Хадис

Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болу жайында

О хорошем отношении к женщинам

Риядус-салихин, 34-тақырып · 8 хадис · № 274–281

Хадистер

«وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوف» «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» («Ниса» сүресі, 19-аят).

«وَلَنْ تَسْتَطِيعُوا أَنْ تَعْدِلُوا بَيْنَ النِّسَاءِ وَلَوْ حَرَصْتُمْ فَلَا تَمِيلُوا كُلَّ الْمَيْلِ فَتَذَرُوهَا كَالْمُعَلَّقَةِ وَإِنْ تُصْلِحُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا» «Қанша жерден тырысып бақсаңдар да, әйелдердің бәріне бірдей әділ бола алмайсыңдар. Ендеше, әйелдеріңнің біреуіне ғана көңіл бөліп, енді бірін жіпсіз байлап, екі ортада қалдырмаңдар. Егер әйелдеріңмен араларыңдағы келіспеушіліктерді әділ шешіп отырсаңдар һәм әйелдеріңе әділетсіздік жасаудан барынша сақтансаңдар, шүбәсіз, Алла – Ғафур (өте кешірімді), Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болған асқан даналық Иесі)!» («Ниса» сүресі, 129-аят).

«Обходитесь со своими женами по-доброму» (сура «Ниса», 4:19).

«Сколь бы сильно вы ни старались, никогда вы не сможете соблюсти равную справедливость между женами. Посему не уклоняйтесь же от одной из них так сильно, что другую оставите подобно висящей. И если вы станете улаживать разногласия между вами, стремясь к согласию, и изберете путь богобоязненных, то поистине, Аллах – Прощающий, Милосердный» (сура «Ниса», 4:129).

274
Риядус-салихин, № 274Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْتَوْصُوا بالنِّسَاءِ خَيْرًا؛ فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلعٍ، وَإِنَّ أعْوَجَ مَا فِى الضِّلَعِ أعْلاهُ، فَإِنْ ذَهَبتَ تُقيمُهُ كَسَرْتَهُ، وَإِنْ تَرَكْتَهُ، لَمْ يَزَلْ أعْوجَ، فَاسْتَوصُوا بالنِّسَاءِ».

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين: «المَرأةُ كالضِّلَعِ إِنْ أقَمْتَهَا كَسَرْتَهَا، وَإِن اسْتَمتَعْتَ بِهَا، اسْتَمتَعْتَ وَفِيهَا عوَجٌ».

وَفِى رِوَايَة لمسلم: «إِنَّ الْمَرأةَ خُلِقَت مِنْ ضِلَع، لَنْ تَسْتَقِيمَ لَكَ عَلَى طَرِيقة، فإِن اسْتَمْتَعْتَ بِهَا اسْتَمْتَعْتَ بِهَا وَفِيهَا عوَجٌ، وإِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهَا كَسَرْتَها، وَكَسْرُهَا طَلَاقُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Менің өсиетімді қаперде ұстап, әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені әйел қабырғадан жаралған. Ал қабырғаның майысқан жері – жоғарғы бөлігі. Егер оны түземек болсаң, сындырып аласың, ал өз жайына қалдырсаң, сол майысқан күйінде қалады. Сондықтан әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3331; Муслим: 3644).

Қос «сахих» хадистер жинағындағы басқа бір хадисте: «Әйел баласы қабырға тәрізді. Оны түземек болсаң, сындырып аласың, ал егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің», – деп келген (Бұхари: 5184;Муслим: 3650; Ахмад: 10856).

Муслим жеткізген тағы бір хадисте: «Шынында, әйел баласы сен еш түзей алмайтын қабырғадан жаралған. Егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің, ал егер оны түземек болсаң, сындырып аласың. Оның сынғаны – талақ болғаны!» – делінген (Муслим: 3643; Ахмад: 9795).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Помните моё наставление и хорошо обращайтесь со своими жёнами, ибо женщина создана из ребра. Наиболее изогнутая часть ребра – верхняя. Если попытаешься выпрямить его, то сломаешь, а если оставишь как есть, оно так и останется изогнутым. Поэтому хорошо обращайтесь со своими жёнами» (Аль-Бухари: 3331; Муслим: 3644).

