Хадис

Риядус-салихин, № 275

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
34. Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болу жайында
Нөмірі
№ 275 (қазақша басылым реті)
275
Риядус-салихин, № 275

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَمْعَةَ: أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ، وَذَكَرَ النَّاقَةَ وَالَّذِى عَقَرَهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ««إِذ انْبَعَثَ أشْقَاهَا» انْبَعَثَ لَهَا رَجُلٌ عَزيزٌ، عَارِمٌ مَنيعٌ فِى رَهْطِهِ»، ثُمَّ ذَكَرَ النِّسَاءَ، فَوعَظَ فِيهنَّ، فَقَالَ: «يَعْمِدُ أَحَدُكُمْ فَيَجْلِدُ امْرَأتَهُ جَلْدَ الْعَبْدِ فَلَعَلَّهُ يُضَاجِعُهَا مِنْ آخِرِ يَوْمِهِ» ثُمَّ وَعَظَهُمْ فِى ضَحِكِهمْ مِنَ الضَّرْطَةِ، وَقَالَ: «لِمَ يَضْحَكُ أَحَدُكُمْ مِمَّا يَفْعَلُ؟!»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Зәмға (р.а.) бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құтба айтқанын естігенін жеткізеді. Алла елшісі құтбада (Алланың Салих пайғамбарға мұғжиза ретінде берген) інгені мен оның тірсегін қиып, бауыздап өлтірген кісі жайлы айтып, «Ақыры араларындағы ең қаныпезер жауыз суырылып алға шықты» деген аятты оқыды. Сосын кеңінен түсіндіріп: «Інгенді өлтіруге ілуде бір кездесетін жауыз, һәм де қауымының ең мықтысы болған біреу суырылып шыққан еді», – деді. Сонан соң құтбасын әрмен қарай жалғастырып, әйелдерді тілге тиек етіп, олар жайлы уағыз-насихат айтып, былай деді: «Кейбіреуің әйелін құдды бір құлды сабағандай аяусыз сабап алып, кешкісін (түк болмағандай) онымен төсекте жақындасатын шығар...?!1». Содан кейін оларға жел шығарып қойған адамға күлу мәселесінде насихат айтып, былай деді: «Кейбіреуің өзі де істейтін іске неге күледі?!» – деген (Бұхари: 4942; Муслим: 7191; Ахмад: 16222).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Зама (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды слышал, как Пророк ﷺ произносил проповедь. Во время проповеди Посланник Аллаха ﷺ упомянул верблюдицу (дарованную Аллахом пророку Салиху в качестве чуда) и человека, который подрезал ей поджилки и зарезал её. Затем он прочитал аят: «И вот вперёд выступил самый кровожадный злодей из их числа» (сура «Шамс», 91:12), – и, подробно разъясняя его, сказал: «Чтобы убить верблюдицу, вперёд выступил редкостный злодей, к тому же самый сильный человек среди своего народа».

После этого Посланник Аллаха ﷺ продолжил проповедь, упомянул женщин и, наставляя людей относительно них, сказал: «Неужели некоторые из вас беспощадно избивают своих жён, словно рабов, а вечером (как ни в чём не бывало) вступают с ними в близость в постели?!»1 Затем он предостерёг их от смеха над человеком, испустившим газы, и сказал: «Почему некоторые из вас смеются над тем, что делают и сами?!» (Аль-Бухари: 4942; Муслим: 7191; Ахмад: 16222).

  1. 1Басқа бір риуаятта «Онымен жақындасады» делінген.
  1. 1В другой передаче сказано: «Вступает с ней в близость».