Хадис

Сахих Мүслим, № 1517

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
49. Түс көру кітабыكِتَابُ الرُّؤْيَا
бап
5. Жақсы түс – Алладан. Жағымсыз түс көрген адам оны ешкімге айтпасынبَابٌ: الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ مِنَ اللَّهِ، وَمَنْ رَأَى مَا يَكْرَهُ فَلَا يُحَدِّثْ بِهِ
Нөмірі
№ 1517 (Мухтасар реті)
1517
Мүслим, № 1517

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ، قَالَ: «إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الرُّؤْيَا تُمْرِضُنِي». قَالَ: «فَلَقِيتُ أَبَا قَتَادَةَ، فَقَالَ: “وَأَنَا إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الرُّؤْيَا فَتُمْرِضُنِي، حَتَّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ مِنَ اللَّهِ، فَإِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ مَا يُحِبُّ فَلَا يُحَدِّثْ بِهَا إِلَّا مَنْ يُحِبُّ، وَإِذَا رَأَى مَا يَكْرَهُ فَلْيَتْفُلْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلَاثًا وَلْيَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشَرِّهَا، وَلَا يُحَدِّثْ بِهَا أَحَدًا؛ فَإِنَّهَا لَنْ تَضُرَّهُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә былай деді: «Бұрын көрген түстерімнің әсерінен ауырып қалатынмын. Кейін Әбу Қатаданы кездестірдім. Ол: “Мен де бұрын түс көрсем, ауырып қалатынмын. Ақыры Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Игі түс – Алладан. Бірің өзіне ұнайтын түс көрсе, оны өзі жақсы көретін адамға ғана айтсын. Ал өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет жеңіл түкіріп, шайтанның жамандығы мен сол түстің жамандығынан Аллаға сыйынсын әрі ол жайында ешкімге айтпасын. Сонда ол түс оған ешбір зиян келтірмейді’, – дегенін естідім”, – деді» (2261/4).