Хадис

Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру

О непривязанности к мирскому и довольстве малым

Риядус-салихин, 55-тақырып · 34 хадис · № 458–491

Хадистер

«إِنَّمَا مَثَلُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَاءٍ أَنْزَلْنَاهُ مِنَ السَّمَاءِ فَاخْتَلَطَ بِهِ نَبَاتُ الْأَرْضِ مِمَّا يَأْكُلُ النَّاسُ والأَنْعَامُ حَتَّى إِذَا أَخَذَتِ الْأَرْضُ زُخْرُفَهَا وَازَّيَّنَتْ وَظَنَّ أَهْلُهَا أَنَّهُمْ قَادِرُونَ عَلَيْهَا أتَاهَا أمْرُنَا لَيْلًا أَوْ نَهَارًا فَجَعَلْنَاهَا حَصِيدًا كَأَنْ لَمْ تَغْنَ بِالأَمْسِ كَذَلِكَ نُفَصِّلُ الآياتِ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ» «(Біле білсеңдер, сендер қызыққан) дүниедегі қу тіршіліктің мысалы мынадай: аспаннан су түсіреміз, сол арқылы адамдар мен жан-жануарлар қорек ететін өсімдік атаулы араласа қаулап өсіп-өнеді. Сөйтіп, жер беті құлпырып түрлі-түсті, әр алуан жемістермен ажары кіргенде, бау-бақша, егістік алқаптарының иелері нық сеніммен «жақсы өнімге қол жеткіздік, енді оны жинап аламыз», – деп ойлайды. Алайда түнде, яки күндіз тосыннан (барлығын тас-талқан етуге) пәрменіміз шығады да, ол жерді күні кеше ғана жайқалып, құлпырып тұрмағандай етіп, егіні түбімен орылып тып-типыл болған қу тақырға айналдырамыз. Міне, Біз ақылға салып ойланатын һәм ғибрат алатын қауым үшін аяттарымызды осылайша жан-жақты баяндаймыз». («Юнус» сүресі, 24-аят).

«وَاضْرِبْ لَهُمْ مَثَلَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَاءٍ أَنْزَلْنَاهُ مِنَ السَّمَاءِ فَاخْتَلَطَ بهِ نَبَاتُ الْأَرْضِ فَأَصْبَحَ هَشِيمًا تَذْرُوهُ الرِّيَاحُ وَكَانَ اللَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ مُقْتَدِرًا الْمَالُ وَالْبَنُونَ زِينَةُ الْحَياةِ الْدُّنْيَا وَالْبَاقِيَاتُ الصَّالِحَاتُ خَيْرٌ عِنْدَ رَبِّكَ ثَوَابًا وَخَيْرٌ أَمَلًا» «(Уа, Мұхаммед!) Оларға дүниенің мысалын мынадай бір тәмсілмен түсіндір: Аспаннан су түсіреміз, сол арқылы адамдар мен жан-жануарлар қорек ететін өсімдік атаулы араласа қаулап өсіп-өнеді. Содан кейін (жайқалған өсімдіктер) көп ұзамай-ақ қуарып желге ұшатын күл-қоқысқа айналады. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Дүние-мүлік пен бала-шаға – қу тіршіліктің сәні. Ал мәңгі-бақи өшпейтін һәм әсте зая болмайтын иманға негізделген игі істер (сондай-ақ игі жолда жұмсалған мал-мүлік пен иманды бала-шаға) болса, Раббыңның құзырында сауап тұрғысынан да, оларға үміт арту жағынан да әлдеқайда қайырлы!». («Кәһф» сүресі, 45-46-аят).

«اعْلَمُوا أَنَّمَا الْحَياةُ الدُّنْيَا لَعِبٌ وَلَهوٌ وَزِينَةٌ وَتَفَاخُرٌ بَيْنَكُمْ وَتَكَاثُرٌ فِى الْأَمْوَالِ وَالْأَوْلَادِ كَمَثَلِ غَيْثٍ أعْجَبَ الْكُفّارَ نَبَاتُهُ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَاهُ مُصْفَرًّا ثُمَّ يَكُونُ حُطَامًا وَفِى الْآخِرَةِ عَذابٌ شَديدٌ وَمَغْفِرَةٌ مِنَ اللَّه ورِضْوَانٌ وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا مَتَاعُ الْغُرُورِ» «Біліп қойыңдар, дүниенің тіршілігі ойын-күлкі, сауық-сайран, сән-салтанат және өзара мақтан (яғни, мансап, атақ-абырой, мал-мүлік, бала-шаға һәм кескін-келбетпен мақтану) ғана, сондай-ақ көбірек дүние жию және үрім-бұтақты көбейту жолындағы бәсеке ғана. Бұл бір жауынға ұқсайды: сол жауынның арқасында жайқалып өскен өсімдіктер шаруаларға қатты ұнап, төбелері көкке жетеді. Алайда артынша әлгі өсімдіктердің сарғайып, солып қалғанын көресің һәм содан кейін қу сабан мен қиқымға айналады. Міне, дүниенің қу тіршілігі деген – осы. Ал ақыретке келсек, онда я ауыр азап болады, яки Алланың (тосын сый-сияпаттарға толы) кешірімі мен шексіз разылығы болады. Иә, дүниенің тіршілігі алдамшы әрі өткінші қызықтан басқа ештеңе де емес». («Хадид» сүресі, 20-аят).

«زُيِّنَ لِلْنَّاسِ حُبُّ الشَّهَوَاتِ مِنَ النِّسَاءِ وَالْبَنِينَ وَالقَنَاطِيرِ الْمُقَنْطَرَةِ مِنَ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَالْخَيْلِ الْمُسَوَّمَةِ وَالْأَنْعَامِ وَالْحَرْثِ ذَلِكَ مَتَاعُ الْحَياةِ الْدُّنْيَا وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الْمآبِ» «Әйелдер, еркек кіндік балалар, қап-қап алтын мен күміс, асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал және егінжай сынды нәпсінің құмарын арттыратын дүниелер адамдардың көз жауын алатындай тым тартымды етілді. Әсілі, бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы мен бұйым-боқшасы ғана. Шүбәсіз, (адам жаны жай табатын) ең тамаша мекен Алланың құзырында!». («Әли Имран» сүресі, 14-аят).

«يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ الْحَياةُ الْدُّنْيَا وَلَا يَغُرَّنَّكُمْ بِاللَّهِ الْغَرُورُ» «Уа, адамдар! Алланың уағдасы, әлбетте, хақ. Олай болса, дүниенің қу тіршілігі сендерді қызықтырып, алдамасын. Сондай-ақ әзәзіл сұм шайтан да сендерді Алланың кеңшілігіне, шексіз мейіріміне құр үміт арттырып, желік үмітпен алдап соқпасын». («Фатыр» сүресі, 5-аят).

«ألْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ حَتَّى زُرْتُمُ الْمَقَابِرَ كَلاَّ سَوْفَ تَعْلَمُونَ ثُمَّ كَلاَّ سَوْفَ تَعْلَمُونَ كَلاَّ لَوْ تَعْلَمُونَ عِلْمَ الْيَقِينِ» «Ата текпен, мал-дүниенің көптігімен мақтан және өзара жарыс сендерді әбден алдарқатты, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.Тіпті қабірлерге дейін жеттіңдер (енді қабірлерді де мақтан тұтып, бейіт тұрғызуда да өзара жарысатын болдыңдар). Жоқ, бұларың мүлдем дұрыс емес! (Ажалдарың келгенде мұның не екенін) әлі­ақ білесіңдер. Жо-жоқ, (мұнымен іс бітпейді, өлгеннен соң қайта тіріліп, қабірлеріңнен шығарыласыңдар, міне, сонда бұл қылықтарыңның қандай жаман екенін) білетін боласыңдар. Жо-жоқ! Егер мұны ілімге сүйенетін нақтылықпен білгендеріңде, (мұндай жат қылыққа бармас едіңдер)». («Тәкәсур» сүресі, 1-5-аят).

«وَمَا هَذِهِ الْحَياةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَهْوٌ وَلَعِبٌ وَإِنَّ الدَّارَ الْآخِرَةَ لَهِيَ الْحَيَوَانُ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ» «Дүниедегі қу тіршілік құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал ақырет мекені болса, міне, сол нағыз шын өмір! Кәпірлер соны білсе ғой!» («Анкәбут» сүресі, 64-аят).

«Пример ближней жизни подобен воде, которую Мы ниспосылаем с небес и благодаря которой смешиваются земные растения, чем питаются люди и животные. Когда же земля обретает убранство и украшается различными плодами, владельцы садов и полей твердо убеждены, что они властны над ней. Но настигает ее ночью или днем Наше распоряжение, и Мы превращаем ее в опустошенное поле, точно вчера она и не была изобилующей. Так Мы разъясняем Наши аяты для людей, которые размышляют и извлекают назидания» (сура «Юнус», 10:24).

