Хадис

Сахих Мүслим, № 833

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
28. Әйелімен немесе күңімен жыныстық қатынас кезінде шәуетті сыртқа шығару – азл туралыبَابٌ: فِي الْعَزْلِ عَنِ الْمَرْأَةِ وَالْأَمَةِ
Нөмірі
№ 833 (Мухтасар реті)
833
Мүслим, № 833Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذُكِرَ الْعَزْلُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: “وَمَا ذَاكُمْ؟” قَالُوا: “الرَّجُلُ تَكُونُ لَهُ الْمَرْأَةُ تُرْضِعُ، فَيُصِيبُ مِنْهَا وَيَكْرَهُ أَنْ تَحْمِلَ مِنْهُ، وَالرَّجُلُ تَكُونُ لَهُ الْأَمَةُ فَيُصِيبُ مِنْهَا وَيَكْرَهُ أَنْ تَحْمِلَ مِنْهُ”. قَالَ: “فَلَا عَلَيْكُمْ أَنْ لَا تَفْعَلُوا ذَاكُمْ؛ فَإِنَّمَا هُوَ الْقَدَرُ”». قَالَ ابْنُ عَوْنٍ: «فَحَدَّثْتُ بِهِ الْحَسَنَ، فَقَالَ: “وَاللَّهِ لَكَأَنَّ هَذَا زَجْرٌ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) қасында азл жайында сөз қозғалды. Сонда ол (с.а.с.): “Ол не?” – деп сұрады. Олар: “Біреудің бала емізіп жүрген әйелі бар. Ол әйелімен жақындасады, бірақ оның жүкті болып қалуын қаламайды. Енді біреудің күңі бар. Ол күңімен жақындасады, бірақ оның жүкті болып қалуын қаламайды”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Оны істемей-ақ қойсаңдар, сендерге еш айып жоқ. Өйткені бұл – тағдыр”, – деді». Ибн Аун: «Мен бұл хадисті Хасанға баяндадым. Сонда ол: “Алламен ант етемін, бұл сөз тыйым салуға ұқсайды”, – деді», – деген (1438/131).