عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ مَثَلَ مَا بَعَثَنِيَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ بِهِ مِنَ الْهُدَى وَالْعِلْمِ كَمَثَلِ غَيْثٍ أَصَابَ أَرْضًا، فَكَانَتْ مِنْهَا طَائِفَةٌ طَيِّبَةٌ قَبِلَتِ الْمَاءَ فَأَنْبَتَتِ الْكَلَأَ وَالْعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَ مِنْهَا أَجَادِبُ أَمْسَكَتِ الْمَاءَ، فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ، فَشَرِبُوا مِنْهَا وَسَقَوْا وَرَعَوْا، وَأَصَابَ طَائِفَةً مِنْهَا أُخْرَى، إِنَّمَا هِيَ قِيعَانٌ لَا تُمْسِكُ مَاءً، وَلَا تُنْبِتُ كَلَأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِي دِينِ اللَّهِ، وَنَفَعَهُ اللَّهُ بِمَا بَعَثَنِيَ اللَّهُ بِهِ، فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأْسًا، وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ».
Әбу Мұса әл-Әшғаридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың мен арқылы жіберген тура жолы мен ілімінің мысалы жерге жауған нөсер тәрізді. Жердің бір бөлігі құнарлы болып, суды қабылдады да, қалың көк пен мол шөп өсірді. Жердің тағы бір бөлігі қатқыл болып, суды ұстап қалды. Алла сол су арқылы адамдарға пайда берді: олар одан ішті, малдарын суарды әрі жайды. Ал жаңбыр жауған жердің тағы бір бөлігі суды ұстамайтын әрі шөп өсірмейтін тегіс тақыр еді. Міне, бұл – Алланың дінін терең түсініп, өзі үйренген әрі өзгелерге де үйреткен адамның мысалы. Алла оған мен арқылы жіберген ілімінен пайда нәсіп етті. Ал екіншісі – бұл ілімге көңіл бөлмеген әрі мен арқылы жіберілген Алланың тура жолын қабылдамаған адамның мысалы» (2282/15).