Хадис

Дұғаның түрлері. Исм-ағзам және әсма-хусна арқылы жасалатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 232-тарау · 5 хадис · № 1790–1794

Хадистер

1790
Кутуб ситтә, № 1790 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Бурайда

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا يَقُولُ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنِّي أَشْهَدُ أَنَّكَ: أَنْتَ اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ الْأَحَدُ الصَّمَدُ الَّذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ، فَقَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَقَدْ سَأَلَ اللَّهَ بِاسْمِهِ الْأَعْظَمِ الَّذِي إِذَا دُعِيَ بِهِ أَجَابَ، وَإِذَا سُئِلَ بِهِ أَعْطَى». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір адамның “Уа, Алла! Мынаған куәлік ете отырып, Сенен сұраймын: Сен – бір Алласың. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен жалғызсың, ешкімге мұқтаж емессің, бәрі Саған мұқтаж. Тумадың да, туылмадың да. Саған ешкім тең емес” деп дұға еткенін естіді. Сонда ол: “Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Бұл кісі Алладан Оның ең ұлық есімімен сұрады. Сол есіммен дұға етсе, Алла жауап береді, сол есіммен сұраса, сұрағанын береді”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадисте Алла Тағаладан Оның ең ұлық есімімен сұраған адамның тілегі қабыл болатыны айтылады. Алланың тоқсан тоғыз көркем есімі туралы төменде, №1794 хадисте, сөз болады. Олардың ішіндегі ең ұлығы «исм-ағзам» деп аталады.

2. Тиби былай деген: «Бұл хадис мынаған дәлел болады: «Алланың бір ұлық есімі бар. Оны дәнекер етіп, дұға жасалатын болса, дұғаға жауап беріледі және ол есім осы хадисте айтылған. Сондай-ақ хадисте: «Алладан басқа нәрселерден бет бұрып, ерекше ықыласпен айтылған есім – ұлық есім (исм-ағзам). Өйткені әріптердің бір-бірінен асып түсетін айырмашылығы жоқ» дегендерге де дәлел бар. Осыған мағыналас басқа хадистер де жетерлік. Ол хадистерде бұл жерде айтылмаған есімдер бар. Алайда барлығында да «Алла» сөзі кездеседі. Осыған байланысты исм-ағзамның «Алла» сөзі екендігі айтылған».

3. Хадисте дұға жасау мен сұраудың арасында айырмашылық жасалмаған. Сондықтан құлдың «Маған ана нәрсені бер» деген сөзі оның сұрауы болып табылады. Ал дұға құлдың жалбарынып: «Уа, Раббым!» деп айтуы. Алла Тағала бұлай жалбарынуға: «Ләббәйк уа, құлым! (Ей құлым! Айт, нені қалайсың?)» – деп жауап береді. Бұндай жағдайда құлдың қалауына қарай Алла Тағаланың жауап беретіндігі айтылған. Демек, дұға мен сұраудың арасында белгілі бір айырмашылық бар. Бұл нәзік айырмашылық барлық мәселеге қатысты емес. Бірін екіншісінің орнына қолданса да болады. Алайда кейбір ғалымдар сұрауға қарағанда, дұға артық екендігін айтқан.

  1. 1Тирмизи, Дағуат 65, (3471); Әбу Дәуіт, Салат 358, (1493).
1791
Кутуб ситтә, № 1791 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ مِحْجَنٍ بْنِ الْأَدْرَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا يَقُولُ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِاللَّهِ الْأَحَدِ الصَّمَدِ الَّذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدُ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ، أَنْ تَغْفِرَ لِي ذُنُوبِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ، فَقَالَ: قَدْ غُفِرَ لَهُ، قَدْ غُفِرَ لَهُ ثَلَاثًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ

