Хадис

Сахих Мүслим, № 107

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
2. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
4. Дәрет сындырғанда тасалануға болатын нәрселер туралыبَابٌ: مَا يُسْتَتَرُ بِهِ لِقَضَاءِ الْحَاجَةِ
Нөмірі
№ 107 (Мухтасар реті)
107
Мүслим, № 107Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ خَلْفَهُ، فَأَسَرَّ إِلَيَّ حَدِيثًا لَا أُحَدِّثُ بِهِ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ، وَكَانَ أَحَبَّ مَا اسْتَتَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجَتِهِ هَدَفٌ أَوْ حَائِشُ نَخْلٍ». قَالَ ابْنُ أَسْمَاءَ فِي حَدِيثِهِ: «يَعْنِي حَائِطَ نَخْلٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Жағфар (р.а.) былай деген: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) мені көлігінің артына мінгестіріп алды. Содан кейін маған бір құпия айтты, оны ешкімге айтпаймын. Алла Елшісі (с.а.с.) қажетін өтеу кезінде төбешікті немесе қалың өскен құрма ағаштарын тасалағанды жақсы көретін». Ибн Әсма өз риуаятында мұны «құрма бағы» деп түсіндірген. (342/97)