Хадис
كِتَابُ الْهِبَةِ وَفَضْلِهَا وَالتَّحْرِيضِ عَلَيْهَا

Сыйлық, оның артықшылығы және сыйлық беруге ынталандыру туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 51-кітап · 24 хадис · № 1160–1183

Мазмұны: 18 бап
  1. 1Сыйлықтың артықшылығы туралы
  2. 2Аз ғана сыйлық туралы
  3. 3Ауланған аң етінен берілген сыйлықты қабылдау туралы
  4. 4Сыйлықты қабылдау туралы
  5. 5Досына сыйлық беріп, оның әйелдерінің бірінің кезегін әдейі таңдаған адам туралы
  6. 6Қайтарылмайтын сыйлық туралы
  7. 7Сыйлыққа қарымта қайтару туралы
  8. 8Сыйлық берген кезде куәгер келтіру туралы
  9. 9Ер адамның әйеліне және әйелдің күйеуіне сыйлық беруі туралы
  10. 10Тұрмыстағы әйелдің күйеуінен басқаға сыйлық беруі және құл азат етуі туралы
  11. 11Құл мен мүлікті иелікке қалай қабылдайды?
  12. 12Киюі құпталмайтын киімді сыйға беру туралы
  13. 13Мүшріктердің сыйлығын қабылдау туралы
  14. 14Мүшріктерге сыйлық беру туралы
  15. 15
  16. 16Ғұмра мен руқба туралы
  17. 17Келін түсіру тойына киім уақытша сұрап алу туралы
  18. 18Мәниханың артықшылығы туралы
بَابُ فَضْلِ الْهِبَةِ

1-бапСыйлықтың артықшылығы туралы

1160
Бұхари, № 1160 · Сахих: 2566Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَا نِسَاءَ الْمُسْلِمَاتِ، لَا تَحْقِرَنَّ جَارَةٌ لِجَارَتِهَا، وَلَوْ فِرْسِنَ شَاةٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, мұсылман әйелдер! Ешбір көрші әйел көршісіне беретін сыйлығын, тіпті ол қойдың тұяғы болса да, елеусіз санамасын», – деген.

1161
Бұхари, № 1161 · Сахих: 2567Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا قَالَتْ لِعُرْوَةَ: «يَا ابْنَ أُخْتِي، إِنْ كُنَّا لَنَنْظُرُ إِلَى الْهِلَالِ، ثُمَّ الْهِلَالِ، ثَلَاثَةَ أَهِلَّةٍ فِي شَهْرَيْنِ، وَمَا أُوقِدَتْ فِي أَبْيَاتِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نَارٌ». قَالَ: «يَا خَالَةُ، مَا كَانَ يُعِيشُكُمْ؟» قَالَتْ: «الْأَسْوَدَانِ: التَّمْرُ وَالْمَاءُ، إِلَّا أَنَّهُ قَدْ كَانَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ جِيرَانٌ مِنَ الْأَنْصَارِ كَانَتْ لَهُمْ مَنَائِحُ، وَكَانُوا يَمْنَحُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مِنْ أَلْبَانِهِمْ، فَيَسْقِينَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Уруаға: «Уа, жиенім! Біз бір жаңа айды, одан кейін екіншісін, сосын үшіншісін көретінбіз. Осылайша екі айдың ішінде үш рет жаңа ай туатын, ал Алла Елшісінің (с.а.с.) үйлерінде бірде-бір рет от жағылмайтын», – деді. Уруа: «Уа, нағашы апа! Онда сендер немен күн көрдіңдер?» – деп сұрады. Ол: «Екі қара нәрсемен: құрма мен сумен. Алайда Алла Елшісінің (с.а.с.) ансарлардан болған көршілері бар еді. Олардың сауын малдары болатын. Олар Алла Елшісіне (с.а.с.) сол малдарының сүтінен әкеліп беретін, ал ол бізге ішкізетін», – деді.

بَابُ الْقَلِيلِ مِنَ الْهِبَةِ

2-бапАз ғана сыйлық туралы

1162
Бұхари, № 1162 · Сахих: 2568Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَوْ دُعِيتُ إِلَى ذِرَاعٍ أَوْ كُرَاعٍ لَأَجَبْتُ، وَلَوْ أُهْدِيَ إِلَيَّ ذِرَاعٌ أَوْ كُرَاعٌ لَقَبِلْتُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Мені қойдың қол етіне немесе сирағына шақырса да, шақыруды қабыл алар едім. Маған қойдың қол еті немесе сирағы сыйға берілсе де, оны қабыл алар едім», – деген.

