Хадис
كِتَابُ النِّكَاحِ

Неке кітабы

Сахих Мүслим, 11-кітап · 54 хадис · № 794–847

Мазмұны: 39 бап
  1. 1Үйленуге ынталандыру
  2. 2Дүниедегі ең абзал игілік – ізгі әйел
  3. 3Діндар әйелге үйлену туралы
  4. 4Бұрын тұрмыс құрмаған қызға үйлену туралы
  5. 5Ешкім діндес бауыры құда түскен әйелге құда түспесін
  6. 6Үйленуге ниеттенген адамның өзі таңдаған әйелді көруі
  7. 7Бұрын тұрмыста болған әйелден де, қыздан да некеге тұруға келісім сұрау
  8. 8Некелескенде қойылатын шарттар
  9. 9Кішкентай қызды тұрмысқа беру
  10. 10Күңді азат етіп, оған үйлену
  11. 11Қыздарын бір-біріне мәһірсіз ұзату шартымен қиылатын шиғар некесі
  12. 12Мұтға (уақытша) некесі туралы
  13. 13Мұтға некесіне берілген рұқсаттың жойылуы және оның харам етілуі
  14. 14Ихрамдағы адамның некелесуіне және құда түсуіне тыйым салу
  15. 15Әйелді оның әкесінің әпкесімен не қарындасымен немесе анасының әпкесімен не сіңлісімен қатар некеде ұстаудың харамдығы
  16. 16Алланың Пайғамбарының (с.а.с.) жұбайларына берген мәһірі
  17. 17Салмағы бір нәуатқа, яғни бес дирһамға тең алтынды мәһір етіп беріп үйлену
  18. 18Құран үйретуді мәһір ретінде белгілеп некелестіру
  19. 19Алла Тағаланың «Қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да» деген сөзі қамтылған аят туралы
  20. 20Шәууәл айында үйлену
  21. 21Үйлену тойына орай ас беру
  22. 22Үйлену тойына шақыруды қабыл алу туралы
  23. 23Жыныстық қатынас алдында айтылатын сөздер
  24. 24Алла Тағаланың «Әйелдерің сендер үшін “егіндік”» деген сөзі туралы
  25. 25Әйелдің күйеуімен төсек қатынасына түсуден бас тартуы туралы
  26. 26Жұбайымен болған оңаша қатынастың сырын жария ету туралы
  27. 27Пенденің күнәсін Алланың жасыруы және пенденің оны өзі жария етуі
  28. 28Әйелімен немесе күңімен жыныстық қатынас кезінде шәуетті сыртқа шығару – азл туралы
  29. 29Бала емізіп жүрген әйелмен жыныстық қатынас жасау – ғила туралы
  30. 30Тұтқынға түскен жүкті әйелдермен жыныстық қатынас жасау туралы
  31. 31Жұбайлар арасында кезек бөлу туралы
  32. 32Қызға немесе бұрын тұрмыста болған әйелге үйленгенде оның жанында қалу
  33. 33Әйелдің өз кезегіндегі күнін күйеуінің басқа әйеліне сыйлауы
  34. 34Кейбір жұбайларға кезек бөлмеу туралы
  35. 35Әйелді көрген адам өз жұбайымен жақындассын: бұл оның бойындағы құмарлықты басады
  36. 36Әйелдермен тіл табысу және оларға жақсы қарау туралы өсиет
  37. 37Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмесін
  38. 38Хауа болмағанда, ешбір әйел күйеуіне қиянат жасамас еді
  39. 39Сапардан қайтқан адам жұбайы ұйпа-тұйпа шашын тарап үлгеруі үшін үйіне кіруге асықпасын
بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي النِّكَاحِ

1-бапҮйленуге ынталандыру

794
Мүслим, № 794

عَنْ عَلْقَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنْتُ أَمْشِي مَعَ عَبْدِ اللَّهِ بِمِنًى، فَلَقِيَهُ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَقَامَ مَعَهُ يُحَدِّثُهُ، فَقَالَ لَهُ عُثْمَانُ: “يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، أَلَا نُزَوِّجُكَ جَارِيَةً شَابَّةً، لَعَلَّهَا تُذَكِّرُكَ بَعْضَ مَا مَضَى مِنْ زَمَانِكَ؟”» قَالَ: «فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “إِنْ قُلْتَ ذَلِكَ لَقَدْ قَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘يَا مَعْشَرَ الشَّبَابِ، مَنِ اِسْتَطَاعَ مِنْكُمُ الْبَاءَةَ فَلْيَتَزَوَّجْ، فَإِنَّهُ أَغَضُّ لِلْبَصَرِ، وَأَحْصَنُ لِلْفَرْجِ، وَمَنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَعَلَيْهِ بِالصَّوْمِ، فَإِنَّهُ لَهُ وِجَاءٌ’”».

Қазақша аудармасы

Алқама (р.а.) былай деді: «Мен Минада Абдулламен (р.а.) бірге келе жатқан едім. Сол кезде оған Осман (р.а.) жолығып, қасында тұрып әңгімелесті. Осман оған: “Уа, Әбу Абдуррахман! Сені жас бір қызға үйлендіріп қояйық па? Бәлкім, ол саған өтіп кеткен жастық шағыңның кейбір күндерін еске түсірер”, – деді. Сонда Абдулла: “Егер сен осылай десең, Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: ‘Уа, жастар қауымы! Араларыңнан кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін. Өйткені бұл көзді харамға қараудан жақсырақ тыяды әрі ар-намысты жақсырақ қорғайды. Ал кімнің шамасы жетпесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза оның нәпсі құмарлығын тежейді’, – деген”, – деді» (1400/1).

795
Мүслим, № 795Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَفَرًا مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ سَأَلُوا أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ عَنْ عَمَلِهِ فِي السِّرِّ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا أَتَزَوَّجُ النِّسَاءَ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا آكُلُ اللَّحْمَ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا أَنَامُ عَلَى فِرَاشٍ»، فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ. فَقَالَ: «مَا بَالُ أَقْوَامٍ قَالُوا كَذَا وَكَذَا؟ لَكِنِّي أُصَلِّي وَأَنَامُ، وَأَصُومُ وَأُفْطِرُ، وَأَتَزَوَّجُ النِّسَاءَ، فَمَنْ رَغِبَ عَنْ سُنَّتِي فَلَيْسَ مِنِّي».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) бір топ сахабасы оның жұбайларынан оңашада жасайтын амалдары жайында сұрады. Олардың бірі: “Мен әйелдерге үйленбеймін”, – деді. Екіншісі: “Мен ет жемеймін”, – деді. Тағы бірі: “Мен төсекке жатып ұйықтамаймын”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптегеннен кейін: “Пәлендей-пәлендей сөздер айтқан адамдарға не болған? Мен намаз да оқимын, ұйықтаймын да; ораза ұстаймын да, ұстамаймын да; әйелдерге де үйленемін. Кім менің сүннетімнен теріс айналса, ол менен емес”, – деді» (1401/5).

796
Мүслим, № 796

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى عُثْمَانَ بْنِ مَظْعُونٍ التَّبَتُّلَ، وَلَوْ أَذِنَ لَهُ لَاخْتَصَيْنَا».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Осман ибн Мазғунның некеден біржола бас тартуына рұқсат бермеді. Егер оған рұқсат еткенде, біз өзімізді піштірер едік» (1402/6).

بَابٌ: خَيْرُ مَتَاعِ الدُّنْيَا الْمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ

2-бапДүниедегі ең абзал игілік – ізгі әйел

797
Мүслим, № 797Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الدُّنْيَا مَتَاعٌ، وَخَيْرُ مَتَاعِ الدُّنْيَا الْمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүние – игілік. Ал дүниедегі ең абзал игілік – ізгі әйел», – деген (1467/64).

بَابٌ: فِي نِكَاحِ ذَاتِ الدِّينِ

3-бапДіндар әйелге үйлену туралы

798
Мүслим, № 798Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «تُنْكَحُ الْمَرْأَةُ لِأَرْبَعٍ: لِمَالِهَا، وَلِحَسَبِهَا، وَلِجَمَالِهَا، وَلِدِينِهَا، فَاظْفَرْ بِذَاتِ الدِّينِ، تَرِبَتْ يَدَاكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: мал-дүниесі, тектілігі, сұлулығы және діндарлығы үшін. Сен діндарын таңда, екі қолың топыраққа былғанғыр!» (1466/53).

بَابٌ: فِي نِكَاحِ الْبِكْرِ

4-бапБұрын тұрмыс құрмаған қызға үйлену туралы

799
Мүслим, № 799Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ هَلَكَ وَتَرَكَ تِسْعَ بَنَاتٍ (أَوْ قَالَ: «سَبْعَ بَنَاتٍ») فَتَزَوَّجْتُ امْرَأَةً ثَيِّبًا، فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا جَابِرُ، تَزَوَّجْتَ؟» قَالَ: قُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَبِكْرٌ أَمْ ثَيِّبٌ؟» قَالَ: قُلْتُ: «بَلْ ثَيِّبٌ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَهَلَّا جَارِيَةً تُلَاعِبُهَا وَتُلَاعِبُكَ؟» أَوْ قَالَ: «تُضَاحِكُهَا وَتُضَاحِكُكَ؟» قَالَ: قُلْتُ لَهُ: «إِنَّ عَبْدَ اللَّهِ هَلَكَ وَتَرَكَ تِسْعَ بَنَاتٍ» (أَوْ سَبْعَ) «وَإِنِّي كَرِهْتُ أَنْ آتِيَهُنَّ أَوْ أَجِيئَهُنَّ بِمِثْلِهِنَّ، فَأَحْبَبْتُ أَنْ أَجِيءَ بِامْرَأَةٍ تَقُومُ عَلَيْهِنَّ، وَتُصْلِحُهُنَّ». قَالَ: «فَبَارَكَ اللَّهُ لَكَ» أَوْ قَالَ لِي خَيْرًا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Әкем Абдулла қайтыс болып, артында тоғыз қызын (немесе: “Жеті қызын”, – деді) қалдырды. Мен бұрын тұрмыста болған бір әйелге үйлендім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) менен: “Уа, Жәбир! Үйлендің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Бұрын тұрмыс құрмаған қызға ма, әлде бұрын тұрмыста болған әйелге ме?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Бұрын тұрмыста болған әйелге”, – дедім. Ол: “Неге өзің онымен ойнайтын, ол да сенімен ойнайтын жас қызға үйленбедің?” – деді. Немесе: “Өзің онымен күлісетін, ол да сенімен күлісетін жас қызға үйленбедің бе?” – деді. Мен оған: “Абдулла қайтыс болып, артында тоғыз немесе жеті қызын қалдырды. Мен оларға өздері секілді біреуді апарғым немесе әкелгім келмеді. Сондықтан олардың қамын ойлап, жағдайларын реттейтін бір әйел әкелуді жөн көрдім”, – дедім. Сонда ол: “Алла саған береке берсін”, – деді немесе маған жақсы сөз айтты» (715/56).

