Хадис

Есім. Оқылуы. Қысқаша мағынасы

Кутуб ситтә, 5-том, 233-тарау · 6 хадис · № 1795–1800

Хадистер

1

اَلْعَدْلُ

Әл-Адл

Әділет иесі.

2

اَلْعَزِيزُ

Әл-Азиз

Аса үстем, теңдесі жоқ құдірет иесі.

3

اَلْعَظِيمُ

Әл-Азим

Ең ұлы, ең үлкен.

4

اللَّهُ

Алла

Алла.

5

اَلْعَلِيْمُ

Әл-Алим

Болғанды да, болатынды да, үлкенді де, кішіні де түгел білуші.

6

اَلْعَلِيُّ

Әл-Али

Бәрінен ұлы, асқақ.

7

اَلْعَفُوُّ

Әл-Афу

Ғафу етуші, күнәні кешіруші. Күнәні сауапқа айналдырушы.

8

اَلْآخِرُ

Әл-Ахир

Болмысының соңы жоқ, мәңгі бар.

9

اَلْأَوَّلُ

Әл-Әууәл

Болмысының бастауы жоқ, мәңгі бар.

10

اَلْبَاعِثُ

Әл-Бағис

Өлген соң қайта тірілтуші.

11

اَلْبَدِيعُ

Әл-Бәдиғ

Көркем жаратушы.

12

اَلْبَاقِي

Әл-Бақи

Мәңгі бар, фәнилікке ұшырамайды.

13

اَلْبَارِئُ

Әл-Бари

Жоқтан бар етуші, жаратушы.

14

اَلْبَرُّ

Әл-Барр

Күллі игілік пен жомарттықтың иесі.

15

اَلْبَاسِطُ

Әл-Басит

Кеңейтуші, береке беруші.

16

اَلْبَصِيرُ

Әл-Басир

Бәрін көруші.

17

اَلْبَاطِنُ

Әл-Батин

Жасырын, барлық нәрсені қамтушы.

18

اَلْغَنِيُّ

Әл-Ғани

Ешкімге мұқтаж емес.

19

اَلْغَفُورُ

Әл-Ғафур

Қалаған құлының күнәсін кешіруші, аса кешірімді.

20

اَلْغَفَّارُ

Әл-Ғаффар

Күнә-қателіктерді кешіруші, аса кешірімді.

21

اَلضَّارُّ

Ад-Дарр

Зиян беруші.

22

اَلْجَبَّارُ

Әл-Жаббар

Бойсұндырушы, аса құдіретті.

23

اَلْجَلِيلُ

Әл-Жәлил

Аса ұлық, аса мәртебелі.

24

اَلْجَامِعُ

Әл-Жәмиғ

Жинаушы.

25

اَلظَّاهِرُ

Аз-Заһир

Айқын, бәрінен жоғары тұрушы.

26

ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ

Зул-Жәләли уәл-икрам

Ұлылық пен жомарттықтың иесі.

27

اَلْكَبِيرُ

Әл-Кәбир

Ең үлкен, ең ұлық.

28

اَلْكَرِيمُ

Әл-Кәрим

Аса жомарт, ардақты.

29

اَلْقَابِضُ

Әл-Қабид

Жан алушы, рухты қысушы, ризықты қысушы.

30

اَلْقَادِرُ

Әл-Қадир

Бар нәрсеге құдіреті жететін құдірет иесі.

31

اَلْقَيُّومُ

Әл-Қаййум

Жаратылыстың істерін басқарушы, Өздігінен бар.

32

اَلْقَوِيُّ

Әл-Қауи

Қалағанын істей алатын, ерекше күш-қуат иесі.

33

اَلْقَهَّارُ

Әл-Қаһһар

Барлығын өзіне мойынсұндырушы.

34

اَلْقُدُّوسُ

Әл-Қуддус

Аса қасиетті, тазалаушы.

35

اَللَّطِيفُ

Әл-Латиф

Баршаның қажетін өтейтін мейірімді қамқоршы.

36

اَلْمَجِيدُ

Әл-Мәжид (Мәжиид)

Даңқты, абырой иесі.

37

اَلْمَاجِدُ

Әл-Мәжид (Мәәжид)

Абырой, бедел иесі.

38

اَلْمَلِكُ

Әл-Мәлик

Патша, билік иесі.

39

مَالِكُ الْمُلْكِ

Мәликул-мүлк

Бүкіл билік пен иеліктің иесі.

