Хадис
كِتَابُ الْوُضُوءِ

Дәрет кітабы

Сахих Мүслим, 2-кітап · 49 хадис · № 104–150

Мазмұны: 40 бап
  1. 1Алла дәретсіз оқылған намазды қабыл етпейді
  2. 2Ұйқыдан тұрғаннан кейін қолды ыдысқа салмас бұрын жуу
  3. 3Жолда және көлеңкелі жерлерде дәрет сындыруға тыйым салу
  4. 4Дәрет сындырғанда тасалануға болатын нәрселер туралы
  5. 5Әжетханаға кіргенде не айту керек?
  6. 6Үлкен не кіші дәрет сындырғанда құбылаға бет бұруға болмайды
  7. 7Ғимарат ішінде құбылаға қарап дәрет сындыруға рұқсат етілуі
  8. 8Суға кіші дәрет сындырып, содан кейін сол сумен жуынуға тыйым салу
  9. 9Зәрдің толық шыққанына көз жеткізу және оның жұғуынан сақтану туралы
  10. 10Дәрет сындырғаннан кейін оң қолмен тазалануға тыйым салу
  11. 11Үлкен дәрет сындырғаннан кейін сумен тазалану
  12. 12Таспен тазаланғанда сүрту санының тақ болуы
  13. 13Таспен тазалану және бұл үшін тезек пен сүйекті қолдануға тыйым салу
  14. 14Өлексенің терісін пайдалану
  15. 15Тері иленсе, ол таза болады
  16. 16Ит сендердің біріңнің ыдысынан жалап ішсе, сол адам ыдысын жеті рет жусын
  17. 17Дәрет алудың артықшылығы
  18. 18Дәрет алғанда күнәлардан арылу
  19. 19Дәрет алғанда тісті мисуакпен тазалау туралы
  20. 20Тазалану кезінде және өзге істерде оң жақтан бастау
  21. 21Алла Елшісінің (с.а.с.) дәрет алу үлгісі
  22. 22Мұрынға тартылған суды сіңбіріп шығару
  23. 23Дәретті толық алудың арқасында жүздері мен аяқ-қолдары нұрланатындар туралы
  24. 24Дәретін мұқият әрі дұрыс алған адам туралы
  25. 25Қиындықтарға қарамастан дәретті толық алу
  26. 26Әшекей дәрет суы тиген жерге дейін жетеді
  27. 27Дәрет кезінде жуылатын мүшелердің бір тұсын жумай қалдырған адамның сол тұсты жуып, дәретін қайта алуы
  28. 28Ғұсыл алуға және дәрет алуға жеткілікті су мөлшері
  29. 29Мәсіге мәсіх тарту
  30. 30Мәсіге мәсіх тартудың белгіленген мерзімі
  31. 31Маңдай тұсындағы шашқа және сәлдеге мәсіх тарту
  32. 32Бас жамылғысына мәсіх тарту
  33. 33Бір дәретпен бірнеше намаз оқу туралы
  34. 34Дәрет алғаннан кейін айтылатын сөздер
  35. 35Мәзиді жуып кетіру және ол шыққаннан кейін дәрет алу туралы
  36. 36Отырған күйде ұйықтау дәретті бұзбайды
  37. 37Түйе етін жегеннен кейін дәрет алу
  38. 38Отта піскен тағамды жегеннен кейін дәрет алу
  39. 39Отта піскен тағамды жегеннен кейін дәрет алу үкімінің жойылуы
  40. 40Намаз үстінде дәреті бұзылғандай сезінетін адам туралы
بَابٌ: لَا يَقْبَلُ اللَّهُ صَلَاةً بِغَيْرِ طُهُورٍ

1-бапАлла дәретсіз оқылған намазды қабыл етпейді

104
Мүслим, № 104

عَنْ مُصْعَبِ بْنِ سَعْدٍ، قَالَ: «دَخَلَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ عَلَى ابْنِ عَامِرٍ يَعُودُهُ وَهُوَ مَرِيضٌ، فَقَالَ: “أَلَا تَدْعُو اللَّهَ لِي، يَا ابْنَ عُمَرَ؟” قَالَ: “إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘لَا يَقْبَلُ اللَّهُ صَلَاةً بِغَيْرِ طُهُورٍ، وَلَا صَدَقَةً مِنْ غُلُولٍ’. وَكُنْتَ عَلَى الْبَصْرَةِ”».

Қазақша аудармасы

Мусғаб ибн Сағд былай деген: «Абдулла ибн Омар науқастанып жатқан Ибн Амирдің көңілін сұрауға келді. Сонда Ибн Амир: “Уа, Ибн Омар! Мен үшін Аллаға дұға етпейсің бе?” – деп сұрады. Ибн Омар (р.а.): “Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Алла дәретсіз оқылған намазды да, қиянатпен алынған мал-мүліктен берілген садақаны да қабыл етпейді’, – дегенін естідім. Ал сен Басраның әкімі болған едің”, – деді». (224/1)

بَابٌ: غَسْلُ الْيَدِ عِنْدَ الْقِيَامِ مِنَ النَّوْمِ قَبْلَ إِدْخَالِهَا فِي الْإِنَاءِ

2-бапҰйқыдан тұрғаннан кейін қолды ыдысқа салмас бұрын жуу

105
Мүслим, № 105Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا اسْتَيْقَظَ أَحَدُكُمْ مِنْ نَوْمِهِ، فَلَا يَغْمِسْ يَدَهُ فِي الْإِنَاءِ حَتَّى يَغْسِلَهَا ثَلَاثًا، فَإِنَّهُ لَا يَدْرِي أَيْنَ بَاتَتْ يَدُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің бірің ұйқысынан оянғанда қолын үш рет жумайынша ыдысқа салмасын. Өйткені ол түнде қолының қайда болғанын білмейді», – деген. (278/87)

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّخَلِّي فِي الطَّرِيقِ وَالظِّلَالِ

3-бапЖолда және көлеңкелі жерлерде дәрет сындыруға тыйым салу

106
Мүслим, № 106Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اِتَّقُوا اللَّعَّانَيْنِ». قَالُوا: «وَمَا اللَّعَّانَانِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الَّذِي يَتَخَلَّى فِي طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ فِي ظِلِّهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қарғысқа ұшырататын екі істен сақтаныңдар», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Қарғысқа ұшырататын сол екі іс не?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Адамдар жүретін жолға немесе олар саялайтын жерге дәрет сындыру», – деді. (269/68)

بَابٌ: مَا يُسْتَتَرُ بِهِ لِقَضَاءِ الْحَاجَةِ

4-бапДәрет сындырғанда тасалануға болатын нәрселер туралы

107
Мүслим, № 107Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ خَلْفَهُ، فَأَسَرَّ إِلَيَّ حَدِيثًا لَا أُحَدِّثُ بِهِ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ، وَكَانَ أَحَبَّ مَا اسْتَتَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجَتِهِ هَدَفٌ أَوْ حَائِشُ نَخْلٍ». قَالَ ابْنُ أَسْمَاءَ فِي حَدِيثِهِ: «يَعْنِي حَائِطَ نَخْلٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Жағфар (р.а.) былай деген: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) мені көлігінің артына мінгестіріп алды. Содан кейін маған бір құпия айтты, оны ешкімге айтпаймын. Алла Елшісі (с.а.с.) қажетін өтеу кезінде төбешікті немесе қалың өскен құрма ағаштарын тасалағанды жақсы көретін». Ибн Әсма өз риуаятында мұны «құрма бағы» деп түсіндірген. (342/97)

بَابٌ: مَاذَا يَقُولُ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ

5-бапӘжетханаға кіргенде не айту керек?