بَابٌ: لَا يَخْطُبْ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ

5-бапЕшкім діндес бауыры құда түскен әйелге құда түспесін

800
Мүслим, № 800

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ شِمَاسَةَ، أَنَّهُ سَمِعَ عُقْبَةَ بْنَ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَلَى الْمِنْبَرِ يَقُولُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “الْمُؤْمِنُ أَخُو الْمُؤْمِنِ، فَلَا يَحِلُّ لِلْمُؤْمِنِ أَنْ يَبْتَاعَ عَلَى بَيْعِ أَخِيهِ، وَلَا يَخْطُبَ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ حَتَّى يَذَرَ”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Шимаса Уқба ибн Амирдің (р.а.) мінберде тұрып былай дегенін естігенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мүмін – мүміннің бауыры. Сондықтан мүмінге діндес бауырының саудасының үстінен сауда жасауға да, ол бас тартпайынша, оның құда түсуінің үстінен құда түсуге де болмайды”, – деді» (1414/56).

بَابٌ: النَّظَرُ إِلَى الْمَرْأَةِ لِمَنْ يُرِيدُ التَّزْوِيجَ

6-бапҮйленуге ниеттенген адамның өзі таңдаған әйелді көруі

801
Мүслим, № 801Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: “إِنِّي تَزَوَّجْتُ امْرَأَةً مِنَ الْأَنْصَارِ”. فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: “هَلْ نَظَرْتَ إِلَيْهَا؟ فَإِنَّ فِي عُيُونِ الْأَنْصَارِ شَيْئًا”. قَالَ: “قَدْ نَظَرْتُ إِلَيْهَا”. قَالَ: “عَلَى كَمْ تَزَوَّجْتَهَا؟” قَالَ: “عَلَى أَرْبَعِ أَوَاقٍ”. فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: “عَلَى أَرْبَعِ أَوَاقٍ؟ كَأَنَّمَا تَنْحِتُونَ الْفِضَّةَ مِنْ عُرْضِ هَذَا الْجَبَلِ! مَا عِنْدَنَا مَا نُعْطِيكَ، وَلَكِنْ عَسَى أَنْ نَبْعَثَكَ فِي بَعْثٍ تُصِيبُ مِنْهُ”». قَالَ: «فَبَعَثَ بَعْثًا إِلَى بَنِي عَبْسٍ، بَعَثَ ذَلِكَ الرَّجُلَ فِيهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Мен ансарлардан бір әйелге үйлендім”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Оған қарадың ба? Өйткені ансар әйелдерінің көздерінде бір өзгешелік бар”, – деп сұрады. Ол: “Иә, оған қарадым”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оған қанша мәһірге үйлендің?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Төрт уқияға”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Төрт уқияға ма?! Сендер күмісті мына таудың қапталынан ойып алып жатқандайсыңдар ғой! Біздің саған беретін ештеңеміз жоқ. Алайда сені бір жасақпен бірге аттандыруымыз мүмкін, бәлкім, сол сапарда бір нәрсе қолға түсірерсің”, – деді. Кейін Пайғамбар (с.а.с.) Бәну Абсқа бір жасақ жіберіп, әлгі кісіні де солардың қатарына қосты» (1424/75).

بَابٌ: اِسْتِئْمَارُ الْأَيِّمِ وَالْبِكْرِ فِي النِّكَاحِ

7-бапБұрын тұрмыста болған әйелден де, қыздан да некеге тұруға келісім сұрау

802
Мүслим, № 802Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تُنْكَحُ الْأَيِّمُ حَتَّى تُسْتَأْمَرَ، وَلَا تُنْكَحُ الْبِكْرُ حَتَّى تُسْتَأْذَنَ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيْفَ إِذْنُهَا؟» قَالَ: «أَنْ تَسْكُتَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұрын тұрмыс құрған әйелдің келісімі алынбайынша, оған неке қиылмасын. Бойжеткен қыздың рұқсаты сұралмайынша, оған да неке қиылмасын”, – деді. Адамдар: “Уа, Алланың Елшісі! Оның рұқсат бергені қалай білінеді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Үнсіз қалуы арқылы”, – деді» (1419/64).

803
Мүслим, № 803Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الْأَيِّمُ أَحَقُّ بِنَفْسِهَا مِنْ وَلِيِّهَا، وَالْبِكْرُ تُسْتَأْذَنُ فِي نَفْسِهَا، وَإِذْنُهَا صُمَاتُهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Бұрын тұрмыс құрған әйел өзінің некесі жөнінде уәлиінен гөрі көбірек хақылы. Ал тұрмыс құрмаған қыздан өзінің некесі жайында рұқсат сұралады. Оның рұқсаты – үнсіз қалуы», – деген (1421/66).

بَابٌ: الشُّرُوطُ فِي النِّكَاحِ

8-бапНекелескенде қойылатын шарттар

804
Мүслим, № 804Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَحَقَّ الشَّرْطِ أَنْ يُوفَى بِهِ مَا اسْتَحْلَلْتُمْ بِهِ الْفُرُوجَ».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амирдің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Шарттарыңның ішінде орындалуға ең лайығы – сол арқылы әйелдерді өздеріңе халал еткен шарт», – деді (1418/63).

بَابٌ: تَزْوِيجُ الصَّغِيرَةِ

9-бапКішкентай қызды тұрмысқа беру

805
Мүслим, № 805Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «تَزَوَّجَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِسِتِّ سِنِينَ، وَبَنَى بِي وَأَنَا بِنْتُ تِسْعِ سِنِينَ». قَالَتْ: «فَقَدِمْنَا الْمَدِينَةَ، فَوُعِكْتُ شَهْرًا، فَوَفَى شَعْرِي جُمَيْمَةً، فَأَتَتْنِي أُمُّ رُومَانَ، وَأَنَا عَلَى أُرْجُوحَةٍ، وَمَعِي صَوَاحِبِي، فَصَرَخَتْ بِي فَأَتَيْتُهَا، وَمَا أَدْرِي مَا تُرِيدُ بِي، فَأَخَذَتْ بِيَدِي، فَأَوْقَفَتْنِي عَلَى الْبَابِ، فَقُلْتُ: “هَهْ هَهْ”، حَتَّى ذَهَبَ نَفَسِي، فَأَدْخَلَتْنِي بَيْتًا، فَإِذَا نِسْوَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقُلْنَ: “عَلَى الْخَيْرِ وَالْبَرَكَةِ، وَعَلَى خَيْرِ طَائِرٍ”، فَأَسْلَمَتْنِي إِلَيْهِنَّ، فَغَسَلْنَ رَأْسِي وَأَصْلَحْنَنِي، فَلَمْ يَرُعْنِي إِلَّا وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ ضُحًى، فَأَسْلَمَتْنِي إِلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені алты жасымда некесіне алды, ал тоғыз жасымда менімен ерлі-зайыптылық өмірін бастады. Содан кейін Мәдинаға келдік. Сол жерде бір ай сырқаттандым. Содан соң шашым иығыма дейін өсті. Мен құрбыларыммен бірге әткеншек теуіп жүргенімде, Үммі Руман келіп, мені дауыстап шақырды. Мен оған бардым, бірақ менен не қалайтынын білмедім. Ол қолымнан ұстап, есіктің алдына әкеліп тұрғызды. Мен: “Үһ, үһ”, – деп ентігіп тұрдым, ақыры тынысым басылды. Содан кейін ол мені бір үйге кіргізді. Онда ансарлық әйелдер отыр екен. Олар: “Қайырлы да берекелі болсын, бағың ашылсын!” – десті. Үммі Руман мені соларға табыстады. Олар шашымды жуып, мені әзірледі. Сәске кезінде Алла Елшісі (с.а.с.) кенеттен келді. Сонда Үммі Руман мені оған табыстады» (1422/69).