«Приведи ты им сравнение с земной жизнью: она подобна воде, которую Мы низвели с небес, которая затем смешалась с растениями земли, а потом все это иссыхает и становится сором, развеиваемым ветром. Могущество Аллаха объемлет всякую вещь! Имущество и потомки – украшения бренной жизни, тогда как остающиеся праведные деяния – несравненно лучше пред твоим Господом по награде и надежнее для возложения надежд» (сура «Кахф», 18:45⁠–⁠46).

«Знайте же, что земная жизнь – всего лишь игра и потеха, роскошь и хвастовство между вами, и стремление обрести больше имущества и потомков. Это подобно дождю, растения от которого приводят в восторг земледельцев, но потом ты видишь, как эти растения желтеют, увядают и превращаются в сухую труху. А в вечной жизни будет либо тяжкое мучение, либо прощение и довольство Аллаха. Да, земная жизнь – это не что иное, как обманчивое наслаждение» (сура «Хадид», 57:20).

«Привлекательной сделана для людей любовь к страстям: к женщинам, к сыновьям, к нагроможденным кантарам золота и серебра, к породистым скакунам, и к скоту, и к нивам. Сие суть лишь удел дольней тщеты. Поистине, у Аллаха – лучшее пристанище» (сура «Али Имран», 3:14).

«О люди! Обещание Аллаха, конечно же, истинно. Так пусть не обманет вас земная тщета! И пусть не обманет вас шайтан об Аллахе» (сура «Фатыр», 35:5).

«Увлекло ваши сердца стяжание и хвастовство. И дошло до ваших могил. Нет же! Вы еще узнаете! И снова нет же! Вы узнаете! Нет же! Если бы вы знали с убежденностью, опирающейся на знания!» (сура «Такасур», 102:1⁠–⁠5).

«И эта земная жизнь – лишь забава и временное развлечение. Что же до Обители вечности, то вот она – подлинная жизнь. Если бы только знали это неверные!» (сура «Анкабут», 29:64).

458
Риядус-салихин, № 458

عَنْ عَمْرُو بْنِ عوف الْأنصارِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ أَبَا عبيدة بنَ الْجَرَّاح إِلَى الْبَحْرَيْنِ يَأْتِى بِجِزْيَتِهَا، فَقَدِمَ بمَالٍ مِنَ الْبَحْرَيْنِ، فَسَمِعَتِ الْأَنْصَارُ بقُدُومِ أَبِى عُبيْدَةَ، فَوَافَوْا صَلَاةَ الْفَجْرِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ انْصَرفَ، فَتَعَرَّضُوا لَهُ، فَتَبَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِيْنَ رَآهُمْ، ثُمَّ قَالَ: «أظُنُّكُمْ سَمعتُمْ أَنَّ أَبَا عُبَيْدَةَ قَدِمَ بِشَيْءٍ مِنَ الْبَحْرَيْنِ؟» فَقَالُوا: أجل، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ: «أبْشِرُوا وَأَمِّلْوا مَا يَسُرُّكُمْ، فَواللَّه مَا الْفَقْرَ أخْشَى عَلَيْكُمْ، وَلكِنِّى أخْشَى أَنْ تُبْسَط الدُّنْيَا عَلَيْكُمْ كَمَا بُسِطَتْ عَلَى مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، فَتَنَافَسُوهَا كَمَا تَنَافَسُوهَا، فَتُهْلِكَكُمْ كَمَا أَهْلَكَتْهُمْ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн Ауф әл-Ансари (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ Әбу Убәйда ибн әл-Жәррахты Бахрейнге жіберіп, сол елден жан басына салынатын салықты жинап әкелуді тапсырды. Әбу Убәйда тапсырманы орындап, Бахрейннен мол дүниемен оралды. Оның келгенін естіген ансарлықтар әдеттегідей мешітке жиналып, таң намазын Алла елшісімен бірге оқыды. Алла елшісі намаз оқып болып, мешіттен шығуға айналғанда, ансарлықтар бір нәрсе дәметкендей оның қасына барды. Алла елшісі олардың осы халін көргенде, еріксіз езу тартып: «Менің ойымша, сендер Әбу Убәйданың Бахрейннен құр қол қайтпағанын естіген сияқтысыңдар?» – деді. Ансарлықтар: «Уа, Расулалла! Иә, естідік», – деп жауап берді. Сонда Расулалла: «Олай болса, сүйінші! Еншілеріңді алып, әлі-ақ қуанышқа бөленесіңдер. Алланың атымен ант етейін! Асылында, сендер үшін кедейліктен қорықпаймын. Керісінше, сендерден бұрынғы қауымдарға ағыл-тегіл дүние берілгендей, сендерге де дүниенің молшылығы нәсіп болып, солар сияқты бір-біріңмен бақталасып, ақырында қу дүниенің олардың түбіне жеткеніндей сендерді де құрта ма деп қорқамын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3158; Муслим: 7425; Ахмад: 17234).

Орысша аудармасы

Амр ибн Ауф аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил Абу Убайду ибн аль-Джарраха в Бахрейн, поручив ему собрать и привезти взимаемый там налог с каждого человека. Выполнив поручение, Абу Убайда вернулся из Бахрейна с большим богатством. Услышав о его возвращении, ансары, как обычно, собрались в мечети и совершили утреннюю молитву вместе с Посланником Аллаха. Когда Посланник Аллаха закончил молитву и собрался выйти из мечети, ансары подошли к нему, словно чего-то ожидая. Увидев их в таком состоянии, Посланник Аллаха невольно улыбнулся и спросил: “Полагаю, вы слышали, что Абу Убайда вернулся из Бахрейна не с пустыми руками?” Ансары ответили: “Да, о Посланник Аллаха, слышали”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “В таком случае примите благую весть! Вы непременно получите свою долю и возрадуетесь. Клянусь Аллахом! Поистине, не бедности я боюсь для вас. Напротив, я боюсь, что вам будет даровано изобилие мирских благ, как оно было даровано жившим до вас народам, и вы, подобно им, станете соперничать друг с другом, пока бренный мир не погубит вас так же, как погубил их”» (Аль-Бухари: 3158; Муслим: 7425; Ахмад: 17234).

459
Риядус-салихин, № 459Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: جلس رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَجَلَسْنَا حَوْلَهُ، فَقَالَ: «إِنَّ ممَّا أخَافُ عَلَيْكُمْ مِنْ بَعْدِى مَا يُفْتَحُ عَلَيْكُمْ مِنْ زَهْرَةِ الدُّنْيَا وَزِينَتِهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ (адамдарға құтба айту үшін) мінберге отырды. Біз де оның айналасына отыра кеттік. Сонда Ол: «Расында, өзімнен кейін (яғни мен дүниеден өткеннен кейін) сендер үшін қатты қам жеп, қорқатын нәрсем – сендерге берілетін дүниенің сән-салтанаты», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1465; Муслим: 2423; Ахмад: 1035).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сел на минбар (чтобы обратиться к людям с проповедью), а мы расположились вокруг него. Тогда он сказал: “Поистине, после меня (то есть после моей кончины) я больше всего тревожусь за вас, опасаясь того блеска и роскоши мирской жизни, которые будут вам дарованы”» (Аль-Бухари: 1465; Муслим: 2423; Ахмад: 1035).

460
Риядус-салихин, № 460Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرَةٌ وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا، فَيَنْظُرُ كَيْفَ تَعْمَلُونَ، فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Расында, бұл дүние өте тәтті әрі көздің жауын алатын көкорай шалғын (яғни, аса тартымды). Шынында, Алла Тағала сендерді Өзінің осы дүниедегі өкілі етіп тағайындап, әрі не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйелдер қауымынан сақ болыңдар!» – деп айтты», – деген (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Саида (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, этот мир сладок и подобен пленяющему взор зелёному лугу (то есть чрезвычайно привлекателен). Воистину, Аллах Всевышний назначил вас Своими наместниками в этом мире и наблюдает за тем, что вы делаете и чего не делаете. Поэтому остерегайтесь бренного мира и женщин!» (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «әйелдер қауымынан сақ болыңдар» деген сөздің мағынасы – әйелдердің бұзылуына жол бермеңдер немесе әйелдерді бұзбаңдар, егер әйелдер қауымы өздерінің жаратылыс мақсатынан ауытқып, бұзылатын болса, онда ер адамдар да оңбайды, олар да нәпсіге еріп азғындап, бұзылады, нәтижеде бүкіл қоғам және өскелең ұрпақ бұзылып, арсыздық пен азғындықтың батпағына батады. Сондықтан нәзік жанды әйел баласының ар-намысы, тәлім-тәрбиесі, отбасы мен қоғамдағы орны және т.б. құқықтары мәселесінде абай болыңдар. Әйелді аяулы ана, адал жар, отбасының жылуы мен ұйытқысы болу сынды ең басты жаратылыс мақсатынан ауытқытып, қу нәпсілеріңді тояттандыратын құралға, түрлі жарнамалардың құралына, т.б. дүниелік мақсат-мүдделердің құралына айналдырудан сақ болыңдар. Егер ерлер де, әйелдер де Алланың шариғатына сай бой түзеп, өмір сүрсе, өздерінің әубастағы жаратылыс мақсаты мен дүниеге келудегі миссиясына сай әрекет еткен болады. Әйтпесе бүкіл қоғам бұзылады.