108
Мүслим, № 108Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ قَالَ: “اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبُثِ وَالْخَبَائِثِ”».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) әжетханаға кіргенде: «Уа, Алла! Расында, мен еркек және ұрғашы шайтандардан Өзіңе сыйынамын», – дейтін. (375/122)

بَابٌ: لَا تَسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةَ بِغَائِطٍ وَلَا بَوْلٍ

6-бапҮлкен не кіші дәрет сындырғанда құбылаға бет бұруға болмайды

109
Мүслим, № 109Риуаят етуші: Әбу Әйюб

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَتَيْتُمُ الْغَائِطَ فَلَا تَسْتَقْبِلُوا الْقِبْلَةَ، وَلَا تَسْتَدْبِرُوهَا بِبَوْلٍ وَلَا غَائِطٍ، وَلَكِنْ شَرِّقُوا أَوْ غَرِّبُوا». قَالَ أَبُو أَيُّوبَ: «فَقَدِمْنَا الشَّامَ فَوَجَدْنَا مَرَاحِيضَ قَدْ بُنِيَتْ قِبَلَ الْقِبْلَةِ، فَنَنْحَرِفُ عَنْهَا وَنَسْتَغْفِرُ اللَّهَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюбтің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Қажеттеріңді өтеуге барғанда кіші де, үлкен де дәрет кезінде құбылаға жүздеріңді де, арқаларыңды да қаратпаңдар. Шығысқа немесе батысқа қараңдар», – деген. Әбу Әйюб: «Біз Шамға келгенде, құбыла бағытына қарап салынған әжетханаларды көрдік. Сонда құбыладан бұрылып, Алладан кешірім тілейтінбіз», – деген. (264/59)

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي ذَلِكَ بِالْأَبْنِيَةِ

7-бапҒимарат ішінде құбылаға қарап дәрет сындыруға рұқсат етілуі

110
Мүслим, № 110

عَنْ وَاسِعِ بْنِ حَبَّانَ، قَالَ: «كُنْتُ أُصَلِّي فِي الْمَسْجِدِ، وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ مُسْنِدٌ ظَهْرَهُ إِلَى الْقِبْلَةِ، فَلَمَّا قَضَيْتُ صَلَاتِي انْصَرَفْتُ إِلَيْهِ مِنْ شِقِّي، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “يَقُولُ أُنَاسٌ: ‘إِذَا قَعَدْتَ لِلْحَاجَةِ، فَلَا تَقْعُدْ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ وَلَا بَيْتَ الْمَقْدِسِ’”. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “وَلَقَدْ رَقِيتُ عَلَى ظَهْرِ بَيْتٍ، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَاعِدًا عَلَى لَبِنَتَيْنِ مُسْتَقْبِلًا بَيْتَ الْمَقْدِسِ لِحَاجَتِهِ”».

Қазақша аудармасы

Уасиғ ибн Хаббан былай деген: «Мен мешітте намаз оқып тұрдым. Ал Абдулла ибн Омар құбылаға арқасын беріп, сүйеніп отырған еді. Намазымды аяқтаған соң, жанымда отырған оған бұрылдым. Сонда Абдулла: “Кейбір адамдар: ‘Қажетіңді өтеуге отырғанда, құбылаға да, Бәйтул-Мақдиске де қарап отырма’, – дейді. Алайда мен бір үйдің төбесіне шыққанымда, Алла Елшісінің (с.а.с.) қажетін өтеу үшін екі кірпіштің үстіне Бәйтул-Мақдиске қарап отырғанын көрдім”, – деді». (266/61)

بَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يُبَالَ فِي الْمَاءِ ثُمَّ يُغْتَسَلَ مِنْهُ

8-бапСуға кіші дәрет сындырып, содан кейін сол сумен жуынуға тыйым салу

111
Мүслим, № 111Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَبُولَنَّ أَحَدُكُمْ فِي الْمَاءِ الدَّائِمِ ثُمَّ يَغْتَسِلُ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Сендердің ешқайсыларың ақпайтын суға кіші дәрет сындырып, содан кейін сол сумен ғұсыл алмасын». (282/95)

112
Мүслим, № 112Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تَبُلْ فِي الْمَاءِ الدَّائِمِ الَّذِي لَا يَجْرِي ثُمَّ تَغْتَسِلُ مِنْهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ағып жатпайтын, тұрып қалған суға кіші дәрет сындырып, содан кейін сол сумен ғұсыл алма». (282/96)

بَابٌ: فِي الِاسْتِبْرَاءِ وَالِاسْتِتَارِ مِنَ الْبَوْلِ

9-бапЗәрдің толық шыққанына көз жеткізу және оның жұғуынан сақтану туралы

113
Мүслим, № 113Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَرَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى قَبْرَيْنِ فَقَالَ: “أَمَا إِنَّهُمَا لَيُعَذَّبَانِ، وَمَا يُعَذَّبَانِ فِي كَبِيرٍ، أَمَّا أَحَدُهُمَا فَكَانَ يَمْشِي بِالنَّمِيمَةِ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَكَانَ لَا يَسْتَتِرُ مِنْ بَوْلِهِ”. قَالَ: فَدَعَا بِعَسِيبٍ رَطْبٍ فَشَقَّهُ بِاثْنَيْنِ، ثُمَّ غَرَسَ عَلَى هَذَا وَاحِدًا وَعَلَى هَذَا وَاحِدًا، ثُمَّ قَالَ: “لَعَلَّهُ أَنْ يُخَفَّفَ عَنْهُمَا مَا لَمْ يَيْبَسَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) екі қабірдің жанынан өтіп бара жатып: “Расында, бұл екеуі азапталып жатыр. Бірақ үлкен іс үшін азапталып жатқан жоқ. Олардың бірі сөз тасып жүретін, ал екіншісі зәрінен сақтанбайтын”, – деді. Содан кейін жас құрма бұтағын алдырып, оны екіге бөлді де, әр қабірге бір-бір бөлігін қадады. Кейін: “Бәлкім, осы екі бұтақ қурағанға дейін олардың азабы жеңілдетілер”, – деді». (292/111)

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الِاسْتِنْجَاءِ بِالْيَمِينِ

10-бапДәрет сындырғаннан кейін оң қолмен тазалануға тыйым салу

114
Мүслим, № 114

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي قَتَادَةَ عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا يُمْسِكَنَّ أَحَدُكُمْ ذَكَرَهُ بِيَمِينِهِ وَهُوَ يَبُولُ، وَلَا يَتَمَسَّحْ مِنَ الْخَلَاءِ بِيَمِينِهِ، وَلَا يَتَنَفَّسْ فِي الْإِنَاءِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Қатада әкесінің былай дегенін жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ешбірің кіші дәрет сындырып тұрғанда жыныс мүшесін оң қолымен ұстамасын, дәрет сындырғаннан кейін оң қолымен тазаланбасын әрі ыдысқа дем шығармасын”, – деді». (267/63)

بَابٌ: الِاسْتِنْجَاءُ بِالْمَاءِ مِنَ التَّبَرُّزِ

11-бапҮлкен дәрет сындырғаннан кейін сумен тазалану

115
Мүслим, № 115Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ «دَخَلَ حَائِطًا وَتَبِعَهُ غُلَامٌ مَعَهُ مِيضَأَةٌ، هُوَ أَصْغَرُنَا، فَوَضَعَهَا عِنْدَ سِدْرَةٍ، فَقَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَاجَتَهُ، فَخَرَجَ عَلَيْنَا وَقَدِ اسْتَنْجَى بِالْمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір баққа кірді. Оның соңынан қолында дәрет суы құйылған ыдысы бар бір бала еріп барды. Ол арамыздағы ең кішіміз еді. Бала ыдысты сидр ағашының түбіне қойды. Алла Елшісі (с.а.с.) қажетін өтеп болған соң, сумен тазаланып, біздің алдымызға шықты». (270/69)

بَابٌ: الِاسْتِجْمَارُ وِتْرٌ

12-бапТаспен тазаланғанда сүрту санының тақ болуы

115
Мүслим, № 115Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا اسْتَجْمَرَ أَحَدُكُمْ فَلْيَسْتَجْمِرْ وِتْرًا، وَإِذَا تَوَضَّأَ أَحَدُكُمْ فَلْيَجْعَلْ فِي أَنْفِهِ مَاءً ثُمَّ لِيَنْتَثِرْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Сендердің бірің әжеттен кейін таспен тазаланса, тақ санды ұстансын. Ал дәрет алса, мұрнына су тартып, содан кейін оны сіңбіріп шығарсын». (237/20)

بَابٌ: الِاسْتِجْمَارُ بِالْأَحْجَارِ وَالْمَنْعُ مِنَ الرَّوْثِ وَالْعَظْمِ

13-бапТаспен тазалану және бұл үшін тезек пен сүйекті қолдануға тыйым салу

116
Мүслим, № 116Риуаят етуші: Салман

عَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قِيلَ لَهُ: “قَدْ عَلَّمَكُمْ نَبِيُّكُمْ ﷺ كُلَّ شَيْءٍ، حَتَّى الْخِرَاءَةَ؟” قَالَ: فَقَالَ: “أَجَلْ، لَقَدْ نَهَانَا أَنْ نَسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةَ بِغَائِطٍ، أَوْ بَوْلٍ، وَأَنْ نَسْتَنْجِيَ بِالْيَمِينِ، وَأَنْ نَسْتَنْجِيَ بِأَقَلَّ مِنْ ثَلَاثَةِ أَحْجَارٍ، أَوْ أَنْ نَسْتَنْجِيَ بِرَجِيعٍ أَوْ بِعَظْمٍ”».

