، وَرَأَيْتُ فِي رُؤْيَايَ هَذِهِ أَنِّي هَزَزْتُ سَيْفًا، فَانْقَطَعَ صَدْرُهُ، فَإِذَا هُوَ مَا أُصِيبَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ أُحُدٍ، ثُمَّ هَزَزْتُهُ أُخْرَى فَعَادَ أَحْسَنَ مَا كَانَ، فَإِذَا هُوَ مَا جَاءَ اللَّهُ بِهِ مِنَ الْفَتْحِ وَاجْتِمَاعِ الْمُؤْمِنِينَ، وَرَأَيْتُ فِيهَا أَيْضًا بَقَرًا، وَاللَّهُ خَيْرٌ، فَإِذَا هُمُ النَّفَرُ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ أُحُدٍ، وَإِذَا الْخَيْرُ مَا جَاءَ اللَّهُ بِهِ مِنَ الْخَيْرِ بَعْدُ، وَثَوَابُ الصِّدْقِ الَّذِي آتَانَا اللَّهُ بَعْدَ يَوْمِ بَدْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғаридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Түсімде Меккеден құрма ағаштары өсетін бір жерге қоныс аударып бара жатқанымды көрдім. Алғашында оны Ямама немесе Һәжәр болар деп ойладым. Сөйтсем, ол Мәдина – Ясриб екен. Осы түсімде қылышымды сілтегенімде, оның алдыңғы бөлігі сынып қалғанын да көрдім. Бұл Ухуд күні мүміндердің басына түскен қаза еді. Кейін оны тағы бір сілтегенімде, ол бұрынғысынан да жақсы күйге келді. Бұл – Алла нәсіп еткен жеңіс пен мүміндердің бірігуі еді. Сондай-ақ түсімде сиырларды да көрдім. Алланың бергені – қайырлы. Олар Ухуд күні қаза тапқан мүміндер тобы екен. Ал қайыр – Алланың содан кейін нәсіп еткен игілігі әрі Бәдір күнінен кейін Алланың бізге адалдығымыз үшін берген сауабы еді» (2272/20).

بَابٌ: رُؤْيَا النَّبِيِّ ﷺ مُسَيْلِمَةَ الْكَذَّابَ وَالْعَنْسِيَّ الْكَذَّابَ

2-бапПайғамбардың (с.а.с.) түсінде өтірікші Мусәйлима мен өтірікші әл-Ансиді көруі туралы

