Хадис
كِتَابُ الْفَضَائِلِ

Артықшылықтар кітабы

Сахих Мүслим, 50-кітап · 82 хадис · № 1523–1604

Мазмұны: 56 бап
  1. 1Пайғамбардың (с.а.с.) таңдап алынуы туралы
  2. 2Пайғамбардың (с.а.с.) «Мен Адам ұрпағының мырзасымын» деген сөзі туралы
  3. 3Пайғамбардың (с.а.с.) алып келген тура жолы мен іліміне қатысты келтірілген мысал туралы
  4. 4Пайғамбарлар тізбегінің Пайғамбармен (оған және оның әулетіне Алланың игілігі, берекесі мен сәлемі болсын) толықтырылып, аяқталуы туралы
  5. 5Тастың Пайғамбарға (с.а.с.) сәлем беруі туралы
  6. 6Пайғамбардың (с.а.с.) саусақтарының арасынан судың бұрқап шығуы туралы
  7. 7Пайғамбардың (с.а.с.) суға қатысты мұғжизалары туралы
  8. 8Пайғамбардың (с.а.с.) берекесінің тағамда көрінуі туралы
  9. 9Пайғамбардың (с.а.с.) берекесінің сүтте көрінуі туралы
  10. 10Пайғамбардың (с.а.с.) берекесінің сары майда көрінуі туралы
  11. 11Ағаштардың Пайғамбарға (с.а.с.) бағынуы туралы
  12. 12Айдың қақ бөлінуі туралы
  13. 13Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне зиян келтірмек болғандардан қорғалуы туралы
  14. 14Пайғамбардың (с.а.с.) өзін өлтірмек болғандардан қорғалуы туралы
  15. 15У және у қосылған қой етін жеу туралы
  16. 16Пайғамбардың (с.а.с.) жеміс өнімінің мөлшерін дәл шамалауы туралы
  17. 17Пайғамбардың (с.а.с.) «Мен сендерді тозақ отынан арашалап, белдеріңнен ұстап тұрмын» деген сөзі туралы
  18. 18Пайғамбардың (с.а.с.) Алланы бәрінен жақсы танығаны әрі Одан бәрінен қатты именгені туралы
  19. 19Пайғамбардың (с.а.с.) күнәлардан аулақ болуы және Алла Тағаланың тыйымдарын қорғауы туралы
  20. 20Пайғамбардың (с.а.с.) аяқтары ісінгенше намаз оқуы және «Ендеше, шүкір етуші құл болмайын ба?» деген сөзі туралы
  21. 21Пайғамбардың (с.а.с.) «Мен хауызға сендерден бұрын барып, сендерді күтіп тұрамын» деген сөзі туралы
  22. 22Пайғамбардың (с.а.с.) хауызы, оның көлемі және үмбетінің оған келуі туралы
  23. 23Пайғамбардың (с.а.с.) сыртқы сипаты, пайғамбар болып жіберілуі және жасы туралы
  24. 24Пайғамбарлық мөрі туралы
  25. 25Пайғамбардың (с.а.с.) аузының, көздерінің және өкшесінің сипаты туралы
  26. 26Пайғамбардың (с.а.с.) сақалының сипаты туралы
  27. 27Пайғамбардың (с.а.с.) шаш-сақалына ақ түсуі туралы
  28. 28Пайғамбардың (с.а.с.) шашының сипаты туралы
  29. 29Пайғамбардың (с.а.с.) шашын маңдайына түсіріп қоюы және қақ айыруы туралы
  30. 30Алла Елшісінің (с.а.с.) күлімсіреуі туралы
  31. 31Пайғамбардың (с.а.с.) шымылдықтың ар жағындағы бойжеткен қыздан да ұялшақ болғаны туралы
  32. 32Пайғамбардың (с.а.с.) хош иісі және терісінің жұмсақтығы туралы
  33. 33Пайғамбардың (с.а.с.) уахи келгенде суықта да терлеуі туралы
  34. 34Пайғамбардың (с.а.с.) терінің хош иісі туралы
  35. 35Пайғамбардың (с.а.с.) терінен береке іздеу туралы
  36. 36Пайғамбардың (с.а.с.) адамдарға жақындығы және олардың ол арқылы береке іздеуі туралы
  37. 37Алла Елшісінің (с.а.с.) балалар мен отбасы мүшелеріне жұрттың бәрінен мейірімді болғаны туралы
  38. 38Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерге мейірімділігі және түйе айдаушыларға оларды абайлап алып жүруді бұйыруы туралы
  39. 39Пайғамбардың (с.а.с.) ержүректігі және ұрысқа өзгелерден бұрын шығуы туралы
  40. 40Пайғамбардың (с.а.с.) ең көркем мінезді адамдардың бірі болғаны туралы
  41. 41Пайғамбардың (с.а.с.) сөйлеу мәнері туралы
  42. 42Алла Елшісінің (с.а.с.) бізге мезгіл-мезгіл насихат айтуы туралы
  43. 43Пайғамбардың (с.а.с.) жақсылық жасауда ең жомарт адам болғаны туралы
  44. 44Пайғамбардың (с.а.с.) өзінен бір нәрсе сұралғанда ешқашан «Жоқ» демегені туралы
  45. 45Пайғамбардың (с.а.с.) сыйларының молдығы мен көптігі туралы
  46. 46Пайғамбардың (с.а.с.) берген уәделері туралы
  47. 47Пайғамбардың (с.а.с.) есімдерінің саны туралы
  48. 48Пайғамбардың (с.а.с.) Мекке мен Мәдинада қанша уақыт тұрғаны туралы
  49. 49Пайғамбардың (с.а.с.) дүниеден өткен күні неше жаста болғаны туралы
  50. 50Алла бір үмбетке рақым етсе, оның пайғамбарын үмбетінен бұрын дүниеден алатыны туралы
  51. 51Алла Тағаланың «Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар өз араларында туындаған дау-дамайды сенің билігіңе жүгініп, әрі шығарған үкіміңе іштей де болса наразылық танытпастан толық бойсұнбайынша, иман келтірген болып саналмайды.» деген аяты туралы
  52. 52Пайғамбарға (с.а.с.) еру және Алла Тағаланың «Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер.» деген аяты туралы
  53. 53Пайғамбар (с.а.с.) тыйған нәрселерден тыйылу және сұрақ қоюда онымен таласып-тартысуды доғару туралы
  54. 54Пайғамбардың (с.а.с.) дінге қатысты хабарлағандары және олардың дүние істеріне қатысты пікірден айырмашылығы туралы
  55. 55Пайғамбарды (с.а.с.) көруді аңсау және соған деген құштарлық туралы
  56. 56Пайғамбарды (с.а.с.) көру үшін отбасы мен дүние-мүлкін де қиюға әзір адам туралы

Пайғамбардың (с.а.с.) артықшылықтары

بَابٌ: اِصْطِفَاءُ النَّبِيِّ ﷺ

1-бапПайғамбардың (с.а.с.) таңдап алынуы туралы

1523
Мүслим, № 1523

فَضَائِلُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ

عَنْ وَاثِلَةَ بْنِ الْأَسْقَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ اِصْطَفَى كِنَانَةَ مِنْ وَلَدِ إِسْمَاعِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَاصْطَفَى قُرَيْشًا مِنْ كِنَانَةَ، وَاصْطَفَى مِنْ قُرَيْشٍ بَنِي هَاشِمٍ، وَاصْطَفَانِي مِنْ بَنِي هَاشِمٍ”».

Қазақша аудармасы

Уәсилә ибн әл-Әсқағ (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла Исмағилдің (а.с.) ұрпақтарынан Кинананы, Кинанадан Құрайышты, Құрайыштан Һашим ұрпақтарын таңдап алды. Ал Һашим ұрпақтарынан мені таңдап алды”, – дегенін естідім», – деді (2276/1).

بَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَا سَيِّدُ وَلَدِ آدَمَ»

2-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мен Адам ұрпағының мырзасымын» деген сөзі туралы

1524
Мүслим, № 1524Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَنَا سَيِّدُ وَلَدِ آدَمَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَأَوَّلُ مَنْ يَنْشَقُّ عَنْهُ الْقَبْرُ، وَأَنَا أَوَّلُ شَافِعٍ وَأَوَّلُ مُشَفَّعٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні мен Адам ұрпағының мырзасы боламын. Қабірі алғаш болып ашылатын да, бірінші болып шапағат ететін де әрі шапағаты бірінші болып қабыл етілетін де – менмін”, – деді» (2278/3).

بَابٌ: مَثَلُ مَا بُعِثَ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ مِنَ الْهُدَى وَالْعِلْمِ

3-бапПайғамбардың (с.а.с.) алып келген тура жолы мен іліміне қатысты келтірілген мысал туралы

1525
Мүслим, № 1525Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ مَثَلَ مَا بَعَثَنِيَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ بِهِ مِنَ الْهُدَى وَالْعِلْمِ كَمَثَلِ غَيْثٍ أَصَابَ أَرْضًا، فَكَانَتْ مِنْهَا طَائِفَةٌ طَيِّبَةٌ قَبِلَتِ الْمَاءَ فَأَنْبَتَتِ الْكَلَأَ وَالْعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَ مِنْهَا أَجَادِبُ أَمْسَكَتِ الْمَاءَ، فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ، فَشَرِبُوا مِنْهَا وَسَقَوْا وَرَعَوْا، وَأَصَابَ طَائِفَةً مِنْهَا أُخْرَى، إِنَّمَا هِيَ قِيعَانٌ لَا تُمْسِكُ مَاءً، وَلَا تُنْبِتُ كَلَأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِي دِينِ اللَّهِ، وَنَفَعَهُ اللَّهُ بِمَا بَعَثَنِيَ اللَّهُ بِهِ، فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأْسًا، وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғаридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың мен арқылы жіберген тура жолы мен ілімінің мысалы жерге жауған нөсер тәрізді. Жердің бір бөлігі құнарлы болып, суды қабылдады да, қалың көк пен мол шөп өсірді. Жердің тағы бір бөлігі қатқыл болып, суды ұстап қалды. Алла сол су арқылы адамдарға пайда берді: олар одан ішті, малдарын суарды әрі жайды. Ал жаңбыр жауған жердің тағы бір бөлігі суды ұстамайтын әрі шөп өсірмейтін тегіс тақыр еді. Міне, бұл – Алланың дінін терең түсініп, өзі үйренген әрі өзгелерге де үйреткен адамның мысалы. Алла оған мен арқылы жіберген ілімінен пайда нәсіп етті. Ал екіншісі – бұл ілімге көңіл бөлмеген әрі мен арқылы жіберілген Алланың тура жолын қабылдамаған адамның мысалы» (2282/15).

1526
Мүслим, № 1526Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ مَثَلِي وَمَثَلَ مَا بَعَثَنِيَ اللَّهُ بِهِ كَمَثَلِ رَجُلٍ أَتَى قَوْمَهُ، فَقَالَ: “يَا قَوْمِ، إِنِّي رَأَيْتُ الْجَيْشَ بِعَيْنَيَّ، وَإِنِّي أَنَا النَّذِيرُ الْعُرْيَانُ، فَالنَّجَاءَ!” فَأَطَاعَهُ طَائِفَةٌ مِنْ قَوْمِهِ، فَأَدْلَجُوا فَانْطَلَقُوا عَلَى مُهْلَتِهِمْ، وَكَذَّبَتْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ فَأَصْبَحُوا مَكَانَهُمْ، فَصَبَّحَهُمُ الْجَيْشُ فَأَهْلَكَهُمْ وَاجْتَاحَهُمْ، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ أَطَاعَنِي وَاتَّبَعَ مَا جِئْتُ بِهِ، وَمَثَلُ مَنْ عَصَانِي وَكَذَّبَ مَا جِئْتُ بِهِ مِنَ الْحَقِّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Менің және Алланың мен арқылы жіберген ақиқатының мысалы өз қауымына келіп: “Уа, қауымым! Мен әскерді өз көзіммен көрдім. Мен сендерге жалаңаш ескертушімін. Қашып құтылыңдар!” – деген адамға ұқсайды. Қауымының бір тобы оған бағынып, түнделетіп жолға шықты да, асықпай жүріп кетті. Ал екінші тобы оны өтірікке шығарып, таң атқанша орындарында қалды. Сөйтіп, таңсәріде әскер оларға шабуыл жасап, оларды қырып, түгелдей жойып жіберді. Міне, маған бағынып, мен әкелген ақиқатқа ерген адамның да, маған қарсы келіп, мен әкелген ақиқатты өтірікке шығарған адамның да мысалы осындай» (2283/16).

بَابٌ: تَتْمِيمُ الْأَنْبِيَاءِ وَخَتْمُهُمْ بِالنَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَآلِهِ وَبَارَكَ وَسَلَّمَ

4-бапПайғамбарлар тізбегінің Пайғамбармен (оған және оның әулетіне Алланың игілігі, берекесі мен сәлемі болсын) толықтырылып, аяқталуы туралы

1527
Мүслим, № 1527Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَثَلِي وَمَثَلُ الْأَنْبِيَاءِ مِنْ قَبْلِي كَمَثَلِ رَجُلٍ بَنَى بُنْيَانًا فَأَحْسَنَهُ وَأَجْمَلَهُ، إِلَّا مَوْضِعَ لَبِنَةٍ مِنْ زَاوِيَةٍ مِنْ زَوَايَاهُ، فَجَعَلَ النَّاسُ يَطُوفُونَ بِهِ وَيَعْجَبُونَ لَهُ وَيَقُولُونَ: “هَلَّا وُضِعَتْ هَذِهِ اللَّبِنَةُ؟”» قَالَ: «فَأَنَا اللَّبِنَةُ، وَأَنَا خَاتَمُ النَّبِيِّينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың мысалы мынадай: бір кісі ғимарат салып, оны көркем де әсем етіп тұрғызды. Тек бір бұрышында бір кірпіштің орнын бос қалдырды. Адамдар сол ғимаратты айналып көріп, оған таңырқап: “Мына кірпіш неге қойылмаған?” – дейді. Сол кірпіш – менмін әрі мен пайғамбарлардың соңғысымын» (2286/22).

بَابٌ: تَسْلِيمُ الْحَجَرِ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ

5-бапТастың Пайғамбарға (с.а.с.) сәлем беруі туралы

1528
Мүслим, № 1528Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي لَأَعْرِفُ حَجَرًا بِمَكَّةَ كَانَ يُسَلِّمُ عَلَيَّ قَبْلَ أَنْ أُبْعَثَ، إِنِّي لَأَعْرِفُهُ الْآنَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен Меккеде пайғамбар етіп жіберілмей тұрып маған сәлем беретін бір тасты білемін. Оны қазір де танимын”, – деді» (2277/2).

بَابٌ: نَبْعُ الْمَاءِ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِ النَّبِيِّ ﷺ

6-бапПайғамбардың (с.а.с.) саусақтарының арасынан судың бұрқап шығуы туралы

1529
Мүслим, № 1529Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابَهُ بِالزَّوْرَاءِ (قَالَ: «وَالزَّوْرَاءُ بِالْمَدِينَةِ عِنْدَ السُّوقِ وَالْمَسْجِدِ فِيمَا ثَمَّهْ») دَعَا بِقَدَحٍ فِيهِ مَاءٌ، فَوَضَعَ كَفَّهُ فِيهِ، فَجَعَلَ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ، فَتَوَضَّأَ جَمِيعُ أَصْحَابِهِ. قَالَ: قُلْتُ: «كَمْ كَانُوا، يَا أَبَا حَمْزَةَ؟» قَالَ: «كَانُوا زُهَاءَ الثَّلَاثِمِائَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Алланың Пайғамбары (с.а.с.) сахабаларымен бірге Заурада еді (Заура – Мәдинадағы базар мен мешіт маңындағы жер). Пайғамбар (с.а.с.) ішінде суы бар тостағанды алдырып, алақанын оған салды. Сонда су оның саусақтарының арасынан бұрқап шыға бастады да, барлық сахаба дәрет алды. Риуаятшы: «Мен одан: “Уа, Әбу Хамза! Олар қанша адам еді?” – деп сұрадым. Ол: “Үш жүзге жуық еді”, – деп жауап берді», – деді (2279/6).

بَابٌ: آيَاتُ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْمَاءِ

7-бапПайғамбардың (с.а.с.) суға қатысты мұғжизалары туралы

1530
Мүслим, № 1530Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ غَزْوَةِ تَبُوكَ، فَكَانَ يَجْمَعُ الصَّلَاةَ، فَصَلَّى الظُّهْرَ وَالْعَصْرَ جَمِيعًا، وَالْمَغْرِبَ وَالْعِشَاءَ جَمِيعًا، حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمًا أَخَّرَ الصَّلَاةَ، ثُمَّ خَرَجَ فَصَلَّى الظُّهْرَ وَالْعَصْرَ جَمِيعًا، ثُمَّ دَخَلَ، ثُمَّ خَرَجَ بَعْدَ ذَلِكَ، فَصَلَّى الْمَغْرِبَ وَالْعِشَاءَ جَمِيعًا، ثُمَّ قَالَ: “إِنَّكُمْ سَتَأْتُونَ غَدًا، إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى، عَيْنَ تَبُوكَ، وَإِنَّكُمْ لَنْ تَأْتُوهَا حَتَّى يُضْحِيَ النَّهَارُ، فَمَنْ جَاءَهَا مِنْكُمْ فَلَا يَمَسَّ مِنْ مَائِهَا شَيْئًا حَتَّى آتِيَ”. فَجِئْنَاهَا وَقَدْ سَبَقَنَا إِلَيْهَا رَجُلَانِ، وَالْعَيْنُ مِثْلُ الشِّرَاكِ تَبِضُّ بِشَيْءٍ مِنْ مَاءٍ، قَالَ: فَسَأَلَهُمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “هَلْ مَسَسْتُمَا مِنْ مَائِهَا شَيْئًا؟” قَالَا: “نَعَمْ”، فَسَبَّهُمَا النَّبِيُّ ﷺ، وَقَالَ لَهُمَا مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَقُولَ. قَالَ: ثُمَّ غَرَفُوا بِأَيْدِيهِمْ مِنَ الْعَيْنِ قَلِيلًا قَلِيلًا، حَتَّى اِجْتَمَعَ فِي شَيْءٍ، قَالَ: وَغَسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِيهِ يَدَيْهِ وَوَجْهَهُ، ثُمَّ أَعَادَهُ فِيهَا، فَجَرَتِ الْعَيْنُ بِمَاءٍ مُنْهَمِرٍ» (أَوْ قَالَ: «غَزِيرٍ»، شَكَّ أَبُو عَلِيٍّ أَيَّمَا قَالَ) «حَتَّى اِسْتَقَى النَّاسُ، ثُمَّ قَالَ: “يُوشِكُ، يَا مُعَاذُ، إِنْ طَالَتْ بِكَ حَيَاةٌ، أَنْ تَرَى مَا هَاهُنَا قَدْ مُلِئَ جِنَانًا”».

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) былай деді: «Тәбук жорығы болған жылы біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шықтық. Ол намаздарды біріктіріп оқитын: бесін мен екінті намаздарын бірге, ақшам мен құптан намаздарын бірге оқыды. Бір күні ол намазды кейінге қалдырды. Содан соң сыртқа шығып, бесін мен екінті намаздарын біріктіріп оқыды да, ішке кірді. Кейін қайтадан сыртқа шығып, ақшам мен құптан намаздарын біріктіріп оқыды. Содан соң: “Алла Тағала қаласа, сендер ертең Тәбук бұлағына жетесіңдер. Оған күн сәскеге көтерілгенде ғана жетесіңдер. Араларыңнан кімде-кім сол жерге жетсе, мен келгенше бұлақтың суына мүлде тимесін”, – деді. Біз бұлаққа жеткенде, ол жерге бізден бұрын екі адам келіп қойған екен. Бұлақтың суы аяқкиімнің бауындай ғана жіңішке ағынмен сыздықтап ағып тұрды. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі екеуінен: “Бұлақтың суына тидіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Иә”, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) екеуін сөгіп, оларға Алла қалаған сөздерді айтты. Бұдан кейін олар бұлақтан қолдарымен аз-аздан су көсіп алып, бір ыдысқа жинады. Алла Елшісі (с.а.с.) сол сумен екі қолы мен бетін жуды да, суды қайтадан бұлаққа құйды. Сонда бұлақтың суы сарқырап аға жөнелді (Әбу Әли “сарқырап аға жөнелді” немесе “молынан ақты” деген екі тіркестің қайсысы айтылғанына күмәнданды). Сөйтіп, жұрт су алды. Содан соң ол былай деді: “Уа, Мұғаз! Егер ғұмырың ұзақ болса, көп ұзамай осы маңның бау-бақшаға толғанын көрерсің”» (706/10).

بَابٌ: بَرَكَةُ النَّبِيِّ ﷺ فِي الطَّعَامِ

8-бапПайғамбардың (с.а.с.) берекесінің тағамда көрінуі туралы

1531
Мүслим, № 1531Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَسْتَطْعِمُهُ، فَأَطْعَمَهُ شَطْرَ وَسْقِ شَعِيرٍ، فَمَا زَالَ الرَّجُلُ يَأْكُلُ مِنْهُ وَامْرَأَتُهُ وَضَيْفُهُمَا حَتَّى كَالَهُ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «لَوْ لَمْ تَكِلْهُ لَأَكَلْتُمْ مِنْهُ، وَلَقَامَ لَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай риуаят етті: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, тамақ сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оған жарты уәсқ мөлшерінде арпа берді. Әлгі адам арпаны өлшегенге дейін өзі де, әйелі де, екеуінің қонағы да содан жеп жүрді. Содан соң ол Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: “Егер оны өлшемегеніңде, сендер содан жей берер едіңдер әрі ол сендерге жетіп тұрар еді”» (2281/9).