بَابُ قَبُولِ هَدِيَّةِ الصَّيْدِ

3-бапАуланған аң етінен берілген сыйлықты қабылдау туралы

1163
Бұхари, № 1163 · Сахих: 2572Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَنْفَجْنَا أَرْنَبًا بِمَرِّ الظَّهْرَانِ، فَسَعَى الْقَوْمُ فَلَغَبُوا. فَأَدْرَكْتُهَا فَأَخَذْتُهَا فَأَتَيْتُ بِهَا أَبَا طَلْحَةَ، فَذَبَحَهَا وَبَعَثَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِوَرِكِهَا – أَوْ فَخِذَيْهَا – فَقَبِلَهُ». قُلْتُ: «وَأَكَلَ مِنْهُ؟» قَالَ: «وَأَكَلَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Марруз-Заһран деген жерде бір қоянды үркітіп шығардық. Адамдар оның соңынан жүгіріп, ақыры шаршап қалды. Мен оны қуып жетіп, ұстап алдым да, Әбу Талхаға алып келдім. Ол қоянды бауыздап, Алла Елшісіне (с.а.с.) оның жамбасын немесе екі санын жіберді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны қабылдады». Әнәстен: «Одан жеді ме?» – деп сұралды. Ол: «Одан жеді», – деді.

بَابُ قَبُولِ الْهَدِيَّةِ

4-бапСыйлықты қабылдау туралы

1164
Бұхари, № 1164 · Сахих: 2575Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَهْدَتْ أُمُّ حُفَيْدٍ خَالَةُ ابْنِ عَبَّاسٍ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ أَقِطًا وَسَمْنًا وَأَضُبًّا، فَأَكَلَ النَّبِيُّ ﷺ مِنَ الْأَقِطِ وَالسَّمْنِ، وَتَرَكَ الضَّبَّ تَقَذُّرًا». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَأُكِلَ عَلَى مَائِدَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَوْ كَانَ حَرَامًا مَا أُكِلَ عَلَى مَائِدَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Ибн Аббастың нағашы апасы Үммі Хуфәйд Пайғамбарға (с.а.с.) құрт, сары май және бірнеше дала кесірткесін сыйға тартты. Пайғамбар (с.а.с.) құрт пен сары майдан жеді де, дала кесірткесін жиіркенгендіктен жемеді». Ибн Аббас (р.а.): «Алайда дала кесірткесінің еті Алла Елшісінің (с.а.с.) дастарқанында желінді. Егер ол харам болғанда, Алла Елшісінің (с.а.с.) дастарқанында желінбес еді», – деген.

1165
Бұхари, № 1165 · Сахих: 2576Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أُتِيَ بِطَعَامٍ سَأَلَ عَنْهُ: «أَهَدِيَّةٌ أَمْ صَدَقَةٌ؟» فَإِنْ قِيلَ: «صَدَقَةٌ»، قَالَ لِأَصْحَابِهِ: «كُلُوا»، وَلَمْ يَأْكُلْ، وَإِنْ قِيلَ: «هَدِيَّةٌ»، ضَرَبَ بِيَدِهِ ﷺ فَأَكَلَ مَعَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) тамақ әкелінген сайын, ол: “Бұл сыйлық па, әлде садақа ма?” – деп сұрайтын. Егер: “Садақа”, – деп жауап берілсе, сахабаларына: “Жеңдер”, – дейтін де, өзі жемейтін. Ал егер: “Сыйлық”, – деп жауап берілсе, қолын созып, олармен бірге жейтін».

1166
Бұхари, № 1166 · Сахих: 2577Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِلَحْمٍ، فَقِيلَ: «تُصُدِّقَ عَلَى بَرِيرَةَ». قَالَ: «هُوَ لَهَا صَدَقَةٌ وَلَنَا هَدِيَّةٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) ет әкелінді. Сонда: “Бұл Бәрираға садақа ретінде берілген еді”, – делінді. Ол: “Бұл – оған садақа, ал бізге сыйлық”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ مَنْ أَهْدَى إِلَى صَاحِبِهِ وَتَحَرَّى بَعْضَ نِسَائِهِ دُونَ بَعْضٍ

5-бапДосына сыйлық беріп, оның әйелдерінің бірінің кезегін әдейі таңдаған адам туралы

1167
Бұхари, № 1167 · Сахих: 2581Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ نِسَاءَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كُنَّ حِزْبَيْنِ، فَحِزْبٌ فِيهِ عَائِشَةُ وَحَفْصَةُ وَصَفِيَّةُ وَسَوْدَةُ، وَالْحِزْبُ الْآخَرُ أُمُّ سَلَمَةَ وَسَائِرُ نِسَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ الْمُسْلِمُونَ قَدْ عَلِمُوا حُبَّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَائِشَةَ، فَإِذَا كَانَتْ عِنْدَ أَحَدِهِمْ هَدِيَّةٌ يُرِيدُ أَنْ يُهْدِيَهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَخَّرَهَا حَتَّى إِذَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِ عَائِشَةَ، بَعَثَ صَاحِبُ الْهَدِيَّةِ بِهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِ عَائِشَةَ.

