Хадис

Сахих Мүслим, № 832

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
27. Пенденің күнәсін Алланың жасыруы және пенденің оны өзі жария етуіبَابٌ: سَتْرُ اللَّهِ الْعَمَلَ عَلَى الْعَبْدِ وَكَشْفُهُ عَنْ نَفْسِهِ
Нөмірі
№ 832 (Мухтасар реті)
832
Мүслим, № 832Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “كُلُّ أُمَّتِي مُعَافَاةٌ إِلَّا الْمُجَاهِرِينَ، وَإِنَّ مِنَ الْإِجْهَارِ أَنْ يَعْمَلَ الْعَبْدُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا، ثُمَّ يُصْبِحُ قَدْ سَتَرَهُ رَبُّهُ، فَيَقُولُ: ‘يَا فُلَانُ، قَدْ عَمِلْتُ الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا’، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، فَيَبِيتُ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ، وَيُصْبِحُ يَكْشِفُ سِتْرَ اللَّهِ عَنْهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.): “Үмбетімнің күнәсін жария етушілерден басқасының бәрі кешірімге бөленеді. Күнәні жария етудің бір түрі – пенденің түнде бір іс жасап, Раббысы оның айыбын жасырған күйі таңды атырып, кейін: ‘Уа, пәленше! Мен өткен түні мынадай да мынадай іс істедім’, – деуі. Раббысы оның айыбын түні бойы жасырады. Ол Раббысы айыбын жасырған күйі түнеп шығады да, таңертең Алланың өзіне жапқан пердесін өзі ашып тастайды”, – дегенін естідім», – деді (2990/52).