1532
Мүслим, № 1532Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: «لَمَّا حُفِرَ الْخَنْدَقُ رَأَيْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ خَمَصًا، فَانْكَفَأْتُ إِلَى امْرَأَتِي، فَقُلْتُ لَهَا: “هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَإِنِّي رَأَيْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ خَمَصًا شَدِيدًا”، فَأَخْرَجَتْ لِي جِرَابًا فِيهِ صَاعٌ مِنْ شَعِيرٍ، وَلَنَا بُهَيْمَةٌ، قَالَ: فَذَبَحْتُهَا وَطَحَنَتْ، فَفَرَغَتْ إِلَى فَرَاغِي، فَقَطَّعْتُهَا فِي بُرْمَتِهَا، ثُمَّ وَلَّيْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: “لَا تَفْضَحْنِي بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَمَنْ مَعَهُ”. قَالَ: فَجِئْتُهُ فَسَارَرْتُهُ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا قَدْ ذَبَحْنَا بُهَيْمَةً لَنَا، وَطَحَنَتْ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ كَانَ عِنْدَنَا، فَتَعَالَ أَنْتَ فِي نَفَرٍ مَعَكَ”، فَصَاحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَالَ: “يَا أَهْلَ الْخَنْدَقِ، إِنَّ جَابِرًا قَدْ صَنَعَ لَكُمْ سُورًا، فَحَيَّ هَلًا بِكُمْ”. وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تُنْزِلُنَّ بُرْمَتَكُمْ، وَلَا تَخْبِزُنَّ عَجِينَتَكُمْ حَتَّى أَجِيءَ”، فَجِئْتُ وَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْدَمُ النَّاسَ، حَتَّى جِئْتُ امْرَأَتِي، فَقَالَتْ: “بِكَ وَبِكَ”. فَقُلْتُ: “قَدْ فَعَلْتُ الَّذِي قُلْتِ لِي”، فَأَخْرَجَتْ لَهُ عَجِينَتَنَا فَبَصَقَ فِيهَا وَبَارَكَ، ثُمَّ عَمَدَ إِلَى بُرْمَتِنَا فَبَصَقَ فِيهَا وَبَارَكَ، ثُمَّ قَالَ: “اُدْعِي خَابِزَةً فَلْتَخْبِزْ مَعَكِ، وَاقْدَحِي مِنْ بُرْمَتِكُمْ وَلَا تُنْزِلُوهَا”. وَهُمْ أَلْفٌ، فَأُقْسِمُ بِاللَّهِ لَأَكَلُوا حَتَّى تَرَكُوهُ وَانْحَرَفُوا، وَإِنَّ بُرْمَتَنَا لَتَغِطُّ كَمَا هِيَ، وَإِنَّ عَجِينَتَنَا» (أَوْ كَمَا قَالَ الضَّحَّاكُ) «لَيُخْبَزُ كَمَا هُوَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деді: «Ор қазылып жатқанда Алла Елшісінің (с.а.с.) қарны аштықтан қатты қабысып қалғанын көрдім. Дереу әйеліме оралып: “Үйде жейтін бірдеңе бар ма? Алла Елшісінің (с.а.с.) қатты ашыққанын көрдім”, – дедім. Ол маған ішінде бір сағ арпа бар қапты алып шықты. Біздің бір ұсақ малымыз да бар еді. Мен оны сойдым, ал әйелім арпаны тартты. Мен малды сойып болғанша, ол да арпаны тартып бітірді. Етін бөлшектеп, қазанға салдым да, Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай беттедім. Әйелім: “Алла Елшісі (с.а.с.) мен оның қасындағылардың алдында мені ұятқа қалдырма”, – деді. Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, оған сыбырлап: “Уа, Расулалла! Біз бір ұсақ малымызды сойдық, әйелім үйімізде болған бір сағ арпаны тартып қойды. Өзіңізбен бірге бірнеше адамды ертіп келіңіз”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) дауыстап: “Уа, ор қазып жатқандар! Жәбир сендерге ас әзірледі. Қане, бәрің де келе беріңдер!” – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Мен келгенше қазанды оттан түсірмеңдер және қамырдан нан пісірмеңдер”, – деді. Мен үйге келдім. Алла Елшісі (с.а.с.) де адамдардың алдында жүріп келді. Әйеліме жеткенімде, ол маған: “Сен бүйттің де сөйттің!” – деп кейіді. Мен: “Сенің маған айтқаныңды дәл жеткіздім”, – дедім. Содан кейін әйелім қамырымызды Алла Елшісіне (с.а.с.) алып шықты. Ол оның ішіне түкіріп, береке тіледі. Кейін қазанымызға барып, оның ішіне де түкіріп, береке тіледі. Содан соң: “Нан пісіретін бір әйелді шақыр, сенімен бірге нан пісірсін. Қазаннан ожаулап құя бер, бірақ оны оттан түсірмеңдер”, – деді. Олар мың адам еді. Алланың атымен ант етемін, олардың бәрі тойғанша жеп, артылған асты қалдырып тарады. Ал қазанымыз бұрынғысынша бұрқылдап қайнап тұрды, қамырымыздан да бұрынғысынша нан пісіріле берді (немесе әд-Даххак осыған ұқсас бір сөз айтты)» (2039/141).

1533
Мүслим, № 1533Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ثَلَاثِينَ وَمِائَةً، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “هَلْ مَعَ أَحَدٍ مِنْكُمْ طَعَامٌ؟” فَإِذَا مَعَ رَجُلٍ صَاعٌ مِنْ طَعَامٍ (أَوْ نَحْوُهُ)، فَعُجِنَ، ثُمَّ جَاءَ رَجُلٌ مُشْرِكٌ مُشْعَانٌّ طَوِيلٌ بِغَنَمٍ يَسُوقُهَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “أَبَيْعٌ أَمْ عَطِيَّةٌ؟” (أَوْ قَالَ: “أَمْ هِبَةٌ؟”)، فَقَالَ: “لَا، بَلْ بَيْعٌ”، فَاشْتَرَى مِنْهُ شَاةً، فَصُنِعَتْ، وَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِسَوَادِ الْبَطْنِ أَنْ يُشْوَى، قَالَ: وَايْمُ اللَّهِ، مَا مِنَ الثَّلَاثِينَ وَمِائَةٍ إِلَّا حَزَّ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حُزَّةً حُزَّةً مِنْ سَوَادِ بَطْنِهَا، إِنْ كَانَ شَاهِدًا أَعْطَاهُ، وَإِنْ كَانَ غَائِبًا خَبَأَ لَهُ. قَالَ: وَجَعَلَ قَصْعَتَيْنِ فَأَكَلْنَا مِنْهُمَا أَجْمَعُونَ وَشَبِعْنَا، وَفَضَلَ فِي الْقَصْعَتَيْنِ، فَحَمَلْتُهُ عَلَى الْبَعِيرِ» أَوْ كَمَا قَالَ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкір (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жүз отыз адам едік. Пайғамбар (с.а.с.): “Араларыңда азығы бар біреу бар ма?” – деп сұрады. Сөйтсек, бір кісінің бір сағ мөлшерінде немесе соған жуық азығы бар екен. Оны илеп, қамыр дайындады. Содан кейін қойларын айдап келе жатқан, шашы ұйпа-тұйпа, ұзын бойлы бір мүшрік келді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Сатасың ба, әлде сыйға бересің бе?” – деп сұрады немесе: “Әлде сыйға тартасың ба?” – деді. Ол: “Жоқ, сатамын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан бір қой сатып алды. Қой сойылып, әзірленді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның бауырын отқа қақтауды бұйырды. Алланың атымен ант етейін, Алла Елшісі (с.а.с.) сол жүз отыз адамның әрқайсысына қойдың бауырынан бір-бір кесектен үлестірді: қасында болғандарына қолма-қол беріп, сол жерде болмағандарына сақтап қойды. Содан кейін асты екі үлкен табаққа бөліп салды. Бәріміз сол екі табақтан жеп, әбден тойдық. Соған қарамастан екі табақта да ас артылып қалды. Мен оны түйеге арттым», – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты (2056/175).

1534
Мүслим, № 1534Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ أَصْحَابَ الصُّفَّةِ كَانُوا نَاسًا فُقَرَاءَ، وَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ مَرَّةً: «مَنْ كَانَ عِنْدَهُ طَعَامُ اثْنَيْنِ فَلْيَذْهَبْ بِثَلَاثَةٍ، وَمَنْ كَانَ عِنْدَهُ طَعَامُ أَرْبَعَةٍ فَلْيَذْهَبْ بِخَامِسٍ، بِسَادِسٍ» أَوْ كَمَا قَالَ. وَإِنَّ أَبَا بَكْرٍ جَاءَ بِثَلَاثَةٍ، وَانْطَلَقَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ بِعَشَرَةٍ، وَأَبُو بَكْرٍ بِثَلَاثَةٍ، قَالَ: فَهُوَ وَأَنَا وَأَبِي وَأُمِّي (وَلَا أَدْرِي هَلْ قَالَ: «وَامْرَأَتِي وَخَادِمٌ بَيْنَ بَيْتِنَا وَبَيْتِ أَبِي بَكْرٍ») قَالَ: وَإِنَّ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ تَعَشَّى عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ لَبِثَ حَتَّى صُلِّيَتِ الْعِشَاءُ، ثُمَّ رَجَعَ فَلَبِثَ حَتَّى نَعَسَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَجَاءَ بَعْدَمَا مَضَى مِنَ اللَّيْلِ مَا شَاءَ اللَّهُ، قَالَتْ لَهُ امْرَأَتُهُ: «مَا حَبَسَكَ عَنْ أَضْيَافِكَ؟» (أَوْ قَالَتْ: «ضَيْفِكَ؟») قَالَ: «أَوَمَا عَشَّيْتِهِمْ؟» قَالَتْ: «أَبَوْا حَتَّى تَجِيءَ، قَدْ عَرَضُوا عَلَيْهِمْ فَغَلَبُوهُمْ». قَالَ: فَذَهَبْتُ أَنَا فَاخْتَبَأْتُ، وَقَالَ: «يَا غُنْثَرُ»، فَجَدَّعَ وَسَبَّ، وَقَالَ: «كُلُوا، لَا هَنِيئًا». وَقَالَ: «وَاللَّهِ لَا أَطْعَمُهُ أَبَدًا». قَالَ: فَايْمُ اللَّهِ، مَا كُنَّا نَأْخُذُ مِنْ لُقْمَةٍ إِلَّا رَبَا مِنْ أَسْفَلِهَا أَكْثَرَ مِنْهَا، قَالَ: حَتَّى شَبِعْنَا وَصَارَتْ أَكْثَرَ مِمَّا كَانَتْ قَبْلَ ذَلِكَ، فَنَظَرَ إِلَيْهَا أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَإِذَا هِيَ كَمَا هِيَ أَوْ أَكْثَرُ، قَالَ لِامْرَأَتِهِ: «يَا أُخْتَ بَنِي فِرَاسٍ، مَا هَذَا؟» قَالَتْ: «لَا وَقُرَّةِ عَيْنِي، لَهِيَ الْآنَ أَكْثَرُ مِنْهَا قَبْلَ ذَلِكَ بِثَلَاثِ مِرَارٍ». قَالَ: فَأَكَلَ مِنْهَا أَبُو بَكْرٍ، وَقَالَ: «إِنَّمَا كَانَ ذَلِكَ مِنَ الشَّيْطَانِ» يَعْنِي يَمِينَهُ، ثُمَّ أَكَلَ مِنْهَا لُقْمَةً، ثُمَّ حَمَلَهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَصْبَحَتْ عِنْدَهُ، قَالَ: وَكَانَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمٍ عَقْدٌ، فَمَضَى الْأَجَلُ فَفَرَّقْنَا اثْنَا عَشَرَ رَجُلًا مَعَ كُلِّ رَجُلٍ مِنْهُمْ أُنَاسٌ اللَّهُ أَعْلَمُ كَمْ مَعَ كُلِّ رَجُلٍ، إِلَّا أَنَّهُ بَعَثَ مَعَهُمْ فَأَكَلُوا مِنْهَا أَجْمَعُونَ أَوْ كَمَا قَالَ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкір (р.а.) былай деді: «Суффа сахабалары кедей адамдар еді. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімнің екі адамға жететін асы болса, үшінші адамды да өзімен бірге алып барсын. Ал кімнің төрт адамға жететін асы болса, бесінші және алтыншы адамды да ертіп барсын”, – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты. Әбу Бәкір үш адамды алып келді. Алланың Пайғамбары (с.а.с.) он адамды, ал Әбу Бәкір үш адамды ертіп кетті. Үйде мен, әкем және анам бар едік». Риуаятшы: «Оның: “Әйелім, сондай-ақ біздің үй мен Әбу Бәкірдің үйіне ортақ бір қызметші де бар еді”, – деп айтқан-айтпағанын білмеймін», – деді. Абдуррахман сөзін жалғастырып: «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) жанында кешкі асын ішіп, құптан намазы оқылғанға дейін сонда болды. Содан кейін қайта оралып, Алла Елшісі (с.а.с.) қалғи бастағанша оның жанында кідірді. Түннің Алла қалаған бөлігі өткеннен кейін ғана үйіне келді. Әйелі одан: “Қонақтарыңның қасына келуіңе не бөгет болды?” – деді немесе: “Қонағыңның қасына келуіңе не бөгет болды?” – деді. Ол: “Сен оларға кешкі ас бермедің бе?” – деп сұрады. Әйелі: “Сіз келгенше олар тамақтанудан бас тартты. Үйдегілер асты ұсынғанымен, олар көнбеді”, – деді. Сонда мен барып, жасырынып қалдым. Әбу Бәкір: “Әй, оңбаған!” – деп, мені қарғап-сілеп, балағаттады. Содан кейін қонақтарға: “Жеңдер! Бірақ бұл ас бойларыңа жұқпасын!” – деді де: “Алланың атымен ант етемін, мен бұл астан ешқашан жемеймін”, – деп ант етті. Алланың атымен ант етемін, біз әр үзімді алған сайын, оның астынан алғанымыздан да мол ас пайда болып отырды. Ақыры әбден тойдық, ал ас бұрынғыдан да көбейіп кетті. Әбу Бәкір (р.а.) асқа қараса, ол бастапқы қалпында немесе одан да көп екен. Сонда әйеліне: “Уа, Бәни Фирастың қарындасы! Бұл не?” – деді. Ол: “Жоқ, көзімнің нұрымен ант етейін, қазір бұл ас бұрынғыдан үш есе көп”, – деді. Содан кейін Әбу Бәкір одан жеп: “Бұл шайтаннан болған екен”, – деді. Ол бұл сөзімен өзінің жемеуге берген антын меңзеді. Содан кейін одан тағы бір үзім жеді де, асты Алла Елшісіне (с.а.с.) алып барды. Ас таң атқанша оның жанында тұрды. Біз бен бір қауымның арасында келісім бар еді. Келісім мерзімі аяқталған кезде он екі адамды бөліп, әрқайсысының жанына бір топ адам қостық. Әрқайсысының жанында қанша кісі болғанын Алла жақсы біледі. Осы ас солармен бірге жіберілді де, олардың барлығы одан жеді», – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты (2057/176).

بَابٌ: فِي بَرَكَةِ النَّبِيِّ ﷺ فِي اللَّبَنِ

9-бапПайғамбардың (с.а.с.) берекесінің сүтте көрінуі туралы

1535
Мүслим, № 1535Риуаят етуші: Миқдад

عَنِ الْمِقْدَادِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَقْبَلْتُ أَنَا وَصَاحِبَانِ لِي، وَقَدْ ذَهَبَتْ أَسْمَاعُنَا وَأَبْصَارُنَا مِنَ الْجَهْدِ، فَجَعَلْنَا نَعْرِضُ أَنْفُسَنَا عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَيْسَ أَحَدٌ مِنْهُمْ يَقْبَلُنَا، فَأَتَيْنَا النَّبِيَّ ﷺ فَانْطَلَقَ بِنَا إِلَى أَهْلِهِ، فَإِذَا ثَلَاثَةُ أَعْنُزٍ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “اِحْتَلِبُوا هَذَا اللَّبَنَ بَيْنَنَا”». قَالَ: «فَكُنَّا نَحْتَلِبُ فَيَشْرَبُ كُلُّ إِنْسَانٍ مِنَّا نَصِيبَهُ، وَنَرْفَعُ لِلنَّبِيِّ ﷺ نَصِيبَهُ». قَالَ: «فَيَجِيءُ مِنَ اللَّيْلِ فَيُسَلِّمُ تَسْلِيمًا لَا يُوقِظُ نَائِمًا، وَيُسْمِعُ الْيَقْظَانَ». قَالَ: «ثُمَّ يَأْتِي الْمَسْجِدَ فَيُصَلِّي، ثُمَّ يَأْتِي شَرَابَهُ فَيَشْرَبُ، فَأَتَانِي الشَّيْطَانُ ذَاتَ لَيْلَةٍ وَقَدْ شَرِبْتُ نَصِيبِي، فَقَالَ: “مُحَمَّدٌ يَأْتِي الْأَنْصَارَ فَيُتْحِفُونَهُ، وَيُصِيبُ عِنْدَهُمْ مَا بِهِ حَاجَةٌ إِلَى هَذِهِ الْجُرْعَةِ”، فَأَتَيْتُهَا فَشَرِبْتُهَا، فَلَمَّا أَنْ وَغَلَتْ فِي بَطْنِي، وَعَلِمْتُ أَنَّهُ لَيْسَ إِلَيْهَا سَبِيلٌ». قَالَ: «نَدَّمَنِي الشَّيْطَانُ، فَقَالَ: “وَيْحَكَ، مَا صَنَعْتَ؟ أَشَرِبْتَ شَرَابَ مُحَمَّدٍ؟ فَيَجِيءُ فَلَا يَجِدُهُ فَيَدْعُو عَلَيْكَ فَتَهْلِكُ، فَتَذْهَبُ دُنْيَاكَ وَآخِرَتُكَ”، وَعَلَيَّ شَمْلَةٌ إِذَا وَضَعْتُهَا عَلَى قَدَمَيَّ خَرَجَ رَأْسِي، وَإِذَا وَضَعْتُهَا عَلَى رَأْسِي خَرَجَ قَدَمَايَ، وَجَعَلَ لَا يَجِيئُنِي النَّوْمُ، وَأَمَّا صَاحِبَايَ فَنَامَا وَلَمْ يَصْنَعَا مَا صَنَعْتُ». قَالَ: «فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ، فَسَلَّمَ كَمَا كَانَ يُسَلِّمُ، ثُمَّ أَتَى الْمَسْجِدَ فَصَلَّى، ثُمَّ أَتَى شَرَابَهُ فَكَشَفَ عَنْهُ، فَلَمْ يَجِدْ فِيهِ شَيْئًا، فَرَفَعَ رَأْسَهُ إِلَى السَّمَاءِ، فَقُلْتُ: “الْآنَ يَدْعُو عَلَيَّ فَأَهْلِكُ”. فَقَالَ: “اللَّهُمَّ، أَطْعِمْ مَنْ أَطْعَمَنِي، وَأَسْقِ مَنْ سَقَانِي”». قَالَ: «فَعَمَدْتُ إِلَى الشَّمْلَةِ فَشَدَدْتُهَا عَلَيَّ، وَأَخَذْتُ الشَّفْرَةَ فَانْطَلَقْتُ إِلَى الْأَعْنُزِ أَيُّهَا أَسْمَنُ، فَأَذْبَحُهَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا هِيَ حَافِلَةٌ، وَإِذَا هُنَّ حُفَّلٌ كُلُّهُنَّ، فَعَمَدْتُ إِلَى إِنَاءٍ لِآلِ مُحَمَّدٍ ﷺ، مَا كَانُوا يَطْمَعُونَ أَنْ يَحْتَلِبُوا فِيهِ». قَالَ: «فَحَلَبْتُ فِيهِ حَتَّى عَلَتْهُ رَغْوَةٌ، فَجِئْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “أَشَرِبْتُمْ شَرَابَكُمُ اللَّيْلَةَ؟”» قَالَ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِشْرَبْ”، فَشَرِبَ، ثُمَّ نَاوَلَنِي، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِشْرَبْ”، فَشَرِبَ، ثُمَّ نَاوَلَنِي، فَلَمَّا عَرَفْتُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَدْ رَوِيَ وَأَصَبْتُ دَعْوَتَهُ، ضَحِكْتُ حَتَّى أُلْقِيتُ إِلَى الْأَرْضِ». قَالَ: «فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “إِحْدَى سَوْآتِكَ، يَا مِقْدَادُ”. فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَانَ مِنْ أَمْرِي كَذَا وَكَذَا وَفَعَلْتُ كَذَا”. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “مَا هَذِهِ إِلَّا رَحْمَةٌ مِنَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، أَفَلَا كُنْتَ آذَنْتَنِي فَنُوقِظَ صَاحِبَيْنَا فَيُصِيبَانِ مِنْهَا؟”» قَالَ: «فَقُلْتُ: “وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا أُبَالِي إِذَا أَصَبْتَهَا وَأَصَبْتُهَا مَعَكَ مَنْ أَصَابَهَا مِنَ النَّاسِ”».

Қазақша аудармасы

Әл-Миқдад (р.а.) былай деді: «Мен екі серігіммен бірге келдім. Қатты аштықтан құлағымыз дұрыс естімей, көзіміз бұлдырап қалған еді. Бізді біреуі қабылдар деген үмітпен Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларына бара бастадық. Алайда олардың ешқайсысы бізді қабылдамады. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) бардық. Ол бізді үйіне ертіп барды. Онда үш ешкі бар екен. Пайғамбар (с.а.с.): “Ешкілерді сауып, сүтін бәрімізге бөліңдер”, – деді. Біз ешкілерді сауып, әрқайсымыз өз үлесімізді ішетінбіз де, Пайғамбардың (с.а.с.) үлесін сақтап қоятынбыз. Ол (с.а.с.) түнде келіп, ұйықтап жатқан адамды оятпайтын, ал ояу адамға естілетін дауыспен сәлем беретін. Содан кейін мешітке барып намаз оқитын да, келіп өзіне қалдырылған сүтті ішетін. Бір түні өз үлесімді ішіп болғаннан кейін, шайтан келіп: “Мұхаммед ансарларға барады. Олар оған сый-құрмет көрсетіп, қажетін өтейді. Сондықтан ол мына бір жұтым сүтке мұқтаж емес”, – деді. Мен оған қалдырылған үлесті де ішіп қойдым. Сүт ішіме әбден сіңген соң, енді оны қайтара алмайтынымды түсіндім. Сонда шайтан мені өкінішке батырып: “Сорың құрғыр, не істедің?! Мұхаммедтің сүтін ішіп қойдың! Ол келіп, сүтін таппай, саған қарсы дұға етеді. Сонда құрып, дүние мен ақыретіңнен бірдей айырыласың”, – деді. Үстімде шағын ғана жамылғым бар еді: оны аяғыма жапсам, басым ашылып қалатын, ал басыма жапсам, аяғым ашылып қалатын. Көзіме ұйқы келмеді. Ал екі серігім менің істегенімді істемегендіктен, ұйықтап жатты. Пайғамбар (с.а.с.) келіп, әдеттегідей сәлем берді. Содан кейін мешітке барып намаз оқыды да, өзіне қалдырылған сүтке келіп, оның бетін ашты. Бірақ ыдыстың ішінен ештеңе таппады. Ол (с.а.с.) басын көкке көтергенде, мен: “Енді маған қарсы дұға етеді де, құрып кетемін”, – деп ойладым. Алайда ол (с.а.с.): “Уа, Алла! Маған тамақ бергенге тамақ бер, маған сусын бергенге сусын бер”, – деп дұға етті. Сонда мен жамылғымды денеме мықтап орап, пышақты алдым да, ешкілердің ең семізін Алла Елшісі (с.а.с.) үшін соймақ болып, олардың қасына бардым. Қарасам, бірінің желіні сүтке толып тұр екен. Тіпті үшеуінің де желіні сүтке толы еді. Мен Мұхаммедтің (с.а.с.) отбасы сүт сауып толтыра аламыз деп үміттенбейтіндей үлкен бір ыдысты алдым да, оған бетіне көбік шыққанша сүт саудым. Содан кейін оны Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келдім. Ол (с.а.с.): “Бүгін түнде өз үлестеріңді іштіңдер ме?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Ішіңіз”, – дедім. Ол ішіп, ыдысты маған ұсынды. Мен тағы да: “Уа, Расулалла! Ішіңіз”, – дедім. Ол тағы ішіп, ыдысты маған ұсынды. Пайғамбардың (с.а.с.) шөлі қанғанын әрі өзімнің де оның дұғасының игілігіне бөленгенімді түсінген кезде, күлгенім сонша, жерге құлап қалдым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Миқдад! Бұл – сенің бір ағат қылығың ғой!” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Менің басымнан осындай-осындай жағдай өтті де, осылай істедім”, – деп, болған жайды баяндадым. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл – Ұлы әрі Құдіретті Алланың рақымынан басқа еш нәрсе емес. Мұны маған хабарлағаныңда, екі серігімізді де оятып, олар да осы сүттен ішер еді ғой”, – деді. Мен: “Сізді ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін, сіз одан ішіп, мен де сізбен бірге ішкеннен кейін, одан өзге адамдардың кім ішкені маған бәрібір”, – дедім» (2055/174).