فَكَلَّمَ حِزْبُ أُمِّ سَلَمَةَ فَقُلْنَ لَهَا: «كَلِّمِي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُكَلِّمُ النَّاسَ، فَيَقُولُ: “مَنْ أَرَادَ أَنْ يُهْدِيَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ هَدِيَّةً، فَلْيُهْدِهِ إِلَيْهِ حَيْثُ كَانَ مِنْ بُيُوتِ نِسَائِهِ”»، فَكَلَّمَتْهُ أُمُّ سَلَمَةَ بِمَا قُلْنَ، فَلَمْ يَقُلْ لَهَا شَيْئًا، فَسَأَلْنَهَا، فَقَالَتْ: «مَا قَالَ لِي شَيْئًا». فَقُلْنَ لَهَا: «فَكَلِّمِيهِ».

قَالَتْ: فَكَلَّمَتْهُ حِينَ دَارَ إِلَيْهَا أَيْضًا، فَلَمْ يَقُلْ لَهَا شَيْئًا، فَسَأَلْنَهَا، فَقَالَتْ: «مَا قَالَ لِي شَيْئًا»، فَقُلْنَ لَهَا: «كَلِّمِيهِ حَتَّى يُكَلِّمَكِ».

فَدَارَ إِلَيْهَا فَكَلَّمَتْهُ، فَقَالَ لَهَا: «لَا تُؤْذِينِي فِي عَائِشَةَ، فَإِنَّ الْوَحْيَ لَمْ يَأْتِنِي وَأَنَا فِي ثَوْبِ امْرَأَةٍ إِلَّا عَائِشَةَ». قَالَتْ: فَقَالَتْ: «أَتُوبُ إِلَى اللَّهِ مِنْ أَذَاكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ».

ثُمَّ إِنَّهُنَّ دَعَوْنَ فَاطِمَةَ بِنْتَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَرْسَلْنَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَقُولُ: «إِنَّ نِسَاءَكَ يَنْشُدْنَكَ اللَّهَ الْعَدْلَ فِي بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ»، فَكَلَّمَتْهُ فَقَالَ: «يَا بُنَيَّةُ، أَلَا تُحِبِّينَ مَا أُحِبُّ؟» قَالَتْ: «بَلَى»، فَرَجَعَتْ إِلَيْهِنَّ فَأَخْبَرَتْهُنَّ، فَقُلْنَ: «اِرْجِعِي إِلَيْهِ»، فَأَبَتْ أَنْ تَرْجِعَ.

فَأَرْسَلْنَ زَيْنَبَ بِنْتَ جَحْشٍ فَأَتَتْهُ فَأَغْلَظَتْ، وَقَالَتْ: «إِنَّ نِسَاءَكَ يَنْشُدْنَكَ اللَّهَ الْعَدْلَ فِي بِنْتِ ابْنِ أَبِي قُحَافَةَ»، فَرَفَعَتْ صَوْتَهَا حَتَّى تَنَاوَلَتْ عَائِشَةَ وَهِيَ قَاعِدَةٌ، فَسَبَّتْهَا حَتَّى إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَيَنْظُرُ إِلَى عَائِشَةَ، هَلْ تَكَلَّمُ؟

قَالَ: فَتَكَلَّمَتْ عَائِشَةُ تَرُدُّ عَلَى زَيْنَبَ حَتَّى أَسْكَتَتْهَا. قَالَتْ: فَنَظَرَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى عَائِشَةَ وَقَالَ: «إِنَّهَا بِنْتُ أَبِي بَكْرٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) жұбайлары екі топқа бөлінетін. Бір топқа Айша, Хафса, Сафия және Сәуда кірсе, екінші топқа Үммі Сәләмә мен Алла Елшісінің (с.а.с.) қалған жұбайлары кіретін. Мұсылмандар Алла Елшісінің (с.а.с.) Айшаны жақсы көретінін білетін. Сондықтан біреудің Алла Елшісіне (с.а.с.) бергісі келген сыйлығы болса, оны Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаның үйінде болатын кезге дейін кідіртіп, содан кейін сыйлығын Айшаның үйіндегі Алла Елшісіне (с.а.с.) жіберетін.

