Хадис

Сахих Мүслим, № 133

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
25. Қиындықтарға қарамастан дәретті толық алуبَابٌ: إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ
Нөмірі
№ 133 (Мухтасар реті)
133
Мүслим, № 133Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَلَا أَدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا، وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ، فَذَلِكُمُ الرِّبَاطُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендерге Алла күнәларды өшіріп, дәрежелерді көтеруге себепші ететін амалдарды көрсетейін бе?» – деп сұрады. Олар: «Әрине, уа, Расулалла!» – деді. Ол (с.а.с.): «Қиындықтарға қарамастан дәретті толық алу, мешіттерге қарай көп қадам басу және бір намаздан кейін келесі намазды күту. Міне, рибат осы!» – деді. (251/41)