بَابٌ: بَرَكَةُ النَّبِيِّ ﷺ فِي السَّمْنِ

10-бапПайғамбардың (с.а.с.) берекесінің сары майда көрінуі туралы

1536
Мүслим, № 1536Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ أَنَّ أُمَّ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا كَانَتْ تُهْدِي لِلنَّبِيِّ ﷺ فِي عُكَّةٍ لَهَا سَمْنًا، فَيَأْتِيهَا بَنُوهَا فَيَسْأَلُونَ الْأُدْمَ، وَلَيْسَ عِنْدَهُمْ شَيْءٌ، فَتَعْمِدُ إِلَى الَّذِي كَانَتْ تُهْدِي فِيهِ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَتَجِدُ فِيهِ سَمْنًا، فَمَا زَالَ يُقِيمُ لَهَا أُدْمَ بَيْتِهَا حَتَّى عَصَرَتْهُ، فَأَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «عَصَرْتِيهَا؟» قَالَتْ: «نَعَمْ». قَالَ: «لَوْ تَرَكْتِيهَا مَا زَالَ قَائِمًا».

Қазақша аудармасы

Жәбирдің айтуынша, Үммі Мәлик (р.а.) Пайғамбарға (с.а.с.) өзінің тері ыдысына сары май салып, сыйға жіберіп тұратын еді. Балалары келіп, нанға қосып жейтін бірдеңе сұраған кезде, үйінде ештеңе болмаса, ол Пайғамбарға (с.а.с.) май салып жіберетін әлгі тері ыдысына баратын. Сонда оның ішінен сары май табатын. Осылайша сол ыдыстағы май оның үй ішінің нанға қосып жейтін азығына үздіксіз жетіп тұрды. Ақырында ол ыдысты сығып алды. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Ол (с.а.с.): «Оны сығып алдың ба?» – деп сұрады. Әйел: «Иә», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Егер оны сол күйінде қалдырғаныңда, май таусылмай тұра берер еді», – деді (2280/8).

بَابٌ: اِنْقِيَادُ الشَّجَرِ لِلنَّبِيِّ ﷺ

11-бапАғаштардың Пайғамбарға (с.а.с.) бағынуы туралы

1537
Мүслим, № 1537

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الْوَلِيدِ بْنِ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ قَالَ: «خَرَجْتُ أَنَا وَأَبِي نَطْلُبُ الْعِلْمَ فِي هَذَا الْحَيِّ مِنَ الْأَنْصَارِ قَبْلَ أَنْ يَهْلِكُوا، فَكَانَ أَوَّلُ مَنْ لَقِينَا أَبَا الْيَسَرِ، صَاحِبَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَمَعَهُ غُلَامٌ لَهُ، مَعَهُ ضِمَامَةٌ مِنْ صُحُفٍ، وَعَلَى أَبِي الْيَسَرِ بُرْدَةٌ وَمَعَافِرِيٌّ، وَعَلَى غُلَامِهِ بُرْدَةٌ وَمَعَافِرِيٌّ، فَقَالَ لَهُ أَبِي: “يَا عَمِّ، إِنِّي أَرَى فِي وَجْهِكَ سَفْعَةً مِنْ غَضَبٍ”. قَالَ: “أَجَلْ، كَانَ لِي عَلَى فُلَانِ بْنِ فُلَانٍ الْحَرَامِيِّ مَالٌ، فَأَتَيْتُ أَهْلَهُ، فَسَلَّمْتُ، فَقُلْتُ: ‘ثَمَّ هُوَ؟’ قَالُوا: ‘لَا’، فَخَرَجَ عَلَيَّ ابْنٌ لَهُ جَفْرٌ، فَقُلْتُ لَهُ: ‘أَيْنَ أَبُوكَ؟’ قَالَ: ‘سَمِعَ صَوْتَكَ فَدَخَلَ أَرِيكَةَ أُمِّي’. فَقُلْتُ: ‘اُخْرُجْ إِلَيَّ، فَقَدْ عَلِمْتُ أَيْنَ أَنْتَ’، فَخَرَجَ، فَقُلْتُ: ‘مَا حَمَلَكَ عَلَى أَنِ اِخْتَبَأْتَ مِنِّي؟’ قَالَ: ‘أَنَا، وَاللَّهِ، أُحَدِّثُكَ ثُمَّ لَا أَكْذِبُكَ، خَشِيتُ، وَاللَّهِ، أَنْ أُحَدِّثَكَ فَأَكْذِبَكَ، وَأَنْ أَعِدَكَ فَأُخْلِفَكَ، وَكُنْتَ صَاحِبَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكُنْتُ، وَاللَّهِ، مُعْسِرًا’. قَالَ: قُلْتُ: ‘آللَّهِ؟’ قَالَ: ‘اللَّهِ’. قُلْتُ: ‘آللَّهِ؟’ قَالَ: ‘اللَّهِ’. قُلْتُ: ‘آللَّهِ؟’ قَالَ: ‘اللَّهِ’”. قَالَ: فَأَتَى بِصَحِيفَتِهِ فَمَحَاهَا بِيَدِهِ، فَقَالَ: “إِنْ وَجَدْتَ قَضَاءً فَاقْضِنِي، وَإِلَّا فَأَنْتَ فِي حِلٍّ، فَأَشْهَدُ: بَصَرُ عَيْنَيَّ هَاتَيْنِ” (وَوَضَعَ إِصْبَعَيْهِ عَلَى عَيْنَيْهِ) “وَسَمْعُ أُذُنَيَّ هَاتَيْنِ، وَوَعَاهُ قَلْبِي هَذَا” (وَأَشَارَ إِلَى مَنَاطِ قَلْبِهِ) “رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَقُولُ: ‘مَنْ أَنْظَرَ مُعْسِرًا أَوْ وَضَعَ عَنْهُ، أَظَلَّهُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ’”. قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ أَنَا: “يَا عَمِّ، لَوْ أَنَّكَ أَخَذْتَ بُرْدَةَ غُلَامِكَ، وَأَعْطَيْتَهُ مَعَافِرِيَّكَ، وَأَخَذْتَ مَعَافِرِيَّهُ وَأَعْطَيْتَهُ بُرْدَتَكَ، فَكَانَتْ عَلَيْكَ حُلَّةٌ وَعَلَيْهِ حُلَّةٌ”. فَمَسَحَ رَأْسِي، وَقَالَ: “اللَّهُمَّ، بَارِكْ فِيهِ. يَا ابْنَ أَخِي، بَصَرُ عَيْنَيَّ هَاتَيْنِ، وَسَمْعُ أُذُنَيَّ هَاتَيْنِ، وَوَعَاهُ قَلْبِي هَذَا” (وَأَشَارَ إِلَى مَنَاطِ قَلْبِهِ) “رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَقُولُ: ‘أَطْعِمُوهُمْ مِمَّا تَأْكُلُونَ، وَأَلْبِسُوهُمْ مِمَّا تَلْبَسُونَ’. وَكَانَ أَنْ أَعْطَيْتُهُ مِنْ مَتَاعِ الدُّنْيَا أَهْوَنَ عَلَيَّ مِنْ أَنْ يَأْخُذَ مِنْ حَسَنَاتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ”. ثُمَّ مَضَيْنَا حَتَّى أَتَيْنَا جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ فِي مَسْجِدِهِ، وَهُوَ يُصَلِّي فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ مُشْتَمِلًا بِهِ، فَتَخَطَّيْتُ الْقَوْمَ حَتَّى جَلَسْتُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْقِبْلَةِ، فَقُلْتُ: “يَرْحَمُكَ اللَّهُ! أَتُصَلِّي فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ وَرِدَاؤُكَ إِلَى جَنْبِكَ؟” قَالَ: فَقَالَ بِيَدِهِ فِي صَدْرِي هَكَذَا، وَفَرَّقَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ وَقَوَّسَهَا: “أَرَدْتُ أَنْ يَدْخُلَ عَلَيَّ الْأَحْمَقُ مِثْلُكَ، فَيَرَانِي كَيْفَ أَصْنَعُ، فَيَصْنَعُ مِثْلَهُ. أَتَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي مَسْجِدِنَا هَذَا، وَفِي يَدِهِ عُرْجُونُ ابْنِ طَابٍ، فَرَأَى فِي قِبْلَةِ الْمَسْجِدِ نُخَامَةً فَحَكَّهَا بِالْعُرْجُونِ، ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَيْنَا فَقَالَ: ‘أَيُّكُمْ يُحِبُّ أَنْ يُعْرِضَ اللَّهُ عَنْهُ؟’ قَالَ: فَخَشَعْنَا، ثُمَّ قَالَ: ‘أَيُّكُمْ يُحِبُّ أَنْ يُعْرِضَ اللَّهُ عَنْهُ؟’ قَالَ: فَخَشَعْنَا، ثُمَّ قَالَ: ‘أَيُّكُمْ يُحِبُّ أَنْ يُعْرِضَ اللَّهُ عَنْهُ؟’ قُلْنَا: ‘لَا أَيُّنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ’. قَالَ: ‘فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا قَامَ يُصَلِّي فَإِنَّ اللَّهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى قِبَلَ وَجْهِهِ، فَلَا يَبْصُقَنَّ أَحَدٌ قِبَلَ وَجْهِهِ، وَلَا عَنْ يَمِينِهِ، وَلْيَبْصُقْ عَنْ يَسَارِهِ تَحْتَ رِجْلِهِ الْيُسْرَى، فَإِنْ عَجِلَتْ بِهِ بَادِرَةٌ فَلْيَقُلْ بِثَوْبِهِ هَكَذَا’. ثُمَّ طَوَى ثَوْبَهُ بَعْضَهُ عَلَى بَعْضٍ، فَقَالَ: ‘أَرُونِي عَبِيرًا’، فَقَامَ فَتًى مِنَ الْحَيِّ يَشْتَدُّ إِلَى أَهْلِهِ، فَجَاءَ بِخَلُوقٍ فِي رَاحَتِهِ، فَأَخَذَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَجَعَلَهُ عَلَى رَأْسِ الْعُرْجُونِ، ثُمَّ لَطَخَ بِهِ عَلَى أَثَرِ النُّخَامَةِ”. فَقَالَ جَابِرٌ: “فَمِنْ هُنَاكَ جَعَلْتُمُ الْخَلُوقَ فِي مَسَاجِدِكُمْ”». «سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةِ بَطْنِ بُوَاطٍ، وَهُوَ يَطْلُبُ الْمَجْدِيَّ بْنَ عَمْرٍو الْجُهَنِيَّ، وَكَانَ النَّاضِحُ يَعْقُبُهُ مِنَّا الْخَمْسَةُ وَالسِّتَّةُ وَالسَّبْعَةُ، فَدَارَتْ عُقْبَةُ رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ عَلَى نَاضِحٍ لَهُ، فَأَنَاخَهُ فَرَكِبَهُ، ثُمَّ بَعَثَهُ فَتَلَدَّنَ عَلَيْهِ بَعْضَ التَّلَدُّنِ، فَقَالَ لَهُ: “شَأْ، لَعَنَكَ اللَّهُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ هَذَا اللَّاعِنُ بَعِيرَهُ؟” قَالَ: “أَنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “اِنْزِلْ عَنْهُ، فَلَا تَصْحَبْنَا بِمَلْعُونٍ. لَا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، وَلَا تَدْعُوا عَلَى أَوْلَادِكُمْ، وَلَا تَدْعُوا عَلَى أَمْوَالِكُمْ، لَا تُوَافِقُوا مِنَ اللَّهِ سَاعَةً يُسْأَلُ فِيهَا عَطَاءٌ، فَيَسْتَجِيبُ لَكُمْ”. سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى إِذَا كَانَتْ عُشَيْشِيَةً وَدَنَوْنَا مَاءً مِنْ مِيَاهِ الْعَرَبِ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ رَجُلٌ يَتَقَدَّمُنَا فَيَمْدُرُ الْحَوْضَ فَيَشْرَبُ وَيَسْقِينَا؟”». قَالَ جَابِرٌ: «فَقُمْتُ فَقُلْتُ: “هَذَا رَجُلٌ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَيُّ رَجُلٍ مَعَ جَابِرٍ؟” فَقَامَ جَبَّارُ بْنُ صَخْرٍ، فَانْطَلَقْنَا إِلَى الْبِئْرِ، فَنَزَعْنَا فِي الْحَوْضِ سَجْلًا أَوْ سَجْلَيْنِ، ثُمَّ مَدَرْنَاهُ، ثُمَّ نَزَعْنَا فِيهِ حَتَّى أَفْهَقْنَاهُ، فَكَانَ أَوَّلَ طَالِعٍ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “أَتَأْذَنَانِ؟” قُلْنَا: “نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. فَأَشْرَعَ نَاقَتَهُ فَشَرِبَتْ، شَنَقَ لَهَا فَشَجَتْ فَبَالَتْ، ثُمَّ عَدَلَ بِهَا فَأَنَاخَهَا، ثُمَّ جَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْحَوْضِ فَتَوَضَّأَ مِنْهُ، ثُمَّ قُمْتُ فَتَوَضَّأْتُ مِنْ مُتَوَضَّأِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَهَبَ جَبَّارُ بْنُ صَخْرٍ يَقْضِي حَاجَتَهُ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِيُصَلِّيَ، وَكَانَتْ عَلَيَّ بُرْدَةٌ ذَهَبْتُ أَنْ أُخَالِفَ بَيْنَ طَرَفَيْهَا فَلَمْ تَبْلُغْ لِي، وَكَانَتْ لَهَا ذَبَاذِبُ فَنَكَّسْتُهَا، ثُمَّ خَالَفْتُ بَيْنَ طَرَفَيْهَا، ثُمَّ تَوَاقَصْتُ عَلَيْهَا، ثُمَّ جِئْتُ حَتَّى قُمْتُ عَنْ يَسَارِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَخَذَ بِيَدِي فَأَدَارَنِي حَتَّى أَقَامَنِي عَنْ يَمِينِهِ، ثُمَّ جَاءَ جَبَّارُ بْنُ صَخْرٍ فَتَوَضَّأَ، ثُمَّ جَاءَ فَقَامَ عَنْ يَسَارِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدَيْنَا جَمِيعًا، فَدَفَعَنَا حَتَّى أَقَامَنَا خَلْفَهُ، فَجَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَرْمُقُنِي وَأَنَا لَا أَشْعُرُ، ثُمَّ فَطِنْتُ بِهِ، فَقَالَ هَكَذَا بِيَدِهِ» (يَعْنِي: شُدَّ وَسَطَكَ) «فَلَمَّا فَرَغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “يَا جَابِرُ”. قُلْتُ: “لَبَّيْكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “إِذَا كَانَ وَاسِعًا فَخَالِفْ بَيْنَ طَرَفَيْهِ، وَإِذَا كَانَ ضَيِّقًا فَاشْدُدْهُ عَلَى حَقْوِكَ”. سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ قُوتُ كُلِّ رَجُلٍ مِنَّا فِي كُلِّ يَوْمٍ تَمْرَةً، فَكَانَ يَمَصُّهَا ثُمَّ يَصُرُّهَا فِي ثَوْبِهِ، وَكُنَّا نَخْتَبِطُ بِقِسِيِّنَا وَنَأْكُلُ، حَتَّى قَرِحَتْ أَشْدَاقُنَا، فَأُقْسِمُ أُخْطِئَهَا رَجُلٌ مِنَّا يَوْمًا، فَانْطَلَقْنَا بِهِ نَنْعَشُهُ، فَشَهِدْنَا أَنَّهُ لَمْ يُعْطَهَا، فَأُعْطِيَهَا فَقَامَ فَأَخَذَهَا. سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى نَزَلْنَا وَادِيًا أَفْيَحَ، فَذَهَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْضِي حَاجَتَهُ، فَاتَّبَعْتُهُ بِإِدَاوَةٍ مِنْ مَاءٍ، فَنَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يَرَ شَيْئًا يَسْتَتِرُ بِهِ، وَإِذَا شَجَرَتَانِ بِشَاطِئِ الْوَادِي، فَانْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى إِحْدَاهُمَا، فَأَخَذَ بِغُصْنٍ مِنْ أَغْصَانِهَا، فَقَالَ: “اِنْقَادِي عَلَيَّ بِإِذْنِ اللَّهِ”. فَانْقَادَتْ مَعَهُ كَالْبَعِيرِ الْمَخْشُوشِ الَّذِي يُصَانِعُ قَائِدَهُ، حَتَّى أَتَى الشَّجَرَةَ الْأُخْرَى، فَأَخَذَ بِغُصْنٍ مِنْ أَغْصَانِهَا، فَقَالَ: “اِنْقَادِي عَلَيَّ بِإِذْنِ اللَّهِ”. فَانْقَادَتْ مَعَهُ كَذَلِكَ، حَتَّى إِذَا كَانَ بِالْمَنْصَفِ مِمَّا بَيْنَهُمَا، لَأَمَ بَيْنَهُمَا» (يَعْنِي: جَمَعَهُمَا) «فَقَالَ: “اِلْتَئِمَا عَلَيَّ بِإِذْنِ اللَّهِ”. فَالْتَأَمَتَا». قَالَ جَابِرٌ: «فَخَرَجْتُ أُحْضِرُ مَخَافَةَ أَنْ يُحِسَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِقُرْبِي فَيَتَبَعَّدَ» (قَالَ ابْنُ عَبَّادٍ: «فَيَتَبَعَّدَ») «فَجَلَسْتُ أُحَدِّثُ نَفْسِي، فَحَانَتْ مِنِّي لَفْتَةٌ، فَإِذَا أَنَا بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مُقْبِلًا، وَإِذَا الشَّجَرَتَانِ قَدِ افْتَرَقَتَا، فَقَامَتْ كُلُّ وَاحِدَةٍ مِنْهُمَا عَلَى سَاقٍ، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَقَفَ وَقْفَةً، فَقَالَ بِرَأْسِهِ هَكَذَا» (وَأَشَارَ أَبُو إِسْمَاعِيلَ بِرَأْسِهِ يَمِينًا وَشِمَالًا) «ثُمَّ أَقْبَلَ، فَلَمَّا انْتَهَى إِلَيَّ قَالَ: “يَا جَابِرُ، هَلْ رَأَيْتَ مَقَامِي؟” قُلْتُ: “نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “فَانْطَلِقْ إِلَى الشَّجَرَتَيْنِ فَاقْطَعْ مِنْ كُلِّ وَاحِدَةٍ مِنْهُمَا غُصْنًا، فَأَقْبِلْ بِهِمَا، حَتَّى إِذَا قُمْتَ مَقَامِي فَأَرْسِلْ غُصْنًا عَنْ يَمِينِكَ وَغُصْنًا عَنْ يَسَارِكَ”». قَالَ جَابِرٌ: «فَقُمْتُ فَأَخَذْتُ حَجَرًا فَكَسَرْتُهُ وَحَسَرْتُهُ، فَانْذَلَقَ لِي، فَأَتَيْتُ الشَّجَرَتَيْنِ فَقَطَعْتُ مِنْ كُلِّ وَاحِدَةٍ مِنْهُمَا غُصْنًا، ثُمَّ أَقْبَلْتُ أَجُرُّهُمَا حَتَّى قُمْتُ مَقَامَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَرْسَلْتُ غُصْنًا عَنْ يَمِينِي وَغُصْنًا عَنْ يَسَارِي، ثُمَّ لَحِقْتُهُ، فَقُلْتُ: “قَدْ فَعَلْتُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَعَمَّ ذَاكَ؟” قَالَ: “إِنِّي مَرَرْتُ بِقَبْرَيْنِ يُعَذَّبَانِ، فَأَحْبَبْتُ بِشَفَاعَتِي أَنْ يُرَفَّهَ عَنْهُمَا مَا دَامَ الْغُصْنَانِ رَطْبَيْنِ”. قَالَ: فَأَتَيْنَا الْعَسْكَرَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “يَا جَابِرُ، نَادِ بِوَضُوءٍ”. فَقُلْتُ: “أَلَا وَضُوءَ؟ أَلَا وَضُوءَ؟ أَلَا وَضُوءَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا وَجَدْتُ فِي الرَّكْبِ مِنْ قَطْرَةٍ”. وَكَانَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ يُبَرِّدُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْمَاءَ فِي أَشْجَابٍ لَهُ عَلَى حِمَارَةٍ مِنْ جَرِيدٍ، قَالَ: فَقَالَ لِيَ: “اِنْطَلِقْ إِلَى فُلَانِ بْنِ فُلَانٍ الْأَنْصَارِيِّ، فَانْظُرْ هَلْ فِي أَشْجَابِهِ مِنْ شَيْءٍ؟” قَالَ: فَانْطَلَقْتُ إِلَيْهِ فَنَظَرْتُ فِيهَا فَلَمْ أَجِدْ فِيهَا إِلَّا قَطْرَةً فِي عَزْلَاءِ شَجْبٍ مِنْهَا، لَوْ أَنِّي أُفْرِغُهُ لَشَرِبَهُ يَابِسُهُ، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي لَمْ أَجِدْ فِيهَا إِلَّا قَطْرَةً فِي عَزْلَاءِ شَجْبٍ مِنْهَا، لَوْ أَنِّي أُفْرِغُهُ لَشَرِبَهُ يَابِسُهُ”. قَالَ: “اِذْهَبْ فَأْتِنِي بِهِ”. فَأَتَيْتُهُ بِهِ، فَأَخَذَهُ بِيَدِهِ فَجَعَلَ يَتَكَلَّمُ بِشَيْءٍ لَا أَدْرِي مَا هُوَ، وَيَغْمِزُهُ بِيَدَيْهِ، ثُمَّ أَعْطَانِيهِ، فَقَالَ: “يَا جَابِرُ، نَادِ بِجَفْنَةٍ”. فَقُلْتُ: “يَا جَفْنَةَ الرَّكْبِ!” فَأُتِيتُ بِهَا تُحْمَلُ، فَوَضَعْتُهَا بَيْنَ يَدَيْهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِهِ فِي الْجَفْنَةِ هَكَذَا، فَبَسَطَهَا وَفَرَّقَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ، ثُمَّ وَضَعَهَا فِي قَعْرِ الْجَفْنَةِ، وَقَالَ: “خُذْ، يَا جَابِرُ، فَصُبَّ عَلَيَّ، وَقُلْ: ‘بِاسْمِ اللَّهِ’”. فَصَبَبْتُ عَلَيْهِ وَقُلْتُ: “بِاسْمِ اللَّهِ”، فَرَأَيْتُ الْمَاءَ يَفُورُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ فَارَتِ الْجَفْنَةُ وَدَارَتْ حَتَّى اِمْتَلَأَتْ، فَقَالَ: “يَا جَابِرُ، نَادِ مَنْ كَانَ لَهُ حَاجَةٌ بِمَاءٍ”. قَالَ: فَأَتَى النَّاسُ فَاسْتَقَوْا حَتَّى رَوُوا، قَالَ: فَقُلْتُ: “هَلْ بَقِيَ أَحَدٌ لَهُ حَاجَةٌ؟” فَرَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ مِنَ الْجَفْنَةِ وَهِيَ مَلْأَى. وَشَكَا النَّاسُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْجُوعَ، فَقَالَ: “عَسَى اللَّهُ تَعَالَى أَنْ يُطْعِمَكُمْ”. فَأَتَيْنَا سِيفَ الْبَحْرِ فَزَخَرَ الْبَحْرُ زَخْرَةً، فَأَلْقَى دَابَّةً، فَأَوْرَيْنَا عَلَى شِقِّهَا النَّارَ، فَاطَّبَخْنَا وَاشْتَوَيْنَا، وَأَكَلْنَا حَتَّى شَبِعْنَا». قَالَ جَابِرٌ: «فَدَخَلْتُ أَنَا وَفُلَانٌ وَفُلَانٌ» (حَتَّى عَدَّ خَمْسَةً) «فِي حِجَاجِ عَيْنِهَا مَا يَرَانَا أَحَدٌ، حَتَّى خَرَجْنَا، فَأَخَذْنَا ضِلَعًا مِنْ أَضْلَاعِهِ فَقَوَّسْنَاهُ، ثُمَّ دَعَوْنَا بِأَعْظَمِ رَجُلٍ فِي الرَّكْبِ، وَأَعْظَمِ جَمَلٍ فِي الرَّكْبِ، وَأَعْظَمِ كِفْلٍ فِي الرَّكْبِ، فَدَخَلَ تَحْتَهُ مَا يُطَأْطِئُ رَأْسَهُ».