Сонда Үммі Сәләмәнің тобындағы әйелдер оған: “Алла Елшісімен (с.а.с.) сөйлесіп, одан адамдарға: ‘Кім Алла Елшісіне (с.а.с.) сыйлық бергісі келсе, ол әйелдерінің қайсысының үйінде болса да, сыйлығын сол жерге жіберсін’, – деп айтуын өтін”, – деді. Үммі Сәләмә әйелдердің өтінішін Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізді, бірақ ол оған еш жауап бермеді. Әйелдер Үммі Сәләмәдан не болғанын сұрағанда, ол: “Маған ешнәрсе айтпады”, – деді. Олар: “Онымен тағы сөйлес”, – деді.

Үммі Сәләмәнің кезегі қайта келгенде, ол бұл жайды тағы да сөз етті, бірақ Алла Елшісі (с.а.с.) оған еш жауап бермеді. Әйелдер қайта сұрағанда, ол: “Маған ешнәрсе айтпады”, – деді. Олар: “Саған жауап бергенше, айта бер”, – деді.

Үммі Сәләмәнің кезегі тағы келгенде, ол бұл мәселені қайта қозғады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Айшаға қатысты сөзбен мені ренжітпе. Өйткені Айшадан басқа ешбір әйелдің жамылғысының астында болғанымда маған уахи түскен емес”, – деді. Үммі Сәләмә (р.а.): “Уа, Расулалла! Сізді ренжіткенім үшін Аллаға тәубе етемін”, – деді.

Содан кейін әйелдер Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы Фатиманы шақырып, оны Алла Елшісіне (с.а.с.) жіберді. Фатима: “Жұбайларыңыз Әбу Бәкірдің қызына қатысты әділдік танытуыңызды Алланың атымен сізден өтінеді”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Қызым, мен жақсы көргенді сен де жақсы көрмейсің бе?” – деді. Ол: “Әрине, жақсы көремін”, – деп жауап берді. Содан кейін Фатима әйелдерге қайтып барып, болған жайды айтты. Олар: “Оған қайта бар”, – деді. Бірақ Фатима қайта барудан бас тартты.

Сонда олар Зәйнәб бинт Жахшты жіберді. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, қатқыл сөйлеп: “Жұбайларыңыз Әбу Қухафаның ұлының қызына қатысты әділдік танытуыңызды Алланың атымен сізден өтінеді”, – деді. Содан кейін ол дауысын көтеріп, сол жерде отырған Айшаға тіл тигізіп, оны балағаттауға дейін барды.

Алла Елшісі (с.а.с.) Айша жауап қайтарар ма екен деп, оған қарап отырды. Сонда Айша Зәйнәбқа жауап беріп, ақыры оны үнсіз қалдырды. Пайғамбар (с.а.с.) Айшаға қарап: “Расында, ол – Әбу Бәкірдің қызы”, – деді».

بَابُ مَا لَا يُرَدُّ مِنَ الْهَدِيَّةِ

6-бапҚайтарылмайтын сыйлық туралы

1168
Бұхари, № 1168 · Сахих: 2582Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَا يَرُدُّ الطِّيبَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) хош иісті қайтармайтын».

بَابُ الْمُكَافَأَةِ فِي الْهِبَةِ

7-бапСыйлыққа қарымта қайтару туралы

1169
Бұхари, № 1169 · Сахих: 2585Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْبَلُ الْهَدِيَّةَ وَيُثِيبُ عَلَيْهَا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сыйлықты қабылдап, оған қарымта қайтаратын».

بَابُ الْإِشْهَادِ فِي الْهِبَةِ

8-бапСыйлық берген кезде куәгер келтіру туралы

1170
Бұхари, № 1170 · Сахих: 2587Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَعْطَانِي أَبِي عَطِيَّةً، فَقَالَتْ عَمْرَةُ بِنْتُ رَوَاحَةَ: «لَا أَرْضَى حَتَّى تُشْهِدَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». فَأَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنِّي أَعْطَيْتُ ابْنِي مِنْ عَمْرَةَ بِنْتِ رَوَاحَةَ عَطِيَّةً، فَأَمَرَتْنِي أَنْ أُشْهِدَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «أَعْطَيْتَ سَائِرَ وَلَدِكَ مِثْلَ هَذَا؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: «فَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْدِلُوا بَيْنَ أَوْلَادِكُمْ». قَالَ: فَرَدَّ عَطِيَّتَهُ.

