عَنْ عَمْرُو بْنِ عوف الْأنصارِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ أَبَا عبيدة بنَ الْجَرَّاح إِلَى الْبَحْرَيْنِ يَأْتِى بِجِزْيَتِهَا، فَقَدِمَ بمَالٍ مِنَ الْبَحْرَيْنِ، فَسَمِعَتِ الْأَنْصَارُ بقُدُومِ أَبِى عُبيْدَةَ، فَوَافَوْا صَلَاةَ الْفَجْرِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ انْصَرفَ، فَتَعَرَّضُوا لَهُ، فَتَبَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِيْنَ رَآهُمْ، ثُمَّ قَالَ: «أظُنُّكُمْ سَمعتُمْ أَنَّ أَبَا عُبَيْدَةَ قَدِمَ بِشَيْءٍ مِنَ الْبَحْرَيْنِ؟» فَقَالُوا: أجل، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ: «أبْشِرُوا وَأَمِّلْوا مَا يَسُرُّكُمْ، فَواللَّه مَا الْفَقْرَ أخْشَى عَلَيْكُمْ، وَلكِنِّى أخْشَى أَنْ تُبْسَط الدُّنْيَا عَلَيْكُمْ كَمَا بُسِطَتْ عَلَى مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، فَتَنَافَسُوهَا كَمَا تَنَافَسُوهَا، فَتُهْلِكَكُمْ كَمَا أَهْلَكَتْهُمْ»
Амр ибн Ауф әл-Ансари (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ Әбу Убәйда ибн әл-Жәррахты Бахрейнге жіберіп, сол елден жан басына салынатын салықты жинап әкелуді тапсырды. Әбу Убәйда тапсырманы орындап, Бахрейннен мол дүниемен оралды. Оның келгенін естіген ансарлықтар әдеттегідей мешітке жиналып, таң намазын Алла елшісімен бірге оқыды. Алла елшісі намаз оқып болып, мешіттен шығуға айналғанда, ансарлықтар бір нәрсе дәметкендей оның қасына барды. Алла елшісі олардың осы халін көргенде, еріксіз езу тартып: «Менің ойымша, сендер Әбу Убәйданың Бахрейннен құр қол қайтпағанын естіген сияқтысыңдар?» – деді. Ансарлықтар: «Уа, Расулалла! Иә, естідік», – деп жауап берді. Сонда Расулалла: «Олай болса, сүйінші! Еншілеріңді алып, әлі-ақ қуанышқа бөленесіңдер. Алланың атымен ант етейін! Асылында, сендер үшін кедейліктен қорықпаймын. Керісінше, сендерден бұрынғы қауымдарға ағыл-тегіл дүние берілгендей, сендерге де дүниенің молшылығы нәсіп болып, солар сияқты бір-біріңмен бақталасып, ақырында қу дүниенің олардың түбіне жеткеніндей сендерді де құрта ма деп қорқамын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3158; Муслим: 7425; Ахмад: 17234).
Амр ибн Ауф аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил Абу Убайду ибн аль-Джарраха в Бахрейн, поручив ему собрать и привезти взимаемый там налог с каждого человека. Выполнив поручение, Абу Убайда вернулся из Бахрейна с большим богатством. Услышав о его возвращении, ансары, как обычно, собрались в мечети и совершили утреннюю молитву вместе с Посланником Аллаха. Когда Посланник Аллаха закончил молитву и собрался выйти из мечети, ансары подошли к нему, словно чего-то ожидая. Увидев их в таком состоянии, Посланник Аллаха невольно улыбнулся и спросил: “Полагаю, вы слышали, что Абу Убайда вернулся из Бахрейна не с пустыми руками?” Ансары ответили: “Да, о Посланник Аллаха, слышали”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “В таком случае примите благую весть! Вы непременно получите свою долю и возрадуетесь. Клянусь Аллахом! Поистине, не бедности я боюсь для вас. Напротив, я боюсь, что вам будет даровано изобилие мирских благ, как оно было даровано жившим до вас народам, и вы, подобно им, станете соперничать друг с другом, пока бренный мир не погубит вас так же, как погубил их”» (Аль-Бухари: 3158; Муслим: 7425; Ахмад: 17234).