В другой версии хадиса, приведённой в обоих сборниках «Сахих», сказано: «Женщина подобна ребру. Если попытаешься выпрямить её, то сломаешь, а если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею, несмотря на её кривизну» (Аль-Бухари: 5184; Муслим: 3650; Ахмад: 10856).

В ещё одной версии, переданной Муслимом, сказано: «Поистине, женщина создана из ребра, которое ты никогда не сможешь выпрямить. Если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею при её кривизне, а если попытаешься выпрямить её, то сломаешь. А сломать её – значит развестись с ней!» (Муслим: 3643; Ахмад: 9795).

Түсіндірме (қазақша)

Әйелдің, нақты айтқанда, Хауа анамыздың қабырғадан жаратылғандығы жайлы хадистерді тура мағынада түсініп, Хауа анамыз Адам атаның жүрек тұсындағы сол қабырғасынан жаралған, деген ғалымдармен қатар, ауыспалы мағынада түсінген ғұламалар да бар. Солардың бірі – Шейх Мутәуәлли әш-Шағрауи деген мысырлық тәпсірші ғалым. Оның пікірінше, әйелдің қабырғадан жаратылғандығын айтқан хадистерді тура мағынада түсінбеген жөн, өйткені Ниса сүресінің алғашқы аятындағы (و خلق مِنْهَا زوجها) деген сөз, Хауа ананың да Адам ата жаралған нәрседен, яғни топырақтан жаралғанын, сәйкесінше екеуінің де болмысының бір екенін білдіреді. Демек, хадисте айтылған әйел қабырғадан жаратылған деген сөз – әйел баласының ер адамға ұқсамайтын өзіне тән табиғаты бар, оны сол өзіндік табиғатына сай қабылдап, онымен соған қарай қарым-қатынас құру керек, әйтпесе бәрі бекер, деген мағынаны білдіреді. Өйткені жоғарыдағы хадистің басқа нұсқасында: «Әйел баласы қабырға тәрізді...», «Шынында, әйел баласы сен еш түзей алмайтын қабырғадан жаралған. Егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің, ал егер оны түземек болсаң, сындырып аласың. Оның сынғаны – талақ болғаны!» – деп айтылған. Демек, мұнда тура мағынадағы қабырғадан гөрі, әйел адамның өзіне тән табиғаты мен мінезі меңзелген.

Түсіндірме (орысша)

наряду с учёными, которые понимают хадисы о сотворении женщины – точнее, нашей праматери Хаввы – из ребра буквально и считают, что Хавва была создана из ребра Адама, находившегося со стороны сердца, есть и богословы, толкующие эти хадисы в переносном смысле. Один из них – египетский учёный-толкователь Корана шейх Мутавалли аш-Шаарави. По его мнению, хадисы, в которых говорится о сотворении женщины из ребра, не следует понимать буквально, поскольку слова первого аята суры «Ан-Ниса» «и создал из него пару ему» (وَخَلَقَ مِنْهَا زَوْجَهَا) означают, что Хавва, как и Адам, была создана из того же вещества, то есть из земли, и, следовательно, природа их обоих едина.

Таким образом, слова хадиса о том, что женщина создана из ребра, означают, что женщина обладает собственной природой, отличающейся от мужской, поэтому её следует принимать такой, какая она есть и выстраивать отношения с ней с учётом её особенностей, иначе все усилия окажутся напрасными.

Ведь в других версиях приведённого выше хадиса сказано: «Женщина подобна ребру…», а также: «Поистине, женщина создана из ребра, которое ты никогда не сможешь выпрямить. Если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею при её кривизне, а если попытаешься выпрямить её, то сломаешь. А сломать её – значит развестись с ней!» Следовательно, здесь речь идёт не столько о ребре в буквальном смысле, сколько о присущих женщине особой природе и характере.