40

اَلْمَانِعُ

Әл-Мәниғ

Қаламаған нәрсесінің алдын алушы.

41

اَلْمَتِينُ

Әл-Мәтин

Өте берік, мықты, күш-қуат Иесі.

42

اَلْمُؤَخِّرُ

Әл-Муаххир

Кейінге қалдырушы.

43

اَلْمُبْدِئُ

Әл-Мубди

Бастаушы, барлық нәрсені алғаш жаратушы.

44

اَلْمُعِيدُ

Әл-Муғид

Өлімнен кейін өмірді, өмірден кейін өлімді қайтарып беруші.

45

اَلْمُغْنِي

Әл-Муғни

Байытушы, жан дүниені дархан етуші.

46

اَلْمُعِزُّ

Әл-Муғизз

Қалағанына абырой беріп, мерейін үстем етуші.

47

اَلْمُجِيبُ

Әл-Мужиб

Дұғаға жауап беруші, тілекті қабыл алушы.

48

اَلْمُذِلُّ

Әл-Музилл

Қалағанының мәртебесін төмендетуші.

49

اَلْمُقَدِّمُ

Әл-Муқаддим

Алға шығарушы.

50

اَلْمُقِيتُ

Әл-Муқит

Қорек беруші, пенделердің қажетіне жететін құдірет иесі.

51

اَلْمُؤْمِنُ

Әл-Мумин

Сенім мен қауіпсіздік беруші, Өзінің бірлігіне куә болушы.

52

اَلْمُمِيتُ

Әл-Мумит

Берген жанын қайта алушы.

53

اَلْمُقْتَدِرُ

Әл-Муқтадир

Бәріне құдіретті.

54

اَلْمُقْسِطُ

Әл-Муқсит

Бүкіл үкімі әділ, әділет иесі.

55

اَلْمُنْتَقِمُ

Әл-Мунтақим

Кінәлілерді жазалаушы.

56

اَلْمُصَوِّرُ

Әл-Мусаууир

Бейнелеуші, кескін-келбет беруші.

57

اَلْمُتَكَبِّرُ

Әл-Мутәкәббир

Нағыз ұлылықтың иесі.

58

اَلْمُتَعَالِي

Әл-Мутәғали

Бәрінен биік, күллі нұқсаннан пәк.

59

اَلْمُحْيِي

Әл-Мухйи

Тірілтуші.

60

اَلْمُحْصِي

Әл-Мухси

Бәрін есептеуші.

61

اَلْمُهَيْمِنُ

Әл-Муһәймин

Жанды-жансыздың бәрін бақылаушы.

62

اَلنَّافِعُ

Ән-Нафи

Пайда беруші.

63

اَلنُّورُ

Ән-Нур

Нұр, нұрландырушы, бүкіл жарықтың бастауы.

64

اَلرَّزَّاقُ

Ар-Раззақ

Бүкіл тіршілік иесінің ризығын беруші.

65

اَلرَّقِيبُ

Ар-Рақиб

Жасырын да, жария да істерді бақылаушы.

66

اَلرَّؤُوفُ

Ар-Раууф

Мейірімді, қайырымды.

67

اَلرَّحْمَنُ

Ар-Рахман

Аса рақымды, аса мейірімді.

68

اَلرَّحِيمُ

Ар-Рахим

Ерекше мейірімді.

69

اَلرَّافِعُ

Ар-Рафиғ

Қалағанын екі дүниеде де жоғарылатушы, биіктетуші.

70

اَلرَّشِيدُ

Ар-Рашид

Тура жолға нұсқаушы, сол жолға жеткізуші.

71

اَلصَّبُورُ

Ас-Сабур

Аса сабырлы.

72

اَلصَّمَدُ

Ас-Самад

Ешкімге мұқтаж емес, барлығы Оған мұқтаж.

73

اَلسَّلاَمُ

Әс-Сәләм

Мінсіз, аман-саулық пен бейбіт өмір сыйлаушы.

74

اَلسَّمِيعُ

Әс-Сәмиғ

Жасырын да, жария да нәрсенің бәрін естуші.

75

اَلتَّوَابُ

Әт-Тәууәб

Тәубе етуді нәсіп етуші, тәубені тез қабыл алушы.

76

اَلْوَلِيُّ

Әл-Уалий

Дос, жанашыр.