Түсіндірме (орысша)

Слова хадиса «остерегайтесь женщин» означают: не позволяйте женщинам нравственно разлагаться и сами не развращайте их. Если женщины отклонятся от цели, ради которой были сотворены, и подвергнутся нравственному разложению, то и мужчины неизбежно придут в упадок: они тоже поддадутся страстям, впадут в распущенность и развратятся. В результате всё общество и подрастающее поколение разложатся и погрузятся в трясину бесстыдства и распутства.

Поэтому с особым вниманием относитесь к чести и достоинству женщины с её тонкой и ранимой душой, к её воспитанию, положению в семье и обществе, а также к другим её правам.

Не мешайте женщине исполнять её главное природное предназначение – быть любимой матерью, верной супругой, источником семейного тепла и опорой семьи, – превращая её в средство удовлетворения своих низменных страстей, орудие всевозможной рекламы и иных мирских целей и интересов.

Если и мужчины, и женщины будут вести себя и жить в соответствии с шариатом Аллаха, то станут действовать согласно изначальной цели своего сотворения и миссии, с которой пришли в этот мир. В противном случае нравственно разложится всё общество.

461
Риядус-салихин, № 461Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «اللَّهُمَّ لَا عَيْشَ إِلَّا عَيْشَ الْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, Алла! Ақырет өмірінен өзге өмір жоқ!» – деп айтқан (Бұхари: 2961; Муслим: 4673; Ахмад: 12178).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «О Аллах! Нет иной жизни, кроме Последней жизни!» (Аль-Бухари: 2961; Муслим: 4673; Ахмад: 12178).

462
Риядус-салихин, № 462Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَتْبَعُ الْمَيِّتَ ثَلَاثَةٌ: أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَعَمَلُهُ: فَيَرْجِعُ اثْنَانِ، وَيَبْقَى وَاحِدٌ: يَرْجِعُ أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَيبْقَى عَمَلُهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Қабірге дейін мәйіттің соңынан үш нәрсе еріп барады: Жақындары, дүние-мүлкі және (жақсы-жаман) ісі. Бұлардың екеуі кері қайтып, біреуі онымен бірге қалады. Жақындары мен дүние-мүлкі оны тастап кері қайтады да, (жақсы-жаман) ісі онымен бірге қалады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «До могилы покойного сопровождают три вещи: его близкие, его имущество и его (благие и дурные) деяния. Две из них возвращаются, а одна остаётся с ним. Его близкие и имущество покидают его и возвращаются, а его (благие и дурные) деяния остаются с ним» (Аль-Бухари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

463
Риядус-салихин, № 463Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُؤْتَى بِأنْعَمِ أَهْلِ الدُّنْيَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيُصْبَغُ فِى النَّارِ صَبْغَةً، ثُمَّ يُقَالُ: يَا ابْنَ آدَمَ، هَلْ رَأَيْتَ خَيْرًا قَطُّ؟ هَلْ مَرَّ بِكَ نَعِيمٌ قَطُّ؟ فَيَقُولُ: لَا وَاللَّهِ يَا رَبِّ، وَيُؤْتَى بِأشَدِّ النَّاسِ بُؤسًَا فِى الدُّنْيَا مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فَيُصْبَغُ صَبْغَةً فِى الْجَنَّةِ، فَيُقَالُ لَهُ: يَا ابْنَ آدَمَ، هَلْ رَأَيْتَ بُؤسًا قَطُّ؟ هَلْ مَرَّ بِكَ شِدَّةٌ قَطُّ؟ فيَقُولُ: لَا وَاللَّهِ، مَا مَرَّ بِى بُؤْسٌ قَطُّ، وَلَا رَأَيْتُ شِدَّةً قَطُّ»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні тозақтықтардың ішінен дүние тіршілігінде дүниелік нығметке ең көп бөленген адам әкелінеді де, тозаққа бір кіргізіп алынған соң одан: «Әй, Адам баласы! Сен өміріңде қандай да бір жақсылық көрдің бе? Басыңа қандай да бір бақ қонған бе еді?» – деп сұралады. Сонда ол: «Жоқ, Раббым уаллаһи!» – деп жауап береді. Сосын жаннаттықтар ішінен дүние тіршілігінде ең бақытсыз болған жан әкелінеді де, жұмаққа бір кіргізіп алынған соң, одан: «Уа, Адам баласы! Сен өміріңде қандай да бір бақытсыздық көрдің бе? Басыңа қандай да бір қиындық келген бе еді?» – деп сұралады. Сонда ол: «Жоқ, Раббым, уаллаһи! Басыма ешқандай бақытсыздық келген емес, әрі еш қиындық көрген емеспін», – деп жауап береді», – деп айтты», – деген (Муслим: 7088; Ахмад: 13112).

Орысша аудармасы

Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения приведут того из обитателей ада, кому в земной жизни было даровано больше всего мирских благ, и всего один раз окунут его в ад. Затем его спросят: ‘О сын Адама! Видел ли ты в своей жизни хоть какое-нибудь благо? Выпадало ли тебе когда-нибудь счастье?’ Он ответит: ‘Нет, о Господь мой, клянусь Аллахом!’ Затем приведут того из обитателей рая, кто был самым несчастным в земной жизни, и всего один раз окунут его в рай. После этого его спросят: ‘О сын Адама! Видел ли ты в своей жизни хоть какое-нибудь несчастье? Постигала ли тебя когда-нибудь какая-либо трудность?’ Он ответит: ‘Нет, о Господь мой, клянусь Аллахом! Меня не постигало никакое несчастье, и я не испытал никаких трудностей’”» (Муслим: 7088; Ахмад: 13112).

464
Риядус-салихин, № 464

عَنْ الْمُسْتَوْرِد بْنِ شَدَّاد قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا الدُّنْيَا فِى الْآخِرَةِ إِلَّا مِثْلُ مَا يَجْعَلُ أَحَدُكُمْ أُصْبُعَهُ فِى الْيَمِّ، فَلْيَنْظُرْ بِمَ يَرْجِعُ!»

Қазақша аудармасы

Мустаурид ибн Шәддәд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Бұл дүниенің ақыретпен салыстырғандағы мысалы, қайсыбіріңнің саусағын теңізге бір малып алғаны сияқты, ол (теңізден) не алып шыққанына қарасын!» – деп айтты», – деген (Муслим: 7197; Ахмад: 17007).

Орысша аудармасы

Мустаурид ибн Шаддад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Этот мир по сравнению с Последней жизнью подобен тому, что остаётся на пальце, если кто-нибудь из вас один раз окунёт его в море. Пусть же он посмотрит, что вынес (из моря) на своём пальце!”» (Муслим: 7197; Ахмад: 17007).

465
Риядус-салихин, № 465Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ بالسُّوقِ وَالنَّاسُ كَنَفَتَيْهِ، فَمَرَّ بِجَدْيٍ أَسَكَّ مَيِّتٍ، فَتَنَاوَلَهُ فَأَخَذَ بِأُذُنِهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَيُّكُم يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ هَذَا لَهُ بِدرْهَم؟» فَقَالُوا: مَا نُحِبُّ أَنَّهُ لَنَا بِشَيْءٍ وَمَا نَصْنَعُ بِهِ؟ ثُمَّ قَالَ: «أَتُحِبُّونَ أَنَّهُ لَكُمْ؟» قَالُوا: وَاللَّهِ لَوْ كَانَ حَيًّا كَانَ عَيْبًا، إِنَّهُ أسَكُّ فَكَيْفَ وَهُوَ ميِّتٌ! فَقَالَ: «فوَاللَّهِ للدُّنْيَا أهْوَنُ عَلَى اللَّهِ مِنْ هَذَا عَلَيْكُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте, бірде Алла елшісі ﷺ өзін екі жағынан қаумалаған адамдармен бірге бір базардан өткен еді. Сонда Алла елшісі жол-жөнекей өліп қалған шұнақ құлақ бір лақтың қасынан өтеді де, оны қолына алып, құлағынан ұстап: «Қайсың мынаны бір дирхамға сатып алуды қалайсыңдар?» – дейді. Көпшілік: «Біз оны ешқандай ақшаға сатып алмаймыз, оны не қыламыз?» – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі: «(Хош!) Ал мұны (тегін) алуды қалайсыңдар ма?» – дейді. Олар: «Уаллаһи, бұл тірі болған күннің өзінде кемістігі бар ғой, шұнақ құлақ қой. Ал өлі күйінде тіпті (түкке тұрғысыз) емес пе?!» – деп жауап береді. Сонда Расулалла: «Аллаға серт! Шынында мынау сендер үшін қандай қадірсіз болса, мына қу дүние Алла үшін одан да қадірсіз», – деген екен (Муслим: 7418; Ахмад: 1943).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил по рынку в окружении людей, обступивших его с обеих сторон. По пути Посланник Аллаха прошёл мимо мёртвого козлёнка с короткими ушами, поднял его за ухо и спросил: «Кто из вас хотел бы купить его за один дирхам?» Люди ответили: «Мы не станем покупать его ни за какие деньги. Что нам с ним делать?» Тогда Посланник Аллаха спросил: «Что ж, а хотите получить его (бесплатно)?» Они ответили: «Клянёмся Аллахом, даже будь он жив, он был бы с изъяном – ведь у него короткие уши. А мёртвым он и вовсе (ни на что не годится)!» Тогда Посланник Аллаха сказал: «Клянусь Аллахом! Поистине, этот бренный мир для Аллаха ещё ничтожнее, чем этот козлёнок для вас» (Муслим: 7418; Ахмад: 1943).