275
Риядус-салихин, № 275

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَمْعَةَ: أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ، وَذَكَرَ النَّاقَةَ وَالَّذِى عَقَرَهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ««إِذ انْبَعَثَ أشْقَاهَا» انْبَعَثَ لَهَا رَجُلٌ عَزيزٌ، عَارِمٌ مَنيعٌ فِى رَهْطِهِ»، ثُمَّ ذَكَرَ النِّسَاءَ، فَوعَظَ فِيهنَّ، فَقَالَ: «يَعْمِدُ أَحَدُكُمْ فَيَجْلِدُ امْرَأتَهُ جَلْدَ الْعَبْدِ فَلَعَلَّهُ يُضَاجِعُهَا مِنْ آخِرِ يَوْمِهِ» ثُمَّ وَعَظَهُمْ فِى ضَحِكِهمْ مِنَ الضَّرْطَةِ، وَقَالَ: «لِمَ يَضْحَكُ أَحَدُكُمْ مِمَّا يَفْعَلُ؟!»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Зәмға (р.а.) бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құтба айтқанын естігенін жеткізеді. Алла елшісі құтбада (Алланың Салих пайғамбарға мұғжиза ретінде берген) інгені мен оның тірсегін қиып, бауыздап өлтірген кісі жайлы айтып, «Ақыры араларындағы ең қаныпезер жауыз суырылып алға шықты» деген аятты оқыды. Сосын кеңінен түсіндіріп: «Інгенді өлтіруге ілуде бір кездесетін жауыз, һәм де қауымының ең мықтысы болған біреу суырылып шыққан еді», – деді. Сонан соң құтбасын әрмен қарай жалғастырып, әйелдерді тілге тиек етіп, олар жайлы уағыз-насихат айтып, былай деді: «Кейбіреуің әйелін құдды бір құлды сабағандай аяусыз сабап алып, кешкісін (түк болмағандай) онымен төсекте жақындасатын шығар...?!1». Содан кейін оларға жел шығарып қойған адамға күлу мәселесінде насихат айтып, былай деді: «Кейбіреуің өзі де істейтін іске неге күледі?!» – деген (Бұхари: 4942; Муслим: 7191; Ахмад: 16222).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Зама (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды слышал, как Пророк ﷺ произносил проповедь. Во время проповеди Посланник Аллаха ﷺ упомянул верблюдицу (дарованную Аллахом пророку Салиху в качестве чуда) и человека, который подрезал ей поджилки и зарезал её. Затем он прочитал аят: «И вот вперёд выступил самый кровожадный злодей из их числа» (сура «Шамс», 91:12), – и, подробно разъясняя его, сказал: «Чтобы убить верблюдицу, вперёд выступил редкостный злодей, к тому же самый сильный человек среди своего народа».

После этого Посланник Аллаха ﷺ продолжил проповедь, упомянул женщин и, наставляя людей относительно них, сказал: «Неужели некоторые из вас беспощадно избивают своих жён, словно рабов, а вечером (как ни в чём не бывало) вступают с ними в близость в постели?!»1 Затем он предостерёг их от смеха над человеком, испустившим газы, и сказал: «Почему некоторые из вас смеются над тем, что делают и сами?!» (Аль-Бухари: 4942; Муслим: 7191; Ахмад: 16222).

  1. 1Басқа бір риуаятта «Онымен жақындасады» делінген.
  1. 1В другой передаче сказано: «Вступает с ней в близость».
276
Риядус-салихин, № 276Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَفْرَكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً إِنْ كَرِهَ مِنْهَا خُلُقًا رَضِيَ مِنْهَا آخَرَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын. Егер де қайсыбір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар», – деп айтты» – делінген (Муслим: 3645; Ахмад: 8363).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующий мужчина никогда не должен питать ненависти к верующей женщине. Если какая-либо черта её характера ему не понравится, то другая её черта непременно придётся ему по душе» (Муслим: 3645; Ахмад: 8363).