77

اَلْوَاحِدُ

Әл-Уахид

Жалғыз, теңдесі де, ұқсасы да жоқ.

78

اَلْوَدُودُ

Әл-Уәдуд

Сүюші, сүйікті, сүйіспеншілік беруші.

79

اَلْوَاجِدُ

Әл-Уәжид

Табушы, бар етуші, құдірет иесі.

80

اَلْوَكِيلُ

Әл-Уәкил

Сенімді қамқоршы, баршаның сүйеніші.

81

اَلْوَالِي

Әл-Уаали

Жаратылысты басқарушы, барлығына билік жүргізуші.

82

اَلْوَارِثُ

Әл-Уәрис

Бүкіл нәрсенің ақырғы мұрагері.

83

اَلْوَاسِعُ

Әл-Уәсиғ

Ілімімен және мейірімімен бәрін қамтушы, кеңпейіл.

84

اَلْوَهَّابُ

Әл-Уәһһаб

Қайтарымсыз молынан сый беруші.

85

اَلْفَتَّاحُ

Әл-Фаттах

Жеңуші, ізгілік есіктерін ашушы, кедергілерді жоюшы.

86

اَلْخَبِيرُ

Әл-Хабир

Бәрінен хабардар.

87

اَلْحَيُّ

Әл-Хай

Мәңгі тірі.

88

اَلْحَكَمُ

Әл-Хакам

Үкім беруші, төреші.

89

اَلْحَكِيمُ

Әл-Хаким

Даналық пен хикмет иесі.

90

اَلْحَقُّ

Әл-Хаққ

Өздігінен бар, өзгермейтін ақиқат, хақ.

91

اَلْخَالِقُ

Әл-Халиқ

Жария-құпия бүкіл нәрсені жаратушы.

92

اَلْحَلِيمُ

Әл-Халим

Кінәліні дереу жазаламай, мұрсат беруші.

93

اَلْحَمِيدُ

Әл-Хамид

Бүкіл мадақ пен мақтаудың иесі.

94

اَلْحَسِيبُ

Әл-Хасиб

Баршаның есебін алушы.

95

اَلْخَافِضُ

Әл-Хафид

Бұл дүниеде де, ақыретте де қалағанының дәрежесін түсіруші.

96

اَلْحَفِيظُ

Әл-Хафиз

Бүкіл нәрсені сақтаушы, қорғаушы.

97

اَلْهَادِي

Әл-Һәди

Туралыққа бастаушы, тура жолға салушы.

98

اَلشَّكُورُ

Әш-Шәкур

Алғыс иесі, жақсылықтың қарымтасын қайтарушы.

99

اَلشَّهِيدُ

Әш-Шәһид

Куәгер, барлық нәрсеге куә болушы.

Намаз дұғалары

1795
Кутуб ситтә, № 1795 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَبَّرَ لِلصَّلَاةِ سَكَتَ هُنَيَّةً قَبْلَ أَنْ يَقْرأَ، فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي سُكُوتَكَ بَيْنَ التَّكْبِيرِ وَالْقِرَاءَةِ مَا تَقُولُ؟ قَالَ: أَقُولُ: اللَّهُمَّ نَقِّنِي مِنْ خَطَايَايَ كَمَا يُنَقَّى الثَّوْبُ الْأَبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ. اللَّهُمَّ اغْسِلْنِي مِنْ خَطَايَايَ بِالْمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالبَرَدِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. زَادَ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ فِي أوَّلِهِ: «اللَّهُمَّ بَاعِدْ بَيْنِي وَبَيْنَ خَطَايَايَ كَمَا بَعَدْتَ بَيْنَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намаздың алғашқы тәкбірінен кейін Құран оқуға кіріспей, сәл кідіретін. “Уа, Алланың елшісі! Әкем мен шешем жолыңызда пида болсын! Тәкбір мен қырағаттың арасындағы кідірісте не айтасыз?” – деп сұрадым. Ол: “Уа, Алла! Кірден тазарған ақ киімдей күнәларымнан арылт. Уа, Алла! Күнәларымды сумен, қармен және бұршақпен жу”, – деп жауап берді».1

Әбу Дәуіт, Нәсәи және Бұхаридің риуаяттарында дұғаның басында: «Уа, Алла! Шығыс пен батыстың арасын алшақ еткеніңдей, мені күнәларымнан алшақ ет!» – деген сөздер бар.