466
Риядус-салихин, № 466Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذر قَالَ: كُنْتُ أَمْشِى مَعَ النَّبي ﷺ فِى حَرَّةٍ بِالمَدِينَةِ، فَاسْتَقْبَلَنَا أُحُدٌ، فَقَالَ: «يَا أَبَا ذَرٍّ» قلت: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ. فَقَالَ: «مَا يَسُرُّنِى أَنَّ عِنْدِى مِثْلَ أُحُدٍ هَذَا ذَهَبًا تَمْضي عَلَيَّ ثَلَاثَةُ أيّامٍ وَعِنْدِى مِنْهُ دِينَارٌ، إِلَّا شَيْءٌ أرْصُدُهُ لِدَيْنٍ، إِلَّا أَنْ أَقُولَ بِهِ فِى عِبَادِ اللَّه هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا» عَنْ يَمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ وَمِنْ خَلْفِهِ، ثُمَّ سَارَ، فَقَالَ: «إِنَّ الْأَكْثَرِينَ هُمُ الْأَقَلُّونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِلَّا مَنْ قَالَ بِالْمَالِ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا» عَنْ يمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ وِمنْ خَلْفِهِ «وَقَلِيلٌ مَاهُمُ». ثُمَّ قَالَ لي: «مَكَانَكَ لَا تَبْرَحْ حَتَّى آتِيكَ» ثُمَّ انْطَلَقَ فِى سَوادِ اللَّيْلِ حَتَّى تَوَارَى، فَسَمِعْتُ صَوتًا، قَدِ ارْتَفَع، فَتَخَوَّفْتُ أَنْ يَكُونَ أَحَدٌ عَرَضَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَأرَدْتُ أَنْ آتِيهِ فَذَكَرتُ قَوْله: «لَا تَبْرَحْ حَتَّى آتِيَكَ» فلم أبْرَحْ حَتَّى أتَاني، فَقُلْتُ: لَقَدْ سَمِعْتُ صَوتًا تَخَوَّفْتُ مِنْهُ، فَذَكَرْتُ لَهُ، فَقَالَ: «وَهَلْ سَمِعْتَهُ؟» قلت: نَعَمْ، قَالَ: «ذَاكَ جِبْرِيلُ أتَانِى. فَقَالَ: مَنْ مَاتَ مِنْ أُمَّتِكَ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا دَخَلَ الْجَنَّةَ»، قلت: وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ؟ قَالَ: «وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Мәдинадағы тастақ қара жермен келе жатып, алдымыздан Ұхұд тауы көрінгенде, Алла елшісі: «Уа, Әбу Зәрр!» – деді. Мен бірден: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – деп жауап қаттым. Сонда ол: «Менің мына Ұхұд тауындай алтыным болса, соншалықты қуанбас едім. Алайда қарызымды өтеу үшін алып қалған мөлшерді қоспағанда, үш күн өтпей жатып сол алтыннан бір динар қалдырмастан Алланың құлдарына олай да, былай да таратып, (деп қолын оң жағына бір, сол жағына бір және артына қарай бір сермеп) игі жолда жұмсау арқылы ғана көңілім жай табар еді», – деді. Содан біраз жүрген соң: «Расында, бұ дүниеде байлығы асып, дәулеті тасып шалқып өткендер қиямет күні жоқ-жітікке айналады (яғни, әжір-сауаптары тым аз болады). Алайда дүние-мүлкін олай да, былай да таратып бергендердің жөні бөлек (деп, қолын оң жағына бір, сол жағына бір және артына қарай бір сермеп алды да), бірақ ондай жандар ілуде біреу, тым аз болады», – деді. Содан кейін маған: «Мен қайтып келгенше, тұрған жеріңнен табан аударушы болма», – деп тастай қараңғы түн ішінде көзден ғайып болды. Кенет қатты шыққан дауыс естілді. Пайғамбарымызға біреу-міреу қастандық жасап жатыр ма деп қорқып кеттім. Дереу дауыс шыққан жаққа қарай ұмтылмақшы болғанымда, Пайғамбарымыздың «Мен қайтып келгенше, тұрған жеріңнен табан аударушы болма» – дегені есіме түсіп, өзі қайтып оралғанша, тұрған жерімнен тапжылмадым. Расулалла оралғанда: «Жаңа бір дауыс естіп, зәрем ұшты», – деп, дауыстың қалай шыққанын айтып бердім. Ол менен: «Сен оны шынымен де естідің бе?» – деп сұрағанда: «Иә, естідім», – деп жауап бердім. Сонда Алла елшісі: «Ол маған келген Жәбірейіл періште еді. Ол маған: «Үмбетіңнен Аллаға еш серік қоспағандар жұмаққа кіреді», – деді. Мен оған: «Зина жасап, ұрлық қылса да ма?» – дегенімде: «Зина жасап, ұрлық қылса да», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6268; Муслим: 272; Ахмад: 21347).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы с Пророком ﷺ шли по чёрной каменистой земле Медины. Когда впереди показалась гора Ухуд, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О Абу Зарр!” Я тотчас ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Если бы у меня было столько золота, сколько эта гора Ухуд, это не принесло бы мне радости. Я обрёл бы покой лишь тогда, когда не позднее чем через три дня раздал бы всё это золото рабам Аллаха направо, налево и назад (при этих словах он взмахнул рукой вправо, влево и назад), расходуя его на благие дела и не оставив себе ни единого динара, кроме суммы, необходимой для погашения долга”.

Пройдя ещё немного, он сказал: “Воистину, те, кто в этом мире жил, утопая в богатстве и роскоши, в День воскресения окажутся нищими (то есть их награда будет ничтожно мала). Исключение составят те, кто раздавал своё имущество направо, налево и назад (при этих словах он взмахнул рукой вправо, влево и назад). Но таких людей будет очень мало – лишь единицы”.

Затем он сказал мне: “Не сходи с этого места, пока я не вернусь”, – и исчез из виду в непроглядной ночной тьме. Внезапно раздался громкий голос. Я испугался, не пытается ли кто-нибудь причинить вред Пророку ﷺ, и уже хотел броситься туда, откуда донёсся голос, но вспомнил слова Пророка ﷺ: “Не сходи с этого места, пока я не вернусь”. Поэтому я не сдвинулся с места, пока он не возвратился.

Когда Посланник Аллаха ﷺ вернулся, я сказал: “Я услышал какой-то голос и страшно испугался”, – после чего рассказал ему, как всё произошло. Он спросил меня: “Ты действительно слышал его?” Я ответил: “Да, слышал”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это был ангел Джибрил, пришедший ко мне. Он сказал мне: ‘Те из твоей общины, кто не приобщал к Аллаху никаких сотоварищей, войдут в рай’. Я спросил его: ‘Даже если они совершали прелюбодеяние и воровали?’ Он ответил: ‘Даже если они совершали прелюбодеяние и воровали’”» (Аль-Бухари: 6268; Муслим: 272; Ахмад: 21347).

467
Риядус-салихин, № 467Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ كَانَ لِى مِثْلُ أُحُدٍ ذَهَبًا، لَسَرَّنِى أَنْ لَا تَمُرَّ عَلَيَّ ثَلَاثُ لَيالٍ وَعِنْدِى مِنْهُ شَيْءٌ إِلَّا شَيْءٌ أرْصُدُهُ لِدَيْنٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Егер менде Ухуд тауындай алтын болғанда, үш күн өтпей одан қарызды қайтару үшін алып қалатын қаражаттан басқа менде еш нәрсе қалмаса, сөзсіз, қуанар едім», – деген (Бұхари: 2389; Муслим: 2302; Ахмад: 9178).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы у меня было столько золота, сколько весит гора Ухуд, я непременно обрадовался бы, если бы до истечения трёх дней у меня не осталось от него ничего, кроме средств, которые я сохранил бы для погашения долга» (Аль-Бухари: 2389; Муслим: 2302; Ахмад: 9178).

468
Риядус-салихин, № 468Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «انْظُرُوا إِلَى مَنْ هُوَ أسْفَلَ مِنْكُمْ وَلَا تَنْظُرُوا إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَكُمْ؛ فَهُوَ أجْدَرُ أَنْ لَا تَزْدَرُوا نِعْمَةَ اللَّه عَلَيْكُمْ».

وَفِى رِوَايَة الْبخارِى: «إِذَا نَظَرَ أَحَدُكُمْ إِلَى مَنْ فُضِّلَ عَلَيْهِ فِى الْمَالِ وَالخَلْقِ، فَلْيَنْظُرْ إِلَى مَنْ هُوَ أسْفَل مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Фәни дүниенің мүмкіндіктері1 тұрғысынан өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға қараңдар, өйткені бұл сендерді Алланың берген нығметтерін азсынып, қанағат тұтпаудан сақтайды», – деп айтты» – делінген (Муслим: 7430).

