Хадис

Сахих Мүслим, № 823

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
11. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
21. Үйлену тойына орай ас беруبَابٌ: الْوَلِيمَةُ فِي النِّكَاحِ
Нөмірі
№ 823 (Мухтасар реті)
823
Мүслим, № 823Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا أَوْلَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى امْرَأَةٍ مِنْ نِسَائِهِ أَكْثَرَ» (أَوْ أَفْضَلَ) «مِمَّا أَوْلَمَ عَلَى زَيْنَبَ». فَقَالَ ثَابِتٌ الْبُنَانِيُّ: «بِمَا أَوْلَمَ؟» قَالَ: «أَطْعَمَهُمْ خُبْزًا وَلَحْمًا حَتَّى تَرَكُوهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.) әйелдерінің ешқайсысына Зәйнабқа жасағанынан молырақ немесе абзалырақ уәлима жасаған жоқ». Сонда Сәбит әл-Бунани: «Уәлимада қандай ас берді?» – деп сұрады. Әнәс (р.а.): «Оларға тойып, жеуді қойғанша нан мен ет берді», – деді (1428/91).