Хадис

Риядус-салихин, № 465

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 465 (қазақша басылым реті)
465
Риядус-салихин, № 465Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ بالسُّوقِ وَالنَّاسُ كَنَفَتَيْهِ، فَمَرَّ بِجَدْيٍ أَسَكَّ مَيِّتٍ، فَتَنَاوَلَهُ فَأَخَذَ بِأُذُنِهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَيُّكُم يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ هَذَا لَهُ بِدرْهَم؟» فَقَالُوا: مَا نُحِبُّ أَنَّهُ لَنَا بِشَيْءٍ وَمَا نَصْنَعُ بِهِ؟ ثُمَّ قَالَ: «أَتُحِبُّونَ أَنَّهُ لَكُمْ؟» قَالُوا: وَاللَّهِ لَوْ كَانَ حَيًّا كَانَ عَيْبًا، إِنَّهُ أسَكُّ فَكَيْفَ وَهُوَ ميِّتٌ! فَقَالَ: «فوَاللَّهِ للدُّنْيَا أهْوَنُ عَلَى اللَّهِ مِنْ هَذَا عَلَيْكُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте, бірде Алла елшісі ﷺ өзін екі жағынан қаумалаған адамдармен бірге бір базардан өткен еді. Сонда Алла елшісі жол-жөнекей өліп қалған шұнақ құлақ бір лақтың қасынан өтеді де, оны қолына алып, құлағынан ұстап: «Қайсың мынаны бір дирхамға сатып алуды қалайсыңдар?» – дейді. Көпшілік: «Біз оны ешқандай ақшаға сатып алмаймыз, оны не қыламыз?» – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі: «(Хош!) Ал мұны (тегін) алуды қалайсыңдар ма?» – дейді. Олар: «Уаллаһи, бұл тірі болған күннің өзінде кемістігі бар ғой, шұнақ құлақ қой. Ал өлі күйінде тіпті (түкке тұрғысыз) емес пе?!» – деп жауап береді. Сонда Расулалла: «Аллаға серт! Шынында мынау сендер үшін қандай қадірсіз болса, мына қу дүние Алла үшін одан да қадірсіз», – деген екен (Муслим: 7418; Ахмад: 1943).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил по рынку в окружении людей, обступивших его с обеих сторон. По пути Посланник Аллаха прошёл мимо мёртвого козлёнка с короткими ушами, поднял его за ухо и спросил: «Кто из вас хотел бы купить его за один дирхам?» Люди ответили: «Мы не станем покупать его ни за какие деньги. Что нам с ним делать?» Тогда Посланник Аллаха спросил: «Что ж, а хотите получить его (бесплатно)?» Они ответили: «Клянёмся Аллахом, даже будь он жив, он был бы с изъяном – ведь у него короткие уши. А мёртвым он и вовсе (ни на что не годится)!» Тогда Посланник Аллаха сказал: «Клянусь Аллахом! Поистине, этот бренный мир для Аллаха ещё ничтожнее, чем этот козлёнок для вас» (Муслим: 7418; Ахмад: 1943).