1514
Мүслим, № 1514Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَدِمَ مُسَيْلِمَةُ الْكَذَّابُ عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ الْمَدِينَةَ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «إِنْ جَعَلَ لِي مُحَمَّدٌ الْأَمْرَ مِنْ بَعْدِهِ تَبِعْتُهُ»، فَقَدِمَهَا فِي بَشَرٍ كَثِيرٍ مِنْ قَوْمِهِ، فَأَقْبَلَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ وَمَعَهُ ثَابِتُ بْنُ قَيْسِ بْنِ شَمَّاسٍ، وَفِي يَدِ النَّبِيِّ ﷺ قِطْعَةُ جَرِيدَةٍ، حَتَّى وَقَفَ عَلَى مُسَيْلِمَةَ فِي أَصْحَابِهِ، قَالَ: «لَوْ سَأَلْتَنِي هَذِهِ الْقِطْعَةَ مَا أَعْطَيْتُكَهَا، وَلَنْ أَتَعَدَّى أَمْرَ اللَّهِ فِيكَ، وَلَئِنْ أَدْبَرْتَ لَيَعْقِرَنَّكَ اللَّهُ، وَإِنِّي لَأُرَاكَ الَّذِي أُرِيتُ فِيكَ مَا أُرِيتُ، وَهَذَا ثَابِتٌ يُجِيبُكَ عَنِّي». ثُمَّ اِنْصَرَفَ عَنْهُ. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَسَأَلْتُ عَنْ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: “إِنَّكَ، أَرَى، الَّذِي أُرِيتُ فِيكَ مَا أُرِيتُ”، فَأَخْبَرَنِي أَبُو هُرَيْرَةَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: “بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ رَأَيْتُ فِي يَدَيَّ سِوَارَيْنِ مِنْ ذَهَبٍ، فَأَهَمَّنِي شَأْنُهُمَا، فَأُوحِيَ إِلَيَّ فِي الْمَنَامِ أَنْ أَنْفُخَهُمَا، فَنَفَخْتُهُمَا فَطَارَا، فَأَوَّلْتُهُمَا كَذَّابَيْنِ يَخْرُجَانِ مِنْ بَعْدِي، فَكَانَ أَحَدُهُمَا الْعَنْسِيَّ صَاحِبَ صَنْعَاءَ، وَالْآخَرُ مُسَيْلِمَةَ صَاحِبَ الْيَمَامَةِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Өтірікші Мусәйлима Пайғамбардың (с.а.с.) заманында Мәдинаға келіп: “Егер Мұхаммед өзінен кейін билікті маған қалдырса, оған еремін”, – деп айта бастады. Ол Мәдинаға өз қауымынан көп адам ертіп келді. Пайғамбар (с.а.с.) қасына Сәбит ибн Қайс ибн Шаммасты ертіп, оған қарай беттеді. Пайғамбардың (с.а.с.) қолында құрма сабағының бір кесіндісі бар еді. Ол серіктерінің ортасында тұрған Мусәйлиманың алдына келіп тоқтап: “Менен мына кесіндіні сұрасаң да, саған бермес едім. Сен туралы Алланың әмірінен ешқашан аттамаймын. Егер теріс бұрылсаң, Алла сені сөзсіз құртады. Меніңше, түсімде маған көрсетілген адам – өзіңсің. Ал мына Сәбит саған менің атымнан жауап береді”, – деді. Содан кейін одан бұрылып кетті». Ибн Аббас сөзін жалғастырып: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.): “Меніңше, түсімде маған көрсетілген адам – өзіңсің”, – деген сөзі жайында сұрадым. Сонда Әбу Һурайра маған Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін хабарлады: “Ұйықтап жатқанымда түсімде екі қолымдағы екі алтын білезікті көрдім. Бұл мені алаңдатты. Сонда түсімде маған екеуін үрлеуім керектігі уахи етілді. Екеуін үрлегенімде, олар ұшып кетті. Мен бұл екеуін менен кейін шығатын екі өтірікшіге жорыдым. Оның бірі – Санғадағы әл-Анси, екіншісі – Ямамадағы Мусәйлима еді”», – деді (2273/21; 2274/21).

بَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «مَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَقَدْ رَآنِي»

3-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мені түсінде көрген адам мені шынымен көрген» деген сөзі туралы

1515
Мүслим, № 1515Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَسَيَرَانِي فِي الْيَقَظَةِ” (أَوْ: “لَكَأَنَّمَا رَآنِي فِي الْيَقَظَةِ”) “لَا يَتَمَثَّلُ الشَّيْطَانُ بِي”». وَقَالَ: فَقَالَ أَبُو سَلَمَةَ: قَالَ أَبُو قَتَادَةَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ رَآنِي فَقَدْ رَأَى الْحَقَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мені түсінде көрсе, мені өңінде де көреді немесе мені өңінде көргендей болады. Шайтан менің бейнеме ене алмайды”, – дегенін естідім», – деді. Әбу Сәләмә: «Әбу Қатада Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мені көрсе, ол ақиқатты көрген болады”, – дегенін жеткізді», – деді (2266/11).

بَابٌ: الرُّؤْيَا مِنَ اللَّهِ وَالْحُلْمُ مِنَ الشَّيْطَانِ

4-бапЖақсы түс – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан

1516
Мүслим, № 1516

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ، قَالَ: «سَمِعْتُ أَبَا قَتَادَةَ يَقُولُ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘الرُّؤْيَا مِنَ اللَّهِ، وَالْحُلْمُ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ شَيْئًا يَكْرَهُهُ، فَلْيَنْفُثْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ وَلْيَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّهَا، فَإِنَّهَا لَنْ تَضُرَّهُ’”». فَقَالَ: «إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الرُّؤْيَا أَثْقَلَ عَلَيَّ مِنْ جَبَلٍ، فَمَا هُوَ إِلَّا أَنْ سَمِعْتُ بِهَذَا الْحَدِيثِ فَلَا أُبَالِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә Әбу Қатаданың мына сөзін естіген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Игі түс – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Бірің түсінде өзіне ұнамайтын нәрсе көрсе, сол жағына үш рет жеңіл үрлеп, оның жамандығынан Аллаға сыйынсын. Сонда ол түс оған ешбір зиян келтірмейді”, – дегенін естідім». Әбу Сәләмә: «Бұрын көрген түсім маған таудан да ауыр тиетін еді. Осы хадисті естігеннен кейін оған мүлде мән бермейтін болдым», – деді (2261/2).