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Әкем маған бір сыйлық берді. Сонда Амра бинт Рауаха: “Алла Елшісін (с.а.с.) куә етпейінше, бұған разы болмаймын”, – деді. Әкем Алла Елшісіне (с.а.с.) барып: “Уа, Расулалла! Мен Амра бинт Рауахадан туған ұлыма бір сыйлық бердім. Ол сізді бұған куә етуімді талап етті”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Басқа балаларыңның бәріне де осындай сыйлық бердің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алладан қорқыңдар әрі балаларыңның арасында әділ болыңдар”, – деді». Нұғман: «Содан кейін әкем берген сыйлығын кері алды», – деген.

بَابُ هِبَةِ الرَّجُلِ لِامْرَأَتِهِ وَالْمَرْأَةِ لِزَوْجِهَا

9-бапЕр адамның әйеліне және әйелдің күйеуіне сыйлық беруі туралы

1171
Бұхари, № 1171 · Сахих: 2589Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْعَائِدُ فِي هِبَتِهِ كَالْكَلْبِ يَقِيءُ ثُمَّ يَعُودُ فِي قَيْئِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Сыйлығын қайтарып алған адам құсып, кейін өз құсығына қайта оралған ит секілді”, – деді», – деген.

بَابُ هِبَةِ الْمَرْأَةِ لِغَيْرِ زَوْجِهَا وَعِتْقِهَا إِذَا كَانَ لَهَا زَوْجٌ

10-бапТұрмыстағы әйелдің күйеуінен басқаға сыйлық беруі және құл азат етуі туралы

1172
Бұхари, № 1172 · Сахих: 2592

عَنْ مَيْمُونَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا أَعْتَقَتْ وَلِيدَةً وَلَمْ تَسْتَأْذِنِ النَّبِيَّ ﷺ، فَلَمَّا كَانَ يَوْمُهَا الَّذِي يَدُورُ عَلَيْهَا فِيهِ قَالَتْ: «أَشَعَرْتَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنِّي أَعْتَقْتُ وَلِيدَتِي؟» قَالَ: «أَوَفَعَلْتِ؟» قَالَتْ: «نَعَمْ». قَالَ: «أَمَا إِنَّكِ لَوْ أَعْطَيْتِهَا أَخْوَالَكِ كَانَ أَعْظَمَ لِأَجْرِكِ».

Қазақша аудармасы

Мәймуна бинт әл-Харис (р.а.) өзінің бір күңін Пайғамбардан (с.а.с.) рұқсат сұрамай азат еткен. Пайғамбардың (с.а.с.) оның үйіне келетін кезегі жеткен күні Мәймуна: «Уа, Расулалла! Менің күңімді азат еткенімді білдіңіз бе?» – деді. Ол: «Солай істедің бе?» – деп сұрады. Мәймуна: «Иә», – деді. Сонда ол: «Егер оны нағашыларыңа сыйға бергеніңде, сауабың бұдан да мол болар еді», – деді.

1173
Бұхари, № 1173 · Сахих: 2593Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ سَفَرًا أَقْرَعَ بَيْنَ نِسَائِهِ، فَأَيَّتُهُنَّ خَرَجَ سَهْمُهَا خَرَجَ بِهَا مَعَهُ، وَكَانَ يَقْسِمُ لِكُلِّ امْرَأَةٍ مِنْهُنَّ يَوْمَهَا وَلَيْلَتَهَا، غَيْرَ أَنَّ سَوْدَةَ بِنْتَ زَمْعَةَ وَهَبَتْ يَوْمَهَا وَلَيْلَتَهَا لِعَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، تَبْتَغِي بِذَلِكَ رِضَا رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарға шыққысы келген кезде, жұбайларының арасында жеребе тастайтын. Жеребе кімге түссе, соны өзімен бірге алып шығатын. Сондай-ақ әрбір жұбайына бір күн мен бір түннен кезек бөлетін. Алайда Сәуда бинт Зәмға өз кезегіндегі күні мен түнін Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшаға сыйлаған еді. Ол мұны Алла Елшісінің (с.а.с.) разылығына бөлену үшін істеген».

بَابُ كَيْفَ يُقْبَضُ الْعَبْدُ وَالْمَتَاعُ؟

11-бапҚұл мен мүлікті иелікке қалай қабылдайды?

1174
Бұхари, № 1174 · Сахих: 2599Риуаят етуші: Мисуар ибн Махрама

عَنِ الْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَقْبِيَةً، وَلَمْ يُعْطِ مَخْرَمَةَ مِنْهَا شَيْئًا، فَقَالَ مَخْرَمَةُ: «يَا بُنَيَّ، اِنْطَلِقْ بِنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَانْطَلَقْتُ مَعَهُ، فَقَالَ: «اُدْخُلْ فَادْعُهُ لِي». قَالَ: فَدَعَوْتُهُ لَهُ، فَخَرَجَ إِلَيْهِ وَعَلَيْهِ قَبَاءٌ مِنْهَا، فَقَالَ: «خَبَأْنَا هَذَا لَكَ». قَالَ: فَنَظَرَ إِلَيْهِ فَقَالَ: «رَضِيَ مَخْرَمَةُ».