Қазақша аудармасы

Убада ибн әл-Уәлид ибн Убада ибн әс-Самит былай деді: «Әкем екеуміз осы ансар қауымының адамдары дүниеден өтіп кетпей тұрғанда, олардан білім үйрену үшін жолға шықтық. Алғаш кездестіргеніміз Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабасы Әбу әл-Ясар болды. Қасында бір бума жазба көтеріп жүрген жас құлы бар еді. Әбу әл-Ясардың үстінде бір бурда мен бір мағафири киім, құлының үстінде де бір бурда мен бір мағафири киім бар еді. Әкем оған: “Уа, көке! Жүзіңізден ашудың белгісі байқалады”, – деді. Ол: “Иә. Пәленше ибн пәленше әл-Харамиден алатын ақшам бар еді. Оның үйіне барып, сәлем бердім де: ‘Ол осында ма?’ – деп сұрадым. Үйдегілер: ‘Жоқ’, – деді. Содан кейін алдыма оның жасөспірім ұлы шықты. Одан: ‘Әкең қайда?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Даусыңызды естіп, анамның перде тұтылған төсегіне тығылып қалды’, – деді. Мен: ‘Шық бері! Қайда екеніңді біліп қойдым’, – дедім. Ол шыққан соң: ‘Менен тығылуыңа не себеп болды?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Алланың атымен ант етемін, сізге бар шындықты айтамын, өтірік айтпаймын. Алланың атымен ант етемін, сізге бір нәрсе айтып, өтірікші болып қалудан немесе уәде беріп, оны орындай алмай қалудан қорықтым. Өйткені сіз Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабасысыз. Ал мен, Алланың атымен ант етемін, шынында да қарызын өтеуге қиналған борышкермін’, – деді. Мен: ‘Алланың атымен ант етесің бе?’ – дедім. Ол: ‘Алланың атымен ант етемін’, – деді. Мен тағы да: ‘Алланың атымен ант етесің бе?’ – дедім. Ол: ‘Алланың атымен ант етемін’, – деді. Мен үшінші рет: ‘Алланың атымен ант етесің бе?’ – дедім. Ол: ‘Алланың атымен ант етемін’, – деді”, – деді. Содан кейін Әбу әл-Ясар қарызы жазылған қағазды алдырып, ондағы жазуды өз қолымен өшірді де: “Егер қарызды өтеуге қаражат тапсаң, маған өтеп бер. Ал таба алмасаң, мен сені одан босаттым. Мен куәлік етемін: мына екі көзіммен (ол екі саусағын көзіне қойды) Алла Елшісін (с.а.с.) көрдім, мына екі құлағыммен оның сөзін естідім, ал мына жүрегім оны жадына тоқыды (ол жүрек тұсын көрсетті). Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Кім қиналған борышкерге мұрсат берсе немесе оның қарызын кешірсе, Алла оны Өз көлеңкесінде саялатады’, – деген еді”, – деді. Мен оған: “Уа, көке! Құлыңыздың бурдасын өзіңіз алып, оған өз мағафири киіміңізді берсеңіз немесе оның мағафири киімін өзіңіз алып, оған өз бурдаңызды берсеңіз, сонда әрқайсыңыздың үстіңізде өзара үйлескен қос киім болар еді”, – дедім. Ол басымнан сипап: “Уа, Алла! Бұған береке бере гөр!” – деді. Содан кейін: “Уа, бауырымның баласы! Мен куәлік етемін: мына екі көзіммен Алла Елшісін (с.а.с.) көрдім, мына екі құлағыммен оның сөзін естідім, ал мына жүрегім оны жадына тоқыды (ол жүрек тұсын көрсетті). Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Оларға өздерің жейтін астан жегізіңдер және өздерің киетін киімнен кигізіңдер’, – деген еді. Оған осы дүниенің мал-мүлкінен бере салуым Қиямет күні оның менің сауаптарымнан үлес алғанынан әлдеқайда жеңіл”, – деді. Содан кейін жолымызды жалғастырып, Жәбир ибн Абдулланың мешітіне келдік. Ол бір ғана киімді денесіне орап алып, намаз оқып жатыр екен. Мен адамдардың арасынан аттап өтіп, онымен құбыланың арасына барып отырдым да: “Алла сізге рақым етсін! Жамылғыңыз жаныңызда жатса да, бір ғана киіммен намаз оқып тұрсыз ба?” – дедім. Ол саусақтарын бір-бірінен алшақтатып, иіп көрсетті де, қолымен кеудемнен осылай қағып: “Сен секілді бір ақымақ кіріп келіп, менің қалай істегенімді көрсін де, өзі де солай істесін деп қаладым”, – деді. Содан кейін былай деді: “Алла Елшісі (с.а.с.) қолына Ибн Таб құрмасының сабағын ұстап, біздің осы мешітімізге келді. Ол мешіттің құбыла жағынан қақырық көріп, оны әлгі сабақпен қырып тастады. Содан кейін бізге бұрылып: ‘Қайсың Алланың өзінен теріс айналуын қалайды?’ – деп сұрады. Біз төмен қарап, үнсіз қалдық. Ол тағы да: ‘Қайсың Алланың өзінен теріс айналуын қалайды?’ – деді. Біз тағы да төмен қарап, үнсіз қалдық. Ол үшінші рет: ‘Қайсың Алланың өзінен теріс айналуын қалайды?’ – деп сұрады. Біз: ‘Уа, Расулалла! Ешқайсымыз да қаламаймыз’, – дедік. Сонда ол: ‘Сендердің бірің намаз оқуға тұрғанда, аса Берекелі әрі Ұлы Алла оның жүзінің алдында болады. Сондықтан ол алдына да, оң жағына да түкірмесін. Сол жағына, сол аяғының астына түкірсін. Егер түкіруге мәжбүр ететін бір нәрсе кенет қыстаса, киімімен былай істесін’, – деді де, киімінің бір бөлігін екінші бөлігіне бүктеді. Содан кейін: ‘Маған хош иіс әкеліңдер’, – деді. Сонда осы рудың бір жас жігіті орнынан тұрып, үйіне қарай жүгіріп кетті де, алақанына халуқ хош иісін алып келді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны алып, құрма сабағының ұшына жақты да, қақырықтың орнына жағып шықты”. Жәбир: “Мешіттеріңе халуқ хош иісін жағуды осыдан бастадыңдар”, – деді». Жәбир сөзін жалғастырды: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Батн Бұуат жорығына аттандық. Ол әл-Мәжди ибн Амр әл-Жуһаниді іздеп бара жатқан еді. Бір су тартатын түйеге арамыздан бес, алты немесе жеті адам кезектесіп мінетін. Ансарлардың бірінің түйеге мінер кезегі келгенде, ол түйесін шөгеріп, үстіне мінді. Содан кейін оны орнынан тұрғызып, жүргізбек болғанда, түйе біраз қырсығып, жүрмей қойды. Сонда әлгі кісі: “Жүр! Алла сені лағынет етсін!” – деді. Мұны естіген Алла Елшісі (с.а.с.): “Түйесіне лағынет айтқан кім?” – деп сұрады. Ол: “Мен, уа, Расулалла!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Одан түс! Лағынеттелген түйені бізбен бірге алып жүрме! Өздеріңе жамандық тілемеңдер, балаларыңа жамандық тілемеңдер және мал-мүліктеріңе де жамандық тілемеңдер. Мұндай тілектерің Алладан сұралған нәрсе беріліп, дұғаларың қабыл болатын сәтке тап келіп қалмасын”, – деді. Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жол жүрдік. Күн еңкейіп, кеш бата бастағанда, арабтардың бір суатына жақындадық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Арамыздан кім ілгері барып, астаудың саңылауларын балшықпен сылап бекітеді? Сөйтіп, өзі де су ішіп, бізге де су берсін”, – деді. Мен орнымнан тұрып: “Уа, Расулалла! Міне, ол адам – менмін”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәбирмен бірге кім барады?” – деп сұрады. Жәббар ибн Сахр орнынан тұрды. Екеуіміз құдыққа барып, одан бір немесе екі үлкен шелек су тартып, астауға құйдық. Содан кейін астауды балшықпен сылап бекіттік те, құдықтан су тартып, оны ернеуіне дейін толтырдық. Бізге бірінші болып Алла Елшісі (с.а.с.) келді. Ол: “Рұқсат етесіңдер ме?” – деп сұрады. Біз: “Иә, уа, Расулалла!” – дедік. Сонда ол түйесін астауға жіберіп еді, түйе су ішті. Одан кейін бұйдасын тартып еді, түйе аяқтарын талтайтып, зәр сындырды. Содан соң оны бір шетке бұрып, шөгерді. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) астауға келіп, ондағы сумен дәрет алды. Мен де орнымнан тұрып, Алла Елшісі (с.а.с.) дәрет алған судан дәрет алдым. Жәббар ибн Сахр қажетін өтеуге кетті. Алла Елшісі (с.а.с.) намаз оқуға тұрды. Үстімде бір жамылғым бар еді. Оның екі ұшын айқастырып жамылмақ болдым, бірақ ол қысқа келді. Жамылғының шашақтары бар еді. Оны төңкеріп алып, екі ұшын айқастырдым да, үстімнен түсіп қалмасын деп денемді бүгіңкіреп тұрдым. Содан кейін келіп, Алла Елшісінің (с.а.с.) сол жағына тұрдым. Ол қолымнан ұстап, мені айналдырып әкеліп, оң жағына тұрғызды. Кейін Жәббар ибн Сахр келіп, дәрет алды да, Алла Елшісінің (с.а.с.) сол жағына тұрды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) екеуіміздің де қолымыздан ұстап, кейін қарай ысырып, өзінің артына тұрғызды. Алла Елшісі (с.а.с.) маған қайта-қайта көз тастап тұрды, ал мен оны байқамадым. Кейін аңғарғанымда, ол қолымен осылай ишара білдірді, яғни: “Беліңе мықтап байла”, – дегені еді. Алла Елшісі (с.а.с.) намазын аяқтаған соң: “Уа, Жәбир!” – деді. Мен: “Құп алдым, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Егер жамылғы кең болса, екі ұшын айқастырып жамыл. Ал егер тар болса, беліңе байлап ал”, – деді. Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шықтық. Күн сайын әрқайсымызға қорек ретінде бір құрма ғана тиетін. Әр адам оны сорып, содан кейін киіміне түйіп қоятын. Біз садақтарымызбен ағаш жапырақтарын қағып түсіріп, соларды жейтінбіз. Тіпті ауыздарымыздың екі шеті жара болып кетті. Ант етейін, бір күні арамыздағы бір адамға құрма берілмей қалды. Біз оны сүйемелдеп алып барып, оған құрманың берілмегеніне куәлік еттік. Содан кейін оған құрма берілді. Ол орнынан тұрып, құрмасын алды. Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жол жүріп, кең бір аңғарға келіп қондық. Алла Елшісі (с.а.с.) қажетін өтеуге кетті. Мен су құйылған шағын торсықты алып, соңынан ердім. Алла Елшісі (с.а.с.) жан-жағына қараған еді, тасаланар ештеңе көрмеді. Аңғардың жағасында екі ағаш тұр еді. Алла Елшісі (с.а.с.) солардың біріне барып, бір бұтағынан ұстады да: “Алланың рұқсатымен маған ер!” – деді. Сонда ағаш тұмсығына мұрындық тағылып, жетектеушісіне бағынған түйедей оның соңынан ерді. Алла Елшісі (с.а.с.) екінші ағашқа жетіп, оның да бір бұтағынан ұстады да: “Алланың рұқсатымен маған ер!” – деді. Ол ағаш та дәл солай соңынан ерді. Алла Елшісі (с.а.с.) екі ағаштың ортасына жеткенде, оларды бір-біріне қосып, яғни екеуін біріктіріп: “Алланың рұқсатымен бір-біріңе қосылып, мені тасалаңдар!” – деді. Сонда екі ағаш бірігіп, оны тасалады. Алла Елшісі (с.а.с.) менің жақын тұрғанымды сезіп қалып, одан әрі алыстап кетер деп қауіптендім де, жүгіре басып, ол жерден ұзап кеттім. (Ибн Аббадтың риуаятында: “Одан да әрі алыстап кетер деп”, – делінген.) Содан кейін отырып, ойға шомдым. Бір кезде бұрылып қарасам, Алла Елшісі (с.а.с.) келе жатыр екен. Ал екі ағаш бір-бірінен ажырап, әрқайсысы өз түбінде, бұрынғы орнында тұр екен. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) бір сәт тоқтап, басын былай қозғағанын көрдім. (Әбу Исмағил басын оңға-солға бұрып, бұл қимылды осылай көрсеткен еді.) Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) маған қарай беттеді. Жаныма жеткенде: “Уа, Жәбир! Менің тұрған орнымды көрдің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә, уа, Расулалла!” – дедім. Ол (с.а.с.): “Екі ағашқа барып, әрқайсысынан бір-бір бұтақ кесіп ал да, осында алып кел. Мен тұрған жерге жеткенде, бір бұтақты оң жағыңа, екіншісін сол жағыңа таста”, – деді. Мен орнымнан тұрып, бір тас алдым да, оны жарып, жүзін қырнап, өткірледім. Содан кейін екі ағашқа барып, әрқайсысынан бір-бір бұтақ кесіп алдым. Екі бұтақты сүйретіп, Алла Елшісі (с.а.с.) тұрған жерге дейін жеткіздім. Бір бұтақты оң жағыма, екіншісін сол жағыма тастадым. Содан кейін Алла Елшісінің (с.а.с.) жанына барып: “Уа, Расулалла! Айтқаныңызды орындадым. Мұны не үшін істеттіңіз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Мен азапталып жатқан екі қабірдің жанынан өттім. Мына екі бұтақ жас күйінде тұрған уақыт бойы шапағатым арқылы олардың азабы жеңілдетілуін қаладым”, – деді. Біз қосынға келіп жеттік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Жәбир! Дәретке су бар ма деп жар сал”, – деді. Мен: “Дәретке су бар ма? Дәретке су бар ма? Дәретке су бар ма?” – деп дауыстадым. Содан кейін: “Уа, Расулалла! Жолаушылардың арасынан бір тамшы да су таба алмадым”, – дедім. Ансарлардың біреуі Алла Елшісіне (с.а.с.) арнап суды құрма бұтақтарынан жасалған тұғыр үстіндегі тері торсықтарға құйып, салқындатып қоятын еді. Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Пәленше ибн пәленше деген ансарлық кісіге барып, торсықтарында су бар-жоғын қарап кел”, – деді. Мен оған барып, торсықтарын қарадым. Бір торсықтың шүмегінде бір тамшы ғана су қалыпты. Егер оны құйып алмақ болсам, торсықтың кеуіп тұрған терісі-ақ сіңіріп алар еді. Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Бір торсықтың шүмегінде бір тамшы ғана су қалыпты. Егер оны құйып алмақ болсам, торсықтың кеуіп тұрған терісі-ақ сіңіріп алар еді”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Бар да, оны маған алып кел”, – деді. Мен торсықты алып келдім. Ол (с.а.с.) торсықты қолына алып, мен мағынасын білмейтін әлдебір сөздерді айта бастады да, оны екі қолымен қысты. Содан кейін торсықты маған беріп: “Уа, Жәбир! Үлкен астауды алдыр”, – деді. Мен: “Керуеннің үлкен астауын әкеліңдер!” – деп дауыстадым. Астауды көтеріп әкелгенде, мен оны Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына қойдым. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын астауға қарай осылай созып, алақанын жайды да, саусақтарының арасын ашып, қолын астаудың түбіне қойды. Содан кейін: “Уа, Жәбир! Торсықты ал да, қолыма су құйып, ‘Бисмилләһ’ де”, – деді. Мен оның қолына су құйып: “Бисмилләһ”, – дедім. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) саусақтарының арасынан судың бұрқылдап шығып жатқанын көрдім. Астаудағы су бұрқылдап, иіріле айнала бастады да, ақыры астау лық толды. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Жәбир! Суға мұқтаж адамдарды шақыр”, – деді. Адамдар келіп, судан алып, шөлдерін әбден қандырды. Мен: “Суға мұқтаж тағы біреу қалды ма?” – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын астаудан көтеріп алды, ал астау әлі де лық толы еді. Адамдар Алла Елшісіне (с.а.с.) аштықтарын айтып шағымданды. Сонда ол (с.а.с.): “Бәлкім, Алла Тағала сендерді тамақтандырар”, – деді. Біз теңіз жағалауына келдік. Бір кезде теңіз дүрлігіп, толқын жағаға бір теңіз жануарын шығарып тастады. Біз оның бір қапталында от жағып, етін пісірдік әрі отқа қақтадық. Сөйтіп әбден тойғанша жедік. Мен, пәленше және пәленше, (осы тұста ол бес адамның атын атады) әлгі жануардың көз шарасына кірдік. Біз қайта шыққанға дейін сырттағы ешкім бізді көре алмады. Содан кейін оның бір қабырғасын алып, доға тәрізді етіп идік. Керуендегі ең ірі адамды, ең ірі түйені және ең үлкен тоқымды алдырдық. Әлгі адам сол түйеге мініп, қабырғаның астынан басын иместен өтті», – деді (3006–3014/74).

بَابٌ: فِي اِنْشِقَاقِ الْقَمَرِ

12-бапАйдың қақ бөлінуі туралы

1538
Мүслим, № 1538Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِمِنًى إِذَا اِنْفَلَقَ الْقَمَرُ فِلْقَتَيْنِ، فَكَانَتْ فِلْقَةٌ وَرَاءَ الْجَبَلِ، وَفِلْقَةٌ دُونَهُ، فَقَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِشْهَدُوا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Минада болғанымызда, кенет ай екіге жарылды. Оның бір бөлігі таудың арғы жағында, ал екінші бөлігі бергі жағында көрінді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Куә болыңдар!” – деді» (2800/44).

1539
Мүслим, № 1539Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَهْلَ مَكَّةَ سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُرِيَهُمْ آيَةً، فَأَرَاهُمُ اِنْشِقَاقَ الْقَمَرِ مَرَّتَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Мекке тұрғындары Алла Елшісінен (с.а.с.) өздеріне бір мұғжиза көрсетуін сұрады. Сонда ол (с.а.с.) оларға айдың екі рет жарылғанын көрсетті», – деген (2802/46).

