عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ، قَالَ: «تَخَلَّفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَتَخَلَّفْتُ مَعَهُ، فَلَمَّا قَضَى حَاجَتَهُ قَالَ: “أَمَعَكَ مَاءٌ؟” فَأَتَيْتُهُ بِمِطْهَرَةٍ، فَغَسَلَ كَفَّيْهِ وَوَجْهَهُ، ثُمَّ ذَهَبَ يَحْسِرُ عَنْ ذِرَاعَيْهِ فَضَاقَ كُمُّ الْجُبَّةِ، فَأَخْرَجَ يَدَهُ مِنْ تَحْتِ الْجُبَّةِ، وَأَلْقَى الْجُبَّةَ عَلَى مَنْكِبَيْهِ، وَغَسَلَ ذِرَاعَيْهِ، وَمَسَحَ بِنَاصِيَتِهِ وَعَلَى الْعِمَامَةِ وَعَلَى خُفَّيْهِ، ثُمَّ رَكِبَ وَرَكِبْتُ فَانْتَهَيْنَا إِلَى الْقَوْمِ، وَقَدْ قَامُوا فِي الصَّلَاةِ، يُصَلِّي بِهِمْ عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ وَقَدْ رَكَعَ بِهِمْ رَكْعَةً، فَلَمَّا أَحَسَّ بِالنَّبِيِّ ﷺ ذَهَبَ يَتَأَخَّرُ، فَأَوْمَأَ إِلَيْهِ، فَصَلَّى بِهِمْ، فَلَمَّا سَلَّمَ قَامَ النَّبِيُّ ﷺ وَقُمْتُ، فَرَكَعْنَا الرَّكْعَةَ الَّتِي سَبَقَتْنَا».
Муғира ибн Шуғба былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жұрттан кейін қалып қойды, мен де онымен бірге кейін қалдым. Ол қажетін өтеп болғаннан кейін: “Жаныңда су бар ма?” – деп сұрады. Мен оған су құйылған ыдыс әкелдім. Ол екі алақаны мен жүзін жуды. Содан кейін екі білегін ашпақ болды, бірақ шапанының жеңдері тарлық етті. Сонда екі қолын шапанының астынан шығарып, шапанын иығына тастады да, екі білегін жуды. Маңдай тұсындағы шашына, сәлдесіне және мәсілерінің үстінен мәсіх тартты. Содан кейін көлігіне мінді, мен де міндім. Жамағатқа жеткенімізде, олар намазға тұрып қойған екен. Оларға Абдуррахман ибн Ауф имам болып, бір рәкәғат оқып та қойған еді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) келгенін сезгенде, кейін шегінбек болды. Алайда Пайғамбар (с.а.с.) оған ишара жасады. Сөйтіп, ол намазды жалғастырып, оларға имамдық етті. Абдуррахман сәлем бергеннен кейін, Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тұрды, мен де тұрдым. Сөйтіп, біз өткізіп алған бір рәкәғатымызды оқыдық». (274/81)