Хадис

Кутуб ситтә, № 1800

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
233. Есім. Оқылуы. Қысқаша мағынасы
Нөмірі
№ 1800 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
1800
Кутуб ситтә, № 1800 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا افْتَتَحَ الصَّلَاةَ قَالَ: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالَى جَدُّكَ، وَلَا إِلَهَ غَيْرُكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَالْمُرَادُ «بِالْجَدِّ» فِي حَقِّ اللّهِ تَعَالَى عَظَمَتِهِ وَ جَلِّهِ: أَيْ صَارَ جَدُّكَ عَالِيًا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазды бастағанда “Субханака Аллаһумма уә бихамдика, уә табаракасмука, уә тағала жәддука, уә лә иләһа ғайрука” дейтін. Мағынасы: “Уа, Алла! Саған мадақ айта отырып, Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Есімің мүбәрак, ұлылығың асқақ. Сенен басқа тәңір жоқ”».1

Түсіндірме

Бұл хадистер намазда тахрим (немесе ифтитах тәкбірі) нен кейін қирағатқа өтпестен бұрын истифтах дұғасының оқылатындығын білдіреді. Бұл Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал және көпшілік ғұламалардың пікірінше мұстахаб. Ал имам Мәликтің пікірінше мұстахаб емес. Алайда оқылатын дұғаға келгенде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.

• Ахмад ибн Ханбал мен Имам Ағзам (Алла оларға рахым етсін) соңғы риуаятта тоқталған субханака дұғасын оқуды жөн көреді. Оған Айша (р.а.) анамыздан жеткен сол риуаятты дәлел ретінде көрсетеді. Бұл риуаят Ахмад ибн Ханбал мен «Мустадрак» жинағында риуаят етілген.

Аталмыш хадис кейбір қосымша сөздермен Әбу Сағид әл-Худри бастаған бір топ сахабадан да риуаят етілген. Алайда табиғин пен әтбағут-табиғин ғалымдар амалда көбінесе әзірет Айшаның риуаятын басшылыққа алған. Әзірет Омар мен Ибн Мәсғудтың риуаяты да дәл осылай. Намазда олардың да осы дұғаны оқығандығы айтылады.

• Бұл тақырып барысында жоғарыда әзірет Әбу Һурайра, әзірет Жәбир ибн Абдулла, Мұхаммед ибн Мәсләма (Алла оларға разы болсын) сынды сахабалардан әртүрлі риуаят жеткіздік. Әзірет Алиден жеткен риуаят та бар. Демек, Алла елшісі (с.а.с.) истифтах дұғасын әртүрлі бейнеде оқыған. Олардың бірін «сахих» деп, енді басқасын «жалған» деп айту мүмкін емес. Тіпті Ибн Омардың (р.а.) бір риуаяты бойынша Алла елшісі (с.а.с.) намазды бастағанда алдымен «уәжжаһту уәжһия» деп басталған дұғаны, одан соң субханака дұғасын, одан кейін «инна салати уә нусуки» деп басталатын дұғаны оқығаннан кейін ғана қирағатқа өтетін.

Ибн әл-Әсирдің «Шарх әл-Муснәд» жинағында Имам Шәфиғи парыз болсын, нәпіл болсын барлық намазда бұл дұғалардың барлығын басынан аяғына дейін оқығандығын келтіреді.

Ханафилерден Әбу Юсуф «Намазда субханака дұғасымен бірге уәжжаһту уәжһия дұғасы бірге оқылуы керек» деген. «Әл-Мухит» кітабында «уәжжаһту уәжһия» дұғасы тәкбірден бұрын оқылуы қажет, солай жасау мұстахаб деп айтылады. Керісінше айтқандар да бар.

Шәфиғилердің пікірінше, имам Фатиха мен сүренің арасында біраз аялдайды. Осы кезде жамағат та Фатиханы оқиды. Шәфиғи, намазды бастағанда имам мен жамағаттың бірдей истифтах дұғасын оқитындығын айтқан.

Сондай-ақ Шәфиғилердің пікірінше, Фатиха мен сүрелерден кейін үнсіз қалуы – жамағаттың Фатиханы оқуы үшін. Ханафилер жамағат намазында имамның артында тұрып ештеңе оқымайтындықтан соңғы тыныштық қирағат пен рүкүғтың арасын ажыратуға арналған. Яғни қирағат біте сала рүкүғке кету арқылы асықпаудан тұрады. Әдейі созу мәкрүһ. Қателесіп созатын болса парыздың кешіктірілуіне себеп болғандықтан саһу сәждесін жасау талап етіледі.

Имам Мәлик парыз немесе нәпіл намаздың басында, ортасында және соңында қандай да бір дұғаны оқуға рұқсат береді. Шәфиғидің көзқарасы да осындай болғанымен, истифтах дұғасын оқуды сүннет деп біледі.

Ханафилерде истифтах дұғасы ретінде «субхнака»-дан басқа дұғаны оқуға рұқсат жоқ. Бұл тақырыпта риуаят етілген дұғаларды парыз намаздардың соңғы отырысында ташаһһуд дұғасынан кейін, намаздың аяғына таман оқуға болады. Нәпілдерде кішкене жеңілдік беретін ханафилер бұл тақырыпта келген риуаяттарды түнгі намаздарға қалдырады.

Ибн Баттал аталмыш үнсіздіктің мәдиналықтардың ғұрпында жоқ екендігін назарға алып, бұған Алла елшісі (с.а.с.) кейде ғана істегенін алға тартып, жасамағанды дұрыс көреді.

Хадистегі «Ата-анам сенің жолыңда пида болсын» деген сөзді Алла елшісіне қатысты қолдануға рұқсат. Кейбір ғалымдар кез келген адамға қолдануға болатындығын айтқанымен, «рұқсат жоқ» дегендер де кездеседі. Үшінші көзқарас бойынша тек ізгілер үшін қолдануға рұқсат, басқаларға олай айтылмайды.

  1. 1Тирмизи, Салат 179, (243); Әбу Дәуіт, Салат 122, (776); ибн Мәжа, Иқаматус-салат 1, (804).