Қазақша аудармасы

Салманның (р.а.) айтуынша, оған: «Пайғамбарларың (с.а.с.) сендерге бәрін, тіпті үлкен дәретке отыруды да үйреткен екен ғой?» – делінді. Ол: «Иә. Расында, ол (с.а.с.) бізге үлкен немесе кіші дәрет сындырған кезде құбылаға қарауға, оң қолмен тазалануға, үштен аз таспен тазалануға, сондай-ақ тезекпен немесе сүйекпен тазалануға тыйым салды», – деді. (262/57)

بَابٌ: الِانْتِفَاعُ بِأُهُبِ الْمَيْتَةِ

14-бапӨлексенің терісін пайдалану

117
Мүслим, № 117Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «تُصُدِّقَ عَلَى مَوْلَاةٍ لِمَيْمُونَةَ بِشَاةٍ فَمَاتَتْ، فَمَرَّ بِهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “هَلَّا أَخَذْتُمْ إِهَابَهَا فَدَبَغْتُمُوهُ فَانْتَفَعْتُمْ بِهِ؟” فَقَالُوا: “إِنَّهَا مَيْتَةٌ”. فَقَالَ: “إِنَّمَا حَرُمَ أَكْلُهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мәймунаның азат еткен күңіне садақа ретінде бір қой берілген еді. Қой өліп қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) оның жанынан өтіп бара жатып: “Неліктен терісін сыпырып алып, илеп, пайдаға жаратпадыңдар?” – деді. Олар: “Ол өлексе ғой”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Оның тек етін жеуге ғана тыйым салынған”, – деді». (363/100)

بَابٌ: إِذَا دُبِغَ الْإِهَابُ فَقَدْ طَهُرَ

15-бапТері иленсе, ол таза болады

118
Мүслим, № 118

عَنْ يَزِيدَ بْنِ أَبِي حَبِيبٍ أَنَّ أَبَا الْخَيْرِ حَدَّثَهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ عَلَى ابْنِ وَعْلَةَ السَّبَئِيِّ فَرْوًا فَمَسِسْتُهُ، فَقَالَ: “مَا لَكَ تَمَسُّهُ؟ قَدْ سَأَلْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَبَّاسٍ، قُلْتُ: ‘إِنَّا نَكُونُ بِالْمَغْرِبِ، وَمَعَنَا الْبَرْبَرُ وَالْمَجُوسُ نُؤْتَى بِالْكَبْشِ قَدْ ذَبَحُوهُ، وَنَحْنُ لَا نَأْكُلُ ذَبَائِحَهُمْ، وَيَأْتُونَنَا بِالسِّقَاءِ يَجْعَلُونَ فِيهِ الْوَدَكَ’. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: ‘قَدْ سَأَلْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: ‹دِبَاغُهُ طَهُورُهُ›’”».

Қазақша аудармасы

Язид ибн Әбу Хабиб Әбу әл-Хайрдың былай дегенін жеткізген: «Ибн Уағла әс-Сәбәидің үстіндегі тері ішікті көріп, қолыммен ұстап көрдім. Сонда ол: “Оны неге ұстап көрдің? Мен Абдулла ибн Аббасқа: ‘Біз Мағрибте тұрамыз. Арамызда берберлер мен мәжусилер бар. Олар бізге өздері сойған қошқарды әкеледі, бірақ біз олардың сойған малын жемейміз. Сондай-ақ ішіне май құйылған тері торсықтар әкеледі’, – деген едім. Ибн Аббас: ‘Біз де бұл жөнінде Алла Елшісінен (с.а.с.) сұраған едік. Ол: «Теріні илеу – оны тазарту», – деді’, – деп жауап берді”, – деді». (366/106)

بَابٌ: إِذَا وَلَغَ الْكَلْبُ فِي إِنَاءِ أَحَدِكُمْ فَلْيَغْسِلْهُ سَبْعًا

16-бапИт сендердің біріңнің ыдысынан жалап ішсе, сол адам ыдысын жеті рет жусын

119
Мүслим, № 119

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الْمُغَفَّلِ، قَالَ: «أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِقَتْلِ الْكِلَابِ، ثُمَّ قَالَ: “مَا بَالُهُمْ وَبَالُ الْكِلَابِ؟” ثُمَّ رَخَّصَ فِي كَلْبِ الصَّيْدِ وَكَلْبِ الْغَنَمِ، وَقَالَ: “إِذَا وَلَغَ الْكَلْبُ فِي الْإِنَاءِ فَاغْسِلُوهُ سَبْعَ مَرَّاتٍ، وَعَفِّرُوهُ الثَّامِنَةَ فِي التُّرَابِ”». وَفِي رِوَايَةِ يَحْيَى بْنِ سَعِيدٍ: «وَرَخَّصَ فِي كَلْبِ الْغَنَمِ وَالصَّيْدِ وَالزَّرْعِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әл-Муғаффал былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) иттерді өлтіруді бұйырды. Кейін: “Олардың иттермен не ісі бар?” – деді. Содан соң аңшылық иті мен қой күзететін итті ұстауға рұқсат беріп: “Ит ыдыстан жалап ішсе, ыдысты жеті рет жуыңдар, ал сегізінші рет топырақпен ысқылаңдар”, – деді». Яхия ибн Сағидтің басқа бір риуаятында: «Қой күзететін, аң аулауға және егістікті қорғауға арналған иттерді ұстауға рұқсат берді», – деген қосымша бар. (280/93)

بَابٌ: فَضْلُ الْوُضُوءِ

17-бапДәрет алудың артықшылығы

120
Мүслим, № 120Риуаят етуші: Әбу Мәлик әл-Ашғари

عَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَانِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ تَمْلَأُ الْمِيزَانَ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ تَمْلَآنِ – أَوْ تَمْلَأُ – مَا بَيْنَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ، وَالصَّلَاةُ نُورٌ، وَالصَّدَقَةُ بُرْهَانٌ، وَالصَّبْرُ ضِيَاءٌ، وَالْقُرْآنُ حُجَّةٌ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ، كُلُّ النَّاسِ يَغْدُو فَبَائِعٌ نَفْسَهُ فَمُعْتِقُهَا أَوْ مُوبِقُهَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәлик әл-Ашғари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Тазалық – иманның жартысы. “Әлхамдулилләһ” сөзі таразыны толтырады. “Субханаллаһ” пен “әлхамдулилләһ” екеуі (немесе: “Осы зікір”) көктер мен жердің арасын толтырады. Намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарық. Құран сенің пайдаңа немесе зияныңа дәлел болады. Әрбір адам таңертең шығып, өз жанын саудаға салады: сөйтіп оны азат етеді немесе құрдымға жібереді». (223/1)