Имам Бұхаридің жеткізген хадисінде: «Қайсыбірің өзінен бай болған, яки өзінен көрікті болған біреуді көрсе, дереу өзінен төмен болған біреуге қарасын», – деп келген. (Бұхари: 6490; Муслим: 7428)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В отношении благ и возможностей бренного мира1 смотрите на тех, кто ниже вас, а не на тех, кто превосходит вас и стоит выше, ибо это убережёт вас от умаления благ, которыми одарил вас Аллах, и недовольства ими» (Муслим: 7430).

В хадисе, переданном имамом аль-Бухари, говорится: «Если кто-либо из вас увидит человека, который богаче или красивее его, пусть тотчас посмотрит на того, кто ниже его» (Аль-Бухари: 6490; Муслим: 7428).

  1. 1Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен және т.б.
  1. 1Здоровье, богатство, слава, высокое положение и тому подобное.
469
Риядус-салихин, № 469Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «تَعِسَ عَبْدُ الدِّينَارِ، وَالِدِّرْهَمِ، وَالقَطِيفَةِ، وَالخَمِيصَةِ، إِنْ أُعْطِيَ رَضِيَ، وَإِنْ لَمْ يُعْطَ لَمْ يَرْضَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Динар мен дирхамның (алтын мен күмістің) және қатифа1 мен хамисаның2 құлына айналғандар дүниеге жарымасын! Мұндай дүниеқұмарларға осылар берілсе, мәз болып қуанады. Ал берілмесе, әсте разы болмайды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2886).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Да не обрести благополучия тем, кто стал рабом динара и дирхама (золота и серебра), катифы1 и хамисы2! Если таким любителям мирского всё это достаётся, они ликуют и радуются, а если не достаётся, то остаются недовольными» (Аль-Бухари: 2886).

  1. 1Барқыт, мақпал секілді бағалы мата.
  2. 2Қымбат матадан тігілген сырт киім.
  1. 1Дорогая ткань, например бархат или велюр.
  2. 2Верхняя одежда, сшитая из дорогой ткани.
470
Риядус-салихин, № 470Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ سَبعِينَ مِنْ أَهْلِ الصُّفَّةِ، مَا منهُمْ رَجُلٌ عَلَيْهِ رِدَاءٌ: إِمَّا إِزارٌ، وَإِمَّا كِسَاءٌ، قَدْ رَبَطُوا فِى أعنَاقِهِمْ، فَمِنْهَا مَا يَبْلُغُ نِصْفَ السَّاقَيْن، وَمِنْهَا مَا يَبْلُغُ الْكَعْبَيْنِ، فَيَجْمَعُهُ بِيَدِهِ كَراهِيَةَ أَنْ تُرَى عَوْرَتُهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Суффа тұрғындарынан жетпіс адамның көзін көрдім. Олардың бірде-біреуінің бүкіл денесін жауып тұратын шапаны жоқ еді. Бар лыпасы жалғыз дамбал немесе бір ұшын мойынына байлап алатын жалғыз көйлегі болатын. Кейбіреуінің көйлегінің етегі балтырына ғана жетсе (тізеден сәл ғана асса), кейбіреуінікі тобыққа дейін түсіп тұратын. Әуретіміз ашылып қалмаса екен деп, етегін қолдарымен қымтап, жіті қадағалап жүретін еді», – деген. (Бұхари: 442)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел семьдесят обитателей Суффы. Ни у одного из них не было верхней накидки, покрывавшей всё тело. Единственной их одеждой была либо поясная повязка, либо кусок ткани, один конец которого они завязывали на шее. У некоторых край ткани доходил лишь до середины голени (немного ниже колен), а у других – до щиколоток. Они придерживали края ткани руками, внимательно следя за тем, чтобы не обнажились части тела, которые надлежит скрывать» (Аль-Бухари: 442).

471
Риядус-салихин, № 471Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الدُّنْيَا سِجْنُ الْمُؤْمِنِ، وَجَنَّةُ الْكَافِرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Бұл дүние – мүмінге қапас, ал кәпірге жаннат», – деген. (Муслим: 7417; Ахмад: 8289)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Этот мир – темница для верующего и рай для неверующего» (Муслим: 7417; Ахмад: 8289).

472
Риядус-салихин, № 472Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: أخذ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمَنْكِبَيَّ، فَقَالَ: «كُنْ فِى الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ، أَو عَابِرُ سَبِيلٍ».

وَكَانَ ابن عُمَرَ، يَقُولُ: إِذَا أمْسَيتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِكَ لِمَرَضِكَ، وَمِنْ حَيَاتِكَ لِمَوْتِكَ قَالُوا فِى شَرْحِ هَذَا الْحَدِيث معناه: لَا تَرْكَنْ إِلَى الدُّنْيَا وَلَا تَتَّخِذْهَا وَطَنًا، وَلَا تُحَدِّثْ نَفْسَكَ بِطُولِ الْبَقَاءِ فِيهَا، وَلَا بِالاعْتِنَاءِ بِهَا، وَلَا تَتَعَلَّقْ مِنْهَا إِلَّا بِمَا يَتَعَلَّقُ بِهِ الْغَرِيبُ فِى غَيْرِ وَطَنِهِ، وَلَا تَشْتَغِلْ فِيهَا بِمَا لَا يَشْتَغِلُ بِهِ الْغَرِيبُ الَّذِى يُرِيدُ الذَّهَابَ إِلَى أَهْلِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ екі қолын қос иығыма қойып тұрып: «Бұл дүниеде, бір жерде уақытша ғана жүрген жат елдік адам немесе жолаушы секілді бол», – деп айтты», – деген.

Осы хадисті риуаят етуші: «Ибн Омар: «Кеш батқанда таңға дейін көрер күнім бар ғой деп, таңның атуын және таң атқанда кешке дейін өмір сүрермін деп кештің батуын күтпе. Денсаулығың барда ауырып, науқастанатын шағыңды, көзіңнің тірісінде де о дүниелік болатыныңды ойлап, сауапты істерді көбірек істеп қал», – деп жиі айтатын еді», – деген. (Бұхари: 6416; Ахмад: 4764)

(Ғалымдар) осынау хадистің мағынасы: «Бұл дүниеге арқа сүйеме, әрі оны шын отаным деп есептеме. Мұнда ұзақ уақыт тұрақтаймын, сол үшін оған аса мән беру керек деп іштей өз-өзіңді үгіттеме. Бұл дүниеге бейне бір бөтен елде уақытша жүрген адам тәрізді ғана байлан, әрі онда өз еліне/үй ішіне қайтуды көксеп жүрген адам шұғылданбайтын істермен сен де шұғылданба», – дегенді білдіреді деп түсіндірген.

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ положил обе руки мне на плечи и сказал: “Будь в этом мире подобен чужестранцу, который лишь временно остановился в каком-либо месте, или путнику”».

Передатчик этого хадиса сказал: «Ибн Умар часто говорил: “Если ты дожил до вечера, не жди наступления утра в уверенности, что доживёшь до него; а если дожил до утра, не жди наступления вечера в надежде, что проживёшь до него. Пока ты здоров, помни о времени, когда заболеешь, а пока жив – о том, что однажды покинешь этот мир, и успей совершить как можно больше благих дел”» (Аль-Бухари: 6416; Ахмад: 4764).

(Учёные) разъясняли, что смысл этого хадиса заключается в следующем: «Не полагайся на этот мир и не считай его своей истинной родиной. Не убеждай себя в том, что пробудешь здесь долго и поэтому должен придавать ему особое значение. Привязывайся к этому миру лишь так, как привязывается к нему человек, временно пребывающий на чужбине, и не занимайся здесь тем, чем не стал бы заниматься тот, кто жаждет возвращения на родину, к своей семье».

473
Риядус-салихин, № 473

عَنْ أَبِى الْعباس سهل بْنِ سعد الساعدي قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، دُلَّنِى عَلَى عَمَلٍ إِذَا عَمِلْتُهُ أحَبَّنِى اللَّهُ وَأحَبَّنِى النَّاسُ، فَقَالَ: «ازْهَدْ فِى الدُّنْيَا يُحِبّك اللَّهُ، وَازْهَدْ فِيمَا عِنْدَ النَّاسِ يُحِبّك النَّاسُ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сәғиди (р.а.): «Бірде сахабалардың бірі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Мені Алланың һәм адамдардың сүйіспеншілігіне бөлейтін бір істі айтыңызшы», – деп өтінді. Сонда Расулалла: «Дүниеге құмар болма, сонда Алланың сүйіспеншілігіне бөленесің. Ел-жұрттың қолына қарап телмірме, сонда адамдар да сені жақсы көреді», – деп айтты», – деген. (Ибн Мәжә: 4102)

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один из сподвижников пришёл к Пророку ﷺ и попросил: “О Посланник Аллаха! Укажи мне на такое дело, благодаря которому меня полюбят и Аллах, и люди”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не привязывайся к мирскому – и Аллах полюбит тебя. Не желай того, что находится в руках людей, – и люди полюбят тебя”» (Ибн Маджа: 4102).

