Хадис

Кутуб ситтә, № 1796

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
233. Есім. Оқылуы. Қысқаша мағынасы
Нөмірі
№ 1796 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1796
Кутуб ситтә, № 1796 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ نُصَلِّي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذْ قَالَ رَجُلٌ مِنَ القَوْمِ: اللَّهُ أَكْبَرُ كَبِيرًا، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ كَثِيرًا، وَسُبْحَانَ اللَّهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنِ الْقَائِلُ كَلِمَةَ كَذَا وَ كَذَا؟ قَالَ الرَّجُلُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ: عَجِبْتُ لَهَا فُتِحَتْ لَهَا أَبْوَابُ السَّمَاءِ. قَالَ ابْنُ عُمَرَ: فَمَا تَرَكْتُهُنَّ مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. وَزَادَ النَّسَائِيُّ فِي رِوَايَةٍ: «لقَدْ رَأَيْتُ ابْتَدَرَهَا اثْنَا عَشَرَ مَلَكًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) былай дейді: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқып тұрғанда, жамағат арасынан біреу “Аллаһу әкбар кәбира, уәл-хамду лилләһи кәсира, уә субханаллаһи букратан уә асила” деді. Мағынасы: “Алла аса ұлық! Аллаға мол мадақ! Таң мен кеште Алланы пәктеймін!” Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Бұл сөздерді кім айтты? – деп сұрады. Әлгі кісі:

– Мен, уа, Алланың елшісі! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Бұл сөздерге таңғалдым. Солар үшін көк есіктері ашылды, – деді». Ибн Омар (р.анһума): «Оны естігеннен бері бұл зікірді айтуды қойған емеспін», – деген.1

Нәсәидің бір нұсқасында: «Осы сөздерді көкке көтеру үшін он екі періштенің бір-бірінен озуға ұмтылғанын көрдім», – делінген.

Түсіндірме

1. Хадисте айтылған аспан есіктерінің ашылуы – ол зікірдің Алланың алдында қабыл болғанының айғағы. Өйткені дұғалардың құбыласы – аспан. Ал қабыл болған сөздердің орны – қабыл алынатын аспанға көтерілу. Аятта да: «Пәк (игі) сөз Оның дәргейіне көтеріледі, оны (Алланың дәргейіне) игілікті істер көтеріп әкетеді» (Фатыр, 10) деп айтылған.

2. Алла елшісінің (с.а.с.) сөздерді үнемі айтып жүруге ынталандырады. Өйткені Ибн Омар (р.а.) естіген күнінен бері оны айтуды тастамаған.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид 150, (601); Тирмизи, Дағуат 137, (3586); Нәсәи Ифтитах 8, (2, 125).