277
Риядус-салихин, № 277

عَنْ عَمْرُو بْنِ الْأحوصِ الْجُشَمي: أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ فِى حَجَّةِ الْوَدَاعِ يَقُولُ بَعْدَ أَنْ حَمِدَ اللَّه تَعَالَى، وَأثْنَى عَلَيْهِ وَذَكَّرَ وَوَعظَ، ثُمَّ قَالَ: «ألا وَاسْتَوصُوا بالنِّسَاءِ خَيْرًا، فَإِنَّمَا هُنَّ عَوَانٍ عِنْدَكُمْ لَيْسَ تَمْلِكُونَ مِنْهُنَّ شَيْئًا غَيْرَ ذَلِكَ إِلَّا أَنْ يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ»«مُبَيِّنَةٍ، فَإِنْ فَعَلْنَ فَاهْجُرُوهُنَّ فِى الْمَضَاجِع، وَاضْرِبُوهُنَّ ضَربًا غَيْرَ مُبَرِّحٍ، فإِنْ أطَعْنَكُمْ فَلَا تَبْغُوا عَلَيْهنَّ سَبِيلًا؛ أَلَا إِنَّ لَكُمْ عَلَى نِسَائِكُمْ حَقًّا، وَلِنِسَائِكُمْ عَلَيْكُمْ حَقًّا؛ فَحَقُّكُمْ عَلَيْهِنَّ أَنْ لَا يُوطِئْنَ فُرُشَكُمْ مَنْ تَكْرَهُونَ، وَلا يَأْذَنَّ فِى بُيُوتِكُمْ لِمَنْ تَكْرَهُونَ؛ أَلَا وَحَقُّهُنَّ عَلَيْكُمْ أَنْ تُحْسِنُوا إِلَيْهِنَّ فِى كِسْوَتِهنَّ وَطَعَامِهنَّ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ қоштасу қажылығында Аллаға мақтау айтып, шүкіршілік білдірген соң, жамағатқа былай деп насихат айтқанын естідім: «Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шынында оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша,1 олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ. Егер әйелдерің қандай да бір арсыздыққа барса, олардан бөлек жатып, бір жерін зақымдап алмайтындай етіп ұрыңдар. Егер бойсұнатын болса, оларды басынып, қиянат жасамаңдар. Жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олардың алдында атқарар міндеттеріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болуы және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету», – деген (Тирмизи: 1163).

Орысша аудармасы

Амр ибн аль-Ахвас аль-Джушами (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как во время прощального паломничества Пророк ﷺ, воздав хвалу Аллаху и возблагодарив Его, обратился к собравшимся со следующим наставлением: “Хорошо относитесь к своим жёнам, ведь вы несёте за них ответственность. Вы обязаны обращаться с ними только по-доброму, если только они не совершат явной непристойности1. Иного отношения к ним для вас не допускается. Если ваши жёны совершат какой-либо непристойный поступок, не разделяйте с ними ложе и ударьте их так, чтобы не причинить им телесных повреждений. Если же они станут повиноваться вам, не притесняйте их и не поступайте с ними несправедливо. Не забывайте: как у ваших жён есть определённые обязанности перед вами, так и у вас есть обязанности перед ними. Их обязанность – быть верными своим мужьям и не впускать в ваш дом тех, кого вы не желаете видеть. Ваша же обязанность – обеспечивать их одеждой и пищей”» (Ат-Тирмизи: 1163).

  1. 1Күйеуіне опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша.
  1. 1То есть если они не изменяют мужьям и не отказываются повиноваться им.
278
Риядус-салихин, № 278

عَنْ معاوية بْنِ حيدة قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا حق زَوجَةِ أَحَدِنَا عَلَيْهِ؟ قَالَ: «أَنْ تُطْعِمَهَا إِذَا طعِمْتَ، وَتَكْسُوهَا إِذَا اكْتَسَيْتَ، وَلَا تَضْرِبِ الْوَجْهَ، وَلا تُقَبِّحْ، وَلا تَهْجُرْ إِلَّا فِى الْبَيْتِ»

Қазақша аудармасы

Мұғауия ибн Жайда (р.а.): «Бірде Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Расулалла! Әйелдеріміздің біздегі ақысы қандай?» – деп сұрағанымда, ол: «Оған өзің жегенді жегізіп, өзің кигенді кигізуің. Сондай-ақ оның бетінен ұрма және балағаттап қарғама, (ал егер қыңырлық танытып, бағынбаса) одан тек үйіңде ғана іргеңді аулақ сал (яғни, оған жақындама, бөлек жат, бірақ үйден кетіп қалма)», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2142; Ахмад: 20013).