بَابٌ: خُرُوجُ الْخَطَايَا مَعَ الْوُضُوءِ

18-бапДәрет алғанда күнәлардан арылу

121
Мүслим, № 121Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا تَوَضَّأَ الْعَبْدُ الْمُسْلِمُ – أَوِ الْمُؤْمِنُ – فَغَسَلَ وَجْهَهُ خَرَجَ مِنْ وَجْهِهِ كُلُّ خَطِيئَةٍ نَظَرَ إِلَيْهَا بِعَيْنَيْهِ مَعَ الْمَاءِ – أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ –، فَإِذَا غَسَلَ يَدَيْهِ خَرَجَ مِنْ يَدَيْهِ كُلُّ خَطِيئَةٍ كَانَ بَطَشَتْهَا يَدَاهُ مَعَ الْمَاءِ – أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ –، فَإِذَا غَسَلَ رِجْلَيْهِ خَرَجَتْ كُلُّ خَطِيئَةٍ مَشَتْهَا رِجْلَاهُ مَعَ الْمَاءِ – أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ – حَتَّى يَخْرُجَ نَقِيًّا مِنَ الذُّنُوبِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылман пенде немесе мүмін пенде дәрет алып, жүзін жуған кезде, екі көзімен қарап жасаған әрбір күнәсі жүзінен сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге ағып түседі. Қолдарын жуған кезде, екі қолымен жасаған әрбір күнәсі қолдарынан сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге ағып түседі. Аяқтарын жуған кезде, екі аяғымен жүріп барған әрбір күнәсі сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге ағып түседі. Ақырында ол күнәларынан толық арылып шығады», – деген. (244/32)

بَابٌ: فِي السِّوَاكِ عِنْدَ الْوُضُوءِ

19-бапДәрет алғанда тісті мисуакпен тазалау туралы

122
Мүслим, № 122Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ بَاتَ عِنْدَ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ، فَقَامَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ، فَخَرَجَ فَنَظَرَ فِي السَّمَاءِ، ثُمَّ تَلَا هَذِهِ الْآيَةَ فِي آلِ عِمْرَانَ: ﴿إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ﴾ حَتَّى بَلَغَ ﴿فَقِنَا عَذَابَ النَّارِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 190–191]، ثُمَّ رَجَعَ إِلَى الْبَيْتِ فَتَسَوَّكَ فَتَوَضَّأَ، ثُمَّ قَامَ فَصَلَّى، ثُمَّ اِضْطَجَعَ، ثُمَّ قَامَ، فَخَرَجَ فَنَظَرَ إِلَى السَّمَاءِ فَتَلَا هَذِهِ الْآيَةَ، ثُمَّ رَجَعَ فَتَسَوَّكَ فَتَوَضَّأَ، ثُمَّ قَامَ فَصَلَّى.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Бір түні Пайғамбардың (с.а.с.) жанында түнеген едім. Алланың Пайғамбары (с.а.с.) түннің соңғы бөлігінде тұрып, сыртқа шықты да, аспанға қарады. Содан кейін “Әли Имран” сүресіндегі “Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында...” («Әли Имран», 190) деген сөзден бастап, “...Бізді тозақ отынан сақтай көр!” («Әли Имран», 191) деген сөзге дейінгі аяттарды оқыды. Содан кейін үйге оралып, тісін мисуакпен тазалады, дәрет алды да, орнынан тұрып, намаз оқыды. Кейін жатып демалды. Содан соң қайта тұрып, сыртқа шықты да, аспанға қарап, осы аяттарды оқыды. Кейін үйге оралып, тісін мисуакпен тазалады, дәрет алды да, орнынан тұрып, намаз оқыды». (256/48)

123
Мүслим, № 123Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ «كَانَ إِذَا دَخَلَ بَيْتَهُ بَدَأَ بِالسِّوَاكِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) үйіне кіргенде, алдымен тісін мисуакпен тазалайтын», – деген. (253/44)

بَابٌ: التَّيَمُّنُ فِي الطُّهُورِ وَغَيْرِهِ

20-бапТазалану кезінде және өзге істерде оң жақтан бастау

124
Мүслим, № 124Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيُحِبُّ التَّيَمُّنَ فِي طُهُورِهِ إِذَا تَطَهَّرَ، وَفِي تَرَجُّلِهِ إِذَا تَرَجَّلَ، وَفِي اِنْتِعَالِهِ إِذَا انْتَعَلَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) тазаланғанда, шашын тарағанда және аяқкиімін кигенде оң жақтан бастағанды ұнататын». (268/66)

بَابٌ: صِفَةُ وُضُوءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

21-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) дәрет алу үлгісі

125
Мүслим, № 125

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدِ بْنِ عَاصِمٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ – وَكَانَتْ لَهُ صُحْبَةٌ – قَالَ: «قِيلَ لَهُ: “تَوَضَّأْ لَنَا وُضُوءَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَدَعَا بِإِنَاءٍ فَأَكْفَأَ مِنْهَا عَلَى يَدَيْهِ فَغَسَلَهُمَا ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَمَضْمَضَ وَاسْتَنْشَقَ مِنْ كَفٍّ وَاحِدَةٍ، فَفَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَغَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَغَسَلَ يَدَيْهِ إِلَى الْمِرْفَقَيْنِ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فَاسْتَخْرَجَهَا فَمَسَحَ بِرَأْسِهِ فَأَقْبَلَ بِيَدَيْهِ وَأَدْبَرَ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ إِلَى الْكَعْبَيْنِ، ثُمَّ قَالَ: “هَكَذَا كَانَ وُضُوءُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Зәйд ибн Асим әл-Ансариге (р.а.): «Бізге Алла Елшісінің (с.а.с.) дәрет алу үлгісін көрсетші», – делінді. Сонда ол бір ыдыс алдырып, одан екі қолына су құйып, қолдарын үш рет жуды. Содан кейін қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, бір уыс сумен аузын шайып, мұрнына су тартты. Мұны үш рет қайталады. Содан соң қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, жүзін үш рет жуды. Одан кейін қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, екі қолын шынтағына дейін екі реттен жуды. Содан соң қолын ыдысқа салып, қайта шығарды да, басына мәсіх тартып, екі қолын алға және артқа қарай жүргізді. Кейін екі аяғын тобықтарына дейін жуды да: «Алла Елшісі (с.а.с.) осылай дәрет алатын», – деді. (235/18)

بَابٌ: الِاسْتِنْثَارُ

22-бапМұрынға тартылған суды сіңбіріп шығару

126
Мүслим, № 126Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِذَا تَوَضَّأَ أَحَدُكُمْ فَلْيَسْتَنْشِقْ بِمَنْخِرَيْهِ مِنَ الْمَاءِ ثُمَّ لِيَنْتَثِرْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Сендердің бірің дәрет алғанда екі танауына су тартып, содан кейін сіңбіріп шығарсын», – дегенін жеткізген. (237/21)

127
Мүслим, № 127Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا اسْتَيْقَظَ أَحَدُكُمْ مِنْ مَنَامِهِ فَلْيَسْتَنْثِرْ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَبِيتُ عَلَى خَيَاشِيمِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің бірің ұйқысынан оянғанда мұрнын үш рет сіңбіріп тазаласын. Өйткені шайтан оның танау қуысында түнейді», – деді. (238/23)

بَابُ الْغُرِّ الْمُحَجَّلِينَ مِنْ إِسْبَاغِ الْوُضُوءِ

23-бапДәретті толық алудың арқасында жүздері мен аяқ-қолдары нұрланатындар туралы

128
Мүслим, № 128

عَنْ نُعَيْمِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْمُجْمِرِ، قَالَ: «رَأَيْتُ أَبَا هُرَيْرَةَ يَتَوَضَّأُ فَغَسَلَ وَجْهَهُ فَأَسْبَغَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ غَسَلَ يَدَهُ الْيُمْنَى حَتَّى أَشْرَعَ فِي الْعَضُدِ، ثُمَّ يَدَهُ الْيُسْرَى حَتَّى أَشْرَعَ فِي الْعَضُدِ، ثُمَّ مَسَحَ رَأْسَهُ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَهُ الْيُمْنَى حَتَّى أَشْرَعَ فِي السَّاقِ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَهُ الْيُسْرَى حَتَّى أَشْرَعَ فِي السَّاقِ، ثُمَّ قَالَ لِي: “هَكَذَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَتَوَضَّأُ”. وَقَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَنْتُمُ الْغُرُّ الْمُحَجَّلُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ إِسْبَاغِ الْوُضُوءِ، فَمَنِ اسْتَطَاعَ مِنْكُمْ فَلْيُطِلْ غُرَّتَهُ وَتَحْجِيلَهُ”».

