عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَعْطَانِي أَبِي عَطِيَّةً، فَقَالَتْ عَمْرَةُ بِنْتُ رَوَاحَةَ: «لَا أَرْضَى حَتَّى تُشْهِدَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». فَأَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنِّي أَعْطَيْتُ ابْنِي مِنْ عَمْرَةَ بِنْتِ رَوَاحَةَ عَطِيَّةً، فَأَمَرَتْنِي أَنْ أُشْهِدَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «أَعْطَيْتَ سَائِرَ وَلَدِكَ مِثْلَ هَذَا؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: «فَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْدِلُوا بَيْنَ أَوْلَادِكُمْ». قَالَ: فَرَدَّ عَطِيَّتَهُ.
Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Әкем маған бір сыйлық берді. Сонда Амра бинт Рауаха: “Алла Елшісін (с.а.с.) куә етпейінше, бұған разы болмаймын”, – деді. Әкем Алла Елшісіне (с.а.с.) барып: “Уа, Расулалла! Мен Амра бинт Рауахадан туған ұлыма бір сыйлық бердім. Ол сізді бұған куә етуімді талап етті”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Басқа балаларыңның бәріне де осындай сыйлық бердің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алладан қорқыңдар әрі балаларыңның арасында әділ болыңдар”, – деді». Нұғман: «Содан кейін әкем берген сыйлығын кері алды», – деген.