بَابٌ: الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ مِنَ اللَّهِ، وَمَنْ رَأَى مَا يَكْرَهُ فَلَا يُحَدِّثْ بِهِ

5-бапЖақсы түс – Алладан. Жағымсыз түс көрген адам оны ешкімге айтпасын

1517
Мүслим, № 1517

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ، قَالَ: «إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الرُّؤْيَا تُمْرِضُنِي». قَالَ: «فَلَقِيتُ أَبَا قَتَادَةَ، فَقَالَ: “وَأَنَا إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الرُّؤْيَا فَتُمْرِضُنِي، حَتَّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ مِنَ اللَّهِ، فَإِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ مَا يُحِبُّ فَلَا يُحَدِّثْ بِهَا إِلَّا مَنْ يُحِبُّ، وَإِذَا رَأَى مَا يَكْرَهُ فَلْيَتْفُلْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلَاثًا وَلْيَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشَرِّهَا، وَلَا يُحَدِّثْ بِهَا أَحَدًا؛ فَإِنَّهَا لَنْ تَضُرَّهُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә былай деді: «Бұрын көрген түстерімнің әсерінен ауырып қалатынмын. Кейін Әбу Қатаданы кездестірдім. Ол: “Мен де бұрын түс көрсем, ауырып қалатынмын. Ақыры Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Игі түс – Алладан. Бірің өзіне ұнайтын түс көрсе, оны өзі жақсы көретін адамға ғана айтсын. Ал өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет жеңіл түкіріп, шайтанның жамандығы мен сол түстің жамандығынан Аллаға сыйынсын әрі ол жайында ешкімге айтпасын. Сонда ол түс оған ешбір зиян келтірмейді’, – дегенін естідім”, – деді» (2261/4).

بَابٌ: إِذَا رَأَى مَا يَكْرَهُ فَلْيَتَعَوَّذْ وَلْيَتَحَوَّلْ عَنْ جَنْبِهِ الَّذِي كَانَ عَلَيْهِ

6-бапЖағымсыз түс көрген адам Алладан пана сұрап, жатқан қырынан екінші қырына аунап жатсын

1518
Мүслим, № 1518Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِذَا رَأَى أَحَدُكُمُ الرُّؤْيَا يَكْرَهُهَا، فَلْيَبْصُقْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلَاثًا وَلْيَسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ ثَلَاثًا، وَلْيَتَحَوَّلْ عَنْ جَنْبِهِ الَّذِي كَانَ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Жәбирдің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендердің бірің өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет түкірсін, шайтаннан Аллаға үш рет сыйынсын және жатқан қырынан екінші қырына ауыссын», – деді (2262/5).

بَابٌ: رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ سِتَّةٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ

7-бапМүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі

1519
Мүслим, № 1519Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ سِتَّةٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ».

Қазақша аудармасы

Убада ибн әс-Самиттің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүміннің түсі – пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің бірі», – деді (2264/7).