Қазақша аудармасы

Нұғайм ибн Абдулла әл-Мужмир былай деген: «Әбу Һурайраның дәрет алғанын көрдім. Ол жүзін жуып, дәретін толық алды. Содан кейін оң қолын шынтағынан асырып, қарына дейін жуды. Одан соң сол қолын да шынтағынан асырып, қарына дейін жуды. Кейін басына мәсіх тартты. Содан соң оң аяғын балтырына дейін, кейін сол аяғын да балтырына дейін жуды. Артынша маған: “Алла Елшісінің (с.а.с.) дәретті осылай алғанын көрдім”, – деді. Сондай-ақ ол Алла Елшісінің (с.а.с.): “Сендер дәретті толық алудың арқасында Қиямет күні жүздерің мен қол-аяқтарың нұрланған күйде келесіңдер. Ендеше, араларыңнан кімнің шамасы келсе, жүзі мен қол-аяғындағы нұрлы белгілерін ұзартсын”, – дегенін жеткізді». (246/34)

129
Мүслим, № 129Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَتَى الْمَقْبُرَةَ، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَوْمٍ مُؤْمِنِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، وَدِدْتُ أَنَّا قَدْ رَأَيْنَا إِخْوَانَنَا». قَالُوا: «أَوَلَسْنَا إِخْوَانَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «بَلْ أَنْتُمْ أَصْحَابِي وَإِخْوَانُنَا الَّذِينَ لَمْ يَأْتُوا بَعْدُ». فَقَالُوا: «كَيْفَ تَعْرِفُ مَنْ لَمْ يَأْتِ بَعْدُ مِنْ أُمَّتِكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» فَقَالَ: «أَرَأَيْتَ لَوْ أَنَّ رَجُلًا لَهُ خَيْلٌ غُرٌّ مُحَجَّلَةٌ بَيْنَ ظَهْرَيْ خَيْلٍ دُهْمٍ بُهْمٍ أَلَا يَعْرِفُ خَيْلَهُ؟» قَالُوا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَإِنَّهُمْ يَأْتُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ غُرًّا مُحَجَّلِينَ مِنَ الْوُضُوءِ، وَأَنَا فَرَطُهُمْ عَلَى الْحَوْضِ. أَلَا لَيُذَادَنَّ رِجَالٌ عَنْ حَوْضِي كَمَا يُذَادُ الْبَعِيرُ الضَّالُّ، أُنَادِيهِمْ: “أَلَا هَلُمَّ”، فَيُقَالُ: “إِنَّهُمْ قَدْ بَدَّلُوا بَعْدَكَ”، فَأَقُولُ: “سُحْقًا، سُحْقًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) зиратқа келіп: «Мүміндер мекенінің тұрғындары, сендерге сәлем болсын! Алла қаласа, біз де сендерге қосыламыз. Шіркін, бауырларымызды көрсек еді!» – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Сендер болса, менің сахабаларымсыңдар. Ал біздің бауырларымыз – әлі келмегендер», – деді. Олар: «Уа, Расулалла! Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танисыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Айтыңдаршы, бір адамның бірыңғай қара жылқылардың арасында маңдайы қасқа, аяқтары ала аттары болса, ол өз аттарын танымай ма?» – деді. Олар: «Әрине, таниды, уа, Расулалла!» – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Олар дәреттің әсерінен жүздері жарқырап, аяқ-қолдары нұрланған күйде келеді. Мен олардан бұрын хауыздың басына барып, күтіп тұрамын. Біліп қойыңдар! Кейбір адамдар адасып келген түйені қуғандай менің хауызымнан қуылады. Мен оларға: “Қане, бері келіңдер!” – деп дауыстаймын. Сонда: “Расында, олар сенен кейін өзгерістер жасады”, – делінеді. Сонда мен: “Аулақ болсын! Аулақ болсын!” – деймін», – деген. (249/39)

بَابٌ: مَنْ تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ

24-бапДәретін мұқият әрі дұрыс алған адам туралы

130
Мүслим, № 130

عَنْ حُمْرَانَ، مَوْلَى عُثْمَانَ بْنِ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ عُثْمَانَ بْنَ عَفَّانَ دَعَا بِوَضُوءٍ فَتَوَضَّأَ فَغَسَلَ كَفَّيْهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ تَمَضْمَضَ وَاسْتَنْثَرَ، ثُمَّ غَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ غَسَلَ يَدَهُ الْيُمْنَى إِلَى الْمِرْفَقِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ غَسَلَ يَدَهُ الْيُسْرَى مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ مَسَحَ رَأْسَهُ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَهُ الْيُمْنَى إِلَى الْكَعْبَيْنِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ غَسَلَ الْيُسْرَى مِثْلَ ذَلِكَ. ثُمَّ قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَوَضَّأَ نَحْوَ وُضُوئِي هَذَا، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ تَوَضَّأَ نَحْوَ وُضُوئِي هَذَا ثُمَّ قَامَ فَرَكَعَ رَكْعَتَيْنِ لَا يُحَدِّثُ فِيهِمَا نَفْسَهُ، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ”». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: «وَكَانَ عُلَمَاؤُنَا يَقُولُونَ: “هَذَا الْوُضُوءُ أَسْبَغُ مَا يَتَوَضَّأُ بِهِ أَحَدٌ لِلصَّلَاةِ”».

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффанның (р.а.) азат еткен құлы Хумран былай деген: «Осман ибн Аффан дәрет суын алдырды да, дәрет алды. Әуелі екі алақанын үш рет жуды. Содан кейін аузына су алып шайып, мұрнына су тартты да, сіңбірді. Кейін бетін үш рет жуды. Содан соң оң қолын шынтағына дейін үш рет, одан кейін сол қолын да дәл солай жуды. Кейін басына мәсіх тартты. Содан соң оң аяғын тобығына дейін үш рет, кейін сол аяғын да дәл солай жуды. Бұдан кейін: “Алла Елшісінің (с.а.с.) менің осы дәретім секілді дәрет алғанын көрдім”, – деді. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімде-кім менің осы дәретім секілді дәрет алып, кейін орнынан тұрып, ойын өзге нәрсеге бөлместен екі рәкәғат намаз оқыса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі”, – деген». Ибн Шиһаб: «Ғалымдарымыз: “Бұл – адамның намаз үшін алатын дәретінің ең толық түрі”, – дейтін», – деген. (226/3)

131
Мүслим, № 131

عَنْ حُمْرَانَ أَنَّ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ أَتَمَّ الْوُضُوءَ كَمَا أَمَرَهُ اللَّهُ تَعَالَى، فَالصَّلَوَاتُ الْمَكْتُوبَاتُ كَفَّارَاتٌ لِمَا بَيْنَهُنَّ”».

Қазақша аудармасы

Хумранның айтуынша, Осман (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Кім Алла Тағала бұйырғандай дәретін толық алса, парыз намаздар араларында жасалған күнәларға кәффарат болады». (231/11)

132
Мүслим, № 132Риуаят етуші: Осман

عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنْ تَوَضَّأَ لِلصَّلَاةِ فَأَسْبَغَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ مَشَى إِلَى الصَّلَاةِ الْمَكْتُوبَةِ، فَصَلَّاهَا مَعَ النَّاسِ أَوْ مَعَ الْجَمَاعَةِ أَوْ فِي الْمَسْجِدِ، غَفَرَ اللَّهُ لَهُ ذُنُوبَهُ”».