474
Риядус-салихин, № 474Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: ذَكَرَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ مَا أَصَابَ النَّاسُ مِنَ الدُّنْيَا، فَقَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَظَلُّ الْيَوْمَ يَلْتَوِى مَا يَجِدُ مِنَ الدَّقَلِ مَا يَمْلأ بِهِ بَطْنَهُ

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Мұсылмандардың әміршісі Омар ибн әл-Хаттаб халифа болып тұрған шағында адамдардың (бұрынғыдай емес) көптеген дүниелік нығметтерге бөленгенін тілге тиек етіп: «Мен Алла елшісінің ﷺ күн бойы жүрек жалғар бір түйір жаман құрманы да таба алмай, аштықтан бұратылып өткізген күндеріне куә болдым», – деп айтқан еді», – деген (Муслим: 7461; Ахмад: 353).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды повелитель мусульман Умар ибн аль-Хаттаб, будучи халифом, заговорил о многочисленных мирских благах, которыми стали пользоваться люди (чего прежде не было), и сказал: “Я был свидетелем дней, когда Посланник Аллаха ﷺ проводил целый день, изнемогая от голода и не находя даже одного плохого финика, чтобы подкрепиться”» (Муслим: 7461; Ахмад: 353).

475
Риядус-салихин, № 475Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: تُوفي رَسُول اللَّهِ ﷺ وَمَا فِى بَيْتِى مِنْ شَيْءٍ يَأكُلُهُ ذُو كَبِدٍ إِلَّا شَطْرُ شَعِيرٍ فِى رَفٍّ لي، فَأكَلْتُ مِنْهُ حَتَّى طَالَ عَلَيَّ، فَكِلْتُهُ فَفَنِيَ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ қайтыс болғанда үйімде текшемдегі азғантай арпаны айтпағанда, тірі жан жейтін еш нәрсе болмаған еді. Соны ұзақ уақыт бойы өзіме азық еттім. Кейін оны (таразыға салып) өлшегенімде тез таусылып қалды», – деген. (Бұхари: 3097; Муслим: 7451; Ахмад: 24871)

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда Посланник Аллаха ﷺ скончался, в моём доме не было ничего, чем могла бы питаться живая душа, кроме небольшого количества ячменя, лежавшего на моей полке. Я питалась им долгое время. Позднее я отмерила его (взвесив на весах), и после этого ячмень быстро закончился» (Аль-Бухари: 3097; Муслим: 7451; Ахмад: 24871).

476
Риядус-салихин, № 476

عَنْ عَمْرُو بْنِ الْحارث أخي جُوَيْرِيّة بنتِ الْحارِث أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ،، قَالَ: مَا تَرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عِنْدَ مَوْتِهِ دِينارًا، وَلَا دِرْهَمًا، وَلَا عَبْدًا، وَلَا أَمَةً، وَلَا شَيْئًا إِلَّا بَغْلَتَهُ الْبَيضَاءَ الَّتِى كَانَ يَرْكَبُهَا، وَسِلَاحَهُ، وَأَرْضًا جَعَلَهَا لاِبْنِ السَّبِيلِ صَدَقَةً

Қазақша аудармасы

Мүміндердің анасы Жуайрия бинт әл-Харистің бауыры Амр ибн әл-Харис (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүниеден озғанда өзі мініп жүрген ақ боз қашыры, қару-жарағы мен еліне жете алмай жолда қалған мүсәпір жолаушыларға садақа ретінде (үлестіруді өсиет еткен) жер телімінен басқа динар да, дирхам да, құл да, күң де, еш нәрсе де қалдырмады», – деген. (Бұхари: 4461; Ахмад: 18458)

Орысша аудармасы

Брат матери правоверных Джувайрии бинт аль-Харис, Амр ибн аль-Харис (да будет доволен им Аллах), сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ покинул этот мир, он не оставил после себя ни динара, ни дирхама, ни раба, ни невольницы – вообще ничего, кроме белой мулицы, на которой ездил, своего оружия и участка земли, который он предназначил в качестве милостыни для нуждающихся путников, застрявших в дороге и не сумевших добраться до своей страны (завещав распределить его между ними)» (Аль-Бухари: 4461; Ахмад: 18458).

477
Риядус-салихин, № 477Риуаят етуші: Хаббаб ибн әл-Әрат

عَنْ خَبابِ بْنِ الْأَرَتِّ قَالَ: هَاجَرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نَلْتَمِسُ وَجْهَ اللَّهِ تَعَالَى، فَوَقَعَ أجْرُنَا عَلَى اللَّهِ، فَمِنَّا مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَأكُل منْ أجْرِهِ شَيْئًا، مِنْهُمْ: مُصْعَبُ بْنِ عُمَيْرٍ، قُتِلَ يَوْمَ أُحُد، وَتَرَكَ نَمِرَةً، فَكُنَّا إِذَا غَطَّيْنَا بِهَا رَأْسَهُ، بَدَتْ رِجْلَاهُ، وَإِذَا غَطَّيْنَا بِهَا رِجْلَيْهِ، بَدَا رَأسُهُ، فَأَمَرَنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ، أَنْ نُغَطِّى رَأسَهُ، وَنَجْعَل عَلَى رِجْلَيْهِ شَيْئًا مِنَ الْإِذْخِرِ، وَمِنَّا مَنْ أيْنَعَتْ لَهُ ثَمَرَتُهُ، فَهُوَ يَهْدِبُهَا

Қазақша аудармасы

Хаббаб ибн әл-Әратт (р.а.): «Біз Алланың разылығын алу үшін Расулалламен ﷺ бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аудардық. Алла Тағала һижрет жасағанымыз үшін бізге сауап жазды. Кейбіреулер арамыздан ерте озып, алған сауабының жемісін (бұл дүниеде) көре алмады. Солардың бірі Ұхұд шайқасында шейіт болған Мұсғаб ибн Умәйр (р.а.) еді. Марқұмның бір ғана ала шапанынан басқа қалдырған дүниесі жоқ еді. Сол шапанын өзіне кебін қылғанымызда, басын жапсақ, аяғы ашылып, аяғын жапсақ, басы ашылып қала берді. Сонда Алла елшісі бізге алдымен басын, ал аяқ жағын хош иісті қамыспен жабуды бұйырды. Сондай-ақ арамызда жасаған һижретінің жемісі әбден пісіп жетілген соң, жинап алып жатқандар да болды (яғни, һижреттен алған әжір-сауабының қызығын осы дүниеде көргендер де болды)», – деп айтты. (Бұхари: 3897; Муслим: 2177; Ахмад: 21077)

Орысша аудармасы

Хаббаб ибн аль-Аратт (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мы переселились из Мекки в Медину вместе с Посланником Аллаха ﷺ, стремясь снискать довольство Аллаха. Аллах Всевышний записал нам награду за совершённую хиджру. Некоторые из нас ушли из жизни раньше, так и не увидев плодов заслуженной ими награды (в этом мире). Одним из них был Мусаб ибн Умайр (да будет доволен им Аллах), павший мучеником в битве при Ухуде. После него не осталось ничего, кроме одной полосатой накидки. Когда мы завернули его в эту накидку, используя её как саван, то, прикрыв голову, оставляли открытыми ноги, а прикрыв ноги, оставляли открытой голову. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел нам прикрыть его голову, а ноги накрыть душистым тростником. Были среди нас и те, плоды чьей хиджры созрели полностью и кто теперь собирает их (то есть те, кто уже в этом мире вкусил плоды награды за совершённую хиджру)» (Аль-Бухари: 3897; Муслим: 2177; Ахмад: 21077).

478
Риядус-салихин, № 478Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهلِ بْنِ سعد الساعدي قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ كَانَت الدُّنْيَا تَعْدِلُ عِنْدَ اللَّهِ جَنَاحَ بَعُوضَةٍ، مَا سَقَى كَافِرًا مِنْهَا شَرْبَةَ مَاءٍ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Егер Алла үшін бұл дүниенің шыбынның қанатындай (көк тиын) қадірі болса, кәпірге тіпті бір жұтым су да таттырмас еді», – деп айтты» – делінген. (Тирмизи: 232)

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы этот мир был для Аллаха ценен хотя бы как крыло комара (то есть имел хотя бы малейшую ценность), Он не дал бы неверующему вкусить даже глотка воды» (Ат-Тирмизи: 232).

479
Риядус-салихин, № 479Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «أَلَا إِنَّ الدُّنْيَا مَلْعُونَةٌ، مَلْعُونٌ مَا فِيهَا، إِلَّا ذِكْرَ اللَّهِ تَعَالَى، وَمَا وَالاهُ، وَعالِمًا وَمُتَعَلِّمًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Шынында, бұл дүние және оның ішіндегілер (адамдардың Алладан алыстауына себеп болғаны үшін) лағынеттелген. Алайда Алланы еске алу және Аллаға жақындататын игі істер, білімді адам мен білім жолындағы жан бұдан тыс», – деп айтқанын естідім», – деген. (Тирмизи: 2322)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, этот мир и всё, что в нём, прокляты (поскольку становятся причиной отдаления людей от Аллаха). Исключение составляют поминание Аллаха, благие дела, приближающие к Аллаху, обладающий знанием и тот, кто следует путём знания”» (Ат-Тирмизи: 2322).