بَابٌ: عِتْقُ الْأَمَةِ وَتَزْوِيجُهَا

10-бапКүңді азат етіп, оған үйлену

806
Мүслим, № 806Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ غَزَا خَيْبَرَ، قَالَ: «فَصَلَّيْنَا عِنْدَهَا صَلَاةَ الْغَدَاةِ بِغَلَسٍ، فَرَكِبَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ وَرَكِبَ أَبُو طَلْحَةَ، وَأَنَا رَدِيفُ أَبِي طَلْحَةَ، فَأَجْرَى نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ فِي زُقَاقِ خَيْبَرَ، وَإِنَّ رُكْبَتِي لَتَمَسُّ فَخِذَ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ. وَانْحَسَرَ الْإِزَارُ عَنْ فَخِذِ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ، فَإِنِّي لَأَرَى بَيَاضَ فَخِذِ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ. فَلَمَّا دَخَلَ الْقَرْيَةَ قَالَ: “اللَّهُ أَكْبَرُ! خَرِبَتْ خَيْبَرُ! إِنَّا إِذَا نَزَلْنَا بِسَاحَةِ قَوْمٍ ﴿فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنْذَرِينَ﴾ [الصَّافَّاتِ: ١٧٧]”. قَالَهَا ثَلَاثَ مَرَّاتٍ». قَالَ: «وَقَدْ خَرَجَ الْقَوْمُ إِلَى أَعْمَالِهِمْ، فَقَالُوا: “مُحَمَّدٌ، وَاللَّهِ!”» (قَالَ عَبْدُ الْعَزِيزِ: وَقَالَ بَعْضُ أَصْحَابِنَا: «مُحَمَّدٌ، وَالْخَمِيسُ»). قَالَ: «وَأَصَبْنَاهَا عَنْوَةً، وَجُمِعَ السَّبْيُ، فَجَاءَهُ دِحْيَةُ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَعْطِنِي جَارِيَةً مِنَ السَّبْيِ”. فَقَالَ: “اِذْهَبْ فَخُذْ جَارِيَةً”، فَأَخَذَ صَفِيَّةَ بِنْتَ حُيَيٍّ، فَجَاءَ رَجُلٌ إِلَى نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، أَعْطَيْتَ دِحْيَةَ صَفِيَّةَ بِنْتَ حُيَيٍّ سَيِّدِ قُرَيْظَةَ وَالنَّضِيرِ؟ مَا تَصْلُحُ إِلَّا لَكَ”. قَالَ: “اُدْعُوهُ بِهَا”. قَالَ: فَجَاءَ بِهَا، فَلَمَّا نَظَرَ إِلَيْهَا النَّبِيُّ ﷺ قَالَ: “خُذْ جَارِيَةً مِنَ السَّبْيِ غَيْرَهَا”. قَالَ: وَأَعْتَقَهَا وَتَزَوَّجَهَا». فَقَالَ لَهُ ثَابِتٌ: «يَا أَبَا حَمْزَةَ، مَا أَصْدَقَهَا؟» قَالَ: «نَفْسَهَا؛ أَعْتَقَهَا وَتَزَوَّجَهَا. حَتَّى إِذَا كَانَ بِالطَّرِيقِ جَهَّزَتْهَا لَهُ أُمُّ سُلَيْمٍ، فَأَهْدَتْهَا لَهُ مِنَ اللَّيْلِ، فَأَصْبَحَ النَّبِيُّ ﷺ عَرُوسًا، فَقَالَ: “مَنْ كَانَ عِنْدَهُ شَيْءٌ فَلْيَجِئْ بِهِ”. قَالَ: وَبَسَطَ نِطَعًا، قَالَ: فَجَعَلَ الرَّجُلُ يَجِيءُ بِالْأَقِطِ، وَجَعَلَ الرَّجُلُ يَجِيءُ بِالتَّمْرِ، وَجَعَلَ الرَّجُلُ يَجِيءُ بِالسَّمْنِ، فَحَاسُوا حَيْسًا، فَكَانَتْ وَلِيمَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбарға жорыққа аттанды. Біз Хайбардың маңында таң намазын таң қараңғысында оқыдық. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мініс көлігіне, Әбу Талха да өз көлігіне мінді, ал мен Әбу Талханың артына мінгестім. Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбардың тар көшелерімен мінісін жедел айдап келе жатты. Сол кезде менің тізем Алла Елшісінің (с.а.с.) санына тиіп келе жатты. Оның изары санынан сырғып түсіп, мен санының аппақтығын көрдім. Қонысқа кірген кезде ол (с.а.с.): “Алла – аса Ұлы! Хайбар күйреді! Біз бір қауымның қонысына келіп түскенде, ﴿فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنْذَرِينَ﴾ ‘ескерту алғандардың көрер таңы өте жаман болмақ!’ (“Саффат”, 177)”, – деді. Мұны үш рет қайталады. Жұрт күнделікті жұмыстарына шығып кеткен еді. Олар: “Алламен ант етеміз, бұл – Мұхаммед!” – десті». Абдулазиз: «Кейбір жолдастарымыздың риуаятында: “Бұл – Мұхаммед пен оның әскері!” – делінген», – деді. Әнәс сөзін жалғастырып: «Біз Хайбарды күшпен алдық. Тұтқындар жиналған кезде Дихия келіп: “Уа, Алланың Елшісі! Маған тұтқындардың арасынан бір күң беріңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Барып, бір күңді таңдап ал”, – деді. Дихия Сафия бинт Хуяйды таңдады. Сонда бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың Пайғамбары! Сіз Дихияға Құрайза мен Нәдирдің көсемі Хуяйдың қызы Сафияны бердіңіз бе? Ол сізден басқа ешкімге лайық емес”, – деді. Ол (с.а.с.): “Дихияны Сафиямен бірге шақырыңдар”, – деді. Дихия Сафияны ертіп келді. Пайғамбар (с.а.с.) Сафияға көз салғаннан кейін Дихияға: “Тұтқындардың арасынан бұдан басқа бір күң ал”, – деді. Содан кейін Сафияны азат етіп, оған үйленді». Сәбит Әнәстен: «Уа, Әбу Хамза! Алла Елшісі (с.а.с.) Сафияға қандай мәһір берді?» – деп сұрады. Әнәс (р.а.): «Оның азаттығының өзін мәһір етті: оны азат етіп, кейін оған үйленді. Жолда келе жатқанда Үммі Сүләйм Сафияны Алла Елшісіне (с.а.с.) қалыңдық ретінде әзірлеп, түнде оның қасына апарды. Пайғамбар (с.а.с.) ертеңіне күйеу болып таң атырды да: “Кімнің қолында қандай да бір тағамы болса, алып келсін”, – деді. Содан кейін теріден жасалған дастарқан жайылды. Бірі құрт, бірі құрма, енді бірі сары май әкелді. Олар соларды араластырып, хайс тағамын әзірледі. Бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) үйлену тойының асы еді», – деді (1365/84).

807
Мүслим, № 807Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الَّذِي يُعْتِقُ جَارِيَتَهُ ثُمَّ يَتَزَوَّجُهَا: «لَهُ أَجْرَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) күңін азат етіп, кейін оған үйленген адам туралы: “Оған екі сауап бар”, – деді», – деп баяндады (154/86).

بَابٌ: نِكَاحُ الشِّغَارِ

11-бапҚыздарын бір-біріне мәһірсіз ұзату шартымен қиылатын шиғар некесі

808
Мүслим, № 808Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الشِّغَارِ. وَالشِّغَارُ: أَنْ يُزَوِّجَ الرَّجُلُ ابْنَتَهُ عَلَى أَنْ يُزَوِّجَهُ ابْنَتَهُ، وَلَيْسَ بَيْنَهُمَا صَدَاقٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) шиғар некесіне тыйым салған. Шиғар – бір адамның өз қызын екінші адамға, оның да өз қызын бұған тұрмысқа беруі шартымен ұзатуы және екі жақта да мәһір белгіленбеуі (1415/57).

بَابٌ: فِي نِكَاحِ الْمُتْعَةِ

12-бапМұтға (уақытша) некесі туралы

809
Мүслим, № 809

عَنْ قَيْسٍ، قَالَ: «سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: “كُنَّا نَغْزُو مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَيْسَ لَنَا نِسَاءٌ، فَقُلْنَا: ‘أَلَا نَسْتَخْصِي؟’ فَنَهَانَا عَنْ ذَلِكَ، ثُمَّ رَخَّصَ لَنَا أَنْ نَنْكِحَ الْمَرْأَةَ بِالثَّوْبِ إِلَى أَجَلٍ”. ثُمَّ قَرَأَ عَبْدُ اللَّهِ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُحَرِّمُوا طَيِّبَاتِ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوا إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ﴾ [الْمَائِدَةِ: ٨٧]».

Қазақша аудармасы

Қайс: «Мен Абдулла ибн Масғудтың (р.а.): “Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жорықтарға шығатынбыз. Жанымызда әйелдеріміз болмайтын. Сонда біз: ‘Өзімізді піштіріп тастасақ қайтеді?’ – дедік. Ол (с.а.с.) бұған тыйым салды. Кейін бізге бір киімді ақы етіп беріп, белгілі бір мерзімге әйелмен некелесуге рұқсат етті”, – дегенін естідім. Содан кейін Абдулла: “Уа, иман келтіргендер! Алланың сендер үшін адал еткен нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар және шектен шықпаңдар. Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді” («Мәида», 87), – деп оқыды», – деді (1404/11).

810
Мүслим, № 810Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا نَسْتَمْتِعُ بِالْقَبْضَةِ مِنَ التَّمْرِ وَالدَّقِيقِ الْأَيَّامَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَبِي بَكْرٍ، حَتَّى نَهَى عَنْهُ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي شَأْنِ عَمْرِو بْنِ حُرَيْثٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мен Әбу Бәкірдің тұсында бір уыс құрма мен ұнды ақы етіп, бірнеше күнге мұтға некесін қиятынбыз. Ақырында Омар (р.а.) Амр ибн Хурайсқа қатысты оқиғадан кейін оған тыйым салды» (1405/16).

بَابٌ: نَسْخُ نِكَاحِ الْمُتْعَةِ وَتَحْرِيمُهَا

13-бапМұтға некесіне берілген рұқсаттың жойылуы және оның харам етілуі

811
Мүслим, № 811Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ مُتْعَةِ النِّسَاءِ يَوْمَ خَيْبَرَ، وَعَنْ أَكْلِ لُحُومِ الْحُمُرِ الْإِنْسِيَّةِ.

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар күні әйелдермен мұтға некесін қиюға және үй есектерінің етін жеуге тыйым салған (1407/29).

812
Мүслим, № 812

عَنِ الرَّبِيعِ بْنِ سَبْرَةَ، أَنَّ أَبَاهُ غَزَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَتْحَ مَكَّةَ، قَالَ: «فَأَقَمْنَا بِهَا خَمْسَ عَشْرَةَ» (ثَلَاثِينَ بَيْنَ لَيْلَةٍ وَيَوْمٍ) «فَأَذِنَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي مُتْعَةِ النِّسَاءِ، فَخَرَجْتُ أَنَا وَرَجُلٌ مِنْ قَوْمِي، وَلِي عَلَيْهِ فَضْلٌ فِي الْجَمَالِ، وَهُوَ قَرِيبٌ مِنَ الدَّمَامَةِ، مَعَ كُلِّ وَاحِدٍ مِنَّا بُرْدٌ، فَبُرْدِي خَلَقٌ، وَأَمَّا بُرْدُ ابْنِ عَمِّي فَبُرْدٌ جَدِيدٌ غَضٌّ، حَتَّى إِذَا كُنَّا بِأَسْفَلِ مَكَّةَ (أَوْ بِأَعْلَاهَا) فَتَلَقَّتْنَا فَتَاةٌ مِثْلُ الْبَكْرَةِ الْعَنَطْنَطَةِ، فَقُلْنَا: “هَلْ لَكِ أَنْ يَسْتَمْتِعَ مِنْكِ أَحَدُنَا؟” قَالَتْ: “وَمَاذَا تَبْذُلَانِ؟” فَنَشَرَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنَّا بُرْدَهُ، فَجَعَلَتْ تَنْظُرُ إِلَى الرَّجُلَيْنِ، وَيَرَاهَا صَاحِبِي تَنْظُرُ إِلَى عِطْفِهَا، فَقَالَ: “إِنَّ بُرْدَ هَذَا خَلَقٌ، وَبُرْدِي جَدِيدٌ غَضٌّ”، فَتَقُولُ: “بُرْدُ هَذَا لَا بَأْسَ بِهِ” ثَلَاثَ مِرَارٍ (أَوْ مَرَّتَيْنِ). ثُمَّ اِسْتَمْتَعْتُ مِنْهَا، فَلَمْ أَخْرُجْ حَتَّى حَرَّمَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Рабиғ ибн Сабраның жеткізуінше, оның әкесі Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Меккені алу жорығына қатысқан еді. Ол былай деді: «Біз онда он бес тәулік – он бес күн мен он бес түн – тұрдық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге әйелдермен уақытша некелесуге рұқсат берді. Мен руымнан шыққан бір кісімен бірге жолға шықтым. Мен одан көріктірек едім, ал ол көріксіздеу болатын. Екеуімізде де бір-бір шапан бар еді. Менің шапаным ескі, ал немере ағайынымның шапаны жаңа әрі жұп-жұмсақ еді. Меккенің төменгі жағына – немесе жоғарғы жағына – жеткенімізде, бізге жас аруанадай бойшаң бір бойжеткен кездесті. Біз оған: “Екеуіміздің біріміздің сенімен уақытша некелесуімізге келісесің бе?” – дедік. Ол: “Не бересіңдер?” – деп сұрады. Әрқайсымыз шапанымызды жайып көрсеттік. Ол екеуімізге кезек-кезек қарай бастады. Жолдасым оның өзінен теріс қарап тұрғанын көріп: “Мынаның шапаны ескі, ал менің шапаным жаңа әрі жұп-жұмсақ”, – деді. Сонда әлгі әйел: “Мынаның шапаны да жаман емес”, – деп үш рет (немесе екі рет) айтты. Содан кейін мен онымен уақытша некелестім. Алла Елшісі (с.а.с.) мұтға некесін харам еткенге дейін сол жерден кетпедім» (1406/20).