Қазақша аудармасы

Мисуар ибн Махрама (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) шапандарды бөліп берді, бірақ Махрамаға олардың ешқайсысын бермеді. Сонда Махрама: “Балам, жүр, Алла Елшісіне (с.а.с.) барайық”, – деді. Мен онымен бірге бардым. Ол маған: “Ішке кір де, оны маған шақырып шық”, – деді. Мен Алла Елшісін (с.а.с.) шақырдым. Ол әлгі шапандардың бірін киіп, Махраманың алдына шықты да: “Мынаны сен үшін сақтап қойған едік”, – деді. Махрама шапанға қарады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Махрама разы болды”, – деді».

بَابُ هَدِيَّةِ مَا يُكْرَهُ لُبْسُهَا

12-бапКиюі құпталмайтын киімді сыйға беру туралы

1175
Бұхари, № 1175 · Сахих: 2613Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَتَى النَّبِيُّ ﷺ بَيْتَ فَاطِمَةَ، فَلَمْ يَدْخُلْ عَلَيْهَا، وَجَاءَ عَلِيٌّ، فَذَكَرَتْ لَهُ ذَلِكَ، فَذَكَرَهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ. قَالَ: «إِنِّي رَأَيْتُ عَلَى بَابِهَا سِتْرًا مَوْشِيًّا». فَقَالَ: «مَا لِي وَلِلدُّنْيَا؟» فَأَتَاهَا عَلِيٌّ، فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهَا، فَقَالَتْ: «لِيَأْمُرْنِي فِيهِ بِمَا شَاءَ». قَالَ: «تُرْسِلُ بِهِ إِلَى فُلَانٍ، أَهْلِ بَيْتٍ بِهِمْ حَاجَةٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Фатиманың үйіне келді, алайда ішке кірмеді. Кейін Әли келді. Фатима болған жайды оған айтты. Әли мұны Пайғамбарға (с.а.с.) жеткізді. Сонда ол: “Мен оның есігінде өрнектелген перде тұрғанын көрдім”, – деді де: “Маған бұл дүниенің не керегі бар?” – деді. Әли Фатимаға барып, мұны оған айтты. Сонда Фатима: “Оны не істеуімді қаласа, маған соны бұйырсын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны мұқтаж пәленшенің отбасына жіберсін”, – деді».

1176
Бұхари, № 1176 · Сахих: 2614Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَهْدَى إِلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ حُلَّةَ سِيَرَاءَ، فَلَبِسْتُهَا، فَرَأَيْتُ الْغَضَبَ فِي وَجْهِهِ، فَشَقَقْتُهَا بَيْنَ نِسَائِي».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) маған жібек жолақты бір киім сыйлады. Мен оны киіп алдым. Сонда оның жүзінен ашудың белгісін көріп, әлгі киімді жыртып, отбасымдағы әйелдерге бөліп бердім», – деген.

بَابُ قَبُولِ الْهَدِيَّةِ مِنَ الْمُشْرِكِينَ

13-бапМүшріктердің сыйлығын қабылдау туралы

1177
Бұхари, № 1177 · Сахих: 2618Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ثَلَاثِينَ وَمِائَةً، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «هَلْ مَعَ أَحَدٍ مِنْكُمْ طَعَامٌ؟» فَإِذَا مَعَ رَجُلٍ صَاعٌ مِنْ طَعَامٍ أَوْ نَحْوُهُ، فَعُجِنَ.

ثُمَّ جَاءَ رَجُلٌ مُشْرِكٌ، مُشْعَانٌّ طَوِيلٌ، بِغَنَمٍ يَسُوقُهَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَيْعًا أَمْ عَطِيَّةً؟» أَوْ قَالَ: «أَمْ هِبَةً؟» قَالَ: «لَا، بَلْ بَيْعٌ»، فَاشْتَرَى مِنْهُ شَاةً، فَصُنِعَتْ، وَأَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ بِسَوَادِ الْبَطْنِ أَنْ يُشْوَى.

