Хадис

Сахих Мүслим, № 1515

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
49. Түс көру кітабыكِتَابُ الرُّؤْيَا
бап
3. Пайғамбардың (с.а.с.) «Мені түсінде көрген адам мені шынымен көрген» деген сөзі туралыبَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «مَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَقَدْ رَآنِي»
Нөмірі
№ 1515 (Мухтасар реті)
1515
Мүслим, № 1515Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَسَيَرَانِي فِي الْيَقَظَةِ” (أَوْ: “لَكَأَنَّمَا رَآنِي فِي الْيَقَظَةِ”) “لَا يَتَمَثَّلُ الشَّيْطَانُ بِي”». وَقَالَ: فَقَالَ أَبُو سَلَمَةَ: قَالَ أَبُو قَتَادَةَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ رَآنِي فَقَدْ رَأَى الْحَقَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мені түсінде көрсе, мені өңінде де көреді немесе мені өңінде көргендей болады. Шайтан менің бейнеме ене алмайды”, – дегенін естідім», – деді. Әбу Сәләмә: «Әбу Қатада Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мені көрсе, ол ақиқатты көрген болады”, – дегенін жеткізді», – деді (2266/11).