813
Мүслим, № 813

عَنْ سَبْرَةَ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ كَانَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنِّي قَدْ كُنْتُ أَذِنْتُ لَكُمْ فِي الِاسْتِمْتَاعِ مِنَ النِّسَاءِ، وَإِنَّ اللَّهَ قَدْ حَرَّمَ ذَلِكَ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، فَمَنْ كَانَ عِنْدَهُ مِنْهُنَّ شَيْءٌ فَلْيُخَلِّ سَبِيلَهَا، وَلَا تَأْخُذُوا مِمَّا آتَيْتُمُوهُنَّ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Сабра әл-Жуһани (р.а.) Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болғанын және оның былай дегенін жеткізді: «Уа, адамдар! Мен сендерге әйелдермен уақытша некелесуге рұқсат берген едім. Алайда Алла оны Қиямет күніне дейін харам етті. Кімнің осындай некедегі әйелі болса, оны қоя берсін. Оларға бергендеріңнен ештеңені қайтарып алмаңдар» (1406/21).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ نِكَاحِ الْمُحْرِمِ وَخِطْبَتِهِ

14-бапИхрамдағы адамның некелесуіне және құда түсуіне тыйым салу

814
Мүслим, № 814

عَنْ نُبَيْهِ بْنِ وَهْبٍ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ عُبَيْدِ اللَّهِ أَرَادَ أَنْ يُزَوِّجَ طَلْحَةَ بْنَ عُمَرَ بِنْتَ شَيْبَةَ بْنِ جُبَيْرٍ، فَأَرْسَلَ إِلَى أَبَانَ بْنِ عُثْمَانَ يَحْضُرُ ذَلِكَ، وَهُوَ أَمِيرُ الْحَجِّ، فَقَالَ أَبَانُ: «سَمِعْتُ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: “قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘لَا يَنْكِحُ الْمُحْرِمُ، وَلَا يُنْكِحُ، وَلَا يَخْطُبُ’”».

Қазақша аудармасы

Нубәйһ ибн Уәһбтің жеткізуінше, Омар ибн Убайдулла Талха ибн Омарды Шәйба ибн Жубәйрдің қызына үйлендіргісі келіп, сол некеге қатысуға Әбан ибн Османды шақыртты. Ол қажылық әмірі еді. Сонда Әбан: «Мен Османның (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Ихрамдағы адам өзі де некелеспейді, өзгені де некелестірмейді әрі құда түспейді’, – деді”, – дегенін естідім», – деді (1409/45).

815
Мүслим, № 815Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «تَزَوَّجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَيْمُونَةَ [وَهُوَ] مُحْرِمٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәймунаға ихрамда болған кезінде үйленді» (1410/47).

816
Мүслим, № 816

عَنْ يَزِيدَ بْنِ الْأَصَمِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «حَدَّثَتْنِي مَيْمُونَةُ بِنْتُ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَزَوَّجَهَا وَهُوَ حَلَالٌ». قَالَ: «وَكَانَتْ خَالَتِي وَخَالَةَ ابْنِ عَبَّاسٍ».

Қазақша аудармасы

Язид ибн әл-Асамм (р.а.) былай деді: «Мәймуна бинт Харис (р.а.) маған Алла Елшісінің (с.а.с.) өзіне ихрамда болмаған кезінде үйленгенін баяндады. Ол менің де, Ибн Аббастың да нағашы әпкесі еді» (1411/48).

بَابٌ: تَحْرِيمُ الْجَمْعِ بَيْنَ الْمَرْأَةِ وَعَمَّتِهَا أَوْ خَالَتِهَا

15-бапӘйелді оның әкесінің әпкесімен не қарындасымен немесе анасының әпкесімен не сіңлісімен қатар некеде ұстаудың харамдығы

817
Мүслим, № 817Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ أَرْبَعِ نِسْوَةٍ أَنْ يُجْمَعَ بَيْنَهُنَّ: الْمَرْأَةِ وَعَمَّتِهَا، وَالْمَرْأَةِ وَخَالَتِهَا.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына төрт әйелді жұп-жұбымен қатар некеде ұстауға тыйым салғанын жеткізді: әйел мен оның әкесінің әпкесі не қарындасын, сондай-ақ әйел мен оның анасының әпкесі не сіңлісін (1408/34).

بَابٌ: صَدَاقُ النَّبِيِّ ﷺ لِأَزْوَاجِهِ

16-бапАлланың Пайғамбарының (с.а.с.) жұбайларына берген мәһірі

818
Мүслим, № 818

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ زَوْجَ النَّبِيِّ ﷺ: “كَمْ كَانَ صَدَاقُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” قَالَتْ: “كَانَ صَدَاقُهُ لِأَزْوَاجِهِ ثِنْتَيْ عَشْرَةَ أُوقِيَّةً وَنَشًّا”. قَالَتْ: “أَتَدْرِي مَا النَّشُّ؟” قَالَ: قُلْتُ: “لَا”. قَالَتْ: “نِصْفُ أُوقِيَّةٍ، فَتِلْكَ خَمْسُمِائَةِ دِرْهَمٍ، فَهَذَا صَدَاقُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِأَزْوَاجِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман былай деді: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшадан (р.а.): “Алла елшісінің (с.а.с.) әйелдеріне берген мәһірі қанша еді?” – деп сұрадым. Ол: “Оның әйелдеріне берген мәһірі он екі уқия және бір нәшш еді”, – деді. Содан кейін менен: “Нәшштің не екенін білесің бе?” – деп сұрады. Мен: “Жоқ”, – дедім. Ол: “Ол – жарты уқия. Осылайша, барлығы бес жүз дирһам болады. Алла елшісінің (с.а.с.) әйелдеріне берген мәһірі осы еді”, – деді» (1426/78).

بَابٌ: النِّكَاحُ عَلَى وَزْنِ نَوَاةٍ مِنْ ذَهَبٍ

17-бапСалмағы бір нәуатқа, яғни бес дирһамға тең алтынды мәһір етіп беріп үйлену

819
Мүслим, № 819Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى عَلَى عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَثَرَ صُفْرَةٍ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي تَزَوَّجْتُ امْرَأَةً عَلَى وَزْنِ نَوَاةٍ مِنْ ذَهَبٍ». قَالَ: «فَبَارَكَ اللَّهُ لَكَ، أَوْلِمْ وَلَوْ بِشَاةٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауфтың бойынан сарғыш із көріп: “Бұл не?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Алланың елшісі! Мен бір әйелге салмағы бір нәуат алтынды мәһір етіп үйлендім”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Алла саған береке берсін! Бір қоймен болса да, үйлену тойын жаса”, – деді (1427/79).

بَابٌ: التَّزْوِيجُ عَلَى تَعْلِيمِ الْقُرْآنِ

18-бапҚұран үйретуді мәһір ретінде белгілеп некелестіру

820
Мүслим, № 820Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، جِئْتُ أَهَبُ لَكَ نَفْسِي”، فَنَظَرَ إِلَيْهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَصَعَّدَ النَّظَرَ فِيهَا وَصَوَّبَهُ، ثُمَّ طَأْطَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَأْسَهُ، فَلَمَّا رَأَتِ الْمَرْأَةُ أَنَّهُ لَمْ يَقْضِ فِيهَا شَيْئًا، جَلَسَتْ، فَقَامَ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ لَمْ يَكُنْ لَكَ بِهَا حَاجَةٌ فَزَوِّجْنِيهَا”. فَقَالَ: “فَهَلْ عِنْدَكَ مِنْ شَيْءٍ؟” فَقَالَ: “لَا، وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. فَقَالَ: “اِذْهَبْ إِلَى أَهْلِكَ فَانْظُرْ هَلْ تَجِدُ شَيْئًا”، فَذَهَبَ ثُمَّ رَجَعَ، فَقَالَ: “لَا، وَاللَّهِ، مَا وَجَدْتُ شَيْئًا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اُنْظُرْ وَلَوْ خَاتِمًا مِنْ حَدِيدٍ”، فَذَهَبَ ثُمَّ رَجَعَ، فَقَالَ: “لَا، وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلَا خَاتِمًا مِنْ حَدِيدٍ، وَلَكِنْ هَذَا إِزَارِي” (قَالَ سَهْلٌ: “مَا لَهُ رِدَاءٌ”) “فَلَهَا نِصْفُهُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا تَصْنَعُ بِإِزَارِكَ؟ إِنْ لَبِسْتَهُ لَمْ يَكُنْ عَلَيْهَا مِنْهُ شَيْءٌ، وَإِنْ لَبِسَتْهُ لَمْ يَكُنْ عَلَيْكَ مِنْهُ شَيْءٌ”، فَجَلَسَ الرَّجُلُ، حَتَّى إِذَا طَالَ مَجْلِسُهُ قَامَ، فَرَآهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُوَلِّيًا، فَأَمَرَ بِهِ فَدُعِيَ، فَلَمَّا جَاءَ قَالَ: “مَاذَا مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ؟” قَالَ: “مَعِي سُورَةُ كَذَا وَسُورَةُ كَذَا” (عَدَّدَهَا). فَقَالَ: “تَقْرَؤُهُنَّ عَنْ ظَهْرِ قَلْبِكَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “اِذْهَبْ فَقَدْ مَلَّكْتُكَهَا بِمَا مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ”».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деді: «Бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың елшісі! Өзімді сізге некеге ұсынуға келдім”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оған жоғарыдан төмен қарай көз жүгіртіп шықты да, басын төмен салды. Әйел өзінің жайында ешқандай шешім қабылданбағанын көрген соң, отыра кетті. Сонда оның сахабаларының бірі орнынан тұрып: “Уа, Алланың елшісі! Егер бұл әйелге үйлену ойыңыз болмаса, оны маған некелеп беріңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Мәһірге берер бір нәрсең бар ма?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Жоқ, Алламен ант етемін, уа, Алланың елшісі!” – деді. Ол (с.а.с.): “Үй-ішіңе барып, бір нәрсе табылар-табылмасын қарап кел”, – деді. Ол барып, қайта оралды да: “Жоқ, Алламен ант етемін, ештеңе таппадым”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Темір сақина болса да, іздеп көр”, – деді. Ол тағы барып, қайтып келді де: “Жоқ, Алламен ант етемін, уа, Алланың елшісі! Темір сақина да табылмады. Бірақ мына изарым бар”, – деді. Сәһл (р.а.): “Оның үстіңгі жамылғысы жоқ еді”, – деген. Әлгі адам: “Соның жартысы әйелге болсын”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Изарыңды бөліп не істемексің? Оны өзің кисең, әйелге одан ештеңе тимейді, ал әйел кисе, саған одан ештеңе қалмайды”, – деді. Содан кейін әлгі адам қайта отырды. Ұзақ отырған соң, орнынан тұрып, кетуге бет алды. Алла елшісі (с.а.с.) оның кетіп бара жатқанын көріп, шақыртты. Ол келген кезде: “Құраннан не білесің?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Пәлен сүрені, пәлен сүрені білемін”, – деп, білетін сүрелерін санап шықты. Ол (с.а.с.): “Оларды жатқа оқи аласың ба?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Бара бер, Құраннан білетін сүрелеріңді оған үйретуді мәһір етіп, оны саған некеледім”, – деді» (1425/76).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ﴾ الْآيَةَ