وَايْمُ اللَّهِ، مَا فِي الثَّلَاثِينَ وَالْمِائَةِ إِلَّا قَدْ حَزَّ النَّبِيُّ ﷺ لَهُ حُزَّةً مِنْ سَوَادِ بَطْنِهَا، إِنْ كَانَ شَاهِدًا أَعْطَاهَا إِيَّاهُ، وَإِنْ كَانَ غَائِبًا خَبَأَ لَهُ، فَجَعَلَ مِنْهَا قَصْعَتَيْنِ، فَأَكَلُوا أَجْمَعُونَ وَشَبِعْنَا، فَفَضَلَتِ الْقَصْعَتَانِ، فَحَمَلْنَاهُ عَلَى الْبَعِيرِ، أَوْ كَمَا قَالَ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкір (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жүз отыз адам едік. Пайғамбар (с.а.с.): “Араларыңда тамағы бар біреу бар ма?” – деп сұрады. Бір адамның қасында бір сағ немесе соған жуық мөлшерде азық бар екен. Сол азықтан қамыр иленді.

Содан кейін шашы ұйпа-тұйпа, бойы ұзын бір мүшрік қойларын айдап келді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Сатасың ба, әлде сыйға бересің бе?” – деп сұрады (немесе: “Сыйлық па?” – деді). Ол: “Жоқ, сатамын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан бір қой сатып алды. Қой сойылып, әзірленді. Пайғамбар (с.а.с.) оның ішкі мүшелерін отқа қақтап пісіруді бұйырды.

Алланың атымен ант етемін, жүз отыз адамның арасында Пайғамбар (с.а.с.) қойдың ішкі мүшелерінен бір кесек бөліп бермеген ешкім қалмады. Қасында болғандарға өз қолымен берді, ал сол жерде болмағандарға үлесін сақтап қойды. Кейін қойдың етінен екі табақ ас әзірленді. Бәріміз жеп, тойдық. Сонда да екі табақта ас артылып қалды. Қалғанын түйеге артып алдық». Немесе ол осыған ұқсас сөз айтқан.

بَابُ الْهَدِيَّةِ لِلْمُشْرِكِينَ

14-бапМүшріктерге сыйлық беру туралы

1178
Бұхари, № 1178 · Сахих: 2620Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَدِمَتْ عَلَيَّ أُمِّي وَهِيَ مُشْرِكَةٌ فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَاسْتَفْتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قُلْتُ: «قَدِمَتْ عَلَيَّ أُمِّي وَهِيَ رَاغِبَةٌ، أَفَأَصِلُ أُمِّي؟» قَالَ: «نَعَمْ، صِلِي أُمَّكِ».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында анам мүшрік күйінде маған келді. Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрап: “Анам маған үміт артып келіп отыр. Онымен туыстық қатынасымды жалғастырайын ба?” – дедім. Ол: “Иә, анаңмен туыстық қатынасыңды жалғастыра бер”, – деді», – деп жеткізді.

بَابٌ

15-бап

1179
Бұхари, № 1179 · Сахих: 2624Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ شَهِدَ عِنْدَ مَرْوَانَ لِبَنِي صُهَيْبٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَعْطَى صُهَيْبًا بَيْتَيْنِ وَحُجْرَةً، فَقَضَى مَرْوَانُ بِشَهَادَتِهِ لَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Маруанның алдында Суһәйбтың ұлдары үшін Алла Елшісінің (с.а.с.) Суһәйбқа екі үй мен бір бөлме бергеніне куәлік етті. Сонда Маруан оның куәлігіне сүйеніп, солардың пайдасына үкім шығарды.

بَابُ مَا قِيلَ فِي الْعُمْرَى وَالرُّقْبَى

16-бапҒұмра мен руқба туралы

1180
Бұхари, № 1180 · Сахих: 2625Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَضَى النَّبِيُّ ﷺ بِالْعُمْرَى: أَنَّهَا لِمَنْ وُهِبَتْ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) ғұмра сыйы жөнінде: “Ол өзіне сыйға берілген адамға тиесілі”, – деп үкім шығарды».

