Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1181

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
51. Сыйлық, оның артықшылығы және сыйлық беруге ынталандыру туралы кітапكِتَابُ الْهِبَةِ وَفَضْلِهَا وَالتَّحْرِيضِ عَلَيْهَا
бап
17. Келін түсіру тойына киім уақытша сұрап алу туралыبَابُ الِاسْتِعَارَةِ لِلْعَرُوسِ عِنْدَ الْبِنَاءِ
Нөмірі
№ 1181 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2628
1181
Бұхари, № 1181 · Сахих: 2628Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهُ دَخَلَ عَلَيْهَا ابْنُ أَيْمَنَ وَعَلَيْهَا دِرْعٌ مِنْ قِطْرٍ – وَفِي رِوَايَةٍ: مِنْ قُطْنٍ – ثَمَنُهُ خَمْسَةُ دَرَاهِمَ، فَقَالَتْ: «اِرْفَعْ بَصَرَكَ إِلَى جَارِيَتِي. اُنْظُرْ إِلَيْهَا فَإِنَّهَا تُزْهَى أَنْ تَلْبَسَهُ فِي الْبَيْتِ، وَقَدْ كَانَ لِي مِنْهُنَّ دِرْعٌ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَمَا كَانَتِ امْرَأَةٌ تُقَيَّنُ بِالْمَدِينَةِ إِلَّا أَرْسَلَتْ إِلَيَّ تَسْتَعِيرُهُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, оның қасына Ибн Әйман кіргенде, үстінде құны бес дирхам тұратын мақта көйлегі бар еді (басқа бір риуаятта да матаның мақта екені айтылған). Айша: «Көзіңді көтеріп, мына күңіме бір қарашы. Ол бұл көйлекті үй ішінде киюді де менсінбейді. Ал Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында менде осындай бір көйлек бар еді. Мәдинада қалыңдық болып сәнденетін бірде-бір әйел қалмай, бәрі де маған адам жіберіп, осы көйлекті уақытша сұрататын», – деді.