19-бапАлла Тағаланың «Қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да» деген сөзі қамтылған аят туралы

821
Мүслим, № 821Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كُنْتُ أَغَارُ عَلَى اللَّاتِي وَهَبْنَ أَنْفُسَهُنَّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَقُولُ: “وَتَهَبُ الْمَرْأَةُ نَفْسَهَا؟” فَلَمَّا أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿تُرْجِي مَنْ تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِي إِلَيْكَ مَنْ تَشَاءُ وَمَنِ ابْتَغَيْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٥١]، قَالَتْ: قُلْتُ: “وَاللَّهِ، مَا أَرَى رَبَّكَ إِلَّا يُسَارِعُ لَكَ فِي هَوَاكَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Өздерін Алла елшісіне (с.а.с.) сыйлаған әйелдерді қызғанып: “Әйел өзін-өзі осылай сыйға ұсына ма екен?” – дейтінмін. Алла Тағала: “Қайсыбірінің кезегін кейінге шегеріп, кейін барсаң да, қайсысын кезегінен бұрын жаныңа шақырып алсаң да өз еркің. Әрі кезегін кейінге шегерген әйелдеріңнің қайсыбіріне ертерек баруды қалап, кезегін қайтадан алға шығарсаң да...” («Ахзаб», 51) деген аят үзіндісін түсіргенде, мен: “Алламен ант етемін, Раббың сенің қалауыңды орындауға асығады екен”, – дедім» (1464/49).

بَابٌ: التَّزْوِيجُ فِي شَوَّالٍ

20-бапШәууәл айында үйлену

822
Мүслим, № 822Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «تَزَوَّجَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي شَوَّالٍ، وَبَنَى بِي فِي شَوَّالٍ، فَأَيُّ نِسَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانَ أَحْظَى عِنْدَهُ مِنِّي؟» قَالَ: «وَكَانَتْ عَائِشَةُ تَسْتَحِبُّ أَنْ تُدْخِلَ نِسَاءَهَا فِي شَوَّالٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған Шәууәл айында үйленіп, менімен ерлі-зайыптылық өмірін де Шәууәл айында бастады. Алла елшісінің (с.а.с.) әйелдерінің қайсысы оның алдында менен артық мәртебеге ие еді?» Риуаятшы: «Айша өз қамқорлығындағы әйелдердің ерлі-зайыптылық өмірін Шәууәл айында бастауын құп көретін», – деді (1423/73).

بَابٌ: الْوَلِيمَةُ فِي النِّكَاحِ

21-бапҮйлену тойына орай ас беру

823
Мүслим, № 823Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا أَوْلَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى امْرَأَةٍ مِنْ نِسَائِهِ أَكْثَرَ» (أَوْ أَفْضَلَ) «مِمَّا أَوْلَمَ عَلَى زَيْنَبَ». فَقَالَ ثَابِتٌ الْبُنَانِيُّ: «بِمَا أَوْلَمَ؟» قَالَ: «أَطْعَمَهُمْ خُبْزًا وَلَحْمًا حَتَّى تَرَكُوهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.) әйелдерінің ешқайсысына Зәйнабқа жасағанынан молырақ немесе абзалырақ уәлима жасаған жоқ». Сонда Сәбит әл-Бунани: «Уәлимада қандай ас берді?» – деп сұрады. Әнәс (р.а.): «Оларға тойып, жеуді қойғанша нан мен ет берді», – деді (1428/91).

824
Мүслим, № 824Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «تَزَوَّجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَدَخَلَ بِأَهْلِهِ، فَصَنَعَتْ أُمِّي أُمُّ سُلَيْمٍ حَيْسًا، فَجَعَلَتْهُ فِي تَوْرٍ، فَقَالَتْ: “يَا أَنَسُ، اِذْهَبْ بِهَذَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقُلْ: ‘بَعَثَتْ بِهَذَا إِلَيْكَ أُمِّي وَهِيَ تُقْرِئُكَ السَّلَامَ، وَتَقُولُ: ‹إِنَّ هَذَا لَكَ مِنَّا قَلِيلٌ، يَا رَسُولَ اللَّهِ›’”. قَالَ: فَذَهَبْتُ بِهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقُلْتُ: “إِنَّ أُمِّي تُقْرِئُكَ السَّلَامَ، وَتَقُولُ: ‘إِنَّ هَذَا لَكَ مِنَّا قَلِيلٌ، يَا رَسُولَ اللَّهِ’”. فَقَالَ: “ضَعْهُ”. ثُمَّ قَالَ: “اِذْهَبْ، فَادْعُ لِي فُلَانًا وَفُلَانًا وَفُلَانًا، وَمَنْ لَقِيتَ”، وَسَمَّى رِجَالًا، قَالَ: فَدَعَوْتُ مَنْ سَمَّى، وَمَنْ لَقِيتُ». قَالَ: قُلْتُ لِأَنَسٍ: «عَدَدَ كَمْ كَانُوا؟» قَالَ: «زُهَاءَ ثَلَاثِمِائَةٍ. وَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “يَا أَنَسُ، هَاتِ التَّوْرَ”. قَالَ: فَدَخَلُوا حَتَّى اِمْتَلَأَتِ الصُّفَّةُ وَالْحُجْرَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لِيَتَحَلَّقْ عَشَرَةٌ عَشَرَةٌ، وَلْيَأْكُلْ كُلُّ إِنْسَانٍ مِمَّا يَلِيهِ”. قَالَ: فَأَكَلُوا حَتَّى شَبِعُوا، قَالَ: فَخَرَجَتْ طَائِفَةٌ، وَدَخَلَتْ طَائِفَةٌ، حَتَّى أَكَلُوا كُلُّهُمْ، فَقَالَ لِي: “يَا أَنَسُ، اِرْفَعْ”. قَالَ: فَرَفَعْتُ، فَمَا أَدْرِي: حِينَ وَضَعْتُ كَانَ أَكْثَرَ أَمْ حِينَ رَفَعْتُ، قَالَ: وَجَلَسَ طَوَائِفُ مِنْهُمْ يَتَحَدَّثُونَ فِي بَيْتِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ جَالِسٌ وَزَوْجَتُهُ مُوَلِّيَةٌ وَجْهَهَا إِلَى الْحَائِطِ، فَثَقُلُوا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَسَلَّمَ عَلَى نِسَائِهِ، ثُمَّ رَجَعَ، فَلَمَّا رَأَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ رَجَعَ ظَنُّوا أَنَّهُمْ قَدْ ثَقُلُوا عَلَيْهِ، قَالَ: فَابْتَدَرُوا الْبَابَ، فَخَرَجُوا كُلُّهُمْ، وَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَرْخَى السِّتْرَ، وَدَخَلَ وَأَنَا جَالِسٌ فِي الْحُجْرَةِ، فَلَمْ يَلْبَثْ إِلَّا يَسِيرًا حَتَّى خَرَجَ عَلَيَّ، وَأُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ. فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَرَأَهُنَّ عَلَى النَّاسِ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتَ النَّبِيِّ إِلَّا أَنْ يُؤْذَنَ لَكُمْ إِلَى طَعَامٍ غَيْرَ نَاظِرِينَ إِنَاهُ وَلَكِنْ إِذَا دُعِيتُمْ فَادْخُلُوا فَإِذَا طَعِمْتُمْ فَانْتَشِرُوا وَلَا مُسْتَأْنِسِينَ لِحَدِيثٍ إِنَّ ذَلِكُمْ كَانَ يُؤْذِي النَّبِيَّ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٥٣] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ». قَالَ الْجَعْدُ: «قَالَ أَنَسٌ: “أَنَا أَحْدَثُ النَّاسِ عَهْدًا بِهَذِهِ الْآيَاتِ”». وَحُجِبْنَ نِسَاءُ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) үйленіп, жұбайымен отау құрды. Сонда анам Үммі Сүләйм хайс тағамын дайындап, оны үлкен ыдысқа салды. Содан кейін маған: “Уа, Әнәс! Мынаны Алла елшісіне (с.а.с.) апар да: ‘Мұны сізге анам жіберді. Ол сізге сәлем жолдап, былай дейді: Уа, Алланың елшісі! Бұл – бізден сізге аз ғана нәрсе’, – деп айт”, – деді. Мен оны Алла елшісіне (с.а.с.) апарып: “Анам сізге сәлем жолдап, былай дейді: ‘Уа, Алланың елшісі! Бұл – бізден сізге аз ғана нәрсе’”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Оны осында қоя ғой”, – деді. Содан кейін бірнеше адамның атын атап: “Барып, пәленшені, пәленшені, пәленшені және жолыңа кездескен адамдардың бәрін маған шақырып кел”, – деді. Мен ол атаған адамдарды да, жолыққандарымды да шақырдым». Әл-Жағд: «Мен Әнәстан: “Олардың саны қанша еді?” – деп сұрадым. Ол: “Үш жүзге жуық еді”, – деді», – деген.

