عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ، قَالَ: «كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ فِي مَسِيرٍ، فَقَالَ لِي: “أَمَعَكَ مَاءٌ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. فَنَزَلَ عَنْ رَاحِلَتِهِ، فَمَشَى حَتَّى تَوَارَى فِي سَوَادِ اللَّيْلِ، ثُمَّ جَاءَ فَأَفْرَغْتُ عَلَيْهِ مِنَ الْإِدَاوَةِ، فَغَسَلَ وَجْهَهُ، وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ مِنْ صُوفٍ، فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يُخْرِجَ ذِرَاعَيْهِ مِنْهَا حَتَّى أَخْرَجَهُمَا مِنْ أَسْفَلِ الْجُبَّةِ، فَغَسَلَ ذِرَاعَيْهِ وَمَسَحَ بِرَأْسِهِ، ثُمَّ أَهْوَيْتُ لِأَنْزِعَ خُفَّيْهِ، فَقَالَ: “دَعْهُمَا فَإِنِّي أَدْخَلْتُهُمَا طَاهِرَتَيْنِ”. وَمَسَحَ عَلَيْهِمَا».
Муғира ибн Шуғба былай деген: «Бір түні Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жолда келе жатқан едім. Ол (с.а.с.) менен: “Жаныңда су бар ма?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.) көлігінен түсіп, түн қараңғысында көзден таса болғанша жүріп кетті. Кейін қайтып келгенде, мен оның қолына торсықтан су құйдым. Ол (с.а.с.) жүзін жуды. Үстінде жүннен тігілген шапаны бар еді. Шапанының жеңдерінен екі білегін шығара алмағандықтан, оларды шапанының етек жағынан шығарды да, жуды. Содан кейін басына мәсіх тартты. Мен оның мәсілерін шешуге ұмтылғанымда, ол (с.а.с.): “Оларды шешпе. Өйткені мен оларды дәретті күйімде киген едім”, – деді де, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты». (273/79)