بَابٌ: إِذَا اِقْتَرَبَ الزَّمَانُ لَمْ تَكَدْ رُؤْيَا الْمُسْلِمِ تَكْذِبُ

8-бапАқырзаман жақындағанда мұсылманның түсі сирек жағдайда ғана жалған шығады

1520
Мүслим, № 1520Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِذَا اِقْتَرَبَ الزَّمَانُ لَمْ تَكَدْ رُؤْيَا الْمُسْلِمِ تَكْذِبُ، وَأَصْدَقُكُمْ رُؤْيَا أَصْدَقُكُمْ حَدِيثًا، وَرُؤْيَا الْمُسْلِمِ جُزْءٌ مِنْ خَمْسٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ، وَالرُّؤْيَا ثَلَاثَةٌ: فَالرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ بُشْرَى مِنَ اللَّهِ، وَرُؤْيَا تَحْزِينٌ مِنَ الشَّيْطَانِ، وَرُؤْيَا مِمَّا يُحَدِّثُ الْمَرْءُ نَفْسَهُ، فَإِنْ رَأَى أَحَدُكُمْ مَا يَكْرَهُ فَلْيَقُمْ فَلْيُصَلِّ، وَلَا يُحَدِّثْ بِهَا النَّاسَ». قَالَ: «وَأُحِبُّ الْقَيْدَ وَأَكْرَهُ الْغُلَّ، وَالْقَيْدُ ثَبَاتٌ فِي الدِّينِ». فَلَا أَدْرِي هُوَ فِي الْحَدِيثِ أَمْ قَالَهُ ابْنُ سِيرِينَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Ақырзаман жақындағанда мұсылманның түсі жалған бола қоймайды. Араларыңдағы ең шыншыл адамның түсі де ең шын болады. Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың қырық бес бөлігінің бірі. Түс үш түрлі болады: ізгі түс – Алладан келген сүйінші; қайғыға салатын түс – шайтаннан; үшіншісі – адамның көкейінде жүрген ойларынан туындайтын түс. Сендердің бірің өзіне ұнамайтын түс көрсе, орнынан тұрып намаз оқысын әрі оны адамдарға айтпасын», – деді. Одан кейін: «Мен аяққа салынатын кісенді ұнатамын, ал мойынға салынатын бұғауды ұнатпаймын. Кісен – діндегі беріктік», – деген сөз келтірілген. Риуаятшы: «Бұл сөз хадистің құрамында ма, әлде оны Ибн Сирин айтты ма – білмеймін», – деді (2263/6).

بَابٌ: مَا جَاءَ فِي تَأْوِيلِ الرُّؤْيَا

9-бапТүс жоруға қатысты риуаяттар туралы

1521
Мүслим, № 1521

عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُتْبَةَ، أَنَّ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانَ يُحَدِّثُ أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَرَى اللَّيْلَةَ فِي الْمَنَامِ ظُلَّةً تَنْطِفُ السَّمْنَ وَالْعَسَلَ، فَأَرَى النَّاسَ يَتَكَفَّفُونَ مِنْهَا بِأَيْدِيهِمْ، فَالْمُسْتَكْثِرُ وَالْمُسْتَقِلُّ، وَأَرَى سَبَبًا وَاصِلًا مِنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ، فَأَرَاكَ أَخَذْتَ بِهِ فَعَلَوْتَ، ثُمَّ أَخَذَ بِهِ رَجُلٌ مِنْ بَعْدِكَ فَعَلَا، ثُمَّ أَخَذَ بِهِ رَجُلٌ آخَرُ فَعَلَا، ثُمَّ أَخَذَ بِهِ رَجُلٌ آخَرُ فَانْقَطَعَ بِهِ، ثُمَّ وُصِلَ لَهُ فَعَلَا». قَالَ أَبُو بَكْرٍ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، بِأَبِي أَنْتَ، وَاللَّهِ لَتَدَعَنِّي فَلَأَعْبُرَنَّهَا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُعْبُرْهَا». قَالَ أَبُو بَكْرٍ: «أَمَّا الظُّلَّةُ فَظُلَّةُ الْإِسْلَامِ، وَأَمَّا الَّذِي يَنْطِفُ مِنَ السَّمْنِ وَالْعَسَلِ فَالْقُرْآنُ حَلَاوَتُهُ وَلِينُهُ، وَأَمَّا مَا يَتَكَفَّفُ النَّاسُ مِنْ ذَلِكَ فَالْمُسْتَكْثِرُ مِنَ الْقُرْآنِ وَالْمُسْتَقِلُّ، وَأَمَّا السَّبَبُ الْوَاصِلُ مِنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ فَالْحَقُّ الَّذِي أَنْتَ عَلَيْهِ، تَأْخُذُ بِهِ فَيُعْلِيكَ اللَّهُ بِهِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ مِنْ بَعْدِكَ فَيَعْلُو بِهِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ آخَرُ فَيَعْلُو بِهِ، ثُمَّ يَأْخُذُ بِهِ رَجُلٌ آخَرُ فَيَنْقَطِعُ بِهِ، ثُمَّ يُوصَلُ لَهُ فَيَعْلُو بِهِ، فَأَخْبِرْنِي يَا رَسُولَ اللَّهِ، بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي، أَصَبْتُ أَمْ أَخْطَأْتُ؟» قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَصَبْتَ بَعْضًا وَأَخْطَأْتَ بَعْضًا». قَالَ: «فَوَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَتُحَدِّثَنِّي مَا الَّذِي أَخْطَأْتُ». قَالَ: «لَا تُقْسِمْ».