Түсіндірме

1. Әдетте кір киімді сумен жуады. Хадисте суға қар мен бұршақтың қосылып айтылуын ғалымдар әртүрлі түсіндірген. Бәрінің пікірі осы сөздер тазару мағынасын күшейтеді дегенге саяды.

Хаттабидің айтуынша, қар мен бұршақ мағынаны күшейту үшін аталған. Өйткені бұлардың екеуі де әдетте киім жууға қолданылмайды.

Ибн Дақиқу әл-Ғид: «Осылай айту арқылы «өте таза» деген мағына көзделген. Бұл екеуі қолмен ұсталатын зат емес. Өйткені үстінен үш түрлі тазалаушы зат өткен киім тап-таза болады. Алайда бұлардың әрқайсысы да астарлы мағынада қолданылуы мүмкін. Яғни олармен кірді тазалаушы сипат айтылған. Мысалы, وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْلَنَا وَارْحَمْنَا «Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің және бізге жанашырлық танытып, мейіріміңе бөлегейсің!» (Бақара, 286) деген аятындағы секілді.

Тиби де осыған ишарат етіп, былай дейді: «Судан кейін қар мен мұздың айтылу мақсаты – кешірімнен кейін мейірім мен мағфираттың барлық түрін (тозақтың өте қатты ыстығын сөндіру үшін) сұрау». Хадистің Абдулла ибн Әбу Әуфа тарапынан жеткен Мүслимдегі риуаятында судың суыту сипатымен айтылуы да осы мағынаны қуаттай түседі. Осылайша Расулалла (с.а.с.) күнәларды отқа түсуге себеп болуына байланысты тозаққа ұқсатып, оның сөндірілуін жууға теңеп, сөндіруде де сөндіруші нәрселердің барлығын судан бастап, ең суығына дейін айту арқылы күшейтпелі шырайға орын берген.

Турбушти үш нәрсенің де аспаннан түсетінін олардың жеке-жеке аталуына себеп деп түсіндірген.

Кирмани үш тілектің үш уақытқа меңзеуі мүмкін екенін айтады. Күнәдан алыстау келешекке, тазару осы шаққа, жуу өткен шаққа қатысты болуы ықтимал.

2. ХАДИСТЕН ШЫҒАРЫЛҒАН КЕЙБІР ҮКІМДЕР

• Хадистен тахрим тәкбірі мен қирағат арасында дұға оқудың шариғатымызда бар екендігіне үкім шығарылған. Алайда Имам Мәлик бұл үкімге қосылмайды.

• Имам Шәфиғи мен кейбір ғалымдар осы хадиске сүйене отырып, намазда Құранда кездеспейтін дұғаларды жасауға рұқсат екендігін айтқан. Ханафилер бұл көзқарасқа қосылмайды.

• Хадис – сахабалар пайғамбардың (с.а.с.) үнсіз, жасырын, ашық әрбір әрекетіне назар аударып, дінді ең жоғары деңгейде ұстанғандықтарын көрсетіп, бұл мәселеде үмбетке тәлім береді.

• Шәфиғилердің кейбірі қар мен бұршақтың тазалаушы зат екендігін осы хадиске негізделе отырып үкім шығарған.

  1. 1Бұхари, Азан 89; Мүслим, Мәсәжид 147, (598); Әбу Дәуіт, Салат 123, (781); Нәсәи, Ифтитах 15, (2, 128, 129).
1796
Кутуб ситтә, № 1796 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ نُصَلِّي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذْ قَالَ رَجُلٌ مِنَ القَوْمِ: اللَّهُ أَكْبَرُ كَبِيرًا، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ كَثِيرًا، وَسُبْحَانَ اللَّهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنِ الْقَائِلُ كَلِمَةَ كَذَا وَ كَذَا؟ قَالَ الرَّجُلُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ: عَجِبْتُ لَهَا فُتِحَتْ لَهَا أَبْوَابُ السَّمَاءِ. قَالَ ابْنُ عُمَرَ: فَمَا تَرَكْتُهُنَّ مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. وَزَادَ النَّسَائِيُّ فِي رِوَايَةٍ: «لقَدْ رَأَيْتُ ابْتَدَرَهَا اثْنَا عَشَرَ مَلَكًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқып тұрғанда, жамағат арасынан біреу “Аллаһу әкбар кәбира, уәл-хамду лилләһи кәсира, уә субханаллаһи букратан уә асила” деді. Мағынасы: “Алла аса ұлық! Аллаға мол мадақ! Таң мен кеште Алланы пәктеймін!” Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Бұл сөздерді кім айтты? – деп сұрады. Әлгі кісі:

– Мен, уа, Алланың елшісі! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Бұл сөздерге таңғалдым. Солар үшін көк есіктері ашылды, – деді». Ибн Омар (р.анһума): «Оны естігеннен бері бұл зікірді айтуды қойған емеспін», – деген.1

Нәсәидің бір нұсқасында: «Осы сөздерді көкке көтеру үшін он екі періштенің бір-бірінен озуға ұмтылғанын көрдім», – делінген.

