Хадис

Сахих Мүслим, № 135

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
27. Дәрет кезінде жуылатын мүшелердің бір тұсын жумай қалдырған адамның сол тұсты жуып, дәретін қайта алуыبَابٌ: مَنْ تَرَكَ مِنْ مَوَاضِعِ الْوُضُوءِ شَيْئًا غَسَلَهُ وَأَعَادَ الْوُضُوءَ
Нөмірі
№ 135 (Мухтасар реті)
135
Мүслим, № 135Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخْبَرَنِي عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا تَوَضَّأَ فَتَرَكَ مَوْضِعَ ظُفُرٍ عَلَى قَدَمِهِ فَأَبْصَرَهُ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: “اِرْجِعْ فَأَحْسِنْ وُضُوءَكَ”. فَرَجَعَ، ثُمَّ صَلَّى».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) маған мына оқиғаны айтып берді», – деген. Омардың айтуынша, бір адам дәрет алып, аяғында тырнақ көлеміндей жерді жумай қалдырған. Мұны көрген Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Қайта барып, дәретіңді дұрыстап ал», – деді. Ол қайта барып, содан кейін намаз оқыды. (243/31)