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған: “Уа, Әнәс! Үлкен ыдысты әкел”, – деді. Адамдар суффа мен бөлме лық толғанша кірді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Он-оннан шеңбер құрып отырсын және әркім өзіне жақын жерден жесін”, – деді. Олар әбден тойғанша жеді. Бір топ шығып, екінші топ кіріп отырды. Осылайша барлығы тамақтанды. Содан кейін ол (с.а.с.) маған: “Уа, Әнәс! Ыдысты алып қой”, – деді. Мен оны алып қойдым. Тамақтың алғаш қойған кезімде көбірек болғанын немесе алып қойған кезімде көбірек болғанын білмеймін. Олардың бірнеше тобы Алла елшісінің (с.а.с.) үйінде әңгімелесіп отырып қалды. Алла елшісі (с.а.с.) де отырған еді, ал жұбайы жүзін қабырғаға бұрып отырды. Олардың ұзақ отырысы Алла елшісіне (с.а.с.) ауыр тиді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) сыртқа шығып, әйелдерінің әрқайсысына сәлем берді де, кейін қайта оралды. Олар Алла елшісінің (с.а.с.) қайтып келгенін көргенде, өздерінің оған ауыр тигенін аңғарды. Сөйтіп, есікке қарай асығып, барлығы шығып кетті. Алла елшісі (с.а.с.) келіп, пердені түсірді де, ішке кірді. Мен бөлмеде отырған едім. Ол аз ғана уақыттан кейін менің қасыма қайта шықты. Осы кезде мына аят түсті. Алла елшісі (с.а.с.) сыртқа шығып, оны адамдарға оқып берді».

«Уа, иман келтіргендер! Пайғамбардың құжыраларына рұқсатсыз кірмеңдер және пайғамбар үйіне ауқаттануға шақырылғандарыңда уақытынан ерте барып алып, астың пісуін күтіп отырмаңдар. Дастарханға шақырылғандарыңда ғана кіріңдер және тамақтанып болған соң әңгіме-дүкен құрып отырып алмай бірден тарап кетіңдер. Өйткені бұл қылықтарың пайғамбарды қапаландыруда...» («Ахзаб», 53). Ол аятты соңына дейін оқыды.

Әл-Жағд былай деді: «Әнәс ибн Мәлик (р.а.): “Адамдардың ішінде осы аяттардың түскенін алғаш білген – менмін”, – деді. Осыдан кейін Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері перделенді» (1428/94).

بَابٌ: فِي إِجَابَةِ الدَّعْوَةِ فِي النِّكَاحِ

22-бапҮйлену тойына шақыруды қабыл алу туралы

825
Мүслим, № 825

عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانَ يَقُولُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: «إِذَا دَعَا أَحَدُكُمْ أَخَاهُ فَلْيُجِبْ، عُرْسًا كَانَ أَوْ نَحْوَهُ».

Қазақша аудармасы

Нафиғтың жеткізуінше, Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.): «Сендердің бірің діндес бауырын шақырса, үйлену тойына болсын, соған ұқсас басқосуға болсын, ол шақыруды қабыл алсын», – деп жеткізетін (1429/100).

826
Мүслим, № 826Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دُعِيَ أَحَدُكُمْ فَلْيُجِبْ، فَإِنْ كَانَ صَائِمًا فَلْيُصَلِّ، وَإِنْ كَانَ مُفْطِرًا فَلْيَطْعَمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Араларыңнан біреу шақырылса, шақыруды қабыл алсын. Егер ораза ұстаған болса, дұға етсін, ал ораза ұстамаған болса, астан жесін», – деді (1431/106).

827
Мүслим, № 827Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «شَرُّ الطَّعَامِ طَعَامُ الْوَلِيمَةِ؛ يُمْنَعُهَا مَنْ يَأْتِيهَا، وَيُدْعَى إِلَيْهَا مَنْ يَأْبَاهَا، وَمَنْ لَمْ يُجِبِ الدَّعْوَةَ فَقَدْ عَصَى اللَّهَ وَرَسُولَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Астың ең жаманы – уәлима асы: оған келетіндер кіргізілмейді, ал келуден бас тартатындар шақырылады. Кім шақыруды қабыл алмаса, Аллаға және Оның елшісіне бойсұнбаған болады», – деді (1432/110).

بَابٌ: مَا يَقُولُ عِنْدَ الْجِمَاعِ

23-бапЖыныстық қатынас алдында айтылатын сөздер

828
Мүслим, № 828Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ أَنَّ أَحَدَهُمْ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَأْتِيَ أَهْلَهُ قَالَ: “بِسْمِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ جَنِّبْنَا الشَّيْطَانَ، وَجَنِّبِ الشَّيْطَانَ مَا رَزَقْتَنَا”، فَإِنَّهُ إِنْ يُقَدَّرْ بَيْنَهُمَا وَلَدٌ فِي ذَلِكَ لَمْ يَضُرَّهُ الشَّيْطَانُ أَبَدًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Егер сендердің бірің жұбайымен жақындасар кезде: “Алланың атымен! Уа, Алла! Бізді шайтаннан аулақ ет әрі бізге нәсіп ететініңді де шайтаннан аулақ ет!” – десе, содан кейін сол жақындықтан оларға перзент нәсіп етілсе, шайтан оған ешқашан зиян тигізе алмайды» (1434/116).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ﴾

24-бапАлла Тағаланың «Әйелдерің сендер үшін “егіндік”» деген сөзі туралы

829
Мүслим, № 829

عَنِ ابْنِ الْمُنْكَدِرِ، أَنَّهُ سَمِعَ جَابِرًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «كَانَتِ الْيَهُودُ تَقُولُ: “إِذَا أَتَى الرَّجُلُ امْرَأَتَهُ مِنْ دُبُرِهَا فِي قُبُلِهَا كَانَ الْوَلَدُ أَحْوَلَ”، فَنَزَلَتْ: ﴿نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّى شِئْتُمْ﴾ [الْبَقَرَةِ: ٢٢٣]».

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мункадир Жәбирдің (р.а.) былай дегенін естіген: «Яһудилер: “Егер ер адам әйеліне артқы жағынан, бірақ алдыңғы жолы арқылы жақындаса, одан туған бала қыли болады”, – дейтін. Сонда: “Әйелдерің сендер үшін ‘егіндік’. Ендеше, егінжайларыңа қалаған жақтарыңнан, қалай барамын десеңдер, солай барыңдар...” («Бақара», 223) деген аят түсті» (1435/117).

بَابٌ: فِي الْمَرْأَةِ تَمْتَنِعُ مِنْ فِرَاشِ زَوْجِهَا

25-бапӘйелдің күйеуімен төсек қатынасына түсуден бас тартуы туралы

830
Мүслим, № 830Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دَعَا الرَّجُلُ امْرَأَتَهُ إِلَى فِرَاشِهِ، فَلَمْ تَأْتِ، فَبَاتَ غَضْبَانَ عَلَيْهَا، لَعَنَتْهَا الْمَلَائِكَةُ حَتَّى تُصْبِحَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Ер адам әйелін төсегіне шақырғанда, ол келмей қойып, күйеуі оған ашуланған күйі түнесе, періштелер оны таң атқанша лағынеттейді», – деді (1436/122).

بَابٌ: فِي نَشْرِ سِرِّ الْمَرْأَةِ

26-бапЖұбайымен болған оңаша қатынастың сырын жария ету туралы

831
Мүслим, № 831Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَشَرِّ النَّاسِ عِنْدَ اللَّهِ مَنْزِلَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ الرَّجُلَ يُفْضِي إِلَى امْرَأَتِهِ، وَتُفْضِي إِلَيْهِ، ثُمَّ يَنْشُرُ سِرَّهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Қиямет күні Алланың алдында дәрежесі ең төмен адамдардың бірі – әйелімен жақындасып, әйелі де онымен жақындасқаннан кейін оның сырын жария ететін ер адам» (1437/123).

بَابٌ: سَتْرُ اللَّهِ الْعَمَلَ عَلَى الْعَبْدِ وَكَشْفُهُ عَنْ نَفْسِهِ

27-бапПенденің күнәсін Алланың жасыруы және пенденің оны өзі жария етуі

832
Мүслим, № 832Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “كُلُّ أُمَّتِي مُعَافَاةٌ إِلَّا الْمُجَاهِرِينَ، وَإِنَّ مِنَ الْإِجْهَارِ أَنْ يَعْمَلَ الْعَبْدُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا، ثُمَّ يُصْبِحُ قَدْ سَتَرَهُ رَبُّهُ، فَيَقُولُ: ‘يَا فُلَانُ، قَدْ عَمِلْتُ الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا’، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، فَيَبِيتُ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، وَيُصْبِحُ يَكْشِفُ سِتْرَ اللَّهِ عَنْهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.): “Үмбетімнің күнәсін жария етушілерден басқасының бәрі кешірімге бөленеді. Күнәні жария етудің бір түрі – пенденің түнде бір іс жасап, Раббысы оның айыбын жасырған күйі таңды атырып, кейін: ‘Уа, пәленше! Мен өткен түні мынадай да мынадай іс істедім’, – деуі. Раббысы оның айыбын түні бойы жасырады. Ол Раббысы айыбын жасырған күйі түнеп шығады да, таңертең Алланың өзіне жапқан пердесін өзі ашып тастайды”, – дегенін естідім», – деді (2990/52).

بَابٌ: فِي الْعَزْلِ عَنِ الْمَرْأَةِ وَالْأَمَةِ

28-бапӘйелімен немесе күңімен жыныстық қатынас кезінде шәуетті сыртқа шығару – азл туралы

833
Мүслим, № 833Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذُكِرَ الْعَزْلُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: “وَمَا ذَاكُمْ؟” قَالُوا: “الرَّجُلُ تَكُونُ لَهُ الْمَرْأَةُ تُرْضِعُ، فَيُصِيبُ مِنْهَا وَيَكْرَهُ أَنْ تَحْمِلَ مِنْهُ، وَالرَّجُلُ تَكُونُ لَهُ الْأَمَةُ فَيُصِيبُ مِنْهَا وَيَكْرَهُ أَنْ تَحْمِلَ مِنْهُ”. قَالَ: “فَلَا عَلَيْكُمْ أَنْ لَا تَفْعَلُوا ذَاكُمْ؛ فَإِنَّمَا هُوَ الْقَدَرُ”». قَالَ ابْنُ عَوْنٍ: «فَحَدَّثْتُ بِهِ الْحَسَنَ، فَقَالَ: “وَاللَّهِ لَكَأَنَّ هَذَا زَجْرٌ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) қасында азл жайында сөз қозғалды. Сонда ол (с.а.с.): “Ол не?” – деп сұрады. Олар: “Біреудің бала емізіп жүрген әйелі бар. Ол әйелімен жақындасады, бірақ оның жүкті болып қалуын қаламайды. Енді біреудің күңі бар. Ол күңімен жақындасады, бірақ оның жүкті болып қалуын қаламайды”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Оны істемей-ақ қойсаңдар, сендерге еш айып жоқ. Өйткені бұл – тағдыр”, – деді». Ибн Аун: «Мен бұл хадисті Хасанға баяндадым. Сонда ол: “Алламен ант етемін, бұл сөз тыйым салуға ұқсайды”, – деді», – деген (1438/131).