Түсіндірме

1. Хадисте айтылған аспан есіктерінің ашылуы – ол зікірдің Алланың алдында қабыл болғанының айғағы. Өйткені дұғалардың құбыласы – аспан. Ал қабыл болған сөздердің орны – қабыл алынатын аспанға көтерілу. Аятта да: «Пәк (игі) сөз Оның дәргейіне көтеріледі, оны (Алланың дәргейіне) игілікті істер көтеріп әкетеді» (Фатыр, 10) деп айтылған.

2. Алла елшісінің (с.а.с.) сөздерді үнемі айтып жүруге ынталандырады. Өйткені Ибн Омар (р.а.) естіген күнінен бері оны айтуды тастамаған.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид 150, (601); Тирмизи, Дағуат 137, (3586); Нәсәи Ифтитах 8, (2, 125).
1797
Кутуб ситтә, № 1797 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُصَلِّي إِذْ جَاءَهُ رَجُلٌ قَدْ حَفَزَهُ النَّفْسُ، فَقَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ، الْحَمْدُ للّهِ حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ، فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الصَّلَاةَ قَالَ: أَيُّكُمُ الْمُتَكَلِّمُ بِالْكَلِمَاتِ؟ فَأَرَمَّ الْقَوْمُ، فَقَالَ: إِنَّهُ لَمْ يَقُلْ بَأْسًا، فَقَالَ الرَّجُلُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ اثْنَيْ عَشَرَ مَلَكًا يَبْتَدِرُونَهَا أَيُّهُمْ يَرْفَعُهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدُ وَالنَّسَائِي. »حَفْزَهُ النَّفَسُ» أَيْ تَتَابُعٌ بِشِدَّةٍ كَأَنَّهُ يَحْفِزُ صَاحِبَهُ: أَيْ يَدْفَعُهُ. »وَأَرَمَّ الْقَوْمُ» أَطْرَقُوا سُكُوتًا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намаз оқып тұрғанда, ентіккен бір кісі келіп: “Аллаһу әкбар. Әл-хамду лилләһи хамдан кәсиран таййибан мубаракан фиһи”, – деді. Мағынасы: “Алла ұлық! Аллаға мол, пәк әрі берекелі мадақ болсын!” Алла елшісі (с.а.с.) намазын аяқтаған соң: “Бұл сөздерді кім айтты?” – деп сұрады. Біраз уақыт ешкім үн қатпады. Алла елшісі (с.а.с.):

– Айтқан кісі тартынбасын. Ол жаман сөз айтқан жоқ, – деді. Сонда әлгі адам:

– Уа, Алланың елшісі, мен айттым, – деді. Алла елшісі (с.а.с.):

– Осы сөздерді көкке көтеру үшін бір-бірінен озуға ұмтылған он екі періштені көрдім, – деді».1

Түсіндірме

№1800 хадисте беріледі.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид 149, (600); Әбу Дәуіт, Салат 121, (763): Нәсәи, Ифтитах 19, (2, 132, 133).
1798
Кутуб ситтә, № 1798 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا اسْتَفْتَحَ الصَّلَاةَ كَبَّرَ، ثُمَّ قَالَ: إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ. اللَّهُمَّ اهْدِنِي لِأَحْسَنِ الْأَعْمَالِ وَأَحْسَنِ الْأَخْلَاقِ، لَا يَهْدِي لِأَحْسَنِهَا إِلَّا أَنْتَ، وَقِنِي سَيِّئَ الْأَعْمَالِ، وَسَيِّئَ الْأَخْلَاقِ لَا يَقِي سَيِّئَهَا إِلَّا أَنْتَ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазды бастағанда тәкбір айтып, содан кейін кейде “Иннә салати уә нусуки уә махйая уә мамати лилләһи Раббил-ғаламин. Лә шәрика ләһу уә бизалика умирту уә ана әууәлул-муслимин. Аллаһуммаһдини ли-ахсанил-ағмали уә ахсанил-ахлақ. Лә йаһди ли-ахсаниһа иллә әнт. Уә қини сәййиәл-ағмали уә сәййиәл-ахлақ. Лә йақи сәййиәһа иллә әнт” деп дұға ететін. Мағынасы: “Намазым да, құлшылығым да, өмірім де, өлімім де әлемдердің Раббысы Аллаға арналған. Оның серігі жоқ. Маған осылай бұйырылды. Мен бойсұнғандардың алғашқысы едім. Уа, Алла! Мені амалдардың ең ізгісіне, мінездің ең көркеміне баста. Олардың ең жақсысына Сен ғана бастайсың. Мені жаман амал мен жаман мінезден сақта. Олардың жаманынан Сен ғана сақтайсың”».1

