Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1183

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
51. Сыйлық, оның артықшылығы және сыйлық беруге ынталандыру туралы кітапكِتَابُ الْهِبَةِ وَفَضْلِهَا وَالتَّحْرِيضِ عَلَيْهَا
бап
18. Мәниханың артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ الْمَنِيحَةِ
Нөмірі
№ 1183 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2631
1183
Бұхари, № 1183 · Сахих: 2631Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرْبَعُونَ خَصْلَةً أَعْلَاهُنَّ مَنِيحَةُ الْعَنْزِ، مَا مِنْ عَامِلٍ يَعْمَلُ بِخَصْلَةٍ مِنْهَا رَجَاءَ ثَوَابِهَا وَتَصْدِيقَ مَوْعُودِهَا إِلَّا أَدْخَلَهُ اللَّهُ بِهَا الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Қырық ізгі амал бар. Олардың ең абзалы – ешкісін сауып пайдалану үшін уақытша беру. Кім сол амалдардың бірін сауабын үміт етіп әрі оған уәде етілген сыйға кәміл сеніп істесе, Алла сол амалының арқасында оны жәннатқа кіргізеді».