بَابُ الِاسْتِعَارَةِ لِلْعَرُوسِ عِنْدَ الْبِنَاءِ

17-бапКелін түсіру тойына киім уақытша сұрап алу туралы

1181
Бұхари, № 1181 · Сахих: 2628Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهُ دَخَلَ عَلَيْهَا ابْنُ أَيْمَنَ وَعَلَيْهَا دِرْعٌ مِنْ قِطْرٍ – وَفِي رِوَايَةٍ: مِنْ قُطْنٍ – ثَمَنُهُ خَمْسَةُ دَرَاهِمَ، فَقَالَتْ: «اِرْفَعْ بَصَرَكَ إِلَى جَارِيَتِي. اُنْظُرْ إِلَيْهَا فَإِنَّهَا تُزْهَى أَنْ تَلْبَسَهُ فِي الْبَيْتِ، وَقَدْ كَانَ لِي مِنْهُنَّ دِرْعٌ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَمَا كَانَتِ امْرَأَةٌ تُقَيَّنُ بِالْمَدِينَةِ إِلَّا أَرْسَلَتْ إِلَيَّ تَسْتَعِيرُهُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, оның қасына Ибн Әйман кіргенде, үстінде құны бес дирхам тұратын мақта көйлегі бар еді (басқа бір риуаятта да матаның мақта екені айтылған). Айша: «Көзіңді көтеріп, мына күңіме бір қарашы. Ол бұл көйлекті үй ішінде киюді де менсінбейді. Ал Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында менде осындай бір көйлек бар еді. Мәдинада қалыңдық болып сәнденетін бірде-бір әйел қалмай, бәрі де маған адам жіберіп, осы көйлекті уақытша сұрататын», – деді.

بَابُ فَضْلِ الْمَنِيحَةِ

18-бапМәниханың артықшылығы туралы

1182
Бұхари, № 1182 · Сахих: 2630Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا قَدِمَ الْمُهَاجِرُونَ الْمَدِينَةَ مِنْ مَكَّةَ، وَلَيْسَ بِأَيْدِيهِمْ، وَكَانَتِ الْأَنْصَارُ أَهْلَ الْأَرْضِ وَالْعَقَارِ، فَقَاسَمَهُمُ الْأَنْصَارُ عَلَى أَنْ يُعْطُوهُمْ ثِمَارَ أَمْوَالِهِمْ كُلَّ عَامٍ، وَيَكْفُوهُمُ الْعَمَلَ وَالْمَؤُونَةَ.

وَكَانَتْ أُمُّهُ أُمُّ أَنَسٍ أُمُّ سُلَيْمٍ كَانَتْ أُمَّ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ، وَكَانَتْ أَعْطَتْ أُمُّ أَنَسٍ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عِذَاقًا فَأَعْطَاهُنَّ النَّبِيُّ ﷺ أُمَّ أَيْمَنَ مَوْلَاتَهُ أُمَّ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ.

قَالَ أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمَّا فَرَغَ مِنْ قَتْلِ أَهْلِ خَيْبَرَ، فَانْصَرَفَ إِلَى الْمَدِينَةِ رَدَّ الْمُهَاجِرُونَ إِلَى الْأَنْصَارِ مَنَائِحَهُمُ الَّتِي كَانُوا مَنَحُوهُمْ مِنْ ثِمَارِهِمْ، فَرَدَّ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى أُمِّهِ عِذَاقَهَا، وَأَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أُمَّ أَيْمَنَ مَكَانَهُنَّ مِنْ حَائِطِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Мұһажирлер Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезде, олардың қолында ештеңе жоқ еді. Ал ансарлар жер мен жылжымайтын мүлік иелері болатын. Сондықтан ансарлар жыл сайын өз жерлерінің өнімінен мұһажирлерге үлес беруге, ал мұһажирлер жерді өңдеуге әрі оның шығынын көтеруге келісті.

Әнәстің анасы Үммі Сүләйм еді. Ол Абдулла ибн Әбу Талханың да анасы болатын. Әнәстің анасы Алла Елшісіне (с.а.с.) бірнеше құрма ағашын берген еді. Пайғамбар (с.а.с.) бұл ағаштарды өзі азат еткен, Усама ибн Зәйдтің анасы Үммі Әйманға берді».

Әнәс ибн Мәлик сөзін жалғап: «Хайбар тұрғындарымен соғыс аяқталып, Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға оралған кезде, мұһажирлер ансарлар өздеріне өнімін пайдалану үшін уақытша берген мәнихаларды иелеріне қайтарды. Пайғамбар (с.а.с.) да Әнәстің анасына оның құрма ағаштарын қайтарып берді. Ал Үммі Әйманға солардың орнына өз бақшасынан құрма ағаштарын берді», – деп жеткізген.

1183
Бұхари, № 1183 · Сахих: 2631Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرْبَعُونَ خَصْلَةً أَعْلَاهُنَّ مَنِيحَةُ الْعَنْزِ، مَا مِنْ عَامِلٍ يَعْمَلُ بِخَصْلَةٍ مِنْهَا رَجَاءَ ثَوَابِهَا وَتَصْدِيقَ مَوْعُودِهَا إِلَّا أَدْخَلَهُ اللَّهُ بِهَا الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Қырық ізгі амал бар. Олардың ең абзалы – ешкісін сауып пайдалану үшін уақытша беру. Кім сол амалдардың бірін сауабын үміт етіп әрі оған уәде етілген сыйға кәміл сеніп істесе, Алла сол амалының арқасында оны жәннатқа кіргізеді».