Түсіндірме

№1800 хадисте беріледі.

  1. 1Нәсәи, Ифтитах 16 (2, 129). Нәсәидің № 896 риуаятында «وَأَنَا مِنَ الْمُسْلِمِينَ» (“Мен мұсылмандарданмын”) деп берілген. Мәтінде Ибраһим Жанан келтірген нұсқа сақталды.
1799
Кутуб ситтә, № 1799 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ مُحَمَّدٍ بْنِ مَسْلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا قَامَ يُصَلِّي تَطَوُّعًا قَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ حَنِيفًا مُسْلِمًا ومَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ، وَذَكَرَ مِثْلَ حَدِيثِ جَابِرٍ، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُمَّ أَنْتَ الْمَلِكُ لْا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، سُبْحَانَكَ وَبِحَمْدِكَ، ثُمَّ يَقْرَأُ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Мәсләма (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) нәпіл намазын оқуға тұрғанда кейде “Аллаһу әкбар. Уәжжаһту уәжһия лиллази фатарас-самауати уәл-арда ханифан муслиман уә ма ана минәл-мушрикин” дейтін. Мағынасы: “Алла аса ұлық! Мен бір Аллаға ғана бет бұрып, Оған бойсұнған күйде жүзімді көктер мен жерді жаратқанға бұрдым. Мен Аллаға серік қосушылардан емеспін”. Мұхаммед ибн Мәсләма дұғаның жалғасын Жәбирдің риуаятындағыдай жеткізді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұдан кейін “Аллаһумма антал-малику, лә иләһа иллә ант, субханака уә бихамдик”, яғни “Уа, Алла! Патша – Сенсің. Сенен басқа тәңір жоқ. Саған мадақ айтамын, Сені пәктеймін”, – деп, Құран оқуға кірісетін».1

Түсіндірме

№1800 хадисте беріледі.

  1. 1Нәсәи, Ифтитах 17, (2, 131).
1800
Кутуб ситтә, № 1800 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا افْتَتَحَ الصَّلَاةَ قَالَ: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالَى جَدُّكَ، وَلَا إِلَهَ غَيْرُكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَالْمُرَادُ «بِالْجَدِّ» فِي حَقِّ اللّهِ تَعَالَى عَظَمَتِهِ وَ جَلِّهِ: أَيْ صَارَ جَدُّكَ عَالِيًا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазды бастағанда “Субханака Аллаһумма уә бихамдика, уә табаракасмука, уә тағала жәддука, уә лә иләһа ғайрука” дейтін. Мағынасы: “Уа, Алла! Саған мадақ айта отырып, Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Есімің мүбәрак, ұлылығың асқақ. Сенен басқа тәңір жоқ”».1

Түсіндірме

Бұл хадистер намазда тахрим (немесе ифтитах тәкбірі) нен кейін қирағатқа өтпестен бұрын истифтах дұғасының оқылатындығын білдіреді. Бұл Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал және көпшілік ғұламалардың пікірінше мұстахаб. Ал имам Мәликтің пікірінше мұстахаб емес. Алайда оқылатын дұғаға келгенде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.

• Ахмад ибн Ханбал мен Имам Ағзам (Алла оларға рахым етсін) соңғы риуаятта тоқталған субханака дұғасын оқуды жөн көреді. Оған Айша (р.а.) анамыздан жеткен сол риуаятты дәлел ретінде көрсетеді. Бұл риуаят Ахмад ибн Ханбал мен «Мустадрак» жинағында риуаят етілген.

