Хадис

Сахих Мүслим, № 829

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
24. Алла Тағаланың «Әйелдерің сендер үшін “егіндік”» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ﴾
Нөмірі
№ 829 (Мухтасар реті)
829
Мүслим, № 829

عَنِ ابْنِ الْمُنْكَدِرِ، أَنَّهُ سَمِعَ جَابِرًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «كَانَتِ الْيَهُودُ تَقُولُ: “إِذَا أَتَى الرَّجُلُ امْرَأَتَهُ مِنْ دُبُرِهَا فِي قُبُلِهَا كَانَ الْوَلَدُ أَحْوَلَ”، فَنَزَلَتْ: ﴿نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّى شِئْتُمْ﴾ [الْبَقَرَةِ: ٢٢٣]».

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мункадир Жәбирдің (р.а.) былай дегенін естіген: «Яһудилер: “Егер ер адам әйеліне артқы жағынан, бірақ алдыңғы жолы арқылы жақындаса, одан туған бала қыли болады”, – дейтін. Сонда: “Әйелдерің сендер үшін ‘егіндік’. Ендеше, егінжайларыңа қалаған жақтарыңнан, қалай барамын десеңдер, солай барыңдар...” («Бақара», 223) деген аят түсті» (1435/117).