480
Риядус-салихин, № 480Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَتَّخِذُوا الضَّيْعَةَ فَتَرْغَبُوا فِى الدُّنْيَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Дүние жинауда шектен шығып кетпеңдер, әйтпесе көңілдерің толығымен дүниеге ауып кетеді», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2328; Ахмад: 3579)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не впадайте в чрезмерность, накапливая мирские блага, иначе ваши сердца всецело привяжутся к этому миру”» (Ат-Тирмизи: 2328; Ахмад: 3579).

481
Риядус-салихин, № 481Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: مَرَّ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ نعالِجُ خُصًّا لَنَا، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» فَقُلْنَا: قَدْ وَهَى، فَنَحَنُ نُصْلِحُهُ، فَقَالَ: «مَا أرَى الْأَمْرَ إِلَّا أعْجَلَ مِنْ ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде біз лашығымызды қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып жатқанымызда, Алла елшісі ﷺ жол-жөнекей өтіп бара жатып: «Бұл не күйбең тіршілік?» – деп сұрады. Біз оған: «Әбден тозығы жеткен соң, жөндеуден өткізіп жатырмыз», – дедік. Сонда ол: «Ажалдың келуі бұл істеріңнен де маңызды, әрі жылдам деп ойлаймын», – деп айтты», – деген. (Әбу Дәуіт: 5236; Тирмизи: 2335)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды, когда мы занимались ремонтом нашей обветшавшей хижины, мимо проходил Посланник Аллаха ﷺ. Он спросил: “Что это за хлопоты?” Мы ответили: “Она совсем обветшала, поэтому мы её ремонтируем”. Тогда он сказал: “Думаю, смерть ближе, а забота о ней важнее всех этих ваших хлопот”» (Абу Дауд: 5236; Ат-Тирмизи: 2335).

482
Риядус-салихин, № 482

عَنْ كعب بْنِ عياض قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ لِكُلِّ أُمَّةٍ فِتْنَةً وفِتْنَةُ أُمَّتِى الْمَالُ»

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Ияд (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Расында, әр үмбеттің өз сынағы бар, менің үмбетімнің сынағы – мал-дүние», – деп айтқанын естідім», – деген. (Тирмизи: 2336; Ахмад: 17471)

Орысша аудармасы

Кааб ибн Ияд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, у каждой общины есть своё испытание, а испытание моей общины – богатство”» (Ат-Тирмизи: 2336; Ахмад: 17471).

483
Риядус-салихин, № 483

عَنْ أَبِى عَمْرُو، ويقالُ: أَبو عَبْدِ اللَّهِ، ويقالُ: أَبو ليلى عثمان بْنِ عفان أَنَّ النَّبِيّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ لاِبْنِ آدَمَ حَقٌّ فِى سِوَى هَذِهِ الْخِصَالِ: بَيْتٌ يَسْكُنُهُ، وَثَوْبٌ يُوارِى عَوْرَتَهُ، وَجِلْفُ الْخُبز وَالْماء» رواه الترمذي، وَقَالَ: حَدِيث صحيح.

قَالَ الترمذي: سَمِعْتُ أَبَا دَاوُد سُلَيْمَانَ بنَ سَالمٍ الْبَلْخيَّ، يَقُولُ: سَمِعْتُ النَّضْرَ بْن شُمَيْل، يَقُولُ: الْجِلْفُ: الْخُبْز لَيْسَ مَعَهُ إِدَامٌ، وَقَالَ غَيْرُهُ: هُوَ غَليظُ الْخُبُزِ. وَقَالَ الْهَرَوِيُّ: الْمُرادُ بِهِ هنَا وِعَاءُ الْخُبزِ، كَالجَوَالِقِ وَالخُرْجِ، واللَّه أعلم

Қазақша аудармасы

Әбу Амр (Әбу Абдуллаһ және Әбу Ләйлә деп те айтылады) Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адам баласының тұратын үй, әуретін жабатын киім, қара нан мен қара судан басқасына хақысы жоқ», – деді», – деп айтқан. (Тирмизи, 2341; Ахмад: 440)

Имам Тирмизи хадисте келген «жилф» сөзіне қатысты былай деген: «Әбу Дәуіт Сүлеймен ибн Сәлим әл-Бәлхидің: «Надр ибн Шумайлдің: «әл-Жилф сөзі – «дәмдеуіш қосылмаған нан» дегенді білдіреді», – дегенін естідім. Басқа біреу ол «қатты нан» деген. Әл-Һарауи болса: «Бұл сөздің мұндағы мағынасы – шағын қоржын, қапшық тәрізді нан салатын ыдыс», – деген», – деп айтқанын естідім». Анығын Алла білуші!

Орысша аудармасы

Абу Амр (его также называли Абу Абдуллахом и Абу Ляйлой) Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Сын Адама не имеет права ни на что, кроме дома, в котором он живёт, одежды, прикрывающей его наготу, простого хлеба и воды» (Ат-Тирмизи: 2341; Ахмад: 440).

Относительно употреблённого в хадисе слова «джильф» имам ат-Тирмизи сказал: «Я слышал, как Абу Дауд Сулейман ибн Салим аль-Балхи говорил: “Я слышал, как Надр ибн Шумайль сказал: ‘Аль-джильф – это хлеб без приправы’. Другой человек сказал, что оно означает ‘грубый хлеб’. Аль-Харави же сказал: ‘Здесь под этим словом подразумевается небольшая сума – похожая на мешочек ёмкость, в которую кладут хлеб’”». Аллах знает лучше!

484
Риядус-салихин, № 484

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ – بكسر الشينِ والخاء الْمعجمتين – أَنَّهُ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَقْرَأُ: «أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ» قَالَ: «يَقُولُ ابْنُ آدَمَ: مَالِى، مالي، وَهَلْ لَكَ يَا ابْنَ آدَمَ مِنْ مَالِكَ إِلَّا مَا أكَلْتَ فَأفْنَيْتَ، أَو لَبِسْتَ فَأَبْلَيْتَ، أَوْ تَصَدَّقْتَ فَأَمْضَيْتَ؟!»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн әш-Шиххир (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына барғанымда «Әлһәкумут-тәкәсур»1 сүресін оқып отыр екен. Сүрені оқып болған соң: «Адам баласы тынбастан «дүние-мүлкім, дүние-мүлкім!» – дейді. Ей, Адам баласы! Шындығына келгенде, сенің ішіп-жеп тауысқаныңнан, я болмаса киіп тоздырғаныңнан немесе мұқтаж жандарға шын ниетіңмен берген садақаңнан өзге (саған пайда келтірер) қандай байлығың бар еді?»2 – деп айтты», – деген (Муслим: 7420; Ахмад: 2364).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн аш-Шиххир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Пророку ﷺ и увидел, что он читает суру “Альхакумут-такасур”1. Закончив её, он сказал: “Человек беспрестанно твердит: ‘Моё богатство! Моё богатство!’ О сын Адама! Но какое ещё богатство (способное принести тебе пользу) у тебя есть, кроме того, что ты съел и выпил, полностью израсходовав, либо надел и износил, либо искренне отдал нуждающимся в качестве милостыни?2”» (Муслим: 7420; Ахмад: 2364).

  1. 1Мағынасы: «Мал-жанның көптігімен мақтанып, бәсекеге түсу саналарыңды билеп, сендерге Алланы ұмыттырды»
  2. 2Адам баласы қанша жерден бай болса да, о дүниеге бір жапырақ кебіннен басқа еш нәрсе алып кете алмайды.
  1. 1Смысл этих слов: «Хвастовство обилием имущества и потомства и соперничество овладели вашими умами и заставили забыть об Аллахе» (сура «Такасур», аят 1).
  2. 2Сколь бы богат ни был человек, в иной мир он не сможет взять с собой ничего, кроме савана.
485
Риядус-салихин, № 485

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّل قَالَ: قَالَ رجل لِلنَّبِيِّ ﷺ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَاللَّهِ إِنِّى لأُحِبُّكَ، فَقَالَ: «انْظُرْ مَاذَا تَقُولُ؟» قَالَ: وَاللَّهِ إِنِّى لأُحِبُّكَ، ثَلَاثَ مَرَّات، فَقَالَ: «إِنْ كُنْتَ تُحِبُّنِى فَأَعِدَّ لِلْفَقْرِ تِجْفَافًا، فَإِنَّ الْفَقْرَ أسْرَعُ إِلَى مَنْ يُحِبُّنِى مِنَ السَّيْلِ إِلَى مُنْتَهَاهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Муғаффал (р.а.): «Бірде бір сахаба Пайғамбарымызға ﷺ: «Уа, Расулалла! Уаллаһи, мен сізді жақсы көремін!» – дегенде, ол: «Не айтқаныңа ойланып қарағын», – деді. Ол тағы да: «Уаллаһи, мен сізді жақсы көремін!» – деп үш рет айтты. Сонда Алла елшісі: «Егер мені шынымен жақсы көретін болсаң, кедейлікке қарсы сауыт-сайманыңды дайындай бер. Өйткені пақырлық мені жақсы көретін адамға өз межесіне қарай ағылған селден де жылдам жетеді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2350).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Мугаффаль (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один из сподвижников сказал Пророку ﷺ: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я люблю вас!” Он ответил: “Хорошо подумай над тем, что говоришь”. Тот трижды повторил: “Клянусь Аллахом, я люблю вас!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если ты действительно любишь меня, готовь доспехи, чтобы встретить бедность. Ведь бедность настигает любящего меня быстрее, чем бурный поток достигает своего предела”» (Ат-Тирмизи: 2350).