834
Мүслим, № 834Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَأَلَ رَجُلٌ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: “إِنَّ عِنْدِي جَارِيَةً لِي، وَأَنَا أَعْزِلُ عَنْهَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ ذَلِكَ لَنْ يَمْنَعَ شَيْئًا أَرَادَهُ اللَّهُ”». قَالَ: «فَجَاءَ الرَّجُلُ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الْجَارِيَةَ الَّتِي كُنْتُ ذَكَرْتُهَا لَكَ حَمَلَتْ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَنَا عَبْدُ اللَّهِ وَرَسُولُهُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.) азл жайында сұрап: “Менің бір күңім бар. Онымен жақындасқанда азл жасаймын”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл Алла қалаған ешбір нәрсеге кедергі бола алмайды”, – деді. Кейін әлгі адам қайта келіп: “Уа, Алланың елшісі! Мен сізге айтқан күң жүкті болып қалды”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Мен – Алланың құлы әрі Оның елшісімін”, – деді» (1439/135).

بَابٌ: فِي الْغِيلَةِ

29-бапБала емізіп жүрген әйелмен жыныстық қатынас жасау – ғила туралы

835
Мүслим, № 835

عَنْ جُدَامَةَ بِنْتِ وَهْبٍ الْأَسَدِيَّةِ، أُخْتِ عُكَّاشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: «حَضَرْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي أُنَاسٍ وَهُوَ يَقُولُ: “لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أَنْهَى عَنِ الْغِيلَةِ، فَنَظَرْتُ فِي الرُّومِ وَفَارِسَ، فَإِذَا هُمْ يُغِيلُونَ أَوْلَادَهُمْ فَلَا يَضُرُّ أَوْلَادَهُمْ ذَلِكَ شَيْئًا”. ثُمَّ سَأَلُوهُ عَنِ الْعَزْلِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “ذَاكَ الْوَأْدُ الْخَفِيُّ”».

Қазақша аудармасы

Жудама бинт Уаһб әл-Әсәдия, Уккашаның бауыры (р.а.), былай деді: «Мен бір топ адамның арасында Алла елшісінің (с.а.с.) жанында болдым. Ол (с.а.с.): “Мен ғилаға тыйым салуды ойлаған едім. Содан кейін румдықтар мен парсылардың жағдайына қарасам, олар да балалары емізулі кезінде әйелдерімен жақындасады екен. Алайда бұл олардың балаларына ешбір зиян келтірмейді екен”, – деп отырды. Содан кейін адамдар одан азл жасау жайында сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл – жасырын түрде тірідей көму”, – деді» (1442/141).

بَابٌ: وَطْءُ الْحَبَالَى مِنَ السَّبْيِ

30-бапТұтқынға түскен жүкті әйелдермен жыныстық қатынас жасау туралы

836
Мүслим, № 836Риуаят етуші: Әбу Дәрда

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ أَتَى بِامْرَأَةٍ مُجِحٍّ عَلَى بَابِ فُسْطَاطٍ، فَقَالَ: «لَعَلَّهُ يُرِيدُ أَنْ يُلِمَّ بِهَا». فَقَالُوا: «نَعَمْ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أَلْعَنَهُ لَعْنًا يَدْخُلُ مَعَهُ قَبْرَهُ، كَيْفَ يُوَرِّثُهُ وَهُوَ لَا يَحِلُّ لَهُ؟ كَيْفَ يَسْتَخْدِمُهُ وَهُوَ لَا يَحِلُّ لَهُ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу әд-Дәрда (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) мына хадисті риуаят еткен: «Пайғамбар (с.а.с.) бір шатырдың есігінде тұрған, босануы жақындаған жүкті әйелдің қасына келіп: “Әлгі адам онымен жақындаспақ шығар?” – деді. Адамдар: “Иә”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Мен оны қабіріне бірге кіретін қарғыспен қарғауға оқталдым. Ол баланы қалайша өзіне мұрагер етпек? Бұл оған халал емес. Оны қалайша өзіне қызметші етпек? Бұл да оған халал емес”, – деді» (1441/139).

837
Мүслим, № 837Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْنٍ بَعَثَ جَيْشًا إِلَى أَوْطَاسَ، فَلَقُوا عَدُوًّا، فَقَاتَلُوهُمْ فَظَهَرُوا عَلَيْهِمْ، وَأَصَابُوا لَهُمْ سَبَايَا، فَكَأَنَّ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَحَرَّجُوا مِنْ غِشْيَانِهِنَّ مِنْ أَجْلِ أَزْوَاجِهِنَّ مِنَ الْمُشْرِكِينَ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ فِي ذَلِكَ: ﴿وَالْمُحْصَنَاتُ مِنَ النِّسَاءِ إِلَّا مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ﴾ [النِّسَاءِ: ٢٤] (أَيْ: فَهُنَّ لَكُمْ حَلَالٌ إِذَا اِنْقَضَتْ عِدَّتُهُنَّ).

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай баяндады: «Алла елшісі (с.а.с.) Хунайн күні Аутасқа бір әскер жіберді. Олар жаумен кездесіп, шайқасты да, жеңіске жетіп, олардың әйелдерін тұтқынға алды. Алла елшісінің (с.а.с.) кейбір сахабалары әлгі әйелдердің мүшрік күйеулері болғандықтан, олармен жақындасудан тартынды. Сонда Алла Тағала осыған байланысты: “Һәм өзгелердің адал жарлары да сендер үшін харам. Алайда соғыс жағдайында тұтқынға түскен, күңдеріңнің жөні бөлек” («Ниса», 24) деген аятты түсірді. Яғни олардың ғидда мерзімі аяқталған кезде, олар сендерге халал болады» (1456/33).

بَابٌ: فِي الْقَسْمِ بَيْنَ النِّسَاءِ

31-бапЖұбайлар арасында кезек бөлу туралы

838
Мүслим, № 838Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ لِلنَّبِيِّ ﷺ تِسْعُ نِسْوَةٍ، فَكَانَ إِذَا قَسَمَ بَيْنَهُنَّ لَا يَنْتَهِي إِلَى الْمَرْأَةِ الْأُولَى إِلَّا فِي تِسْعٍ، فَكُنَّ يَجْتَمِعْنَ كُلَّ لَيْلَةٍ فِي بَيْتِ الَّتِي يَأْتِيهَا، فَكَانَ فِي بَيْتِ عَائِشَةَ، فَجَاءَتْ زَيْنَبُ، فَمَدَّ يَدَهُ إِلَيْهَا، فَقَالَتْ: “هَذِهِ زَيْنَبُ”، فَكَفَّ النَّبِيُّ ﷺ يَدَهُ، فَتَقَاوَلَتَا حَتَّى اِسْتَخَبَتَا، وَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَمَرَّ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَلَى ذَلِكَ، فَسَمِعَ أَصْوَاتَهُمَا، فَقَالَ: “اُخْرُجْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِلَى الصَّلَاةِ، وَاحْثُ فِي أَفْوَاهِهِنَّ التُّرَابَ”، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَتْ عَائِشَةُ: “الْآنَ يَقْضِي النَّبِيُّ ﷺ صَلَاتَهُ، فَيَجِيءُ أَبُو بَكْرٍ فَيَفْعَلُ بِي وَيَفْعَلُ”، فَلَمَّا قَضَى النَّبِيُّ ﷺ صَلَاتَهُ، أَتَاهَا أَبُو بَكْرٍ، فَقَالَ لَهَا قَوْلًا شَدِيدًا، وَقَالَ: “أَتَصْنَعِينَ هَذَا؟!”»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) тоғыз әйелі бар еді. Ол олардың арасында кезек бөлгенде, бірінші әйеліне тоғыз түн өткен соң ғана қайта оралатын. Олар әр түні Пайғамбар (с.а.с.) баратын, кезегі келген әйелдің үйінде жиналатын. Бірде Пайғамбар (с.а.с.) Айшаның үйінде болғанда, Зәйнаб келді. Пайғамбар (с.а.с.) оған қолын созды. Сонда Айша (р.а.): “Бұл – Зәйнаб”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) қолын тартып алды. Содан кейін екеуі сөзге келіп, дауыстары қатты шығып кетті. Осы кезде намазға қамат айтылды. Әбу Бәкір сол маңнан өтіп бара жатып, екеуінің дауыстарын естіді де: “Уа, Алланың елшісі! Намазға шығыңыз да, бұлардың аузына топырақ шашыңыз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) намазға шығып кетті. Сонда Айша (р.а.): “Пайғамбар (с.а.с.) қазір намазын аяқтайды. Содан соң Әбу Бәкір келіп, маған істейтінін істейді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтағаннан кейін Әбу Бәкір Айшаға келіп, оған қатты сөйлеп: “Сен осылай істейсің бе?!” – деді» (1462/46).

بَابٌ: الْمَقَامُ عِنْدَ الْبِكْرِ وَالثَّيِّبِ

32-бапҚызға немесе бұрын тұрмыста болған әйелге үйленгенде оның жанында қалу

839
Мүслим, № 839Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا تَزَوَّجَ أُمَّ سَلَمَةَ أَقَامَ عِنْدَهَا ثَلَاثًا، وَقَالَ: «إِنَّهُ لَيْسَ بِكِ عَلَى أَهْلِكِ هَوَانٌ، إِنْ شِئْتِ سَبَّعْتُ لَكِ، وَإِنْ سَبَّعْتُ لَكِ سَبَّعْتُ لِنِسَائِي».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмәнің (р.а.) жеткізуінше: «Алла елшісі (с.а.с.) Үммі Сәләмәге үйленген кезде оның жанында үш күн болды да: “Сен мен үшін қадірсіз емессің. Қаласаң, сенің жаныңда жеті күн боламын. Алайда сенің жаныңда жеті күн болсам, өзге әйелдерімнің әрқайсысының жанында да жеті күннен боламын”, – деді» (1460/41).

840
Мүслим, № 840Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِذَا تَزَوَّجَ الْبِكْرَ عَلَى الثَّيِّبِ أَقَامَ عِنْدَهَا سَبْعًا، وَإِذَا تَزَوَّجَ الثَّيِّبَ عَلَى الْبِكْرِ أَقَامَ عِنْدَهَا ثَلَاثًا». قَالَ خَالِدٌ: «وَلَوْ قُلْتُ إِنَّهُ رَفَعَهُ لَصَدَقْتُ، وَلَكِنَّهُ قَالَ: “السُّنَّةُ كَذَلِكَ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Ер адам некесінде бұрын тұрмыста болған әйелі бар кезде бұрын тұрмыс құрмаған қызға үйленсе, жаңа жарының қасында жеті күн болады. Ал некесінде бұрын тұрмыс құрмаған әйелі бар кезде бұрын тұрмыста болған әйелге үйленсе, жаңа жарының қасында үш күн болады». Халид: «Егер мен: “Әнәс мұны Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізді”, – десем, шын айтқан болар едім. Алайда ол: “Сүннет – осы”, – деді», – деген (1461/44).