Қазақша аудармасы

Михжан ибн әл-Адрағ (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір кісінің “Уа, Алла! Жалғыз, ештеңеге мұқтаж емес, бәрі Өзіне мұқтаж, тумаған да, туылмаған да, теңдесі жоқ Алланың атымен Сенен сұраймын. Күнәларымды кешір. Расында, Сен – аса Кешірімді, ерекше Мейірімдісің” дегенін естіді. Сонда “Ол кешірілді, ол кешірілді, ол кешірілді!” – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 184, (985); Нәсәи, Саһу 57, (3, 52).
1792
Кутуб ситтә, № 1792 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَعَا رَجُلٌ فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّ لَكَ الْحَمْدَ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ الْمَنَّانُ، بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ، يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ، فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَتَدْرُونَ بِمَ دَعَا؟ قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَقَدْ دَعَا اللَّهَ بِاسْمِهِ الْأَعْظَمِ الَّذِي إِذَا دُعِيَ بِهِ أَجَابَ، وَإِذَا سُئِلَ بِهِ أَعْطَى». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бір адам “Уа, Алла! Бар мадақ Саған тән екенін айтып, Сенен сұраймын. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен – мол нығмет берушісің, көктер мен жерді теңдессіз жаратушысың. Уа, айбын мен жомарттық иесі, Мәңгі тірі әрі бүкіл болмысты ұстап тұрушы Алла!” – деп дұға етті. Алла елшісі (с.а.с.) “Бұл кісі нені арқау етіп сұрап тұрғанын білесіңдер ме?” – деді. Біз “Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі”, – дедік. Сонда ол: “Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Ол Аллаға Оның ең ұлық есімімен дұға етті. Сол есіммен дұға етсе, Алла жауап береді, сол есіммен сұраса, сұрағанын береді”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Дағуат 109 (Дарүссәләм басылымында № 3544), Әбу Дәуіт, Салат 358 (№ 1495), Нәсәи, Саһу 57 (3, 52).
1793
Кутуб ситтә, № 1793 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әсма бинт Язид

وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اسْمُ اللَّهِ الْأَعْظَمُ فِي هَاتَيْنِ الْآيَتَيْنِ: وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ. وَفاتِحَةُ سُورَةِ آلِ عِمْرَانَ: الٓمٓ اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алланың ең ұлық есімі мына екі аятта бар. Біріншісі – “Бақара” сүресінің 163-аяты: ﴿وَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَٰحِدٌ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلرَّحْمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ﴾ “Барлығыңның құдайың бір Құдай, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Рахман, Рахим”. Екіншісі – “Әли Имран” сүресінің басы, 1–2-аяттар: ﴿الٓمٓ ۝ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْحَىُّ ٱلْقَيُّومُ﴾ “Әлиф, Ләм, Мим. Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай, Қаййум”».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 358, (1496); Тирмизи Дағуат 65, (3472).
1794
Кутуб ситтә, № 1794 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَنَّ لِلَّهِ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ اسْمًا مَنْ حَفِظَهَا دَخَلَ الْجَنَّةَ، أَنَّ اللَّهَ وِتْرٌ يُحِبُّ الْوِتْرَ. وَفِي رِوَايَةٍ: “مَنْ أَحْصَاهَا”. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ بهَذَا اللَّفْظِ، وَمُسْلِمٌ بِدُونِ ذِكْرِ الْوِتْرِ، وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ فَعَدَّهَا: “هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ. الْمَلِكُ. القُدُّوسُ. السَّلَامُ. الْمُؤْمِنُ. الْمُهَيْمِنُ. الْعَزِيزُ. الْجَبَّارُ. الْمُتَكَبِّرُ. الْخَالِقُ. الْبَارِئُ. الْمُصَوِّرُ. الْغَفَّارُ. الْقَهَّارُ. الْوَهَّابُ. الرَّزَّاقُ. الْفَتَّاحُ. الْعَلِيمُ. القَابِضُ. الْبَاسِطُ. الْخَافِضُ. الرَّافِعُ. الْمُعِزُّ. الْمُذِلُّ. السَّمِيعُ. الْبَصِيرُ. الْحَكَمُ. الْعَدْلُ. اللَّطِيفُ. الْخَبِيرُ. الْحَلِيمُ. الْعَظِيمُ. الْغَفُورُ. الشَّكُورُ. الْعَلِيُّ. الْكَبِيرُ. الْحَفِيظُ. الْمُقِيتُ. الْحَسِيبُ. الْجَلِيلُ. الْكَرِيمُ. الرَّقيبُ. الْمُجِيبُ. الْوَاسِعُ. الْحَكِيمُ. الْوَدُودُ. الْمُجِيدُ. الْبَاعِثُ. الشَّهِيدُ. الْحَقُّ. الْوَكِيلُ. الْقَوِيُّ. الْمَتِينُ. الْوَلِيُّ. الْحَمِيدُ. الْمُحْصِي. الْمُبْدِئُ. الْمُعِيدُ. الْمُحْيِي. الْمُمِيتُ. الْحَيُّ. الْقَيُّومُ. الْوَاجِدُ. الْمَاجِدُ. الْوَاحِدُ. الْأَحَدُ. الصَّمَدُ. الْقَادِرُ. الْمُقْتَدِرُ. الْمُقَدِّمُ. الْمُؤَخِّرُ. الْأَوَّلُ. الْآخِرُ. الظَّاهِرُ. الْبَاطِنُ. الْوَالِي. الْمُتَعَالَى. الْبَرُّ. التَّوَّابُ. الْمُنْتَقِمُ. الْعَفُوُّ. الرَّءُوفُ. مَالِكُ الْمُلْكِ. ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ. الْمُقْسِطُ. الْجَامِعُ. الْغَنِيُّ. الْمُغْنِي. الْمَانِعُ. الضَّارُّ. النَافِعُ. النُّورُ الْهَادِي. الْبَدِيعُ. الْبَاقِي. الْوَارِثُ. الرَّشِيدُ. الصَّبُورُ”. وَلَمْ يُفَصِّلِ الْأَسْمَاءَ غَيْرُ التِّرْمِذِيِّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім соларды жаттаса, жәннатқа кіреді. Алла – тақ, тақты жақсы көреді».