بَابٌ: مَنْعُ النَّبِيِّ ﷺ مِمَّنْ هَمَّ بِأَذَاهُ

13-бапПайғамбардың (с.а.с.) өзіне зиян келтірмек болғандардан қорғалуы туралы

1540
Мүслим, № 1540Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: «هَلْ يُعَفِّرُ مُحَمَّدٌ وَجْهَهُ بَيْنَ أَظْهُرِكُمْ؟» قَالَ: فَقِيلَ: «نَعَمْ». فَقَالَ: «وَاللَّاتِ وَالْعُزَّى، لَئِنْ رَأَيْتُهُ يَفْعَلُ ذَلِكَ لَأَطَأَنَّ عَلَى رَقَبَتِهِ، أَوْ لَأُعَفِّرَنَّ وَجْهَهُ فِي التُّرَابِ». قَالَ: فَأَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يُصَلِّي (زَعَمَ لِيَطَأَ عَلَى رَقَبَتِهِ). قَالَ: فَمَا فَجِئَهُمْ مِنْهُ إِلَّا وَهُوَ يَنْكُصُ عَلَى عَقِبَيْهِ وَيَتَّقِي بِيَدَيْهِ، قَالَ: فَقِيلَ لَهُ: «مَا لَكَ؟» فَقَالَ: «إِنَّ بَيْنِي وَبَيْنَهُ لَخَنْدَقًا مِنْ نَارٍ وَهَوْلًا وَأَجْنِحَةً». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ دَنَا مِنِّي لَاخْتَطَفَتْهُ الْمَلَائِكَةُ عُضْوًا عُضْوًا». قَالَ: فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ (لَا نَدْرِي فِي حَدِيثِ أَبِي هُرَيْرَةَ أَوْ شَيْءٌ بَلَغَهُ): ﴿كَلَّا إِنَّ الْإِنْسَانَ لَيَطْغَى أَنْ رَآهُ اسْتَغْنَى إِنَّ إِلَى رَبِّكَ الرُّجْعَى أَرَأَيْتَ الَّذِي يَنْهَى عَبْدًا إِذَا صَلَّى أَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ عَلَى الْهُدَى أَوْ أَمَرَ بِالتَّقْوَى أَرَأَيْتَ إِنْ كَذَّبَ وَتَوَلَّى﴾ [الْعَلَقِ: ٦–١٣] (يَعْنِي أَبَا جَهْلٍ)، ﴿أَلَمْ يَعْلَمْ بِأَنَّ اللَّهَ يَرَى كَلَّا لَئِنْ لَمْ يَنْتَهِ لَنَسْفَعًا بِالنَّاصِيَةِ نَاصِيَةٍ كَاذِبَةٍ خَاطِئَةٍ فَلْيَدْعُ نَادِيَهُ سَنَدْعُ الزَّبَانِيَةَ كَلَّا لَا تُطِعْهُ﴾ [الْعَلَقِ: ١٤–١٩]. وَفِي رِوَايَةٍ، قَالَ: «وَأَمَرَهُ بِمَا أَمَرَهُ بِهِ». وَفِي رِوَايَةٍ: ﴿فَلْيَدْعُ نَادِيَهُ﴾ [الْعَلَقِ: ١٧]، يَعْنِي قَوْمَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Әбу Жәһл: “Мұхаммед сендердің араларыңда жүзін топыраққа тигізіп, сәжде жасай ма?” – деп сұрады. Оған: “Иә”, – деп жауап берілді. Сонда ол: “Лат пен Ұззаның атымен ант етемін! Егер оның осылай істеп жатқанын көрсем, міндетті түрде мойнын аяғыммен басамын немесе жүзін топыраққа былғаймын”, – деді. Содан кейін ол Алла Елшісі (с.а.с.) намаз оқып жатқанда, айтқанындай оның мойнын басу үшін қасына барды. Бірақ жұрт кенет оның өкшесімен кейін шегініп, қолдарымен алдындағы әлдебір нәрседен қорғанып бара жатқанын көрді. Одан: “Саған не болды?” – деп сұралғанда, ол: “Онымен менің арамызда отты ор, алапат үрей және қанаттар бар”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер ол маған жақындай түскенде, періштелер оның дене мүшелерін бір-бірлеп жұлып әкетер еді”, – деді». Содан кейін Ұлы әрі Құдіретті Алла мына аяттарды түсірді (риуаятшы: «Бұл сөз Әбу Һурайраның хадисінің өзінде айтылған ба, әлде оған жеткен өзге бір хабар ма – білмейміз», – деді): «Жо-жоқ, адам баласы азғындап шектен шығады. Өзін еш нәрсеге мұқтаж еместей көргенде.» («Алақ», 6–7). «Шүбәсіз, қайтар жол Раббыңа қарай болмақ!» («Алақ», 8). «Мына тыйым салып, бөгет болып жатқанды көрдің бе? Намазға тұрған құлға (бөгет болғанды көрдің бе?)» («Алақ», 9–10). «Қарашы, солай істегені дұрыс па? Егер ол құл (Мұхаммед) тура жолда болса ше? немесе ел-жұртты тақуалыққа шақырып жүрсе ше?» («Алақ», 11–12). «Өзің қарашы, егер ол (Әбу Жәһил) ақиқатты жалғанға шығарып, одан теріс айналып жүрсе ше?!» («Алақ», 13). Бұл жерде Әбу Жәһл меңзелген. «Ол Алланың бәрін көріп тұрғанын білмей ме?!» («Алақ», 14). «Жо-жоқ, бұлай болмайды. Егер ол бұл қылығын доғармаса, оны кекілінен ұстаған күйде тозаққа сүйрейміз. Өтірікші, күнәһар кекілінен...» («Алақ», 15–16). «Сонда ол өзінің тобын қалағанынша жәрдемге шақырсын!» («Алақ», 17). «Біз де Зәбәнилерді шақырамыз!» («Алақ», 18). «Жо-жоқ! Оған мойынсұнба!» («Алақ», 19). Басқа риуаятта: «Сондай-ақ Алла оған Өзі бұйырған нәрсені бұйырды», – делінген. Тағы бір риуаятта: «Сонда ол өзінің тобын қалағанынша жәрдемге шақырсын!» («Алақ», 17), – делінген. Бұл жерде оның қауымы меңзелген (2797/38).

بَابٌ: مَنْعُ النَّبِيِّ ﷺ مِمَّنْ أَرَادَ قَتْلَهُ

14-бапПайғамбардың (с.а.с.) өзін өлтірмек болғандардан қорғалуы туралы

1541
Мүслим, № 1541Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ غَزْوَةً قِبَلَ نَجْدٍ، فَأَدْرَكَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي وَادٍ كَثِيرِ الْعِضَاهِ، فَنَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَحْتَ شَجَرَةٍ، فَعَلَّقَ سَيْفَهُ بِبَعْضِ أَغْصَانِهَا. قَالَ: وَتَفَرَّقَ النَّاسُ فِي الْوَادِي يَسْتَظِلُّونَ بِالشَّجَرِ. قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ رَجُلًا أَتَانِي وَأَنَا نَائِمٌ، فَأَخَذَ السَّيْفَ، فَاسْتَيْقَظْتُ وَهُوَ قَائِمٌ عَلَى رَأْسِي، فَلَمْ أَشْعُرْ إِلَّا وَالسَّيْفُ صَلْتًا فِي يَدِهِ، فَقَالَ لِي: ‘مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّي؟’”. قَالَ: “قُلْتُ: ‘اللَّهُ’. ثُمَّ قَالَ فِي الثَّانِيَةِ: ‘مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّي؟’”. قَالَ: “قُلْتُ: ‘اللَّهُ’”. قَالَ: “فَشَامَ السَّيْفَ فَهَا هُوَ ذَا جَالِسٌ”. ثُمَّ لَمْ يَعْرِضْ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Нәжд жаққа жорыққа шықтық. Тікенекті ағаштары қалың бір алқапта Алла Елшісі (с.а.с.) бізді қуып жетті. Алла Елшісі (с.а.с.) бір ағаштың түбіне аялдап, қылышын оның бір бұтағына іліп қойды. Адамдар көлеңкеге паналау үшін алқаптағы ағаштардың арасына тарап кетті. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен ұйықтап жатқанымда, бір кісі жаныма келіп, қылышымды алды. Оянсам, ол бас жағымда тұр екен. Қарасам, қолында жалаң қылыш бар. Ол менен: ‘Сені менен кім қорғайды?’ – деп сұрады. Мен: ‘Алла’, – дедім. Ол екінші рет: ‘Сені менен кім қорғайды?’ – деп сұрады. Мен: ‘Алла’, – дедім. Содан кейін ол қылышты қынына салды. Міне, өзі ана жерде отыр”, – деді». Содан соң Алла Елшісі (с.а.с.) оған ештеңе істемеді (843/13).

بَابٌ: فِي السُّمِّ وَأَكْلِ الشَّاةِ الْمَسْمُومَةِ

15-бапУ және у қосылған қой етін жеу туралы

1542
Мүслим, № 1542Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ امْرَأَةً يَهُودِيَّةً أَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ مَسْمُومَةٍ، فَأَكَلَ مِنْهَا، فَجِيءَ بِهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَأَلَهَا عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَتْ: «أَرَدْتُ لِأَقْتُلَكَ». قَالَ: «مَا كَانَ اللَّهُ لِيُسَلِّطَكِ عَلَى ذَاكِ». قَالَ: أَوْ قَالَ: «عَلَيَّ». قَالَ: قَالُوا: «أَلَا نَقْتُلُهَا؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: فَمَا زِلْتُ أَعْرِفُهَا فِي لَهَوَاتِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің айтуынша, бір яһуди әйел Алла Елшісіне (с.а.с.) уланған қой етін әкелді. Ол (с.а.с.) одан жеді. Кейін әлгі әйел Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына әкелінді. Ол (с.а.с.) әйелден мұны не үшін істегенін сұрады. Әйел: «Сізді өлтіргім келді», – деді. Ол (с.а.с.): «Алла саған мұны істеуге мүмкіндік бермес еді», – деді. Риуаятшы: «Немесе ол (с.а.с.): “Алла сенің маған үстем болуыңа мүмкіндік бермес еді”, – деді», – деген. Сахабалар: «Оны өлтірейік пе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жоқ», – деді. Әнәс: «Мен оның әсерін Алла Елшісінің (с.а.с.) көмейінен үнемі байқап жүретінмін», – деген (2190/45).

بَابٌ: فِي إِصَابَةِ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْخَرْصِ

16-бапПайғамбардың (с.а.с.) жеміс өнімінің мөлшерін дәл шамалауы туралы

1543
Мүслим, № 1543Риуаят етуші: Әбу Хумәйд

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ غَزْوَةَ تَبُوكَ، فَأَتَيْنَا وَادِيَ الْقُرَى عَلَى حَدِيقَةٍ لِامْرَأَةٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُخْرُصُوهَا». فَخَرَصْنَاهَا وَخَرَصَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَشَرَةَ أَوْسُقٍ، وَقَالَ: «أَحْصِيهَا حَتَّى نَرْجِعَ إِلَيْكِ، إِنْ شَاءَ اللَّهُ». وَانْطَلَقْنَا، حَتَّى قَدِمْنَا تَبُوكَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَتَهُبُّ عَلَيْكُمُ اللَّيْلَةَ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَلَا يَقُمْ فِيهَا أَحَدٌ مِنْكُمْ، فَمَنْ كَانَ لَهُ بَعِيرٌ فَلْيَشُدَّ عِقَالَهُ». فَهَبَّتْ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَقَامَ رَجُلٌ فَحَمَلَتْهُ الرِّيحُ حَتَّى أَلْقَتْهُ بِجَبَلَيْ طَيِّئٍ، وَجَاءَ رَسُولُ ابْنِ الْعَلْمَاءِ (صَاحِبِ أَيْلَةَ) إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِكِتَابٍ، وَأَهْدَى لَهُ بَغْلَةً بَيْضَاءَ، فَكَتَبَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَأَهْدَى لَهُ بُرْدًا، ثُمَّ أَقْبَلْنَا حَتَّى قَدِمْنَا وَادِيَ الْقُرَى، فَسَأَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَرْأَةَ عَنْ حَدِيقَتِهَا: «كَمْ بَلَغَ ثَمَرُهَا؟» فَقَالَتْ: «عَشَرَةَ أَوْسُقٍ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي مُسْرِعٌ، فَمَنْ شَاءَ مِنْكُمْ فَلْيُسْرِعْ مَعِيَ، وَمَنْ شَاءَ فَلْيَمْكُثْ». فَخَرَجْنَا حَتَّى أَشْرَفْنَا عَلَى الْمَدِينَةِ، فَقَالَ: «هَذِهِ طَابَةُ، وَهَذَا أُحُدٌ وَهُوَ جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ». ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ خَيْرَ دُورِ الْأَنْصَارِ دَارُ بَنِي النَّجَّارِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي عَبْدِ الْأَشْهَلِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي عَبْدِ الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي سَاعِدَةَ، وَفِي كُلِّ دُورِ الْأَنْصَارِ خَيْرٌ». فَلَحِقَنَا سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، فَقَالَ أَبُو أُسَيْدٍ: «أَلَمْ تَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَيَّرَ دُورَ الْأَنْصَارِ، فَجَعَلَنَا آخِرًا؟» فَأَدْرَكَ سَعْدٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، خَيَّرْتَ دُورَ الْأَنْصَارِ، فَجَعَلْتَنَا آخِرًا؟» فَقَالَ: «أَوَلَيْسَ بِحَسْبِكُمْ أَنْ تَكُونُوا مِنَ الْخِيَارِ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Тәбук жорығына аттандық. Уәди әл-Қураға келіп, бір әйелдің бағына бардық. Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы бақтың өнімін шамалап есептеңдер”, – деді. Біз оның өнімін шамалап есептедік. Алла Елшісі (с.а.с.) бақтың өнімін он уәсқ деп шамалады да, әйелге: “Алла қаласа, біз өзіңе қайта оралғанша, бақтың өнімін өлшеп, есебін шығарып қой”, – деді. Біз әрі қарай жол жүріп, Тәбукке жеттік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүгін түнде қатты жел соғады. Сол кезде ешқайсыларың орындарыңнан тұрмасын. Кімнің түйесі болса, оның тұсауын мықтап байласын”, – деді. Қатты жел тұрды. Бір адам орнынан тұрып еді, жел оны көтеріп әкетті де, Тай тайпасының қос тауына апарып тастады. Әйла билеушісі Ибн әл-Алманың елшісі Алла Елшісіне (с.а.с.) хат алып келіп, оған ақ қашыр сыйлады. Алла Елшісі (с.а.с.) Ибн әл-Алмаға жауап хат жазып, оған бір жамылғы сыйлады. Содан кейін біз кері қайтып, Уәди әл-Қураға келдік. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі әйелден бағы туралы: “Өнімі қанша болды?” – деп сұрады. Әйел: “Он уәсқ”, – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен жүрісімді тездетемін. Араларыңнан кім қаласа, менімен бірге жүрісін тездетсін, ал кім қаласа, кідіре тұрсын”, – деді. Біз жолға шығып, Мәдина көрінетін тұсқа жеттік. Сонда ол: “Бұл – Таба, ал мынау – Ухуд. Ол – бізді жақсы көретін тау, біз де оны жақсы көреміз”, – деді. Содан соң: “Ансар руларының ең абзалы – Бәну ән-Нәжжар руы. Одан кейін Бәну Абдуләшһәл руы, одан кейін Бәну Абдулхарис ибн әл-Хазраж руы, одан кейін Бәну Сағида руы. Ансар руларының бәрінде де жақсылық бар”, – деді. Сағд ибн Убада бізді қуып жетті. Әбу Усәйд оған: “Алла Елшісінің (с.а.с.) ансар руларының абзалдарын атап, бізді ең соңына қойғанын байқамадың ба?” – деді. Сонда Сағд Алла Елшісін (с.а.с.) қуып жетіп: “Уа, Алланың Елшісі! Сіз ансар руларының абзалдарын атап, бізді ең соңына қойдыңыз ба?”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Абзалдардың қатарында болудың өзі сендерге жеткілікті емес пе?” – деді» (1392/11).

بَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَا آخِذٌ بِحُجَزِكُمْ عَنِ النَّارِ»

17-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мен сендерді тозақ отынан арашалап, белдеріңнен ұстап тұрмын» деген сөзі туралы

1544
Мүслим, № 1544Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلِي كَمَثَلِ رَجُلٍ اِسْتَوْقَدَ نَارًا، فَلَمَّا أَضَاءَتْ مَا حَوْلَهَا جَعَلَ الْفَرَاشُ وَهَذِهِ الدَّوَابُّ الَّتِي فِي النَّارِ يَقَعْنَ فِيهَا، وَجَعَلَ يَحْجُزُهُنَّ وَيَغْلِبْنَهُ فَيَتَقَحَّمْنَ فِيهَا». قَالَ: «فَذَلِكُمْ مَثَلِي وَمَثَلُكُمْ، أَنَا آخِذٌ بِحُجَزِكُمْ عَنِ النَّارِ: “هَلُمَّ عَنِ النَّارِ، هَلُمَّ عَنِ النَّارِ”. فَتَغْلِبُونِي وَتَتَقَحَّمُونَ فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Менің мысалым от жаққан адамның мысалына ұқсайды. От айналасын жарық еткенде, көбелектер мен отқа ұмтылатын жәндіктер оған түсе бастайды. Әлгі адам оларды ұстап қалуға тырысады, бірақ олар оған бой бермей, отқа қойып кетеді. Міне, менің және сендердің мысалдарың осындай. Мен сендерді оттан сақтап, белдеріңнен ұстап: “Оттан аулақ, бері келіңдер! Оттан аулақ, бері келіңдер!” – деймін. Ал сендер маған бой бермей, оған қарай қойып кетесіңдер» (2284/18).

بَابٌ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ أَعْلَمَهُمْ بِاللَّهِ وَأَشَدَّهُمْ لَهُ خَشْيَةً

18-бапПайғамбардың (с.а.с.) Алланы бәрінен жақсы танығаны әрі Одан бәрінен қатты именгені туралы

1545
Мүслим, № 1545Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي أَمْرٍ، فَتَنَزَّهَ عَنْهُ نَاسٌ مِنَ النَّاسِ، فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ، فَغَضِبَ حَتَّى بَانَ الْغَضَبُ فِي وَجْهِهِ، ثُمَّ قَالَ: «مَا بَالُ أَقْوَامٍ يَرْغَبُونَ عَمَّا رُخِّصَ لِي فِيهِ؟ فَوَاللَّهِ لَأَنَا أَعْلَمُهُمْ بِاللَّهِ وَأَشَدُّهُمْ لَهُ خَشْيَةً».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір іске рұқсат берді. Алайда кейбір адамдар одан бойларын аулақ ұстады. Бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, оның қатты ашуланғаны сонша, ашуы жүзінен көрінді. Содан кейін ол: “Маған рұқсат етілген нәрседен теріс айналатын адамдарға не болған? Алланың атымен ант етемін, олардың ішінде Алланы ең жақсы білетін де, Одан ең қатты қорқатын да менмін”, – деді» (2356/128).

بَابٌ: بُعْدُ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْآثَامِ وَقِيَامُهُ لِمَحَارِمِ اللَّهِ تَعَالَى

19-бапПайғамбардың (с.а.с.) күнәлардан аулақ болуы және Алла Тағаланың тыйымдарын қорғауы туралы

1546
Мүслим, № 1546Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهَا قَالَتْ: «مَا خُيِّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أَمْرَيْنِ إِلَّا أَخَذَ أَيْسَرَهُمَا مَا لَمْ يَكُنْ إِثْمًا، فَإِنْ كَانَ إِثْمًا كَانَ أَبْعَدَ النَّاسِ مِنْهُ، وَمَا انْتَقَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِنَفْسِهِ إِلَّا أَنْ تُنْتَهَكَ حُرْمَةُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) екі істің бірін таңдау еркі берілсе, күнә болмаған жағдайда, міндетті түрде жеңілін таңдайтын. Ал егер сол іс күнә болса, одан адамдардың бәрінен де аулақ болатын. Сондай-ақ Ұлы әрі Құдіретті Алланың тыйымдары бұзылған жағдай болмаса, Алла Елшісі (с.а.с.) өзі үшін ешқашан кек қайтармайтын» (2327/77).

بَابٌ: صَلَاةُ النَّبِيِّ ﷺ حَتَّى اِنْتَفَخَتْ قَدَمَاهُ وَقَوْلُهُ: «أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا»

20-бапПайғамбардың (с.а.с.) аяқтары ісінгенше намаз оқуы және «Ендеше, шүкір етуші құл болмайын ба?» деген сөзі туралы

1547
Мүслим, № 1547Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى حَتَّى اِنْتَفَخَتْ قَدَمَاهُ، فَقِيلَ لَهُ: «أَتَكَلَّفُ هَذَا وَقَدْ غَفَرَ اللَّهُ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ؟» فَقَالَ: «أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا».

Қазақша аудармасы

Муғира ибн Шуғба (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) аяқтары ісіп кеткенше намаз оқығанын жеткізді. Сонда оған: «Алла сіздің бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңызды кешірген бола тұра, өзіңізді осыншалық қинайсыз ба?» – делінді. Ол (с.а.с.): «Ендеше, шүкір етуші құл болмайын ба?» – деді (2819/79).

بَابٌ: قَوْلُ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَا فَرَطُكُمْ عَلَى الْحَوْضِ»

21-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мен хауызға сендерден бұрын барып, сендерді күтіп тұрамын» деген сөзі туралы

1548
Мүслим, № 1548Риуаят етуші: Жундуб

عَنْ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “أَنَا فَرَطُكُمْ عَلَى الْحَوْضِ”».

Қазақша аудармасы

Жундуб (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.): “Мен сендерден бұрын хауыз басына барып, сендерді күтемін”, – дегенін естідім» (2289/25).

بَابٌ: فِي حَوْضِ النَّبِيِّ ﷺ وَعِظَمِهِ وَوُرُودِ أُمَّتِهِ

22-бапПайғамбардың (с.а.с.) хауызы, оның көлемі және үмбетінің оған келуі туралы

1549
Мүслим, № 1549Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حَوْضِي مَسِيرَةُ شَهْرٍ، وَزَوَايَاهُ سَوَاءٌ، وَمَاؤُهُ أَبْيَضُ مِنَ الْوَرِقِ، وَرِيحُهُ أَطْيَبُ مِنَ الْمِسْكِ، وَكِيزَانُهُ كَنُجُومِ السَّمَاءِ، فَمَنْ شَرِبَ مِنْهُ فَلَا يَظْمَأُ بَعْدَهُ أَبَدًا». قَالَ: وَقَالَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي عَلَى الْحَوْضِ حَتَّى أَنْظُرَ مَنْ يَرِدُ عَلَيَّ مِنْكُمْ، وَسَيُؤْخَذُ أُنَاسٌ دُونِي، فَأَقُولُ: “يَا رَبِّ، مِنِّي وَمِنْ أُمَّتِي”، فَيُقَالُ: “أَمَا شَعَرْتَ مَا عَمِلُوا بَعْدَكَ؟ وَاللَّهِ، مَا بَرِحُوا بَعْدَكَ يَرْجِعُونَ عَلَى أَعْقَابِهِمْ”». قَالَ: فَكَانَ ابْنُ أَبِي مُلَيْكَةَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ، إِنَّا نَعُوذُ بِكَ أَنْ نَرْجِعَ عَلَى أَعْقَابِنَا أَوْ أَنْ نُفْتَنَ عَنْ دِينِنَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Менің хауызымның ұзындығы – бір айлық жол. Оның ені мен ұзындығы бірдей. Суы күмістен де ақ, иісі мисктен де хош, ал ыдыстары аспан жұлдыздарындай. Кім одан ішсе, содан кейін мәңгі шөлдемейді», – деген. Сондай-ақ Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мен хауыз басында тұрып, сендердің араларыңнан маған кімдердің келетінін күтемін. Сол кезде кейбір адамдар маған жетпей жатып әкетіледі. Сонда мен: “Уа, Раббым! Олар – менің адамдарым әрі үмбетімнен!” – деймін. Маған: “Олардың сенен кейін не істегенін білмедің бе? Алланың атымен ант етемін, олар сенен кейін кері бұрылып, бұрынғы жолдарына қайта берді”, – делінеді». Ибн Әбу Мүләйка: «Уа, Алла! Кері кетуден немесе дінімізден азғырылудан Өзіңе сыйынамыз», – деп айтатын (2292, 2293/27).