Орысша аудармасы

Муавия ибн Хайда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Каковы права наших жён на нас?” Он ответил: “Корми её той же пищей, которую ешь сам, и одевай так же, как одеваешься сам. Не бей её по лицу, не оскорбляй и не проклинай. (Если же она станет проявлять упрямство и не повиноваться тебе), отдаляйся от неё только в своём доме (то есть не приближайся к ней и спи отдельно, но не покидай дом)”» (Абу Дауд: 2142; Ахмад: 20013).

279
Риядус-салихин, № 279Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أكْمَلُ الْمُؤْمِنِينَ إِيمَانًا أَحْسَنُهُمْ خُلُقًا، وخِيَارُكُمْ خياركم لِنِسَائِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1162; Ахмад: 7402).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Самые совершенные в вере среди верующих – те, кто обладает наилучшим нравом. А лучшие из вас – те, кто лучше всего относится к своим жёнам» (Ат-Тирмизи: 1162; Ахмад: 7402).

280
Риядус-салихин, № 280

عَنْ إِياس بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى ذباب قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَضْرِبُوا إِمَاء اللَّه» فجاء عُمَرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: ذَئِرْنَ النِّسَاءُ عَلَى أَزْوَاجِهِنَّ، فَرَخَّصَ فِى ضَرْبِهِنَّ، فَأطَافَ بآلِ رَسُول اللَّهِ ﷺ نِسَاءٌ كَثِيرٌ يَشْكُونَ أَزْوَاجَهُنَّ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقَدْ أطَافَ بِآلِ بَيْتِ مُحَمَّدٍ نِسَاءٌ كَثِيرٌ يَشْكُونَ أَزْوَاجَهُنَّ لَيْسَ أُولَئِكَ بخيَارِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Абдуллаһ ибн Әбу Зубаб (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Алланың күңдерін (яғни, әйелдерді) ұрмаңдар!» – деді. (Біраз уақыт өткен соң) Омар (р.а.) Алла елшісіне келіп: «(Ұруға тыйым салғаныңыздан бері) әйелдер батылданып, күйеулеріне қарсы келуді шығарды», – деп (олардың бұл қылығына наразылығын білдірді). Сонда оларды (ақырындап, абайлап) ұруға рұқсат етті. (Алайда көп ұзамай) Алла елшісінің отбасына1 көптеген әйелдер күйеулерінің үстінен шағым айтып келе бастайды. Сонда Алла елшісі (ел-жұрт жиналған кезде): «Көптеген әйелдер күйеулерінің үстінен шағым айтып, Мұхаммедің отбасын жағалап жүр. Міне, сол күйеулер сендердің ізгі-жақсыларың емес!» – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2146; Ибн Хиббан: 4179).

Орысша аудармасы

Ияс ибн Абдуллах ибн Абу Зубаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не бейте рабынь Аллаха (то есть женщин)!” (Через некоторое время) Умар (да будет доволен им Аллах) пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и сказал: “(С тех пор как вы запретили бить их) женщины осмелели и стали перечить своим мужьям”, – (тем самым выразив недовольство таким их поведением). Тогда Посланник Аллаха ﷺ разрешил ударять их (несильно и осторожно).

(Однако вскоре) многие женщины стали приходить к семье Посланника Аллаха ﷺ1 и жаловаться на своих мужей. Тогда Посланник Аллаха ﷺ (когда собрались люди) сказал: “Множество женщин приходят к семье Мухаммада с жалобами на своих мужей. Эти мужья не относятся к числу лучших из вас!”» (Абу Дауд: 2146; Ибн Хиббан: 4179).

  1. 1Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларына...
  1. 1То есть к жёнам Пророка ﷺ.
281
Риядус-салихин, № 281Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الدُّنْيَا مَتَاعٌ، وَخَيرُ مَتَاعِهَا الْمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел», – деп айтты» – делінген (Муслим: 3649; Ахмад: 6567).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Этот мир (и все находящиеся в нём блага) дарован лишь на время. Лучшее из всех его благ – праведная жена» (Муслим: 3649; Ахмад: 6567).