Бір риуаятта: «Кім сол есімдерді түгел санаса, жәннатқа кіреді», – делінген. Бұхари хадисті осы сөздермен жеткізген. Мүслимнің бір нұсқасында тақ сан туралы сөйлем келтірілмейді.1

Тирмизидің риуаятында Алланың көркем есімдері былай аталады: «Ол – Алла. Одан басқа тәңір жоқ. Ол – әр-Рахман, әр-Рахим, әл-Мәлик, әл-Қуддус, әс-Сәләм, әл-Мумин, әл-Муһаймин, әл-Азиз, әл-Жаббар, әл-Мутакаббир, әл-Халиқ, әл-Бәри, әл-Мусаууир, әл-Ғаффар, әл-Қаһһар, әл-Уаһһаб, әр-Раззақ, әл-Фаттах, әл-Алим, әл-Қабид, әл-Басит, әл-Хафид, әр-Рафиғ, әл-Муғизз, әл-Музилл, әс-Сәмиғ, әл-Басир, әл-Хакам, әл-Адл, әл-Латиф, әл-Хабир, әл-Халим, әл-Азим, әл-Ғафур, әш-Шакур, әл-Али, әл-Кәбир, әл-Хафиз, әл-Муқит, әл-Хасиб, әл-Жәлил, әл-Кәрим, әр-Рақиб, әл-Мужиб, әл-Уәсиғ, әл-Хаким, әл-Уадуд, әл-Мәжид, әл-Бағис, әш-Шаһид, әл-Хақ, әл-Уәкил, әл-Қауи, әл-Мәтин, әл-Уәли, әл-Хамид, әл-Мухси, әл-Мубди, әл-Муғид, әл-Мухи, әл-Мумит, әл-Хай, әл-Қаййум, әл-Уәжид, әл-Мәжид (Мәәжид), әл-Уахид, әл-Ахад, әс-Самад, әл-Қадир, әл-Муқтадир, әл-Муқаддим, әл-Муаххир, әл-Әууәл, әл-Ахир, әз-Заһир, әл-Батин, әл-Уаали, әл-Мутағали, әл-Бәрр, әт-Таууаб, әл-Мунтақим, әл-Афу, әр-Рауф, Мәликул-Мулк, Зулжәләли уәл-Икрам, әл-Муқсит, әл-Жәмиғ, әл-Ғани, әл-Муғни, әл-Мәниғ, әд-Дарр, ән-Нәфиғ, ән-Нур, әл-Һади, әл-Бәдиғ, әл-Бақи, әл-Уәрис, әр-Рашид, әс-Сабур».

Келтірілген жинақтардың ішінде көркем есімдердің тізімін Тирмизи ғана берген.

№

  1. 1Бұхари, Дағуат 68 (№ 6410), Мүслим, Зикр 5 (№ 2677), Тирмизи, Дағуат 87 (Ибраһим Жананда № 3502, Дарүссәләм басылымында № 3507). Тирмизидің № 3507 риуаятындағы тізімде «әл-Ахад» жоқ. Ибраһим Жанан келтірген арабша мәтінде бұл есім бар.