486
Риядус-салихин, № 486Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик

عَنْ كعب بْنِ مالك قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا ذِئْبَانِ جَائِعَانِ أُرْسِلا فِى غَنَمٍ بِأفْسَدَ لَهَا مِنْ حِرْصِ الْمَرْءِ عَلَى الْمَالِ وَالشَّرَفِ لِدِينهِ»

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Мәлик (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Дүниеқұмар және мансапқор адамның дініне келтіретін зияны қойға шапқан қос аш қасқырдың тигізген кесірінен әлдеқайда көп болады», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 2376).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Каабом ибн Маликом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Страсть человека к богатству и высокому положению наносит его религии куда больший вред, чем два голодных волка – стаду овец, на которое они напали» (Ат-Тирмизи: 2376).

487
Риядус-салихин, № 487Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود قَالَ: نَامَ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى حَصيرٍ، فَقَامَ وَقَدْ أثَّرَ فِى جَنْبِهِ، قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ اتَّخَذْنَا لَكَ وِطَاءً. فَقَالَ: «مَا لِى وَلِلدُّنْيَا؟ مَا أَنَا فِى الدُّنْيَا إِلَّا كَرَاكِبٍ اسْتَظَلَّ تَحْتَ شَجَرَةٍ ثُمَّ رَاحَ وَتَرَكَهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ қамыстан тоқылған өрменің үстінде жатып, көз ілген еді. Ұйқыдан тұрғанда, денесінің бір жағына түскен іздерді көріп: «Уа, Расулалла! Сізге жұмсақтау бір төсеніш алсақ болар еді», – дедік. Сонда ол бізге: «Бұл қу дүниені қайтпекпін!? Мен бұл дүниеде бір теректің көлеңкесінде уақытша саялап, (тынығып алған соң) оны тастап кете баратын жолаушы сияқтымын», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2377).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ прилёг на циновку, сплетённую из тростника, и уснул. Когда он проснулся, мы увидели на его боку следы от циновки и сказали: “О Посланник Аллаха! Нам следовало бы приобрести для тебя подстилку помягче”. Тогда он ответил: “Что мне до этого бренного мира?! Я в этом мире подобен путнику, который ненадолго укрывается в тени дерева, а затем (отдохнув) покидает его и продолжает свой путь”» (Ат-Тирмизи: 2377).

488
Риядус-салихин, № 488Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يدْخُلُ الْفُقَرَاءُ الْجَنَّةَ قَبْلَ الْأَغْنِيَاءِ بِخَمْسِمئَةِ عَامٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Кедейлер жаннатқа байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2353; Ахмад: 7946).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Бедные войдут в рай на пятьсот лет раньше богатых”» (Ат-Тирмизи: 2353; Ахмад: 7946).

489
Риядус-салихин, № 489

عَنِ ابْنِ عَبَّاس وعِمْرَانَ بْنِ الْحُصَيْنِ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اطَّلَعْتُ فِى الْجَنَّةِ فَرَأَيْتُ أَكْثَرَ أَهْلِهَا الْفُقَرَاءَ، وَاطَّلَعْتُ فِى النَّارِ فَرَأَيْتُ أَكْثَرَ أَهْلِهَا النِّسَاءَ»

ورواه الْبخارِى أيضًا من رواية عِمْرَان بْنِ الْحُصَيْن

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас және Имран ибн әл-Хусайн (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннаттың ішіне назар салдым, сонда жаннаттықтардың дені пақыр-міскіндер екенін көрдім. Сондай-ақ тозақтың ішіне назар салдым, сонда тозақтықтардың дені әйелдер екенін көрдім»,– деп айтты», – деген. (Бұхари: 6449; Муслим: 2738; Ахмад: 2086)

Имам Бұхари осы хадисті Имран ибн әл-Хусайннан да риуаят еткен.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Аббасом и Имраном ибн аль-Хусайном (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Я заглянул в рай и увидел, что большинство его обитателей составляют бедняки и неимущие. Затем я заглянул в ад и увидел, что большинство его обитателей составляют женщины» (Аль-Бухари: 6449; Муслим: 2738; Ахмад: 2086).

Имам аль-Бухари также передал этот хадис со слов Имрана ибн аль-Хусайна.

Түсіндірме (қазақша)

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және истиғфарды көп айтыңдар! Өйткені мен тозақтықтардың дені әйелдер болатынын көрдім», – дейді. Сонда сондағы әйелдерден бір ділмар әйел: «Уа, Расулалла, не себепті тозақылардың дені біз боламыз?» – деп сұрағанда, оған: «Өйткені сендер қарғысты көп айтасыңдар және жұбайларыңның жасаған жақсылықтарын жоққа шығарасыңдар», – деп айтқан, – делінген.

Әйелдің жұйбайынан көрген бүкіл жақсылықтарын одан көрген бір-екі жамандыққа бола жоққа шығаруы дінде куфр ән-ниғмә (нығметке күпірлік қылу) деп аталады. Өйткені әйелдің күйеуінен көрген әрбір жақсылығы түптің-түбінде Алладан келген жақсылық екені сөзсіз. Олай болса, әйелдің бір сәттік сезімге беріліп, күйеуінен көрген жақсылықтарын жаппай жоққа шығаруы, түптің-түбінде Алланың оған күйеуі арқылы берген нығметтерін жоққа шығару деген сөз...

Түсіндірме (орысша)

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “О женщины! Раздавайте милостыню и чаще просите Аллаха о прощении! Поистине, я увидел, что большинство обитателей ада составят женщины”. Тогда одна красноречивая женщина спросила: “О Посланник Аллаха! Почему именно мы составим большинство обитателей ада?” Он ответил: “Потому что вы часто проклинаете и отрицаете добро, сделанное вам вашими мужьями”».

Когда женщина из-за одного-двух дурных поступков своего мужа отрицает всё добро, которое видела от него, это в религии называется «куфр ан-ни‘ма» (неблагодарностью за дарованные блага). Ведь всякое добро, которое женщина получает от мужа, в конечном счёте, несомненно, является благом, дарованным Аллахом. Следовательно, если женщина, поддавшись мимолётному чувству, начинает отрицать всё добро, которое видела от мужа, то в конечном счёте это означает отрицание благ, дарованных ей Аллахом через её мужа…

490
Риядус-салихин, № 490Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أسامة بْنِ زيد، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قُمْتُ عَلَى بَابِ الْجَنَّةِ، فَكَانَ عَامَّةُ مَنْ دَخَلَهَا الْمَسَاكِينُ، وَأَصْحَابُ الْجَدِّ مَحبُوسُونَ، غَيْرَ أَنَّ أَصْحَابِ النَّارِ قَدْ أُمِرَ بِهِم إِلَى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Усама (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннаттың қақпасының алдында тұрдым, сонда оған кіргендердің басым көпшілігі (дүниеде жоқшылық сынағына төзе білген) міскіндер болды. Ал байлық пен мол несібеге ие болғандар (есепке тартылу үшін) тұтылып жатты. Олардың арасынан (күпірліктері мен күнәлары себепті) азапқа лайық болғандарды жаһаннамға (тастауға) бұйрық берілді», – деген (Бұхари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).

Орысша аудармасы

Усама (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Я стоял у врат рая и увидел, что подавляющее большинство вошедших туда составляли неимущие (которые в земной жизни стойко перенесли испытание нуждой). Те же, кто обладал богатством и обильным уделом, были задержаны (для расчёта). А тех из них, кто заслужил наказание (из-за неверия и грехов), было велено (бросить) в ад» (Аль-Бухари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).

491
Риядус-салихин, № 491Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أصْدَقُ كَلِمَةٍ قَالَهَا شَاعِرٌ كَلِمَةُ لَبِيدٍ: أَلَا كُلُّ شَيْءٍ مَا خَلَا اللَّهَ بَاطِلُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Шайыр айтқан ең рас сөз – Алладан өзгенің бәрі жалған емес пе?!, – деген Ләбидтің сөзі», – деді», – деп айтқан (Бұхари: 3841; Муслим: 5888; Ахмад: 10084).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Самые правдивые слова, сказанные поэтом, – это слова Лябида: “Разве всё, кроме Аллаха, не ложно?!”» (Аль-Бухари: 3841; Муслим: 5888; Ахмад: 10084).