Хадис

Сахих Мүслим, № 1522

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
49. Түс көру кітабыكِتَابُ الرُّؤْيَا
бап
10. Түсінде шайтанның әуресіне түскенін ешкімге айтпау туралыبَابٌ: لَا يُخْبِرْ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِهِ فِي الْمَنَامِ
Нөмірі
№ 1522 (Мухтасар реті)
1522
Мүслим, № 1522Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ كَأَنَّ رَأْسِي ضُرِبَ فَتَدَحْرَجَ فَاشْتَدَدْتُ عَلَى أَثَرِهِ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِلْأَعْرَابِيِّ: «لَا تُحَدِّثِ النَّاسَ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِكَ فِي مَنَامِكَ». وَقَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ فَقَالَ: “لَا يُحَدِّثَنَّ أَحَدُكُمْ بِتَلَعُّبِ الشَّيْطَانِ بِهِ فِي مَنَامِهِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Түсімде басымның шабылып, домалап кеткенін, ал өзімнің оның соңынан жүгіргенімді көрдім”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі бәдәуиге: “Шайтанның түсіңде сенімен ойнағанын адамдарға айтпа”, – деді». Жәбир: «Пайғамбардың (с.а.с.) құтба айтып тұрып: “Бірің шайтанның түсінде өзімен ойнағанын ешкімге айтпасын”, – дегенін естідім», – деді (2268/15).