1550
Мүслим, № 1550

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «حَوْضُهُ مَا بَيْنَ صَنْعَاءَ وَالْمَدِينَةِ». فَقَالَ لَهُ الْمُسْتَوْرِدُ: «أَلَمْ تَسْمَعْهُ قَالَ: “الْأَوَانِي”؟» قَالَ: «لَا». فَقَالَ الْمُسْتَوْرِدُ: «تُرَى فِيهِ الْآنِيَةُ مِثْلَ الْكَوَاكِبِ».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһбтың (р.а.) айтуынша, ол Пайғамбардың (с.а.с.): «Оның хауызы Санға мен Мәдинаның аралығындай», – дегенін естіген. Сонда әл-Мустаурид одан: «Оның ыдыстар туралы айтқанын естімедің бе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Әл-Мустаурид: «Ондағы ыдыстар жұлдыздардай болып көрінеді», – деді (2298/33).

1551
Мүслим, № 1551Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَمَامَكُمْ حَوْضًا كَمَا بَيْنَ جَرْبَاءَ وَأَذْرُحَ». وَفِي رِوَايَةٍ: «حَوْضِي». وَفِي رِوَايَةٍ، قَالَ عُبَيْدُ اللَّهِ: فَسَأَلَهُ (يَعْنِي نَافِعًا)، قَالَ: «قَرْيَتَيْنِ بِالشَّأْمِ، بَيْنَهُمَا مَسِيرَةُ ثَلَاثِ لَيَالٍ». وَفِي رِوَايَةٍ: «ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алдарыңда Жарба мен Әзрухтың аралығындай бір хауыз бар». Басқа риуаятта: «Менің хауызым», – делінген. Тағы бір риуаятта Убайдулла Нәфиғтан сұрағанда, оның былай жауап бергенін жеткізді: «Олар – Шамдағы екі елді мекен. Екеуінің арасы үш түндік жол». Басқа бір риуаятта: «Үш күндік жол», – делінген (2299/34).

1552
Мүслим, № 1552Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «أَلَا إِنِّي فَرَطٌ لَكُمْ عَلَى الْحَوْضِ، وَإِنَّ بُعْدَ مَا بَيْنَ طَرَفَيْهِ كَمَا بَيْنَ صَنْعَاءَ وَأَيْلَةَ، كَأَنَّ الْأَبَارِيقَ فِيهِ النُّجُومُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Біліңдер, мен сендерден бұрын хауыз басына барып, сендерді күтетін боламын. Оның екі шетінің арақашықтығы Санға мен Әйла қалаларының аралығындай. Ондағы құмандар жұлдыздар секілді», – дегенін жеткізді (2305/44).

1553
Мүслим, № 1553Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا آنِيَةُ الْحَوْضِ؟” قَالَ: “وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَآنِيَتُهُ أَكْثَرُ مِنْ عَدَدِ نُجُومِ السَّمَاءِ وَكَوَاكِبِهَا، أَلَا فِي اللَّيْلَةِ الْمُظْلِمَةِ الْمُصْحِيَةِ، آنِيَةُ الْجَنَّةِ، مَنْ شَرِبَ مِنْهَا لَمْ يَظْمَأْ آخِرَ مَا عَلَيْهِ، يَشْخَبُ فِيهِ مِيزَابَانِ مِنَ الْجَنَّةِ، مَنْ شَرِبَ مِنْهُ لَمْ يَظْمَأْ، عَرْضُهُ مِثْلُ طُولِهِ، مَا بَيْنَ عَمَّانَ إِلَى أَيْلَةَ، مَاؤُهُ أَشَدُّ بَيَاضًا مِنَ اللَّبَنِ، وَأَحْلَى مِنَ الْعَسَلِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Хауыздың ыдыстары қандай?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін! Оның ыдыстары бұлтсыз әрі қараңғы түнде аспанда көрінетін жұлдыздардың санынан да көп. Олар – Жәннаттың ыдыстары. Кім сол ыдыстардан ішсе, содан кейін ешқашан шөлдемейді. Оған Жәннаттан екі науа арқылы су сарқырап құйылады. Кім одан ішсе, ешқашан шөлдемейді. Оның ені ұзындығына тең әрі Амманнан Әйлаға дейінгі аралықтай. Оның суы сүттен де аппақ, балдан да тәтті”, – деді» (2300/36).

1554
Мүслим, № 1554Риуаят етуші: Сәубан

عَنْ ثَوْبَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنِّي لَبِعُقْرِ حَوْضِي أَذُودُ النَّاسَ لِأَهْلِ الْيَمَنِ، أَضْرِبُ بِعَصَايَ حَتَّى يَرْفَضَّ عَلَيْهِمْ». فَسُئِلَ عَنْ عَرْضِهِ، فَقَالَ: «مِنْ مَقَامِي إِلَى عَمَّانَ». وَسُئِلَ عَنْ شَرَابِهِ، فَقَالَ: «أَشَدُّ بَيَاضًا مِنَ اللَّبَنِ، وَأَحْلَى مِنَ الْعَسَلِ، يَغُتُّ فِيهِ مِيزَابَانِ يَمُدَّانِهِ مِنَ الْجَنَّةِ، أَحَدُهُمَا مِنْ ذَهَبٍ، وَالْآخَرُ مِنْ وَرِقٍ».

Қазақша аудармасы

Сәубанның (р.а.) айтуынша, Алланың Пайғамбары (с.а.с.) былай деген: «Мен хауызымның су ішетін тұсында тұрып, Йемен жұртына жол ашу үшін адамдарды ығыстырамын. Хауыздың суы оларға еркін жетуі үшін басқаларды таяғыммен қайырып тұрамын». Одан хауыздың ені туралы сұралғанда: «Мен тұрған жерден Амманға дейін», – деді. Оның сусыны туралы сұралғанда: «Ол сүттен де аппақ, балдан да тәтті. Оған Жәннаттан екі науа арқылы су сарқырап құйылады. Оның бірі алтыннан, екіншісі күмістен», – деді (2301/37).

1555
Мүслим, № 1555Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ يَوْمًا فَصَلَّى عَلَى أَهْلِ أُحُدٍ صَلَاتَهُ عَلَى الْمَيِّتِ، ثُمَّ اِنْصَرَفَ إِلَى الْمِنْبَرِ فَقَالَ: «إِنِّي فَرَطٌ لَكُمْ، وَأَنَا شَهِيدٌ عَلَيْكُمْ، وَإِنِّي وَاللَّهِ لَأَنْظُرُ إِلَى حَوْضِي الْآنَ، وَإِنِّي قَدْ أُعْطِيتُ مَفَاتِيحَ خَزَائِنِ الْأَرْضِ» (أَوْ: «مَفَاتِيحَ الْأَرْضِ») «وَإِنِّي، وَاللَّهِ، مَا أَخَافُ عَلَيْكُمْ أَنْ تُشْرِكُوا بَعْدِي، وَلَكِنْ أَخَافُ عَلَيْكُمْ أَنْ تَتَنَافَسُوا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амирдің (р.а.) айтуынша, бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) шығып, Ухудта қаза тапқандарға мәйітке оқығанындай жаназа намазын оқыды. Содан кейін мінберге қарай бет алып: «Мен сендерден бұрын барып, сендерді күтушімін әрі сендерге куәмін. Алланың атымен ант етемін, мен дәл қазір хауызымды көріп тұрмын. Маған жер қазыналарының кілттері немесе жердің кілттері берілді. Алланың атымен ант етемін, менен кейін Аллаға серік қосып кетулеріңнен қорықпаймын. Бірақ дүние үшін бір-біріңмен жарысып, таласып кетулеріңнен қорқамын», – деді (2296/30).

بَابٌ: فِي صِفَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَمَبْعَثِهِ وَسِنِّهِ

23-бапПайғамбардың (с.а.с.) сыртқы сипаты, пайғамбар болып жіберілуі және жасы туралы

1556
Мүслим, № 1556Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيْسَ بِالطَّوِيلِ الْبَائِنِ، وَلَا بِالْقَصِيرِ، وَلَيْسَ بِالْأَبْيَضِ الْأَمْهَقِ، وَلَا بِالْآدَمِ، وَلَا بِالْجَعْدِ الْقَطَطِ، وَلَا بِالسَّبِطِ، بَعَثَهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى رَأْسِ أَرْبَعِينَ سَنَةً، فَأَقَامَ بِمَكَّةَ عَشْرَ سِنِينَ وَبِالْمَدِينَةِ عَشْرَ سِنِينَ، وَتَوَفَّاهُ اللَّهُ عَلَى رَأْسِ سِتِّينَ سَنَةً، وَلَيْسَ فِي رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ عِشْرُونَ شَعْرَةً بَيْضَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) шамадан тыс бойшаң да, аласа да емес еді. Өңі тым аппақ та, қоңырқай да емес еді. Шашы тым бұйра да, тіп-тік те емес еді. Ұлы әрі Құдіретті Алла оны қырық жасында пайғамбар етіп жіберді. Ол Меккеде он жыл, Мәдинада он жыл тұрды. Алла оны алпыс жасында дүниеден өткізді. Оның бас шашы мен сақалындағы ақ түктерінің саны жиырмаға да жетпейтін» (2347/113).

1557
Мүслим, № 1557Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مَرْبُوعًا، بَعِيدَ مَا بَيْنَ الْمَنْكِبَيْنِ، عَظِيمَ الْجُمَّةِ إِلَى شَحْمَةِ أُذُنَيْهِ، عَلَيْهِ حُلَّةٌ حَمْرَاءُ، مَا رَأَيْتُ شَيْئًا قَطُّ أَحْسَنَ مِنْهُ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әл-Бәра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) орта бойлы, екі иығының арасы кең кісі еді. Қалың шашы құлақтарының сырғалығына дейін жететін. Үстіне екі бөліктен тұратын қызыл киім киген еді. Мен одан (с.а.с.) көркем ешкімді ешқашан көрген емеспін» (2337/91).

1558
Мүслим, № 1558Риуаят етуші: Әбу әт-Туфайл

عَنْ أَبِي الطُّفَيْلِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَمَا عَلَى وَجْهِ الْأَرْضِ رَجُلٌ رَآهُ غَيْرِي». قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: «فَكَيْفَ رَأَيْتَهُ؟» قَالَ: «كَانَ أَبْيَضَ مَلِيحًا مُقَصَّدًا». قَالَ مُسْلِمٌ: «مَاتَ أَبُو الطُّفَيْلِ سَنَةَ مِائَةٍ، وَكَانَ آخِرَ مَنْ مَاتَ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әбу әт-Туфайл (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісін (с.а.с.) көрдім. Қазір жер бетінде оны көрген менен басқа ешбір адам қалған жоқ». Риуаятшы: «Мен одан: “Оны қандай кейіпте көрдіңіз?” – деп сұрадым. Ол: “Ақ өңді, көрікті әрі дене бітімі үйлесімді, орта бойлы кісі еді”, – деді», – деген. Мүслім: «Әбу әт-Туфайл һижраның жүзінші жылы қайтыс болды. Ол Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының ең соңғы қайтыс болғаны еді», – деді (2340/99).

بَابٌ: فِي خَاتَمِ النُّبُوَّةِ

24-бапПайғамбарлық мөрі туралы

1559
Мүслим, № 1559Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ شَمِطَ مُقَدَّمُ رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ، وَكَانَ إِذَا اِدَّهَنَ لَمْ يَتَبَيَّنْ، وَإِذَا شَعِثَ رَأْسُهُ تَبَيَّنَ، وَكَانَ كَثِيرَ شَعْرِ اللِّحْيَةِ، فَقَالَ رَجُلٌ: “وَجْهُهُ مِثْلُ السَّيْفِ؟” قَالَ: “لَا، بَلْ كَانَ مِثْلَ الشَّمْسِ وَالْقَمَرِ، وَكَانَ مُسْتَدِيرًا، وَرَأَيْتُ الْخَاتَمَ عِنْدَ كَتِفِهِ مِثْلَ بَيْضَةِ الْحَمَامَةِ يُشْبِهُ جَسَدَهُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) бас шашының алдыңғы жағы мен сақалына ақ кірген еді. Май жаққан кезде ол байқалмайтын, ал шашы ұйпаланып кеткенде көрінетін. Оның сақалы қалың еді. Бір кісі: “Оның жүзі қылыштай ма еді?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ, керісінше, күн мен айдай әрі дөңгелек еді. Оның иығының тұсындағы мөрді де көрдім. Ол көгершіннің жұмыртқасындай әрі түсі денесіне ұқсайтын”, – деді» (2344/109).

1560
Мүслим, № 1560Риуаят етуші: Саиб ибн Язид

عَنِ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذَهَبَتْ بِي خَالَتِي إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ ابْنَ أُخْتِي وَجِعٌ”، فَمَسَحَ رَأْسِي وَدَعَا لِي بِالْبَرَكَةِ، ثُمَّ تَوَضَّأَ فَشَرِبْتُ مِنْ وَضُوئِهِ، ثُمَّ قُمْتُ خَلْفَ ظَهْرِهِ فَنَظَرْتُ إِلَى خَاتَمِهِ بَيْنَ كَتِفَيْهِ مِثْلَ زِرِّ الْحَجَلَةِ».

Қазақша аудармасы

Әс-Сәиб ибн Язид (р.а.) былай деді: «Нағашы әпкем мені Алла Елшісіне (с.а.с.) алып барып: “Уа, Расулалла! Жиенім ауырып жүр”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) басымнан сипап, маған береке тіледі. Содан кейін дәрет алды, мен оның дәрет суының қалғанынан іштім. Кейін оның артына барып тұрып, екі жауырынының арасындағы қалыңдық шымылдығының түймесіндей мөрге қарадым» (2345/111).

1561
Мүслим, № 1561Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәржис

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرْجِسَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَأَكَلْتُ مَعَهُ خُبْزًا وَلَحْمًا» (أَوْ قَالَ: «ثَرِيدًا»)، قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: «أَسْتَغْفَرَ لَكَ النَّبِيُّ ﷺ؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكَ». ثُمَّ تَلَا هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿وَاسْتَغْفِرْ لِذَنْبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ﴾ [مُحَمَّدٍ: ١٩]. قَالَ: «ثُمَّ دُرْتُ خَلْفَهُ فَنَظَرْتُ إِلَى خَاتَمِ النُّبُوَّةِ بَيْنَ كَتِفَيْهِ عِنْدَ نَاغِضِ كَتِفِهِ الْيُسْرَى جُمْعًا عَلَيْهِ خِيلَانٌ كَأَمْثَالِ الثَّآلِيلِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Саржис (р.а.): «Мен Пайғамбарды (с.а.с.) көрдім әрі онымен бірге нан мен ет жедім», – деді (немесе: «Сәрид жедім», – деді). Риуаятшы: «Мен одан: “Пайғамбар (с.а.с.) сен үшін кешірім тіледі ме?” – деп сұрадым. Ол: “Иә, сен үшін де”, – деді», – деген. Содан кейін Абдулла мына аятты оқыды: «Һәм өз күнәң үшін һәм мүмін ерлер мен әйелдер үшін Алладан кешірім, кеңшілік тіле!» («Мұхаммед», 19). Абдулла сөзін жалғастырып: «Содан кейін оның артына айналып барып, екі жауырынының арасындағы пайғамбарлық мөріне қарадым. Ол сол жақ жауырынының жоғарғы тұсындағы сүйектің жанында еді. Пішіні жұмылған жұдырыққа ұқсайтын, үстінде сүйел тәрізді меңдері бар еді», – деді (2346/112).

بَابٌ: صِفَةُ فَمِ النَّبِيِّ ﷺ وَعَيْنَيْهِ وَعَقِبِهِ

25-бапПайғамбардың (с.а.с.) аузының, көздерінің және өкшесінің сипаты туралы

1562
Мүслим, № 1562Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ضَلِيعَ الْفَمِ، أَشْكَلَ الْعَيْنِ، مَنْهُوسَ الْعَقِبَيْنِ». قَالَ: قُلْتُ لِسِمَاكٍ: «مَا ضَلِيعُ الْفَمِ؟» قَالَ: «عَظِيمُ الْفَمِ». قَالَ: قُلْتُ: «مَا أَشْكَلُ الْعَيْنِ؟» قَالَ: «طَوِيلُ شَقِّ الْعَيْنِ». قَالَ: قُلْتُ: «مَا مَنْهُوسُ الْعَقِبِ؟» قَالَ: «قَلِيلُ لَحْمِ الْعَقِبِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) аузы кең, көзінің ағы қызғылт реңді, өкшелерінің еті аз еді», – деді. Риуаятшы: «Мен Симактан: “Аузы кең деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Аузы үлкен деген сөз”, – деді. Мен: “Көзі қызғылт реңді деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Көз қиығы ұзын деген сөз”, – деді. Мен: “Өкшесінің еті аз деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Өкшесінде ет аз деген сөз”, – деді», – деген (2339/97).

بَابٌ: فِي صِفَةِ لِحْيَةِ النَّبِيِّ ﷺ

26-бапПайғамбардың (с.а.с.) сақалының сипаты туралы

1563
Мүслим, № 1563Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ يُكْرَهُ أَنْ يَنْتِفَ الرَّجُلُ الشَّعْرَةَ الْبَيْضَاءَ مِنْ رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ». قَالَ: «وَلَمْ يَخْتَضِبْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، إِنَّمَا كَانَ الْبَيَاضُ فِي عَنْفَقَتِهِ وَفِي الصُّدْغَيْنِ وَفِي الرَّأْسِ نَبْذٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Ер адамның басы мен сақалындағы ақ шашты жұлуы құпталмайды. Алла Елшісі (с.а.с.) шашы мен сақалын боямаған. Ақ түк төменгі ернінің астындағы сақалында және екі самайында болатын, басында да бірен-саран бар еді» (2341/104).

بَابٌ: فِي شَيْبِ النَّبِيِّ ﷺ

27-бапПайғамбардың (с.а.с.) шаш-сақалына ақ түсуі туралы

1564
Мүслим, № 1564Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَبْيَضَ قَدْ شَابَ. كَانَ الْحَسَنُ بْنُ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يُشْبِهُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа (р.а.): «Мен Алла Елшісін (с.а.с.) көрдім. Оның өңі ақ еді, шашына ақ кірген болатын. Хасан ибн Әли (р.а.) оған ұқсайтын», – деді (2343/107).

بَابٌ: صِفَةُ شَعْرِ النَّبِيِّ ﷺ

28-бапПайғамбардың (с.а.с.) шашының сипаты туралы

1565
Мүслим, № 1565Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَضْرِبُ شَعَرُهُ مَنْكِبَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісінің (с.а.с.) шашы иығына тиіп тұратын (2338/94).

1566
Мүслим, № 1566Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ شَعَرُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَى أَنْصَافِ أُذُنَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) шашы құлағының ортасына дейін жететін», – деді (2338/96).

بَابٌ: فِي سَدْلِ النَّبِيِّ ﷺ شَعْرَهُ وَفَرْقِهِ

29-бапПайғамбардың (с.а.с.) шашын маңдайына түсіріп қоюы және қақ айыруы туралы

1567
Мүслим, № 1567Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ أَهْلُ الْكِتَابِ يَسْدِلُونَ أَشْعَارَهُمْ، وَكَانَ الْمُشْرِكُونَ يَفْرُقُونَ رُؤُوسَهُمْ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحِبُّ مُوَافَقَةَ أَهْلِ الْكِتَابِ فِيمَا لَمْ يُؤْمَرْ بِهِ، فَسَدَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَاصِيَتَهُ، ثُمَّ فَرَقَ بَعْدُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Кітап иелері шаштарын маңдайларына түсіріп қоятын, ал мүшріктер шаштарын екіге айырып тарайтын. Алла Елшісі (с.а.с.) өзіне арнайы бұйрық берілмеген істерде Кітап иелерінің ісіне сай әрекет етуді ұнататын. Сондықтан Алла Елшісі (с.а.с.) алғашында шашын маңдайына түсіріп жүрді, кейін оны екіге айырып тарайтын болды» (2336/90).

بَابٌ: فِي تَبَسُّمِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

30-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) күлімсіреуі туралы

فِيهِ حَدِيثُ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي كِتَابِ الصَّلَاةِ.

Бұл бапқа қатысты Жәбир ибн Сәмураның хадисі «Намаз кітабында» бұған дейін келтірілген.

بَابٌ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ أَشَدَّ حَيَاءً مِنَ الْعَذْرَاءِ فِي خِدْرِهَا

31-бапПайғамбардың (с.а.с.) шымылдықтың ар жағындағы бойжеткен қыздан да ұялшақ болғаны туралы

1568
Мүслим, № 1568Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَشَدَّ حَيَاءً مِنَ الْعَذْرَاءِ فِي خِدْرِهَا، وَكَانَ إِذَا كَرِهَ شَيْئًا عَرَفْنَاهُ فِي وَجْهِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) шымылдықтың ар жағындағы пәк қыздан да ұяң еді. Ол бір нәрсені жақтырмаса, біз оны жүзінен аңғаратынбыз», – деді (2320/67).

بَابٌ: طِيبُ رَائِحَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَلِينُ مَسِّهِ

32-бапПайғамбардың (с.а.с.) хош иісі және терісінің жұмсақтығы туралы

1569
Мүслим, № 1569Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَزْهَرَ اللَّوْنِ، كَأَنَّ عَرَقَهُ اللُّؤْلُؤُ، إِذَا مَشَى تَكَفَّأَ، وَلَا مَسِسْتُ دِيبَاجَةً وَلَا حَرِيرَةً أَلْيَنَ مِنْ كَفِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَا شَمِمْتُ مِسْكَةً وَلَا عَنْبَرَةً أَطْيَبَ مِنْ رَائِحَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) өңі нұрлы, тер тамшылары інжудей еді. Жүргенде денесін алға қарай еңкейтіп басатын. Алла Елшісінің (с.а.с.) алақанынан да жұмсақ дүрияны да, жібекті де ұстап көрген емеспін. Сондай-ақ Алла Елшісінің (с.а.с.) иісінен хош миск те, анбар да иіскеген емеспін» (2330/82).

