Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1172

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
51. Сыйлық, оның артықшылығы және сыйлық беруге ынталандыру туралы кітапكِتَابُ الْهِبَةِ وَفَضْلِهَا وَالتَّحْرِيضِ عَلَيْهَا
бап
10. Тұрмыстағы әйелдің күйеуінен басқаға сыйлық беруі және құл азат етуі туралыبَابُ هِبَةِ الْمَرْأَةِ لِغَيْرِ زَوْجِهَا وَعِتْقِهَا إِذَا كَانَ لَهَا زَوْجٌ
Нөмірі
№ 1172 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2592
1172
Бұхари, № 1172 · Сахих: 2592

عَنْ مَيْمُونَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا أَعْتَقَتْ وَلِيدَةً وَلَمْ تَسْتَأْذِنِ النَّبِيَّ ﷺ، فَلَمَّا كَانَ يَوْمُهَا الَّذِي يَدُورُ عَلَيْهَا فِيهِ قَالَتْ: «أَشَعَرْتَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنِّي أَعْتَقْتُ وَلِيدَتِي؟» قَالَ: «أَوَفَعَلْتِ؟» قَالَتْ: «نَعَمْ». قَالَ: «أَمَا إِنَّكِ لَوْ أَعْطَيْتِهَا أَخْوَالَكِ كَانَ أَعْظَمَ لِأَجْرِكِ».

Қазақша аудармасы

Мәймуна бинт әл-Харис (р.а.) өзінің бір күңін Пайғамбардан (с.а.с.) рұқсат сұрамай азат еткен. Пайғамбардың (с.а.с.) оның үйіне келетін кезегі жеткен күні Мәймуна: «Уа, Расулалла! Менің күңімді азат еткенімді білдіңіз бе?» – деді. Ол: «Солай істедің бе?» – деп сұрады. Мәймуна: «Иә», – деді. Сонда ол: «Егер оны нағашыларыңа сыйға бергеніңде, сауабың бұдан да мол болар еді», – деді.