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім намаз үшін дәрет алып, дәретін кемеліне жеткізсе, содан кейін парыз намазға жаяу барып, оны адамдармен бірге немесе жамағатпен бірге, яки мешітте оқыса, Алла оның күнәларын кешіреді”, – дегенін естідім». (232/13)

بَابٌ: إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ

25-бапҚиындықтарға қарамастан дәретті толық алу

133
Мүслим, № 133Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَلَا أَدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا، وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ، فَذَلِكُمُ الرِّبَاطُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендерге Алла күнәларды өшіріп, дәрежелерді көтеруге себепші ететін амалдарды көрсетейін бе?» – деп сұрады. Олар: «Әрине, уа, Расулалла!» – деді. Ол (с.а.с.): «Қиындықтарға қарамастан дәретті толық алу, мешіттерге қарай көп қадам басу және бір намаздан кейін келесі намазды күту. Міне, рибат осы!» – деді. (251/41)

بَابٌ: تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ

26-бапӘшекей дәрет суы тиген жерге дейін жетеді

134
Мүслим, № 134

عَنْ أَبِي حَازِمٍ، قَالَ: «كُنْتُ خَلْفَ أَبِي هُرَيْرَةَ وَهُوَ يَتَوَضَّأُ لِلصَّلَاةِ فَكَانَ يَمُدُّ يَدَهُ حَتَّى تَبْلُغَ إِبْطَهُ، فَقُلْتُ لَهُ: “يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا هَذَا الْوُضُوءُ؟” فَقَالَ: “يَا بَنِي فَرُّوخَ، أَنْتُمْ هَاهُنَا؟ لَوْ عَلِمْتُ أَنَّكُمْ هَاهُنَا مَا تَوَضَّأْتُ هَذَا الْوُضُوءَ، سَمِعْتُ خَلِيلِي يَقُولُ: ‘تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ مِنَ الْمُؤْمِنِ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Хазим былай деген: «Әбу Һурайра намазға дәрет алып жатқанда, мен оның артында тұрған едім. Ол қолын қолтығына дейін жеткізе жуып жатты. Мен одан: “Уа, Әбу Һурайра! Бұл қандай дәрет?” – деп сұрадым. Ол: “Уа, Фаррухтың ұрпақтары! Сендер осында ма едіңдер? Осында екендеріңді білгенімде, бұлай дәрет алмас едім. Сүйікті досымның (с.а.с.): ‘Мүміннің әшекейі дәрет суы жеткен жерге дейін жетеді’, – дегенін естідім”, – деді». (250/40)

بَابٌ: مَنْ تَرَكَ مِنْ مَوَاضِعِ الْوُضُوءِ شَيْئًا غَسَلَهُ وَأَعَادَ الْوُضُوءَ

27-бапДәрет кезінде жуылатын мүшелердің бір тұсын жумай қалдырған адамның сол тұсты жуып, дәретін қайта алуы

135
Мүслим, № 135Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخْبَرَنِي عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا تَوَضَّأَ فَتَرَكَ مَوْضِعَ ظُفُرٍ عَلَى قَدَمِهِ فَأَبْصَرَهُ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: “اِرْجِعْ فَأَحْسِنْ وُضُوءَكَ”. فَرَجَعَ، ثُمَّ صَلَّى».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) маған мына оқиғаны айтып берді», – деген. Омардың айтуынша, бір адам дәрет алып, аяғында тырнақ көлеміндей жерді жумай қалдырған. Мұны көрген Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Қайта барып, дәретіңді дұрыстап ал», – деді. Ол қайта барып, содан кейін намаз оқыды. (243/31)

بَابٌ: مَا يَكْفِي مِنَ الْمَاءِ فِي الْغُسْلِ وَالْوُضُوءِ

28-бапҒұсыл алуға және дәрет алуға жеткілікті су мөлшері

136
Мүслим, № 136Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَتَوَضَّأُ بِالْمُدِّ، وَيَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ، إِلَى خَمْسَةِ أَمْدَادٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бір муд сумен дәрет алатын, ал бір сағтан бес мудқа дейінгі сумен ғұсыл алатын». (325/51)

بَابٌ: الْمَسْحُ عَلَى الْخُفَّيْنِ

29-бапМәсіге мәсіх тарту

136
Мүслим, № 136-б

عَنْ هَمَّامٍ، قَالَ: «بَالَ جَرِيرٌ، ثُمَّ تَوَضَّأَ، وَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ، فَقِيلَ: “أَتَفْعَلُ هَذَا؟” فَقَالَ: “نَعَمْ، رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَالَ، ثُمَّ تَوَضَّأَ وَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ”». قَالَ الْأَعْمَشُ: «قَالَ إِبْرَاهِيمُ: “كَانَ يُعْجِبُهُمْ هَذَا الْحَدِيثُ لِأَنَّ إِسْلَامَ جَرِيرٍ كَانَ بَعْدَ نُزُولِ الْمَائِدَةِ”».

Қазақша аудармасы

Һаммам былай деген: «Жәрир кіші дәрет сындырды. Содан кейін дәрет алып, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты. Одан: “Сен осылай істейсің бе?” – деп сұралды. Ол: “Иә. Алла Елшісінің (с.а.с.) кіші дәрет сындырғаннан кейін дәрет алып, мәсілерінің үстінен мәсіх тартқанын көрдім”, – деді». Әл-Ағмаш: «Ибраһим: “Жәрир «Мәида» сүресі түскеннен кейін исламды қабылдағандықтан, бұл хадис оларға ұнайтын еді”, – деді», – деген. (272/72)

137
Мүслим, № 137

عَنْ أَبِي وَائِلٍ، قَالَ: «كَانَ أَبُو مُوسَى يُشَدِّدُ فِي الْبَوْلِ، وَيَبُولُ فِي قَارُورَةٍ وَيَقُولُ: “إِنَّ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَانَ إِذَا أَصَابَ جِلْدَ أَحَدِهِمْ بَوْلٌ قَرَضَهُ بِالْمَقَارِيضِ”. فَقَالَ حُذَيْفَةُ: “لَوَدِدْتُ أَنَّ صَاحِبَكُمْ لَا يُشَدِّدُ هَذَا التَّشْدِيدَ، فَلَقَدْ رَأَيْتُنِي أَنَا وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَتَمَاشَى، فَأَتَى سُبَاطَةَ قَوْمٍ خَلْفَ حَائِطٍ، فَقَامَ كَمَا يَقُومُ أَحَدُكُمْ، فَبَالَ، فَانْتَبَذْتُ مِنْهُ، فَأَشَارَ إِلَيَّ فَجِئْتُ، فَقُمْتُ عِنْدَ عَقِبِهِ حَتَّى فَرَغَ”». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «فَتَوَضَّأَ فَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Уаилдің айтуынша, Әбу Мұса кіші дәрет мәселесінде өте қатаң сақтық танытып, шөлмекке кіші дәрет сындыратын әрі: «Исраил ұрпақтарының біреуінің терісіне зәр тисе, сол жерін қайшымен қиып тастайтын», – дейтін. Сонда Хузайфа: «Жолдастарыңның мұншалықты қатаңдық танытпағанын қалар едім. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) екеуміз жаяу келе жатқанбыз. Ол бір қабырғаның артындағы қоқыс төгетін жерге келіп, сендердің бірің секілді түрегеп тұрып кіші дәрет сындырды. Мен әрірек шегініп едім, ол маған жақындауды ишарамен білдірді. Жанына келіп, қажетін өтеп болғанша өкшесінің тұсында тұрдым», – деді. Басқа бір риуаятта: «Содан кейін дәрет алып, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты», – деп толықтырылған. (273/74)

138
Мүслим, № 138Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ، قَالَ: «كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ فِي مَسِيرٍ، فَقَالَ لِي: “أَمَعَكَ مَاءٌ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. فَنَزَلَ عَنْ رَاحِلَتِهِ، فَمَشَى حَتَّى تَوَارَى فِي سَوَادِ اللَّيْلِ، ثُمَّ جَاءَ فَأَفْرَغْتُ عَلَيْهِ مِنَ الْإِدَاوَةِ، فَغَسَلَ وَجْهَهُ، وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ مِنْ صُوفٍ، فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يُخْرِجَ ذِرَاعَيْهِ مِنْهَا حَتَّى أَخْرَجَهُمَا مِنْ أَسْفَلِ الْجُبَّةِ، فَغَسَلَ ذِرَاعَيْهِ وَمَسَحَ بِرَأْسِهِ، ثُمَّ أَهْوَيْتُ لِأَنْزِعَ خُفَّيْهِ، فَقَالَ: “دَعْهُمَا فَإِنِّي أَدْخَلْتُهُمَا طَاهِرَتَيْنِ”. وَمَسَحَ عَلَيْهِمَا».