1570
Мүслим, № 1570Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «صَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ صَلَاةَ الْأُولَى، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى أَهْلِهِ وَخَرَجْتُ مَعَهُ، فَاسْتَقْبَلَهُ وِلْدَانٌ، فَجَعَلَ يَمْسَحُ خَدَّيْ أَحَدِهِمْ وَاحِدًا وَاحِدًا، قَالَ: وَأَمَّا أَنَا فَمَسَحَ خَدِّي، قَالَ: فَوَجَدْتُ لِيَدِهِ بَرْدًا (أَوْ رِيحًا) كَأَنَّمَا أَخْرَجَهَا مِنْ جُؤْنَةِ عَطَّارٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.) былай деді: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге бесін намазын оқыдым. Содан кейін ол отбасына қарай бет алды, мен де онымен бірге шықтым. Алдынан бір топ бала кездесті. Ол олардың әрқайсысының екі бетін кезек-кезек сипай бастады. Менің де бетімді сипады. Сонда оның қолынан салқындықты немесе хош иісті сездім. Қолын әтіршінің сандығынан жаңа ғана шығарғандай еді» (2329/80).

بَابٌ: عَرَقُ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْبَرْدِ حِينَ يَأْتِيهِ الْوَحْيُ

33-бапПайғамбардың (с.а.с.) уахи келгенде суықта да терлеуі туралы

1571
Мүслим, № 1571Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنْ كَانَ لَيُنْزَلُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي الْغَدَاةِ الْبَارِدَةِ، ثُمَّ تَفِيضُ جَبْهَتُهُ عَرَقًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісіне (с.а.с.) суық таңның өзінде уахи түсетін. Уахи аяқталған кезде оның маңдайынан тер сорғалап тұратын», – деді (2333/86).

1572
Мүслим, № 1572Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ الْحَارِثَ بْنَ هِشَامٍ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ: «كَيْفَ يَأْتِيكَ الْوَحْيُ؟» فَقَالَ: «أَحْيَانًا يَأْتِينِي فِي مِثْلِ صَلْصَلَةِ الْجَرَسِ (وَهُوَ أَشَدُّهُ عَلَيَّ)، ثُمَّ يَفْصِمُ عَنِّي وَقَدْ وَعَيْتُهُ، وَأَحْيَانًا مَلَكٌ فِي مِثْلِ صُورَةِ الرَّجُلِ، فَأَعِي مَا يَقُولُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Харис ибн Һишам Пайғамбардан (с.а.с.): «Сізге уахи қалай келеді?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Кейде маған қоңыраудың сыңғырындай үнмен келеді. Бұл – маған ең ауыры. Ол үн басылғанда, мен айтылған сөздерді жадыма сақтап үлгерген боламын. Кейде періште адам бейнесінде келеді, сонда мен оның айтқандарын ұғып аламын», – деді (2333/87).

بَابٌ: طِيبُ عَرَقِ النَّبِيِّ ﷺ

34-бапПайғамбардың (с.а.с.) терінің хош иісі туралы

1573
Мүслим, № 1573Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «دَخَلَ عَلَيْنَا النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ عِنْدَنَا، فَعَرِقَ، وَجَاءَتْ أُمِّي بِقَارُورَةٍ، فَجَعَلَتْ تَسْلِتُ الْعَرَقَ فِيهَا، فَاسْتَيْقَظَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: “يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، مَا هَذَا الَّذِي تَصْنَعِينَ؟” قَالَتْ: “هَذَا عَرَقُكَ نَجْعَلُهُ فِي طِيبِنَا، وَهُوَ مِنْ أَطْيَبِ الطِّيبِ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) үйімізге келіп, бізде түскі ұйқыға жатты. Ол терлеген кезде, анам бір құты әкеліп, оның терін сүртіп алып, соған жинай бастады. Пайғамбар (с.а.с.) оянып: “Уа, Үммі Сүләйм! Не істеп жатырсың?” – деп сұрады. Ол: “Бұл – сіздің теріңіз. Оны хош иісімізге қосамыз. Ол – хош иістердің ең жұпарларының бірі”, – деді» (2331/83).

بَابٌ: التَّبَرُّكُ مِنْ عَرَقِ النَّبِيِّ ﷺ

35-бапПайғамбардың (с.а.с.) терінен береке іздеу туралы

1574
Мүслим, № 1574Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَدْخُلُ بَيْتَ أُمِّ سُلَيْمٍ فَيَنَامُ عَلَى فِرَاشِهَا، وَلَيْسَتْ فِيهِ، قَالَ: فَجَاءَ ذَاتَ يَوْمٍ فَنَامَ عَلَى فِرَاشِهَا، فَأُتِيَتْ فَقِيلَ لَهَا: «هَذَا النَّبِيُّ ﷺ نَامَ فِي بَيْتِكِ عَلَى فِرَاشِكِ». قَالَ: فَجَاءَتْ وَقَدْ عَرِقَ، وَاسْتَنْقَعَ عَرَقُهُ عَلَى قِطْعَةِ أَدِيمٍ عَلَى الْفِرَاشِ، فَفَتَحَتْ عَتِيدَتَهَا فَجَعَلَتْ تُنَشِّفُ ذَلِكَ الْعَرَقَ فَتَعْصِرُهُ فِي قَوَارِيرِهَا، فَفَزِعَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «مَا تَصْنَعِينَ، يَا أُمَّ سُلَيْمٍ؟» فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَرْجُو بَرَكَتَهُ لِصِبْيَانِنَا». قَالَ: «أَصَبْتِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Үммі Сүләймнің үйіне келіп, ол үйде болмаған кезде оның төсегіне ұйықтайтын. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) келіп, Үммі Сүләймнің төсегіне ұйықтады. Біреу Үммі Сүләймге келіп: “Пайғамбар (с.а.с.) үйіңде, сенің төсегіңде ұйықтап жатыр”, – деді. Ол келсе, Пайғамбар (с.а.с.) терлеп, тері төсекке төселген былғарының үстіне жиналып қалыпты. Үммі Сүләйм арнайы қобдишасын ашып, сол терді сіңіріп алып, құтыларына сыға бастады. Пайғамбар (с.а.с.) шошып оянып: “Уа, Үммі Сүләйм! Не істеп жатырсың?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Мұның балаларымызға берекесі тиеді деп үміттенеміз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Дұрыс істедің”, – деді» (2331/84).

بَابٌ: فِي قُرْبِ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ النَّاسِ وَتَبَرُّكِهِمْ بِهِ

36-бапПайғамбардың (с.а.с.) адамдарға жақындығы және олардың ол арқылы береке іздеуі туралы

1575
Мүслим, № 1575Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا صَلَّى الْغَدَاةَ جَاءَ خَدَمُ الْمَدِينَةِ بِآنِيَتِهِمْ، فِيهَا الْمَاءُ، فَمَا يُؤْتَى بِإِنَاءٍ إِلَّا غَمَسَ يَدَهُ فِيهَا، رُبَّمَا جَاءُوهُ فِي الْغَدَاةِ الْبَارِدَةِ، فَيَغْمِسُ يَدَهُ فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) таң намазын оқып болған соң, Мәдина тұрғындарының қызметшілері су құйылған ыдыстарын алып келетін. Алдына қандай ыдыс әкелінсе де, ол (с.а.с.) қолын соның ішіне салатын. Кейде олар суық таңдарда да келетін, сонда да ол (с.а.с.) қолын суға салатын» (2324/74).

1576
Мүслим, № 1576Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَالْحَلَّاقُ يَحْلِقُهُ، وَأَطَافَ بِهِ أَصْحَابُهُ، فَمَا يُرِيدُونَ أَنْ تَقَعَ شَعْرَةٌ إِلَّا فِي يَدِ رَجُلٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісін (с.а.с.) шашын алдырып отырған кезінде көрдім. Сахабалары оны айнала қоршап алып, бір тал шашының да жерге түспей, бірінің қолына түсуін қалап тұрды» (2325/75).

1577
Мүслим, № 1577Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ امْرَأَةً كَانَ فِي عَقْلِهَا شَيْءٌ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي إِلَيْكَ حَاجَةً». فَقَالَ: «يَا أُمَّ فُلَانٍ، اُنْظُرِي أَيَّ السِّكَكِ شِئْتِ حَتَّى أَقْضِيَ لَكِ حَاجَتَكِ». فَخَلَا مَعَهَا فِي بَعْضِ الطُّرُقِ حَتَّى فَرَغَتْ مِنْ حَاجَتِهَا.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, ақыл-есінде кінәраты бар бір әйел: «Уа, Расулалла! Сізге бір өтінішім бар», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Уа, пәленшенің анасы! Қай көшені қаласаң, соны таңда. Қажетіңді өтеп берейін», – деді. Сөйтіп, әйелдің қажеті өтелгенше, көшелердің бірінің шетінде онымен жеке сөйлесті (2326/76).

بَابٌ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَرْحَمَ النَّاسِ بِالصِّبْيَانِ وَالْعِيَالِ

37-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) балалар мен отбасы мүшелеріне жұрттың бәрінен мейірімді болғаны туралы

1578
Мүслим, № 1578Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا رَأَيْتُ أَحَدًا كَانَ أَرْحَمَ النَّاسِ بِالْعِيَالِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «كَانَ إِبْرَاهِيمُ مُسْتَرْضَعًا لَهُ فِي عَوَالِي الْمَدِينَةِ، فَكَانَ يَنْطَلِقُ وَنَحْنُ مَعَهُ، فَيَدْخُلُ الْبَيْتَ وَإِنَّهُ لَيُدَّخَنُ، وَكَانَ ظِئْرُهُ قَيْنًا، فَيَأْخُذُهُ فَيُقَبِّلُهُ، ثُمَّ يَرْجِعُ».

قَالَ عَمْرٌو: فَلَمَّا تُوُفِّيَ إِبْرَاهِيمُ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِبْرَاهِيمَ ابْنِي، وَإِنَّهُ مَاتَ فِي الثَّدْيِ، وَإِنَّ لَهُ لَظِئْرَيْنِ تُكَمِّلَانِ رَضَاعَهُ فِي الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мен отбасы мүшелеріне Алла Елшісінен (с.а.с.) артық мейірімді ешкімді көрген емеспін. Ибраһимді Мәдинаның жоғары жағында тұратын бір әйел емізіп жүрген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол жаққа баратын, біз де онымен бірге жүретінбіз. Ол түтінге толы үйге кіретін. Өйткені баланың сүт анасының күйеуі темірші еді. Пайғамбар (с.а.с.) Ибраһимді қолына алып, сүйетін де, кейін қайтатын». Амр былай деді: «Ибраһим қайтыс болғанда, Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ибраһим – менің ұлым. Ол емшектен шықпай жатып қайтыс болды. Оның Жәннатта емізу мерзімін толықтыратын екі сүт анасы бар”, – деді» (2316/63).

1579
Мүслим, № 1579Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ الْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ أَبْصَرَ النَّبِيَّ ﷺ يُقَبِّلُ الْحَسَنَ، فَقَالَ: «إِنَّ لِي عَشَرَةً مِنَ الْوَلَدِ مَا قَبَّلْتُ وَاحِدًا مِنْهُمْ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهُ مَنْ لَا يَرْحَمْ لَا يُرْحَمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізді: «Ақрағ ибн Хабис Пайғамбардың (с.а.с.) Хасанды сүйгенін көріп: “Менің он балам бар, бірақ олардың бірде-бірін сүйген емеспін”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мейірім етпегенге мейірім етілмейді”, – деді» (2318/65).

بَابٌ: رَحْمَةُ النَّبِيِّ ﷺ النِّسَاءَ وَأَمْرُهُ السُّوَّاقَ بِهِنَّ بِالرِّفْقِ

38-бапПайғамбардың (с.а.с.) әйелдерге мейірімділігі және түйе айдаушыларға оларды абайлап алып жүруді бұйыруы туралы

1580
Мүслим, № 1580Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ، وَغُلَامٌ أَسْوَدُ يُقَالُ لَهُ أَنْجَشَةُ يَحْدُو، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَنْجَشَةُ، رُوَيْدَكَ سَوْقًا بِالْقَوَارِيرِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарларының бірінде еді. Әнжаша деген қара нәсілді жас жігіт түйелерді әнмен айдап келе жатты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Уа, Әнжаша! Шыны құтыларды жайлап айда”, – деді» (2323/70).

بَابٌ: فِي شَجَاعَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَتَقَدُّمِهِ إِلَى الْحَرْبِ

39-бапПайғамбардың (с.а.с.) ержүректігі және ұрысқа өзгелерден бұрын шығуы туралы

1581
Мүслим, № 1581Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَحْسَنَ النَّاسِ، وَكَانَ أَجْوَدَ النَّاسِ، وَكَانَ أَشْجَعَ النَّاسِ، وَلَقَدْ فَزِعَ أَهْلُ الْمَدِينَةِ ذَاتَ لَيْلَةٍ، فَانْطَلَقَ نَاسٌ قِبَلَ الصَّوْتِ، فَتَلَقَّاهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَاجِعًا، وَقَدْ سَبَقَهُمْ إِلَى الصَّوْتِ، وَهُوَ عَلَى فَرَسٍ لِأَبِي طَلْحَةَ عُرْيٍ، فِي عُنُقِهِ السَّيْفُ، وَهُوَ يَقُولُ: «لَمْ تُرَاعُوا، لَمْ تُرَاعُوا». قَالَ: «وَجَدْنَاهُ بَحْرًا» (أَوْ: «إِنَّهُ لَبَحْرٌ»). قَالَ: وَكَانَ فَرَسًا يُبَطَّأُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың ең жақсысы, ең жомарты әрі ең батыры еді. Бір түні Мәдина тұрғындары әлдебір дыбыстан үрейленіп, бір топ адам дыбыс шыққан жаққа қарай аттанды. Олар жолда дыбыс шыққан жерге өздерінен бұрын жетіп, кері қайтып келе жатқан Алла Елшісін (с.а.с.) кездестірді. Ол Әбу Талханың ер-тоқымсыз атына мініп, мойнына қылышын асып алған еді. Ол (с.а.с.): “Қорықпаңдар! Қорықпаңдар!” – деп, ат туралы: “Біз оның дариядай арынды екенін көрдік”, – немесе: “Расында, ол – дариядай арынды”, – деді». Әнәс: «Ал бұрын бұл атты шабан деп есептейтін», – деді (2307/48).

بَابٌ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ أَحْسَنِ النَّاسِ خُلُقًا

40-бапПайғамбардың (с.а.с.) ең көркем мінезді адамдардың бірі болғаны туралы

1582
Мүслим, № 1582Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ أَحْسَنِ النَّاسِ خُلُقًا، فَأَرْسَلَنِي يَوْمًا لِحَاجَةٍ، فَقُلْتُ: “وَاللَّهِ لَا أَذْهَبُ”، وَفِي نَفْسِي أَنْ أَذْهَبَ لِمَا أَمَرَنِي بِهِ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ، فَخَرَجْتُ حَتَّى أَمُرَّ عَلَى صِبْيَانٍ وَهُمْ يَلْعَبُونَ فِي السُّوقِ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ قَبَضَ بِقَفَايَ مِنْ وَرَائِي، قَالَ: فَنَظَرْتُ إِلَيْهِ وَهُوَ يَضْحَكُ، فَقَالَ: “يَا أُنَيْسُ، أَذَهَبْتَ حَيْثُ أَمَرْتُكَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَعَمْ، أَنَا أَذْهَبُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”». قَالَ أَنَسٌ: «وَاللَّهِ لَقَدْ خَدَمْتُهُ تِسْعَ سِنِينَ، مَا عَلِمْتُهُ قَالَ لِشَيْءٍ صَنَعْتُهُ: “لِمَ فَعَلْتَ كَذَا وَكَذَا؟” أَوْ لِشَيْءٍ تَرَكْتُهُ: “هَلَّا فَعَلْتَ كَذَا وَكَذَا؟”»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мінезі ең көркем адамдардың бірі еді. Бір күні ол мені бір шаруамен жіберді. Мен: “Алланың атымен ант етемін, бармаймын”, – дедім. Алайда іштей Алланың Пайғамбары (с.а.с.) тапсырған шаруаны орындауға бармақ едім. Сыртқа шығып, базарда ойнап жүрген балалардың жанынан өтіп бара жатқанымда, кенет Алла Елшісі (с.а.с.) ту сыртымнан келіп, желкемнен ұстады. Оған қарасам, күліп тұр екен. Ол: “Уа, Унайс! Мен тапсырған жерге бардың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә, қазір барамын, уа, Расулалла!” – дедім». Әнәс: «Алланың атымен ант етемін, мен оған тоғыз жыл қызмет еттім. Менің істеген ісіме: “Мұны неге былай істедің?” – немесе істемей қалдырған ісіме: “Мұны неге былай істемедің?” – деп айтқанын білмеймін», – деді (2310/54).

بَابٌ: صِفَةُ حَدِيثِ النَّبِيِّ ﷺ

41-бапПайғамбардың (с.а.с.) сөйлеу мәнері туралы

1583
Мүслим, № 1583

عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ قَالَ: كَانَ أَبُو هُرَيْرَةَ يُحَدِّثُ وَيَقُولُ: «اِسْمَعِي، يَا رَبَّةَ الْحُجْرَةِ، اِسْمَعِي، يَا رَبَّةَ الْحُجْرَةِ»، وَعَائِشَةُ (رِضْوَانُ اللَّهِ عَلَيْهَا) تُصَلِّي، فَلَمَّا قَضَتْ صَلَاتَهَا قَالَتْ لِعُرْوَةَ: «أَلَا تَسْمَعُ إِلَى هَذَا وَمَقَالَتِهِ آنِفًا؟ إِنَّمَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُحَدِّثُ حَدِيثًا لَوْ عَدَّهُ الْعَادُّ لَأَحْصَاهُ».

Қазақша аудармасы

Уруа ибн әз-Зубайр былай деді: «Әбу Һурайра хадис айтып отырып: “Уа, бөлме иесі, тыңда! Уа, бөлме иесі, тыңда!” – дейтін. Сол кезде Айша (р.а.) намаз оқып жатқан еді. Намазын аяқтағаннан кейін ол Уруаға: “Мына адамның жаңағы айтқан сөзін естімейсің бе? Пайғамбар (с.а.с.) сөйлегенде, санаймын деген адам оның сөздерін санап үлгеретін”, – деді».

بَابٌ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَخَوَّلُنَا بِالْمَوْعِظَةِ

42-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) бізге мезгіл-мезгіл насихат айтуы туралы

1584
Мүслим, № 1584

عَنْ شَقِيقٍ أَبِي وَائِلٍ، قَالَ: «كَانَ عَبْدُ اللَّهِ يُذَكِّرُنَا كُلَّ يَوْمِ خَمِيسٍ، فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: “يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، إِنَّا نُحِبُّ حَدِيثَكَ وَنَشْتَهِيهِ، وَلَوَدِدْنَا أَنَّكَ حَدَّثْتَنَا كُلَّ يَوْمٍ”. فَقَالَ: “مَا يَمْنَعُنِي أَنْ أُحَدِّثَكُمْ إِلَّا كَرَاهِيَةُ أَنْ أُمِلَّكُمْ؛ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَتَخَوَّلُنَا بِالْمَوْعِظَةِ فِي الْأَيَّامِ، كَرَاهِيَةَ السَّآمَةِ عَلَيْنَا”».

Қазақша аудармасы

Шақиқ Әбу Уаил былай деді: «Абдулла бізге әр бейсенбі сайын насихат айтатын. Бір кісі оған: “Уа, Әбу Абдуррахман! Біз сенің әңгімеңді жақсы көреміз әрі оны тыңдауға ынтығамыз. Бізге күн сайын әңгіме айтып отырсаң екен деп тілейміз”, – деді. Сонда ол: “Сендерге күн сайын насихат айтпайтыным – жалықтырып алудан қорыққаным. Расында, Алла Елшісі (с.а.с.) біз жалығып кетпесін деп, насихатты мезгіл-мезгіл айтатын”, – деді» (2821/83).

بَابٌ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ أَجْوَدَ النَّاسِ بِالْخَيْرِ

43-бапПайғамбардың (с.а.с.) жақсылық жасауда ең жомарт адам болғаны туралы

1585
Мүслим, № 1585Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَجْوَدَ النَّاسِ بِالْخَيْرِ، وَكَانَ أَجْوَدَ مَا يَكُونُ فِي شَهْرِ رَمَضَانَ؛ إِنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ كَانَ يَلْقَاهُ فِي كُلِّ سَنَةٍ فِي رَمَضَانَ حَتَّى يَنْسَلِخَ، فَيَعْرِضُ عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْقُرْآنَ، فَإِذَا لَقِيَهُ جِبْرِيلُ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَجْوَدَ بِالْخَيْرِ مِنَ الرِّيحِ الْمُرْسَلَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) қайыр жасауда адамдардың ең жомарты еді. Ол Рамазан айында ерекше жомарт болатын. Жәбірейіл – оған сәлем болсын – жыл сайын Рамазан айында, ай аяқталғанға дейін онымен кездесетін. Алла Елшісі (с.а.с.) Құранды оған оқып беретін. Жәбірейіл онымен кездескен кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) қайыр жасауда еркін ескен желден де жомарт болатын» (2308/50).

بَابٌ: مَا سُئِلَ النَّبِيُّ ﷺ شَيْئًا قَطُّ فَقَالَ: «لَا»

44-бапПайғамбардың (с.а.с.) өзінен бір нәрсе сұралғанда ешқашан «Жоқ» демегені туралы

1586
Мүслим, № 1586Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَا سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا قَطُّ فَقَالَ: “لَا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұралса, ол ешқашан “жоқ” демейтін» (2311/56).

1587
Мүслим, № 1587Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ غَنَمًا بَيْنَ جَبَلَيْنِ، فَأَعْطَاهُ إِيَّاهُ، فَأَتَى قَوْمَهُ فَقَالَ: «أَيْ قَوْمِ، أَسْلِمُوا، فَوَاللَّهِ، إِنَّ مُحَمَّدًا لَيُعْطِي عَطَاءً مَا يَخَافُ الْفَقْرَ». فَقَالَ أَنَسٌ: «إِنْ كَانَ الرَّجُلُ لَيُسْلِمُ مَا يُرِيدُ إِلَّا الدُّنْيَا، فَمَا يُسْلِمُ حَتَّى يَكُونَ الْإِسْلَامُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай жеткізді: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.) екі таудың арасындағы қой отарын сұрады. Ол (с.а.с.) сол отарды оған берді. Әлгі адам қауымына барып: “Уа, қауымым! Исламды қабылдаңдар! Алланың атымен ант етемін, Мұхаммед жоқшылықтан қорықпайтын адамдай молынан сый береді”, – деді». Әнәс (р.а.): «Кейде адам дүниеден басқа ештеңені көздемей Исламды қабылдайтын. Алайда Исламды қабылдағаннан кейін-ақ ол үшін Ислам дүние мен ондағы барлық нәрседен де сүйіктірек болып кететін», – деді (2312/58).