Аталмыш хадис кейбір қосымша сөздермен Әбу Сағид әл-Худри бастаған бір топ сахабадан да риуаят етілген. Алайда табиғин пен әтбағут-табиғин ғалымдар амалда көбінесе әзірет Айшаның риуаятын басшылыққа алған. Әзірет Омар мен Ибн Мәсғудтың риуаяты да дәл осылай. Намазда олардың да осы дұғаны оқығандығы айтылады.

• Бұл тақырып барысында жоғарыда әзірет Әбу Һурайра, әзірет Жәбир ибн Абдулла, Мұхаммед ибн Мәсләма (Алла оларға разы болсын) сынды сахабалардан әртүрлі риуаят жеткіздік. Әзірет Алиден жеткен риуаят та бар. Демек, Алла елшісі (с.а.с.) истифтах дұғасын әртүрлі бейнеде оқыған. Олардың бірін «сахих» деп, енді басқасын «жалған» деп айту мүмкін емес. Тіпті Ибн Омардың (р.а.) бір риуаяты бойынша Алла елшісі (с.а.с.) намазды бастағанда алдымен «уәжжаһту уәжһия» деп басталған дұғаны, одан соң субханака дұғасын, одан кейін «инна салати уә нусуки» деп басталатын дұғаны оқығаннан кейін ғана қирағатқа өтетін.

Ибн әл-Әсирдің «Шарх әл-Муснәд» жинағында Имам Шәфиғи парыз болсын, нәпіл болсын барлық намазда бұл дұғалардың барлығын басынан аяғына дейін оқығандығын келтіреді.

Ханафилерден Әбу Юсуф «Намазда субханака дұғасымен бірге уәжжаһту уәжһия дұғасы бірге оқылуы керек» деген. «Әл-Мухит» кітабында «уәжжаһту уәжһия» дұғасы тәкбірден бұрын оқылуы қажет, солай жасау мұстахаб деп айтылады. Керісінше айтқандар да бар.

Шәфиғилердің пікірінше, имам Фатиха мен сүренің арасында біраз аялдайды. Осы кезде жамағат та Фатиханы оқиды. Шәфиғи, намазды бастағанда имам мен жамағаттың бірдей истифтах дұғасын оқитындығын айтқан.

Сондай-ақ Шәфиғилердің пікірінше, Фатиха мен сүрелерден кейін үнсіз қалуы – жамағаттың Фатиханы оқуы үшін. Ханафилер жамағат намазында имамның артында тұрып ештеңе оқымайтындықтан соңғы тыныштық қирағат пен рүкүғтың арасын ажыратуға арналған. Яғни қирағат біте сала рүкүғке кету арқылы асықпаудан тұрады. Әдейі созу мәкрүһ. Қателесіп созатын болса парыздың кешіктірілуіне себеп болғандықтан саһу сәждесін жасау талап етіледі.

Имам Мәлик парыз немесе нәпіл намаздың басында, ортасында және соңында қандай да бір дұғаны оқуға рұқсат береді. Шәфиғидің көзқарасы да осындай болғанымен, истифтах дұғасын оқуды сүннет деп біледі.

Ханафилерде истифтах дұғасы ретінде «субхнака»-дан басқа дұғаны оқуға рұқсат жоқ. Бұл тақырыпта риуаят етілген дұғаларды парыз намаздардың соңғы отырысында ташаһһуд дұғасынан кейін, намаздың аяғына таман оқуға болады. Нәпілдерде кішкене жеңілдік беретін ханафилер бұл тақырыпта келген риуаяттарды түнгі намаздарға қалдырады.

Ибн Баттал аталмыш үнсіздіктің мәдиналықтардың ғұрпында жоқ екендігін назарға алып, бұған Алла елшісі (с.а.с.) кейде ғана істегенін алға тартып, жасамағанды дұрыс көреді.

Хадистегі «Ата-анам сенің жолыңда пида болсын» деген сөзді Алла елшісіне қатысты қолдануға рұқсат. Кейбір ғалымдар кез келген адамға қолдануға болатындығын айтқанымен, «рұқсат жоқ» дегендер де кездеседі. Үшінші көзқарас бойынша тек ізгілер үшін қолдануға рұқсат, басқаларға олай айтылмайды.

  1. 1Тирмизи, Салат 179, (243); Әбу Дәуіт, Салат 122, (776); ибн Мәжа, Иқаматус-салат 1, (804).