Қазақша аудармасы

Муғира ибн Шуғба былай деген: «Бір түні Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жолда келе жатқан едім. Ол (с.а.с.) менен: “Жаныңда су бар ма?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.) көлігінен түсіп, түн қараңғысында көзден таса болғанша жүріп кетті. Кейін қайтып келгенде, мен оның қолына торсықтан су құйдым. Ол (с.а.с.) жүзін жуды. Үстінде жүннен тігілген шапаны бар еді. Шапанының жеңдерінен екі білегін шығара алмағандықтан, оларды шапанының етек жағынан шығарды да, жуды. Содан кейін басына мәсіх тартты. Мен оның мәсілерін шешуге ұмтылғанымда, ол (с.а.с.): “Оларды шешпе. Өйткені мен оларды дәретті күйімде киген едім”, – деді де, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты». (273/79)

بَابٌ: التَّوْقِيتُ فِي الْمَسْحِ عَلَى الْخُفَّيْنِ

30-бапМәсіге мәсіх тартудың белгіленген мерзімі

139
Мүслим, № 139

عَنْ شُرَيْحِ بْنِ هَانِئٍ، قَالَ: «أَتَيْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَسْأَلُهَا عَنِ الْمَسْحِ عَلَى الْخُفَّيْنِ، فَقَالَتْ: “عَلَيْكَ بِابْنِ أَبِي طَالِبٍ فَسَلْهُ، فَإِنَّهُ كَانَ يُسَافِرُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَسَأَلْنَاهُ فَقَالَ: “جَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ وَلَيَالِيَهُنَّ لِلْمُسَافِرِ، وَيَوْمًا وَلَيْلَةً لِلْمُقِيمِ”».

Қазақша аудармасы

Шурайх ибн Һани былай деген: «Мен мәсілерге мәсіх тарту туралы сұрау үшін Айшаға (р.а.) бардым. Сонда ол: “Ибн Әбу Талибке бар да, содан сұра. Өйткені ол Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарға шығатын”, – деді. Біз одан сұрағанымызда, ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) жолаушыға үш күн мен үш түн, ал жергілікті тұрғынға бір күн мен бір түн мәсіх тарту мерзімін белгіледі”, – деді». (276/85)

بَابٌ: الْمَسْحُ عَلَى النَّاصِيَةِ وَالْعِمَامَةِ

31-бапМаңдай тұсындағы шашқа және сәлдеге мәсіх тарту

140
Мүслим, № 140Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ، قَالَ: «تَخَلَّفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَتَخَلَّفْتُ مَعَهُ، فَلَمَّا قَضَى حَاجَتَهُ قَالَ: “أَمَعَكَ مَاءٌ؟” فَأَتَيْتُهُ بِمِطْهَرَةٍ، فَغَسَلَ كَفَّيْهِ وَوَجْهَهُ، ثُمَّ ذَهَبَ يَحْسِرُ عَنْ ذِرَاعَيْهِ فَضَاقَ كُمُّ الْجُبَّةِ، فَأَخْرَجَ يَدَهُ مِنْ تَحْتِ الْجُبَّةِ، وَأَلْقَى الْجُبَّةَ عَلَى مَنْكِبَيْهِ، وَغَسَلَ ذِرَاعَيْهِ، وَمَسَحَ بِنَاصِيَتِهِ وَعَلَى الْعِمَامَةِ وَعَلَى خُفَّيْهِ، ثُمَّ رَكِبَ وَرَكِبْتُ فَانْتَهَيْنَا إِلَى الْقَوْمِ، وَقَدْ قَامُوا فِي الصَّلَاةِ، يُصَلِّي بِهِمْ عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ وَقَدْ رَكَعَ بِهِمْ رَكْعَةً، فَلَمَّا أَحَسَّ بِالنَّبِيِّ ﷺ ذَهَبَ يَتَأَخَّرُ، فَأَوْمَأَ إِلَيْهِ، فَصَلَّى بِهِمْ، فَلَمَّا سَلَّمَ قَامَ النَّبِيُّ ﷺ وَقُمْتُ، فَرَكَعْنَا الرَّكْعَةَ الَّتِي سَبَقَتْنَا».

Қазақша аудармасы

Муғира ибн Шуғба былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жұрттан кейін қалып қойды, мен де онымен бірге кейін қалдым. Ол қажетін өтеп болғаннан кейін: “Жаныңда су бар ма?” – деп сұрады. Мен оған су құйылған ыдыс әкелдім. Ол екі алақаны мен жүзін жуды. Содан кейін екі білегін ашпақ болды, бірақ шапанының жеңдері тарлық етті. Сонда екі қолын шапанының астынан шығарып, шапанын иығына тастады да, екі білегін жуды. Маңдай тұсындағы шашына, сәлдесіне және мәсілерінің үстінен мәсіх тартты. Содан кейін көлігіне мінді, мен де міндім. Жамағатқа жеткенімізде, олар намазға тұрып қойған екен. Оларға Абдуррахман ибн Ауф имам болып, бір рәкәғат оқып та қойған еді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) келгенін сезгенде, кейін шегінбек болды. Алайда Пайғамбар (с.а.с.) оған ишара жасады. Сөйтіп, ол намазды жалғастырып, оларға имамдық етті. Абдуррахман сәлем бергеннен кейін, Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тұрды, мен де тұрдым. Сөйтіп, біз өткізіп алған бір рәкәғатымызды оқыдық». (274/81)

بَابٌ: الْمَسْحُ عَلَى الْخِمَارِ

32-бапБас жамылғысына мәсіх тарту

141
Мүслим, № 141Риуаят етуші: Біләл

عَنْ بِلَالٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَسَحَ عَلَى الْخُفَّيْنِ وَالْخِمَارِ.

Қазақша аудармасы

Біләлдің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) мәсілері мен сәлдесінің үстінен мәсіх тартты. (275/84)

بَابٌ: فِي الصَّلَوَاتِ بِوُضُوءٍ وَاحِدٍ

33-бапБір дәретпен бірнеше намаз оқу туралы

142
Мүслим, № 142Риуаят етуші: Бурайда

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى الصَّلَوَاتِ يَوْمَ الْفَتْحِ بِوُضُوءٍ وَاحِدٍ، وَمَسَحَ عَلَى خُفَّيْهِ، فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: «لَقَدْ صَنَعْتَ الْيَوْمَ شَيْئًا لَمْ تَكُنْ تَصْنَعُهُ». قَالَ: «عَمْدًا صَنَعْتُهُ، يَا عُمَرُ».

Қазақша аудармасы

Бурайданың (р.а.) айтуынша: «Пайғамбар (с.а.с.) Мекке азат етілген күні барлық намазды бір дәретпен оқып, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты. Сонда Омар оған: “Бүгін бұрын істемеген бір іс жасадыңыз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Уа, Омар! Мұны әдейі істедім”, – деді». (277/86)

بَابٌ: الْقَوْلُ بَعْدَ الْوُضُوءِ

34-бапДәрет алғаннан кейін айтылатын сөздер

143
Мүслим, № 143Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَتْ عَلَيْنَا رِعَايَةُ الْإِبِلِ، فَجَاءَتْ نَوْبَتِي فَرَوَّحْتُهَا بِعَشِيٍّ، فَأَدْرَكْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَائِمًا يُحَدِّثُ النَّاسَ، فَأَدْرَكْتُ مِنْ قَوْلِهِ: “مَا مِنْ مُسْلِمٍ يَتَوَضَّأُ فَيُحْسِنُ وُضُوءَهُ، ثُمَّ يَقُومُ فَيُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، مُقْبِلٌ عَلَيْهِمَا بِقَلْبِهِ وَوَجْهِهِ، إِلَّا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ”. قَالَ: فَقُلْتُ: “مَا أَجْوَدَ هَذِهِ!” فَإِذَا قَائِلٌ بَيْنَ يَدَيَّ يَقُولُ: “الَّتِي قَبْلَهَا أَجْوَدُ”. فَنَظَرْتُ فَإِذَا عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: “إِنِّي قَدْ رَأَيْتُكَ حِينَ جِئْتَ آنِفًا”. قَالَ: “مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ يَتَوَضَّأُ فَيُبْلِغُ – أَوْ فَيُسْبِغُ – الْوُضُوءَ ثُمَّ يَقُولُ: ‘أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ’، إِلَّا فُتِحَتْ لَهُ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ الثَّمَانِيَةُ يَدْخُلُ مِنْ أَيِّهَا شَاءَ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деген: «Біз түйелерді кезектесіп бағатын едік. Кезек маған келген күні кешке қарай түйелерді қайырып әкелдім. Сол кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) тік тұрып, адамдарға сөз сөйлеп жатқанын көріп, оның мына сөздерін естідім: “Қайсыбір мұсылман дәрет алып, дәретін мұқият алғаннан кейін тұрып, жүзімен де, жүрегімен де сол намазға толық беріліп, екі рәкәғат намаз оқыса, Жәннатқа кіру оған уәжіп болады”. Мен: “Бұл қандай керемет!” – дедім. Сол кезде алдымда тұрған бір кісі: “Бұған дейін айтылғаны бұдан да керемет”, – деді. Қарасам, Омар екен. Ол: “Сенің жаңа ғана келгеніңді көрдім. Бұған дейін Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Сендердің араларыңнан кімде-кім дәрет алып, оны толық орындаса (немесе: «кемеліне жеткізсе»), содан кейін: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне де куәлік етемін», – десе, оған Жәннаттың сегіз қақпасы түгел ашылып, қалаған қақпасынан кіреді’, – деген еді”, – деді». (234/17)

