عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَدْخُلُ بَيْتَ أُمِّ سُلَيْمٍ فَيَنَامُ عَلَى فِرَاشِهَا، وَلَيْسَتْ فِيهِ، قَالَ: فَجَاءَ ذَاتَ يَوْمٍ فَنَامَ عَلَى فِرَاشِهَا، فَأُتِيَتْ فَقِيلَ لَهَا: «هَذَا النَّبِيُّ ﷺ نَامَ فِي بَيْتِكِ عَلَى فِرَاشِكِ». قَالَ: فَجَاءَتْ وَقَدْ عَرِقَ، وَاسْتَنْقَعَ عَرَقُهُ عَلَى قِطْعَةِ أَدِيمٍ عَلَى الْفِرَاشِ، فَفَتَحَتْ عَتِيدَتَهَا فَجَعَلَتْ تُنَشِّفُ ذَلِكَ الْعَرَقَ فَتَعْصِرُهُ فِي قَوَارِيرِهَا، فَفَزِعَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «مَا تَصْنَعِينَ، يَا أُمَّ سُلَيْمٍ؟» فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَرْجُو بَرَكَتَهُ لِصِبْيَانِنَا». قَالَ: «أَصَبْتِ».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Үммі Сүләймнің үйіне келіп, ол үйде болмаған кезде оның төсегіне ұйықтайтын. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) келіп, Үммі Сүләймнің төсегіне ұйықтады. Біреу Үммі Сүләймге келіп: “Пайғамбар (с.а.с.) үйіңде, сенің төсегіңде ұйықтап жатыр”, – деді. Ол келсе, Пайғамбар (с.а.с.) терлеп, тері төсекке төселген былғарының үстіне жиналып қалыпты. Үммі Сүләйм арнайы қобдишасын ашып, сол терді сіңіріп алып, құтыларына сыға бастады. Пайғамбар (с.а.с.) шошып оянып: “Уа, Үммі Сүләйм! Не істеп жатырсың?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Мұның балаларымызға берекесі тиеді деп үміттенеміз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Дұрыс істедің”, – деді» (2331/84).