Хадис

Риядус-салихин, № 466

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 466 (қазақша басылым реті)
466
Риядус-салихин, № 466Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذر قَالَ: كُنْتُ أَمْشِى مَعَ النَّبي ﷺ فِى حَرَّةٍ بِالمَدِينَةِ، فَاسْتَقْبَلَنَا أُحُدٌ، فَقَالَ: «يَا أَبَا ذَرٍّ» قلت: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ. فَقَالَ: «مَا يَسُرُّنِى أَنَّ عِنْدِى مِثْلَ أُحُدٍ هَذَا ذَهَبًا تَمْضي عَلَيَّ ثَلَاثَةُ أيّامٍ وَعِنْدِى مِنْهُ دِينَارٌ، إِلَّا شَيْءٌ أرْصُدُهُ لِدَيْنٍ، إِلَّا أَنْ أَقُولَ بِهِ فِى عِبَادِ اللَّه هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا» عَنْ يَمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ وَمِنْ خَلْفِهِ، ثُمَّ سَارَ، فَقَالَ: «إِنَّ الْأَكْثَرِينَ هُمُ الْأَقَلُّونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِلَّا مَنْ قَالَ بِالْمَالِ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا» عَنْ يمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ وِمنْ خَلْفِهِ «وَقَلِيلٌ مَاهُمُ». ثُمَّ قَالَ لي: «مَكَانَكَ لَا تَبْرَحْ حَتَّى آتِيكَ» ثُمَّ انْطَلَقَ فِى سَوادِ اللَّيْلِ حَتَّى تَوَارَى، فَسَمِعْتُ صَوتًا، قَدِ ارْتَفَع، فَتَخَوَّفْتُ أَنْ يَكُونَ أَحَدٌ عَرَضَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَأرَدْتُ أَنْ آتِيهِ فَذَكَرتُ قَوْله: «لَا تَبْرَحْ حَتَّى آتِيَكَ» فلم أبْرَحْ حَتَّى أتَاني، فَقُلْتُ: لَقَدْ سَمِعْتُ صَوتًا تَخَوَّفْتُ مِنْهُ، فَذَكَرْتُ لَهُ، فَقَالَ: «وَهَلْ سَمِعْتَهُ؟» قلت: نَعَمْ، قَالَ: «ذَاكَ جِبْرِيلُ أتَانِى. فَقَالَ: مَنْ مَاتَ مِنْ أُمَّتِكَ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا دَخَلَ الْجَنَّةَ»، قلت: وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ؟ قَالَ: «وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Мәдинадағы тастақ қара жермен келе жатып, алдымыздан Ұхұд тауы көрінгенде, Алла елшісі: «Уа, Әбу Зәрр!» – деді. Мен бірден: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – деп жауап қаттым. Сонда ол: «Менің мына Ұхұд тауындай алтыным болса, соншалықты қуанбас едім. Алайда қарызымды өтеу үшін алып қалған мөлшерді қоспағанда, үш күн өтпей жатып сол алтыннан бір динар қалдырмастан Алланың құлдарына олай да, былай да таратып, (деп қолын оң жағына бір, сол жағына бір және артына қарай бір сермеп) игі жолда жұмсау арқылы ғана көңілім жай табар еді», – деді. Содан біраз жүрген соң: «Расында, бұ дүниеде байлығы асып, дәулеті тасып шалқып өткендер қиямет күні жоқ-жітікке айналады (яғни, әжір-сауаптары тым аз болады). Алайда дүние-мүлкін олай да, былай да таратып бергендердің жөні бөлек (деп, қолын оң жағына бір, сол жағына бір және артына қарай бір сермеп алды да), бірақ ондай жандар ілуде біреу, тым аз болады», – деді. Содан кейін маған: «Мен қайтып келгенше, тұрған жеріңнен табан аударушы болма», – деп тастай қараңғы түн ішінде көзден ғайып болды. Кенет қатты шыққан дауыс естілді. Пайғамбарымызға біреу-міреу қастандық жасап жатыр ма деп қорқып кеттім. Дереу дауыс шыққан жаққа қарай ұмтылмақшы болғанымда, Пайғамбарымыздың «Мен қайтып келгенше, тұрған жеріңнен табан аударушы болма» – дегені есіме түсіп, өзі қайтып оралғанша, тұрған жерімнен тапжылмадым. Расулалла оралғанда: «Жаңа бір дауыс естіп, зәрем ұшты», – деп, дауыстың қалай шыққанын айтып бердім. Ол менен: «Сен оны шынымен де естідің бе?» – деп сұрағанда: «Иә, естідім», – деп жауап бердім. Сонда Алла елшісі: «Ол маған келген Жәбірейіл періште еді. Ол маған: «Үмбетіңнен Аллаға еш серік қоспағандар жұмаққа кіреді», – деді. Мен оған: «Зина жасап, ұрлық қылса да ма?» – дегенімде: «Зина жасап, ұрлық қылса да», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6268; Муслим: 272; Ахмад: 21347).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы с Пророком ﷺ шли по чёрной каменистой земле Медины. Когда впереди показалась гора Ухуд, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О Абу Зарр!” Я тотчас ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Если бы у меня было столько золота, сколько эта гора Ухуд, это не принесло бы мне радости. Я обрёл бы покой лишь тогда, когда не позднее чем через три дня раздал бы всё это золото рабам Аллаха направо, налево и назад (при этих словах он взмахнул рукой вправо, влево и назад), расходуя его на благие дела и не оставив себе ни единого динара, кроме суммы, необходимой для погашения долга”.

Пройдя ещё немного, он сказал: “Воистину, те, кто в этом мире жил, утопая в богатстве и роскоши, в День воскресения окажутся нищими (то есть их награда будет ничтожно мала). Исключение составят те, кто раздавал своё имущество направо, налево и назад (при этих словах он взмахнул рукой вправо, влево и назад). Но таких людей будет очень мало – лишь единицы”.

Затем он сказал мне: “Не сходи с этого места, пока я не вернусь”, – и исчез из виду в непроглядной ночной тьме. Внезапно раздался громкий голос. Я испугался, не пытается ли кто-нибудь причинить вред Пророку ﷺ, и уже хотел броситься туда, откуда донёсся голос, но вспомнил слова Пророка ﷺ: “Не сходи с этого места, пока я не вернусь”. Поэтому я не сдвинулся с места, пока он не возвратился.

Когда Посланник Аллаха ﷺ вернулся, я сказал: “Я услышал какой-то голос и страшно испугался”, – после чего рассказал ему, как всё произошло. Он спросил меня: “Ты действительно слышал его?” Я ответил: “Да, слышал”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это был ангел Джибрил, пришедший ко мне. Он сказал мне: ‘Те из твоей общины, кто не приобщал к Аллаху никаких сотоварищей, войдут в рай’. Я спросил его: ‘Даже если они совершали прелюбодеяние и воровали?’ Он ответил: ‘Даже если они совершали прелюбодеяние и воровали’”» (Аль-Бухари: 6268; Муслим: 272; Ахмад: 21347).