Қазақша аудармасы

Убайдулла ибн Абдулла ибн Утбаның жеткізуінше, Ибн Аббас (р.а.) мына оқиғаны баяндайтын: бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Бүгін түнде түсімде сары май мен бал тамшылап тұрған бір бұлтты көрдім. Адамдардың одан қолдарымен көсіп алып жатқанын көрдім: бірі көбірек, енді бірі азырақ алды. Сондай-ақ көктен жерге дейін созылған бір арқанды көрдім. Сіздің одан ұстап, жоғары көтерілгеніңізді, содан кейін сізден соң бір кісінің ұстап, жоғары көтерілгенін, одан кейін тағы бір кісінің ұстап, жоғары көтерілгенін көрдім. Одан кейін тағы бір кісі одан ұстағанда, арқан үзіліп кетті. Содан соң арқан қайта жалғанып, әлгі кісінің жоғары көтерілгенін көрдім», – деді. Әбу Бәкір: «Уа, Расулалла! Әкем сізге құрбан болсын! Алламен ант етемін, маған рұқсат етіңіз, мен мұны міндетті түрде жорып берейін», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жорып көр», – деді. Әбу Бәкір: «Бұлтқа келсек, ол – Исламның саясы. Ал одан тамшылап тұрған сары май мен бал – Құранның тәттілігі мен жұмсақтығы. Адамдардың одан қолдарымен көсіп алғаны – Құраннан көбірек немесе азырақ үлес алуы. Ал көктен жерге дейін созылған арқан – сіз ұстанған ақиқат. Сіз одан ұстайсыз да, Алла сол арқылы сізді жоғары көтереді. Содан кейін сізден соң бір кісі одан ұстап, сол арқылы жоғары көтеріледі. Одан кейін тағы бір кісі одан ұстап, сол арқылы жоғары көтеріледі. Одан кейін тағы бір кісі одан ұстайды да, арқан үзіліп кетеді. Содан соң ол қайта жалғанып, әлгі кісі сол арқылы жоғары көтеріледі. Уа, Расулалла! Әкем де, шешем де сізге құрбан болсын! Айтыңызшы, мен дұрыс жорыдым ба, әлде қателестім бе?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кейбірін дұрыс жорыдың, кейбірінде қателестің», – деді. Ол: «Алламен ант етемін, уа, Расулалла! Қай тұста қателескенімді маған міндетті түрде айтасыз», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Ант етпе», – деді (2269/17).

بَابٌ: لَا يُخْبِرْ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِهِ فِي الْمَنَامِ

10-бапТүсінде шайтанның әуресіне түскенін ешкімге айтпау туралы

1522
Мүслим, № 1522Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ كَأَنَّ رَأْسِي ضُرِبَ فَتَدَحْرَجَ فَاشْتَدَدْتُ عَلَى أَثَرِهِ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِلْأَعْرَابِيِّ: «لَا تُحَدِّثِ النَّاسَ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِكَ فِي مَنَامِكَ». وَقَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ فَقَالَ: “لَا يُحَدِّثَنَّ أَحَدُكُمْ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِهِ فِي مَنَامِهِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Түсімде басымның шабылып, домалап кеткенін, ал өзімнің оның соңынан жүгіргенімді көрдім”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі бәдәуиге: “Шайтанның түсіңде сенімен ойнағанын адамдарға айтпа”, – деді». Жәбир: «Пайғамбардың (с.а.с.) құтба айтып тұрып: “Бірің шайтанның түсінде өзімен ойнағанын ешкімге айтпасын”, – дегенін естідім», – деді (2268/15).