بَابٌ: فِي غَسْلِ الْمَذْيِ وَالْوُضُوءِ مِنْهُ

35-бапМәзиді жуып кетіру және ол шыққаннан кейін дәрет алу туралы

144
Мүслим, № 144Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنْتُ رَجُلًا مَذَّاءً، وَكُنْتُ أَسْتَحْيِي أَنْ أَسْأَلَ النَّبِيَّ ﷺ لِمَكَانِ ابْنَتِهِ، فَأَمَرْتُ الْمِقْدَادَ بْنَ الْأَسْوَدِ فَسَأَلَهُ فَقَالَ: “يَغْسِلُ ذَكَرَهُ وَيَتَوَضَّأُ”».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Менен мәзи көп бөлінетін еді. Пайғамбардың (с.а.с.) қызы менің жұбайым болғандықтан, бұл туралы одан сұрауға ұялатынмын. Сондықтан Миқдад ибн әл-Әсуәдке бұл жайында сұрауды тапсырдым. Ол сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): “Жыныс мүшесін жуып, дәрет алсын”, – деді». (303/17)

بَابٌ: نَوْمُ الْجَالِسِ لَا يَنْقُضُ الْوُضُوءَ

36-бапОтырған күйде ұйықтау дәретті бұзбайды

145
Мүслим, № 145Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَجِيٌّ لِرَجُلٍ» (وَفِي حَدِيثِ عَبْدِ الْوَارِثِ: «وَنَبِيُّ اللَّهِ ﷺ يُنَاجِي الرَّجُلَ»)، «فَمَا قَامَ إِلَى الصَّلَاةِ حَتَّى نَامَ الْقَوْمُ» (وَفِي حَدِيثِ شُعْبَةَ: «فَلَمْ يَزَلْ يُنَاجِيهِ حَتَّى نَامَ الصَّحَابَةُ، ثُمَّ جَاءَ فَصَلَّى بِهِمْ»).

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Намазға қамат айтылды. Алла Елшісі (с.а.с.) бір адаммен оңаша сөйлесіп тұрған еді. Абдулуаристің риуаятында: “Алланың Пайғамбары (с.а.с.) әлгі адаммен оңаша сөйлесіп тұрды”, – делінген. Жұрт ұйықтап қалғанша ол намазға тұрмады». Шуғбаның риуаятында: «Сахабалар ұйықтап қалғанша онымен сөйлесті. Содан кейін келіп, оларға намаз оқытты», – делінген. (376/124)

بَابُ الْوُضُوءِ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ

37-бапТүйе етін жегеннен кейін дәрет алу

146
Мүслим, № 146Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «أَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْغَنَمِ؟» قَالَ: «إِنْ شِئْتَ فَتَوَضَّأْ، وَإِنْ شِئْتَ فَلَا تَوَضَّأْ». قَالَ: «أَتَوَضَّأُ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ؟» قَالَ: «نَعَمْ، فَتَوَضَّأْ مِنْ لُحُومِ الْإِبِلِ». قَالَ: «أُصَلِّي فِي مَرَابِضِ الْغَنَمِ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «أُصَلِّي فِي مَبَارِكِ الْإِبِلِ؟» قَالَ: «لَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самураның (р.а.) айтуынша, бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.): «Қой етін жегеннен кейін дәрет алайын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қаласаң, дәрет ал, қаламасаң, дәрет алма», – деді. Әлгі адам: «Түйе етін жегеннен кейін дәрет алайын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә, түйе етін жегеннен кейін дәрет ал», – деді. Әлгі адам: «Қой қорасында намаз оқиын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә», – деді. Әлгі адам: «Түйелер шөгетін жерде намаз оқиын ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жоқ», – деді. (360/97)

بَابُ الْوُضُوءِ مِمَّا مَسَّتِ النَّارُ

38-бапОтта піскен тағамды жегеннен кейін дәрет алу

147
Мүслим, № 147

عَنْ عُمَرَ بْنِ عَبْدِ الْعَزِيزِ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ إِبْرَاهِيمَ بْنِ قَارِظٍ أَخْبَرَهُ أَنَّهُ وَجَدَ أَبَا هُرَيْرَةَ يَتَوَضَّأُ عَلَى الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «إِنَّمَا أَتَوَضَّأُ مِنْ أَثْوَارِ أَقِطٍ أَكَلْتُهَا لِأَنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “تَوَضَّؤُوا مِمَّا مَسَّتِ النَّارُ”».

Қазақша аудармасы

Омар ибн Абдулазиздің айтуынша, Абдулла ибн Ибраһим ибн Қариз оған мешіттің жанында дәрет алып жатқан Әбу Һурайраны кездестіргенін айтқан. Сонда Әбу Һурайра: «Жеген құрт кесектері үшін дәрет алып жатырмын. Өйткені Алла Елшісінің (с.а.с.): “От тиген тағамды жегеннен кейін дәрет алыңдар”, – дегенін естідім», – деген. (352)

بَابُ نَسْخِ الْوُضُوءِ مِمَّا مَسَّتِ النَّارُ

39-бапОтта піскен тағамды жегеннен кейін дәрет алу үкімінің жойылуы

148
Мүслим, № 148

عَنْ جَعْفَرِ بْنِ عَمْرِو بْنِ أُمَيَّةَ الضَّمْرِيِّ، عَنْ أَبِيهِ أَنَّهُ رَأَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَحْتَزُّ مِنْ كَتِفِ شَاةٍ، فَأَكَلَ مِنْهَا، فَدُعِيَ إِلَى الصَّلَاةِ، فَقَامَ، وَطَرَحَ السِّكِّينَ، وَصَلَّى، وَلَمْ يَتَوَضَّأْ.

Қазақша аудармасы

Жағфар ибн Амр ибн Үмәйя әд-Дамри әкесінің Алла Елшісін (с.а.с.) қойдың жауырынынан ет кесіп жеп отырған жерінде көргенін жеткізген. Намазға шақырылғанда ол орнынан тұрып, пышақты қоя салды да, дәрет алмастан намаз оқыды. (355/92)

149
Мүслим, № 149Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ شَرِبَ لَبَنًا، ثُمَّ دَعَا بِمَاءٍ فَتَمَضْمَضَ، وَقَالَ: «إِنَّ لَهُ دَسَمًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) сүт ішті. Содан кейін су алдырып, аузын шайды да: «Расында, сүт майлы ғой», – деді. (358/95)

بَابٌ: الَّذِي يُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهُ يَجِدُ الشَّيْءَ فِي الصَّلَاةِ

40-бапНамаз үстінде дәреті бұзылғандай сезінетін адам туралы

150
Мүслим, № 150Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِذَا وَجَدَ أَحَدُكُمْ فِي بَطْنِهِ شَيْئًا، فَأَشْكَلَ عَلَيْهِ أَخَرَجَ مِنْهُ شَيْءٌ أَمْ لَا؟ فَلَا يَخْرُجَنَّ مِنَ الْمَسْجِدِ حَتَّى يَسْمَعَ صَوْتًا، أَوْ يَجِدَ رِيحًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендердің бірің ішінде әлдене сезіп, жел шықты ма, жоқ па деп күмәнданса, дыбысын естімейінше немесе иісін сезбейінше мешіттен шықпасын”, – деді», – деген. (362/99)