Хадис

Риядус-салихин, № 274

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
34. Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болу жайында
Нөмірі
№ 274 (қазақша басылым реті)
274
Риядус-салихин, № 274Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْتَوْصُوا بالنِّسَاءِ خَيْرًا؛ فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلعٍ، وَإِنَّ أعْوَجَ مَا فِى الضِّلَعِ أعْلاهُ، فَإِنْ ذَهَبتَ تُقيمُهُ كَسَرْتَهُ، وَإِنْ تَرَكْتَهُ، لَمْ يَزَلْ أعْوجَ، فَاسْتَوصُوا بالنِّسَاءِ».

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين: «المَرأةُ كالضِّلَعِ إِنْ أقَمْتَهَا كَسَرْتَهَا، وَإِن اسْتَمتَعْتَ بِهَا، اسْتَمتَعْتَ وَفِيهَا عوَجٌ».

وَفِى رِوَايَة لمسلم: «إِنَّ الْمَرأةَ خُلِقَت مِنْ ضِلَع، لَنْ تَسْتَقِيمَ لَكَ عَلَى طَرِيقة، فإِن اسْتَمْتَعْتَ بِهَا اسْتَمْتَعْتَ بِهَا وَفِيهَا عوَجٌ، وإِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهَا كَسَرْتَها، وَكَسْرُهَا طَلَاقُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Менің өсиетімді қаперде ұстап, әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені әйел қабырғадан жаралған. Ал қабырғаның майысқан жері – жоғарғы бөлігі. Егер оны түземек болсаң, сындырып аласың, ал өз жайына қалдырсаң, сол майысқан күйінде қалады. Сондықтан әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3331; Муслим: 3644).

Қос «сахих» хадистер жинағындағы басқа бір хадисте: «Әйел баласы қабырға тәрізді. Оны түземек болсаң, сындырып аласың, ал егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің», – деп келген (Бұхари: 5184;Муслим: 3650; Ахмад: 10856).

Муслим жеткізген тағы бір хадисте: «Шынында, әйел баласы сен еш түзей алмайтын қабырғадан жаралған. Егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің, ал егер оны түземек болсаң, сындырып аласың. Оның сынғаны – талақ болғаны!» – делінген (Муслим: 3643; Ахмад: 9795).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Помните моё наставление и хорошо обращайтесь со своими жёнами, ибо женщина создана из ребра. Наиболее изогнутая часть ребра – верхняя. Если попытаешься выпрямить его, то сломаешь, а если оставишь как есть, оно так и останется изогнутым. Поэтому хорошо обращайтесь со своими жёнами» (Аль-Бухари: 3331; Муслим: 3644).

В другой версии хадиса, приведённой в обоих сборниках «Сахих», сказано: «Женщина подобна ребру. Если попытаешься выпрямить её, то сломаешь, а если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею, несмотря на её кривизну» (Аль-Бухари: 5184; Муслим: 3650; Ахмад: 10856).

В ещё одной версии, переданной Муслимом, сказано: «Поистине, женщина создана из ребра, которое ты никогда не сможешь выпрямить. Если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею при её кривизне, а если попытаешься выпрямить её, то сломаешь. А сломать её – значит развестись с ней!» (Муслим: 3643; Ахмад: 9795).

Түсіндірме (қазақша)

Әйелдің, нақты айтқанда, Хауа анамыздың қабырғадан жаратылғандығы жайлы хадистерді тура мағынада түсініп, Хауа анамыз Адам атаның жүрек тұсындағы сол қабырғасынан жаралған, деген ғалымдармен қатар, ауыспалы мағынада түсінген ғұламалар да бар. Солардың бірі – Шейх Мутәуәлли әш-Шағрауи деген мысырлық тәпсірші ғалым. Оның пікірінше, әйелдің қабырғадан жаратылғандығын айтқан хадистерді тура мағынада түсінбеген жөн, өйткені Ниса сүресінің алғашқы аятындағы (و خلق مِنْهَا زوجها) деген сөз, Хауа ананың да Адам ата жаралған нәрседен, яғни топырақтан жаралғанын, сәйкесінше екеуінің де болмысының бір екенін білдіреді. Демек, хадисте айтылған әйел қабырғадан жаратылған деген сөз – әйел баласының ер адамға ұқсамайтын өзіне тән табиғаты бар, оны сол өзіндік табиғатына сай қабылдап, онымен соған қарай қарым-қатынас құру керек, әйтпесе бәрі бекер, деген мағынаны білдіреді. Өйткені жоғарыдағы хадистің басқа нұсқасында: «Әйел баласы қабырға тәрізді...», «Шынында, әйел баласы сен еш түзей алмайтын қабырғадан жаралған. Егер оның қызығын көрем десең, сол майысқан күйінде көресің, ал егер оны түземек болсаң, сындырып аласың. Оның сынғаны – талақ болғаны!» – деп айтылған. Демек, мұнда тура мағынадағы қабырғадан гөрі, әйел адамның өзіне тән табиғаты мен мінезі меңзелген.

Түсіндірме (орысша)

наряду с учёными, которые понимают хадисы о сотворении женщины – точнее, нашей праматери Хаввы – из ребра буквально и считают, что Хавва была создана из ребра Адама, находившегося со стороны сердца, есть и богословы, толкующие эти хадисы в переносном смысле. Один из них – египетский учёный-толкователь Корана шейх Мутавалли аш-Шаарави. По его мнению, хадисы, в которых говорится о сотворении женщины из ребра, не следует понимать буквально, поскольку слова первого аята суры «Ан-Ниса» «и создал из него пару ему» (وَخَلَقَ مِنْهَا زَوْجَهَا) означают, что Хавва, как и Адам, была создана из того же вещества, то есть из земли, и, следовательно, природа их обоих едина.

Таким образом, слова хадиса о том, что женщина создана из ребра, означают, что женщина обладает собственной природой, отличающейся от мужской, поэтому её следует принимать такой, какая она есть и выстраивать отношения с ней с учётом её особенностей, иначе все усилия окажутся напрасными.

Ведь в других версиях приведённого выше хадиса сказано: «Женщина подобна ребру…», а также: «Поистине, женщина создана из ребра, которое ты никогда не сможешь выпрямить. Если захочешь наслаждаться ею, то будешь наслаждаться ею при её кривизне, а если попытаешься выпрямить её, то сломаешь. А сломать её – значит развестись с ней!» Следовательно, здесь речь идёт не столько о ребре в буквальном смысле, сколько о присущих женщине особой природе и характере.