بَابٌ: فِي عَطَاءِ النَّبِيِّ ﷺ وَعِظَمِهِ وَكَثْرَتِهِ

45-бапПайғамбардың (с.а.с.) сыйларының молдығы мен көптігі туралы

1588
Мүслим, № 1588

عَنِ ابْنِ شِهَابٍ، قَالَ: غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَزْوَةَ الْفَتْحِ، فَتْحِ مَكَّةَ، ثُمَّ خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ، فَاقْتَتَلُوا بِحُنَيْنٍ، فَنَصَرَ اللَّهُ دِينَهُ وَالْمُسْلِمِينَ، وَأَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَئِذٍ صَفْوَانَ بْنَ أُمَيَّةَ مِائَةً مِنَ النَّعَمِ، ثُمَّ مِائَةً، ثُمَّ مِائَةً.

قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: حَدَّثَنِي سَعِيدُ بْنُ الْمُسَيِّبِ، أَنَّ صَفْوَانَ قَالَ: «وَاللَّهِ، لَقَدْ أَعْطَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا أَعْطَانِي، وَإِنَّهُ لَأَبْغَضُ النَّاسِ إِلَيَّ، فَمَا بَرِحَ يُعْطِينِي حَتَّى إِنَّهُ لَأَحَبُّ النَّاسِ إِلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһаб былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Фатх жорығына, яғни Меккені азат етуге аттанды. Содан кейін қасындағы мұсылмандармен бірге жолға шығып, Хунайнда шайқасты. Алла Өз діні мен мұсылмандарға жеңіс берді. Сол күні Алла Елшісі (с.а.с.) Сафуан ибн Умәйяға жүз түйе, содан кейін тағы жүз, одан соң тағы жүз түйе берді».

Ибн Шиһаб: «Маған Сағид ибн әл-Мусайяб Сафуанның былай дегенін жеткізді: “Алланың атымен ант етемін, Алла Елшісі (с.а.с.) маған осыншама сый берген кезде, мен оны адамдардың бәрінен де жек көретін едім. Ол маған сый бере берді, ақырында адамдардың ішіндегі ең сүйіктіме айналды”», – деді (2313/59).

بَابٌ: فِي عِدَاتِهِ ﷺ

46-бапПайғамбардың (с.а.с.) берген уәделері туралы

1589
Мүслим, № 1589Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَوْ قَدْ جَاءَنَا مَالُ الْبَحْرَيْنِ، لَقَدْ أَعْطَيْتُكَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا”. وَقَالَ بِيَدَيْهِ جَمِيعًا، فَقُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ قَبْلَ أَنْ يَجِيءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ فَقَدِمَ عَلَى أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بَعْدَهُ، فَأَمَرَ مُنَادِيًا فَنَادَى: “مَنْ كَانَتْ لَهُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ عِدَةٌ أَوْ دَيْنٌ فَلْيَأْتِ”، فَقُمْتُ فَقُلْتُ: “إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: ‘لَوْ قَدْ جَاءَنَا مَالُ الْبَحْرَيْنِ، أَعْطَيْتُكَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا’”. فَحَثَى أَبُو بَكْرٍ مَرَّةً، ثُمَّ قَالَ لِي: “عُدَّهَا”، فَعَدَدْتُهَا فَإِذَا هِيَ خَمْسُمِائَةٍ، فَقَالَ: “خُذْ مِثْلَيْهَا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Егер бізге Бахрейннен қаражат келсе, саған осынша, осынша және осынша берер едім”, – деп, қос қолымен көрсетті. Алайда Бахрейннен қаражат келмей тұрып Пайғамбар (с.а.с.) қайтыс болды. Ол дүние салғаннан кейін сол қаражат Әбу Бәкірге (р.а.) келді. Әбу Бәкір жаршыға: “Пайғамбар (с.а.с.) кімге бір нәрсе беруге уәде еткен болса немесе кімге қарыз болса, сол адам келсін!” – деп жариялауды бұйырды. Мен орнымнан тұрып: “Пайғамбар (с.а.с.) маған: ‘Егер бізге Бахрейннен қаражат келсе, саған осынша, осынша және осынша берер едім’, – деген”, – дедім. Әбу Бәкір маған бір рет қос уыстап берді де: “Мұны сана”, – деді. Санап көрсем, бес жүз екен. Сонда ол: “Осыншадан тағы екі рет ал”, – деді» (2314/60).

بَابٌ: فِي عَدَدِ أَسْمَاءِ النَّبِيِّ ﷺ

47-бапПайғамбардың (с.а.с.) есімдерінің саны туралы

1590
Мүслим, № 1590Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ لِي أَسْمَاءً، أَنَا مُحَمَّدٌ، وَأَنَا أَحْمَدُ، وَأَنَا الْمَاحِي الَّذِي يَمْحُو اللَّهُ بِيَ الْكُفْرَ، وَأَنَا الْحَاشِرُ الَّذِي يُحْشَرُ النَّاسُ عَلَى قَدَمِي، وَأَنَا الْعَاقِبُ الَّذِي لَيْسَ بَعْدَهُ أَحَدٌ». وَقَدْ سَمَّاهُ اللَّهُ رَؤُوفًا رَحِيمًا.

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Менің бірнеше есімім бар: мен – Мұхаммедпін, мен – Ахмадпын. Мен – әл-Махимін, Алла мен арқылы күпірлікті жояды. Мен – әл-Хаширмін, адамдар менің соңымнан жиналады. Мен – әл-Ақибпін, менен кейін пайғамбар келмейді». Алла оны аса жанашыр әрі мейірімді деп атаған (2354/124).

1591
Мүслим, № 1591Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُسَمِّي لَنَا نَفْسَهُ أَسْمَاءً، فَقَالَ: «أَنَا مُحَمَّدٌ، وَأَحْمَدُ، وَالْمُقَفِّي، وَالْحَاشِرُ، وَنَبِيُّ التَّوْبَةِ، وَنَبِيُّ الرَّحْمَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге өзінің бірнеше есімін атап: “Мен – Мұхаммедпін, Ахмадпын, әл-Муқаффимін, әл-Хаширмін, тәубе пайғамбарымын әрі мейірім пайғамбарымын”, – деді» (2355/126).

بَابٌ: كَمْ أَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ بِمَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ

48-бапПайғамбардың (с.а.с.) Мекке мен Мәдинада қанша уақыт тұрғаны туралы

1592
Мүслим, № 1592Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: أَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَكَّةَ ثَلَاثَ عَشْرَةَ سَنَةً يُوحَى إِلَيْهِ، وَبِالْمَدِينَةِ عَشْرًا، وَمَاتَ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ سَنَةً.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеде он үш жыл бойы уахи алып, Мәдинада он жыл тұрды. Алпыс үш жасында дүние салды» (2351/118).

1593
Мүслим, № 1593Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: أَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَكَّةَ خَمْسَ عَشْرَةَ سَنَةً، يَسْمَعُ الصَّوْتَ وَيَرَى الضَّوْءَ سَبْعَ سِنِينَ، وَلَا يَرَى شَيْئًا، وَثَمَانَ سِنِينَ يُوحَى إِلَيْهِ، وَأَقَامَ بِالْمَدِينَةِ عَشْرًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеде он бес жыл тұрды: жеті жыл бойы дауысты естіп, жарықты көрді, бірақ ешкімді көрмеді; сегіз жыл бойы оған уахи етілді. Мәдинада он жыл тұрды» (2353/123).

بَابٌ: كَمْ سِنُّ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ قُبِضَ

49-бапПайғамбардың (с.а.с.) дүниеден өткен күні неше жаста болғаны туралы

1594
Мүслим, № 1594Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قُبِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ، وَأَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ، وَعُمَرُ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) алпыс үш жасында қайтыс болды. Әбу Бәкір әс-Сыддық та алпыс үш жасында, Омар да алпыс үш жасында қайтыс болды» (2348/114).

1595
Мүслим, № 1595

عَنْ عَمَّارٍ، مَوْلَى بَنِي هَاشِمٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ: “كَمْ أَتَى لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ مَاتَ؟” فَقَالَ: “مَا كُنْتُ أَحْسِبُ مِثْلَكَ مِنْ قَوْمِهِ يَخْفَى عَلَيْهِ ذَلِكَ”. قَالَ: قُلْتُ: “إِنِّي قَدْ سَأَلْتُ النَّاسَ فَاخْتَلَفُوا عَلَيَّ، فَأَحْبَبْتُ أَنْ أَعْلَمَ قَوْلَكَ فِيهِ”. قَالَ: “أَتَحْسُبُ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَمْسِكْ أَرْبَعِينَ، بُعِثَ لَهَا، خَمْسَ عَشْرَةَ بِمَكَّةَ يَأْمَنُ وَيَخَافُ، وَعَشْرَ مِنْ مُهَاجَرِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ”». وَقَدْ تَقَدَّمَ حَدِيثُ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تُوُفِّيَ وَهُوَ ابْنُ سِتِّينَ سَنَةً [رَقْمَ ١٥٥٦].

Қазақша аудармасы

Бәну Һашимнің азат етілген құлы Аммар былай деді: «Мен Ибн Аббастан: “Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салған күні неше жаста еді?” – деп сұрадым. Ол: “Өз қауымынан шыққан сен секілді адамның мұны білмеуі мүмкін деп ойламаппын”, – деді. Мен: “Адамдардан сұраған едім, олар әртүрлі жауап берді. Сондықтан бұл жөніндегі сенің сөзіңді білгім келді”, – дедім. Ол: “Есептей аласың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Қырықты есепке ал: ол сол жаста пайғамбар етіліп жіберілді. Оған Меккеде бірде қауіпсіздікте, бірде қорқынышта өткізген он бес жылды және Мәдинаға һижрет еткеннен кейінгі он жылды қос”, – деді». Бұған дейін Әнәстің Пайғамбардың (с.а.с.) алпыс жасында қайтыс болғаны туралы хадисі келтірілді [1556-хадис] (2353/121).

بَابٌ: إِذَا رَحِمَ اللَّهُ أُمَّةً قَبَضَ نَبِيَّهَا قَبْلَهَا

50-бапАлла бір үмбетке рақым етсе, оның пайғамбарын үмбетінен бұрын дүниеден алатыны туралы

1596
Мүслим, № 1596Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ إِذَا أَرَادَ رَحْمَةَ أُمَّةٍ مِنْ عِبَادِهِ، قَبَضَ نَبِيَّهَا قَبْلَهَا، فَجَعَلَهُ لَهَا فَرَطًا وَسَلَفًا بَيْنَ يَدَيْهَا، وَإِذَا أَرَادَ هَلَكَةَ أُمَّةٍ، عَذَّبَهَا وَنَبِيُّهَا حَيٌّ، فَأَهْلَكَهَا وَهُوَ يَنْظُرُ، فَأَقَرَّ عَيْنَهُ بِهَلَكَتِهَا حِينَ كَذَّبُوهُ وَعَصَوْا أَمْرَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Аса Үстем әрі Ұлы Алла құлдарының арасындағы бір үмбетке рақым етуді қаласа, пайғамбарының жанын сол үмбеттен бұрын алып, оны олардың алдынан барған жолбасшы әрі ізашар етеді. Ал бір үмбетті жоюды қаласа, пайғамбары тірі кезінде оларды азапқа салып, оның көз алдында жояды. Олар пайғамбарын өтірікке шығарып, әміріне қарсы келгендіктен, олардың жойылуымен оның көңілін қуантады» (2288/24).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ﴾ الْآيَةَ

51-бапАлла Тағаланың «Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар өз араларында туындаған дау-дамайды сенің билігіңе жүгініп, әрі шығарған үкіміңе іштей де болса наразылық танытпастан толық бойсұнбайынша, иман келтірген болып саналмайды.» деген аяты туралы

1597
Мүслим, № 1597

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ خَاصَمَ الزُّبَيْرَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فِي شِرَاجِ الْحَرَّةِ الَّتِي يَسْقُونَ بِهَا النَّخْلَ، فَقَالَ الْأَنْصَارِيُّ: «سَرِّحِ الْمَاءَ يَمُرُّ»، فَأَبَى عَلَيْهِمْ، فَاخْتَصَمُوا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِلزُّبَيْرِ: «اِسْقِ يَا زُبَيْرُ، ثُمَّ أَرْسِلِ الْمَاءَ إِلَى جَارِكَ»، فَغَضِبَ الْأَنْصَارِيُّ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْ كَانَ ابْنَ عَمَّتِكَ؟» فَتَلَوَّنَ وَجْهُ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «يَا زُبَيْرُ، اِسْقِ، ثُمَّ اِحْبِسِ الْمَاءَ حَتَّى يَرْجِعَ إِلَى الْجَدْرِ». فَقَالَ الزُّبَيْرُ: «وَاللَّهِ، إِنِّي لَأَحْسِبُ هَذِهِ الْآيَةَ نَزَلَتْ فِي ذَلِكَ: ﴿فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ﴾ الْآيَةَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әз-Зубайр (р.а.) былай жеткізді: «Бір ансар Харрадағы құрма бақтарын суаратын су арналарына байланысты Зубайрмен Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында дауласты. Ансар: “Суды жібер, ағып өте берсін”, – деді. Бірақ Зубайр бұған келіспеді. Сөйтіп, екеуі Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында дауласты. Алла Елшісі (с.а.с.) Зубайрға: “Уа, Зубайр! Бақшаңды суар да, содан кейін суды көршіңе жібер”, – деді. Ансар бұған ашуланып: “Уа, Расулалла! Ол әкеңіздің әпкесінің ұлы болғандықтан ба?” – деді. Сонда Пайғамбардың (с.а.с.) өңі өзгеріп кетті. Кейін ол (с.а.с.): “Уа, Зубайр! Бақшаңды суар да, су қоршау қабырғасының түбіне жеткенше ұстап тұр”, – деді. Зубайр: “Алланың атымен ант етемін, мына аят осы оқиғаға байланысты түсті деп ойлаймын: ‘Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар өз араларында туындаған дау-дамайды сенің билігіңе жүгініп, әрі шығарған үкіміңе іштей де болса наразылық танытпастан толық бойсұнбайынша, иман келтірген болып саналмайды.’ («Ниса», 65)”, – деді» (2357/129).

بَابٌ: فِي اتِّبَاعِ النَّبِيِّ ﷺ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ﴾

52-бапПайғамбарға (с.а.с.) еру және Алла Тағаланың «Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер.» деген аяты туралы

1598
Мүслим, № 1598Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: بَلَغَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَصْحَابِهِ شَيْءٌ، فَخَطَبَ فَقَالَ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَلَمْ أَرَ كَالْيَوْمِ فِي الْخَيْرِ وَالشَّرِّ، وَلَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا». قَالَ: فَمَا أَتَى عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمٌ أَشَدُّ مِنْهُ، قَالَ: غَطَّوْا رُؤُوسَهُمْ وَلَهُمْ خَنِينٌ، قَالَ: فَقَامَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «رَضِينَا بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ نَبِيًّا». قَالَ: فَقَامَ ذَلِكَ الرَّجُلُ، فَقَالَ: «مَنْ أَبِي؟» قَالَ: «أَبُوكَ فُلَانٌ». فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ﴾.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) сахабаларына қатысты бір хабар жетті. Сонда ол құтба айтып: “Маған Жәннат пен Тозақ көрсетілді. Жақсылық пен жамандық жағынан бүгін көргенімдей нәрсені ешқашан көрген емеспін. Егер менің білгенімді сендер де білгенде, аз күліп, көп жылар едіңдер”, – деді». Әнәс (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары үшін сол күннен ауыр күн болған жоқ. Олар бастарын бүркеп алып, булыға жылады. Сонда Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) орнынан тұрып: “Біз Алланы Раббымыз, Исламды дініміз, Мұхаммедті пайғамбарымыз деп разы болдық”, – деді. Кейін әлгі адам орнынан тұрып: “Менің әкем кім?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Сенің әкең – пәленше”, – деді. Сонда мына аят түсті: “Уа, иман келтіргендер! Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер.” («Мәида», 101)», – деді (2359/134).

1599
Мүслим, № 1599

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَعْظَمَ الْمُسْلِمِينَ فِي الْمُسْلِمِينَ جُرْمًا، مَنْ سَأَلَ عَنْ شَيْءٍ لَمْ يُحَرَّمْ عَلَى الْمُسْلِمِينَ، فَحُرِّمَ عَلَيْهِمْ مِنْ أَجْلِ مَسْأَلَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұсылмандарға қатысты ең ауыр күнә жасаған мұсылман – мұсылмандарға харам етілмеген бір нәрсе туралы сұрап, сол сұрағының кесірінен әлгі нәрсенің оларға харам етілуіне себеп болған адам”, – деді» (2358/132).

1600
Мүслим, № 1600Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيْنَ أَبِي؟» قَالَ: «فِي النَّارِ»، فَلَمَّا قَفَّى دَعَاهُ، فَقَالَ: «إِنَّ أَبِي وَأَبَاكَ فِي النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай жеткізді: «Бір адам: “Уа, Алланың Елшісі! Менің әкем қайда?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Тозақта”, – деді. Әлгі адам бұрылып, кете бергенде, Пайғамбар (с.а.с.) оны шақырып алып: “Расында, менің әкем де, сенің әкең де Тозақта”, – деді» (203/347).

بَابٌ: فِي الِانْتِهَاءِ عَمَّا نَهَى عَنْهُ النَّبِيُّ ﷺ وَتَرْكِ الِاخْتِلَافِ عَلَيْهِ فِي الْمَسْأَلَةِ

53-бапПайғамбар (с.а.с.) тыйған нәрселерден тыйылу және сұрақ қоюда онымен таласып-тартысуды доғару туралы

1601
Мүслим, № 1601Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا نَهَيْتُكُمْ عَنْهُ، فَاجْتَنِبُوهُ، وَمَا أَمَرْتُكُمْ بِهِ فَافْعَلُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ، فَإِنَّمَا أَهْلَكَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ كَثْرَةُ مَسَائِلِهِمْ وَاخْتِلَافُهُمْ عَلَى أَنْبِيَائِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мен сендерге тыйым салған нәрседен аулақ болыңдар. Ал сендерге бұйырған нәрсені шамаларың жеткенше орындаңдар. Расында, сендерден бұрынғыларды көп сұрақ қоюлары мен пайғамбарларына қарсы келулері опат етті», – дегенін естіген (1337/130).

بَابٌ: فِيمَا أَخْبَرَ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ أَمْرِ الدِّينِ وَالْفَرْقِ بَيْنَهُ وَبَيْنَ الرَّأْيِ لِلدُّنْيَا

54-бапПайғамбардың (с.а.с.) дінге қатысты хабарлағандары және олардың дүние істеріне қатысты пікірден айырмашылығы туралы

1602
Мүслим, № 1602

عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَرَرْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِقَوْمٍ عَلَى رُؤُوسِ النَّخْلِ، فَقَالَ: “مَا يَصْنَعُ هَؤُلَاءِ؟” قَالُوا: “يُلَقِّحُونَهُ، يَجْعَلُونَ الذَّكَرَ فِي الْأُنْثَى، فَيَلْقَحُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا أَظُنُّ يُغْنِي ذَلِكَ شَيْئًا”. قَالَ: فَأُخْبِرُوا بِذَلِكَ، فَتَرَكُوهُ، فَأُخْبِرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِذَلِكَ، فَقَالَ: “إِنْ كَانَ يَنْفَعُهُمْ ذَلِكَ فَلْيَصْنَعُوهُ، فَإِنِّي إِنَّمَا ظَنَنْتُ ظَنًّا، فَلَا تُؤَاخِذُونِي بِالظَّنِّ، وَلَكِنْ إِذَا حَدَّثْتُكُمْ عَنِ اللَّهِ شَيْئًا، فَخُذُوا بِهِ، فَإِنِّي لَنْ أَكْذِبَ عَلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ”».

Қазақша аудармасы

Талха ибн Убайдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге құрма ағаштарына шығып алған бір топ адамның жанынан өттім. Ол (с.а.с.): “Бұлар не істеп жатыр?” – деп сұрады. Адамдар: “Құрманы тозаңдандырып жатыр. Аталық құрманың тозаңын аналығына жеткізеді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұның қандай да бір пайдасы бар деп ойламаймын”, – деді. Оның бұл сөзі әлгі адамдарға жеткізілгенде, олар тозаңдандыруды доғарды. Бұл жайында Алла Елшісіне (с.а.с.) хабар берілгенде, ол: “Егер бұл оларға пайдалы болса, оны істей берсін. Мен тек жорамал жасадым. Жорамалым үшін мені айыптамаңдар. Ал егер сендерге Алладан бір нәрсе жеткізсем, соны ұстаныңдар. Өйткені мен Аса Үстем әрі Ұлы Алланың атынан ешқашан өтірік айтпаймын”, – деді» (2361/139).

بَابٌ: تَمَنِّي رُؤْيَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَالْحِرْصُ عَلَيْهِ

55-бапПайғамбарды (с.а.с.) көруді аңсау және соған деген құштарлық туралы

1603
Мүслим, № 1603Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَيَأْتِيَنَّ عَلَى أَحَدِكُمْ يَوْمٌ وَلَا يَرَانِي، ثُمَّ لَأَنْ يَرَانِي أَحَبُّ إِلَيْهِ مِنْ أَهْلِهِ وَمَالِهِ مَعَهُمْ».

قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ (يَعْنِي إِبْرَاهِيمَ بْنَ سُفْيَانَ): «الْمَعْنَى فِيهِ عِنْدِي: لَأَنْ يَرَانِي مَعَهُمْ أَحَبُّ إِلَيْهِ مِنْ أَهْلِهِ وَمَالِهِ، ثُمَّ لَا يَرَانِي، وَهُوَ عِنْدِي مُقَدَّمٌ وَمُؤَخَّرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұхаммедтің жаны қолында болған Затпен ант етемін! Сендердің әрқайсыңа мені көре алмайтын күн міндетті түрде келеді. Сонда мені көру оған қасындағы отбасы мен мал-мүлкінен де сүйіктірек болар еді”, – деді».

Әбу Исхақ, яғни Ибраһим ибн Суфиян: «Меніңше, мұның мағынасы: “Мені олармен бірге көру оған өз отбасы мен мал-мүлкінен де сүйіктірек, ал кейін ол мені көрмейді”. Меніңше, бұл жерде сөздердің орны ауысып келген», – деді (2364/142).

بَابٌ: فِيمَنْ يَوَدُّ رُؤْيَةَ النَّبِيِّ ﷺ بِأَهْلِهِ وَمَالِهِ

56-бапПайғамбарды (с.а.с.) көру үшін отбасы мен дүние-мүлкін де қиюға әзір адам туралы

1604
Мүслим, № 1604Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مِنْ أَشَدِّ أُمَّتِي لِي حُبًّا نَاسٌ يَكُونُونَ بَعْدِي، يَوَدُّ أَحَدُهُمْ لَوْ رَآنِي بِأَهْلِهِ وَمَالِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Үмбетімнің ішінде мені айрықша қатты жақсы көретіндердің қатарында менен кейін өмір сүретін адамдар да бар. Олардың әрқайсысы мені көру үшін отбасы мен мал-мүлкін беруге де даяр болар еді» (2832/12).