Хадис

Риядус-салихин, № 472

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 472 (қазақша басылым реті)
472
Риядус-салихин, № 472Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: أخذ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمَنْكِبَيَّ، فَقَالَ: «كُنْ فِى الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ، أَو عَابِرُ سَبِيلٍ».

وَكَانَ ابن عُمَرَ، يَقُولُ: إِذَا أمْسَيتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِكَ لِمَرَضِكَ، وَمِنْ حَيَاتِكَ لِمَوْتِكَ قَالُوا فِى شَرْحِ هَذَا الْحَدِيث معناه: لَا تَرْكَنْ إِلَى الدُّنْيَا وَلَا تَتَّخِذْهَا وَطَنًا، وَلَا تُحَدِّثْ نَفْسَكَ بِطُولِ الْبَقَاءِ فِيهَا، وَلَا بِالاعْتِنَاءِ بِهَا، وَلَا تَتَعَلَّقْ مِنْهَا إِلَّا بِمَا يَتَعَلَّقُ بِهِ الْغَرِيبُ فِى غَيْرِ وَطَنِهِ، وَلَا تَشْتَغِلْ فِيهَا بِمَا لَا يَشْتَغِلُ بِهِ الْغَرِيبُ الَّذِى يُرِيدُ الذَّهَابَ إِلَى أَهْلِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ екі қолын қос иығыма қойып тұрып: «Бұл дүниеде, бір жерде уақытша ғана жүрген жат елдік адам немесе жолаушы секілді бол», – деп айтты», – деген.

Осы хадисті риуаят етуші: «Ибн Омар: «Кеш батқанда таңға дейін көрер күнім бар ғой деп, таңның атуын және таң атқанда кешке дейін өмір сүрермін деп кештің батуын күтпе. Денсаулығың барда ауырып, науқастанатын шағыңды, көзіңнің тірісінде де о дүниелік болатыныңды ойлап, сауапты істерді көбірек істеп қал», – деп жиі айтатын еді», – деген. (Бұхари: 6416; Ахмад: 4764)

(Ғалымдар) осынау хадистің мағынасы: «Бұл дүниеге арқа сүйеме, әрі оны шын отаным деп есептеме. Мұнда ұзақ уақыт тұрақтаймын, сол үшін оған аса мән беру керек деп іштей өз-өзіңді үгіттеме. Бұл дүниеге бейне бір бөтен елде уақытша жүрген адам тәрізді ғана байлан, әрі онда өз еліне/үй ішіне қайтуды көксеп жүрген адам шұғылданбайтын істермен сен де шұғылданба», – дегенді білдіреді деп түсіндірген.

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ положил обе руки мне на плечи и сказал: “Будь в этом мире подобен чужестранцу, который лишь временно остановился в каком-либо месте, или путнику”».

Передатчик этого хадиса сказал: «Ибн Умар часто говорил: “Если ты дожил до вечера, не жди наступления утра в уверенности, что доживёшь до него; а если дожил до утра, не жди наступления вечера в надежде, что проживёшь до него. Пока ты здоров, помни о времени, когда заболеешь, а пока жив – о том, что однажды покинешь этот мир, и успей совершить как можно больше благих дел”» (Аль-Бухари: 6416; Ахмад: 4764).

(Учёные) разъясняли, что смысл этого хадиса заключается в следующем: «Не полагайся на этот мир и не считай его своей истинной родиной. Не убеждай себя в том, что пробудешь здесь долго и поэтому должен придавать ему особое значение. Привязывайся к этому миру лишь так, как привязывается к нему человек, временно пребывающий на чужбине, и не занимайся здесь тем, чем не стал бы заниматься тот, кто жаждет возвращения на родину, к своей семье».