بَابٌ: هِبَةُ الْمَرْأَةِ يَوْمَهَا لِلْأُخْرَى

33-бапӘйелдің өз кезегіндегі күнін күйеуінің басқа әйеліне сыйлауы

841
Мүслим, № 841Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «مَا رَأَيْتُ امْرَأَةً أَحَبَّ إِلَيَّ أَنْ أَكُونَ فِي مِسْلَاخِهَا مِنْ سَوْدَةَ بِنْتِ زَمْعَةَ، مِنِ امْرَأَةٍ فِيهَا حِدَّةٌ». قَالَتْ: «فَلَمَّا كَبِرَتْ جَعَلَتْ يَوْمَهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِعَائِشَةَ، قَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَدْ جَعَلْتُ يَوْمِي مِنْكَ لِعَائِشَةَ”، فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْسِمُ لِعَائِشَةَ يَوْمَيْنِ: يَوْمَهَا وَيَوْمَ سَوْدَةَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен Сәуда бинт Замғадай болуды қалағанымдай, басқа ешбір әйелдей болуды қалаған емеспін. Оның мінезі қызба болатын. Қартайған кезде ол Алла елшісімен (с.а.с.) бірге болатын өз күнін Айшаға беріп: “Уа, Алланың елшісі! Сізбен бірге болатын күнімді Айшаға бердім”, – деді. Содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) Айшаға екі күнді – оның өз күні мен Сәуданың күнін – бөлетін болды» (1463/47).

بَابٌ: فِي تَرْكِ الْقَسْمِ لِبَعْضِ النِّسَاءِ

34-бапКейбір жұбайларға кезек бөлмеу туралы

842
Мүслим, № 842

عَنْ عَطَاءٍ، قَالَ: «حَضَرْنَا مَعَ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا جَنَازَةَ مَيْمُونَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ بِسَرِفَ، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: “هَذِهِ زَوْجُ النَّبِيِّ ﷺ فَإِذَا رَفَعْتُمْ نَعْشَهَا فَلَا تُزَعْزِعُوا وَلَا تُزَلْزِلُوا، وَارْفُقُوا، فَإِنَّهُ كَانَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تِسْعٌ، فَكَانَ يَقْسِمُ لِثَمَانٍ، وَلَا يَقْسِمُ لِوَاحِدَةٍ”». قَالَ عَطَاءٌ: «الَّتِي لَا يَقْسِمُ لَهَا: صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيِّ بْنِ أَخْطَبَ».

Қазақша аудармасы

Ата былай деді: «Сәрифте Ибн Аббаспен бірге Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймунаның жаназасына қатыстық. Сонда Ибн Аббас (р.а.): “Бұл – Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы. Оның табытын көтерген кезде шайқамаңдар да, селкілдетпеңдер, жайлап көтеріңдер. Алла елшісінің (с.а.с.) некесінде тоғыз әйел болған. Ол сегізіне кезек бөліп, біреуіне кезек бөлмейтін”, – деді». Ата: «Кезек бөлмеген әйелі – Сафия бинт Хуяй ибн Ахтаб», – деді (1465/51).

بَابٌ: مَنْ رَأَى امْرَأَةً فَلْيَأْتِ أَهْلَهُ يَرُدَّ مَا فِي نَفْسِهِ

35-бапӘйелді көрген адам өз жұбайымен жақындассын: бұл оның бойындағы құмарлықты басады

843
Мүслим, № 843Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَأَى امْرَأَةً، فَأَتَى امْرَأَتَهُ زَيْنَبَ، وَهِيَ تَمْعَسُ مَنِيئَةً لَهَا، فَقَضَى حَاجَتَهُ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: «إِنَّ الْمَرْأَةَ تُقْبِلُ فِي صُورَةِ شَيْطَانٍ، وَتُدْبِرُ فِي صُورَةِ شَيْطَانٍ، فَإِذَا أَبْصَرَ أَحَدُكُمُ امْرَأَةً فَلْيَأْتِ أَهْلَهُ؛ فَإِنَّ ذَلِكَ يَرُدُّ مَا فِي نَفْسِهِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) бір әйелді көрді. Содан кейін жұбайы Зәйнабке барды. Ол сол кезде өзіне тиесілі бір теріні илеп отырған еді. Пайғамбар (с.а.с.) онымен жақындасып, қажетін өтеді. Содан соң сахабаларының алдына шығып: «Расында, әйел шайтан бейнесінде алдыңнан шығып, шайтан бейнесінде теріс айналады. Сондықтан сендердің бірің бір әйелді көрсе, өз жұбайына барсын. Өйткені бұл оның көңілінде оянған құмарлықты басады», – деді (1403/9).

بَابٌ: فِي مُدَارَاةِ النِّسَاءِ وَالْوَصِيَّةِ بِهِنَّ

36-бапӘйелдермен тіл табысу және оларға жақсы қарау туралы өсиет

844
Мүслим, № 844Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَإِذَا شَهِدَ أَمْرًا فَلْيَتَكَلَّمْ بِخَيْرٍ أَوْ لِيَسْكُتْ، وَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْرًا، فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلَعٍ، وَإِنَّ أَعْوَجَ شَيْءٍ فِي الضِّلَعِ أَعْلَاهُ. إِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهُ كَسَرْتَهُ، وَإِنْ تَرَكْتَهُ لَمْ يَزَلْ أَعْوَجَ. اِسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْرًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсе, бір іске куә болғанда жақсы сөз айтсын немесе үндемесін. Әйелдерге жақсы қараңдар. Өйткені әйел қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисық жері – оның жоғарғы жағы. Оны түзетуге ұмтылсаң, сындырасың. Ал өз қалпында қалдырсаң, қисық күйінде қала береді. Сондықтан әйелдерге жақсы қараңдар» (1468/60).

بَابٌ: لَا يَفْرَكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً

37-бапМүмін ер мүмін әйелді жек көрмесін

845
Мүслим, № 845Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَفْرَكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً؛ إِنْ كَرِهَ مِنْهَا خُلُقًا رَضِيَ مِنْهَا آخَرَ» أَوْ قَالَ: «غَيْرَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмесін. Егер оның бір мінезін ұнатпаса, басқа бір мінезін ұнатады», – деді. Немесе: «Өзге бір мінезін», – деді (1469/61).

بَابٌ: لَوْلَا حَوَّاءُ لَمْ تَخُنْ أُنْثَى زَوْجَهَا

38-бапХауа болмағанда, ешбір әйел күйеуіне қиянат жасамас еді

846
Мүслим, № 846Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْلَا بَنُو إِسْرَائِيلَ لَمْ يَخْبُثِ الطَّعَامُ، وَلَمْ يَخْنَزِ اللَّحْمُ، وَلَوْلَا حَوَّاءُ لَمْ تَخُنْ أُنْثَى زَوْجَهَا الدَّهْرَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Егер Исраил ұрпақтары болмағанда, тағам бұзылмас әрі ет сасымас еді. Егер Хауа болмағанда, ешбір әйел күйеуіне ешқашан қиянат жасамас еді» (1470/63).

بَابٌ: مَنْ قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ فَلَا يَعْجَلْ بِالدُّخُولِ عَلَى أَهْلِهِ كَيْ تَمْتَشِطَ الشَّعِثَةُ

39-бапСапардан қайтқан адам жұбайы ұйпа-тұйпа шашын тарап үлгеруі үшін үйіне кіруге асықпасын

847
Мүслим, № 847Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزَاةٍ، فَلَمَّا أَقْبَلْنَا تَعَجَّلْتُ عَلَى بَعِيرٍ لِي قَطُوفٍ، فَلَحِقَنِي رَاكِبٌ خَلْفِي، فَنَخَسَ بَعِيرِي بِعَنَزَةٍ كَانَتْ مَعَهُ، فَانْطَلَقَ بَعِيرِي كَأَجْوَدِ مَا أَنْتَ رَاءٍ مِنَ الْإِبِلِ، فَالْتَفَتُّ، فَإِذَا أَنَا بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “مَا يُعْجِلُكَ يَا جَابِرُ؟” قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي حَدِيثُ عَهْدٍ بِعُرْسٍ”. فَقَالَ: “أَبِكْرًا تَزَوَّجْتَهَا أَمْ ثَيِّبًا؟” قَالَ: قُلْتُ: “بَلْ ثَيِّبًا”. قَالَ: “هَلَّا جَارِيَةً تُلَاعِبُهَا وَتُلَاعِبُكَ؟”» قَالَ: «فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ، ذَهَبْنَا لِنَدْخُلَ، فَقَالَ: “أَمْهِلُوا حَتَّى نَدْخُلَ لَيْلًا؛ كَيْ تَمْتَشِطَ الشَّعِثَةُ، وَتَسْتَحِدَّ الْمُغِيبَةُ”». قَالَ: «وَقَالَ: “إِذَا قَدِمْتَ فَالْكَيْسَ الْكَيْسَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорықта болдық. Қайтар жолда баяу жүретін түйеммен үйге тезірек жетуге асықтым. Артымнан бір салт атты қуып жетіп, қолындағы қысқа найзасымен түйемді түртіп қалды. Сонда түйем көз көрген ең жүрдек түйедей заулап жөнелді. Артыма бұрылып қарасам, Алла елшісі (с.а.с.) екен. Ол: “Уа, Жәбир! Неге асығып келесің?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Алланың елшісі! Үйленгеніме көп болған жоқ”, – дедім. Ол: “Бұрын тұрмыс құрмаған қызға үйлендің бе, әлде бұрын тұрмыста болған әйелге ме?” – деп сұрады. Мен: “Бұрын тұрмыста болған әйелге”, – дедім. Ол: “Өзің онымен ойнап, ол да сенімен ойнайтын бойжеткенге үйленбедің бе?” – деді. Мәдинаға жеткенде қалаға кірмек болдық. Сонда ол: “Түнде кіруіміз үшін кідіре тұрыңдар. Шашы ұйпа-тұйпа болған әйел шашын тарап, күйеуі сапарда жүрген әйел ұятты жерінің түгін тазалап алсын”, – деді. Ол тағы: “Үйіңе келген соң ақылмен әрекет ет, ақылмен әрекет ет”, – деді» (715/57).