Хадис

Сахих Мүслим, № 800

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
5. Ешкім діндес бауыры құда түскен әйелге құда түспесінبَابٌ: لَا يَخْطُبْ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ
Нөмірі
№ 800 (Мухтасар реті)
800
Мүслим, № 800

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ شِمَاسَةَ، أَنَّهُ سَمِعَ عُقْبَةَ بْنَ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَلَى الْمِنْبَرِ يَقُولُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “الْمُؤْمِنُ أَخُو الْمُؤْمِنِ، فَلَا يَحِلُّ لِلْمُؤْمِنِ أَنْ يَبْتَاعَ عَلَى بَيْعِ أَخِيهِ، وَلَا يَخْطُبَ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ حَتَّى يَذَرَ”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Шимаса Уқба ибн Амирдің (р.а.) мінберде тұрып былай дегенін естігенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мүмін – мүміннің бауыры. Сондықтан мүмінге діндес бауырының саудасының үстінен сауда жасауға да, ол бас тартпайынша, оның құда түсуінің үстінен құда түсуге де болмайды”, – деді» (1414/56).